Белоктар биохимиясы



1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім:
‒Белоктар құрамына кіретін амин қышқылдары;
‒Амин қышқылдарының классификациясы:
• Бірінші топ. Бейтарап, полярсыз (гидрофобты) амин қышқылдары;
• Екінші топ. Бейтарап, полярлы (гидрофильді) амин қышқылдары;
• Үшінші топ. Қышқыл, полярлы (гидрофильді) амин қышқылдары;
• Төртінші топ. Негізді, полярлы (гидрофильді) амин қышқылдары.
‒Белок молекуласының құрылымы:
• Біріншілік құрылым;
• Екіншілік құрылым;
• Үшіншілік құрылым;
• Төртіншілік құрылым.
3.Қорытынды:
Белоктардың қызметі.
Барлық тірі организмдер бір-бірімен тығыз байланысқан мыңдаған әр түрлі клеткалардан тұрады. Олар неше түрлі биологиялық қызметтер атқарады. Қай клетка болмасын белоктардан, липидтерден, көмірсулар, нуклеин қышқылдарынан, минералдық заттардан, судан тұрады.Соның ішінде сан жағынан көбі ‒ белоктар (суды есептемегенде). Белок тікелей ген арқылы түзіледі және организмнің барлық белгісін анықтайды. Қазіргі уақытта адам организмінде 50 000 әр түрлі белок бар деп болжайды.
Белоктар амин қышқылдарынан құралған. Яғни амин қышқылдары белок молекуласы (полимердің) құрамының бөлігі (мономері) болып табылады.
1. З. Сейітов «Биологиялық химия»,
Алматы, 1992.
2. З. Сейітов «Биологиялық химия»,
Алматы, 2008
3. Т.Т. Березов, Б.Ф. Коровкин «Биологическая химия»,
Москва, «Медицина» 1998.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Белоктар биохимиясы

ЖОСПАР:

1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім:
‒Белоктар құрамына кіретін амин қышқылдары;
‒Амин қышқылдарының классификациясы:
• Бірінші топ. Бейтарап, полярсыз (гидрофобты) амин қышқылдары;
• Екінші топ. Бейтарап, полярлы (гидрофильді) амин қышқылдары;
• Үшінші топ. Қышқыл, полярлы (гидрофильді) амин қышқылдары;
• Төртінші топ. Негізді, полярлы (гидрофильді) амин қышқылдары.
‒Белок молекуласының құрылымы:
• Біріншілік құрылым;
• Екіншілік құрылым;
• Үшіншілік құрылым;
• Төртіншілік құрылым.
3.Қорытынды:
Белоктардың қызметі.

Кіріспе
Барлық тірі организмдер бір-бірімен тығыз байланысқан мыңдаған әр
түрлі клеткалардан тұрады. Олар неше түрлі биологиялық қызметтер атқарады.
Қай клетка болмасын белоктардан, липидтерден, көмірсулар, нуклеин
қышқылдарынан, минералдық заттардан, судан тұрады.Соның ішінде сан жағынан
көбі ‒ белоктар (суды есептемегенде). Белок тікелей ген арқылы түзіледі
және организмнің барлық белгісін анықтайды. Қазіргі уақытта адам
организмінде 50 000 әр түрлі белок бар деп болжайды.
Белоктар амин қышқылдарынан құралған. Яғни амин қышқылдары белок
молекуласы (полимердің) құрамының бөлігі (мономері) болып табылады.

Белоктар құрамына кіретін амин қышқылдары
1820 жылы А.Бракконо екі амин қышқылын ашты, желатиннен ‒ глицинді, ал
бұлшық еттерден ‒ лейцинді.
Белоктар құрамына кіретін барлық амин қышқылдарын анықтау үшін 100 жыл
керек болды. 1925 жылы ең соңғы амин қышқылы треонинді С.Шрайвер
көмекшілерімен бірге сұлыдан тапты.
Табиғатта 80-нен артық амин қышқылдары бар. Соның ішінен тек 20-сы
ғана белок құрамына кіреді. Барлық тірі организмдердің, бактериядан бастап
адамға шейін, белоктары 20 амин қышқылдарынан тұрады. Олар бір-бірімен
ретті түрде жалғасып неше түрлі белок молекуласын құрайды.
Амин қышқылы дегеніміз ‒ молекуласында карбоксил (‒СООН) және амин (-
NH2) топтары бар органикалық қышқыл.
Амин қышқылдары молекуласында амин тобы α-, β-, ɣ- жағдайда да болады.
Табиғи белоктарда тек α- амин қышқылы табылған. Ондай қышқылда амин тобы
(NH2) карбоксил тобынан кейінгі бірінші көміртек атомымен байланысқан
болады.
α- амин қышқылының жалпы формуласын мынадай түрде көрсетуге болады:

Мұндағы: R- радикал, бүйірлік топты көрсетеді.
Әрбір амин қышқылында өзіне тән бүйірлік топ болады. Амин қышқылдарының
физико-химиялық және биологиялық қасиеттерінің ерекшелігі бүйірлік
топтардың құрылымына тәуелді.

Амин қышқылдарының классификациясы
Химиялық құрамына және бүйірлік топтардың құрылымына байланысты амин
қышқылдары полярлы (гидрофильді) және полярсыз (гидрофобты) деп жіктеледі.
Оларды бейтарап, қышқылдық, және негіздік амин қышқылдары деп бөледі.
Биологиялық құндылығына қарай ауыстырылатын және ауыстырылмайтын деп
екі топқа бөлінеді. Ауыстырылмайтын амин қышқылдары адам мен жануарлар
клеткаларында басқа заттардан түзілмейді. Олар тағаммен күнде организмге
енуі керек.
Полярлы амин қышқылдары ‒ зарядталған бөлшектер түзей алтын және басқа
да полярлы затпен байланыса алатындар, мысалы, су молекуласын қосып алады.
Полярсыз бейтарап амин қышқылдары ‒ заряды жоқ, су молекуласын қосып
ала алмайды, бірақта, басқа полярсыз молекуламен байланыса алады.
Гидрофильді амин қышқылдары ‒ су сүйерлер, су молекуласын қосып алатын
қасиеті бар.
Гидрофобты амин қышқылдары ‒ полярлы молекулаларды кері тебеді, су
молекуласымен байланыса алмайды, ал басқа полярсыз қосылыстармен әрекеттесе
алады.
Бүйірлік топтардың құрылымының ерекшелігіне қарай амин қышқылдарын
төрт топқа бөлуге болады:
1.Бейтарап, полрсыз (гидрофобты) амин қышқылдары.
2.Бейтарап, полярлы (гидрофильді) амин қышқылдары.
3.Қышқыл, полярлы (гидрофильді) амин қышқылдары.
4.Негізді, полярлы (гидрофильді) амин қышқылдары.
Енді амин қышқылдарының топтарына байланысты құрылымдық формулаларын
қарастырайық.

Бірінші топ. Бейтарап, полярсыз (гидрофобты) амин қышқылдары
Олардың молекуласындағы органикалық радикалдардың протон қабылдайтын,
тне беретін икемдігі жоқ, сумен әрекеттесе алмайды. Олар гидрофобты ‒ суды
кері итереді.
Құрамында осы амин қышқылдары бар белоктар суда нашар ериді. Бұл топқа
мына 8 амин қышқылдары жатады.
1. Глицин, аминосірке қышқылы, ең қарапайым амин
қышқылы. Тәтті кристалды зат. Көп мөлшерде жібектің
фиброиінде, әсіресе коллаген молекуласында
кездеседі. Ауыстырылатын амин қышқылы.

2. Аланин, α-аминопропион қышқылы, табиғатта көп
таралған. Ауыстырылатын амин қышқылы.

3. Валин, α-амино-β-метилмай қышқылы. Барлық
белоктардың құрамына кіреді. Адам мен жануарлар
ұлпасында түзілмейді, ауыстырылмайтын амин қышқылы.
Ол жетіспегенде жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды.

4. Лейцин, α-амино-ɣ-метилвалериан қышқылы. Адам мен
жануарлар ұлпасында түзілмейді. Өте маңызды амин
қышқылы.

5. Изолейцин, α-амино-β-метилвалериан қышқылы. Адам
мен жануарлар ұлпасында түзілмейді. Өте маңызды
ауыстырылмайтын амин қышқылы.

6. Метионин, α-амино-ɣ-тиометилмай қышқылы. Адам мен
жануарлар ұлпасында түзілмейтін, ауыстырылмайтын,
өте маңызды амин қышқылы. Молекуласында күкірт және
жылжымалық метил тобы бар. Тағамда аз болса жас
өспірімдердің өсуі тоқталады, липидтер алмасуы
бұзылады.

7. Фенилаланин, α-амино-β-фенилпропион қышқылы. Адам
мен жануарлар ұлпасында түзілмейтін, маңызды
ауыстырылмайтын амин қышқылы, құрамында ароматикалық
сақина бар.

8. Пролин, пирролидин-α-карбон қышқылы.
Молекуласында амин (-NH2) тобы бар, амин қышқылы
болып есептеледі. Ауыстырылатын амин қышқылы. Көп
мөлшерде дәнекер ұлпа белоктарында болады
(коллагенде, эластинде). Пролин сақинасы белок
молекуласының құрылымына үлкен әсер етеді.

Екінші топ. Бейтарап, полярлы (гидрофильді) амин қышқылдары
Бұл топқа 7 амин қышқылы жатады. Бұл топ сумен әрекеттесуге икемді,
гидрофильдік қасиет көрсетеді. Молекулада полярлы амин қышқылдары көп
болса, белоктың суда ерігіштігі артады. Олардың функционалдық топтары
ферменттердің әсер етуінде маңызды роль атқарады, активтік орталыққа кіреді
және де басқа белоктардың биологиялық қызметі осы топтарға байланысты.
Мысалы, цистеин белок молекуласының үшіншілік құрылымына жауапкер зат.

9. Серин, α-амино-β-гидроксипропион қышқылы.
Құрамында гидроксил (-OH) тобы бар. Ауыстырылатын
амин қышқылы.

10. Треонин, α-амино-β-гидроксимай қышқылы. Адам мен
жануарлар ұлпасында түзілмейді, маңызды
ауыстырылмайтын амин қышқылы. Молекуласында
гидроксил (-OH) тобы бар. Май қышқылдары, басқа
липидтер және көмірсулар синтезінде маңызды роль
атқарады.

11. Цистеин, α-амино-β-тиопропион қышқылы.
Ауыстырылатын амин қышқылы, құрамында сульфгидрил (-
SН) тобы бар. Тірі клеткада цистеин екі сутек атомын
бөліп шығарып, жаңа екінші амин қышқылы ‒ цистин
құрайды, цистеиннің екі қалдығы арасында
дисульфидтік (-S-S-) байланыс пайда болады. Цистеин,
цистин, метионин органикалық күкірттің көзі, күкірт
зат алмасуында маңызды роль атқарады.

12. Тирозин, пара-гидроксифенилаланин. Ауыстырылатын
амин қышқылы. Молекуласында гидроксифенил тобы бар.
Құрылымы бойынша фенилаланинге жақын, бірақта оны
ауыстыра алмайды.

13. Триптофан, α-амино-β-индолилпропион қышқылы. Өте
маңызды ауыстырылмайтын амин қышқылы, адам мен
жануарлар ұлпасында түзілмейді, табиғи белок
құрамында аз мөлшерде кездеседі. Молекуласында
гетероциклді сақина-индол бар. Триптофан жетіспесе
жыныс бездерінің қызметі нашарлайды.

14. Аспарагин, аспарагин қышқылының амиді,
молекуласында амид (-CONH2) тобы бар. Ауыстырылатын
амин қышқылы.

15. Глутамин, глутамин қышқылының амиді.
Ауыстырылатын амин қышқылы, молекуласында амид (-
CONH2) тобы бар. Аспарагин мен глутаминнің амид
тобындағы азот ұлпаларда белоктық заттар синтезіне
маңызды роль атқарады.

Үшінші топ. Қышқыл, полярлы (гидрофильді) амин қышқылдары
Бұл топта екі амин қышқылы бар. Бүйірлік радикалда екінші карбоксил
(‒СООН) тобы бар, ол қасиетке себепші болады. Екінші қышқыл топ белоктың
суда ерігіштігін арттырады және биохимиялық реакцияларда ферменттің әсер
етуінде үлкен роль атқарады.

16. Аспарагин қышқылы (аспартат), ауыстырылатын амин
қышқылы, молекуласында екінші карбоксил тобы бар,
белокқа қышқылдық қасиет береді.

17. Глутамин қышқылы (глутамат) α-аминоглутар
қышқылы. Ауыстырылатын амин қышқылы, молекуласында
екінші карбоксил тобы бар, белокқа қышқылдық қасиет
береді, көп мөлшерде белок құрамында кездеседі.

Төртінші топ. Негізді, полярлы (гидрофильді) амин қышқылдары

Олар үшеу. Бүйірлік радикалда екінші амин (-NH2) тобы бар, ол негізді
(сілтілік) қасиет көрсетеді. Бұл функционалдық топ белоктың суда
ерігіштігін күшейтеді, катализдік реакцияларда ферменттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Органдар биохимиясы жайлы ақпарат
Қанның қызметі
Органдар биохимиясы жайында
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар
Аскорбин қышқылының ертіндісі
Ағзалардың химиялық құрамы
Тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған методикалық нұсқау - «Aзық-тулік өнімдерінің биохимиясы» пән бойынша
Органдар биохимиясы жайлы
Аминақышқылдары – белоктың структуралық элементі
Органдар биохимиясы
Пәндер