Оқушылардың биоактивті нүктелерінің электрофизиологиялық көрсеткіштеріне персональды компьютерді пайдалануының әсері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Адам және жануарлар физиологиясы мен биофизика кафедрасы
Дипломдық жұмыс
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БИОАКТИВТІ НҮКТЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ПЕРСОНАЛЬДЫ КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУЫНЫҢ ӘСЕРІ
Орындаған
4 курс студенті: Чотбаева С. Ө
(қолы)
Ғылыми жетекші
б. ғ. к., доцент: Гумарова Л. Ж.
(қолы, күні)
Нормабақылаушы:
б. ғ. к., доцент: Гумарова Л. Ж.
(қолы, күні)
Кафедра меңгерушісі,
б. ғ. д., профессор: Төлеуханов С. Т.
(қолы, күні)
Алматы, 2011
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы 41 беттен, 3 кестеден, 2 суреттен түрады, жұмыста 39 әдебиеттер пайдаланылған.
Кілттілік сөздер. аурукулярлы биологиялық активті нүктелер электромагнитті өрістер дербес компьютерлер электромагнитті сәулелену, тыныс алу жүйесі, қан айналу жүйесі, ас қорыту жүйесі, соматикалық сезімталдық бүйрек үсті бездері, электроөткізгіштік, адам денсаулығы.
Жұмыстың мақсаты: . Оқушылардың биактивті нүктелерінің электрофизиологиялық көрсеткіштеріне персональды компьютердің пайдалануының әсерін анықтау болып табылады.
Зерттеу обьектілері мен тәсілдері: зерттеу обьектісі ретінде бақылау тобына Алматы қалалық Мүсілім Базарбаев атындағы мектеп гимназиясының дені сау 20 оқушы балаларға зерттеу жүргізілді.
Зерттеу тәсілдері тері бетіндегі орналасқан биологиялық активті нүктелердің (БАН) электроөткізгіштігін анықтайтын арнайы «Поиск» құралы арқылы анықтадым. . Статистикалық талдау Microsoft Office Excel 2007 көмегімен Стьюдент критерий арқылы арасында есептелінеді. Адам ағзасындағы физиологиялық жағдайын бақылау үшін алты биологиялық активті нүктелер таңдалды.
Зерттеу нәтижелері:
Ең жоғарғы көрсеткіш хе-гу биоактивті нүктесін көрсетеді. Хе-гу нүктесі тоқ ішек меридианасына жатады және вегетативтік жүйке жүйесінің тепе-теңдігінің бұзылуын көрсетеді, бұл нүктенің осындай көрсеткіштерінің жоғары болу себебі - вегетативті жүйке жүйесіне компьютердің әсерінің жасөспірімдердің организмдерінің жауабының жоғары болуы.
Одан кейінгі көрсеткіш ней-гуань және да-линь биоактивті нүктелерінің жоғарғы көрсеткіш көрсетіп отыр. Олар перикард меридианасына жатады, бұл нүктенің көрсеткіштерінің жоғары болу себебі қан және лимфа айналымдарына компьютер әсерінің жоғары болуы.
Зерттелген биоактивті нүктелердің арасында ең төменгі көрсеткіштер чжун-чжу және вай-гуань биоактивті нүктелерінде болады. Олар эндокриндік жүйелер меридианасында орналасқан. Бұл көрсеткіштердің төмен болу себебі компьютерді пайдалануда оқушылар ағзасына әсерлесу нәтижесінде жыныс бездері және бүйрек үсті бездерінің физиологиялық тепетеңдігінің бұзылуын көрсетеді.
Алынған нәтижелері бойынша компьютер пайдалынуының оқушылардың ағзасына кері әсерін тигізетінің анықтадық. Компьютер пайдалыну кезінде гигиеналық нормаларын қадал түрде сақтау, жиі-жиі демалып, күніндегі пайдалану уақытын қысқарту жасөспірімдер үшін аса маңызды. Мектептерде оқушыларға сыныпта компьютер пайдалану мен үйде үй тапсырмасын жасау үшін компьютер пайдаланудың уақытын мүмкіншілік болғанша қысқарту ұсыныс жасауға болады.
ГЛОССАРИЙ
БАН-тері бетінде орналасқан биоактивті нүктелер, солар арқылы ежелгі Шығыс медицинасы да емдік шаралар қолданған.
ЭӨ- адам ағзасындағы мүшелерінің электроөткізгіштігі.
ОҚ-оптикалық қасиеттері
ЖҚТ- жарық тасымалдаушы қасиеті
ОЖЖ-орталық жүйке жүйесі
МАЗМҰНЫ
бет
КІРІСПЕ 4
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 8
1. 1 Электромагнитті өрістер- экологиялық маңызды мәселе 8
1. 2 Электромагнитті өрістердің адам ағзасына әсері. 11
1. 3 Аурукулярлы диагностиканың ағза жүйесіндегі
физологиялық жағдайын индикатор ретінде пайдалану 13
1. 4 Жас өспірімдердің жасқа сай ерекшеліктері. 14
1. 5 Электромагнитті өрістер жәе сәулелену 17
1. 6 Компьютердің оқушы балаларының жан-дүниесіне әсері. 19
1. 7 Терінің биологиялық активті нүктелері 20
1. 8 Терінің электр тоғына жауап беруі. 24
2. ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІЛЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ. 27
2. 1 Зерттеу обьектісі
2. 2 Зерттеу тәсілдері 29
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ. 31
ҚОРЫТЫНДЫ 37
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 38
КІРІСПЕ
Кәзіргі таңда адамзат қызметінің қай саласын алып қарасақ та, ақпараттық технологиялар кеңінен еніп, қолданыс табуда. Бұл дауасыз факт. Компьютерлердің кең өріс алуы-актуальды және де маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Әрбір жаңалық әдеттегідей жаңа проблемалар туғызады. Сондай проблемалардың бірегейі-компьютердің адам денсаулығына, әсіресе бала денсаулығына әсері өте жоғары.
Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы және олардың соңғы жылдары Қазақстанда таралуы жас ұрпақтың денсаулығына, ақыл-ойының жетілуіне өзінің кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Кәзіргі мектеп оқушылары компьютердің алдында көп уақыт өткізеді. Сабаққа дайындалу барысында әртүрлі мәлімет іздейді, интернет мүмкіндіктерін пайдалана отырып құрбыларымен тілдесіп-көріседі, хат жазысады, одан қалған уақытта компьютерлік ойын ойнайды, музыка тыңдайды т. с. с. Ұзақ уақыт компьютердің мониторына телміріп отырған балалардың қызығып кететіндері соншалықты, олар демалуды да ұмытып кетеді. Тек компьютерді өшірген кезде ғана олар омыртқалары мен бұлшық еттерінің талып ауырғанын, көздерінің ашығанын, бастарының айналғанын сезінеді.
Компьютермен жұмыс істеген адам бірқатар негативті факторларға кезігеді. Олар: электромагниттік кеңістік( бірнеше радиожиілік диапазон), инфрақызыл және иондық сәулелер, шу мен діріл(вибрация), статикалық электр тогы. Осы факторлардың адам терісіндегі биологиялық активті нүктелердің элетрөткізгіштігіне әсері барлығы, сонымен қатар жасөспірімдердің ағзасындағы мүшелердің өзгерістерге ұшырайтындары кейбір әдебиет көздерінен көруге болады.
Америка Құрама Штатының Ұлттық ғылыми академиясының мәліметтеріне сәйкес [1], Австралия мен Германия ғалымдарының және бірқатар халықаралық ғылыми орталықтарының зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша келесі аурулардың компьютермен жұмыс істегеннен пайда болуын айқын байланыстырады:
-астенопия(көздің тез арада талуы),
-арқа мен мойынның ауруы,
-білек синдромы(білектің ортанғы нервінің зақымдануы),
-стенокардия мен әртүрлі стресстік жағдайлар,
-бас аурулары,
- ықыластылықтың төмендеуі, ұйқының бұзылуы т. б.
Бұлар адамның жұмысқа қабілеттілігін төмендетіп, денсаулығына кері әсер етеді. Дегенмен кәзіргі адамзат өркениетінің дамуы компьютерлік технологиялармен тығыз байланыста жүріп жатыр. Сондықтан кәзіргі уақытта компьютер адамдардың, соның ішінде жас буын мектеп оқушыларының, күнделікті серігіне айналған
Адамның денсаулығын бақылау үшін медицина терінің физиологиялық деректерін пайдаланады. Егер бұл деректер қалыпты мөлшерден өзгерсе, адам ауруға шалдығады. Айталық, дененің қызуы көтерілсе немесе тері бетінде басқада бір өзгерістер туса, физиологиялық функциялардың көрсеткіштері (температура, электрөткізгіштік, т. б. ) қалыпты мөлшерден не азайып, не көбейеді. Тері тек тосқауыл ғана емес, сонымен бірге ол сезім мүшесі. Онда көптеген және түрлі рецепторлар орналасқан, олар нерв жүйесіне дермада және эпидермисте болып жатқан өзгерістерді және қоршаған ортаның тітіркендірулері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қалың нерв ұштары мен тері жамылғысы арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан саусақтағы тері өзінің сезімталдығы бойынша басқа дене бөлімдеріне қарағанда өте сезімтал болып келеді. Нерв талшықтары мен рецепторлар терінің тек нерв жүйесімен ғана емес, сонымен бірге нерв жүйесі арқылы ішкі мүшелермен де байланысады. Бұл факт, ішкі ортаның бұзылысын біз тері арқылы көре алатынымызды айқындайды [2] .
Терінің нерв жүйісімен байланысы оның функциясының импульстық регуляциясымен шектелмейді. Бірден жауап қайтаратын, реттеуші әсер етуден басқа, нерв жүйесі теріге трофикалық әсер етеді, ал ол болса терінің құрылымдық тегістігінің қажетті шарты болып табылады
Тері организмнің барлық ресурстарымен тұрақты түрде байланысады. Эволюция барысында тері тек барьерлі тосқауыл мүшесі ғана болмай, сонымен бірге сезім мүшесі болатыны туралы біз нақты айта аламыз. Тактильді және басқа да сезім түрлерінің пайда болуының нәтижесінде, тері тосқауылының зақымдалу қауіпі азайды. Сондықтан организмнің күшін мүйізді сауытты құрастыруға қажеттілігі жоғалды, нәтижесінде терінің басқа да маңызды функцияларының толық дамуы мүмкін.
Қоршаған ортаның адамдарға және биологиялық объектілерге жағымсыз әсер ете алатын физикалық. факторларының ішінде үлкен кауіп төндіретін, радиожиіктілік сәулеленуге жататын йондамайтын табиғаттық электромагниттік өрістері болып табылады. Радиотолкындардың алыс қашықтыққа таралу ерекше қасиеті пайдаланатын болғандыктан, бұл жерде өндірістің ластағыш заттарды қоршаған ортаға лақтырмайтын тұйық циклын пайдалану мүмкін емес. Сонымен қатар, есепке байланысты сәулеленуді экрандау және токсикалық факторды мейлінше қауіпсіздік факторға ауыстыру мүмкін емес. Электромагниттік сәулеленудің қоршаған ортаға және адамдарға міндетті түрде әсер етуі қазіргі кездегі техникалық прогрестің және теледидардың, радионың, байланыстардың, кеңінен пайдалануынан болып отыр.
Сонғы жылдары электромагниттік сәулеленудің қатерлі ісіктерді индукциялауға кабілеті бар екендігі туралы мәліметтер шығуда. Ал кейбір мәліметтер, қан түзу ұлпаларының қатерлі ісіктері және лейкоздық санының көп екендігін көрсетеді. Бұл жағдай, қоршаған ортаның физикалық факторларының адам мен жануарлар ағзасына концерогендік әсер ететіндігінің жалпы заңдылығына айнала бастады. Жалпы электромагниттік өрістердің адам ағзасына жағымсыз әсер ететіндігі бәрімізге белгілі. Электромагниттік өрістер айтарлықтай әсер ету жағдайында жұмыс істейтін адамдарды зерттеу нәтижесінде, мұндай әсерлерге жүйке жүйесінің және жүрек, қан тамырлары жүйесінің екендігі анықталды. Электромагниттік өрістер кез - келген мүшесіне әсер тигізе алады. Әcipece жүйке, қан айналу жүйелері магнит өрісіне сезімтал болып келеді. Электромагниттік өрістер жүйке жүйесіне тежегіштік әсер етеді. Ал қан айналу жүйесіне әсер еткенде, қан тамырларының кеңейгендігін байқауға болады. Сонымен қатар электромагниттік өрістер әсер еткеннен кейін орталық жүйке жүйесінде үлкен өзгеріс бары екендігін байқалды [3] .
Әлемдегі миллиондаған жұмыскерлер күнделікті қызметте міндетті түрде компьютерді пайдаланады. Біздің елімізде де компьютеризация процесс белен алуда, жүздеген адамдар өзінің жұмыс кунін осы компьютер алдында өткізеді. Бірақ, онын сөзсіз пайдасымен қатар, денсаулыққа төндіретін қаупі де бар.
Электромагниттік сәулеленудің ipi көздеріне ақпаратты өңдеу және байланысты радио- телевизиялық құралдары, радиолокализациялау және навигациялық құрал-жабдықтар, лазерлі жүйелер, тоқ жүретін сындар жатады.
Тағы да бip көңіл аударатын нәрсе электромагниттік сәулеленудің әр түрлі деңгейлерін гигиеналық жолмен бағалау. Мұндай әсерге сәулелену зонасында жұмыс істейтін бірақ радиотехникалық құралдармен тікелей қатынаска түспейтін адамдар жатады.
Американдық қоршаған ортаны корғау Агенствосының, мәліметтері бойынша адам популяциясының 1%тінің интенсивтлігі 1мкВт/см2 электромагниттік сәулелердің әсеріне ұшырайды.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі бұл тақырытың өте актуальды екендігін көрсетеді.
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Электромагниттік өpicтep - экологиялық маңызды мәселе
Жалпы электр өpiciнің әpбip өзгерісінен магниттік өріс туындайды, немесе керісінше әрбір өзгерісінен электр өpici туындайды. Осындай тығыз байланысты және біp-бipiнe ауыса беретін өрістерді электромагниттік өрістер деп атайды. Оның негізгі көрсеткіштері: тербеліс жиеліктері f амплитуда Е (немесе Н) және әр уақыт кезеңіндегі тербеліс процесінің жағдайын анықтап, тұратын фаза.
Электромагниттік өрістер электромагниттік толқындар түрінде таралады. Электромагниттік толқындардың негізгі көрсеткіштеріне толқын ұзындығы таралу жылдамдығы және жиілігі f жатады. Электр тоғымен ластанған дененің маңында пайда болатын электр өpici векторлы шама болып табылады. Бұл вектордың шамасын бip зарядка әсер ететін және кеңістіктің қарастырылып отырған нүктесінде орналасқан күшті электр өрісінің кернеулігі деп атап (Е), оны вольтметр метрге (в/м) өлшемімен анықталды.
Вектор бағыты деп - осы өрістегі оң зарядтық қозғалу траекториясын электрлік күш сызықтары (жолақтары) деп аталады.
Тоқ өткізгішінің немесе тұрақты магнит маңында пайда болатын магниттік өpic те векторлы шама болып табылады. Магнитті өрістің кернеулігі дегеніміз - қарастырылып отырған нүктедегі тоқ элементіне әсер ететін күш. Н мөлшерін ампер метрге (а/м) шамасымен өлшенеді. Тоқ элементі қозғалысының траекториясын магнитті күш сызықтары деп атайды.
Ғалымдар кейінен спектрдегі әр түрлі диапазондағы барлық жаңа табиғи электромагниттік сәулелерді тапты [4] . Бұрыннан зерттеліп кеткен күн сәулеленудің диапазонына - инфрақызылдан бастап ультракүлгін сәулелермен қатар - ионизациялаушы сәулелер қосылды (рентген және гамма сәулелер) . Кейінен электромагниттік спектрдің орта теменгі жиіліктері бөлігінде Жердің магнитті және элeктpлiк өрістің кезеңдік өзгерістері (мезгілдік, айлык, тәуліктік) бар, жердің магнитті өpici мен жиіліктері жүздеген герцке дейін созылатын қысқа периодты тербелістер ашылды. Атмосфералык разрядтарынан пайда болған электромагниттік сәулелер көп көлемді диапазонды ұзын толқындар - тым ұзын, ультрақысқа сәулелерге дейінгі толқындарды алып жататынын көрсетті. Ал метрлік толқыннан милиметрлік толқындағы дейінгі диапазондары болатын Күн мен Галактиканың радиосәулеленуі ашылды. Сонымен қатар Атмосфериктер, антропогенді және техногенді, радиофондар зерттелді Мұның бәpi электромагниттік өрістің тірі ағзасын мекен ортасындағы табиғи және жасанды кездер болып табылады
Қaзipri заманындағы мәліметтердің дәлелдеуі бойынша, электромагнитті өрістердің әрекетімен биологиялық процессте информациондық әсерлер маңызды роль атқарады.
Эволюция процесінде тірі табиғат информация арқылы сыртқы ортадағы өзгерістерді беру үшін электромагнитті өрістерді пайдаланған. Электромагниттік сәулелер биожүйеде энергияның бөлінуін туғызып, соның ішінде болып жатқан процесстерге әсерін тигізеді. Электромагнитті өрістердің әрекетіне орталық жүйке жүйесінің сезімталдығы жоғары болып келеді.
Электромагнитті өpicтep геофизикалық факторларға қарағанда информацияны ең бepiк тасымалдаушысы болып саналады. Электромагнитті өрістердің көмегімен (тиісті диапазон жиілігінде) кез - келген тірi ағзалардың мекен ортасына және кез - келген метеорологиялық жағдайда (күн мен түннің полярлы ағзасында, өзен және теңіз суында, жердің калың кабатында және ағзаның ұлпаларында) информацияны бере алады.
Тірі ағзада электромагнитті өрістердің көмегімен берілетін информацияны қабылдау жүйесі электромагнитті кедергілерден берік сақталған, бірақ патологиялық жағдайы ағзаның электромагнитті өрістердің спонтандык өзгерістер физиологиялық процесстердің регуляциясын бұзады. Электромагниттің бірқатар ұлғаюынан құрылған жоғары жиілік диапазондағы электромагнитті өрістердің соңғы 50 жылда электромагниттің биосфера жағдайында едәуір өзгерістерге ұшырайды.
Эволюциялық биожүйелер электромагнитті өpicтep төменгі жиіліктегі диапазонға пайда болатындықтан жоғары жиіліктегі антропогендік факторлар адам ағзасына теріс әсер етеді және тірі ағзадағы эволюциялық өзгерістерді болжап айтуға болмайтын өзгерістерге әкеп соғады.
Толып жатқан жоғары жиіліктегі электромагнитті сәулеленуді шығарылуы қала тұрғындары үшін табиғи фоннан мыңдаған есе артык болатын электрондык байланыс жүйесі бар.
Диапазон жиіліктеріне - төменгі инфралы, жәй төменгі, өнеркәсіпті дыбысты, жоғары жиілікті ультра жоғары жиілікті, аса жоғары жиілікті. Ең қауіпті өрістер- ол аса жоғары жиiлiк диапазондағы өpicтep. Сантиметрлі және милиметрлі толқындар 10-15см тереңдікке еніп, ішкі мүшелерге тура әсерін тигізеді.
Радиотолқындар - ұзын, орташа, қысқа және өтпелі болып бөлінеді. Ультратолқындарға микротолқындар жатады. Ал микротолқындарға метрлік, дециметрлік, милиметрлік, етпелі толқындар жатады.
Жоғары жиілікктегі электромагнитті өрістер жоғары- 10-нан 100 килогерцке дейін өндірістік генераторлық маңында ең қарқынды болып саналады. Ультра жоғары жиіліктер электромагниттік өрістер - бірнеше мегагерцтен 10-дык мегагерцке дейін радио және телевизиондық, станцияларда ең қарқынды. Электромагнитті өрістердің аса жоғары жиіліктері - 100-ден 1000 мегагерцке дейін, (мысалы: радиолокация) [4] .
Өкінішке орай, электромагнитті сәулеленудің зиян әсерлері кең көлемді масштабты сәулеленуі кездерімен ғана байланыспайды. Электромагнитті өpicтep жұмыс істейтін, кез - келген заттың айналасында магниттік өpicтep пайда болады. Ал бұл кез-келген заттар күнделікті өмірде кездеседі (тіпті электрондык сағат) .
Америка Құрама Штатымен мен Швеция зерттеушілері балаларда ісіктің пайда болу фактін орнатты, оларға жиіліктері 60 Гц және кернеулігі 2 - ЗмГс 6ip күннің немесе сағаттың ішінде магнитті өрістер әсерін тигізеді. Мұндай өрістер телевизормен және компьютерлермен сәулеленеді. Автомобильдік траспорттын көбеюі мәселенің бipi болды.
Электромагниттті өрістер 18 - 32 % қала территорияларда автомобильдің жүруінің нәтижесінен құрылған. Электромагниттік өрістер сәулеленулер транспортың жүруінен теле - және радио қабылдауға кедергі жасайды. Сонымен адам ағзасына да зиян әсер тигізеді [5] .
Электронды - сәулелі түтік жасалған дербес компьютердің дисплейлері рентген, ультракүлгін, инфрақызыл, көрінетін радиожиілікті, жоғары және төменгі электромагниттік сәулеленудің потенциалды кездері болып табылады
Компьютердің адамдарға тигізетін зияны :
- жүрек тамыр жүйесініің аурулары (60 %)
- ішек - қарын жүйесінің аурулары (40 %
- тері аурулары (10 %)
- әр түрлі ісіктер
- көру мүшелерінің ауруға шалдығуы (60 % пайдаланушылар)
Кесте 1. Электромагнитті өрістердің сәулеленуі үздіксіз сәуле бойында мүмкін болатын деңгейлер.
Әcipece компьютердің электромагниттік сәулеленулер балалар мен әйелдерге өте зиян болып келеді. Электронды - сәулелі түтігі бар дисплейлі компьютерлермен жұмыс істейтін жүкті әйелдерде 90 % мүмкіндей болатын 1, 5 рет түсіктер және 2, 5 рет дүниеге келетін балалар кемтар болып туады.
1. 2 Электромагнитті өрістердің адам ағзасына әcepi
Электромагнитті өрістердің адам ағзасына жағымсыз әсер ететіндігі 40-шы жылдардьң өзінде-ақ назар аударған. Электромагнитті өрістердің айтарлықтай әсер ету жағдайында жұмыс істейтін адамдарды зерттеу нәтижесінде, мұндай әсерлерге жүйке жүйесінің, жүрек, қан тамырлары жүйесінің екендігі анықталды. Қан түзілудегі эндокриндік өзгерістерге және көру мүшелерінің аурулары да сипатталған. Радиотолқындардың клиникалық сипаты вегетативті реакциялармен байқалатыны дәлелденген. Шектеуі рұқсатылған деңгейдің ауыспалы түрде көбейіп отыруы кезінде ұзақ уақыт бойы сәулеленуді алатын адамдарға ас қорыту мүшелерін функционалдық өзгерістері, секреция және асқазан сөлінің қышқылдығының айкын өзгерістері байқалған.
¥зақ уақыттың профессионалдық сәулелену нәтижесінде эндокриндік жүйедегі функционалдык, жеткілсіздігі байқалған; қалқанша безінің функциональдық белсенділігі өсуі байқалған.
Сонымен біріншіден, электромагнитті өрістер әсер еткенімен кейін орталық нерв жүйесінде үлкен өзгерістің бәрін байқаған. Атап айтқанда, ядро мен цитоплазманың ісігені байқалған. Ал өкпенің қан және лимфа айналасы өзгеріске ұшыраған, ал бүйрек тез арада қанға толып кеткен.
Сүтқоректілердің кез - келген мүшесіне магнит өрісі әсер тигізе алады. Әсіресе нерв, қан айналу жүйелері магнит өрісіне сезімтал болып келеді. Магнит өрісі жүйке жүйесіне тежегіштік әсер етеді. Ал қан айналу жүйесі магнит өрісімен әсер еткенде қан тамырларының кеңігендігін байқауға болады. Магнит өрісінің әсерінен микроорганизмдердің өсу жылдамдығы және оның өсу сипаты өзгеріске ұшырайды.
Жалпы қанға магнит өрісінің әсері көбірек екеніне көз жеткізген. Магнит өрісі мен оңделген қанды адамға кұйғанда жай қанды кұйғандағыға қарағанда, едәуір тиімділік байқалған. Атап айтқанда лейкоциттердің фагоцитарлық белсендігін арта түскен. Канның бұл қасиетінің артуы кейбір жұқпалы аурулар мен қабыну ауруларының тез жазылуына мүмкіндік береді
Иммундық жүйеге аса жоғары жиіліктегі электромагнитті сәулеленудің әсер етуінде бірінші кезекте кез - келген сыртқы әсерлерге ағзаның регуляторлы жүйелері - жүйке жүйелік, иммундық және эндокриндік әсерін тигізеді. Жүйелік және эндокриндік жүйелер координациялаушы және информациондық қызметін атқарады [6] .
Барлық мүшелер жүйесін біртұтас кылып біріктірген - ағза. Иммундық жүйе - ағзаның генетикалық біркелкілігін бүтіндеп ұстап тұрады, яғни бөтен немесе өзгертілген геномомның клеткаларын жояды. Геномом - бөтен объектілер.
Жүйелік, эндокриндік және иммундық жүйелер бip - бірімен тығыз байланысты, сондықтан ол бірыңғай нейро - эндокринді - иммундық регуляторлы жүйе деп атайды. Бұл күрделі жүйе гомеостазды бақылап және барлық мүшелер мен ағза жүйесінің жұмысын байланыстырады. Жөнге салу жүйенің кез - келген звеносының жұмысына қатысуы бүкіл ағзаның қызметтері керсетілуі міндет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz