Қуаныш және қайғы - эмоционалды концептілер



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4

1 КОНЦЕПТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ . . . . . . . . . . . . . . 6

1.1 Әлемнің тілдік бейнесі және оның ғылыми түсінігі . . . . . . . . . . . . . 6
1.2 Концептің құрылымдық ерекшелігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15

2 ҚУАНЫШ ЖӘНЕ ҚАЙҒЫ . ЭМОЦИОНАЛДЫ КОНЦЕПТІЛЕР . . . . 26

2.1 Қуаныш және қайғы концептілерінің мотивтері . . . . . . . . . . . . . . 26
2.2 Қуаныш және қайғы концептілерінің оппозициялық қатынасы . . . . . . 30
2.3 Қуаныш және қайғы концептілерінің парадигмалық қатынасы . . . . . . 36
2.4 Қуаныш және қайғы концептілерінің лексико.семантикалық өрісі . . . 47
2.5 Қуаныш және қайғы концептілерінің сөйлеу әрекетіндегі көрінісі . . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 51

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53
КІРІСПЕ

ХХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап адамзаттың танымдық іс-әрекеті мен қызметін жан-жақты зерттеу көптеген ғылымдардың өзекті мәселесіне айналып, кең өріс алды.
Белгілі бір ұғымның адам санасында қалыптасуын, оның дамуын әр ұлтта сол ұғымның қабылдану ерекшелігін анықтауды бір ғана тіл біліміне артып қою дұрыс болмайды. Тілдің танымдық, бейнелілік, ғылыми, «әлемдік тұтастық» сипатын зерттеуді жеке тілдік деректер шырмауына байланбай, жалпы адамзат дүниетанымының тұрғысынан қарау шарт. Тілдің танымдық сипаты әр түрлі ғылымға ортақ мәселе. Қазіргі лингвистикада тілдің бұл мәселесін жалпы философиялық, психологиялық пайымдаулар арқылы шешуге ұмтылуда. Тіл табиғатын тану мақсатында психология, философия, логика, антропология т.б. алуан түрлі ғылым салалары ат салысып келе жатқаны белгілі. Алайда, тіл мәселелері – алдымен лингвистиканың өзекті нысаны. Сондықтан да осы мәселенің жұмбағын тек лингвистика мен когнитивтік лингвистика шеше алады.
Адам өмірі ешқашанда бір қалыпты болмайды. Адамзат өмірі – әрдайым бірін-бірі алмастырып қайталанып отыратын, бірақ ешқашанда бірі екіншісіне толықтай тең келмейтін күйлердің үзілмес тізбегі. Сондықтан да оның өмірінде қуанышы мен қайғысы ақ пен қара сияқты бірге араласып жүреді. Абай атамыз 34- қара сөзінде былай деген: « Кімде кім ахиретте де, дүние де қор болмаймын десе, білмек керек: еш адамның көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы – олар да бірдей болмайды. Мұндай екі нәрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін емес. Олай болғанда қай адамның көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ахирет қайғысынан, ахирет қуанышынан артық болса мұсылман емес».
Адам өмірінің бәрін тек қайғыға батып немесе тек асыр салып қуаныштап өткізе алмайды. Қайғысы жоқ адамның болуы да мүмкін емес. Сол себепті де халқымыз «қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол» деп өсиет айтқан. Үнемі уайым-қайғыда болу ешкімнің де пешенесіне жазылмаған. Әрқашанда ауыр қайғыда болып, үнемі күлмей, зар жылап, өмірден түңілгенге жанымыз шыдай ала ды ма? Әрине де жоқ. «Гүл тікенмен бірге өсетіні сияқты қуаныш та қайғымен бірге жүреді» (Сайф Сараи). Адам өмірінде болатын бұл заңдылық тілде де жан-жақты өз көрінісін тапқан.
Сондықтан да қазақ тіліндегі «қуаныш» және «қайғы» концептілері – тақырыптық аясы кең, мазмұны терең, қамтитын мәселелері өте маңызды, концептуалды өрісі өте күрделі концептілер болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әлем туралы білім жүйесінің бір бөлігі болып табылатын концептілердің құрылымы – тіл білімінің күрделі де ауқымды мәселелерінің бірі. Қайғы және қуаныш адам өміріндегі күрделі эмоциялар болып, әлем бейнесінде әмбебап, яғни барлық халықтарға тән, барлығының басынан өтетін ортақ күй болғандықтан олардың себебін, мотивін түсіндіру, тілдегі көрінісін зерттеу, мән-мазмұнын ашу өзекті мәселе болып табылады. Өйткені ең бір ғажайып та, қыры мен сыры көп те құбылыстардың бірі болып адам ішкі табиғатында, жанында болып жатқан процестер есептеледі. Сондықтан да қуаныш пен қайғы сияқты адам өмірінде міндетті түрде кездесетін құбылыстар терең зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу объекті – әлемнің концептуалды бейнесінің бөлшегі болып табылатын адам танымында, тілдік жүйеде және көркем мәтінде орын тапқан көңіл-күйді білдіретін қуаныш және қайғы концептілері.
Зерттеу жұмысының пәні – қуаныш және қайғы концептілерін сипаттаудың лингвистикалық және экстралигвистиалық құралдары. Лингвистикалық құралдарға тілдік бірліктер (лексемалар, сөз тіркестері, фразеологизмдер) және сөйлеу бірліктері (мәтіндік парадигмалар) енген, ал экстралинвистикалық құралдарға фреймдер (белгілі бір жағдайға не оқиғаларға тән жадта сақталған ассоциациялар жиынтығы) және когнитивті модельдер енеді.
1 Сүлейменова Э.Д, Мәдиева Т., Шаймердеонова Н. Және т.б: жалпы ред. бастқ, Сүлейменова Э.Д. Тіл білімі сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1998. –540б.
2 Сергеев В.М. Когнитивные методы в социальных исследованиях // Языки и моделирование социального взаимодействия –Москва: Прогресс , 1987
3 Сулейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике –Алма-Ата., 1989. –160б.
4 Тұманова А.Б. О соотношений «картина мира», «языковая картина мира» и «концептуальная картина мира»// ҚазҰУ хабаршысы №9., 2004
5 Серебреников Б.А., Кубрякова Е.С., Постовалова В.И., и др. Роль человеческого фактора в языке: Язык и картина мира. –Москва: Наука, 1988. –242б.
6 Бабушкин А.П., Жукова М.Г. Перевод в свете проблем когнитивной семантики // Проблемы культурной адаптаций текста. –Воронеж, 1999
7 Аитова Н.Н. Ғалам бейнесі және ғаламның тілдік бейнесі // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №7., 2004\
8 Вежбицкая А. Язык. Культура. Познание. Москва: Русские словари, 1996
9 Стернин И.А. Лексическое значение слова в речи. –Воронеж, 1985
10 Абақан Е.М. Тілдің мәдени философиясы. –Алматы: Айкос, 2002
11 Брутян Г.А. Языковая картина мира и ее роль в познании// Методологические проблемы анализа языка. –Ереван: Издательство Ереванского университета, 1976
12 Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам (Семантикалық аспект). Монография –Алматы: Қазақ университеті. 1999.–309 б.
13 Гадамер Х.-Г. Истина и метод –Москва, 1988
14 Апресян Ю.Д. Избранные труды. –Москва,1995.–767б
15 Гумбольд В. Избранные труды по языкознанию. –Москва: Прогресс, 1984. 396б
16 Баранов А.Н., Добровольский Д.О. Лео Вайсгербер в когнитивной перспективе // СЛЯ. Том 49. №5 1990
17 Маслова В.А. Языковая картина мира и культура / В.А.Маслова // Когнитивная лингвистика конца ХХ века. Материалы международной научной конференции (в трех частях).- Ч.1. –Минск, 1997
18 Гиздатов Г.Г. Когнитивные модели в речевой деятельности –Алматы.: Ғылым, 1997
19 Беляевская Е.Г. Семантическая структура слова в номинативном и коммуникативном аспектах // Когнитивные основания формирования и функционирования семантической структуры слова // Автореф. дисс. д-р ф.н. –Москва, 1992
20 Телия В.Н. Русская фразеология. –Москва: Языки русской культуры, 1996. –288б.
21 Дворецкий И.Х. Латинско- русский словарь. –Москва.: Русский язык, 1976. –1069б.
22 Телия В.Н. Номинация // ЛЭС. –Москва, 1990
23 Языковая номинация. Виды наименований. –Москва: Наука, 1977
24 Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы: Қазақстан, 1993. –110б.
25 Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. –Алматы: Евразия, 1995. –178б.
26 Диброва Е.И. Коммуникативно-когнитивная модель текстопорождения //Семантика языковых единиц / Доклады V межд.конф. т 2. –Москва, 1996
27 Никитина М.В. Лексическое значение в слове и словосочетании. –Владимир.: Владимирский государственный институт, 1974. –222б.
28 Аскольдов-Алексеев С.А. Концепт и слово // Русская речь. Новая серия. Выпуск 2. – Ленингшрад, 1928
29 Степанов Ю.С. Константы. Словарь русской культуры. Опыт исследования. –Москва: Школа Языки русской культуры, 1997. –824б.
30 Воркачев С.Г. Лингвоконцептология и межкультурная коммуникация: Истоки и цели // Филологические науки №4 2005
31 Неретина С.С. Концепт и концептология // Тропы и концепты// http: //www.Krotov. info/ index. һtm
32 Л.А.Грузберг Концепт как культурно – ментально – языковое образование. Пермский университет // http: // language. рsu.ru
33 Воркачев С.Г. Концепт счастья: понятийный и образный компоненты. Известия АН.Серия литературы и языка. 2001, т.60. №6
34 Лихачев Д.С. Концептосфера русского языка// Известия АН.Серия литературы и языка. 1993 г. т.52.№1
35 Хамитова Г.А. Культурная концептосфера в языке и принципы ее вычленения // ҚазҰУ хабаршысы. Филолоия сериясы. 2004 . №2
36 Вежбицкая Семантические универсалии и описание языков. –Москва.: Школа «Языки русской культуры», 1999
37 Бабушкин А.П. Типы концептов в лексико- фразеологической семантике языка. –Воронеж: Издательство Воронежского университета, 1996
38 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. –Алматы, 2002
39 Антипенко Л.А. опыт концептуального анализа имен негативных эмоции в русском языке. Автореферат дис.канд. –Харьков, 1995. –20б.
40 Вольф Е.М. Эмоциональные состояния и их представление в языке // Логический анализ языка. Проблемы интенсиональных и прагматических контекстов. –Москва, 1989 ред. Арутюнова Н.Д.
41 Покровский М.М. Семасиологическая история имен прилагательных с основным значением «принадлежащий, относящийся к чем» // Избран. работы по языкознанию. –Москва, 1959
42 Сүгірбекова С.Р. Концепты контраста в романе Ф.М.Достоевского «Преступление и наказание». Фил. ғылым. канд. дисс. –Алматы, 2000
43 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Ғылым,1980. 5-том. –– 639б. ред. Ысқақов А.Ы.
44 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Ғылым. 1982. 6-том.–623б. ред. Ысқақов А.Ы.
45 Ильин Е. П. Эмоции и чувства. –Санкт-Питербург: Питер, 2001
46 Изард Кэррол Э. Психология эмоции / Пер. с англ. А. Татлыбаевой. – Санкт-Питербург: Питер, 2000 (оригинальное издание – Izard Carrol E. The Psychology of Emotions. N.-Y., 1991)
47 Гиздатов Г.Г. , Шеляховская Л.А. О соотношении концептуальных и языковых структур // Функционирование единиц языка и речи. –Караганда, 1994
48 Сулейменова З.Е. Семантическая структура глаголов со значением радоваться (на материале казахского, русского и английского языков). Автореферат диссертации на соиск.уч.степени к.ф.н. РК. –Алматы, 2001
49 Жарықбаев Қ. Психология. –Алматы: 1993.–265б.


ТІЛДІК ДЕРЕК РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 Әуезов М.О. Абай жолы: Роман-эпопея. –Алматы:Жазушы, 1990. – Бірінші кітап. Абай жолы. –608б.
2 Әуезов М.О. Абай жолы: Роман-эпопея. –Алматы: Жазушы, 1990. Екінші кітап. Абай жолы. –616б.
3 Әуезов М.О. Әңгімелер. –Алматы: Жалын, 1987. –176б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . 4

1 КОНЦЕПТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ . . . . . . . . . . . . .
. 6

1.1 Әлемнің тілдік бейнесі және оның ғылыми түсінігі . . . . . . .
. . . . . . 6
1.2 Концептің құрылымдық ерекшелігі . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . 15

2 ҚУАНЫШ ЖӘНЕ ҚАЙҒЫ – ЭМОЦИОНАЛДЫ КОНЦЕПТІЛЕР . . . . 26

2.1 Қуаныш және қайғы концептілерінің мотивтері . . . . . . . . .
. . . . . 26
2.2 Қуаныш және қайғы концептілерінің оппозициялық қатынасы . . . . .
. 30
2.3 Қуаныш және қайғы концептілерінің парадигмалық қатынасы . . . . .
. 36
2.4 Қуаныш және қайғы концептілерінің лексико-семантикалық өрісі . . .
47
2.5 Қуаныш және қайғы концептілерінің сөйлеу әрекетіндегі көрінісі . . .
. 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 51

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . 53

КІРІСПЕ

ХХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап адамзаттың танымдық іс-әрекеті мен
қызметін жан-жақты зерттеу көптеген ғылымдардың өзекті мәселесіне айналып,
кең өріс алды.
Белгілі бір ұғымның адам санасында қалыптасуын, оның дамуын әр ұлтта
сол ұғымның қабылдану ерекшелігін анықтауды бір ғана тіл біліміне артып қою
дұрыс болмайды. Тілдің танымдық, бейнелілік, ғылыми, әлемдік тұтастық
сипатын зерттеуді жеке тілдік деректер шырмауына байланбай, жалпы адамзат
дүниетанымының тұрғысынан қарау шарт. Тілдің танымдық сипаты әр түрлі
ғылымға ортақ мәселе. Қазіргі лингвистикада тілдің бұл мәселесін жалпы
философиялық, психологиялық пайымдаулар арқылы шешуге ұмтылуда. Тіл
табиғатын тану мақсатында психология, философия, логика, антропология т.б.
алуан түрлі ғылым салалары ат салысып келе жатқаны белгілі. Алайда, тіл
мәселелері – алдымен лингвистиканың өзекті нысаны. Сондықтан да осы
мәселенің жұмбағын тек лингвистика мен когнитивтік лингвистика шеше алады.
Адам өмірі ешқашанда бір қалыпты болмайды. Адамзат өмірі – әрдайым
бірін-бірі алмастырып қайталанып отыратын, бірақ ешқашанда бірі екіншісіне
толықтай тең келмейтін күйлердің үзілмес тізбегі. Сондықтан да оның
өмірінде қуанышы мен қайғысы ақ пен қара сияқты бірге араласып жүреді.
Абай атамыз 34- қара сөзінде былай деген: Кімде кім ахиретте де, дүние де
қор болмаймын десе, білмек керек: еш адамның көңілінде екі қуаныш бірдей
болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы –
олар да бірдей болмайды. Мұндай екі нәрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін
емес. Олай болғанда қай адамның көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы
ахирет қайғысынан, ахирет қуанышынан артық болса мұсылман емес.
Адам өмірінің бәрін тек қайғыға батып немесе тек асыр салып қуаныштап
өткізе алмайды. Қайғысы жоқ адамның болуы да мүмкін емес. Сол себепті де
халқымыз қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол деп өсиет айтқан. Үнемі
уайым-қайғыда болу ешкімнің де пешенесіне жазылмаған. Әрқашанда ауыр
қайғыда болып, үнемі күлмей, зар жылап, өмірден түңілгенге жанымыз шыдай
ала ды ма? Әрине де жоқ. Гүл тікенмен бірге өсетіні сияқты қуаныш та
қайғымен бірге жүреді (Сайф Сараи). Адам өмірінде болатын бұл заңдылық
тілде де жан-жақты өз көрінісін тапқан.
Сондықтан да қазақ тіліндегі қуаныш және қайғы концептілері –
тақырыптық аясы кең, мазмұны терең, қамтитын мәселелері өте маңызды,
концептуалды өрісі өте күрделі концептілер болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әлем туралы білім жүйесінің бір бөлігі
болып табылатын концептілердің құрылымы – тіл білімінің күрделі де ауқымды
мәселелерінің бірі. Қайғы және қуаныш адам өміріндегі күрделі эмоциялар
болып, әлем бейнесінде әмбебап, яғни барлық халықтарға тән, барлығының
басынан өтетін ортақ күй болғандықтан олардың себебін, мотивін түсіндіру,
тілдегі көрінісін зерттеу, мән-мазмұнын ашу өзекті мәселе болып табылады.
Өйткені ең бір ғажайып та, қыры мен сыры көп те құбылыстардың бірі болып
адам ішкі табиғатында, жанында болып жатқан процестер есептеледі. Сондықтан
да қуаныш пен қайғы сияқты адам өмірінде міндетті түрде кездесетін
құбылыстар терең зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу объекті – әлемнің концептуалды бейнесінің бөлшегі болып
табылатын адам танымында, тілдік жүйеде және көркем мәтінде орын тапқан
көңіл-күйді білдіретін қуаныш және қайғы концептілері.
Зерттеу жұмысының пәні – қуаныш және қайғы концептілерін сипаттаудың
лингвистикалық және экстралигвистиалық құралдары. Лингвистикалық құралдарға
тілдік бірліктер (лексемалар, сөз тіркестері, фразеологизмдер) және сөйлеу
бірліктері (мәтіндік парадигмалар) енген, ал экстралинвистикалық құралдарға
фреймдер (белгілі бір жағдайға не оқиғаларға тән жадта сақталған
ассоциациялар жиынтығы) және когнитивті модельдер енеді.

1 КОНЦЕПТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

1.1 Әлемнің тілдік бейнесі және оның ғылыми түсінігі

Когнитивтік ғылымның аясы – адамзаттың зердесінде қалыптасқан
символдық процестердің табиғатын ұғынуға саяды. Тіл білімі сөздігінде
когнитивті лингвистика туралы мынадай түсінік берілген: Когнитивтік
лингвистика ( лат.cognitio– білім, түсінік, көзқарас) – тіл біліміндегі
бағыт. Тілді игеру, табиғи тіл механизмін түсіндіру үшін білім жинау,
қолдану және оны түсіну моделін құру тұрғысынан зерттеледі. Когнитивтік
лингвистика бұл модельді тек бүкіл когнитивті ғылымдар шеңберінде ғана
жасай алады. Ол ғылым білімнің әр түрлі типтерін, олардың ұйымдастырылу
және өзара әрекеттесу тәсілдерін зерттейді. Екінші жағынан, бүгінгі
тілдерді зерттеу интенция, ес, семантикалық қорытынды, есте сақтау, түсіну,
жоспарлау, дискурсты басқару сияқты когнитивтік категориялардың қатысуынсыз
мүмкін емес. Оларда тілдік, сенсорлық, моторлық және басқа информациялар
қамтылады. Когнитивтік лингвистика – тіл көмегімен информацияларды беру,
сақтау құрылымдары мен тәсілдері туралы көзқарастарды тереңдетуге арналған
[1, 181б].
Когнитивтік лингвистика нысандарының ерекшелігі: біріншіден, олар
адамның психикалық, мәдени қызметінің негізінде жатады, олар инвариантты
және көлемді, жеке сөз мағынасының өрісінен әлем бейнесіне дейін түрленеді,
екіншіден, тілдік сипаттаудың өзіндік құралдарын иемденбейтін ерекше
бейнелілік арқылы сипатталады.
Тілдің когнитивтік қыры ретінде тек адамның танымдық қабілетінен
туындайтын мағынаны қалыптастырудың тетігі ғана емес, сонымен бірге
адамзаттың сол ұғым мен білімді қалай қабылдайды және оны қалай
тұжырымдайды деген мәселелер алға тартылуда. Мұндай объективті әрі
субъективті факторлар белгілі бір халықтың әлемдік бейнесін қалыптастыруға
маңызды күш салады.
Когнитивтік ғылымның басты назар аударатын негізгі ұғымдары – әлем
бейнесі (картина мира), әлемнің тілдік бейнесі (языковая картина мира),
әлемнің ұлттық (тілдік) бейнесі (национальная картина мира) және әлем
моделі (образ мира) немесе когнитивтік модель (кейде әлемнің концептуалды
бейнесі деп те аталады).

Әлем бейнесі термині ғылымға ХІХ ғасырдың аяғында еніп, физика,
философия, логика ғылымдарында (Вингенштейн Л., Герц Г.), ал ХХ ғасырда
антропология, семиотикада (В.Иванова, В. Топоров, Ю. Степанов, Гуревич) ,
лингвистикада (Л. Вайсгербер, Ю. Караулов, Г. Колшанский, В. Постовалова
т.б.) қоданылды.
Ю. Степановтың көрсетуінше әлем сөзіндегі екі мағына (1.ғалам шар,
әлемді жарату жүйесі және 2.тыныштық, келісім, тыныш өмір) ең алғашында
байланысты болған: орыс тіліндегі мир сөзіне көне грек тіліндегі хаосқа
қарсы қойылған космос сөзі сәйкес келеді. Қазіргі әлем концептінде осы
екі ұғым да бірге қолданылады.
Әлем – адам мен қоршаған ортаның өзара әсерлесуінде көрініс табуы, ал
әлем бейнесі – адам мен орта туралы ақпараттың өңделген нәтижесі.
Тілшілер (Б.А.Серебреников, В.И.Постовалов, А.А.Уфимцева,
Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия т.б.) тілдегі адамзаттың рөлін айта отырып, әлем
бейнесін адамның барлық рухани шығармашылығы, оның әлеммен байланысының
нәтижесінде қалыптасқан әлемнің глобальді бейнесі деп анықтайды.
Әлем бейнесі дегеніміз – адамзатты қоршаған объективті шындық. Ол
танымға тәуелсіз өмір сүреді. Әлем концептіне кең мағына беріледі – Әлем
– Вселенная, универсум (реалді әлем). Ол әрқашан да ментальді әлеммен
өзара байланыста болады.
Ғалымдардың әлем бейнесіне берген анықтамаларына тоқталайық.

В.М.Сергеев әлем бейнесінің қалыптасуындағы теория мен тәжірибенің өзара
әсерлесуінің маңыздылығын атап өтеді: Картина мира формируется в ходе
познания окружающей действительности в результате сложного взаимодействия
теории и практики [2, 3б].
Э.Д.Сүлейменова оны танымдық когнитивті феномен ретінде таниды:
Картина мира – это познавательный когнитивный феномен, который не
складывается из значений или суммы значений отдельных слов [3,131б].
Тұманова: Әлем бейнесі – жалпы адамзаттық әлем бейнесі, әлем туралы
білімнің жиынтығы [4, 20-22б] – деп ауқымды түрде түсінеді.
В.И.Постовалованың көрсетуінше, әлем образы әлем бейнесінің өзегі
болып табылады: Образ мира – это ядро картины мира, основа мировидения
человека, репрезентирующего сущностные свойства мира в понимании ее
носителей и являющегося результатом всей духовной активности человека [5,
20-21б].
Әлем бейнесі – өмір шындығының нақты ақиқат құбылыстары, оның
санадағы, адамдар танымындағы, ұғымындағы оймен жасалған бейнесі.

Біздің әлем туралы білімімізді анығырақ бейнелейтін адамның дүниені
тану құралы – тіл.
Шындық немесе идеалды әлем затын бейнелейтін ұжымдық сананың кез-
келген дискретті бірлігі тілде, ұлттық жадта вербальді белгіленген күйде
сақталады [6, 11б].
Н.Н. Аитова ғылыми еңбектерде әлем бейнесі әлемнің тілдік
бейнесінің орнына қолданыла беретінін (мүмкін үнемдеу үшін) айтып, бұл
екеуі екі түрлі ұғым болғандықтан ажыратып қолдану керектігін айтады:
Ғаламның тілдік бейнесі термині философия мен логика аспектісінде
Л.Витгенштейннің ұсынуымен қолданылған. Ал антропология, семиотикаға –
лингвистикаға оны енгізген Л.Вайесгерберде ол ғаламның тілдік құрылуы
(языковое миросозидание) – Sprach liches Weltbild деп аталады. Ғаламның
тілдік құрылуы деп туған тілдегі барлық әрекет ететін бағытталған рухани
энергия түсініледі, онда тілдік бірлестік арқылы ғаламның қайта құрылуы
жүзеге асырылады [7, 185б] (автор әлем сөзінің орнына ғалам сөзін
қолданады).
Б.А.Серебреников: Язык и мышление – две самостоятельные области, хотя
и тесно между собою связанные [5, 15-16б] – дей келіп, осыған орай екі
түрлі, екі басқа әлемдік бейне танылатындығын айтады. Оның бірі –
тұжырымдық бейне болса, екіншісі – тілдік бейне. Мұның біріншісі – ойлауға,
ұғымға қатысты, ал екіншісі – тілге қатысты.
Әлемнің тілдік бейнесіне бейнелер емес, бейнеленгендер енеді. Ол
субъективті тәжірибе жемісі. Осыған орай А.Вежбицкая әр тіл о бастан өз
иелеріне белгілі бір әлем бейнесін беретіндігін айтады: Нельзя на
естественном языке описать мир как он и есть: язык изначально задает
своим носителям определенную картину мира, причем каждый данный язык –
свою...Языковое значение – это интерпретация мира человеком, и никакие
операции над сущностями реального мира не приближают к пониманию того,
как устроено это значение [8, 5-6б].
И.А.Стернин әлем туралы білімді сол не басқа затқа қатысты білім
жиынтығы деп түсінеді және әлем туралы білімді ғылыми тұрмыстық
энциклопедиялық білім ретінде қарастырады. Оның ойынша, әлем туралы тілдік
білім тілдік емес білімге қарсы тұрады. Тілдік білім сөз мағынасында дербес
семантикалық компоненті ретінде көрінсе, тілдік емес білім сөз мағынасында
қандай да бір компоненттерді жасайды. Тілдік емес білім адам санасында
нақты, көрнекі, сезімдік түрде сақталады және жан-жануарлармен адамның
ортақ ойлауының нәтижесі екенін айтады [9, 20-32б].
Е.М.Абақан Тілдің мәдени философиясы еңбегінде: Тіл білімінде
әлемнің бейнесі, әлемнің ұлттық бейнесі сияқты термин ретінде
қолданылып жүрген сөйлемдерде әлем бейнесінің жасалуы жеке адамға, я
болмаса, бүкіл адамзатқа тән құбылыс ретінде қарастырылады. Оның
когнитивтік (санаға қатысты), гносеологиялық (танымдық) сипаты адам ойында
пайда болады. Бірақ әлемнің тілдік бейнесі қоршаған ортаның тікелей, тура
бейнесі бола алмайды екен. Себебі, болмыс пен тіл арасында адамның санасы
тұрады [10, 75б],– деген пікір айтады.
Г.А.Брутян қоршаған орта туралы білімді әлемнің екі моделі ретінде
сипаттайды: Мыслительная модель (концептуальная картина мира) – знание,
зафиксированное в понятийном составе познающего субъекта; языковая модель
– знание, выраженное языковым багажом [11, 58б].
Сонымен, адамдар үшін дүниені танудың ең бірінші кілті – ұғымдық,
сезімдік негіздерден бастау алған сана әрекеті. Сол себепті тілдік белгі –
логикалық тұрғыдан екінші процесс.
Ойлау процесі – мида болатын құбылыс, сана әрекеті, ал тіл санадағы
сол ойлау әрекеті ұғым түріндегі формаға енгізіледі. Демек, ойлау –
логикалық категорияның өмірдегі көрінісі. Олардың өзара шартты түрдегі
байланысынан ұғым қалыптасады. Басқаша айтқанда, ұғым айтылмақ болғанда,
оған сөз таңбаланатынын туралы профессор А.Салқынбай былайша түсіндіреді:
Танылған іс зат не құбылыс адам санасында белгіленіп, ұғым болып бекіп,
тілдік таңбаға айналады. Адамның табиғатқа еліктеп, табиғаттан үйренуі,
оның тілінде мифосимволикалық бейнелер жүйесін қалыптастырады. Бұл таным
ретінде тілде көрініс табады, сөз арқылы таңбаланады [12, 86-87б]. Бұл
айтылғандардан сана әрекетінің сөйлеу әрекетімен байланысын былай көрсетуге
болады:

ОЙ ↔ҰҒЫМ↔ ТІЛ (СӨЗ)

Ұғымның пайда болуы да санадағы құбылыс. Ұғым айтылған ой арқылы ғана
емес, көзбен көріп, қолмен ұстап, ұқсас қасиеттерін еске түсіріп, қиялмен
елестетіп, ойша бейнелеп, формасын жасау арқылы да қалыптасады. Алғашқыда
негізгі ұғымдардың пайда болуында көз қызметі ерекше орын алған. Онда ұғым
пайда болуының негізінде объект – денотат тұрады. Ол – қозғаушы, сана
әрекетін қоздырушы күш. Егер зат (құбылыс) болмаса оның санадағы сәулесі,
яки бейне жоқ. Сондықтан да профессор А.Салқынбайдың: Зат пен сөз мағынасы
арасындағы сабақтас байланыстылық, біздіңше, ұғым арқылы жалғасады. Ұғымдық
белгілер арқылы мағына жасалады. Табиғат пен әлем бейнесінің адам санасында
бейнеленуі ұғымды қалыптастырады. Ұғым арқылы таңбаға мағына беріледі.
Мағына ұғымның нақ өзі деуге де болмайды, оның абстракцияланған,
ұқсатылған, ассоциацияға түсірілген бейнесі. Санадағы ой сөзбен
тұлғаланғанда, белгілі мағынаға ие болғанда әр түрлі факторлар арқылы
қалыптасады. Ондай факторлар:
1. Халықтың дүниетанымы.
2. Уақыт.
3. Танымның дамуы.
Яғни, белгілі уақыт аралығында дүниетанымның жетілуі мен дамуына
сәйкес қалыптасатын халықтық дәстүр мен салт-санаға байланысты болатын
ұғымның тілдегі таңбалық жүйеге түскен абстрактылы, ассоциативті бейнесі
мағына болады [12 , 58б]– деп көрсеткеніне қосыламыз.
Демек, ұғым – дүниетанымның санадағы бейне суреті. Сонымен ой мен тіл
арасындағы бейне не ұғым тудыратын процесс когнитивтік ғылымның негізгі
нысаны, тірегі тұжырымдық құрылым болып табылады. Оның басты мақсаты ой мен
тіл арқылы қалыптасатын тұжырым қалыптастыру.
Ұғымдық бейне – ойлау жемісі. Ал дыбыстық бейне – сол ұғымдық бейненің
материалдық көшірмесі. Бұл бейнелердің қай-қайсысы да заттың (денотаттық)
өзі емес, оның негізгі образдық бейнесінің суреттері: ұғым санадағы сәуле
арқылы салынған сурет болса, сөз – дыбыс арқылы салынған сурет. Тіл –
табиғат пен адамзат аралығындағы сана арқылы болатын байланысты адамдардың
өзара қарым- қатынасында бейнелейтін аралық құрал.
Әлемде өмір сүре отырып адам тек тілмен белгілі бір құрал ретінде
ғана қамтамасыз етілмеген, бірақ адам үшін жалпы әлем не екені осы тілде
негізделген және онда сипатталады [13, 512б]. Тіл бізге әлемді тануға
мүмкіндік береді, мұнда әр жеке адамның санасынан жоғары тұратын шындық
көзге көрінерліктей болады [13, 520б]. Және де тіл рөлі – адам мен әлем
арасындағы аралықтағы үзбе (звено) рөлі емес, себебі онда адамның өмір
сүруі (бытие) ғана жүзеге аспайды, тілде әлем өзін- өзі бейнелейді [13,
524б]. Осылайша тілде әлем өзін біз үшін бейнелейді және осы тіл аясында
біз әлемтануға ие боламыз.
Әлемнің тілдік бейнесінің философиялық мәнін түсінуге арналған
теориялық еңбектерде (Степанов Ю., Булигина Т.В., ШмелевА.Д., Караулова
Ю.Н., Кубрякова Е.С., Арутюнова Н.Д.) әлемнің тілдік бейнесінің түрлі
белгілері көрсетілген. Оның фундаментальді белгісінің бірі ретінде
идиоэтникалық жүйесі аталады. Сонымен бірге ғаламның тілдік бейнесінің
өзгергіштігі, тұрақсыздығы айтылады.
В.Б.Касевичтің ойынша, тілдік семантиканың құралдары арқылы кодталған
әлем бейнесі уақыт өтісімен осы не өзге деңгейде реликтті, көне, қалдық
болып есептеледі.
Ю.Д.Апресян: Әр табиғи тіл әлемді қабылдау мен ұйымдастырудың
(концептуализациялаудың) белгілі тәсілін көрсетеді. Онда көрініс тапқан
мағыналар ортақ көзқарастар жүйесін, былайша айтқанда белгілі бір
міндеттілік ретінде тіл иелеріне таңылатын ұжымдық философияны құрайды. Осы
тілге тән шындықты концептуализациялау бір жағынан әмбебап, бір жағынан
ұлттық ерекшеліктерге ие, сондықтан әр тіл иелері әлемді өзгеше, өз
тілдерінің призмасы арқылы көруі мүмкін. Әлемнің тілдік бейнесі аңғал,
яғни ғылыми әлемнен өзгеше [14, 350б] – дей отырып, тілде көрініс
табатын аңғал түсініктердің қарапайым еместігін, тіпті көп жағдайда
ғылымидан күрделірек және қызығырақ болатынын атап өтеді.
Әлемнің тілдік бейнесі бір-бірімен байланысты, бірақ өзгешеліктері бар
екі идеяны қамтиды: 1) тілдің ұсынатын әлем бейнесі ғылымидан өзгеше (осы
жерде сонымен қоса әлемнің аңғал бейнесі термині қолданылады) және 2) әр
тіл шындықты бейнелейтін бейнені өзге тілдерден ерекше етіп, өзінше салады.
И.В.Черемысина әлемнің тілдік бейнесін былайша жіктейді:
1. Әмбебап және идиоэтникалық әлем бейнесі.
2. Әмбебап және идиоэтникалық әлем бейнесі материалды (шындық) және рухани
(ментальді) әлем, эмперикалық және рационалды: кеңістіктік- уақыттық,
реалды- қиялды, жерлік- аспандық, жалпы ұлттық-әлеуметтік салада шектеулі
аймақтық, кәсіби т.б. әлемнің тілдік бейнелері қарама-қарсы қойылады.
Әлемнің тілдік бейнесі – көрсетілген тілдік ұжымның күнделікті
санасында тарихи түрде қалыптасқан және тілде бейнеленген әлем туралы
түсініктердің жиынтығы, шындықты концептуализациялаудың белгілі бір тәсілі.
Әлемнің тілдік бейнесі туралы ұғым В. Фон Гумбольдт және жаңа
гумбольдтшылдықтың (Вайсгербер т.б.) тілдің ішкі формасы туралы айтылған
ойларына қатысты және американдық этнолингвистиканың идеяларына, негізінен
Сепир-Уорфтың лингвистикалық салыстырмалылық гипотезасына қатысты.
Э.Сепир мен Б.Уорф адамзат әлемді өз ана тілінің призмасы арқылы
көреді деген гипотезаны ұсынады. Олар тілдер өз әлемдік тілдік бейнесі
арқылы өзгешеленетінін көрсетеді. Олардың пайымдауынша түрлі тілдерде
сөйлейтін адамдардың ойлау типі әр түрлі және де осының бәрі жай ғана
тілмен байланысты ғана емес, оған себепті болады.
Б.А.Серебринников Сепир- Уорф гипотезасын сынап, әлемнің тілдік
бейнесін қалыптастыруда тіл өзіндік қысымы бар күшке иелене алмайтындығын
айтады. Түрлі тілдер өз иелерінде түрлі әлемнің тілдік бейнесін құрайды деп
айтуға болмайды, олар тек халықтың ұлттық мәдениеті мен өмір сүру салты,
қызметінің ерекшелігімен анықталатын заттар, құбылыстар, процестердің
мәнділігі себеп болатын ерекше реңкті үстейді деп көрсетеді.
В.Фон Гумбольдттың тілдік философиясы мен лингвистикалық теориясы –
ХІХ ғасырдағы беделді лингвофилософиялық концепциялардың бірі екені сөзсіз.
Гумбольдт тілді рухтың тоқтаусыз жұмысы деп сипаттады. Мұнда ол өз
заманының философиялық терминологиясына сай, рух (Giest) деп бір мистикалық
болмысты емес (көптеген оның интерпретаторлары көрсеткендей), қазіргі күнгі
түсінік бойынша когнитивті қабілеттілік деп аталатынды түсінген болар.
Тіл мен ойлаудың бірлігі туралы ұстанымнан (положение) бірте-бірте
әлем моделін қалыптастырудағы нақты тілдердің актив рөлі немесе тілдік
әлемді қабылдау (языковое мировидение) деп Гумбольдт атаған ұстаным
шығады. Егер тіл о бастан-ақ ойдың қалыптасуына қатысса, онда ой осыған сай
тілдік сипаттан еркін бола алмайды. Әр тіл әлемді өзінше ерекше қайталанбас
түрде концептуализациялағандықтан, әр тілде қалыптасқан, жасалған ойлар
толықтай тепе-тең болмауы мүмкін. Бірақ осы ұстанымнан түрлі тілдерде
сөйлейтін, ойлайтын адамдар арасында түсінбестік болады немесе олардың
ойлары бір тілден екінші тілге аударылмайды деген түсінік туындамауы керек.
Нақты тілдерде бекітілген түрлі әлем модельдері – бұл түрлі болмыстан
гөрі, әлемнің ойға айналуының жүзеге асыратын түрлі тәсілдер мен жолдар
деу дұрысырақ. Гумбольдтың әйгілі ойын: Язык народа есть его дух, и дух
народа есть его язык, и трудно представить себе что-либо более
тождественное – деп айтқанын да осы тұрғыдан түсіну қажет [15, 89]. Яғни
белгілі бір халықтың барлық болмысы, танымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ішкі
әлемі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы тіл арқылы ғана толықтай қою түрінде
таныла алады.
Гумбольдтың тілдік әлемді қабылдау концептісін Вайсгербер екіге
ажыратып қарастырады:
1. Аралық әлем
2. Әлемнің бейнесі.
Аралық әлем Вайсгербер бойынша, адамды шындықтың қабылдануын
анықтайтын тілдік әрекеттің статистік (сандық) өнімін көрсетеді. Ол әлемді
танушы субъект пен шынайы объект аралығында тұрғандықтан аралық әлем деп
аталады. Ол концептуалды табиғатқа ие.
Көрсетілген аралық әлем категориясы когнитивтік ғылым мен жасанды
интеллектінің маңызды ұғымы әлем моделі немесе когнитивтік модельмен
тікелей қатысты болып табылады. Әлем моделі концептуалды табиғатқа ие. Оған
осы не өзге формада (ойдағы бейнелер, фреймдер, сценарийлер немесе концепт-
скрупттар, инсайттар, кестелер, семантикалық жад және тезаурус т.б.)
субъектінің шындық туралы түсініктері, нақты деректер, оқиғалар туралы
білімі тіркелетіндігі туралы А.Н.Баранов пен Д.О.Добровольский айтады [16,
457б].
Н.Н.Аитова әлем бейнесі, әлемнің тілдік бейнесі және адам санасының
ара қатынас моделін былай көрсетеді:

А – объективті шындық – ғаламы;
В – адам санасы не аралық әлем (ғалам моделі), концептуалды ғалам бейнесі;
С – ғаламның тілдік бейнесі, концептуалды ғалам бейнесін белгілеуші және
түсіндіруші;
Оның көрсетуінше, толықтай АВС қатынасы мүмкін дүниенің сана арқылы
мүмкін болатын тілдік бейнесі ара қатынасын бейнелейді [7, 186б].

Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі – әр ұлттың өз тілі арқылы әлемді
танудағы, оны қабылдаудағы ерекшелігі болып табылады.
Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі – идеографиялық құрылымдағы лексикалық
жүйелер. Алайда әлемнің ұлттық тілдік бейнесі әлем туралы білімнің жиынтығы
ретінде тек лексикада ғана емес, сонымен қатар фразеология мен грамматикада
да көрініс табады. В.А.Маслова әлемнің тілдік бейнесі мен мәдениеті туралы
айта отырып, осыларға мына көрсетілгендерді жатқызады: сөз, сөйлем,
пайымдаудың ішкі формасы, сөздің мағыналық жағының өзгерісі, оның ауыспалы
мағынада қолданылуы, сөздің эмоционалды жүгі , оның индивидуалды
қолданылуындағы өзгешелігі [17, 35б].
Адам әлемі (оның ішкі әлемі, яғни рухани әлемі және сыртқы әлемі)
біріншіден, ұлттық ерекшеліктерге ие, осы ерекшеліктер тілдің түрлі
деңгейлері мен қызмет етуінде көрініс табады. Әлемнің тілдік бейнесі
әлемнің ұлттық тілдік бейнесін бейнелейді және соңғысы түрлі деңгейлердегі
тілдік бірліктер арқылы анықталуы да мүмкін. Ұлттық лексиканы әлемнің
ұлттық тілдік бейнесі ретінде ұсыну екі түрлі арнамен байланысты. Бірінші
арнада қоршаған ортадағы нақты заттар мен құбылыстардың атаулары
жинақталатын болса, екінші арнада концепт атаулары шоғырланған. Әлемнің
ұлттық бейнесін зерттей келе Г.Гачев оны космо- психо- логос деп атаған.
Оған әсер ететін жағдайлар – табиғаттың типі, ұлттық мінез және ойлау
ерекшеліктері және т.б.
Тіл этностың негізгі этнодифференциациялау белгісі ретінде этностың
өмір сүруі процесі мен нәтижесі кезінде танитын шындық туралы объективті
білімді қалыптастырып бекітеді. Тілді кез-келген этникалық мәдениттің
ерекше бөлінбес бөлігі ретінде қарастыратын болсақ, онда сол тұрғыда ұлттық
мәдениеттің ерекшелігі, оның өзге этностардан өзгешелігі көріне бастайды.
Тіл мен мәдениеттің айырылмас байланысы туралы Гумбольдт былай деген :
Язык - тесно переплетен с духовным развитием человечества и сопутствует
ему на каждой ступени его локального прогресса или регресса, отражая в себе
каждую стадию культуры [15, 69б].

Әлемнің концептуалды бейнесі (когнитивті модель) адамның саналы,
танымдық әрекеттерінің нәтижесін бейнелейді; біздің шынайы өмірді,
физикалық, химиялық әлем бейнесі және т.б. арнайы бағытталған әлем бейнесін
жалпылай көрсетеді. Әлемнің концептуалды бейнесі ойлау заңдары арқылы
ұйымдастырылады.
Әлемнің концептуалды бейнесі ретінде қоршаған орта туралы білім
күйінде көрінетін концептілер түсініледі. Шындық туралы ақпараттың
өзгеруінің әсерінен әлемнің концептуалды бейнесі әрдайым жаңарып тұрады,
яғни динамикалық түрде жасалынады. Оның қалыптасуында ойлаудың көрнекі,
бейнелі, тәжірибелік, ізденушілік, адвербалды- ұғымдық түрлері қатысады.
Осыған байланысты әлемнің тілдік бейнесі ұғымына қарағанда әлемнің
концептуалды бейнесі ұғымы күрделірек, бай, кең. Сондықтан әлемнің
концептуалды бейнесіне қарағанда әлемнің тілдік алғашқы болады және оны
(ӘКБ) қалыптастырады, себебі адам әлем мен өзін-өзі тіл арқылы ғана тани
алады.
Әлемнің концептуалды бейнесі түрлі адамдарда ортақ болуы мүмкін,
себебі адамзаттың ойлауы ортақ.

Концептуальная картина мира – это идеальное динамическое образование,
основу которого создает не только вербальная, но и вся чувственная, вся
предметно- позновательная действительность знаковым образом [4, 20б].
Г.Гиздатовтың тұжырымынша: Когнитивтік модель құрылымы прототип пен
бейнелі ұғымның бірігуі арқылы қалыптасқан концептіден құралады.
Когнитивтік модель – сөздің лексикалық мағынасының кодталған ақпараты, бұл
модель – білімнің танылуы мен сақталу формасы [18, 22б ].
Таным моделі ретінде танылатын концептуалды білім мұрагерлік жолмен
жалғасып қана қоймайды, мұрагерінің танымына сай, ол өмір сүрген уақыттағы
әлем бейнесі – объективті шындық өзінің әсері арқылы түрленіп, дамып, түрлі
өзгерістерге ұшырайды, бейнелеуге және бейнеленуге икемді болады.
Е.Беляевскаяның Сөздің семантикалық құрылымының қызмет етуі мен
қалыптасуын танымдық негіздері атты докторлық диссертациясында:
когнитивтік модель – лексикалық мағынаның тереңдік дәрежесін көрсетеді деп
көрсетеді.. Бұл модель мағыналық және логикалық құрылымнан туындайтын
абстракция модельдері жайлы ақпарат ретінде де танылады. Когнитивтік модель
құрылымы тұжырым құрылымымен барабар. Когнитивтік модель – результат
лингвокреативной деятельности данного языкового социума, отражающи
видения обозначаемого в данной языковой системе [19, 5б] – деп, ол
білімді таныту және сақтау формасы ретінде танылады дейді.
Когнитивтік модель – тілдік бірлік мазмұнын когнитивтік бейнелеу.
Оның құрамында соған сай білім құрылымының фрагменті, осы модельді
қалыптастыру негізіндегі когнитивтік операциялар жиынтығы бар, – деген
А.Барановтың тұжырымын негізге алуға болады.
Когнитивтік модель құрамындағы прототип пен бейнелі түсінік болады (ол
туралы Вежбицкая, А.В.Бондарко, В.Н.Телия, В.А. Долинская өз зерттеулерінде
айтып өткен).
Прототип – идеалданған эталонды үлгі, яғни типтік түсінік ретінде
танылса, бейнелі түсінік – бейнелі гештальд- құрылым ретінде қарастырылады.

Когнитивтік модель (КМ) құрылымы:

КМ = ПРОТОТИП + БЕЙНЕЛІ ТҮСІНІК
↓ ↓
КОНЦЕПТ

Дж. Лакофф түсіндіруінше, Гештальд- құрылым – мағынаның тілдік
көрінісін белгілеу әдісі не форманың мағынаға ие болу амалы.
Гештальд пен бейне дублет бола алмайды, оларды бірінің орнына
екіншісін қолдана алмаймыз.
В.Телия Орыс фразеологиясы еңбегінде: Прототип пен гештальд-
құрылым алғашқы түсінікті білдіреді [20, 96-97б],– деп тұжырым жасайды.
Яғни олар ұғымнан гөрі нақты форманың бейнеленуін көрсетеді.
Бейнелі түсінік, яғни бейнелі гештальд- құрылым – бұл ықшамдалған
бейне. Осыдан шығатыны: концепт – бұл әрі когнитивтік модель, әрі
когнитивтік бірлік. Когнитивтік жүйе концептуалдық құрылымнан тұрады.
Концептуалдық құрылым: ойдағы бейне, прототип, кесте (схема), фрейм,
сценарий, тұжырымды метафора. Бұл құрылым – когнитивтік жүйе бөлшектері,
когнитивтік ойдың сыртқы формасы.

Сонымен әлемнің концептуалды бейнесі және әлемнің тілдік бейнесінің
шектері мәселесі тұрғысынан түрлі ойлар бар:
1) Әлемнің тілдік бейнесінің негізгі мазмұны әлемнің концептуалды
бейнесін бүркейді; әлемнің тілдік бейнесі әлемнің концептуалды
бейнесінің ядросын жетілдіріп аралық қызмет (переферия) атқарады
(Брутян Г.А., Колшанский Г.В., Васильев С.А.)
2) Әлемнің тілдік бейнесіне қарағанда әлемнің концептуалды бейнесі кең
және бай, себебі оның қалыптасуында түрлі ойлау типтері, соның
ішінде вербальді емес түрлері де қатысады. Әлемнің тілдік бейнесі –
тілдік формалар арқылы өткен және тілге байланған концептуалды
әлемнің бөлшегі (КарауловЮ.Н., Кубрякова Е.С., Касевич М.В.).
3) Әлемнің концептуалды бейнесі мен әлемнің тілдік бейнесі бөлінбеген
(не разграничны), себебі тек әлемнің концептуалды бейнесі ғана бар
(Сүлейменова Э.Д).

Қорытындылай келе айтатын болсақ: әлем бейнесі – өмір шындығының
нақты ақиқат құбылыстары, оның санадағы, адамдар ұғымындағы оймен жасалған
бейнесі; әлемнің тілдік бейнесі – белгілі бір тілдік ұжымның күнделікті
санасында тарихи түрде қалыптасқан және тілде бейнеленген әлем туралы
түсініктердің жиынтығы, шындықты концептуализациялаудың белгілі бір тәсілі;
әлемнің ұлттық тілдік бейнесі – әлем туралы кейбір түсініктердің
ортақтығына қарамастан, оларға әр ұлт өзінше ерекше бір реңк үстеуі арқылы
танылатын, көбіне ұлттық таным арқылы анықталатын әлем бейнесі; әлемнің
концептуалды бейнесі – адам санасында жинақталған, белгілі бір тәртіпке
түскен әрдайым жаңарып тұратын әлем туралы білімнің жүйесі болып табылады.

1.2 Концепт ұғымы және оның құрылымы

Әлемнің концептуалды бейнесінің негізгі элементі болып концепт
есептеледі.
Лингвистикада концепт термині мен түсінігінің қалыптасуы тіл, сана,
және мәдениеттің өзара әсерлесуінің ерекшеліктерін , заңдылықтарын, амал-
тәсілдерін игерудегі жаңа қадам болды. Осыған орай лингвистика,
когнитология, мәдениеттану, философияның өзара әсерлесуінің жаңа
аспектілері пайда болып, соның арқасында семантикалық зерттеулер тереңдей
түсті.
Адамзаттың рухани мәдениеті саласында қалыптасқан концептілер –
адамның сана сезіміндегі мәдениеттің қоюы, яғни мәдени концептілер;
адамның ментальді әлеміне енудегі мәдениеттің құралы; сөзбен бірге жүретін
ұғым, елестету, білім, ассоциация, қобалжулардың шоғы.
Кең мағынада концепт – жалпы әлем туралы білім жүйесінің (әлемнің
концептуалды бейнесінің) бір бөлшегі, үзіндісі, яғни индивидтің объективті
шындық туралы өз танымындағы тірек ұғымдары, білетіні, ойлайтыны,
елестететіні.
Терминнің түрлі түсіндірілуі оның көп мағыналы латын сөзі conceptus-
тің семантикасынан шығуына байланысты. Латын-орыс сөздігінде оған мынадай
түсініктер беріледі: 1) жинақтау, өзіне жинау (собирать, вбирать в себя);
2) өзіне елестету, қиялдау(передставлять себе, воображать); 3) жазу,
тұжырымдау (написать, сформулировать); 4) құрастыру (образовывать); 5)
болу, пайда болу, шығу (происходить, появляться, возникнуть). Conceptum –
утробный зародыш [21, 222-224б]. Жалпы мағынасын жинақтаушы, өзіне
жинаушы [ көптеген формалардың мазмұны] ретінде және [олардың] бастауы
(зародыш) (елестелген) болып тұжырымдалған.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте: Концепт (conceptus – мысль, понятие)
– смысловое значение имени (знака), т.е. содержание понятия, объект
которого есть предмет (денотат) этого имени (например, смысловое значение
имени Лупа – естественный спутник земли).

Концепт және сөз қатынасы семантикалық үшбұрышпен байланысты: реалия
– ұғым – атау. Тілдің мазмұндық жағын интерпретациялау міндетті
түрде оның тілмен, ойлаумен, шындықпен қарым-қатынасы мәселесімен
байланысты. Зат (предмет, референт, денотат), идея (ойлау, ұғым, мағына,
мән, сигнификат, десигнат) және атау (сөз, таңба, мәтін) арасындағы
қатынасты және байланысты зерттеу семантиканың фундаментальді
мәселелерінің бірі. В.Н.Телия осы үштіктің әр мүшесін былайша анықтайды:
Реалия предстает как денотат имени, то есть как совокупность
свойств, вычлененных в актах номинации у всех обозначаемых данных
именем релий (класса объектов). Понятие, вбирая в себя категориально-
языковые признаки, выступает как сигнификат (смысл) имени, в которой
могут входить и экспрессивные признаки. Имя осознается как звукоряд,
расчленяемый в языковом сознании в соответствии со структурной
организаций данного языкового кода [22, 336-337б]. Яғни реалия – атау
денотаты, яғни номинация процесінде атаумен белгіленген зат пен құбылыстың
белгілерінің жиынтығы ретінде; ұғым – атаудың сигнификаты ретінде; атау
– көрсетілген тілдік кодтың құрылымдық ұйымдастырылуы сәйкес тілдік танымда
мүшеленетін дыбыстық қатар ретінде ұғынылады.
Орыс тіл білімінде сөз – тілдің екі жақты бірлігі деп анықталады..
Сөз – өзі арқылы таңбалаушы мен таңбаланушының бірлігін білдіретін тіл
бірлігі, адам санасында көрініс тапқан шындық объектілірін номинациялау мен
материализациялау құралы қызметін атқаратын идеалды құбылыс [23, 356б].
Сөзде, негізінен сөз мағынасында ұғым пайда болады, бейнеленеді және
беріледі. Сөйтіп, лингвистикада ұғымның философиялық категориясы сөздің
лексикалық мағынасымен салыстырылады. Тіпті кейбіреулер ұғымды сөздің
лексикалық мағынасымен тепе-тең қояды (Л.А. Новиков, С.Д. Кацнельсон).
М.Оразов мағына туралы: Лексикалық мағына дегеніміз белгілі бір дыбыс
не дыбыстар тізбегі мен шартты, тарихи және әлеуметтік байланысқа түскен
объектив дүниедегі заттардың, амал-әрекеттердің, түрлі құбылыстардың адам
санасындағы жалпыланған, дерексізденген бейнесі [24, 45б]– деп айтады.
Сөздің лексикалық мағынасы мен ұғымы құрылымында дәстүрлі түрде
сигнификат пен денотат компонеттерін ажыратады. Денотат зат-объектінің
объективті қасиеті, ал осы қасиеттің ойлауда бейнеленуі мен тілдік формада
бекітілуі – сигнификат. Тілдік таңбаның ұғымдық мазмұны түрліше аталады:
таңбаланушы (Ф.де Соссюр), десигнат (Ч.У.Моррис, Ю.С.Степанов),
мағына (Г.Фреге), интенсионал (Р.Карнап), концепт (А.Черч), тілдік
денотат (А.А. Уфимцева).
Концепт термині М.М.Копыленко бойынша, тек ұғымды ғана қамтымайды,
сонымен қатар ортақ мағынаны қалыптастыратын ұғымнан алғашқы
(предпонятийные) және деконцептуализацияланған құбылыстарды да қамтиды, ал
реалияларды білдіру үшін тек сөздер ғана емес және де фразалық үйлесімдер
қолданылады [25, 44-45б].
Е.И.Диброва концептіні шындық құбылыстарының сезімдік-көрнекті
бейнелері ретінде елестетуде орналасқан (сонымен қатар мұнда концепт арқылы
ойдың елестетуден ұғымға қарай қозғалысы жүзеге асады) және ортақ мағынаны
қалыптастыратын ерекше ұғымнан алғашқы мән (сущность) қатарына жатқызады
[26, 133б].
М.В.Никитина концепт – бұл ең біріншіден, түсінік пен ұғым екенін
айтып өтеді [27, 6б].
Қазіргі русистикада концептуалды семантиканың екі бағыты бар:
семантикалық және логикалық бағыттар. Бұл бағыттардың ерекшелігі концепт
пен сөз, концепт пен ұғым ара қатынасын түрліше түсінуге негізделгендігінде
болып отыр.
Семантикалық бағыт. С.А.Аскольдов- Алексеев еңбегінде концепт және
сөз арқа сүейтін негізгі ұстанымы: концепт біздің ойлау процесімізде
бірдей қатардағы көптеген заттарды ауыстыратын ойдың құбылысы [28, 28б].
Д.С.Лихачев осы айтылғанды әрі қарай дамытып, нақтылайды. Концепт тек
сөздің өзі ғана емес және сөздің сөздіктегі әрбір негізгі мағыналары үшін
өмір сүреді. Мұнда концепт біз күнделікті ауызша және жазбаша тілде көп
қолданатын мағыналардың соммалық сипаты. Концепт сөз мағынасынан тікелей
пайда болмайды, сөздің сөздіктегі мағынасының адамның жеке және халықтық
тәжірибесімен ұштасуының нәтижесі болып есептеледі.
Логикалық бағыт өкілдері: Ю.С.Степанов, Т.В.Булыгина, А.Д.Шмелев,
Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова т.б. концепт және ұғым терминдерін тепе-тең
көреді: мұнда концепт ретінде жинақтаудың жоғарғы деңгейінде болмайтын
грамматикалық, не семантикалық категория алынады.
Ю.С.Степановтың: Концепт ұғым сияқты қатардың құбылысы. Өзінің ішкі
формасы жағынан орыс тіліндегі концепт пен ұғым сөздері бірдей: концепт
латын тіліндегі conceptus – ұғым сөзінің калькасы...Концепт пен ұғым
түрлі ғылымдардың терминдері: екіншісі негізінен логика мен философияда
қолданылса, біріншісі, концепт, логиканың бір саласы – математикалық
логиканың термині, соңғы кездері мәдениет туралы ғылымда, мәдениеттануда
орныққан... [29, 42-44б]– деп, математикалық логикада, Г.Фреге мен А.Черч
жүйесінде концепт деп тек ұғымның мазмұнын атайтынын көрсетіп өтеді.
Е.С.Кубрякова концепт және ұғым терминдері адам ойлауы мен
санасының түрлі аспектілерін сипаттайды дейді: Ұғым– объективті шындықтың
логикалық формада бейнеленуінің белгілі бір түрлерінің бірі; концепт
сананың шұғыл (оперативті) мынадай бірліктерін қамтиды: елестету,
образдар, ұғымдар, ал олар жинақталып барып концептуалды жүйе не әлемнің
концептуалды моделін жасайды [5, 143б].
Сонымен қатар концепт пен сөз, концепт пен ұғым туралы өзге
ғалымдардың айтқанына тоқталайық.
Сөз және концепт терминдері А.Вежбицкаяда өзара байланысты: Концепт-
минимум – бұл сөз мағынасын толық игеру, бұл тек қарапайым тіл иесіне тән
нәрсе ... концепт- максимум – сөз мағынасын толықтай игеру.
Н.Кипиани сөз концептінің бөлігі болатыны айтады: Сөз өз мағынасымен
қоса тек концептінің бөлігін білдіреді.
С.Г.Воркачев: тар формалды мағынада лигвоконцептілер – өзге
тілдерге аударғанда бірсөзді эквивалентті таба алмайтын, сөздерден кейін
тұратын семантикалық құбылыстар [30, 79б].
Бір қарағанда сөздің лексикалық мағынасын концепт деп атауға болады.
Бірақ қазіргі күні сөздік мақаласындағы берілген сөз мағынасы когнитивті
шындықтан шалғай, тар, жетіспейтіндігі және тіпті парапар келмейтіндігі
туралы тезис дәлелденді.
В.В.Колесов бойынша концепт өзінің мазмұнды формасында образ ретінде,
ұғым ретінде және символ ретінде көрініс табады.
Концепт ұғымға тепе-тең емес. Қазіргі зерттеушілер жаңа терминнің айту
мағынасын таңбалау үшін енгізілгенін ескермеген, сондықтан да көптеген
философиялық сөздіктер мен энциклопедияларда концепт ұғым не оның мазмұнын
білдірумен тепе-тең көрінеді, осының өзі оларды ажыратуды керек етеді. Ұғым
– заттың түрлі кезеңдерінің объективті идеалды бірлігі және қарым-
қатынасқа тәуелсіз, ойдың қалыптасу қызметін атқаратын тілдің таңбалық және
маңызды құрылымымен байланысты. Бұл танымның нәтижесі, баспалдағы немесе
кезеңі. Ал концепт сөйлеу арқылы жүзеге асады. Концепт субъективті. Жад
және елестету – бір жағынан дәл қазір және осы жерде ұғынуға бағытталған,
екінші жағынан ол жад акті ретінде – өткенге, елестету акті ретінде –
болашаққа, пайымдау акті ретінде – осы шаққа негізделген жанның үш
қабілетінің синтезі, концептінің ажырамас бөліктері. Концепт – это событие,
а события – это понятие [31, 12б ].
Ұғымға қарағанда концептілер тек ойланылмайды, сонымен қатар адамның
өз басынан өтеді (переживаются). Л.А.Грузберг Концепт – мәдени-ментальді-
тілдік құбылыс ретінде деген зерттеуінде олардың – эмоция, симпатия мен
антипатия, кейде қақтығыстар заты болып есептелетінін айтып өтеді [32, 14б
].
Концептімен салыстырғанда ұғымның құрылымы қарапайым: ұғым құрылымында
мазмүндық құраушы басым және концепт құрылымында болатын барлық компонеттер
енбейді.
Қазіргі кезде концептіні түрлі тұрғыдан түсіндірудің негізінде
қалыптасқан мынадай бағыттары: логикалық бағыт (Арутюнова Н.Д., Степанов
Ю.С.), психолингвистикалық бағыт (Залевская А.А.), лингвистикалық бағыт
(Бабушкин А.П.), философиялық бағыт (Колесов В.В., Лисицын А.Г.),
психологиялық бағыт (Лихачев Д.С., Холодная М.А.), интегративті бағыт
(Ляпин С.Х., Карасик В.И.)
Түрлі бағыт өкілдерін біріктіретін нәрсе, олардың концептіні жалпы
және кең категорияның бөлігі ретінде қарастыруы: концептуалды жүйе,
әлемнің концептуалды бейнесі (Павиленис Р.И., Чижова Е.А.);
концептосфералар (Лихачев Д.С.); оқиғалар (события) (Исабес В.Я.);
әлемнің ұлттық тілдік бейнесі (Вежбицкая А, Булыгина Т.В., Шмелев А.Д.
т.б.); концептуализацияланған заттық аймақ (Степанов Ю.С.); когнитивті
модель (Гиздатова Г.Г.)

Қазіргі лингвистикада концептіні түсіндірудің үш негізгі бағыты бар:
Бірінші бағыт (өкілі Степанов) концептіні қарастыруда үлкен назарды
культуралогиялық аспектіге аударады, мұнда барлық мәдениет концептілер мен
олардың қатынастарының жиынтығы ретінде түсініледі. Осылайша, концепт –
адамның ментальді әлеміндегі мәдениеттің негізгі ұясы.Олар ұжымдық тілдік
санадағы орталық орынға ие болғандықтан олардың зерттелуі өзекті мәселеге
айналуда. Концептіні осылайша түсіну тіл рөлін тек көмекші құрал ретінде
екінші орынға қоюмен байланысты.
Екінші бағыт ( Н.Д.Арутюнова және оның мектебі, Т.В.Булыгина,
А.Д.Шмелев т.б.) концепт мағынасының қалыптасуының жалғыз құралы деп тілдік
таңбаның семантикасын санайды.
Үшінші бағыт (Д.С.Лихачев, Е.С.Кубрякова т.б.). Олардың ойынша,
концепт сөз мағынасынан тікелей пайда болмайды, сөз мағынасының адамның
жеке және халықтық тәжірибесімен ұштасуының нәтижесі, яғни концепт сөз бен
шындықтың арасындағы делдал. Кубрякованың: Концепт – это оперативная
содержательная единица памяти ментального лексикона, концептуальной системы
мозга (lingva mentalis), всей картины мира, отраженной в человеческой
психике– дейді.. Оның ойынша когнитивті лингвистикада психология мен
сенсорлы-перцептивтік процестерді сипаттауда қолданылатын фон мен фигура
түсінігін қолдану ақталады. Фон мен фигураны қарама-қарсы қою адамның өзін
тұтастың бөлігі, өзін (фигураны) қандай да бір фонда (қоршаған ортада,
кеңістікте) сезінуімен байланысты және әлемдегі өзге денезаттар да осылай
түсініледі. Сөйтіп, ол тіл мен оның категориясының негізінде адамның
денелік, көрнекті тәжірибесі жатыр және адам тек осы тәжірибесі арқылы
абстарактілі сфераға шығады, көзге көрінбейтін туралы өзінің ойын құрайды.
Кубрякова адамзат танымының негізгі принциптерінің бірі – контейнер
принципін құрайды. Ол оны бақылаушы позициясының қайталану принципі (
принцип обратимости позиции наблюдателя) деп атауды ұсынады. Оның мәні
мынада: әлемдегі кез-келген объектіні қарастыруда болашақты (перспективаны)
таңдау өзгеруі мүмкін, бақылаушы позициясы да кері өзгеруі мүмкін. Оның
ойынша, егер тіл әлемді ерекше тануды бейнелесе, онда ондағы бақылаушы
позициясы да тілде бекітілген, көрінген концептілердің жалпы
субъективтілігіне сай келеді. Келіспеуге болмайды, себебі бір ғана құбылыс
: әрекет-объект түрлі тіл бірліктерін қолдану арқылы түрліше сипатталуы
мүмкін, сондықтан да сипаттауда түрлі детальдерді, қасиеттерді, белгілерді
көрсетуге мүмкіндік болады. Ғалым ойынша, концептуалдық жүйе арқылы
мағынана анықтау мағына мен білімді байланыстыратын жаңа бағыт.
Концептіге берілген анықтамалар түрліше. Көптеген зерттеушілер оның
мәдениетпен байланысын көрсетеді. Кей зерттеушілер мұны негізгі деп тапса,
енді біреулері қосымша деп қарастырады. Біздің ойымызша, концептінің
негізгі қасиеті болып оның белгілі бір мәдениетпен, қоғамның мәдени
тәжірибесімен байланысы табылады. Мәдениет өзін туындатқан халықпен біте
қайнасып жататыны айқын және оның бойында өмірлік философияны анықтайтын,
барлық адамзатқа тән әлемдік бейнедегі ұғымдардың берік орын алатыны
белгілі. Солай бола тұра , осы аталған ұғымдар ұлттық дүниетаным, мәдениет
негізінде қалыптаса отырып, ұлттың ұлт болып айқындалу белгісі ретінде де
қолданылады. Мәдениетке қатысты концепті адам мен ол өмір сүретін ақиқат
шындық аралығын байланыстырушы ретінде қызмет атқаратындықтан оны
зерттеудің маңызы зор болып отыр.
С.Г. Воркачевтің ойынша, концептілерге ең кең мағынада тіл иелерінің
әлемнің аңғал бейнесін қалыптастыратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық мәдени концептілер
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы
Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі - идеографиялық құрылымдағы лексикалық жүйелер
Концептуалды талдау жұмысы
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Қазақ тіліндегі бақыт концептісінің танымдық көрінісі
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі
Концептуалды талдау жұмысы (Софы Сматаев шығармашылығы бойынша)
Б. СОҚПАҚБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛДІК- КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ
Пәндер