Ұлттық аспаптар
Ә. Ішекті . ыспалы аспаптар
6) қылқобыз, 7) нарқобыз, 8) жезқобыз, 9) сазген
2.6. Қылқобыз
2.7. Нарқобыз
2.8. Жезқобыз
2.9. Сазген
Б. Уілдекті.үрлемелі аспаптар
10) сыбызғы, 11) сазсырнай, 12) бұғышақ, 13)керней, 14)қамыссырнай,
15) қоссырнай, 16)үскірік, 17) ұран, 18)желбуаз, 19)кіркей
2.10 Сыбызғы
2.11. Сазсырнай
2.12. Бұғышақ
2.13. Керней
2.14. Қамыссырнай
2.15 Қоссырнай
2.16. Үскірік
2.17. Ұран
2.18. Желбуаз
2.19. Кіркей
В. Ұрмалы аспаптар
20) дабыл, 21) аттаныс дабыл, 22) дауылпаз, 23) даңғыра, 24) шыңдауыл, 25) кепшік, 26) тұяқтас, 27) тоқылдық, 28) шың.
2.20 Дабыл.
2.21 Аттаныс дабыл
2.22. Дауылпа
2.23. Даңғыра
2.24. Шыңдауыл
2.25. Кепшік
2.26. Тұяқтас
2.27. Токылдақ
2.28. Шың
Г. Шулы.сылдырмақты аспаптар.
29) асатаяқ, 30) дудыға, 31)сақпан, 32) шартылдауык, 33) қоңырау, 34) сылдырмақ
2.29. Асатаяқ
2.30. Дудыға
2.31. Сақпан
2.32. Шартылдауық
2.33. Қоңырау.
Д. Сарнамалы аспаптар
35)сырнай, 36)шаңкобыз, 38) ауызсырнай
2.35. Сырнай
2.36. Шаңқобыз
2.37. Ауызсырнай
2.38. Музыка аспаптарына қатысты қосымша атаулар.
Домбыраға қатысты қосымша атаулар.
Сыбызғыға қатысты қосымша атаулар.
Сырнайға қатысты қосымша атаулар.
2.39. Қазақ саз аспаптарыныц қүрамдық бөлшектері
Тараудың түйіні
3. Қазақ музыкалық аспаптарын түркі халықтарының аспаптарымен салыстыра қарау

Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарының «ішекті - ыспалы» деп аталатын бір тобы жалпы «қобыз» атымен калыптасып, сол қобыз атаулының үйірлес тобын, яғни қобыздың түрлерін құрайды. Бірақ бұлардың бәрінің (олар бесеу: қылқобыз, нарқобыз, жезқобыз, желқабыз, сазген) «қобыз» атауының ортақтығына байланысты бір үйір болып тұрғанымен, мысалы, олармен атаулас шаңқобыздың бұлардан табиғаты бөтен.
Ал, енді осы аталған қобыздардың «қобыз» атауымен аталатын төртеуін бір типтес саз аспаптары деп қарасақ, осы топқа қосылатын сазген аспабының анықталушы компоненті «қобыз» болмаса да, осы бес түрлі қобыздың бір түрі болып саналады.
Сонымсн қазақ саз аспаптары санатындағы 4-5 қобыздың әз ерекшеліктері бола тұрса да, бір үйір етіп, басын қосып тұрган «қобыз» атауы.
Сондыктан да, біз бес түрлі қобыздың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып. олардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттаудан бұрын жалпы «қобыз» ұғымына қатысты мағлұматтарға тоқталмақшьшыз.
Пайымдап қарасақ. Қазақ болмысында «қобыз» деп аталатын жеке-дара саз аспабы жок. Жоғарыда аталған 4 қобыздың бәрі қобыз. «Қобыз» атауы да, 15-20-дай домбыраның барлық түрлеріне ортақ «домбыра» атауы сияқты, барша қобыз түрлеріне ортақ жалпы атау болып саналады.
Дегенмен, шын мәнісінде, солай бола тұрсақда. «домбыра» мен «қобыз» атаулары жеке-дара аталганда сол домбыра, сол қобыз түрлерінің ішінде тек біреуін ғана, яғни «домбыра», «қобыз» түрлерінің ең көне, халықтың өзімен бірге туып, біте қайнасқан, байырғы да кең тараған түрін көз алдына елестетеді. Яғни «домбыра» дегенде қалың жұрт қазақтың ертеден келе жатқан екі ішекті, тоғыз пернелі, шанағы жұқа, дауысы бүгінгідей емес, бәсеңдеу қарапайым қазақы қара домбыраны көз алдына елестетсе, «қобыз» дегенде де, дәл сияқты, көбінесе бақсылардың қолынан көретін дөңгелек шанаіыиыц ішінде айнасы, сылдырмактары бар, екі қыл ішекті, кылдап керіп жасаған ыспасы (қияғы) бар қазақы қылқобызды көз алдына келтіреді. Басқа домбыра, қобыз түрлерінің бәрі де екінші катарда тұратын аспаптар.

Ә. Ішекті - ыспалы аспаптар
6) қылқобыз, 7) нарқобыз, 8) жезқобыз, 9) сазген
Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарының ішекті - ыспалы деп
аталатын бір тобы жалпы қобыз атымен калыптасып, сол қобыз атаулының
үйірлес тобын, яғни қобыздың түрлерін құрайды. Бірақ бұлардың бәрінің (олар
бесеу: қылқобыз, нарқобыз, жезқобыз, желқабыз, сазген) қобыз атауының
ортақтығына байланысты бір үйір болып тұрғанымен, мысалы, олармен атаулас
шаңқобыздың бұлардан табиғаты бөтен.
Ал, енді осы аталған қобыздардың қобыз атауымен аталатын төртеуін
бір типтес саз аспаптары деп қарасақ, осы топқа қосылатын сазген аспабының
анықталушы компоненті қобыз болмаса да, осы бес түрлі қобыздың бір түрі
болып саналады.
Сонымсн қазақ саз аспаптары санатындағы 4-5 қобыздың әз ерекшеліктері
бола тұрса да, бір үйір етіп, басын қосып тұрган қобыз атауы.
Сондыктан да, біз бес түрлі қобыздың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып.
олардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттаудан бұрын жалпы қобыз ұғымына
қатысты мағлұматтарға тоқталмақшьшыз.
Пайымдап қарасақ. Қазақ болмысында қобыз деп аталатын жеке-дара саз
аспабы жок. Жоғарыда аталған 4 қобыздың бәрі қобыз. Қобыз атауы да, 15-20-
дай домбыраның барлық түрлеріне ортақ домбыра атауы сияқты, барша
қобыз түрлеріне ортақ жалпы атау болып саналады.
Дегенмен, шын мәнісінде, солай бола тұрсақда. домбыра мен қобыз
атаулары жеке-дара аталганда сол домбыра, сол қобыз түрлерінің ішінде тек
біреуін ғана, яғни домбыра, қобыз түрлерінің ең көне, халықтың өзімен
бірге туып, біте қайнасқан, байырғы да кең тараған түрін көз алдына
елестетеді. Яғни домбыра дегенде қалың жұрт қазақтың ертеден келе жатқан
екі ішекті, тоғыз пернелі, шанағы жұқа, дауысы бүгінгідей емес, бәсеңдеу
қарапайым қазақы қара домбыраны көз алдына елестетсе, қобыз дегенде де,
дәл сияқты, көбінесе бақсылардың қолынан көретін дөңгелек шанаіыиыц ішінде
айнасы, сылдырмактары бар, екі қыл ішекті, кылдап керіп жасаған ыспасы
(қияғы) бар қазақы қылқобызды көз алдына келтіреді. Басқа домбыра, қобыз
түрлерінің бәрі де екінші катарда тұратын аспаптар.
Міне, басқаларының ең алдында қалғандарына өкілеттік етіп тұрған екі
аспаптың осы екі көне нұскасын - домбыраның прототипі және қобыздың
прототипі, яғни ортақ нұсқасы, деп қарауға әбден болады.
Сондыктан да, қазақтың қара қобызы, қазақы қобызы туралы. олардың
ортақ табиғаты жөнінде кеп айтуға болады, өйткені қазақ халқының рухани
байлығы мен ментальдық кұнлылықтарына жататын екі феномен саналатын бұл екі
саз аспабы жайында ел жадында жинақталған мағлұматтар мол. Енді солардың
кейбіреулерін атап өтейік.
Қобыз аспабының сырт тұлгасы мен езіндік құрам-құрылысына сай ел
назарын аударатын ерекшелігіне онын ғажайып үнін (дауысып) жаткызуға
болады. Өзге этностың жөні басқа, ал қазақ деген этнос қобыздың жан
тебірентіп сарнаған ащы да мұңлы дауысынан жал дүниесін кайғы-қасірет
басқан адамның еңіреп-зарлап жылауын, енесінен ерте айырылып, жетім калған
ботаның боздауын, үйіріп іздеп, аласұрған саурық айғырдың азынауын, аш
каскырдың айдалада ұлуын, аспандап ұшқан аққу мен тырналардың қаңкылдаған,
тырулаған дауысын, т.б. табиғи құбылыстардың сан түрлі үнін кұлағымен
естіп, көңілімен түсіне білетіні айқын. Қобыздың қыл ішегінен ақтарылған
бұл ғаламат дыбыстардың бәрі жай дыбыс емес, кеудеден күңіреніп шыққан
адамның өз даусына ұқсас әсер етеді.
Міне, осының бәрі болмыс-бітімі соншама қарапайым қобыздың сиқырлы
дыбысы, киелі де құдыретті күші Қазақ үшін ерекше саналатын етене жақын
құбылыс. Бірақ бұл жерде қобыздың қай түрі екендігі айтылмай оның жалпы
прототипі сөз болып тұр. Сондықтан да болар. қобыз деген аспаптың
анықтамасы да көп жағдайда жалпылама. Мысалы. қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде: Қобыз - қылдан жасалған ішегі бар ысқышты музыка аспабы. Ол
көп жерлерге таралған мойны имек, шанағы ожау тәрізді қуыс, бет жағы ағаш,
ал түбі көнмен қапталған, ысқышпен ысып ойнайтын аспап... деп сипатталады
- [ҚТТС, 2,54].
Пайымдап қарасақ, бұл сипаттама қобыздың жалпы прототипіне (ортақ
нұскасына) беріліп тұрса да. негізінен екі ішекті қылқобызға қатысты екені
байқалады. Өйткені қобыздың бұл түрі қазақ арасына кең тараған және ертеден
келе жатқан көне де байырғы нұсқасына жатады.
Ал, қобыздың жоғарыда келтірілген үйірлес тобына тек қылқобыз ғана
емес, ішегінің материалына (қыл, жез, қой ішегі), тұр-тұлғасына қарай
аталатын қылқобыз, жезқобыз, желқобыз, шаңқобыз деген түрлері де жатады.
Біз төменде өзіміз ұсынған классификация бойынша, ішекті - ыспалы
аспаптар тобына жататын төрт аспапка - қылқобыз, нарқобыз, жезқобыз жәнс
сазген - жеке-жеке сипаттама берейік.
Қобыз қазақ арасында кең тараған, әрі көнеден келе жатқан байырғы
нұсқасына жатады.
Мамандар мен ғалымдардың зерттеулеріне нысан болып келе жатқан да,
жинақталған деректер мен мағлүматтар да. негізінен, қобыздың осы жалпылама
түріндегі нұскасына бағышталған.
Жалпы қобыздың шығу тарихына, генеологиясына, ат койылып, айдар тағылу
мотивтеріне қатысты деректердің және айтылып келе жатқан ой-пікірлердің,
аңыз-әңгімелердің көбісі Қорқыт есімімен байланысты.
Мәселен, қазақ музыка аспаптарын зерттеуші Б Сарыбаев: Бізбен
көршілес өзбек, ұйғыр, тәжік. түркмен, азербайжан халыктарының арасында көп
тараған аспап - гиджакты (қобыз сиякты ысқыш аспап) зерттеушілер X ғасырда
өмір сүрген өнер тапқыш және атақты ғалым Абу-Али Ибн-Снна (Авиценна)
шығарған деп болжам жасайды. Оны келіп авто әрі қарай біздің халқымыздың
қобызын Қорқыт жасаған және қобызбен ең бірінші күй тартушы да соның өзі
болған деген аңыз бар. Қорқыт шамалап айтқанда, VІІІ-ІХ ғасырларда өмір
сүрді. Бұл дәуір ысқышты аспаптардың шығу мерзімімен дәл келеді - деп
көрсетеді. [Б.Сарыбаев. Қобыздың тарихына үңілсек ...].
Енді бір дерек бойынша қобыз шаман дініндегі бақсылардың қолданған
аспабы деп есептеліп, ол сол діннен әлдеқайда кейін пайда болған деген жоба
бар.
Осыған орай, саяхатшы П.С.Паллас Қазақ арасында қобыз шаман дінінен
едәуір кейін шықты. Демек, XVIII ғасырға дейін қолданылып келген даңғыра
және асатаяқ ертедегі бақсылардың соғып ойнайтын аспаптарының қалдығы болу
керек. Қобыз шыққан соң даңғыра мен асатаяқты көпке дейін қатар қолданып
келген деп көрсетеді ол [Паллас П.С. Путешествия по разным провинциям
Российской Империи. СПб., 1809. ч.І, с.566].
Қобыз туралы аңыз-әңгіме, фольклорлық деректердің бірінде оны Қорқыт
Атаның өз аспабы ретінде өлімге қарсы күресінде абыздың қасиетін танытуда
қолданған киелі аспап десе, тағы бір деректерде қобыз - шаман дінін қазақ
қауымы арасында уағыздаушы бақсылардын зікір салып, жын-перілерін шақыруда
қолданған құдіретті құралы болған деп сипаттайды.
Шынында да, кешегі Қазақ даласында қобыз бүгінгі атқарып жүрген
қызметіндей емес,көбіне бақсы-балгерлердің көбірек ұстаған құралы болды.
Сондықтан да, бақсының болмысына тән киелі қасиеттердің баршасы қобыздың
бойында да бар деп сенген халык қобыздың жеке басына да қатты сыйыньп,
оны ерекше мәпелеп, күтіп ұстауға тырысқан.
Енді сол қобыздың түрлерін сөз етейік.
2.6. Қылқобыз
Қылқобыз - Қазақ халқының ішекті - ыспалы аспаптар тобына жататын көне
де байырғы, дәстүрлі аспаптарының бірі. Ол жалпы қобыз атауына қатысты
үйірлес аспаптардың негізгісі, ұйыткысы болып саналады. Кылқобыз қос
дүңгіршек сиякты шанағы бар, түбін көн терімен қаптаған, ішіке қарай иілген
еңкек, қысқа мойыны бар, жылқының жал-кұйрығынан тағылған қос ішегі бар,
қарағай шайырын жағып тартатын қылмен керіп жасаған садақ тәрізді қияғы бар
саз аспабы. Қылқобыз - қысқалау, пернесіз мойнына тартылған қос қыл ішекті
қияқпен ысқылап саусақтарының ұшымепн емес, сыртындағы тырнақ көбелеріменен
басып, ерекше тәсілмен ойналатын, адамның дауысы сияқты үн шығаратын киелі
аспап.
Жоғарыда ескертілгеніндей, қылқобыз ертеде қазіргідей күйші-әнші.
қобызшы музыканттардың емес, негізінен бақсы-балгерлердің, сәуегей, емші,
абыздардың ұстанған аспабы болған. Олар қобызды өз кәсіптерін әсерлі де
ерекше айбатпен орындау үшін. арқасын қоздырып, жын-перілерін шақырып,
қарапайым жұрттың жан дүниесіне әсер етіп. сендіру үшін құйқылжыта тартып,
бірде аңыратып, бірде зарлатып, енді бірде ішегін қияқпен ысқылап. пернесіз
қысқалау мойындағы қос ішекті саусақтардың ұшымен емес, сырты - тырнақ
көбесімен басып ойнайтын ерекше тәсілмен тартылғанда ғажайып мұңды үн
шығаратын киелі аспап.
Ертеректегі қазақ кауымында қылқобыз негізінен бақсы-балгерлердің
ұстайтын құралы саналып келді. Оны сәуегей, емші, абыздық қасиетке ие
бақсылар ертеде қобызды өздерінің осы кәсіптерін әсерлі де айбатпен орындау
үшін, арқасын қоздырып, жын-перілерін шақырып, қарапайым жұрттың жан
дүниесіне (психологиясына) әсер ету үшін қобызды құйқылжыта, бірде
аңыратып, бірде зарлатып, енді бірде қасқырдың ұлуына,ту жылан мен
айдаһардың ысқырығына, ботаның боздауына, аспан перісі - қыран
кұстың саңкылдаған үні мен аққу құстың қиқуына келтіріп тартып, зікір салып
қалың жұртты таң қалдырды.
Сондықтан да болар, ертеректе қылқобыз музыкалық аспаптан гөрі
бақсының кәсіби атрибуты ретінде көбірек қолданғандығы белгілі. Атадан
балаға қасиетті мұра болып қалған қара қобызға тән ел арасында сақталған
аңыз-әңгімелердің көбі оларды ұстаған бақсылардың болмысына тән көріпкел,
сәуегей, емші-дуашы, әулие т.б. ғажайып қасиеттерді баяндайды.
Исламның етек алуына байланысты шамандық наным-сенім де, бақсылық та
қазақ қауымы арасында бәсеңдей бастады. Дегенмен, көпке дейін қылқобыз діни
мақсатта қолданылып келгені белгілі. Мысалы. кейде, кей жерлерде оны ашық
күнді жаудыру үшін. қар аударып. боран соқтыру үшін де пайдаланғандығы
белгілі [Дәуренбеков Ж., Тұрсынов Е. Қазақ бақсы-балгерлері. Алматы, 1993.
102 б.].
Кейбір деректерге қарағанда Алтай, Ертіс, Тарбағатай жағындағы
қазақтар қылқобызды ел шетіне келген жауға қарсы аттанып бара жатқан
сарбаздарды рухтандыру үшін Қорқыттың күйін боздатып, көне сарынды
аңыратып, елдің сай-сүйегін сырқырата тартып шығарып салу әдеті де болған.
Алайда, ұлт мәдениеті мен салт-дәстүрінің даму барысында қылқобыз
болмысы мен табиғатында елеулі өзігерістерге ұшырағаны да белгілі.
Міне, осы қасиеттеріне байланысты тек киелі аспап ретінде көрінгеннің
қолын тигізбей, аяқасты етпей, ерекше құрметтеліп келген касиетті қылқобыз
бірте-бірте ойын-сауықтарда да тартылатын музыкалық аспапқа айнала
бастайды. Қылқобыздың бақсылық, діни ұғымнан іргесін бөліп, дәстүрлі ұлттық
музыкалық аспап санатына біржолата өтуі - кейінгі дәуірдін жемісі. Халықтың
дәстүрлі музыкалық аспаптарын орындаушы, хас шебер. мамандықтардың арасында
қобызшы деген маманның атауы да, міне, осы кезден қалыптаса бастады.
Бүгінгі таңда қазақ сазгерлерінің арасында қобызда шебер ойнайтын таланттар
өсіп келеді.
Демек, қазақ аңызы бойынша, сонау Қорқыт Атадан (IX ғ.) басталатьн
қылқобыз тарту өнері өзінің көне дәстүрін жалғастырып, оның тарихи үні
біздің музыкалық мәдениетіміздің мұрасы болып Ықылас Дүкенұлы, Дәулет
Мықтыбайүлы, Жаппас Қаламбаев т.б.хас шеберлердің өнеге-үлгісімен жалғасып,
дамып отыр.
Қазақтың қылқобызы, атынан-ақ көрініп тұрғандай, екі не үш, кейде төрт
ішегі шылдырлайтындай етіп теңгелерді тізіп қойған. Онын киелі тегін
ұңғысына. мойнына тағылған үкісі мен қуысына (шанағы ішіне) орнатылған айна
мен металл сынықтары айғақтайды деген пікірін зерттеуші Б.Сарыбаев
келтіреді [Сарыбаев Б. Қазактың музыка аспаптары. Алматы, 1981, 226 б.].
2.7. Нарқобыз
Нарқобыз - Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық аспаптарының ішекті-ыспалы
қобыз тобына жататын, бірақ қобыздардың басқа түрлерінен (қылқобыз,
жезқобыз, желқобыз, шаңқобыз) өзінің аумақтылығымен ерекшеленетін, үлкен
қобыз.
Нарқобыз — қазақ ұлттык саз аспаптар қорына кейінгі кездері келіп
қосылған көне де байырғы аспаптарының бірі. Дегенмен, Нарқобыз атауының
төркіні туралы біркелкі пікір жоқ . Біреулер қобыздың рабайсыз тым үлкен,
ауқымды тұлғасына байланысты нар түйенің бейиесіне балау (мысалы: нар
жігіт, нар палуан, нар тәуекел т.т.) негізінде пайда болған деп қарайтын
болса, енді бір топ авторлар бұл атау ботасы өлген нар түйені сауғанда
нарқобызды ойнап, оны ісіндіріп, иіндіріп барып сауу әдетіне байланысты
осылай аталып кеткен деп, көне аңыздарға сілтеме жасайды. Қорқыт мұрасын
зерттеуші ғалым Әуелбск Қоңыратбаев өзінің Күй табақтары деген
мақаласында ...Қоркыт та өзінің қобызына түйе көнін қолданған сияқты...
Ондайды - нарқобыз деп атаған. Автор келтірген тарихи деректерде 680-жылы
түркілер Қытайға барғанда шанағына бала түсіп (сыйып) кететін нарқобыз
апарғаны айтылады. Онын дауысы түн ішінде тартқанда талай жерг естіліп
жатады екен - деп көрсетеді [Ә.Қоңыратбаев. Қазак әдебиеті,
20.03.1981].
Қалай болғанда да, нарқобыз атауы нар түйенің коніне де, оны иітуге де
байланысты емес (төрт түлікте одан үлкен мал жоқ қой!), нардың аса зор, тым
үлкен тұлғасына байланысты, халык тілінің өзінде қалыптасқан теңеу
-метафора негізінде қобыздың үлкендігін білдіретін анықтауышты тіркес.
Ал, енді ел жадында тек аты ғана сақталып, заты ұмыт болған осы саз
аспабын жоғарыда аталған мағлұматтарға сүйеніп, өзінің зерделілігі мен
шеберлігі арқасында жаңғыртып, қалпына келтірген Д.Шоқпарұлының осы аспап
туралы айтқан төменгі пікірмен таныстырып өтейік
...Осы жолдарды оқып, эксперимент ретінде жоғарыда айтылғандай,
шанағына жас сәби сыйып кететін, тұрқы отырған адамның бойындай (95x41
х14см) нарқобыздың алғашқы нұсқасын жасап шықтық. Бұл қобыз кепкен емен
ағашынан тұтас шабылып аржасына (қорабына) түйенің терісі керілді.
Нарқобыздың біздерге белгілі қобыздардан ерекшелігі - көлемінің
үлкендігіңде әрі ішегі әдеттегідей қылдан немесе металл сымнан тағылмай,
түйенің терісінен немесе тарамыстан ширатылып жасалуында.
Нарқобыз әзір болған соң тарамыстан ширатылып ішек тағып, кұлак күйін
келтіріп, үнін сынап көріп едік, оның дыбысын шығаруға кәдімгі ысқынын
(смычок) әлі жетпейді екен, себебі ішек жуан болғандықтан құлақ күйін
келтіру үшін өте қатты бұрау керек болды. Сондықтан нарқобыздың өзіне
сәйкес... ерекше конструкциямен ысқы әзірлеуге тура келді... - деп келіп,
ол сол ысқының жасалуын (ағаш бұтағынан садақша иіп. қыиғағын (кергі бауын)
ту жылқының іріктелген құйрық қылынан жинап, әдеттегіден екі есе жуан әрі
жұмыр етіп тақтық.
Ысқының қол ұстайтын басына арнайы аржа жасап, оған ешкінің жұқа
терісін керіп, қиғақтьң бір басына құлақ бекітілді.
Қобыздың ішегі мен ысқының қиғағын қарағайдың шайырынан ысып
(тұтырлығын арттыру үшін), ойнап көріп едік. нарқобыздан боздаған ботаның
дауысына ұқсас өте зор үн шықты.
Нарқобыздың алғашкы екі нұсқасы Республикалық халык музыка
аспаптар музейінің алтын қорында сақтаулы деп баяндапты
ол [Ш. Дәркенов. Нарқобыз Білім және еңбек,... .
2.8. Жезқобыз
Қазақ халкының ішекті-ыспалы сөз аспаптар тобына жататын қобыздың бір
түрі - жезқобыз. Жоғарыда қарастырылған қылқобыздан бұл аспаптың басты
айырмашылығы, атынан да көрініп тұрғандай, ішегінің жезден жасалуына
және нұсқасындағы кейбір өзгешелігіне байланысты. Желқобыздың қылқобыздан
қылқобыздан айырмашылыктарына мыналарды
жаткызуга болады: 1) жезқобыздың шанағы қылқобыздікіндей (бір не қос)
дүңгіршек емес, скрипканың шанағындай жайпақтау, әрі ұзындау болып кедеді;
2) жезқобыздың дауысы қылқобызға қарағанда әлдеқайда жіңішке, оның себебі
қос (кейде 3-4 ішекті де болып келеді) ішегінін жезден не сым темірден
(кейде екеуі аралас) өте жіңішке болып келуіне байланысты; 3) құлақ күйі
квинта бұрауына келтіріледі: 4) мұның да ішектерін көне қияқпен (ыспамен)
емес, скрипканың дәстүрлі смычогымен ысқылап тартып, пернесі жоқ мойнын
бойлап ішектерін тырнақтың сыртымен басып ойнайды; 5) үні құлаққа жағымды,
тынысы кең, т.т. ерекшеліктері бар қобыз түрі.
Жезқобыз қазақ саз аспаптарының қорына кейінгі кездерде (30-шы
жылдары) бір жағынан көне қобыз үлгісіне, екінші жағынан еуропалык скрипка
үлгісіне үйлестіріліп жасалған жаңа аспап.
втарға тапсырылады. Ол үлгілердің біреуі - екі
Кейбір мамандар жезқобыздың дүниеге келу қажеттігі қазақтың мәдени
өмірінде алғашқы ұлттық аспаптар оркестрнің қалыптасуына байланысты деп
есептейді. 1937 жылы Ахмет Жұбановтың басшылығымен ұлттық музыкалық
аспаптар оркестрі құрылып, қобыз тобының төрт түрлі үлгісін жасап шығару
шеберлері Э.Романенко мен Қ.Қасымовтарға тапсырылады.Ол үлгілердің біреуі-
екі ішекті қылқобызға қосымша ішек қосылып, бұрауы квартадан квинтаға
ауыстырылып жасаған жезқобыз (прима), екіншісі - альтқобыз, үшіншісі-
басқобыз және төртіншісі - контрабас (қобыз) деп аталады. Сөйтіп, қылқобыз
дами келе, төрт түрлі дыбыс шығаратын ұялас қобыздар тобына айналады.
Қылқобызды да, жезқобызды да және олардың түрлерін жүйелі түрде
үйрету, арнаулы мектептерде оқытып, орындаушыларын тұрақты түрде дайындау
республикада 1952 жылдан басталады. Мысалы, Д.Тезекбаев алқашқы қобызшылар
туралы айта келіп: Біз қобыз класын алқаш үйренушілер, арамыздағы атақты
қобызшы Ж.Қаламбаевтық қолына қарап. күйді жатқа үйреніп, бір дауысты
унисонмен ойнайтып едік - деп еске алады [У.Бекенов. Өркен жайған қобыз
онері...].
Қобыз. т.б. ұлттық көне аспаптарды жетілдіре түсу нәтижесінде сым
ішекті жезқобыздар оркестрге батыл енгізіле бастады. Міне, сол жылдары
жасалып, оркестрде ойнала бастаған жезқобыздардың мүмкіншілігін
Ғ.Молдакәримова, Г.Баязитова, Ф.Балғаева, Ж.Қаламбаевтар сияқты өнер
шеберлері жұртшылыққа кеңінен таратты.
Жезқобыздың басқа да үлгі-нұсқалары жасалғаны белгілі.
О.Бейсенбекұлының зертгеуінде арнайы сөз болатын: үш ішекті қобыз (не
альт-қобыз), бас-қобыз, контрабас қобыз т.б. жезқобыз түрлері ғылыми
эксперимент негізінде арнаулы шеберханаларда жасалып, музыка мәдениетінің
қобыз саласы мемлекетімізде дами түсті.
Біздің назар аударып отырған негізгі мәселе саз аспаптарының шығу,
жаңғыру, қалыптасу мәселесі емес, сол аспаптарға берілген атауларының
мотивтік негізі болғандықтан, қобыз тарихына тереңдеп бара бермейміз.
Жезқобыз атауының этимологиясы [қылқобыз, нарқобыз, желқобыз.
шаңқобыздар қатарында) жез, қыл, нар, жел, шаң анықтауыш компоненттеріне
байланысты анық болса да, анықтауышы (яғни негізгі)* қобыз компонентіне
байланысты ғылыми ізденістерді қажет етеді.
„Қобыз атауының тілдік табиғаты. Бұл атаудың тілдік табиғаты
(этимологиясы, шығу төркіні) туралы түркология саласында айтылып, жазылып
жүрген пікір, жоба-жорамалдар көп-ак. Біз солардың кейбіреулеріне
шолу жасауды қажет деп таптық.
Жоғарыда ескерткеніміздей, қазақ тілінде бір ғана қобыз атауына
байланысты қобыздың 5 түрі бар екен. Бір ғажабы, көріп отырғанымыздай, бұл
аспаптардың жалпы атауы (қобыз сөзі) ортақ бола тұрса да, олардын өздері
бір тектес емес, әр текті болып келуінде.
Қазақ тіліндегі қобыздық түрлерін білдіріп тұрған анықтауыштар – қыл,
жел, шаң, жез, нар - қобыз атауына тікелей қатысы жоқ, тек олардың
материалдық негізі мен сырт тұлғасын ғана білдіріп тұрған анықтауыштар
екен. Сондықтан да, біз әр қобыздың атауын жеке-дара қарамай сол 5 қобыздың
баршасына ортақ қобыз атауының тілдік табиғатына ғана тоқталып, оның
бірнеше аспапқа ортақ болу мотивін (уәтін) анықтаумен шектелгіміз келеді.
Қобыз атауын зерттеушілер бізден бұрын да болғаны белгілі. Олардың
айтқан пікірлері мен жоба-жорамалдарына шолу жасап қарасақ, әлі де тиянақты
көзқарастың қалыптаспағандығын көреміз.
Өз пікірімізді келтіруден бұрын бізден бұрынғы зерттеушілердің
пікірлерін келтірейік.
Қобыз атауы туралы академик Ахмет Жұбановтың бір-біріне ұқсас екі
пікірі бар.
Қобыз атауының төркінін анықтауға байланысты акад. Ахмет Жұбановтын
бірінші пікірі былайша баяндалады:-Бірқатар халықтарда осыған(қобызға) аты
ұқсас: қомуз, кобза, ағаш комус деген аспаптар бар. Қобыз негізінде ұзақ
замандар бойы бақсының қолында болған. Сондықтан қазақ тілінде кездесетін
кейбір сөздерге қарағанда қобыз бақсынын өзін көрсететін сөз болуы да
мүмкін. Мысалы: қобыз қ дыбысы түсіп қалып, обыз. келе-келе об аб-
қа айналып, абыз болып кетуі мүмкін. қазақта бұрын сәуегейді, бақсыны
абыз абыз деген. Ру кұрылысында ру басы да абыз аталуы мүмкін. Қобыздың
бақсы қолында негізгі қару болғаны жөнінде орыс этнографтары көп жазып
кеткен. Олар: Қобызды өгіз мініп, ел кезіп жүрген диуаналардың қолынан да
көрдік дейді... [А.Жұбанов. Халық күйлері...111 б.].
Осы айтылған пікірдің екінші варианты томендегіше баяндалады:
Қазақтың қобызы скрипка сиякты смычокпен тартылатын инструментке
жатады. Ол татарда, башқұртта қобыз деп аталады. Бірақ олардын қобыз
дейтіні - темірден жасалған, атқамыт сияқты. бір жағын ауызға салып қойып,
үнін аузымен ретке келтіріп отыратын бір нәрсе. Қырғыздарда қомыс деп
біздің домбыра тәрізді, бұдан айырмашылығы тек пернесі жоқ инструментті
атайды. Қобыз дейтін инструмент Украина елінде де бар. Олар мұны кобза-
дейді. Украина кобзасын ескі оқымыстылар шығыстан келген, түрік, монгол
елінен үйреніп алған, содан жұққан нәрсе деп есептейді. Бұл пікірдің қате
екенін көреміз.
Қобыз сөзінен басқы қ дыбысы түсіп қалған да, 0-нын орнына а
дыбысын қолданғанда абыз болады. Қазақта ескі кездегі шамандарды абыз
деп атаған. Ру кұрылысы дәуірінде олар ру бастықтары болғандықтан, рудың
ақсақалы, үлкені болғандықтан, абыз сөзі барлық үлкендердің аты болып
кеткен. Әйелдің үлкенін де қазақтар - абысын, татарлар - абызтай, ағаны
-абзы дейтіндері сол абыз ұғымынан шыққан сөздер - деп көрсетеді автор
[Қ.Жұбанов. Шығ. мен естеліктер. Алматы, 1990, 17-20 бб.].
Музыка аспаптарын зерттеушілер арасында қобыз атауын, оның
қамузқамус вариантына байланысты, көне түркі тілдеріндегі шаман дініне
байланысты *қам түбірінен тарату дәстүрі де бар. Мысалы, Махмұд Қашғарй,
Жүсіп Баласағұни енбектерінде қам деген сөздің - шаман деп те, не соның
(с различными оттенками значения: врачеватель, исцелитель, прорицатель,
предсказатель, заклинатель, кудесник, чародей, маг, волшебник: колдун) өте
кең мағыналы баламасы деп қарау бар [ДТС,с.413]. Бірақ бұл жоба да әлі
анықтай түсуді керек ететін сияқты. Өйткені музыка аспабын шаманның өзі
қолданса да, бірақ оның атына қойылмауы тиіс.
Қобыз атты музыкалық аспаптар туыстас түркі және басқа халықтарда да
кездеседі. Бірақ олар түбірі бір бола тұрса да, сыртқы тұлғасы бөлектеу
болып келеді: қобызқомусқомызкумусқомыс қобыж- т.б. Осыған
пайымдап қарасак, бұл атаулардың барлығы бір ғана ортақ гомогенді ілкі
түбірден тарағанын көруге болады. Ол ортақ бір буынды түбірлер
варианты -*қом*қум*қобқұб_ - түрінде қалыптасқан моносилабтар. Бұл
түбір Қазақ тілінде сондай-ақ басқа жанды тілдерде бүгінгі таңда өзінің
жеке-дара қолданысы мен дербес мағынасын сақтамаса да (тілімізді мұндай
ескірген, не өлі түбірлер өте көп), көне және орта ғасырлық жазба
ескерткіштері тілінде әр алуан этимологиялық варианттарда және бәріне ортақ
"іші қуыс ыдыс*. "кеуек зат' деген мағынасында кездесетінін көреміз.
Басқаша айтқанда, аталған ортақ мағынада (*қуыс, кеуек') кездесетін,
бірақ сырт тұлғасы түркі тілдеріне тән фонетикалық заңдылық бойынша сан
кұбылып өзгерген қобыз (қоб+ыз) бір түбірден былайша тарап дамыған: *қау
[qaw] - қауға, қауыз *құу [quw ] - қуыс, қуық \\*қап [qар] — қабық.
қапшық, *кеу [kew] – кеуек, кеуілжір, *қоп [qор] - қобы, қобық. қобыз т.б.
Міне. біздің пікіріміз борйынша, қобыз атауы осы аталған ілкі
түбірлердің [У ~М ~-П] дыбыс алмасуы негізінде қалыптасқан этимологиялық
гомогенді варианттардың (*қоб) тұлғасынан туыңдаған атау.
Бұл атау көне түркі жазба ескерткіштер тілінде, мысалы: qатіс "черпак,
ковш', qатіs "тростник", 'камыш*: qарaq 'покрышка*, "крышка": qaр "оболочка
плодного пузыря', qарсиq 'мешочек'; qаbuсaq "дупло": qаbaq 'тыква', qаbап
"блюдо, поднос, тарелка'; qаbиq "мочевой пузырь'; qоbuz 'комуз, музыкальный
струнный инстумент"; qоbzа 'играть на комузе' т.б. [ДТС, 450 др.стр.] .
Бұл келтірілген "іші қуыс деген мағынаны аңғартатын сөздердің баршасы
бір буынды түбірдің сонғы дыбыстарының - [П-~Б~У~М сәйкестігіне байланысты
қалыптасқан [qaр-qаb-qоb-qаи-qат] түбір вариант тарынан өрбіген, соның
біреуі - қобыз. Бұл тәрізді біраз сөз түркі тілдерінде -ыз-із (қауыз,
жауыз), -ыс-іс (қамыс, ыдыс), -ыш-іш (шөміш) сөзжасам моделі арқылы
жасалған.
Демек, біздің жобалауымыз бойынша: қобыз атауы о баста музыкалық
аспаптың шанағының сырт тұлғасына байланысты іші қуыс шанақты аспап деген
уәж негізінде қалыптасқан.
Жоғарыда сөз болған желқобыз желқабыз және желбуыз жанама
атауларына келетін болсақ. ол желғабыз - балықтың жүзуіне қажетті үртен
қарын тәрізді зат, торсылдақ [ҚТС, 1999, 227 б.. дегенді білдіреді де,
түбірі (*қоб~~*қаб...) ортақ қобыз сөзінің бір варианты да болып
саналады, ал буаз сөзі екі қабат, аяғы ауыр әйелдің не буаз малдың жел
кернеп тұрған меске ұқсайтын қарнына балаудан туындаған бейнелі атау.
Ен алғаш Н.Тілендиев Отырар сазы оркестріне қосып дыбыстандырған бұл
аспап желбуаз деп аталған екен. Кейін желқобыз болып, дұрыс аталып жүр.
Қобыз атауының көптеген этимологиясының ішінде біздің ұсынып отырған
жобаға жақыны қырғыз ғалымы К.Сейдақметовтың ұсынысы. Ол өзінің Қырғыз
тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде: Комуз байыркы түрк тилинде кобы
сөзү көңдөй маанисин берген. Мына ушул сөзгө - 3 мүчөсү жалгануудан кабыз
сөзү келіп чыккан. Жалкы сөзүне - 3 мүчөсү
уланып, кайра эле аға мааниси бирдей болгон, жалгыз сөзү жасалған
сыяктуу, кобы сөзүнөн жасалған қобыз да ошондай эле маани берген - деп
көрсетеді [КТКЭС, 146].
Бұл жердегі кобы сөзі іші куыс (орысша - пустой, полый) деген
мағынаны білдіреді.
Сонымен, Қазақ саз аспаптары құрамындағы 4-5 қобыз (кейде - қабыз)
түрінде ортақ атау болып жүрген қобыз сөзі о баста қылқобыздың іші қуыс
(шөміш, ожау. дүңгіршек. тостаған сиякты) шанағына ұқсас ыдыс тәрізді
заттың атауын білдірген. Демек, қобыз атауы ортасы қуыс дөңгелек шанақты
аспап дегенді білдірген. Онын түп-төркіні түркі тілдеріне тән элемент.
Сондықтан да, қобыздың көршілес басқа тілдерде (мысалы, орыс, украин т.б.)
қолданылып жүрген тұлғасы ғана емес, мағынасы да өзгерген варианттарын
түркі тілдерінен кабылдаған мәдени ауыс-түйістер деп қараған жөн. Мысалы,
украин халқының ұлы ақыны Тарас Шеиченконың әдеби лақап (псевдоним) —
Кобзарь - да осы түркі қобызына байланысты.
Орыс тілінде де кобза, кобзарь, кобузы деген музыкалық атаулар бар.
Бірақ бұлар да түркі тіліндегі тұлғасы мен мағынасы біршама өзгеріп
кабылданғанын біз В.Дальдің түсініктемесінен де айқын көреміз.
В.Даль өзінің сөздігінде:
Кобза южн. род бандуры, осмиструнная округлая балалайка... Кобзарь
бандурист, скоморох, играющий на кобзе, нищий, слепец, поющий думы, былины
Украины;... Кобу(ы)зы вергань, зубанка, железная лира со стальным язычком;
прикладывается к зубам, пальцем бьют по язычку, образуя звуки изменением
полости рта - деп көрсетеді [В.Даль. Толковый словарь живого
великорусского языка. Т.И, М., 1995, стр.127].
Пайымдап караған адам Қазақ (жалпы түркі) саз аспабы саналатын
қобыздың орыс болмысына енген (бүгінде колданысында кездеспейтін) нұсқасы
жоғарыда аталған 4-5 қобыздың қайсысы деген сауалға тек қылқобыз бен
шаңқобыз ғана емес, басқа саз аспаптары да, соның ішінде 8 ішекті (көп
ішекті) адырна не жетіген де бар ма деп жауап беруіне болады.
Бұл дерек нені көрсетеді? Қобыз атауының өткен бір замандарда тек
қазақтың кылқобызына ғана емес, сонымен қатар томпақ, дөңгелек, сопақ т.б.
тұлғада шанағы бар (тіпті. соның біріне домбыраның - орысша бандураның -өзі
де) саз аспаптарының баршасына катысты жалпы атау болғандығын көрсетеді.
Бұл пікір, әрине. арнайы зерттеуді қажет етеді.
Қобыз үғымына байланысты қалыптасқан аспаптардың біреуі
-желқобызжелқабыз да, екіншісі - шаңқобыз. Бұлар топтастыру принципі
бойынша үшінші топ (желқобыз) пен алтыншы (іиаңқобыз) топта қарастырылады.
2.9. Сазген
Қазақ музыкасына, аспаптар тарихына бағышталған зерттеулер мен әр
түрлі дерек-мағлұматтарға Қарағанда сазген аспабы қазақтың саз аспаптар
қорына кейінгі кездері ғана келіп қосылған, маман, шеберлер тарапынан
жаңғырып, жаңаланған көне де байырғы, түп-тегіі түркі жұртына тән
аспаптардың біріне жатады.
Сазген аспабының қазақ музыка аспаптарының қорына кейінірек (80-ші
жылдары) келіп қосылғанын. оны танып-білу де жақын жылдарда ғана
басталғанын үш түрлі фактормен дәлелдеуге болады. Біріншіден, Қазақ саз
аспаптарын бастан-аяқ түгел зерттегеп маман Б. Сарыбаевтың енбегінде сазген
арнайы сөз болмайды [Б.Сарыбаев "Қазақтың музыкалық аспаптары. Алматы,
1981]. Бұл аспап туралы мағлұмат Б.Ғизатов сөздігінде де [Қазакша музыкалық-
терминологиялык сөздік. Алматы, 1981]. сондай-ақ, О.Бейсенбекұлының
зерттеуінде де жоқ [О.Бейсенбекұлы. Сазды аспаптар сыры. Алматы, 1994].
Екіншіден, бұл аспаптың ұлттық музыка әлемінде кең тарай қоймауы оның
жаңғыртып, жаңалану процесінен түгел өтіп болмауына (мысалы. үш ішек, төрт
ішек болып өзгеруіне) байланысты.
Үшіншіден, аспапқа сазген деген атауды кім бергені белгісіз, өйікені
саз сөзі түркі тілдеріне жатпайтын иран сөзі. Ал. Сібір аймағындағы түркі
халықтарының тілінде сазген деген атау кездеспейді.
Бірак, қалай болса да. сазген түркі әлеміне тән қобыз тобына жататын,
онымен музыкалық мүмкіншілігі, пішін-тұлғасы (пернесіздігі), ойналу тәсілі
(саусақ тырнактарының сыртымен, қияқ. ысқымен ысып т.т.) бірдей, екендіг.
Жалпы қазақ музыка аспаптарының тарихы үшін, соның ішінде сазген
аспабының Қазақ аспаптарының бірі ретінде қалыптасуын, табиғатын танып-білу
үшін ескерілетін бір деректі. Омар Хаймолдиннің жариялаған материалынан
оқимыз:
Мен 1982 жылы Абақан қаласындағы хақас халқының саз училишесінің
шебері А.А.Шулбаевтыи қолынан ыйык деп аталатын саз аспабының екеуін
әкелген едім.
Бұл - ерте замандардан халықпен бірге жасасқан. ықшамды да ыңғайлы,
төрт ішекті, ысқышты, егектетіп ойналатын қияқты аспалы саз аспабы. Мұның
өз бітіміне тән үні де, үндестігі де жағымды, әуезі үйлесімді. Бұл аспаптың
жасалуы өте ісмерлікті таңдайтынын аңғартады. Халық танымы бойынша, жазға
салым Қилы ағаштын дінін бойлай шырын балы жүгіреді. Дің. түтікшелі талшық
тарамдарынан тұрады. Осы талшықтардың түтікшелері шырын балдың тегеуірінді
кернеуінен жарылып кетеді. Шырын балы ағып, тамырдың тұмырын түзіп, томарлы
безге айналады. Шебер осы безді шауып алып, оны жас жапаға орап, көленкеде
кептіреді. Мұндай баппен дайындалған без жарылмайды, сынбайды, күн өтіп,
ылғал сіңбейтін қатты болады. Сазген жасау алдында безді морға көміп,
балқытып, пішін шығарып. кескінді ұсқын беріп, саз аспабының бейнесін
шығарады. ...Қарағайдың түбінен қайырып, үйеңкінің түбінен уйіріп,қара
еменнің өзегін ойып, ақ қайыңның безінен қағып алған қобызым... - дейтін
Қорқыт атамыздың сарыны да соны мезгейді.
Осы тектес тәйл, әдіспен, амалмен, білгірлікпен жасалған саз
аспаптарының үндік құдыреті де өзгеше болмақ. Соның бірі мына алдымыздағы
бүгінгі әңгіме етіп отыріан сазген. Халык ісмері һәм өнерпаз күйшісі
Әбушәкір Әбусейітжамалұлы осы саз аспабымен Сұршекпен, Құсжирен атты
күйлерін шығарған.
Халық арасына кең тараған сазген аспабының тұрқы - 50-60, шанағы - 25
сантиметр. Екі немесе үш бунақты шанағынын бүйір биіктігі 4-5см. Мойыны 20,
құлақтығы - 7-8 см. Төрт қүлағы ырғай, тиегі мүйіз не емен, ішек кепілдік
тығыршығы мүйізден жасалады. Қилы өрнек, түрлі түсті зер
жүргізіп, жылтылдақ моншактармен безендіріледі.
Сазген^ - өнерпаз жұртшылық қолтумасының тандаулысының бірі. Ендеше
ұмытылған дүниелерімізді іздестіре беруден абзал міндет болмаса керек -
деп тұжырымдады автор [О.Хаймолдин. Сазген Білім және еңбек, ...32].
Міне, бұл сазген аспабының Қазақ топырағында қайта туып, жаңғырып,
жаңалануын баяндайтын алғашкы дерек, ол аспаптың жасалу тарихынан қысқаша
баян. Бірак осы келтірілген мағлұматтар бұл аспапты толығырақ танып-білгісі
келетін мамандар үшін бірнеше заңды сұрақтар тудыратын сиякты. Олар: 1)
Сазген Қазақ халкының өз топырағында туған өзінің төл аспабы ма, жоқ әлде
О.Хаймолдиннің Хакасия жерінен алып келген_екі аспаптың жаңғырып.
қазақыланған жаңа нұсқасы ма? 2) Осы сауалдың жауабына байланысты: сазгенді
қазақтың төл аспабы деуге бола ма, жок әлде мәдени ауыс-түйіс нәтижесі
деуге бола ма? 3) Хакасия халқының музыка аспаптары ішінде сазген деген
аспапты біз көре алмадық Сонда онын ол тілде атауы басқа ма, жоқ әлде
сазген деп автордың өзі қойып отырған атау ма? Олай болса, сазген нені
білдіретін сөз? т.т.
Міне, осы сұрақтарға байланысты сазген аспабының табиғаты. шығу
тарихы. атауы арнайы зерттеуді талап егетін мәселе. Біздің жобалауымыз
бойынша, сазген атауы - бұл аспапқа тек кейінгі кездерде ғана қазақ
қауымында қойылган саз сөзінен туындайтын, жетіген атауына ұқсатып
қойылған жаңа атау. Саз - иран тілдерінен ауысқан музыка, мелодия,
музыкалық аспап деген сөз.
Біздің пайымдауымыз бойынша: 1) сазген аспабы тым ертеде пайда болған,
көптеген түркі халықтары мен тайпаларына ортақ қобыз тектес, бірақ атауы
ғана емес, бітім-тұлғасы да өзгерген ішекті-еспелі аспаптардың біреуі; 2)
қазақтар болмысында ертеректе болса да, қобыз аспабының кең етек жаюына
байланысты ығыстырылып, ұмыт болған, сондықтан ол оған (қазақтарға) уақыт
өткізіп қайта оралған, жаңғырып, жаңаланған аспаптар санатына жататын
аспап; 3) сондықтан да болар, сазген аспабының атауы кейін қойылған, тек
қазақ тілінде (басқа тілдерде жоқ) ғана кездесетін жаңа атау.
Сазген аспабының суреті жұмыс соңындағы қосымшада берілді.
Б. Уілдекті-үрлемелі аспаптар
10) сыбызғы, 11) сазсырнай, 12) бұғышақ, 13)керней, 14)қамыссырнай,
15) қоссырнай, 16)үскірік, 17) ұран, 18)желбуаз, 19)кіркей
Жоғарыда көрсетілгендей, біздің ұсынып отырған классификациямыз
бойынша үілдекті- үрлемелі аспаптар тобына саз аспаптарының аталған 10 түрі
жатады. Бұл аспаптардың басын қосып,бір топқа үйіріп тұрған ерекшеліктеріне
олардың үрлеп ойнағанда уілдеп шығатын үні жатады. Ал, осы тәсілмен
орындауға түр -тұлғасы мен құрам құрылымы бейімделген бұл он шақты аспаптың
үніменен қауымда атқарған қызметіне келсек, олар сан алуан, бір-біріне
ұқсамайды.
Дегенмен, бұл топқа жататын аспаптардың баршасы да ұлт топырағында
туып, сол ұлт даналығы мен зерделігінің шеберлігі мен ісмерлігі арқасында
дүниеге келіп, қалыптасқан төл аспаптар. Демек, бұл аспаптардың атаулары
мен олардың жасалу мотивтері де тек ана тіліміздің негізінде ғана дүниеге
келіп, қалыптасқан төлатаулар.
Солай бола тұрса да, басым көпшілігі ұмыт болып, кейін қайта
жаңғырып, тірілген, жаңаланып, қайта қатарға қосылған. Бұл игілікті іске
белсене ат салысқан саз аспаптарын зерттеуші ғалым .Б.Сарыбаевтың, сондай-
ақ музыка зерттеушілерден О.Хаймуллиннің,..т.б., қолөнер шеберлерінен
Д.Шоқпаров, А.Құмаровтың...Ерекше еңбектерін атай кетуге болмайды. Оларды
музыка тарихы талдап-таратып айта жатар.
Біздің мақсатымыз –осы үілдекті-үрмелі аспаптар тобына жататын саз
аспаптарының дүниеге келу жылдары мен белгілі атауларға ие болу мотивтерін
этнолингвистикалық тұрғыдан айқындай түсу .
Уілдекті-үрмелі аспаптардың табиғатына тән ең басты ерекшелікті арнайы
зерттеуші ғалымдар олардың жанды табиғат құбылысына,ондағы қимыл-
әрекет,жарық- сәуле, әсіресе, дыбыс түрлеріне еліктеуге байланысты деп
қарайтыны белгілі. Мысалы, бұл құбылысты О.Хаймолдин: Желдің уілі не,
қамыстың суылы ма, құрақтың сусылы ма, ағаштың сыңсуы ма-бәрі,
табиғаттағы үн адамдар қолымен жалыған аспаптар көмегінен мағыналы ойға
айналып, қайта құйқылжыған. Табиғаттағы әуендерді дәл, алуан түрлі
иіндерімен бейнелеу мақсаты саз аспаптарын түрлендіріп, жетілдіріп отыруды
талап ететтін еді. Тарихтың әр бейнесінде осындай қажеттіліктен туған қазақ
халқының төл саз аспаптарының түрлері көп-ақ: бұғышақ, желқабыз, желбауыз,
хомус, сыбызғы, қамыстілік, қосқамыс, керней, әмірғы, үскірік, пырғы, ызың
т.б. - деп баяндайды. [О.Хаймолдин уелдіктер Қазақ әйелдері, 1983,
№7].
Үрмелі аспаптар туралы ел жадында сақталған құнды деректерді жинақтап,
олардың қалыптасу тарихын сөз еткен олардың жеке- дара нұсқа- үлгілерін ел
жинап, жаңғыртып, қатарға қосуда да Болат Сарибаетің еңбегі ұлан-ғайыр
[КМА,80-107].
Бұл жұмысты жалғастырған зеттеушілер де (О.Бейсенбекұлы, ... ... .)
баршылық.
Айта кететін бір жағдай: үрлемелі аспаптар тобына енгізілген
аспаптардың түрлері мен саны да барлық авторларда бірдей емес. Мәселен,
Б.Сарыбаевта -7: қамыс сырнай, қос сырнай, саз сырнай, үскірік, тастауық,
керней, сыбызғы- болса, О.Бейсенбекұлында да -7: сыбызғы, сазсырнай,
үскірік, тастауық, сырнай, шаңқобыз, керней. Ал, біздің ұсынып отырған
аспаптар тобында -9: сыбызғы, сазсырнай, бұғышақ, креней, қамызсырнай,
қоссырнай, үскірік, ұран, желбуаз желқобыз, кіркей.
Төменде біз бұл аспаптардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталамыз.
2.10 Сыбызғы
Сыбызғы – қазақ халқының үілтекті- үрлемелі аспаптар тобына жататын
қамыстан, қурайдан, үшқаттан, ғаштың діңінен, іші қуыс жезден жасалатын
ұзыгдығы әртүрлі (50-ден 80 см-ге дейін.) үрлемелі аспап. Сыбызғы сияқты,
атаулы әртүрлі: (май, қурай, ачарпан, комыль, лимба, свирель т.б.), бірақ
табиғаты ұқсас аспаптар басқа халықтардың бәрінде де кездеседі.
Сыбызғы аспабының ең басты қасиетінің біріне оның тек қурай сияқты
іші қуыс түтіктен (трубадан) тұратын қарапайым бітім – болмысы жатса,
екіншісіне ауыз бен үрлеп ойнау (әртүрлі дыбыс шығару) тәсілінің өте
қиындығы жатады. осы бір қасиетін О. Бейсенбекұлы: Түтікке желді тура
бағыттап үрлесеңіз ешқандай дыбыс шықпайды. Ал, сәл қиғаш үрлесеңіз ауыздан
шыққан жел түтіктің бір қырына тиеді де, белгілі бір дәрежеде бояуы мен
биіктігі бар дыбыс шығады. Демек, мәселе қалай үрлеуде екен. Түтіктің
қырына тиген жел бағытын өзгертеді де, өзектің ішінде тербеліске түседі.
Осы тербеліс шанаққа тиіп, жаңғырып, дыбыс шығарады. Барлық үрлемелі
аспаптардың жұмыс істеу принципі осы физикалық құбылысқа негізделген. Бұл
құбылыс тек дыбыс шығаруға көмектеседі. Ал әуез ырғағын жоғары – төмен
көтеріп – түсіру үшін адам түтіктің бүйірін тесіп көтеріп, өзектегі
тербеліске түскен желдің енді дәл жаңағы ойықтардың тұсына келгенде
тербелісін өзгертіп, ол тетіктердің ашылып-жабылуы арқылы дыбысты да жоғары-
төмен түсіріп, өзгертіп, құйқылжытып, отыруды меңгерген ... деп
түсіндіреді.[О.Бейсенбекұлы. Сазды аспаптар сыры ...70-б.].
Сыбызғы – үрлемелі аспаптар ішіндегі ең көне де қарапайым түрі. Оны
ертеректе малшылар көбіне - көп қурайдан- ақ жасап ала берген. Ол үшін
діңінің іші қуыс көкқурай, қарақурай, ақурай, қызылқурай, таңқурай,
рауағаш, жаужапырақ, қурайы, т.б. қурай түрі жарай берген.
Сыбызғы – қазақ халқының, әсіресе, қойшы-малшылар арасында ертеден
келе жатқан сүйікті музыка аспабы. Қазақтар сыбызғыны жылқы малының
азаны деп атаған. Жылқыны іңіреттеп, жусатар алдында сыбызғы тарту әдеті
болған. Шоқан Уалиханов Қытай қазақтарынан қапталмалы сыбызғы әкеліп,
Питербургтың этнографиялық музейіне сыйға тарса, Абай Құнанбаев та Семей
музейіне сыбызғы қазіргі кезде де ел ішінде кездеседі.. (О.Бейсенбекұлы.)
Басқа кейбір өркениетті еледрдегі жетілдірілген үрлемелі аспаптарын
көрген кейбіреулердің сыбызғының болашағы жоқ дегенді желеу етіп,
сыбызғыны ығыстыруға тырысқандары да белгілі. Алайда музыка маманы Б.
Сарыбаевтың сабызғы аспабын жан-жақты зерттеп, оның дыбыс арқылы мен бояу-
нақышын ашып, ойнау әдістерін жүйелеп, өзі ойнап көрсеткен зор еңбегі
нәтижесінде бұл көне аспап та ұлттық музыка аспаптарының қорынан өз орнын
алды. .[ Б. Сарыбаев. Сабызғы БжЕ, 1984, №73].
Қазір сыбызғының бірнеше түрі – қурай сыбызғы, ағаш сыбызғы, жез
сыбызғы - қалпына келтіріп, фольклорлық- этнографиялық үйірмелерде ойналып
жүр, оны шебер ойнайтын мамандар да қалыптасып жатыр.
Сонымен сонау көне дәуірлерде халықтың өз даналық, зерделігімен
дүниеге келген, малшы қауымның қиын да романтикалық өмірінде рухани серік
болып, қойшы- қолаңның қолында жүрген сыбызғы аспабы бүгінде ұлттық
музыкалық қазынасының төрінен орын алып отыр.
Сыбызғы табиғаты әлі де зерттей түсуді қажет ететін сияқты. Өйткені
сол сыбызғының қурайдан жасалған Қурай деп аталуы түрі туыстас башқұрт
халқының ұлттық музыкасының ең басты бірегейлерінің бірі болып саналады.
Сыбызғы атуының төркіні туралы бір ыңғай көзқарас жоқ. Бір автор
сыбызғыны қамыстың сыбыс атауымен байланыстырса, екінші бір автор сызыл,
сызғыр деген сөздерден шығуы мүмкін деп жобалайды. [Әдебиет және
искусство, Алматы, 1955, №7-б.].
Сыбызғы атауының төркінін акад. Ә. Қайдар дыбыс елеуішінен іздеу
керек дейді. Шыныда да, бұл пікірдің жаны бар деп ойлаймыз. Қазақ тіліндегі
имитативтік бай лексиканың құрамындағы ілкі түбірлердің бірі - * сыб*
сып. Міне, осы түбірден дыбысқа қатысты бір үйір түбірлес сөздердің
туындағынын көреміз. Олар: *сыбсыбыс 1) болар-болмас етілетін жіңішке үн,
дыбыс (глухой звук); 2) ауыз ұзынқұлақ хабар, өтірік-шыны аралас әңгіме;
*сыбсыбыр адамның, малдың қурай, шөп арасында жүрген жүрісінен шығатын
дыбыс (шорох); *сыбсыбырла - адамның дауысын қатты шығармай, жақын келіп
сөйлесуі; *сыпсыпылдау, сыпсыңдау аузы тең аузына тимей, сүйреңдеп өсек
айт, т.б.
Міне, осы дыбыс еліктеуіштернің сыб *сып ілкі түбірінен туындаған
туынды тұлғаның бірі - сыбыс – жіңішке, нәзік үн, дыбыс. Енді осы сөзге
- қы жұрнағын жалғағанда сол дыбысты шығаратын, сондай дыбыс бойына тән
деген ұғымды білдіретін сыбызғы (сыбыс+қы) деген көне аспаптың атауы
туады. О бастағы сыбысқы - ның сыбызғы болуына таңқалуға болмайды, бұл
тілдің фонетикалық заңдылығы. Бқл заң сақталмайтын хақас тілінде осы аспап
– сыбызха деп аталады.
Демек, қазақ тілінің өз топырағында дүниеге келген ңәзік жіңішке үн
(сыбыс) шығаратын аспап мағынасындағы сыбызғы оның байырғы да төл аспабы
болып саналады.
2.11. Сазсырнай
Уілдекті - үрмелі ұлттық саз аспаптарының бірі – сазсырнай. Ол
қазақтың ертеден келе жатқан, үрлеп ойнайтын көне де байырғы, төл аспаптары
санатына жатады. Сазсырнай - жер астында жүздеген жылдар бойы көміліп
жатып, 1971 - жылы Әл-Фарабидің мекені, ата-жұрты саналатын Отырар қаласы
орнында археологиялық қазу жұмыстарын жүргізу кезінде табылған аспап. Оны
кезінде беолігілі жазушы Дүкенбай Досжан аспаптанушы ғалым Болат Сарыбаевқа
әкеліп табыстайды.
Ол аспапты ұзақ зерттеп, жөндеуден өткізіп, барлық мүмкіншіліктерін
ашып, қалпына келтірген, сөйтіп ғасырлар бойы үнсіз жатқан сазсырнайды
қайта тірілткен де аспаптанушы ғалым Болат Сарыбаев болды. Сазсырнайдан
ғасырлар үні қайта жаңғырып, бүгінгі ұрпақтың өскелең, музыка мәдениетіне
қосылған зор үлес болды.
Сазсырнайдың бес түрі нұсқа- үлгісі жасалып отыр, олардың әрқайсысына
тән дыбыстары, арқылы анықталады. Сазсырнайдың өзі, атауы айтып тұрғандай,
саз балшықтан жасалған болса да, жетілдіру барысында оьның тағы бір нұсқасы
қыштан, енді бірі жезден, тағы бірі ағаштан жасалып, алардың өздеріне тән
дыбыс, ерекшеліктері анықталады. Бұлардың үні әуезді, құлаққа жағымды,
майда қоңыр, адамның өзінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz