«Алекс» ЖШС ыдысқа құю бөліміне сапа менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу негізінде сапаны басқару процесін жетілдіру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикаға өту кезінде кез келген кәсіпорынның немесе фирманың жетістігі шығарылатын тауардың бәсекелестігіне байланысты болуы себебінен өнімнің сапасы және оның әзірлену жолы өте өзекті болып табылады.
Ең жоғары деңгейдегі сапалы тауардың ғана рынокқа қажет болуы және өнім сапасын қамтамасыз етуге және басқаруға көп көңіл аударатын кәсіпорындар мен фирмалар ғана жұмыс істеуге, пайда табуға мүдделі болуы қажет. Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылығын көрсетеді.
Қазіргі таңда тұтынушылардың минералды суға деген сұранысы артуына байланысты біз сұранысты қанағаттандыра алатын сапалы да сенімді, тиімді етіп дайындауға міндеттіміз. Яғни минералды табиғи ауыз суының сапасын басқарып, бақылаймыз.
Минералды табиғи ауыз суы - құрамында органикалық заттарды қоса биологиялық белсенді микрокомпоненттері және айрықша қасиеттері (радиобелсенділік, температура, шамасы рН) бар, негізгі ион-тұз және газ құрамымен негізделген, адамның ағзасына емдік немесе сауықтыру алдын алу әсер ететін, жер астында орналасқан табиғи көздерден немесе бұрғыланған скважиналардан алынған су.
Минералды судың сапасын жақсартуға әрдайым екі аспект қатысады- ішкі және сыртқы аспект. Су сапасын көтерудің ішкі аспектіне қалдық көлемі, қайта өңдеу және бақылауға кеткен шығындарды азайту жатады. Кәсіпорынның өнімді шығарудағы соңғы көрсеткіштерді жақсартуы, тұтынушы талабына максимальды жақындауын көрсетеді, осыған байланысты өндірістік қалдықтарды азайтуға болады. Ал сапаның сыртқы аспектілеріне жақсарту - бұл тұтынушы эксплуатациясындағы көрсетілген уақыт ішінде оның қасиеттерін қамтамасыз ету. Демек тапсырыс берушінің өтініші бойынша өнімді өндіруде тек түсі ғана емес сонымен қатар оның барлық қасиетін сақтау болып таблады.
Сапа менеджментінің жүйесін құру кезінде тұтынушылар, регламенттер және өзінің талаптарын орындай алу мүмкіндігін бағалау мақсатында, сертификаттау органдарын қоса, ішкі және сыртқы талаптармен пайдаланыла алады.
«Алекс» ЖШС ыдысқа құю бөліміне сапа менеджмент жүйесін енгізу кезінде ҚР СТ ИСО 9000-2007, ҚР СТ ИСО 9001-2009 және ҚР СТ ИСО 9004-2010 бекітілген сапа менеджментінің принцптері есепке алынуы тиіс.
Негізінен ИСО 9000 сериялы стандарттар жиынтығы барлық түрдегі және мөлшердегі ұйымдарға көмектесу және сапа менеджменті жүйелерін енгізу жіне тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін әзірленген:
- ҚР СТ ИСО 9000-2007 сапа менеджменті жүйелерінің негізгі ережелерін баяндайды және сапа менеджменті жүйелері үшін терминалогияны бекітеді. ҚР СТ ИСО 9001-2009 тұтынушылар талаптарын қанағаттандыратын және міндетті талаптарға қолданылатын өнімдерді ұсына алатын мүмкіндігін көрсету үшін ұйымға керек болған жағдайда сапа менеджменті жүйелеріне талаптарды анықтайды және тұтынушыларды қанағаттандыруды жоғарылатуға бағытталған;
- ҚР СТ ИСО 9004-2010 сапа менеджменті жүйелерінің нәтижелілігі, сонымен бірге тиімділігін қарастыратын нұсқаулықтарға ие. ҚР СТ ИСО 9004-2010 стандарттың мақсаты болып ұйым әрекетін жақсарту және тұтынушылар мен басқа қызығушы талаптарды қанағаттандыру болып табылады;
- ИСО 19011 сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғаудың аудиті бойынша әдістемелік нұсқаулықтарға ие.
Барлығы бірге ұлттық және халықаралық саудада өзара түсіністікке жеткізетін сапа менеджменті жүйелеріне келісілген стандарттар кешенін құрайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Алекс» ЖШС ыдысқа құю бөліміне сапа менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу негізінде сапаны басқару процесін жетілдіру бойынша шараларды анықтау.
- «Алекс» ЖШС кәсіпорнына жалпы сипаттама
Қазақстандағы ең бірінші жоғары сапалы минералды су шығарушы зауыттың бірі «Алекс»ЖШС кәсіпорны табылады. «Алекс» ЖШС кәсіпорнындағы су 2000 метр тереңдіктегі жер астынан шығатын минералды су. Табиғи минералды су Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ташкент артезиан бассейнінен шығады.
Сарыағаш - Келес артезиан алабы өңірінен 1948 жылы табылған Сарағаш шипалы суы, Сарыағаш минералды суы. Шипалы-термальды су - сеноман жікқабатында, 800-1170 м терендікте, өрқайсысының қалыңдыгы 150-200 м қүмтас, қиыршық- тас, саз қабаттарында кездеседі. Суы - азотты, минералдылығы - 0, 5 - 0, 8 г/л, гидрокарбонаггы-натрийлі, сілтілі. Қүра- мында кремний қышқьшы (30-40 мг/л), фтор (1, 5-4, 4 мг/л) мөлшері көбірек кездеседі. Суының температурасы 42 - 57°С. Ұңғымалардан секундына 5 л су арындап шығады. Осы суды ем үшін пайдаланылатын «Сарыағаш» курорты 1956 жылы ашылды. Курорт ұңғымалардан төулігіне 84 м 3 , Сарыағаш қаласы тәулігіне 354 м 3 су алады.
Бұл табиғи минералды суды күнделікті ауыз су ретінде қолданады. Минералды судың адам ағзасына тигізер пайдасы өте көп. Ол көптеген аурулардың алдын алады. Табиғи минералды су тіс ауруына, бүйрек және бауыр ауруларына, ауыр металдармен зақымданғанда т. б көптеген ауруларға емдік су ретіндепайдаланылады. Минералды судың құрамында йод бар. Су құрамындағы йод мөлшері 100-300 мк г/дм. Йод адам ағзасы үшін қажетті элемент. Судағы йод мөлшері жеткілікті шамада. Минералды сулардың құрамында органикалық заттардың мөлшері аз сулы ерітінді болып табылады. Міне осы қасиеті минералды суларды жасанды басқа да сулы ерітінділерден ажыратады.
«Алекс» ЖШС табиғи минералды су ҚР СТ 452 - 2002 стандарт талаптарына сәйкес дайындалған, осы стандарт ережелері су көздерін барлаған және минералды сулардың қасиеттері мен көрсеткіштерін зерттеген, оларды өнеркәсіптік құйған, сатқан және пайдаланған кездерде қолданылады.
Табиғи минералды сулар табиғи бұлақ көздерінен арнайы құрылғылармен алынады. Минералды сулардың негізгі шикізаты болып тек жер қойнауынан алынатын таза өңделген су табылады. Минералды сулардың құрамында әртүрлі минералды тұздардың ерітінділері және органикалық заттар, сондай - ақ газ болады. Таза ауыз суға қарағанда минералды сулар адам организміне емдік әсер етеді.
- СМЖ-сін ендіру мақсаттары мен тиімділіктері
Сапа менеджмент жүйелері ұйымдардың тұтынушыларды қанағаттандыруын жоғарылатуға септігін тигізе алады. Тұтынушыларға мінездемелері олардың қажеттіліктерін күтулерін қанағаттандыратын өнімдер керек. Бұл қажеттіліктер мен күтулер өнімге дайындалған техникалық шарттарда беріледі. Талаптар тұтынушымен шартта бекітілінуі немесе ұйымның өзімен анықталынуы мүмкін. Қай жағдайда болмасын өнімнің қолайлығын ақырын тұтынушы бекітеді. Тұтынушының қажеттіліктері мен күтулері ауысып отыратындықтан, ал ұйымдар талас және техникалық прогреспен негізделген қысым көретіндіктен олар өздерінің өнімдерімен өздерінің үрдістерін үнемі жетілдіріп отырулары керек.
Сапа менеджмент жүйесіне жүйелі келісім ұйымға тұтынушылар талаптарын талдауға тұтынушыларға өнімдерді алуға көмектесетін үрдістерді анықтауға, сонымен бірге осы үрдістермен басқарылатын жағдайда ұстап тұруға әкеп соғады.
Сапа менеджмент жүйесі тұтынушының басқа да қызығушы тараптардың қанағаттандыруын ықтималды көтеру мақсатында үнемі жақсартуға негіз бола алады. Ол ұйымның өзіне талаптарға толық сәйкес келетін тұтынушыларға жеткізу мүмкіндігін береді.
«Алекс» ЖШС ыдысқа құю бөліміне сапа менеджмент жүйелерін құру үшін кәсіпорынның стратегиялық шешімі қажет етіледі. «Алекс» ЖШС ыдысқа құю бөліміне сапа менеджмент жүйесін енгізудің мақсаты:
- қызығушы жақтардың қажеттіктерін есепке ала отырып ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту;
- кез келген жағдайда өнімнің сапалы шығуына ұмтылыс жасау;
- алдыңғы жыл көрсеткіштеріне қатынасы бойынша минералды судың деңгейін қадағалау;
- өнім шығаруда ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту үшін әзірленген менеджмент жүйесін үнемі жұмысшы қалыпта ұстау.
СМЖ-н ендіру ұйымның тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға үлкен септігін тигізеді. Себебі, тұтынушыларға олрдың қажеттіліктерін мен сұраныстарын қанағаттандыратын өнімдер қажет. Бұл қажеттіліктерін өнімге дайындалған техникалық шарттарда беріледі және тұтынушылар талаптары болып есептелінеді. Талаптар тұтынушылар бекітілуімен немесе ұйымның өзі анықтау мүмкін. Алайда, талаптардың бекітілуі екі жақтың да келісуімен жүзеге асырылады. Қай жағдайда болмасын, өнімнің қолайлығын ақыры тұтынушы бекітеді. Тұтынушылардың қажеттеліктерінен күтулері ауысып отыратындықтан, ол ұйымдар техникалық прогреспен негізделген қысым көретіндіктен олар өздерінің өнімдерінің және үрдістерінің үнемі жетілдірілініп отыруын қамтамасыз етулері қажет.
СМЖ-не жүйелі келісім ұйымға тұтынушылар талаптарын талдауға, қолайлы өнімдерді алуға көмектесетін үрдістерді анықтауға, сонымен бірге осы үрдістерді басқаратын жағдайларда ұстап тұруға өз септігін тигізеді. СМЖ тұтынушыларының және басқа да қызығушы тараптардың қажеттіліктерін арттыратын ықтималды көтеру мақсатында үнемі жақсартуға негіз бола алады. Ол ұйым өзінің талаптарына толық сәйкес келетін тұтынушыларға жеткізу мүмкіндігіне сенімділік береді. ҚР СТ ИСО 9000-2007 стандарттары топшалары СМЖ талаптарын және өімге талаптар арасында өзгешеліктерді көрсетеді. СМЖ талаптары ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарттарымен бекітілген. Олар қай категорияда болмасын өндірістің, өнеркәсіптің немесе қандайда болмасын экономикалық секторларындағы ұйымдарға жалпы және қолданылатын болып табылады. Өндірістегі талаптар толығымен тұтынушылар талаптарына немесе нұсқаулық талаптарынан шығып, тұтынушылармен немесе ұйымдармен бекітілген. Өнімдер барлық жағдайда үрдістермен байланысты. Мысалы, техникалық шарттарда өнім стандарттары, үрдіс стандарттары, келісм шарттар және регламенттер жазылады.
«Алекс» ЖШС ыдысқа құю бөліміне сапа менеджмент жүйесін ендірудің тиімділіктері:
- тұтынушылар ықыластылығы;
- қайталама іскерлік қарым - қатынастар мен үндеулер;
- кіріс және рыноктағы үлес сияқты жұмыс нәтижелері;
- рынок мүмкіншіліктеріне икемді және тез әсер ету;
- ресурстарды нәтижелі және тиімді пайдалану арқылы шығындар мен циклдар санына әсер ету;
- көмегімен қажет етілетін нәтижелер өте жақсы жеткізілетін процестердің желісін құру;
- «Алекс» ЖШС мүмкіншіліктерін жақсарту арқылы бәсекелестік артықшылыққа жету;
- «Алекс» ЖШС мақсаттары мен міндеттеріне қатысты, сондай - ақ үнемі жақсартуға қатысуға қызметкерлердің түсінуі және негізделуі;
- «Алекс» ЖШС әрекеті, сондай - ақ, беделі негізінде қаржылық және әлеуметтік пайдаларымен бекітілген ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігіне қызығушы тараптардың сенімділігі;
- шығындар мен ресурстарды оңтайландыру арқылы, сондай - ақ рынок өзгерістеріне бейімділік және бірдей әсер ету арқасында ұйым үшін, сондай - ақ олардың жеткізушілері үшін құндылық құру мүмкіншілігі.
СМЖ-не жүйелі келісім ұйымға тұтынушылар талаптарын талдауға, қолайлы өнімдерді алуға көмектесетін үрдістерді анықтауға, сонымен бірге осы үрдістерді басқаратын жағдайларда ұстап тұруға өз септігін тигізеді. СМЖ тұтынушыларының және басқа да қызығушы тараптардың қажеттіліктерін арттыратын ықтималды көтеру мақсатында үнемі жақсартуға негіз бола алады. Ол ұйым өзінің талаптарына толық сәйкес келетін тұтынушыларға жеткізу мүмкіндігіне сенімділік береді. ИСО 9000 стандарттары топшалары СМЖ талаптарын және өімге талаптар арасында өзгешеліктерді көрсетеді. СМЖ талаптары ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарттарымен бекітілген. Олар қай категорияда болмасын өндірістің, өнеркәсіптің немесе қандайда болмасын экономикалық секторларындағы ұйымдарға жалпы және қолданылатын болып табылады. Өндірістегі талаптар толығымен тұтынушылар талаптарына немесе нұсқаулық талаптарынан шығып, тұтынушылармен немесе ұйымдармен бекітілген. Өнімдер барлық жағдайда үрдістермен байланысты. Мысалы, техникалық шарттарда өнім стандарттары, үрдіс стандарттары, келісм шарттар және регламенттер жазылады.
«Алекс» ЖШС ыдысқа құю бөліміне сапа менеджмент жүйесін әзірлеу мен енгізуде қарастырылатын тәсілдемелер:
- тұтынушылар және басқа да қызығушылық танытқан тараптардың қажеттіліктері мен күтулерін бекіту;
- сапа саласында ұйымның саясаты мен мақсаттарын әзірлеу;
- сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін керекті үрдістер мен жауапкершіліктерді бекіту;
- қажетті қорды бекіту;
- әрбір үрдістің нәтижелілігі мен тиімділігін анықтайтын әдістер;
- осы анықтаулардың нәтижелерін әрбір үрдістің нәтижелілігі мен тиімділігін жоғарылату үшін қолдану;
- сәйкессіздіктердің алдын алу және олардың себептерін жою;
- СМЖ-н үнемі жақсарту үшін үрдісті әзірлеу және қолдану.
«Алекс» ЖШС ыдысқа құю бөліміне сапа менеджмент жүйесін әзірлеу және ендіру кезінде жұмыстарды жүргізу кезеңдері мынадай:
- кезең. Сапа менеджмент жүйесінің құжаттарын дайындауға дайындық;
- кезең. Сапа менеджмент жүйесінің құжаттарын жасау;
- кезең. Сапа менеджмент жүйесін енгізу және оның функцияналдау тиімділігін бағалау;
- кезең. Жоспарлық ішкі аудиттерді өткізу (тексерулер) .
5- кезең. Сапа менеджмент жүйесін халықаралық дәрежеде сертификаттауға дайындау.
- СМЖ-нің негізгі принциптері
Ұйым әрекетін жақсарту мақсатында басшылық жетешілігіне алу үшін сапа менеджментінің негізгі принциптері анықталған:
1-принцип. Тұтынушыға бейімделу. Ұйымдар өздерінің тұтынушыларына мүдделі және сондықтан олардың ағымдағы және алдағы қажеттіліктерін түсінуі керек. Олардың талаптарын орындауға және олардың ойлағандарынан асып түсуге ұмтылулары керек.
Бұл принцип бойынша минералды су өндіру кәсіпорынына, тұтынушылырының талаптарын мүмкіндігінше қанағаттандыру. Өнімнің сапа деңгейін арттыру, қолданудағы ыңғайлықтар мен қарапайымдылықтарды қарастыру және де өнімнің бағасының қолжетімді болуын ескеру.
2-принцип. Басшылық жетекшілігі. Жетекшілер ұйымының мақсат және әрекет ету бағыттарының бірлігін қамтамасыз етеді. Олар қызметкерлер ұйым тапсырмаларын шешуге толықтай берілуіне жағдай жасайтын ішкі ортаны құрулар және ұстаулары керек.
Минералды су өндіру кәсіпорынына басшылықтың өндіріс басынан оның соңына дейін өзінің қызығушы, жауаптылық және жағдай жасау мүмкіндіктерін өз деңгейінде жүзеге асыру. Себебі, өндіріс ең алдымен басшылық жоспарынан басталады.
3-принцип. Қызметкерлерді қызықтыру. Барлық деңгейдегі қызметкерлер ұйым негізін қалайды және олардың толық қызығушылығы ұйымға олардың мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сондықтан минералды су өндіру кәсіпорынның бөлімдері мен мамандарды әрқайсысының алдында тұрған міндеттерін шешу мақсатында іске жұмылдыру, мамандандыруларын арттыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу және жұмысқа толық берілу, ұйымға ең жоғары (максимал) пайда табуға қызметкерлердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып мүмкіндік береді.
4-принцип. Үрдістік келісім. Ойлағандай нәтижеге әрекет және тиісті қорларды үрдіс ретінде басқарған жағдайда тиімді жеткізіледі.
«Процестік тәсіл» кейбір өндірістік процестердін іске асырылуы кезінде ғана емес, сонымен қатар қажет болған жағдайларда дер кезінде түзетулер енгізіп, оның тиімділігін арттыруды көздейтін «түйінді» жерлерінде бақылауды қарастырады.
Сол сияқты минералды су өндіру кәсіпорынында орындалып жатқан әрбір қызметті, мейлі ол құжаттама жүргізу болсын, мейлі тазалық сақтау ережелері болсын оларды күрделі процесс түрінде зор ұқыптылықпен атқаратын болса, сонда үлкен нәтижеге жетуге болады.
1. 3 «Алекс»ЖШС-нің сапа саласындағы саясаты мен мақсаты
1. 3. 1 «Алекс» ЖШС - нің сапа саласындағы саясаты
«Алекс» ЖШС кәсіпорны шығарылатын өнімді жобалау сатысында, оны өндіріске ендіруде қазіргі заманға сай құрал - жабдықтарды өндіріске орнату және монтаждау, оны нарыққа шығаруда арнайы бағытқа салынған.
«Алекс» ЖШС сапа саласындағы саясаты барлық жұмысшылары мен жетекшіліктің жалпы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады, стратегиялық маңызы бәсекеге қабілеттілігі мен өндірісті кеңейту мақсатымен барлық шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын бағылау, жоғарылату және ұстап тұруды үнемі жақсартуға негізделген.
«Алекс» ЖШС кәсіпорнының барлық іс - әрекеттері ИСО 9000 сериялы стандарттармен, оның ішінде ҚР СТ ИСО 9000 - 2007, ҚР СТ ИСО 9004 - 2010, ҚР СТ ИСО 9001 -2009 стандарт талаптарына сай өнімді қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады.
«Алекс» ЖШС - нің сапа саласындағы саясаты кәсіпорын басшысынан бастап қарапайым жұмысшыларға дейінгі кәсіпорынның жекеменшік және басты бағалы құжаттарының бірі болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарға кәсіпорын жұмысшылары сапа үшін жауапты болуы керек және де әрбір жұмысшы тауар шығарылымының және қызметтің өнімділігін жоғары сатыға көтеруге қатысу, өз ой - пікір ұсыныстарын айтуы қажет. Бұл үшін өнім сапасына әсер ететін адами фактор, яғни қызметкерлер өз ісінің маманы болып, ИСО стандарт талаптарына сай жұмыс атқаруы шарт.
Ал әрбір қызметкер іс - әрекетінің сапасы ИСО сапа менеджментінің негізгі принциптері негізінде басқарылып отырылады.
ҚР СТ ИСО 9000-2007 халықаралық стандартының 2. 5 пунктінде сапа саласындағы саясат және мақсаттар жайлы былай делінген: «Сапа менеджмент жүйесі саясат және мақсаттар ұйым үшін бағдар болу үшін бекітеді. Олар керекті нәтижелерді анықтайды және осы нәтижелерге жету үшін ұйымдар қорлардың қолдануына септігін тигізеді. Сапа саласындағы саясат, сапа саласында мақсаттарды әзірлеу және талдау үшін негізді қамтамасыз етеді. Сапа саласындағы мақсаттарды сапа саласындағы саясат және үнемі жақсартуға қажеттілікпен келістіру қажет. Ал, нәтижелер өлшенетін болу керек. Сапа саласындағы мақсатқа жету - өнім сапасына жұмыс тиімділігіне және қаржылық көрсеткіштерін оң әсер ете алады және соның арқасында қызығушы тараптардың қанағаттануына игі әсерін тигізеді».
Ал ҚР ИСО ИСО 8402 стандартында: «Сапа саласындағы саясат - жоғарығы басшылықпен ресми қалыптастырылған сапа саласындағы негізгі бағыттар мен мақсаттарды ұйымдастыру» деген анықтама берілген.
Сапа саласындағы саясат жалпы кәсіпорынның элементтері болып табылады деп есептелінеді және жоғарғы басшылықпен бекітіледі.
Сапа саласындағы саясатты қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторлар: өткізу рыногындағы жағдай, кәсіпорынның ішкі жағдайы (технологиялық мүмкіндіктер мен персонал), кәсіпорынның қабылдаған стратегиясы және жалпы саясаты, экономиканың жалпы жағдайы және инвестициялардың тартылуы, ғылыми-техникалық прогресс және бәсекелестіктердің жетістіктері болып табылады.
Кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасау жағдайында сапа саясатындағы негізгі бағыты болып сапа саласында бәсекелестерді басып озу екендігі белгілі.
Сапа саласындағы саясат тапсырыс берушілердің кәсіпорында сапа саласындағы жұмыс бағыттары және мақсаттары дұрыс анықталғандығына және кәсіпорында қажетті сапалы өнім өндіруді қамтамасыз ететін, оларға жету үшін нақты құралдар таңдап алынғандығына сендіру қажет. ИСО 9001- 2009 стандартының 5. 3 пунктінде мынадай талаптар келтірілген:
Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясатын:
- ұйым мақсаттарына сәйкес болуын;
- сапа менеджмент жүйесінің талаптарға сәйкес болуын және тиімділігін үнемі жақсартуға міндеттердің болуы;
- сапа саласындағы мақсаттарды қою және талдауға негіздерді құруды;
- ұйым қызметкерлеріне жеткізілуі және түсінікті болуы;
- үнемі қажеттілігіне ұдайы талдауын қамтамасыз етуі қажет.
Кәсіпорында сапаға әсер етуін есепке алу үшін мынадай негізгі жұмыстарды ұйымдастыру қажет:
- нарықты зерттеу;
- белсенді ізденіс және тапсырыс берушілер мен тұтынушылармен өзара әрекет жасау;
- өнімді тұрақты жетілдіру үшін оны өзгерту мен жаңаландыруды жоспарлау;
- өнімді жасап дайындау, шығару және қызмет көрсету кезінде тапсырыс берушілер мен өткізу нарығының талаптарын орындауды бағылау;
- өнімді сертификаттауды және сапа жүйелерін жүргізу;
- еңбек ресурстарын, материалдар мен комплектеуші бұйымдарды мамандандырылған жеткізіп берушілерді таңдау;
- ғылыми-техникалық прогресс және бәсекелестердің жетістіктері туралы ақпараттарды жинақтау және талдау, патенттік лицензиялық жұмыс;
- сапа саласындағы қолданыстағы заңнамаларды оқып зерттеу;
- қоғаммен байланыс сапа бойынша көрмелерге, семинарларға қатысу, жарнамалық жұмыстар және т. б.
Бұл жерде саясат жалпы саясаттан туындайды. Басқаша айтқанда сапа саясаты - бұлар кәсіпорынның сапа саласындағы қызмттерді бағыттауға арналған бағыттар. Бұл бағыттар кәсіпорынның басшысының қысқаша мазмұндамасы түрінде дайындалады және кәсіпорын қызметкерлеріне дербес құжат ретінде ұсынылады.
Сапа менеджмент жүйесін ендіру, кәсіпорында оны функцияналдау минералды су өндіру кәсіпорынның тұтынушылары жеткізілетін өнім орнатылған талаптарға сәйкес болатындығына үлкен сенімділігін тудырады. Сапа менеджмент жүйесіне жалпы талаптарды ҚР СТ ИСО 9001 - 2009 стандартына сәйкес қаралып отырады.
Ұйым сапа менеджмент жүйесін әзірлеуі, құжаттауы, енгізуі, жұмысшы жағдайда ұстауы және осы стандарттардың талаптарына сәйкес оның нәтижелілігін ұдайы жақсартып отыруы керек.
Ұйым :
- сапа менеджментінің жүйесіне қажетті прцестерді және олардың барлық ұйымда қолданылуын анықтауы;
- осы процестердің тізбектілігін және өзара әрекетін бекітуі;
- жұмыстың, сондай - ақ осы процестердің тиімділігін арттыруға қажетті критерийлер мен әдістерді анықтауы;
- жұмыстарды демеу және осы процестерді бақылау үшін қажетті ресурстар мен ақпараттардың болуын қамтамасыз етуі;
- осы процестерді бақылауы, өлшеуі және талдауы;
- жоспарланған нәтижелерге жету және осы процестерді ұдайы жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдауы керек.
Ұйым осы процестерді ҚР СТ ИСО 9001 - 2009 стандарт талаптарына сәйкес басқарылуы керек. Егер ұйым өнімнің талаптарға сәйкестігіне әсер ететін сыртқы ұйымға қандай да процестің орындауын беруді шешсе, ол осы процестерге өз тарапынан бақылауды қамтамасыз етуі керек. Оларды басқару сапа менеджментінің жүйесінде анықталуы керек.
Құжаттамаға талаптар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz