Экономикалық ұғымдар


- Қазақстандағы ақша нарығының құрылымы. Ақша нарығының қолда бар құралдарына қарай және қазақстандық қаржы нарығының ерекшеліктерін ескере отырып, оның мынандай сегменттерін бөліп көрсетуге болады.
Қолма қол ақшамен төлеу заңды төлем құралы болып табылатын банкнот немесе тиын түрінде жүзеге асырылады. Төлемнің бұл түрінде төлеуші басқа бір тұлғаның алдында өз міндеттемесін орындау үшін банкнотты немесе тиынды нақты табыстауды жүзеге асырады. Чектермен есеп айырысу жол, есеп айырысу және басқа да чектердің чек ұстаушыға өз шотынан белгілі бір соманы банктің төлеуін бұйыратын төлеушінің жазбаша өкімінің көмегімен жүзеге асырылады.
Экономиканың ақша-несиелік реттеуіндегі вексельдер сатылатын және сатып алынатын нарықтың рөлі ерекше. Оның маңызы-экономикада ақша ағымын бірқалыпты етуінде жатыр.
Қазақстанда жаңа технологияның енуіне байланысты тағы бір құралды- төлемді жүзеге асыруға, ақшаны қолма қол алуға, валютаны айырбастауға, эмитентпен және оның жағдайымен анықталатын басқа да операцияларды орындауға мүмкіндік беретін ақпараттарды қамтитын құрылғылар мен электрондық терминалдар арқылы ақшаға қол жеткізудің құралы ретінде төлем карточкаларын пайдаланудың, қолданудың мүмкіндігі туады.
2. Бағалы қағаздар нарығының құрамы.
Акция- оны(акцияны) ұстаушының (акционердің) акционерлік қоғамға түскен пайданың бір бөлігін дивидендтер түрінде алу құқығын, оның істерін ж/е мүліктің бір бөлігін акционерлік қоғам таратылғаннан кейін де басқаруға қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлік қоғам құжаттандырылған формадағы атаулы акцияны ғана шығара алады. Ал артықшылықты акцияларға келсек, Қазақстанда оның 2 түрі бар: дауыс құқығы болмайтын, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар ж/е дауыс құқығы бар, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар. Облигация- бұл оны, номинал құны н/е басқадай мүліктік эквивалентті шығаратын тұлғадан осыларды өз иесінің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация -бұл эмитенттің қарыздық міндеттемесін растайтын құжат, ол оның активтеріне қарсы қойылады. Оның көмегімен жұмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды. Облигацияны шығару- капитал қарызының бір формасы. Фьючерс-тараптардың бекіту барысында белгіленген бағасы б/ша келешекте сатылатын ж/е сатып алынатын биржалық активтің стандартты биржалық келісімшартын білдіретін туынды бағалы қағаз. Опцион- келешекте қандайда бір активті тікелей бағасы бойынша сатып алуға н/е сатуға бағалы қағаздар иесінің таңдау құқығы. Депозитаралық қолхат- жергілікті нарыққа депозиттелген негізгі бағалы қағаздар иесінің құқығын айғақтайтын куәлік; жергілікті нарыққа қатысы жоқ адам бағалы қағаздың иесі болады, яғни бағалы қағаз шетелдерде депозитарлық қолхаттар арқылы орналасады.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару. Жинақтаушы зейнетақы қор- бұл ҚР заңында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға. Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың міндетті жарнасын шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру тарқылы қордың инвестициялық портфеліН қалыптастырады. Олар мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына бөлінеді. Зейнетақы активтерін алғашқыда ЗАБК (зейнетақы активтерін басқару компаниясы) ғанга орналастырады. ЖЗҚ жарна түсімін кастодиан-банктің шотына орналастырады, ал ЗАБҚ үш күннің ішінде оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыруға міндетті. ҚР-ғы 1998-2003ж. аралы5ында міндетті және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен жалпы соммасы 21604 млн тг құрайтын зейнетақы төлемдерін жүзеге асырған. 2000ж қорытындысы бойынша Қ-да таза зейнетақы активтерінің жиынтық мөлшері ЖІӨ-ң 4, 3% құрап, 112, 65 млрд тг теңесті. 2001 ж шілде айының ортасында ЖЗҚ-ң зейнетақы активтерінің мөлшері 1 млрд АҚШ долларынан асты. ЖЗҚ өз қызметінде зейнетақы жарнасын жинай алады, езінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алады және зейнетақы келісімшартының шарттарына сәйкес басқадай құқықтарды жүзеге асырады, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын үйымдармен келісімшартка отырады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар: Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы кепілдігін қамтамасыз ету үшін сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді. Пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндері мен есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа мүлiктi сенiмдi басқару туралы шарттың ережелерi қолданылады. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы жоқ.
4. Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері. 1999 жылы құрылған депозиттерді сақтандыру жүйесі ҚР сы баек жүйесінің қаржылық тқрақтылығының құрамдас бөлігі болып табылады. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асратын ұйым акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанда құрылатын ж/е өз қызметін заңның ҚРның өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ж/е жарғының негізінде жүзеге асыратын, коммерциялық емес ұйым б/т. Жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қорының құрылтайшысы ҚРның Ұлттық Банкі б/т, жағылық капиталы 1 млрд теңгені құрайды. Қаз/ң депоз/ге кепілдік беру жүйесінің одан арғы дамуы өтеу нысанын жеңілдету, өтемақы мөлшерін ұлғайту, сақтандырылатын депозит/р түрлерін кеңейту, жүйенің қызмет ету тәуекелдерін төмендету бағытында -ең үздік халық/қ тәжірибені пайдалануға негізделеді. Депозит/ге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаты- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Соның ішінде қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда салымшыларға төлемді өтеу арқ. банк жүйесіне сенімді қолдау б/т. Міндетті кепілдік беру жүйесінің банк-қатысушысы мәжбүрлі жойылған жағдайда депозиттерге 2008 жылғы 24 қазаннан бастап 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозитор-жеке тұлғаларға кепілдік беретін депозиттер бойынша кепілдікті орнын толтыру бойынша депозит бойынша қалдық сомада, депозит бойынша есептелмеген сыйақысыз, бірақ 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сыйақы төлейді.
5. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың мақсаттары, принциптері мен міндеттері Қаржы нарығын реттеу деп қатысушылардың қызмет көрсету процесінде пайда болатын қатынастарды реттеу, сондай - ақ олармен осы қызметтерге өкілетті ұйымдар тарапынан операциялардыжүргізу, ол/ң барлық қатысушыларын, қызметінің барлық түрін қамтитын қатынастарды айтады. Қ/ы нар/н реттудің мақсаттары: қ. н барлық қатысушыларының жұмыстары үшін тәртіпті ұстану және оларға жағдай жасау; қатысу/ды әділетсіз ж/е алаяқ жеке тұлғалардан н/е ұйымдардан қорғау; сұраныс ж/е ұсыныс нег. қаржылық құралдарға еркін ж/е ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету; кәсіпкерлік үшін ынтасы бар ж/е тәуекелге тиісті сыйақы беретін тиімді қаржы нарығын құру; қоғамдық мақсаттарға жету ү/н нарыққа әсер ету; Жаңа нарықтарды ұйымдастыру, ол/ң құрылымын бастауларын қолдау. Қ. н рет/дің қағидалары: эмитенттің, инвесторлардың, кәсіби қатысу/дың қатынас/ды реттеудегі жолдарын бөлу; барлық ақпараттарды ең жоғарғы шамада ашу; бәсекелестікті қамтамасыз ету; мем/к ж/е мем/к емес органдардың арасында реттеу қызметін оңтайлы бөлу; заңды ж/е нормативті актілерді жасағанда өкілетті бөлу ж/е жария ету. Міндеттері: қаржылық қызметті тұтынушы/ң заңды ж/е құқықтық мүдделерін бұзуға жол бермеу шараларын жүргізу; қаржы ұйымдарының түрлеріне сәйкес қызмет жүргізудің бірдей талаптарын құру; қаржы ұйымдарының қызметтерін реттеудің ж\е бақылаудың әдістері мен стандарттарының деңгейін көтеру ж/е оларға берілген міндеттемелердің толық ж/е уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.
6. Валюталық саясаттың мәні мен құралдары . ҚР негізігі валюталық заңдарына мыналар жатады: «валюталық реттеу туралы», «лицензиялау туралы», «ҚР ұлттық банкі туралы», «банктер мен банк қызметі туралы» және валюта қатынасының жүйесіне қатысты басқа да заң актілері. Қазақстандағы валюталық операциялардың орындалуына қойылатын бақылау белгілі бір дәрежеде шектеулі, ал бұл тәртіптің анықтау, ескерту және бұлдыртпау бойынша шараларын мемлекеттік өкілетті органдар - ҚР Ұлттық банкі, ҚР қаржы министрлігі, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі, валюталық бақылау органдары жүзеге асырады. Валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты немесе валюталық құндылықтарға қатысты себеп бойынша пайда болған қоғамның қатынастардың реттелген ережелер жиынтығы валюталық- құқықтық қатынас деп аталады. Құқықтық қатынастардың екі кешені бар: ішкі мемлекеттік және халықаралық. Валюталық реттеу-нормативті құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді. Валюталық заңға сәйкес, валюталық реттеу шараларына мыналар жатады: лицензиялау, тіркеу, хабарлау. Валюталық саясат - бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік стратегиясы б. т. Вал саясаттың қалыптасуы валюта бағамының режимін бекітумен байланысты. Валюта бағамын реттеу бша мемлекеттің шаралары: қаржылық, экономикалық, әкімшілдік және әлеуметтік-психологиялық. Валюталық саясаттың формалары: Дисконттық - валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны және жиынтық сұранысты реттеуге бағытталған. Девиздік валюталық саясат - мемлекеттік ұйымның не ортылық банктің шет ел валюталық сату мен сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі, жүзеге асырылу формалары: Валюталық интервенция, Валюталық резервті диверсификациялау бұл халық/ң есеп айырысуларын қамтамасыз ету, валюталық шығындардан сақтау мақсатында әртүрлі валюталарды өсу жолымен валюталық резерв/ң құрылымын реттеу. Валюталық шектеу, Валюталық бағам режимі, Девольвация ұлттық валютаның бағамын шетел валютасына қатынасы б/ша төмендету. Револьвация ұлттық валюта бағамын шетел валюталарының қатынасына жоғарлату.
7. Сақтандыру нарығының құралдары. Сақтандыру бұл көпфукционалды процесс. Оның негізгі қызметтері қажетті ресурстарды қалыптастыру тәуекел жағдайында қорғау, экономика қажеттілігін қпржыландыру мақсатында инвестиция көзін құру б. т. Сақтандыру нарығы сақтанушы мен сақтандырушы арасына тығыз байланыс орната отырып, сақтандырудың нәтижесіне байланысты экономикалық қарым қатынастың жиынтығын қамтиды. Сақтандыру ұйымдастыру формасы бша келесідей түрге бөлінеді: Мемлекеттік сақтандыру - бұл ұйымға арнайы өкілеттенген мем. ң сақтанушы ретінде қатысатын ұйымдық формасы. Акционерлік сақ/у. - мемлекеттік емес ұйымның формасында құрылған сақтандыру компаниясы. Бірін-бірі өзара сақтандыру - заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін олардың арасындағы ерікті келісім негізінде құрылған ұйым бейнеленеді. Өзара сақтандыру қоғамы өз міндеттемелері бша өзінің мүліктеріне жауап береді. Экономикалық сипатына қарай: Жеке сақ/у- бұл сақ. ң обьектісі болып адам өмірі, денсаулығы, еңбекке қабілеттілігі жатады. Жеке с тәуекелділік функциясында көрініс табады. Мүліктік сақ/у - обьектісі болып әр түрлі мүліктер б. т. Сақтанушылар ретінде мүлік иегерлері ғана емес, сондай-ақ мүліктің сақталуына, қорғалуына жауапкершілікті көтере алатын заңды және жеке тұлғалар бола алады. Жауапкершілікті сақ/у -бұл сақтанушының қандай да бір әрекетінің не әрекетсіздігінің салдарынан зиян шегетін үшінші тұлға алдындағы жауапкершілік обьект б. т. сақ. ң саласы. Экономикалық тәуекелдіктерді сақтандыру - тікелей шығындар тәуекелі с, жанама шығындары тәуекелі сақ/у. Жүргізу формасына қарай: Міндетті сақ/у - заңдық актілердің талап ету күшіне сай жүзеге асырылатын с. Ерікті сақ/у - міндетті с қарағанда сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ерікті түрде жасалған келісімшарт негізінде іске асырылатын іс.
8. Ипотекалық несиені кепілдендіру жүйесі. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы » ҚР заңына сәйкес «ипотека- кепіл берушінің н/е үшінші бір тұлғаның иелігіндегі және пайдалануында болатын кепілге салынған жылжымайтын мүлік» деп берілген. Қаз/да 2001 жылдан бастап халықаралық стандарттарды ескере отырып жасалған ипотекалық несиелеу жүйесі енгізілген. Қазіргі уақытта ҚР да АҚШ, Германия, Малайзия мем/ң тәжірибесін ескере отырып, жасалынған тұрғын үй ипотекалық несиелеу жүйесі қызмет етуде. Аталған жүйе б/ша тұрғын үй ипотекалық несие берушілер 2 деңгейден тұрады. I деңгейде алғашқы тұрғын үй ипотекалық несиесін берушілер, банктер мен банктік емес ұйымдар. II деңгейде алғашқы тұрғын үй ипотекалық несиесін берушілерден берген несиелері б/ша талаптарын ж/е кепіл құқықтарын сатып алуды жүзеге асыратын, қайта қаржыландырушы ұйымдар. 2003 жылы 27. 10 ҰБ бша «Ипотекалық несиеге кепілдік беру қоры» құрылды. Бұл қордың мақсаты ипот. несие бша сыйақы мерзімдерін ұзарту үшін қолайлы жағдайлар құру. Ипот. несие бша өз міндеттемесін орындамағанда, ипот. тұрғын үй қарыздарының әрбір шарты бша қор несие алдында жауап береді. Бұл қор көптеген ипот. несие тұрғын үй мәселелерін шешіп келуде. Егер мәміле бша ипот. несие алушы несиелік соманы төлей алмай қалғанда қор төлеп, қорғаушы қызметін атқарады.
9. Зейнетақы нарығының мәні мен қатысушылары. Қаз/ң зейнетақы нарығы елдің әлеуметтік- экономикалық жүйесінде ең серпінді дамып келе жатқан нарық. ҚР зейнетақы активтеріне келсек, қорлар 1998-2003 жылдар аралығында міндетті ж/е ерікті зейнетақы жарналарының есебінен жалпы сомасы 21604 млн теңгені құрайтын зейнетақы төлемдерін жүзеге асырған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6177 млн теңгеге өскен. 2004 жылдың қаңтар-ақпан айларында зейнетақы нарығында айтарлықтай өзгерістер болмады. 2004 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша республикада 16 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеген. Міндетті зейнетақы жарнасы боынша салымшылары ең көп қорларға мыналар жатады: «МЖЗҚ»ЖАҚ -37%, «Қазақстан Халық банкі»-17%, Ұлар Үміт 15%, Жалпы салымшылардың санына шаққанда олардың үлесі 69%ды құрайды. 1997 жылы 20 маусымда ҚР Үкіметі «ҚРдағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңын қабылдады. Зейнетақы жүйесінің І деңгейі - бұл мемлекеттік зейнетақыны қамтамасыз ету б. т. яғни компания төлейтін әлеуметтік салық есебінен бюджет қазіргі зейнеткерге және заңнама бойынша зейнетақы алуға құқығы бар тұлғаға зейнетақы төлейді. Зейнетақы жүйесінің ІІ деңгейі - бұл жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету қағидасына сүйенеді, яғни әрбір жеке тұлға өзінің табыс көзінен бекітілген бөлігін зейнетақы қор шотына аударуды және сәйкесінше зейнет жасына жеткенде заңнама бойынша бша анықталатын көлемде зейнетақы төленеді. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры заңды тұлғаны білдіреді және оның құрылтайшысы - мемлекет. Мемлекеттік емес зейнетақы жинақтаушы қоры - бұл салымшысының міндетті және ерікті зейнетақы активтерін қалыптастыру және оларды инвестициялау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.
10. Төлем тапсырмасы мен төлем талап тапсырмасымен есеп айырысу . Төлем тапсырмасымен есеп айырысу шаруашылық жүргізуші субьектілердің арасындағы есеп айырысуларды жүзеге асырудың ең қарапайым тәсілі. Бұл құжат шаруашылық жүргізуші субьектінің белгілі бір соманы өзінің шотынан басқа субьектінің шотына аудару туралы тапсырмасын білдіреді. Ол жазылған күннен бастап он күн жарамды б. т. егер банк пен шот иесі басқа нәрселерді кірістірмесе, онда төлем шотта қаражат болғанда ғана орындауға төлеушіден қабылданады. Есеп айырысу үлгісі:
Сатып алушы банкке төрт данада төлем тапсырмасын ұсынып, банк қолхаты ретінде біреуін кері қайтарып алады.
Сатып алушыға қызмет көрсетуші банк бір дана төлем тапсырмасының негізінде сатып алушының шотынан ақша қаражаттарын есептен шығарады.
Сатып алушыға қызмет көрсететін банк сатушыға қызмет көрсететін банкке төлем тапсырмасының екі данасын және ақша қаражаттарын бағыттайды.
Сатушыға қызмет көрсетуші банк төлем тапсырмасының екінші данасын пайдалана отырып, ақша қаражаттарын сатушының шотына аударады.
Сатушы мен сатып алушының банктері өз клиенттеріне есеп айырысу шоттарынан тиісті үзінді көшірмелерін береді.
Банкке соқпай, сатып алушыға бағытталатын тауар келісімшерты бойынша жеткізілгендер құнының есеп айырысу және жөнелтім құжаттарының негізінде сатушының талабын қамтитын есеп айырысу құжаты - төлем-талап тапсырмасымен есеп айырысуды білдіреді:
Сатушының өнімді жөнелтуі
Төлем талап-тапсырмасын жөнелтім құжаттарымен бірге беру
Жөнелтім құжаттарын, сатып алушыға қызмет көрсететін банктің картотекасына орналастыру.
Сатып алушыға төлем талап-тапсырмасын табыстау
Сатып алушымен төлем-тапсырмасын ресімдеп, оны сатып алушының шотында қаражат болғанда ғана қабылдайтын банкке табыстау.
Сатып алушыға жөнелтім құжаттарын табыстау
Сатып алушыға қызмет көрсетуші банк сатып алушының шотындағы төлем сомасын есептен шығарады.
Сатып алушыға қызмет көрсетуші банк сатушыға қызмет көрсететін банкке төлем талап-тапсырмасын бағыттайды.
Сатушыға қызмет көрсететін банк сатушының шотына төлем сомасын қосып қояды.
Сатып алушының және сатушының банктері өз клиенттеріне есеп айырысу шоттарынан тиісті үзінде көшірмелерін береді.
11. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне төленетін жарналардың түрлері. Қатысушы банк депозитті сақтандыру жүйесіне мынадай жарналар төлейді: 1. Міндетті күнтізбелік жарна - қатысушы банктердің тоқсан сайынғы төлемдері. Міндетті күнтізбелік жарналардың мөлшері есеп берілген тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдайы бойынша қатысушы банктің кепілдік берген депозиттері сомасының 0. 5% аспауы тиіс. 2. Қосымша жарналар - ұйымның кепілдік берілген өтемді төлеу үшін арнайы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы банк төлейтін бір жолғы төлем. Қатысушы банктің қосымша жарналарының мөлшері өткен тоқсан үшін төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның екі еселенген мөлшерінен аспауы керек. 3. Төтенше жарналар - депозитті сақтандыру жүйесі белгіленген тәртіппен алған қарыз сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны төлеуге арналған төлемдері. Төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік жарналарды төлеу міндеттерін тоқтатып қоймайды. Төтенше жарнаның мөлшері тоқсан сайын төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның жылдық мөлшерінен аспауы тиіс. Ұлттық банк бекіткен ережелерге сәйкес, қатысушы банктер міндетті күнтізбелік жарнаны енгізу жолымен қордың салымшыларының салымдарының өтеу төлеміне арналған резервін толықтырады. Міндетті күнтізбелік жарнаның мөлшерлемесі қатысушы банктердің қаржылық жағдайына қарай жеке белгіленеді. Қатысушы банктер жарнаны ұдайы төлей бермейді. Қор ең көп шамадағы жиынтық мөлшерді анықтайды. Қатысушы банктер осы мөлшерге қол жеткізгеннен кейін жарна төлеуді тоқтатады. Бұл арада күнтізбелік жарна банк шығындарының есебінен жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz