Ислам жайында
1 . Ислам
1.1. Джихад.
1.2. Қажылық.
1.3. Тауаф.
2. Зәмзәм құдығы.
2.1. Сағи.
2.3. Иәуму . т . Тәруия
3. Рәми. л . Жамрат.
4. Құрбан айт.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
1.1. Джихад.
1.2. Қажылық.
1.3. Тауаф.
2. Зәмзәм құдығы.
2.1. Сағи.
2.3. Иәуму . т . Тәруия
3. Рәми. л . Жамрат.
4. Құрбан айт.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Ислам – дүниедегі үш негізгі діннің бірі болып саналады . Ислам деген сөз арабша " бағыныштылық " деген мағынаны білдіреді . Ал мұсылман деген " өзін дінге тапсырған " деген сөз . Ислам негізі жетінші ғасырда Арабияда қаланған . 610 жылдан бастап Алланың шын дінін уағыздап , тарата бастаған Мұхаммед пайғамбар ( 570 – 632 жж. Салла – л – лаһу – ғалейһи уә - сәлләм ) болатын . Көптеген батыс зерттеушілері Мұхаммед пайғамбарды Ислам дінін қалаушы , негізін салған деп айтады . Бірақ бұл үлкен қателік . Себебі Мұхаммед пайғамбардың ( Салла – л – лаһу – ғалейһи уә - сәлләм ) алдындағы бүкіл пайғамбарлар , Адамнан Исаға дейін барлығы мұсылмандар болған . Ислам дінінің қасиетті кітабы Құран болып табылады . Құранның алғаш жинағы Осман халифтың тұсында , Зейд ибн Сабит жазған болатын . Бізге жеткен Құран жүз он төрт сүреден және екі жүз сексен алты негігі аяттан тұрады . Құранды зерттейтін ғалымдар оның негізін алты мың екі жүз отыз алты аяттан тұрады дейді . Л.Н.Гумелев Ислам дінін " дүниедегі әлемдік діндердің ең жасы және ең тазасы " – деп атаған . Жетінші ғасырда пайда болған Ислам діні таң қаларлық жылдамдықпен бүкіл әлемге тарап кетті . Қазіргі кезде Ислам дінін ұстанатын адамдарды планетамыздың кез келген жерінен кездестіруге болады . Дүние жүзіндегі мұсылмандар саны 1,5 млрд асып түседі . Мысалы : христиан өркениеті 15 ғасыр бойы орнаса , Исламға Мединалық қауымдастықтан әлемдік дінге айналу үшін 6 – ақ ғасыр қажет болды . Сондықтан болар Ислам діні "Гиннес кітабынада" дүниедегі ең тез таралып келе жатқан дін деп аталды . Ислам діні Алжир , Мали , Мавритания , Сенегал , Мароккко , Батыс Сахара , Нигер , Нигерия , Чад , Египет , Тунис , Сомали , Эритерия , Джибути , Йемен , Оман , ОАЭ , Катар , Бахрейн , Кувейт , Сауд Арабиясы , Комор , Сейшел , Мальдивы аралдары , Иордания , Сирия , Палестина , Ливан , Түркия , Ирак , Иран , Әжірбайжан , Солтүстік Кавказ , Ауғанистан , Пакистан , Албания , Түркменістан , Өзбекстан , Қырғызтан , Тәжікістан , Қазахстан , Бангладеш , Индонезия , Малайзия , Бруней , Гайана , Суринамның мемелекеттік діні болып саналады . Ислам дінін Индияда халықтың 24% және Қытайда 10% , Францияда 25% , Ресейде 15 – 20 % , Ұлыбританияда 10% ұстанады . Соған қоса Ислам діні Европада және Америкада кеңінен таралып келе жатыр .
« Қажылық » Қайрат Лама Шариф . Алматы. Қазақстан.
Энциклопедия « Ислам » Бас – редактор: Р.Н.Нургалиева. Алматы. 1995 жыл.
« Ислам на современном востоке » Москва. Ин. – т востоковедения. Крафт. 2004 год.
« Введения в историю распростанения Ислама »
Эззати А. Аль – Худа. 2003 год.
« Ислам діні ». Бегалиев Б. Қызыл Орда. 1927 жыл.
« Ислам в Казахстане : история и современность »
« Великие святыни Ислама » . Корбенко Ив. Москва. Аст – Пресс книга. 2005 год.
« Хаджж : Путеводитель паломника в священный дом Аллаха » перевод « Панорама ».
« Ислам на современном востоке » Мин. – т востоковедения . Крафт. 2004 год.
« Религиозный туризм ». Христов Т. Тодорович. М . Акададемия . 2003 год .
« Правила организации паломничества » Грэфик Арт. 1995 год.

Жоспар
1 . Ислам
1.1. Джихад.
1.2. Қажылық.
1.3. Тауаф.
2. Зәмзәм құдығы.
2.1. Сағи.
2.3. Иәуму – т – Тәруия
3. Рәми– л – Жамрат.
4. Құрбан айт.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Ислам.
1. Ислам – дүниедегі үш негізгі діннің бірі болып саналады . Ислам
деген сөз арабша " бағыныштылық " деген мағынаны білдіреді . Ал мұсылман
деген " өзін дінге тапсырған " деген сөз . Ислам негізі жетінші ғасырда
Арабияда қаланған . 610 жылдан бастап Алланың шын дінін уағыздап , тарата
бастаған Мұхаммед пайғамбар ( 570 – 632 жж. Салла – л – лаһу – ғалейһи уә -
сәлләм ) болатын . Көптеген батыс зерттеушілері Мұхаммед пайғамбарды
Ислам дінін қалаушы , негізін салған деп айтады . Бірақ бұл үлкен қателік .
Себебі Мұхаммед пайғамбардың ( Салла – л – лаһу – ғалейһи уә - сәлләм )
алдындағы бүкіл пайғамбарлар , Адамнан Исаға дейін барлығы мұсылмандар
болған . Ислам дінінің қасиетті кітабы Құран болып табылады . Құранның
алғаш жинағы Осман халифтың тұсында , Зейд ибн Сабит жазған болатын . Бізге
жеткен Құран жүз он төрт сүреден және екі жүз сексен алты негігі аяттан
тұрады . Құранды зерттейтін ғалымдар оның негізін алты мың екі жүз отыз
алты аяттан тұрады дейді . Л.Н.Гумелев Ислам дінін " дүниедегі әлемдік
діндердің ең жасы және ең тазасы " – деп атаған . Жетінші ғасырда пайда
болған Ислам діні таң қаларлық жылдамдықпен бүкіл әлемге тарап кетті .
Қазіргі кезде Ислам дінін ұстанатын адамдарды планетамыздың кез келген
жерінен кездестіруге болады . Дүние жүзіндегі мұсылмандар саны 1,5 млрд
асып түседі . Мысалы : христиан өркениеті 15 ғасыр бойы орнаса , Исламға
Мединалық қауымдастықтан әлемдік дінге айналу үшін 6 – ақ ғасыр қажет
болды . Сондықтан болар Ислам діні "Гиннес кітабынада" дүниедегі ең тез
таралып келе жатқан дін деп аталды . Ислам діні Алжир , Мали , Мавритания ,
Сенегал , Мароккко , Батыс Сахара , Нигер , Нигерия , Чад , Египет , Тунис
, Сомали , Эритерия , Джибути , Йемен , Оман , ОАЭ , Катар , Бахрейн ,
Кувейт , Сауд Арабиясы , Комор , Сейшел , Мальдивы аралдары , Иордания ,
Сирия , Палестина , Ливан , Түркия , Ирак , Иран , Әжірбайжан , Солтүстік
Кавказ , Ауғанистан , Пакистан , Албания , Түркменістан , Өзбекстан ,
Қырғызтан , Тәжікістан , Қазахстан , Бангладеш , Индонезия , Малайзия ,
Бруней , Гайана , Суринамның мемелекеттік діні болып саналады . Ислам
дінін Индияда халықтың 24% және Қытайда 10% , Францияда 25% , Ресейде 15
– 20 % , Ұлыбританияда 10% ұстанады . Соған қоса Ислам діні Европада және
Америкада кеңінен таралып келе жатыр .
" Алладан басқа құдай жоқ , Мұхаммед оның елшісі " екендігін және
Алланың құдіретінің шексіздігін мойндау Ислам дінінің негізі болып табылады
. Ислам діні - бүкіл әлемге ортақ құндылық . Ол бір ұлтқа немесе тек қана
мұсылмандарға ғана жіберілген дін емес. Сондықтан , Құран Кәрімде қаратпа
сөздерде ей , арабтар немесе ей , бәдәуилер деп айтылмайды , ей
, адамдар ұрпақтары , ей, адамзат баласы және ей , мүминдер деп ,
жалпыға ортақ атаулар ретінде қолданылды. Бұл - қасиетті кітаптың бүкіл
адамзатқа , тіпті бүкіл жаратылысқа жолдауы екенін көрсетсе керек. Сондай –
ақ , Құранда Аллаһ Тағаланың соңғы елшісі Мұхаммед пайғамбардың ( Салла – л
– лаһу – ғалейһи уә - сәлләм ) бүкіл әлемдерге рахмет – мейірім пайғамбары
ретінде жіберілгені айтылады.
Соңғы дін болғандықтан , Ислам діні дүкіл діндердің толықтырушысы
болып табылады . Сондықтан , Құран Кәрім батыстың дін тарихшыларының
керісінше әуелгі де анимизм , фетишизм , тотемизм емес , әлімсақтан бері
Аллаһ Тағаланың құзырында тек бір дін – Ислам дінінің ғана бар болғанын
айтады. Құранның баяны бойынша , алғашқы пайғамбар болған - Адам атадан
бері барлық пайғамбарлар адамзатқа Аллаһ Тағаланың бір және теңдессіз
екенін , ақыреттің бар және тағдырдың хақ екенін уағыздап келген. Басқаша
айтқанда адамның атасы маймыл мен жабайы емес , ұждан мен парасат иесі адам
болған және алғашқы адамдар да діни нанымдарға сеніп , Жаратқанға сиынып ,
ақыретке иланған. Оркениеттің нәресте шағы болып табылатын алғашқы қауымдық
құрылыстың жоғары деңгейде болған , мәдени , рухани құндылықтар бұл
сөзіміздің айғағы болса керек. Сонымен қатар , атақты антрополог ғалым У.
Шмидттің : барлық діндер әуел баста болған тек тәңірлі діннен өрбіген
деген сөзі де ақиқат ауылынан алыс жатқан жоқ. Дегенмен иман мен сенім
негіздердің бір болғандығы мен адамзаттың өсуі мен өрбуіне , діндердің
өзгеріп , негізден ауытқуына байланысты келген пайғамбарлар. Аллаһ
Тағаланың әмірі мен шариғат үкімдерін және өмір сайын жаңарту арқылы дінді
үздіксіз жаңартып отырды. Әрбір пайғамбарлар келген сайын уахи арқылы
адамзат баласының діні , мінез – құлқы және ғылымы өрістеп , өркіндеп
отырған. Сондықтан , Хусейін Жиер атап өткендей , ғылыми жетістіктердің
және өркениеттің көш басында пайғамбарлар тұрған . Мысалы : Нұх пайғамбар
кеме жасауды үйретсе , Дәуіт пайғамбар темір өнеркесібінің , ал Иса
пайғамбар медицина ғылымының шоқтығы биік ұстаздары . Құранда атылғандай ,
әр қауым мен әр тайпаға елші жіберілді . Оның кейбірі тек өз қауымына , сол
аймаққа , кейбірі адамзатқа жіберілді. Ал соңғы пайғамбар Хазіретті
Мұхаммед пайғамбардың ( салла – л – лаһу – ғалейһи уә - сәлләм ) өзінен
бұрынғы пайғамбарлар әкелген тәухид дінін толықтырылуы арқылы дін кемеліне
келіп , уахи аяқталды. Сондықтан , Ислам діні бүкіл адамзатқа ортақ дін
деуге толық негіз бар. Өйткені , мұсылман болған кісі хазіретті Мұса (ғ.с.)
, хазіретті Иса (ғ.с.) және тағы да басқа пайғамбарларға иман етіп , олар
әкелген хабарға күмән келтірмейді , тіпті , бұған иланбаған кісінің иманы
кәміл болмайды. Сондықтан , бір мұсылман Иса пайғамбарға (ғ.с) немесе
Мәриәм анаға бір христианнан кем құрмет көрсетпейді , сондай – ақ хазіретті
Мұса пайғамбарға (ғ.с.) деген сенімі , бір иуда діні өкілінің сезімінен кем
соқпайды. Ал , Хазіретті Мұхаммед пайғамбар ( Салла – л – лаһу – ғалейһи уә
- сәлләм ) үшін дәл осындай жағдайда басқа сенім өкілдерінен күту , әрине ,
мүмкін емес.
Бүкіл адамзатқа ортақ құндылық болғандықтан , Исламда әлеуметтік
әділет пен теңдік жан – жақты қарастырылады. Ол - капитализм сияқты тек
кісіні немесе социализм сияқты тек қоғамды ғана негізге алмайды. Кісілік
қалып пен оның мүмкіндіктеріне толық ерік берген Ислам діні кісінің бақыты
мен жамағаттың жақсылығы арасында керемет үйлесім құрған. Өйткені , Аллаға
иман келтірген , жамағатпен намаз оқыған , бауырларымен бірге ауыз ашқан ,
кедей көршісіне зекет берген немесе Қағбаны тауап етіп айналып жүрген
мұсылмандардың барлығы , түр – түсіне қарамастан , бір үйдің балалары
сияқты , бәрі бір – бірімен бауыр болып кетеді. Бұл бауырластық
дүниеқұмарлық , пайдакүнемдік немесе қандай да болмасын саяси билік үшін
құралған жасанды идеология емес , жүректер үндестігінен және сенім
бірлігінен туындаған рухани бірлестік еді. Үмбет болған адам бір жүрек ,
бір тілек болып бір адамдай , бір ұлттай қабысып , астасып кетеді.
Сондықтан , басқа сенім өкілдерінде үмбет сөзінің баламасы жоқ. Өйткені
, мұсылмандар арасындағы бұл бауырластық қасиетті кітаптан бастау алады.
Құран кәрімде : Мын мәнінде , мұсылмандар туыс. Туыстардың арасын
жарастырыңыз және Алладан қорқыңыз , сізге мейірімі түссін - деп
айтылады. Сондай – ақ , Хазіретті Мұхаммед пайғамбар ( Салла – л – лаһу –
ғалейһи уә - сәлләм ) хадисінде : Бір – біріңізге қастық қылмаңыз , бір
– біріңізді қызғанбаңыз , көбірек керіп , мақтанбаңыз . Әй , Алланың
құлдары , туыс болыңыз - деп , өсиет қалдырған. Сондықтан , мұсылмандар
бір – біріне кешіріммен , келісіммен , түсіністікпен қарап , туыстығын
арттыра түсіп келеді. Имандағы бірлік жүректердің бірлігін қалайды ,
жүректердің бірлігі қоғамдық бірлікке ұластайды. Сондықтан , Алланың
бірлігіне иман келтіріп , Қағбаға қарап сап түзеген мұсылмандар түр –
түсіне қарамастан , бір үйдің балаларындай бір – біріне бауыр болып кетеді.
Бұл бауырластық пайдакүнемдік немесе дүниеқұмарлық жолындағы жасанды
бірлік емес , жүректердің үндестігінен туған туыстық. Иман етіп , үмбет
болған адам бір жүрек , бір тілек болып , бір адамдай , бір ұлттар қабысып
, ортақ мақсат төңірегінде тұтасып кетеді. Пайғамбар ( салла – л – лаһу –
ғалейһи уә - сәлләм ) хадисінде : Мұсылмандар бір – біріне бір қабырғаның
кірпіш – тасындай қолдау көрсетеді - деп айтылады. Міне , сондықтан ,
хадистерінде араб пен араб емес арасында айырмашылық жоқ екенін және
көршісі аш отырып , өзі тоқ болған кісінің кәміл мұсылман бола алмайтынын
ескерткіш Хазіретті пайғамбар ( салла – л – лаһу – ғалейһим уә - сәлләм )
үмбетін терезесі тең туысқандыққа , шынайы бауырластыққа және әлеуметтік
әділеттікке шақырған . Нәтижесінде мұсылмандар ақыреттік туысқа айналған.
Сондай – ақ , Ислам діні , бай мен жарлының арасындағы әлеуметтік
айырмашылықты тап күресі сияқты өшпенділікті өршітетін ұран тасталмайды ,
керісінше , пітір , садақа , зекет беру мен қоғамға пайдалы сауапты істер
жасау және сондай ізгілікті , қайырлы істер жолында жақсылыққа шақыру
арқылы мейірімділікпен шешеді. Шынайы мұсылман дүние жолында қол
жеткізбеген жетістіктерге малданып , қуанбайды , ал жоғалтқан нәрселері
үшін де опынып , өкінбейді. Ол өзінің әрбір ісіне есеп беріп , барлығын тек
бір Аллаға Тағаладын біледі. Осы орайда , арсыз нәпсіні тәрбиелейді , байды
шүкірге , қайырым мен мейірімге , ал , кедейді қанағатқа жетелейтін ораза
айының ерекшелігін айта кеткен жөн . Сонымен қатар , Ислам діні арқылы
пайда болған қайырымдылық қорлары жарлы – тақыбайларға , жетім – жесірлерге
жәрдем беріп , оларды әрдайым өз қамқорлығы алып отырған.
Ислам дінінде Жаратқан Иеге жақындық байлықпен , салтанатпен немесе
тектілікпен өлшенбейді. Аллаһ құзырында адам баласының бәрі тең дәрежеде.
Хадистер айтылғандай : араб пен араб емес арасында айырмашылық жоқ.
Айырмашылық – олардың білімі мен парасатында ықыласы мен тақуалығында ,
ғибадаты мен амалында , ниязы мен намазында , жасаған жақсылығында .
Мәселен , жамағат пен намаз оқылған сәтте патша мен жарлы , бай мен сіңірі
шыққан кедей қатар тұрады , тіпті , білімі мен тақуалығы басым болса ,
қарадан шыққан кісі ханға имам болады. Сондықтанхадисте Аллаһ Тағалаға
адамның түр әлпетіне мен мал мүлкі емес , оның жүрегіне қарайды деп
айтылады. Дұға мен тілек – құдіретті жаратушы мен пенде арасындағы байланыс
болғандықтан , әр адам күнәсінен тазару үшін рақым – мейірімі шексіз ,
мейірімді болуы керек. Аллаһ Тағаланың алдында тізе бүгіп , тәубаға келіп ,
шынайы ықыласымен жалбарынуы тиіс. Сондықтан ислам – белгілі бір топтың
ғана меншігіндегі киелі элемент емес , ол қастерлі бола тұра , әрбір
мұсылманның жүрегі мен тілегінен , ниеті мен амалынан орын алған және жалпы
адамзаттың қолы жетерлік күнделікті өмір салты . Осы орайда айта кетерлік
жайт , халық арасында Құран , молдалардан басқа әркім ұстап , оқуға
болмайтын , кигізге оралып төрге ілінетін немесе сандыққа салынып
сақталатын , тек өлім – жетім кезінде ғана марқұмның артынан бағышталып
оқылатын кітапқа бағаланады. Бұл – бәлкім , халқымыздың қасиетті кітапқа
көрсеткен құрметі болса керек , дегенмен бұл жалған пікір екенін айта
кеткеніміз абзал. Сондада , құран әрбір мұсылман тарапынан қырағатын
тұтынып , тәпсір – тәуплінен түсініп оқылуы тиіс өмірлік бағдарлама.
Сондықтан , ол - әрі – зікір, әрі шүкір және пікір кітабы.
Ислам – кеңдік пен кешірімнің , келісім мен түсіністіктің діні. Ол
басқа сенім өкілдеріне мейлінше мейіріммен және түсінстікпен қарайды.Ислам
діні салтанат құрғып келе жатқан жерлерде христиандар мен жөйіттер сан
ғасырлар бойы тыныштық пен бейбітшілік ішінде өмір сүреді. Хазіретті
Мұхаммед пайғамбар ( Салла – л – лаһу – ғалейһи уә - сәлләм ) құрған Мәдина
қала – мемлекетінен бастап , өзге сенім өкілдері мұсылман өлкелерде
тыныштық пен сенім ішінде өмір сүрген . Мысалы : Мәдина қаласында жөйіттер
хазіретті пайғамбарға түрлі қастандықтар ұйымдастырып , оны тіпті улап
өлтіруге әрекет жасаған. Мұсылмандарға ту сыртынан тұтқиылдан тиісіп ,
сатқындық жасаған тұстары көп. Әйтседе , Құран Кәрімде жөйттерді аһл ал –
кітап , яғни қасиетті кітап түсірілгендер санатына қосып , оларды
мүшриктен мен дінсіздерден жоғары бағалағандықтан , мұсылмандар әрдайым
кешіріммен қарап , олардың құұығына қол соқпай , керісінше , оларды өз
қарамағына алып отырды. Бейбіт жағдайда күн кешіп , тең дәрежеде өмір
сүрген жөйіттер арасында көптеген ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері
шықты. Ислам тарихында өзге дін өкілдеріне құрметпен қарау тек пайғамбар
кезінде ғана тән құбылыс. Мәселен , әділетті халифалардың бірі хазіретті
Омар кедей әрі жұмыс істеуге қабілетсіз , қауқарсыз өзге дін өкілдер үшін
мемлекеттік бюджеттен арнайы қаржы бөліп , жалақы төлеп отырған. Сондай –
ақ Шам маңында монғол әскерімен бітімге келген мұсылман елшісі тек
мұсылмандар ғана емес , өзге дін өкілдері де тұтқыннан толық босатылмай
келісімге келе алмайтынын айтқан. Ол бұл сөзге таңырақай қараған қарсы
жаққа өзге дін өкілдерінің мұсылмандар үшін аманат екенін , ал аманатқа
қиянат жүрмейтінін айтқан. Осман империясының Фатих Сұлтаны Мехмет Стамбұл
қаласын алғаннан кейін , қалаларға өзге дін өкілдерінің еркін өмір сүруін
қамтамасыз етті. Сондай – ақ , христиандық крест жорықшылары Испаниядағы
мұсылман мемлекет – Андулусияны құлатқанқаннан кейін , оның бейбіт
тұрғындарын жаппай қырғынға ұшыратқанда , үлкен жоқ болып кету қаупі бар
туған жергілікті жөйіттер Осман Империясындағы мұсылмандарды паналаған.
Сондай – ақ Осман мемлекетінің мұрагері , қазіргі Түркия Республикасының
астанасы Анкарада мұсылман қастерлеп , сыйлайтын Қажы Байрам Уәлидің
қабірінің іргесінде онымен иықтасып бүкіл христиандықтың ардақтысы ойшыл –
философы Августиннің мазары орналасқан. Иә , тоғыз ғасыр бойы дүрілдеп ,
Еуропаның жартысын билеген түріктер Қажы Байрам Уәлидің өсиетін берік болып
, адамзаттың қос қасиеттісін бірге құрметтеп келеді. Мазарды, мазаламақ
былай тұрсын , Анатолияға аяқ басып кірген түріктер жергілікті халықтың
тілі мен дініне , салт – дәстүріне құрметпен қараған . Сондықтан қасиетті
мекендер мен шіркеулер , жер атаулары мен елді мекен аттары өзгеріссіз қала
берген. Ал , Еуропаның отаршыл алпауыт мемлекеттері бар – жоғы жарыт ғасыр
төңірегінде барлық жерлерін ту – талақай тонап , ерін құлдыққа , әйелін
күндікке салып , онысымен қоймай омақасқан ұлтты діні мен тілінен айырып ,
жәдігері мен жадысын жоғалтқан мәңгүртке айналдырды. Бұл қазіргі кезде
демократияның туын ұстап отырған империялардың қай – қайсысына болмасын тән
қасиет. Ислам дінін әлемдегі негізгі бес мәдениеттің бірі ретінде атап
көрсеткен атақты тарихшы , қоғамтанушы А. Тойнби : Егер таяу шығыста
мұсылмандар емес , католиктер үстем етсе , онда өзге дін өкілін
есептемегенде , тіпті христиандық өзге секталардадың өзі де жоғалып кетер
еді . Мұсылмандардың рушылық немесе одан әрі өткен ұлтшылдықты
ауыздықтаудағы жеткен жетістіктері , қазіргі дүниеге қаншалықты қажет
екенін айтпасада түсінікті. Адами қасиеттерді ардақтап , қастерлеу және
адам құқығын аяққа таптамау , асқақ ұстау – Исламның басты ерекшелігі.
Құран Кәрімде Аллаһ Тағала адам баласын бір – бірімен танысып білу үшін
қауым – қауым , тайпа – тайпа етіп жаратқан. Сондықтан , Ислам дінін
қабылдаған кез – келген қауым тілі мен салт – дәстүрі сақтап қалады.
Сөзіміздің айғағы ретінде , Исламға мойын сұнған түрік халықтары бүгінде өз
тілін , ділін және түпкі дәстүрлерін сақтап қалғанын айтсақ жеткілікті.
Еуропадағы христиан дінін қабылдаған түркі тайпалары : бұлғарлар ,
мадиярлар , хазарлар және Қытайды мекендеген түркі тайпалары бар - жоғы үш
ғасырдың төңірегінде өз тілдерінен айырылып , салт – дәстүрлерін жоғалтып
мәңгүрттенген . Ресейдің кейбір христиан дінін қабылдаған түркілерінің қилы
тағдыры бізге біршама ой салса керек.
1. 2. Ал енді Ислам жайлы жалпы түсінік берген соң , Мұсылман дінінің
қазығы мен мұсылманның бес парызы және Ислам дініндегі негізгі мейрамдар ,
мұсылмандар ұстанатын салт – дәстүрлер жайлы айтып кеткен жөн болар.
Мұсылман күнтізбесінде екі - ақ үлкен діни мейрам бар . Олар ид ал
– адха ( құрбан – байрам ) және ид ал – фитр ( ораза байрам ) .
Құрбан айт ( Ид ал – даха ) – құрбандық шалу, мұсылмандардың басты
мейрамы . Зу – л – хиджжаның 10 жұлдызынан басталып, 3 – 4 күн созылады.
Құрбан айт Меккеге қажыға бару аяқталар күні қажылық етушілер Мина
алқабында құрбандық шалу рәсімін өткізеді. Бұл күні қажыға барушылар ғана
емес, әрбір мұсылман құрбандық шалу керек. Құрбандық шалған адам үш рет
такбир, салат ала – н – наби деп құбылаға қарап, Алладан құрбандықты қабыл
алуын өтінеді. Егер құрбандық діни ант бойынша шалынса, барлық еті
кемтарларға, кедейлерге, пақырларға үлестірілуі керек. Көп жағдайларда
еттің үштен бірі асылады. Құрбан айт пен ид ал – фирар мейрамына арнаулы
ерекше мерекелік намаз да кіреді. Ол өзінің құрылымы жағынанан күнделікті
бес уақыт оқитын намазбен салыстырғанда өте көне болып табылады. Азан
шақыру мен икам мерекелік рәсімде жоқ . Оның орнына көне замандағы ас –
салат джами – атан қолданылады. Құрбанға шалатын малдың дені сау,
кемтіксіз, мінсіз болуы керек.
Құрбан байрам қажылықтың жалғасы болып саналады және Ислам дініндегі
басты мейрам . Ол зул – хиджжа айының 10 – күні , қажылықта жүрген адамдар
Мина жазығында құрбандыққа жануарды әкелгенде ( Ибрахим Аллаға арнап өз
ұлын Исмаилды құрбандыққа шала жаздағанды еске алып ) тойланып өтеді .
Құрбандыққа шалынған малдың етін толық , не үштен бір бөлігін кедейлерге
таратып береді . Құрбандық шалу тек қажылықта жүрген адамдардың емес , әр
мұсылманның міндеті болып табылады . Көптеген мұсылман елдерінде , әсіресе
Сауд Арабиясында жергілікті мал шаруашылығы сұранысты қамтамасыз ете
алмайтындықтан , миллиондаған қойларды Австралиядан және Жаңа Зеландиядан
алып келеді . Құрбан байрам кезінде жақындардың бейітіне бару кең тараған .
Ораза байрамға дайындық рамазан айының соңына қарай басталады .Бұл
мейрам 3 – 4 күн тойланады . Мейрам алдында міндетті түрде үйді жинап ,
бүкіл отбасы мүшелеріне жаңа киім және аяқкім тігіп не сатып алып ,
мейрамдық дастарханға керек заттарды алып қою керек .
Соған қоса әрбір мұсылманның бес парызы бар :
1- ші . Иман келтіру . Шахаданы ("куәлік айту") айту . Шахада
дегеніміз мұсылмандық діннің дәлелі болып табылады . Ол арабша
былай айтылады : " Лә илаха Иллаллах , Мұхаммедун Расуллах " - "
Алладан басқа құдай жоқ , Мұхаммед оның елшісі " . Шахада
мұсылмандық діннің екі догматынан – бірқұдайлықпен (ат – таухид)
және Мұхаммедтің пайғамбар (Салла – л – лаһу – ғалейһи уә - сәлләм
) екендігін мойындаудан (ан – нубувва) тұрады . Шахаданы таңертең
және кешке , бала туылған кезде және адам қайтыс болған кезде , кез
– келген уақытта және азан шақырған кезде , өз уысында шахаданы
айта отырып әр мұсылман шайқасқа не соғысқа аттанады ( " Шахид "
сөзі осыдан шыққан ) .
2- ші . Намаз оқу (ас – салат) . Күніне намаз бес рет оқылады . Таңғы
намаз ( салат ал – фаджр) , күннің ортасы (салат аз – зухр) ,
күннің батуына жақындаған уақыт (салат ал – аср) , күн батарда
оқылатын (салат ал – магриб ) , түнгі (салат ал – иша) . Намаз
оқудың өзіндік ерекшеліктері , айтылатын сөздері Құран кітабында
ұсақ – түйіріне дейн жазылған .
3- ші . Зекет беру . Зекет сөзі – "тазару " деген мағынаны береді .
Құран мұсылмандарды кедей және мүсәпірлерге көмек ретінде зекет
беруге шақырады . Шариғат заңы бойынша әрбір мұсылман өз табысының
10% - н садақаға арнау керек , сонымен қатар садақа беру Алланың
алдында күнәні жуудың жолы болып табылады .
4- ші . Ораза ұстау . Әрбір мұсылман рамазан айында ораза ұстауға
міндетті . күндізгі уақытта тамақ жеуге , су ішуге , отбасылық
міндеттерді орындауға тыйым салынады . Түнде адамдар барлық
мінддеттерден босатылады . Ораза ұстаудан екі қабат немесе
кішкентай баласы бар әйелдер , жеті жастан кіші балалар , соғысып
жүрген адамдар .
5- ші . Қажылыққа бару . Қажылық , әл – хадж – Меккеге қажыға бару ,
Исламның бес парызының бірі . Дәулеті жететін мұсылман ең
болмағанда бір рет қажыға баруға міндетті , ал мүмкіндігі болмаса
өз орнына басқа адам жіберуге болады . Қажыға Мұхаммед ( Салла – л
– лаһу – ғалейһи уә - сәлләм ) пайдаланған ай күнтізбесі бойынша зу
– л – хиджжа күні Меккеге келеді . Тәуап етушілер жетінші зу – л
–хиджжа күні Меккеге келеді . Ихрам алу , арылу шарасынан өткеннен
кейін олар , кіші тәуап жасайды . Содан соң умра және қажылық
жорасын жеке – жеке жасаушылар тұлымын кесіп , ихрамнан шығады .
Хиджжа күні тәуап етушілер хутба намазын өткізеді . Келесі күні
ауыз суларын алып , батыстан шығысқа қарай созылып жатқан жатқан
Мин және Муздалиф алқаптарын бойлай өтіп , Арафат алқабына бет
алады. Тәуап етушілердің бір бөлігі зу – л – хиджжаның 8 – нен 9 –
на қараған түні Минада , екінші бір тобы Арафатта өткізеді . 9 зу
–л – хиджжаның түсте Арафат тауының қасында Хадждың негізгі жорасы
– Уукуфқа қатысады. Тәуап етушілер – хутбаны тыңдап , күн батқанша
намаз оқиды. Сосын Муздалиф алқабына барады. Бұл жора Ифада деп
аталады. Муздалифтегі кешкі және ақшам намазы оқылады. 10 зу – л-
хиджжа күні таңғы намаздан кейіг Муздалиф тауынан 7 тас алып , оны
Мина алқабындағы Мұхаммедтің ( Салла – л – лаһу – ғалейһи уә -
сәлләм ) жолын бөгегісі келген Ібілісті бейнелейтін үш бағананың
соңғысына апарып тастайды. Сол жерде мал құрбандыққа шалынады. 10
зу – л – хиджжа күні мұсылман әлемі атап өтетеін ең үлкен мейрам.
Шаштарын алғызған , не тұлымдарын кескізген тәуап етушілер Меккеге
беттеп , онда соңғы рет тәуап етеді. Тәуап етуге келгендер , тәуап
еткен соң сай жорасын орындайды. 11 – 13 зу – л – хиджжа күндері
құрбандық шалу жалғасады. Мина алқабына барып, үш бағананың үшеуіне
де тас тастайды қажы атағын алғандар басына жасыл шалма орауға
хұқық алады. Исламда қажылық Мұхаммед ( Салла – л – лаһу ғалейһи уә
- сәлләм ) яхудилерден қол үзіп, Қағбаны киелі орын, ал қажылықты –
парыз деп жариялағаннан кейін қалыптасты оның негізгі жобасын
Мұхаммед ( Салла – л – лаһу – ғалейһи уә - сәлләм ) 632 – ші жылы
белгіледі. Кейін діни – хұқықтық мектептердің өкілдері қажыға
барудың жобасын егжей – тегжейлі жүйеге келтірді.
Джихад.
Соған қоса әр – бір мұсылманның бес парызына басқа маңызды
міндеттеріне джихад - діннің тазалығы үшін күрес жатады. Жалпы Еуропалық
пен Американдықтардың түсінігінд джихад ұғымы тек қолдағы қарумен
дінсіздерге немесе өзге дін өкілдеріне қарсы қанды – қырған соғыс болып
ұғынады. Бұл олардың жалпы Ислам жайлы түсінігі өте тар екендігін
көрсетеді. Ислам дінінде джихад ұғымы екіге бөлінеді. Олар үлкен джихад
және кіші джихад.
Джихад түрлеріне мыналар жатады :
- Жүрек джихады. Бұл джихадта мұсылман өз кемшіліктерімен күреседі.
- Тіл джихады. Бұл джихадта мұсылман дұрыс істерді жақтап , жаман
істерге қарсы шығады.
- Қол джихады. Заң бұзғандардың жазасын беріп , мәдениеттілік
нормаларын ұстанады.
- Қылыш джихады ( джихад меча ) . Бұл джихадқа кәпірлерге қарсы
қарулы соғыс жатады. Бұл соғыста қаза тапқандар джаннаға ( рай )
атанады.
Бастапқы джихадтың үш түрі үлкен джихадқа жатады. Ал қылыш джихады
кіші джихад болып есептеледі. Бірақ батыстық түсінікте қылыш джихады
жалпы джихад ұғымын білдіреді. Оны кейде газават шабуыл немесе
фатх жаулап алу деп те атайды.
Ал енді сол қылыш джихады деген ұғым нені білдіреді ? Исламды
жаулардан қорғау немесе джихадқа қатысу өзін мұсылманмын дейтін әр
адамныың міндеті болып табылады. Оның маңыздылығы жайлы Құранда да ,
хадистерде көп айтылады. Джихад кезкелген мұсылманның сенімін
беріктігіне сынау болып табылады. Джихад дегеніміз жалпы Ислам дінін
басып кірген жаулардан қорғау және соңғы қасық қаны қалғанша дейін
соғысу деген мағынаны білдіреді. Егер әр мұсылман өз денелік немесе
рухани , не болмаса өз байлығын Алланың жолында құрбан етсе ол
джихадқа қатысқан болып саналады. Ал , Шариаттың тілінде джихад деген
сөз Исламның жауларына қарсы жүргізілетін соғыс деген мағына. Кез
келген мұсылман керек болса өз өмірін Алла үшін құрбандыққа шалуға
дайын. Мұсылман мемлекетінде егер белгілі бір адамдар өзін джихадқа
арнаса , қалған қауым мүшелері одан босатылады. Бірақ , егер сол елге
жаулар басып келсе бүкіл мұсылмандарға джихадқа қатысуы міндет. Ал
егер мемлекеттің күші соғыс жүргізуге жетіспесе , көрші елдегі
мұсылмандар немесе мұсылман мемлекеттері оларға қол ұшын беруге
міндетті , себебі бұл кез – келген мұсылманның діни парызы болып
табылады. Ал егер жау өте күшті болса бүкіл дүние жүзінің
мұсылмандары бірігіп , ортақ жауға қарсы соғысуы керек. Джихад әр
мұсылманның күнделікті намазы мен оразасы сияқты парызының бірі
болып есептеледі. Ал егерде кімде – кім джихадтан бас тартса ол
күнаһар болып саналады. Оның өзін мұсылманмын деген сөзіне күмән
келтіреді , ал оның өзі өтірікші , кәпір , күнәһар атанады , ал оның
ибадахы мен намазы түкке тұрмайтын , әшеін көрсеткіш болып саналады.
Қазіргі уақытта көптеген шығыстанушы ғалымдар батыстың джихадқа
деген көз – қарасын өзгертуге тырысып жатыр. Мысалы , джихад жайлы
Р. Дози былай дейді Батыстың джихадқа деген қалыптасқан көзқарасы
жалған болып табылады. Егер Құран бастан - аяқ оқып , дұрыс
талқыласа , онда ешқашанда бүкіл мұсылман еместерге қарсы соғыс
жүргізу жайлы ештеңке айтылмаған. Қасиетті соғыс – джихад тек қана
Исламның жаулары бірінші болып шабуылдаса ғана басталады. Егер
кейбіреу Құранда айтылғанды басқаша түсінсе , жалған ұғым дін
өкілдерінің қате талқылауы себебінен туады .
Сондай – ақ джихад жүргізудің өзінің заңдары бар. Қасиетті
соғыс кезінде әйел адамдарды , балаларды , жасы үлкен адамдарды ,
кез – келген қарусыз дін адамдарын ( священнослужителей ) және
тұтқынға түскен жаудың жауынгерлерін өлтіруге тиым салынады.
Джихадтан басқа мұсылманның міндеттеріне ұл баланы сүндетке
отырғызу , тамақ талғамы , үйлену және жерлеу рәсімдері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz