Қазақстан Республикасының ұлттық банкіндегі ақша-несие саясатының даму жолдары


- «ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ» МЕКЕМЕСІ
ИМАНГАЛИЕВА АККЕНЖЕ АСХАТОВНА
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі ақша-несие саясатының даму жолдары
6М050900 «Қаржы» мамандығы
Әлеуметтік ғылымдар магистрі
академиялық дәрежесіне ізденуші
диссертациясы
Ғылыми жетекші
э. ғ. к., Айгалин А. А.
Қазақстан Республикасы
- Алматы, 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1. 1 Ұлттық банктің -ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері . . . 9
1. 2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары . . . 19
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ
2. 1. Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау . . . 25
2. 2. Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі көсеткіштерін экономикалық талдау . . . 41
2. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар . . . 49
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүргізудегі негізгі бағыттар . . . 62
3. 2 Ұлттық ақша-несие саясатының қазіргі таңдағы мәселелері мен болашақтағы даму сипаты . . . 67
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 89
ҚОСЫМШАЛАР . . . 91
Термин сөздердің анықтамасы
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге және жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Алтын-валюта резерві - ұлттық валюта теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылады және пайдаланылады.
Ашық нарықтағы операциялар - бұл Ұлттық банктің айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.
Банктік Сервис Бюросы (БСБ) -алдыңғы қатарлы технологиялар негізінде Ұлттық Банктің, екінші деңгейдегі банктер мен басқа ұйымдардың жүйесінде ақпаратты және бухгалтерлік есепті өңдеу қызметін автоматтандыру болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкі - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке түрлендірілген «банктердің банкі» болып табылады.
Қазақстан Республикасының банкаралық есеп айырысу орталығы ҚБЕАО-ның - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы және уәкілетті органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Резервтік Орталығы «Q-BRO» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) - Қоғамның жарғысымен Қоғам қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Резервтік орталығының үйін салуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады деп көзделген.
Инфляциялық таргеттеу - орталық банктің инфляцияның сандық бағдарына қол жеткізу мақсатында ақша-несие саясатының құралдарын қолдануын білдіреді.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері - жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады.
Салық-бюджет саясаты - әзірленген мемлекеттік саясат шараларын тиімді іске асыруға және экономиканың теңгерімді өсуі қамтамасыз етуге бағытталатын
СВОП (ағылшынның swaр - айырбас) - ұлттық валютаны шетелдік валютаға белгілі бір мерзімнен кейін қайта айырбастауға міндеттеніп, айырбастау операциясы.
Нетто (итал. nettoтаза) - тауардың буып-түюсіз салмағы (таза салмағы) ; тауардың белгілі бір шегерімді шегеріп тастағаннан кейінгі бағасы (таза баға) ; шығасыны‚ шығысты‚ аударымдарды‚ т. б. алып тастағаннан кейінгі табыс сомасы немесе мөлшері‚ мысалы‚ таза (нетто) ұлттық өнім‚ таза табыс.
Брутто (итал. brutto - кірлі) - тауардың буылғандағы массасы; шығысы шегерілмеген жалпы табыс. Неттонынң антиподы, артық тазаланбаған бiрдеңенi бiлдiредi (ораушысы бар тауардың салмағы) .
Диссертацияда қолданған стандарттарға сілтеме
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1271 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар Кеңесінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 39 қаулысы.
2. Кассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы қаулысының шешімімен құрылған.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп Айырысуорталығы» РМК (бұдан әрі ҚБЕАО) банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес ҚР-ның Ұлттық Банкі Басқармасы 1995 жылғы 30 желтоқсандағы №252 қаулысының шешімімен құрылды.
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы" РМК (бұдан әрі - БСБ) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен 1995 жылғы 30 желтоқсандағы № 252 қаулысы негізінде құрылған.
5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Резервтік Орталығы «Q-BRO» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 51 қаулысымен құрылған.
Қысқартылған сөздер тізімі
АВР - Алтын-валюта резервтері
АҚ - Акционерлік қоғам
АТҚАЖ - ақпарат тасымалдаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесі
БААЖ - банкаралық ақша аудару жүйесі
БСБ - Банктік сервис бюросы
БХАЖ - банк хабарларымен алмасу жүйесі
БЭК - Бірыңғай экономикалық кеңістік
ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы
ЕҚТҚ - Еуропалық қаржылық тұрақтылық қорын
ЕОБ - Еуропа Орталық Банкі
ЖЖМ - Жанар-жағар май материалдары
ЖЗҚ - Жинақтаушы зейнетақы қоры
ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім
КО - Кеден одағы
ҚБЕАО - Қазақстан банкаралық есеп Айырысу орталығы
ҚҚК - Қаржылық қадағалау комитеті (18 мамыр 2011 жыл)
ҚҰБ - Қазақстан Ұлттық банкі
«ҚҰБ ҰИК» АҚ - «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы
ТТ - Трансмиссиялық тетік
ФРЖ - Федералдық резервтік жүйесі
ХВҚ - Халықаралық валюталық қор
АНС - ақша - несие саясаты
млн - миллион
долл - АҚШ доллары
ЕҚДБ - Европа қайта құру және даму банкі
АДБ - Азия даму банкі
МЖЗҚ - Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі біздің экономиканың 80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басы, дағдарыстық жағдайда болды. Әсіресе КСРО- ның ыдырауы және Қазақстанның әлемдік экономикаға бірден бір мүшесі болып енуі, халық шаруашылығын нақты басқарудың басты мақсаты болып табылды. Нарықтық экономика жағдайында, бұл ақша несие саясаты арқылы іске асады.
Ақшаның және несиелік қатынастардың проблемалары экономиканың өтпелі кезеңінде актуалды болып келеді. Бұл әлеуметтік экономиканың және саяси қоғамдық қайта құрылулармен байланысты. Әлеуметтік экономиканың қатынастарының трансформациялануы, соңғы жылдары Қазақстанда байқалған. Ақша несие саясаты реттеудің және ақша несие саясатының жаңа ұйымдастырушылық аспектілерді оқып білуіне қажеттілік туғызды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) 2011 жылы үйлестірілген макроэкономикалық және ақша-кредит саясатын жүргізуінің нәтижесінде елде макроэкономикалық, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылық қамтамасыз етілді.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Қазіргі кездегі экономистер ақша несие саясатын демократиялық қоғамға қажетті, ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудегі ең қолданбалы құралы екенің айтады.
Жоғарғы қорытынды мақсаты:
- бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- толық жұмыспен қамсыздандыру;
- ЖҰӨ нақты көлемін ұлғайту.
Бүгінгі біздің өмірімізге және бүгінгі күнгі Қазақстанға ақша несие саясатын оқып білу актуалды және қажетті. Қазақстанның ақша несие саясаты американдық, ағылшындық немесе басқа сол сияқты экономикасы дамыған елдерде жүргізілетін монетарлық саясаттай бола алмайды. Яғни бұл мәселе әлі де ұзақ зерттеуді қажет етеді. Ақша несие саясаты теориясы толық зерттелген, бірақ Қазақстанды экономикаға енгізілу процессінің зерттелуі әлі жалғасуда.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын одан әрі дамыту, сондай-ақ тұтастай алғанда қаржы жүйесіне деген сенімге қолдау көрсету;
- қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ету.
Мәселенің өңделу дәрежесі . Жұмысымның негізгі мәлімет көзі болып: ҚР заңы, ҚРҰБ Басқару қойылымы, қазақстандық және шет ел авторларының еңбектері, уақыт аралық басылымдар мен семинар материалдары.
Зерттеу пәні Қазақстан Республикасынынң Ұлттық Банкі қызметінің және ақша -несие саясаты ерекшеліктерінің қолданыста көрінуі.
Менің жұмысымның зерттеу объектісі болып, ақша несие саясатының Қазақстанда құрылу мен өткізу процессі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Жұмыста қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері қолданылған, сонымен қатар, Қазақстан экономикасында Ұлттық Банк қызметінің әлемдік тәжірибеде халықаралық деңгейдегі іс-әрекетіне әсері анықталған.
Жалпы диссертациялық жұмыста жүйелік талдау әдістері, жіктеулер, кескіндемелер, экономикалық математикалық модельдеу және т. б. талдаулар түрлері қолданылған.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы . Қазақстанда қаржы нарығындағы банк секторының Ұлттық Банк қызметіндегі мәселелерді шешуде теориялық және тәжірибелік бағыттарына байланысты кешенді өңдеу болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалықтарын анықтайтын негізгі нәтижелері келесідей:
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзуді жетілдіру;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастырып, халықаралық деңгейде қызметінің экономикалық мәнін талдау нәтижиесі арқылы анықталды;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырудағы құқықтық маңыздылығын зерттеу қортындысы жасалды;
- Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының мониторингін жүргізу, оларды дамыту бағдарламаларын қолдану ерекшеліктері ұсынылды.
Ғылыми тәжірибелік маңыздылығы. Бүгінгі біздің өмірімізге және бүгінгі күнгі Қазақстанға ақша несие саясатын оқып білу актуалды және қажетті. Қазақстанның ақша несие саясаты американдық, ағылшындық немесе басқа сол сияқты экономикасы дамыған елдерде жүргізілетін монетарлық саясаттай бола алмайды. Яғни бұл мәселе әлі де ұзақ зерттеуді қажет етеді. Ақша несие саясаты теориясы толық зерттелген, бірақ Қазақстанды экономикаға енгізілу процессінің зерттелуі әлі жалғасуда.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Апробациялық зерттеудің қорытындысы. Диссертацияның негізгі ережелері халықаралық және ғылыми-тәжірбиелік конференцияларда арнайы баспаларда жарияланды.
Зерттеу нәтижесі бойынша мақалалары . Автордың диссертациялық зерттеулер материалдары 2 баспалық шығарылымнан және жалпы көлемі 0, 5 басылым бетінен тұрады.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертация құрамына 18 сурет, 6 кесте, 4 қосымша кіреді.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1. 1 Ұлттық банктің -ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын одан әрі дамыту, сондай-ақ тұтастай алғанда қаржы жүйесіне деген сенімге қолдау көрсету;
- қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ету.
- Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi;
- Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;
- банктердiң банкі функциясын жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
- Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерiн басқарады;
- қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де тұлғалардың қызметін реттеу;
- қаржы нарығының, қаржы ұйымдарының және құзыреті шегінде өзге де тұлғалардың қызметiн, оның ішінде олардың қызметінің Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігін тексеру және байқау жөнінде бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының мониторингін жүргізу;
- қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жасау;
- Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының (бұдан әрі - қаржы орталығы) қызметін реттеу және дамыту;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
- 19 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 6 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат;
- 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы
- Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі
- 2 ведомство:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті
4 есеп беретін ұйым:
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Ұлттық Банк:
- «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры»;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» Резервтік Орталығы»;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы»;
- «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі»;
- «Проблемалық кредиттер қоры» ;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» ;
- «Мемлекеттік кредиттік бюро»
- акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы мен акционерi болып табылады.
- Ұлттық Банк "МЖЗҚ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының жалғыз акционерi болып табылады.
- Кассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы қаулысының шешімімен құрылған. Оның құрамына бұрынғы Мемлекеттік қазына қоймасы және Ұлттық Банктің Бас Алматы филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізетін бірқатар бөлімшелері кірді. [1]
- Қазіргі кезде Орталық шетел валютаның түпнұсқалылығын және төлемге қабілеттілігін, сондай-ақ тозу дәрежесін анықтау жөніндегі уәкілетті филиал болып табылады.
- Сондай-ақ Орталық жеке негіздемелер бойынша мемлекеттің меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) қымбат металдармен, асыл тастармен және олардан жасалған бұйымдармен операциялар жүргізу бойынша уәкілетті орган болып табылады.
- Орталық республиканың облыстық орталықтарына қолма-қол ақшаны жеткізу және әкету жөніндегі өте маңызды міндеттерді атқара отырып Ұлттық Банктің аумақтық (облыстық) филиалдарының резервтік қорларын қолма-қол ақшамен нығайтуды жүзеге асырады.
- штатында білікті мамандары бар әрі банкноталарды өңдеудің қазіргі заман талаптарына сай жоғары өнімді жүйелеріне және бірегей сақтау қоймасына ие бола отырып Орталық:
- қолма-қол ақшаға сапалы өңдеу: қайта санау және сұрыптау, тозған қолма-қол ақшаны жою және банкнот қалдықтарын брикеттеу жүргізеді, қолма-қол ақшаның сақталуын қамтамасыз етеді, кассалық қызмет көрсетеді;
- тазартылған алтынды, қымбат металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтаудықамтамасыз етеді.
- Орталықта тазартылған алтынға, қымбат металдарға, асыл тастарға және олардан жасалған кез келген түрі мен нысандағы бұйымдарға, сондай - ақ қымбат металдардың қорытпаларына сапалық және сандық сынақтарды қамтамасыз ететін химия-аналитикалық сараптама бөлімі (зертханасы) бар.
- Кассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы жүзеге асыратын құндылықтарға сынақтар жүргізудің сипаттамасы:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп
Айырысуорталығы» РМК (бұдан әрі ҚБЕАО) банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес ҚРның ҰлттықБанкі Басқармасының 1995 жылғы 30 желтоқсандағы №252 қаулысының шешімімен құрылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚБЕАО-ның құрылтайшысы және уәкілетті органы болып табылады.
ҚБЕАО төлем жүйесінің операторы болып табылады және төмендегі қызметтерді көрсетеді:
- банкаралық ақша аудару жүйесі(БААЖ) мен банкаралық клирингте ақша аударуды жүзеге асырады;
- SWIFT сервистік бюросы арқылы SWIFTжүйесінде пайдаланушылардың жұмысын ұйымдастырады;
- қаржылық мекемелер үшін VISAжелісіне кіруді қамтамасыз етедіжәне VISA төлем карточкалары бойынша доместик транзакциялары клирингінің нәтижелері бойынша түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді;
- банк хабарларымен алмасу жүйесі (БХАЖ) және ақпарат тасымалдаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесі (АТҚАЖ) арқылы қаржылық және басқа ақпараттармен алмасуды жүзеге асырады.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы" РМК (бұдан әрі - БСБ) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен 1995 жылғы 30 желтоқсандағы № 252 қаулысы негізінде құрылған және 1996 жылғы ақпаннан бастап өз қызметін бастаған. БСБ-ның құрылтайшысы және уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. [2]
БСБ қызметінің негізгі мақсаты алдыңғы қатарлы технологиялар негізінде Ұлттық Банктің, екінші деңгейдегі банктер мен басқа ұйымдардың жүйесінде ақпаратты және бухгалтерлік есепті өңдеу қызметін автоматтандыру болып табылады. БСБ Ұлттық Банк пен басқа ұйымдар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қызмет көрсетеді, консультациялық қызмет көрсетеді, бағдарламалық өнімдерді жеткізу және оқыту бойынша жұмыс жүргізеді.
Қазіргі уақытта Ұлттық Банкте БСБ әзірлеген жиырма автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйелер пайдаланылады. Шағын жүйелер Oracle және IBM платформаларында әзірленген және пайдаланылады. Банктік сервис бюросының Ұлттық Банкте ААЖ-не қызмет көрсетудің өңделген технологиясы бар.
БСБ Oracle және IBM компанияларының ресми әріптесі болып табылады және Қазақстан Республикасының ұйымдарына жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізеді.
БСБ Business Objects компаниясының бағдарламалық өнімдерін сатуды жүзеге асырады және қызмет көрсетеді.
Банктік сервис бюросында Қазақстан және Ресей оқу орталықтарында білім алған, Oracle (Oracle Certified Professional) және IBM кәсіпқойларының сертификаттары бар жоғары білікті мамандардың тұрақты штаты жұмыс істейді.
БСБ-да мынадай салаларда сапа менеджментінің жүйесі әзірленген, енгізілген және пайдаланылады:
- бағдарламалық өнімдерді әзірлеу;
- бағдарламалық өнімдерге қызмет көрсету.
“Қазақстан сапалау орталығы” сертификаттау жөніндегі органымен 2009 жылғы 23 ақпанда БСБ-ға берілген ҚР СТ ИСО 9001:2000 сапа сертификаты осының куәсі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz