Менің отаным - Қазақстан


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Менің Отаным - Қазақстан

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

а) Қазақстан тарихына қысқаша шолу;

ә) Егемендік алу жолында;

б) Қазақстанның қазіргі саяси-әлеуметтік жағдайы;

в) Елбасының Жолдауы.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Ұлтарақтай болса да ата қоныс

жер қымбат, деп өткен бабала-

рымыздың сол ата қоныстың

шекарасын қымтау жөніндегі

ғасырлар тереңінен жеткен ама-

наты Қазақстанның тәуелсіз да-

муы, Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаевтың сарабдал сая-

саты арқасында орындалды.

Куат Бораш, "Егемен Қазақстан".

Отан - оттан да ыстық. Тәуелсіз Қазақстан біз үшін бәрінен қымбат. Біздің Отанымыз - бүгіні бекем, келешегі кемел қазақ еді. Біздің тағдыр талайымыз ел мүддесіне тәуелді. Адам баспанасыз да, тақсыз да, тіпті бақсыз да өмір сүре алады. Әйтсе де, Константин Паустовский айтқандай: "Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды. Адамда бір ғана жүрек болатыны сияқты, Отан да біреу, сол оттан да ыстық.

Ортақ үйіміз Қазақстан келешегі мен ұрпағымыздың болашағы жарқын болы үшін бірлігіміз бен тәуелсіз елімізге деген адалдығымызды, Отан сүйгіштігімізді сақтай отырып, жас мемлекетіміздің дамуына бір кісідей үлес қосайық. Алдымызда ұзақ жол, ұлан асу бел жатыр.

Осынау бір шешүші кезеңде тұңғыш Президентімізге қолдау көрсетіп, ел игілігі үшін белгіленген жоспарларын жүзеге асыруға қол ұшын беру барлығымыздың абыройлы борышымыз болмақ. Халқымыздың

ауызбірлігі, ұлтаралық татулық - біздің ең басты байлығымыз. Жас мемлекетіміздің іргетасының мықты болуы дәл осыған байланысты. "Ынтымағы жарасқан елге бақыт құсы ұя салады", "Арқа сүйер данасы бар ел бақытты, қадірін білер халқы бар ер бақытты" деген халықтық қағиданы ту етіп ұстайық.

Қазақстан аумағы үлкен болғандықтан, оның жерін ежелден көптеген тайпалар мекен еткен. Бір тайпаның орнына екінші тайпа келіп, сол тайпаның жерін жаулап алған. "Қазақ" этнонимі ежелден пайда болғанымен, біздің аумағымызды мекен еткен халықтар қазақ хандығының құрылуына өз ықпалын тигізді.

Көптеген халықтар қазақ жеріне қызығып, қазақтартарға соғыс ашқан. Бірақ, әр ғасырдағы хан сол шабуылдарға тойтарыс бере білген.

1219-1224 жылдар аралығында моңғолдар бүкіл Қазақстан аумағын жаулап алған. Шыңғысхан басып алған жерлерін ұлдарына бөліп берген. Ертістен батысқа қарайғы жерлерді, Жетісудың солтүстік бөлігі және Волганың төменгі бойына дейінгі бүкіл Дешті-Қыпшақ жерлерін Жошы атты ұлына, оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан, шығыс Түркістан және Мауренахр жерлерін Шағатай атты ұлына, Жетісудің солтүстік-шығыс бөлігін Үгедей атты ұлына, кіші баласы Төлеге Моңғолияны берді.

Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін, бірнеше жылдар өткен соң ұлдарына берген жерлер ыдырап, бірнеше бөліктерге бөлініп кетті.

1428 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстаннан бөлінуі салдарынан Әбілхайыр хандығы пайда болды. 40 жыл бойы Әбілхайыр хан хандықты билеп отырды. 1468 жылы оның өлісімен хандық күйреді.

1512-1521 жылдар аралықтары Қазақ хандығын Қасым хан биледі. Оның тұсында халық саны 1млн. жетті. Ол қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығы құлдырады.

Хақназар хан 1538-1580 жылдар аралықтарында билеген кезде Қазақ хандығын біріктіріп, дұрыс қалыпқа келтірді. 1580 жылы Хақназар өлтіріліп, оның орнына - Тәуекел таққа келеді. Ол Сұлтан-Баба әскерін Түркістан

қасында күйретіп, өзін өлтірді, 7 әскерімен Бұхарды күйретті. Соғыста жараланып, Тәуекел Ташкентте өледі. Тәуекел кезінде елшілік қарым-қатынастар пайда бола бастады. 1594 жылы Мәскеуге Құл-Мұхамед достық туралы келісім және өз інісі Ораз-Мұхамедті босату туралы сөйлесуге барды.

1680-1718 жылдары басқарған Тәуке хан тұсында бүкіл қазақтар бірікті. Бұл кезең жоңғарлардың жиі шабуылдары болған кезең еді. Тәуке сол кездегі саяси жағдайларды реттей алды.

Жоңғар шабуылдары жиі, әрі мықты бола бастады. Бұған шыдамаған 1723 жылы сайланған Әбілхайыр хан Ресейге қосылуы үшін елшілерді жіберді, бірақ Ресей өзі Швециямен соғыс жүргізіп, қазақтарға көмектесе алмады. Бүкіл батырлар жиналып, қалмақтарды Бұланты өзенінің жағасында жеңіліске ұшыратты. Мұны "Қалмақ қырылған" шайқасы деп атады. Бірақ, жоңғар феодалдарының шапқыншылығы 1730-1735 жылдар аралығында қазақ бодандығын Ресейге тез қабылдауын сұрады.

Қанжығалы руынан шыққан Бөгенбай батыр жоңғарларға қарсы күресті қол бастаған атақты батырларының бірі.

Қазақтардың Ресейге қосылуынан кейін, отарлау процесі басталды. Ресей Қазақстанның шикізатына қызығып, оларды арзанға алды.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қазақтардың жағдайы жақсара бастады, Қазақстанда зауыттар салына бастады.

1941-1945 жылдары болған Екінші Дүние Жүзілік соғыс КСРО халқына үлкен қайғы-қасірет әкелді, көптеген шығынға ұшыратты. Осы соғыста тек Қазақстаннан 497 адам батыр атағын алды, соның ішінде қазақ қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова.

1954-55 жылдарынан бастап тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Тек Қазақстанда 6. 5 млн. га жерді жыртты. Тың игерудің жағымсыз жақтары да болды. Халыққа мал жаятын жер аз болды.

1979 жылы КСРО өз әскерін Ауғанстанға кіргізді. Қазақ халқының көптеген азаматтары қауіпті ошақтарға аттанды.

1986 жылы КОПС-тың Орталық Комитетінің Желтоқсан пленуымда қарастырылған мәселеде Д. А. Қонаев орнынан босатылып, оның орнына Колбин тағайындалды. Бұл жағдай бүкіл Қазақстанды мазаландырды. Бұған қарсы жастар Жаңа Алаңда жиналып, митинг ұйымдастырды. Жастарға қарулы жауап берді. Бірақ Д. А. Қонаевты орнына қайтадан тағайындаған жоқ.

1990 жылы 25 қазанда егемендік туралы декларацияға қол қойылды. 1991 жылғы тамыз төңкерісі КСРО-ның тарқауына ықпал жасап, көптеген республикалардың қазан айына қарай өздерінің тәуелсіздігі жайлы жариялануына әкеліп соқты. Алғашқы президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкілхалықтық сайлау арқылы 1991 жылдың 1 желтоқсанында сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазастан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Елтаңба, Жалау, Әнұран. 1992 жылдың 2 наурызында ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болды. Қазақстанның тәуелсіздігін көптеген дамыған мемлекеттер қолдады. Қазақстан мен осы елдер арасында экономикалық, саяси, әлеуметтік, дипломатиялық қарым-қатынастарды дамыту үшін көптеген келіссөз, келісім, шарт және т. б. мемлекеттік құжаттарға қол қойылды. Қазақстан Республикасын Тәуелсіз даму жылдарында Ресей үшін Қазақстан бұрынғы кеңестік отандағы он төрт інінің ішінде ерекше іш тартатын бауырдың бірі ретінде саналды. 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болды.

Қазақстан Республикасының аумағы кең байтақ болғандықтан, оның пайдалы қазбалары мол. Қазақстандағы 16 облыстың әрқайсысы өз пайдалы қазбалаларымен мақтана алады. Орасан көп тас көмір қоры Қарағанды, Астана, Екібастұз қаларының маңында, қоңыр көмір бассейндері Арқалық қаласының, Ақтөбе қаласының, Зайсан көлінің маңында бар. Бүкіл Батыс Қазақстан мұнайлы-газды аймақ, Оңтүстік Қазақстанның кейбір мұнайлы-газды жерлері бар.

2004 жылдың 19 қыркүйегінде Парламенттің Мәжіліске сайлауы өтті. Сайлауға 12 партиямен олардың ұсынылған кандидаттары, бір мандатты кандидаттар қатысты. Партиялардың ішіндегі ең ауқаттылары : "Отан", "Асар", "Аист", "Ақжол". "Отан" партиясынан Асанбаев, "Асар" партиясынан Киселев, "Ақжол" партисынан О. Жандосов, Ә. Байменов және т. б. кандидаттар өз кандидатураларын ұсынды.

Шынына келсек, қазақ қазақ болғаны талай қысымшылық, жаугершілік, жоқтық, соғыс көрсе де бұл қасиеттерін жоғалтқан жоқ. Қайта ақылға ақыл, өнерге өнер қоса түсті. Қазақ адамның шыққан тегіне үлкен мән берген халық. Сонда айтайын дегенім --- бүкіл қазақ даласының тұңғыш егемендігін паш еткен, көк байрақты алғаш көтерген, бүгінгі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қарасай батырдың тікелей ұрпағы. Ержүректілікпен, атаға тән батырлықпен ел басқарып отыр. Оның халық үшін көтеріп отыр-

ған мәселерінің бірі - ауыл мәселесі.

Ауыл мәселесі бірінші кезекте мемлекеттік дәрежеге көтеріліп отыр. Президентіміз жүзеге асыруылына

бір жүз елу млрд. теңге қаржы бөліп, ауылшаруашылық келешегін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын

бекітті. Бұл біздің мемлекетіміздің тарихында болып көрмеген қадам. Ұлттық кеңестік жуырда ғана өткізілген отырысында Елбасы Мемлекеттік реттеудің ерекше рөлін байқататын аграрлық саясатын жүргізу қажеттілігін

атап өтті. Ең басты ұстанған мәселе - жер жеке тұлғаларға берілуі керек. Бұл дегеніміз былайша айтқанда

көп ұлтты елімізге қарапайым халықтың қаны деген ұғым. Ауылымыздың жағдайы жақсарса, қаланы ауыл қамтамасыз етер деген өз ойымды жасырғым келмейді.

Нұрсұлтан Әбішұлы елімізді басқарған уақыт - тарихи оқиғаларға толық кезең. Бұл кезең еліміздің тәуелсідігі мен егемендігін жариялаған Декларациясы, Қазақстан мемлекет ретінде көптеген шет мемлекет екендігін көрсеткен екі бірдей Конституцияларын қабылдап, елімізді егемен мемлекет ретінде көптеген шет мемлекеттердің таныған кезі болып отыр. 2000 жылы Елбасы 60-қа толды. Заман жайлы, ел тыныш. Сол туған күн қарсаңында құдай-тағала Елбасына сыйлық жасағандай, Шығыс Қашағаннан көл-дария мұнай көп табылды. Қара алтынның қоры - жеті млрд. тонна. Той тойға үлесті. Президенттің мерей-тойы құтты болды. Қазір мемлекетімізде тыныштық салтанат құрды, елдің әл-ауқаты көтеріліп келеді. Оған жақынарада қызметкерлер мен зейнеткерлердің айлығы мен зейнетақысын көбейту туралы қаулы дәлел болады.

Осы орайда еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі ұшан-теңіз. Қорыта келгенде, өз сөзіммен емес, еліміздің және шет елдік біраз ардақты адамдардың Президент туралы ой-пікірлерін тілге тілек етсем деймін.

Қалтай Мұхамеджанов, Қазақстанның халық жазушысы: "Нұрсұлтан Әбішұлы қаршадайынан жердің дәмін, исін сезіп өскен адам. Екіншіден, қасиетті қарашадан үйдің көсеуінен бастап алып зауыттың күрегіне дейін оқып бойына сіңірсе, орыс әдебиеті арқылы әлемдік әдебиеттерінің үздік үлгілерін өз әдебиетіндей таныған, оқыған тоқыған адам" - деп жазған.

Ал, Әбу Сарсенбаев ағамыз: "Біздің сүйікті Презиндентіміз ортақ үйіміздің бүкіл жұртшылығы үшін өзінің ауыр жұмысында толысып, нағыз мемлекеттік парасат биіктігіне көтерілгені іс жүзінде танытты. Қазір ол достастық елдердегі көсемдерінің көбінен-ақ асқақ та биік тұлға" - болып тұрғанын айтты.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер: " Қазіргі кезде дүние жүзінде өте ықпалды бес-алты саясаткер ғана бар, олардың бірі - Нұрсұлтан Назарбаев. Мен оған өте сенемін және оның Қазақстанда жүзеге асырып жатқан барлық шығармаларымен келісемін" -дейді.

Қазақтың екінші Абайы атанған М. Әуезов : "Ұлыны бағалау да ұлылық" - деген ғой. Елбасымызды зерделі ұлы ағамыздай бағалап, сыйластық көзқараста болайық. Елге, Елбасына көмек үшін қолдан келгенімізді аямай, тәртіпті болып, өз міндетімізізді, сабағымызды жақсы оқуға тырысайық. Елдігімізді, тіліміз бар, дінімізді сақтай білейік. Еңселі еліміз етегін жайсын!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану пәнінің жұмыс бағдарламасы
Туған жер - әр адамның баға жетпес, асыл атамекені
Мен қазақстандықпын
Менің Отаным – Қазақстан. Отан
Балалардың дауыстарын қорғау
Біз рәміздерді құрметтейміз
Тәуелсіздік таңына шүкір дейік
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1991 жыл
Отанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған
Менің Қазақстаным — менің болашағым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz