Қазақ повесі (генезис, эволюция, поэтика). Монография



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Бірінші тарау
Қазақ повесінің генезисі. Алғашқы қазақ повестері ... ... ... ... ... ... . 7
Екінші тарау
Қазақ повесінің ұлттық әдебиетте жанр ретінде тұрақтануы
және дамуы (1920.1950 жылдар) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
Үшінші тарау
Қазақ повесінің кемелдену дәуірі ( 1950.1970 жылдар) ... ... ... ... ... 110
Төртінші тарау
Қазіргі заманғы қазақ повесі (1970.2000 жылдар) және оның
поэтикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 164
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .242
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...247
Осынау күндері адамзат өміріндегі ғылым мен өнердің атқаратын міндеті, рөлі өлшеусіз өсіп отыр. Әлемдегі ең бай, бақуатты елдер болып саналатын АҚШ, Жапония, Германия, Швеция, Финляндия, т.б. елдер нақ осы ғылым мен өнерге арқа сүйеп, соларды барынша дамытып, соның арқасында еңбек өнімділігін еселеп арттыратын жаңа технологияларға иелік етуде. Және сол өнер мен ғылым тек өндірісті дамытып қана қойған жоқ, сол өндірісті іске қосатын, басқаратын саналы тіршілік иесі – адамдардың сезімі мен ақылын да өлшеусіз өсірді, оны үлкен жасампаз күшке айналдырды. Осылайша ұлттық данышпанымыз Абайдың бұдан бір ғасыр бұрын айтқан: «Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады (1,469)» деген сөзі бүгінгі өміріміздің шындығы бұлтартпастай етіп дәлелдеп беруде.
Адам баласы болмыстың ақиқатын екі жолмен таниды: ғылым және өнер арқылы. Егер ғылым болмыстың шындығын логикалық пайымдаулар арқылы түсіндірсе, өнер оны образдар арқылы бейнелейді. Бұл екеуі бірінсіз бірі жоқ құстың қос қанаты секілді. Ғылым адамзаттың ақыл-ойын шыңдап, жетілдірсе, өнер оған қоса оның сезімін, танымын, интуициясын, яғни түйсігін байытып, көркейтеді. Сүйтіп қарапайым екі аяқты пендені Абай айтқан толық адамға, яғни нағыз адамға айналдырады.
Көркем әдебиеті арқылы біз ұлтты танимыз. Айталық, тек қазақ әдебиетінің шығармалары арқылы ғана біз туған халқымыздың жан дүниесін, психологиясын, характерін, яғни бүткіл рухын танып біле аламыз. Ендеше біз көркем әдебиетіміз арқылы ғана ұлы Отанымызды түсініп, оның қадір-қасиетін зерделей алмақпыз, өйткені Отан деген ең алдымен ана тілі мен туған жер, онда өмір сүріп кеткен және қазір жер басып, тіршілік етіп жатқан адамдар.
Көркем әдебиеттің өмірдегі осындай ұлы миссиясын бізден бұрын өмір сүріп кеткен ойшылдарымыз да ерте аңғарыпты. Солардың бірі және бірегейі Ахмет Байтұрсынов былай дейді: «Өнердің ең алды сөз өнері деп саналады. «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадырынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын – сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді (2.138)».
Бұл жерде Ахаң – Ахмет Байтұрсынов өзге өнер деп классикалық өнердің көркем әдебиеттен өзге музыка, кескіндеме (живопись), мүсін (скульптура), сәулет (архитектура) секілді түрлерін айтып отыр. Демек, бұл көркем әдебиет туындысының бойында бәрі де бар деген сөз: музыкаға тән ырғақ пен әуез де, мүсін өнеріне тән пластика да, сәулет өнері мен кескіндемеге тән сыр мен сымбат пен жүз құбылған бояулар әлемі де. Сөз өнері солардың бәрін суреттеп, бейнелеп бере алады.
1. Абай. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. – Алматы: Қазмемкөркем әдеббас, 1961. – 695 б.
2. Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
3. Әуезов М. Жиырма томдық шығ. жинағы, 18-т. – Алматы: Жазушы, 1985. – 448 б.
4. Ғабдуллин Н. Замандас келбеті. – Алматы: Жазушы, 1972. – 232 б.
5. Ғабдуллин Н. Уақыт сыры. – Алматы: Жазушы, 1981. – 232 б.
6. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 199 5. – 288б.
7. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Білім,2003. – 224б.
8. Қабдолов З. Екі томдық шығармалар жинағы, 2-т. – Алматы: Жазушы, 1983. – 456б.
9. Кәкішев Т. Дәуір дидары. – Алматы: Жазушы, 1985. – 303б.
10. Бердібаев Р. Қазіргі қазақ прозасындағы замандас тұлғасы. – Алматы: Қазақстан, 1968. – 86б.
11. Елеукенов Ш. От фольклора до романа- эпопеи. – Алматы: Жазушы, 1987. – С.352.
12. Нұрғали Р. Таңдамалы шығ. екі томдығы, 2-т. – Алматы: Жазушы, 1991. – 571б.
13. Нұрғали Р. Әуезов және Алаш. – Алматы: Санат, 1997. – 432б.
14.Бельгер Г.К. Мотивы трех струн. – Алма-Ата: Жазушы, 1986. – С.304.
15. Кедрина З.С. Из живого источника. – Алма-Ата: Жазушы, 1966. – С.432.
16. Серікқалиев З. Ақ жол. – Алматы: Жазушы, 1990. – 464б.
17. Наурызбаев Б. Қазақ прозасындағы Б.Майлин дәстүрі. – Алматы: Ғылым, 1979. – 180б.
18. Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. – Алматы: Жазушы, 1993. – 623б.
19. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – Алматы: Жазушы, 1985. – 249б.
20. Әбдезұлы Қ. Т.Әлімқұлов шығармашылығы және 60-80 жылдардағы қазақ прозасы. – Алматы: Ғылым, 2001. – 270б.
21. Әбдезұлы Қ. Жазушы және заман шындығы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 185б.
22. Дәдебаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. – Алматы: Жазушы, 1988. – 192б.
23. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: Ғылым, 1991. – 208б.
24. Бисенғалиев Ж. ХХ ғасырдың басындағы қазақ прозасы. – Алматы: Мектеп, 1989. – 136б.
25. Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. – Алматы: Ғылым, 1982. – 148б.
26. Сарбалаев Б. Қызыл алма. – Алматы: Жалын, 1981. – 184б.
27.Жұртбаев Т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 368б.
28. Мусаев А. Поэтика казахской сатиры. – Алматы: Санат, 1997. – С. 192.
29. Исмакова А.С. Казахская художественная проза. – Алматы: Гылым, 1998. – С.394.
30. Тұрысбек Р. Жүсіпбек Аймауытұлы және 20 жылдардағы қазақ прозасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – 340б.
31. Пірәлиева Г. Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелері. // Филология ғылымдарының докторы ғыл. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация авторефераты. – Алматы, 2004. – 46б.
32. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 272б.
33. Қасқабасов С. Жаназық. – Астана: Аударма, 2002. – 584б.
34. Әзиев Ә. Қазақ повесі. – Алматы: Мектеп, 1989. – 224б.; Нағметов А. Қазіргі повесть және көркемдік ізденіс. – Алматы: Ғылым, 1985. – 176б.; Ержанова Г. Қазіргі қазақ повестеріндегі психологизм мәселелері (70-80 жылдар). // Филология ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 1994. – 25б.; Адибаев М. О поэтике повестей и рассказов М.О.Ауезова двадцатых годов. // Автореф. Канд. Филол. Наук. – Алма – Ата. 1987. – 24с.; Уәлиханов Ш. Қазіргі қазақ прозасы шағын түрлерінің поэтикасы (Сайын Мұратбеков шығармашылығының негізінде). // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 1997. – 25б.; Неталиева Д. Д.Исабеков повестеріндегі ұлттық мінез сипаты. // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 2007. – 30б.; Халикова Н. Қазақ прозасындағы кейіпкер даралығы және көркемдік шешім (1960-80 жылдар прозасы). //Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 2007. – 30б.
35. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. – Алматы: Қазақстан даму институты, 1999. – 752б.
36. Қаратаев М. Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы. – Алматы: Ғылым, 1965. – 410б.
37. Қаңбақ шал. Тұрмыс-салт ертегілері. – Алматы: Жалын, 1983. – 188б.
38. Ғабитов Т., т.б. Мәдениеттану. – Алматы: Раритет, 2002. – 408б.
39. Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы. – Алматы: Мектеп, 1983. – 192б.
40. Әбдіғалиев Б., т.б. Саяси ой тарихы. – Алматы: Үш қиян, 2003. – 280б.
41. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің бастаулары. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 256б.
42. Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 271б.
43. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. – Алматы: Білім, 2004. – 368б.
44.Сұхбанбердина Ү. Айқап. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 366б.
45. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. – Алматы: Жазушы, 1986. – 396б.
46. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы. Мектеп, 1981. – 240б.
47. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия. – Алматы: Білім, 1994. – 352б.
48. Қазақ әдебиетінің тарихы, 7т. – Алматы: Қазақпарат, 2004. – 462б.
49. Би аға. – Алматы: Жазушы, 1991. – 304б.
50.Майлин Б. Бес томдық шығармалар жинағы, 3т. – Алматы: Жазушы, 1987. – 336б.
51. Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат. – Алматы: Жазушы, 1996. – 592б.
52. Добролюбов Н.А. Әдебиет туралы сын мақалалар. Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1955. – 180б.
53. Писатель и время: сб. документальной прозы. – М.: Сов. Писатель, 1986. – С.576.
54. Плеханов Г.В. Письма без адреса. Искусство и общественная жизнь. – М.: Гослитиздат, 1956. – С. 248.
55. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. – Алматы: Жазушы, 1989. – 357б.
56. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағлымы не дейді? – Алматы: Ана тілі, 1993. – 208б.
57. Қазақ әдебиетінің тарихы, 8т. – Алматы: Қазақпарат, 2004. – 520б.
58. Сейфуллин С. Бес томдық шығармалар жинағы, 3т. – Алматы: Жазушы, 1987. – 472б.
59. Есім Ғ. Саяси философия. – Алматы: Ел-шежіре, 2006. – 256б.
60. О писательском труде. – М.: Сов. Писатель, 1955. – С. 380.
61. Қазақ прозасы. Хрестоматия, 1т. – Алматы: Ғылым, 2001. – 564б.
62. Қазақ прозасы. Хрестоматия, 2т. – Алматы: Ғылым, 2001. – 672б.
63. Қазақ прозасы. Хрестоматия, 3т. – Алматы: Ғылым, 2001. – 568б.
64. Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 560б.
65. Рахымжанов Т. Романның көркемдік әлемі. – Алматы: Рауан, 1997. – 224б.
66. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 128б.
67. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы, 2т. – Алматы: Жазушы, 1979. – 336б.
68. Әсемқұлов Т. Абайдың ұлы жұмбағы.// «Қазақ әдебиеті», №32, 2002.
69. Дәдебаев Ж. Мұхтар Әуезов. – Алматы: Рауан, 1997. – 124б.
70. Мырза Әли Қ. Жазмыш. – Алматы: Атамұра, 2004, - 480б.
71. Паустовский К. Золотая роза. – Ленинград: Детская литература, 1987. – С. 239.
72. Қабдолов З. Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі. – Алматы: «Білім» қоғамы, 1986. – 56б.
73. М.Әуезов – ХХ ғасырдың ұлы жазушысы және гуманисі. – Алматы: Ғылым, 1997. – 164б.
74. Майтанов Б. Мұхтар Әуезов – суреткер. – Алматы: әл-Фараби, 1996. – 124б.
75. Мақатаев М. Екі томдық шығармалар жинағы, 2т. – Алматы: Жазушы, 1982. – 384б.
76. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. – Астана: Елорда, 2000. – 288б.
77. Шарипов С. Екі томдық шығармалар жинағы, 1т. – Алматы: Жазушы, 1982. – 488б.
78. Сөзстан. Бірінші кітап. – Алматы: Жалын, 1980. – 208б.
79. Шаймерденов С. Әдеби толқындар. – Алматы: Жазушы, 1986. – 320б.
80. Мұстафин Ғ. Таңдамалы шығармалар, 1т. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1955. – 388б.
81. Қазақ ССР тарихы, 5т. – Алматы: Ғылым, 1984. – 728б.
82. Қазақ әдебиетінің тарихы, 9т. – Алматы: Қазақпарат, 2005. – 998б.
83. Соқпақбаев Б. Менің атым – Қожа. – Алматы: Жазушы, 1978. – 368б.
84. Андре Моруа. Прометей, или жизнь Бальзака. – Кишинев: Картя молдовескэ, 1980. – С. 560.
85. Ахтанов Т. Махаббат мұңы. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Раритет, 2005. – 288б.
86. Толстой Л.Н. Об истине жизни и поведении. – М.: Эксмо-пресс, 1998. – С. 1040.
87. Әлімқұлов Т. Сейтек сарыны. – Астана: Елорда, 1999. – 427б.
88. Тілепов Ж. Қазақ поэзиясының тарихилығы. – Алматы: Ғылым, 1994. – 172б.
89. Шаймерденов С. Таңдамалы шығармалар, 2т. – Алматы: Жазушы, 1982. – 520б.
90. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалары, 1т. – Алматы: Жазушы, 1980, - 544б.
91. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалары, 2т. – Алматы: Жазушы, 1980. – 592б.
92. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалары, 3т. – Алматы: Жазушы, 1980. – 584б.
93. Сөзстан. Сегізінші кітап. – Алматы: Жалын, 1987. – 216б.
94. Альбер Камю. Творчество и свобода. – М.: Радуга, 1990. – С. 602.
95. Мұртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы, 4т. – Алматы: Қазығұрт, 2002. – 592б.
96. Беласқан Повестер жинағы. 3 кітап. – Алматы: Жалын, 1981. – 460б.
97. Күмісбаев Ө. Терең тамырлар. – Алматы: Ғылым, 1994. – 317б.
98. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. – Алматы: Ана тілі, 1997. – 222б.
99. Мақпыров С. «Ботагөз» романының жазылу тарихы. – Алматы: Абай ат. мем. унив., 1994. – 89б.
100. Лихачев Д.С. Литература – реалность – литература. – Ленинград: Сов. Писатель, 1981. – С. 216.
101. Есембеков Т. Художественно- эстетическое значение драматизма в казахской прозе: Автореф. д-ра филол. наук. – Алматы, 1998. С. 47.
102. Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. – Алматы: РБК, 1999. – 205б.
103. Жаксылыков А.Ж. Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы. Типология, эстетика, генезис. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – С. 423.
104. Мәдібай Қ. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 196б.
105. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1969. – 244б.
106. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 127б.
107. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 1997. – 928б.
108. Андре Моруа. Три Дюма: литературные портреты. – М.: Правда, 1986. С. 603.
109. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. – Алматы: Ер-Дәулет, 1996. – 251б.
110. Мырзахмет М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 192б.
111. Сейітжанұлы З. Тарихи эпос. – Алматы: Ғылым, 1994. – 111б.
112. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. – Алматы: Ғылым, 1982. – 231б.
113. Ергөбек Қ. Сәбит Мұқанов: жазушының шығармашылық әлемі. – Алматы: Санат, 2000. – 318б.
114. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы: Ғылым, 1992. – 200б.
115. Абылқасымов Б. Телқоңыр. – Алматы: Атамұра, 1993. – 160б.
116. Турсунов Е.Д. Возникновение баксы, акынов, сэри и жырау. – Астана: ИКФ «Фолиант», 1999. – С. 252.
117. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. – Алматы: Мектеп, 1989. – 216б.
118. Сейдімбеков А. Күңгір-күңгір күмбездер. – Алматы: Жалын, 1981. – 240б.
119. Серғалиев М. Сөз сарасы. – Алматы: Жазушы, 1989. – 200б.
120. Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320б.
121. Майтанов Б. Суреттеу және мінездеу. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 46б.
122. Қирабаев С. Шындық және шығарма. – Алматы: Жалын, 1981. – 252б.
123. Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. – Алматы: Жазушы, 1976. – 300б.
124. Жить стастями и идеями времени: Сб. статей о литературе и искусстве. – М.: Мол. Гвардия, 1970. – С. 272.
125. Исторические наука советского Казахстана. – Алма-Ата: Гылым, 1990. – С. 272.
126. Каган. Начало эстетики. – М.: Искусство, 1964. – С. 210.
127. Омаров І. Толғамдар. – Алматы: Жазушы, 1992. – 239б.
128. Омарұлы Б. Аруана бауыр дүние. – Алматы: Шартарап, 1998. – 156б.
129. Мырзахметұлы М. Абайдың адамгершілік мұраттары. – Алматы: Рауан, 1993. – 279б.
130. Гумилев Л.Н. Соңғы евразиялықтың пайымдаулары. // «Қараөткел» газеті, 26 ақпан, 1992.
131. Әлімжанов А., Асылбеков С., Исмақова А., Жандәулеттегі Т. Қазақ әдебиеті әлемдік көзқарас контексінде.// «Жас алаш» газеті, 12 қыркүйек, 1992.
132. Парандовский Ян. Олимпийский диск. Алхимия слова. – М.. Сов. Писатель, 1986. – С. 528.
133. Белинский В.Г. собр. соч. В 3-х т. Т.2. – М.: Гослитиздат, 1948. – С. 932.
134. Бочаров А.Г. Литература и время. – М.. Худож. лит., 1988. – С. 383.
135. Шкловский В.Б. Повести о прозе. – М.: Худож. литература, 1966. – С. 335.
136. Чехов А.П. Нужен талант и труд.// «Литературная Россия, 12 августа, 1983.
137. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі: Құрастырушылар – Ахметов З., Шаңбаев Т. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240б.
138. Айтматов Ч.Т. В соавторстве с землею и водой. – Фрунзе: Кыргызстан, 1978. – С. 406.
139. Гамзатов Р. Собр. соч. в 3-х т. Т.3. – М.: Худож. лит., 1969. – С. 319.
140. Нұрмағамбетов Т. Аптапқа бет алу. «Жалын» журналы, №1, 1987.
141. Распутин В.Г. Повести. – М.: Молод. Гвардия, 1976. – с. 656.
142. Мұханбетқалиев Қ. Жаңғырық. – Алматы: Жалын, 1978. – 168б.
143. Мұханбетқалиев Қ. Қайдасың сен, махаббат. – Алматы: Жалын, 1984. – 222б.
144. Чехов А.П. Полн. Собр. Соч. В 30-ти т. Письма. Т.3. – М.. Худож. Лит., 1976. – С. 574.
145. Кекілбаев Ә. Таңдамалы шығ. Екі томдығы, 1-т. – Алматы: Жазушы, 1989. – 400б.
146. Кекілбаев Ә. Таңдамалы шығ. екі томдығы, 2-т. – Алматы: Жазушы, 1989. – 408б.
147. Абрамович Г.Л. Введение в литературоведение. – М.. Просвещение, 1970. – С. 390.
148. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. – М.. Просвещение, 1976. – С. 448.
149. Исабеков Д. Тіршілік. – Алматы: Жазушы, 1975. – 256б.
150. Исабеков Д. Қарғын. – Алматы: Жалын, 1980. – 280б.
151. Исабеков Д. Екі жиырма. – Алматы: Жазушы, 1983. – 432б.
152. Квятковский А.П. Поэтический словарь. – М.: Советск. энциклопедия, 1966. – С. 376.
153. Скобелев В.П. Поэтика рассказа. – Воронеж: Изд-во Воронеж. унив., 1982. – С. 155.
154. Толстой Л.Н. Полн. собр. соч. В 91-ти т. Т. 53. – М.: Худож. лит., 1953. – С. 870.
155. Мағауин М. Таңдамалы шығ. екі томдығы, 1 т. – Алматы: Жазушы, 1990. – 445б.
156. Мағауин М. Таңдамалы шығ. екі томдығы, 2 т. – Алматы: Жазушы, 1990. – 443б.
157. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 208б.
158. Булгаков В.Ф. Л.Н.Толстой в последний год его жизни. – М.: Правда, 1989. – С. 446.
159. Мұратбеков С. Көкорай. – Алматы:Жазушы, 1979. – 504б.
160. Беласқан. Повестер жинағы, 1- кітап. – Алматы: Жалын, 1981. – 552б.
161. Беласқан: Повестер жинағы, 2- кітап. – Алматы: Жалын, 1981. – 432б.
162. Антонов С.П. Я читаю рассказ. – М.. Мол гвардия, 1973. – С. 255.
163. Әдібаев Х. Көкжиек. – Алматы: Жазушы, 1978. – 296б.
164. Әбдіков Т. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1992. – 512б.
165. Түменбаев Ж. Қимас қазына. – Алматы: Жалын, 1979. – 191б.
166. Түменбаев Ж. Мен сүйген қыз. – Алматы: Жалын, 1981. – 192б.
167. Ысқақбай М. Бес томдық шығармалар жинағы, 3 т. – Алматы: Нұрлы әлем, 2007. – 368б.
168. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1997. – 512б.
169. 40-50 жылдардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1998. – 400б.
170. Исмақова А. Мәдениет тарихы – ел тарихы.// «Жалын» журналы, №2, 1990.
171. Тұрысбек Р. Жазушы еңбегі және шығармашылық. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 228б.
172. Ахтанов Т. Таңдамалы шығ. екі томдығы, 1-т. – Алматы: Жазушы: 1974. – 424б.
173. Шошин В.А. Литература народов СССР. – М.: Просвещение, 1977. – С. 191.
174. Шкловский В.Б. Заметки о прозе русских классиков. – М.: Сов. писатель, 1955. – С. 460.
175. Антопольский Л.Б. Очем говорит повесть? – М.: Знание, 1978. – с. 63.
176. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 272б.
177. Тынянов Ю.Н. Поэтика. История литературы. Кино. – М.: Наука, 1977. – с. 574.
178. Ахтанов Т. Көкейтесті. – Алматы: Жалын, 1980. – 360б.
179. Бахтин М.М. Вопросы литературы и эстетики. Исследование разных лет. – М.: Худ. литература, 197б. – С. 502.
180. Белинский В.Г. Собр. Соч. В 3-х т., - М.: Гослитиздат, 1948. – С. 932.
181. Сүлейменов А. Бесін. – Алматы: Жазушы, 1970. – 151б.
182. Старцева А.М. Поэтика современной советской прозы. – Ташкент: Фан, 1984. – С. 105.
183. Бочаров А.Г. Чем жива литература? – М.: Сов. Писатель, 1986. – с. 224.
184. Бөкеев О. Қайдасың, қасқа құлыным. – Алматы: Жазушы, 1973. – 200б.
185. Современная советская проза: учебное пособие. – М.: Изд-во МГУ, 1990. – С. 187.
186. Словарь литературоведческих терминов. Составители: Л.И.Тимофеев, С.В.Тураев. –М.: Просвещение, 1974. – С. 512.
187. Бунин И.А. Собр. соч. в 9-и т., т.9. – М.: Худ. литература, 1967. – С. 622.
188. Тәтімов М. Қазақ әлемі. – Алматы: Атамұра, 1993. - 160б.
189. В начале семидесятых. Литература наших дней: сборник. – Ленинград: Лениздат., 1973. – С. 304.
190. Вопросы поэтики художественного произведения: темат. сб. научных трудов. – Алма-Ата: Казах. пед. инс-т им. Абая, 1980. – С. 167.
191. Воронов В.И. Художественная концепция. М.: Сов писатель, 1984, - С. 382.
192. Гей Н.К. Художественность литературы. – М.: Наука, 1975. – С. 471.
193. Гинзбург Л.Я. О психологической прозе. – М.: Худож. литература, 1977. – С. 443.
194. Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар, портреттер, 5-кітап. – Алматы: Жалын, 1984. – 224б.
195. Раевский Н.А. Портреты заговорили. – Алма-Ата: Жазушы, 1989. – С. 480.
196. Горький М. Әдебиет туралы. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1954. – 231б.
197. Гусев В.И. В предчувствии нового. О некоторых чертах литературы шестидесятых годов. – М.: Сов. писатель, 1974. – С. 328.
198. Проблемы жанра и стиля художественного пройзведения: сб. статей. – Владивосток: изд-во Дальневост. унив-та, 1988. – с. 263.
199.Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы: Білім, 1993. – 248б.
200. Панков В.К. Время, человек, литература. – М.. Знание, 1972. – С. 112.
201. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240б.
202. Нұрпейісов Ә. Төрт томдық шығ. жинағы, 4-т. – Алматы: Жазушы, 1982. – 528б.
203. Новиков В.В. Советская литература на современном этапе. – М.: Худож. литература, 1978. – С. 159.
204. Жиренчин А. Из истории казахской книги. – Алма-Ата: Казахстан, 1987. С. 144.
205. Жирмунский В.М. Сравнительное литературоведение: восток и запад. Изб. труды. – Ленинград: Наука, Ленинградское отд., 1979. – С. 493.
206. Қазыбеков Н. Ой таразысы. – Алматы: Жазушы, 1991. – 256б.
207. Кедрина З.С. На языке дружбы. – М.: Сов. Писатель, 1984. – С. 287.
208. Крамов И.Н. В поисках сущности. – Алма-Ата: Жазушы, 1980. – С. 310.
209. Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 231б.
210. Кузьменко Ю.Б. Советская литература: вчера, сегодня, завтра. – М.: Сов. писатель, 1981. – С. 440.
211. Ысқақ Қ. Қоңыр күз еді. – Алматы: Атамұра, 2003. – 256б.
212. Есім Ғ., т.б. Дінтану негіздері. – Алматы: Білім, 2003. – 156б.
213. Мәдени- философиялық энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Раритет, 2004. – 320б.
214. 15 встреч в Останкине: Портреты. (Составитель – Т.Земскова). – М.: Политиздат, 1989. – С. 303.
215. Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1994. – 240б.
216. Мұқанов М. Қазақ жерінің тарихы. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1994. – 80б.
217. Қазақ өнері. Энциклопедия. – Алматы: Білік, 2002. – 800б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 196 бет
Таңдаулыға:   
Серік Асылбекұлы

Қазақ повесі (Генезис, эволюция, поэтика)

Монография

Алматы Үш қиян 2008

Жауапты редакторы – Қ.Әбдезұлы, ҚР Жоғары мектебі ҰҒА академигі, филология
ғылымдарының докторы, профессор
Пікір жазғандар:
Б.Майтанов – филология ғылымдарының докторы, профессор
Қ.Мәдібаева – филология ғылымдарының докторы, профессор

ISBN
Асылбекұлы С.

А Қазақ повесі (Генезис, эволюция, поэтика)
Монография. Алматы, 2008.
– бет.

Бұл еңбекте өзінің бастауларын сонау есте жоқ ескі замандардағы мифтерден,
аңыздардан, ертегілерден, ауызекі әңгімелерден, бір сөзбен айтқанда, халық
прозасынан аталатын қазақ повесінің кейін бірте-бірте ұлттық жазба
прозамыздың жетекші бір түріне айналып, ХХ ғасырдың екінші жартысынан былай
қарай сапасы жағынан дүниежүзілік көркемсөздің ең үздік үлгілерінің
деңгейіне дейін қалай көтерілгені нақты көркем шығармаларды талдау, ғылыми
зерттеуден өткізу арқылы сараланған.
Кітап ғалымдарға, ізденушілерге, студенттерге, сондай-ақ көркем
әдебиетті қадір тұтатын көпшілік оқырман қауымға арналған.

А --------------
ББК Қаз.

ISBN С
Асылбекұлы С. 2008.
С
Үш Қиян баспасы, 2008.

1 Кіріспе

Осынау күндері адамзат өміріндегі ғылым мен өнердің атқаратын міндеті,
рөлі өлшеусіз өсіп отыр. Әлемдегі ең бай, бақуатты елдер болып саналатын
АҚШ, Жапония, Германия, Швеция, Финляндия, т.б. елдер нақ осы ғылым мен
өнерге арқа сүйеп, соларды барынша дамытып, соның арқасында еңбек
өнімділігін еселеп арттыратын жаңа технологияларға иелік етуде. Және сол
өнер мен ғылым тек өндірісті дамытып қана қойған жоқ, сол өндірісті іске
қосатын, басқаратын саналы тіршілік иесі – адамдардың сезімі мен ақылын да
өлшеусіз өсірді, оны үлкен жасампаз күшке айналдырды. Осылайша ұлттық
данышпанымыз Абайдың бұдан бір ғасыр бұрын айтқан: Қашан бір бала ғылым-
білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады
(1,469) деген сөзі бүгінгі өміріміздің шындығы бұлтартпастай етіп дәлелдеп
беруде.
Адам баласы болмыстың ақиқатын екі жолмен таниды: ғылым және өнер
арқылы. Егер ғылым болмыстың шындығын логикалық пайымдаулар арқылы
түсіндірсе, өнер оны образдар арқылы бейнелейді. Бұл екеуі бірінсіз бірі
жоқ құстың қос қанаты секілді. Ғылым адамзаттың ақыл-ойын шыңдап,
жетілдірсе, өнер оған қоса оның сезімін, танымын, интуициясын, яғни
түйсігін байытып, көркейтеді. Сүйтіп қарапайым екі аяқты пендені Абай
айтқан толық адамға, яғни нағыз адамға айналдырады.
Көркем әдебиеті арқылы біз ұлтты танимыз. Айталық, тек қазақ
әдебиетінің шығармалары арқылы ғана біз туған халқымыздың жан дүниесін,
психологиясын, характерін, яғни бүткіл рухын танып біле аламыз. Ендеше біз
көркем әдебиетіміз арқылы ғана ұлы Отанымызды түсініп, оның қадір-қасиетін
зерделей алмақпыз, өйткені Отан деген ең алдымен ана тілі мен туған жер,
онда өмір сүріп кеткен және қазір жер басып, тіршілік етіп жатқан адамдар.
Көркем әдебиеттің өмірдегі осындай ұлы миссиясын бізден бұрын өмір
сүріп кеткен ойшылдарымыз да ерте аңғарыпты. Солардың бірі және бірегейі
Ахмет Байтұрсынов былай дейді: Өнердің ең алды сөз өнері деп саналады.
Өнер алды – қызыл тіл деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз
күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің
бәрінің де қызметін шама қадырынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті
сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді сүгіреттер болсын, қандай
әдемі ән-күй болсын – сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады.
Бұл өзге өнердің қолынан келмейді (2.138).
Бұл жерде Ахаң – Ахмет Байтұрсынов өзге өнер деп классикалық өнердің
көркем әдебиеттен өзге музыка, кескіндеме (живопись), мүсін (скульптура),
сәулет (архитектура) секілді түрлерін айтып отыр. Демек, бұл көркем әдебиет
туындысының бойында бәрі де бар деген сөз: музыкаға тән ырғақ пен әуез де,
мүсін өнеріне тән пластика да, сәулет өнері мен кескіндемеге тән сыр мен
сымбат пен жүз құбылған бояулар әлемі де. Сөз өнері солардың бәрін
суреттеп, бейнелеп бере алады.
Әрине, М.Горький айтқандай, көркем әдебиет – адамтану, сондықтан да
оның ең басты предметі – адам , ал ең өзекті проблемасы – сол адамның
арманы мен мұңы, қуанышы мен қайғысы, болашаққа көз тіккен асқаралы үміті.
Сөз жоқ, адам – әлемнің шешілмеген ең басты жұмбағы. Осы жұмбақты
шешем деп талай данышпандар мен суреткерлер күндіз – күлкіден, түнде
ұйқыдан қалып, қаншама таңды таңға ұрды десеңізші. Бірақ адамзат бәрібір
оларға өзінің құпиясын толық ашып бере қойған жоқ. Өйткені М.Әуезов
айтпақшы, ... психофизикалық жаратылысы жағынан адам атаулы әралуан
келеді. Л.Н.Толстой соған қарап әрбір жеке жан әсте қайталанбайтын
комбинация деген. Сондықтан жақсылықта да, жамандықта да әр адам өз
жаратылысын өзінше аңғартады (3,403).
Біздің зерттеу объектіміз – осы ұлттық әдебиетіміздің, яғни сөз
өнерінің эпос деп аталатын жанрының бір түрі болып табылатын қазақ повесі
болмақ. Аталған еңбекте біз қазақ прозасының осы жанры өз бастауын қайдан
алды (генезисі), оның ұлттық жазба әдебиетіміздегі алғашқы үлгілерінің
пайда болуына қандай саяси-әлеуметтік, тарихи жағдайлар әсер етті деген
сауалдарға жауап бере келіп, одан әрі қарай осы жанрдың қазақ көркемсөз
өнеріндегі қалыптасу, кемелдену үдерісін (эволюциясы) және көркемдік даму
жолдарын (поэтикасы) зерттеп, зерделемекшіміз.
Жанрлық бастауын қазақ фольклорындағы сонау есте жоқ ескі замандардағы
мифтер мен аңыздардан, ертегілерден алатын қазақ повесінің ұлттық жазба
әдебиетіміздегі алғашқы нұсқаларына Әкірам Ғалимовтың Бейшара қыз (1912),
Тайыр Жомартбаевтың Қыз көрелік (1912), Бейімбет Майлиннің Шұғаның
белгісі (1915) т.б. секілді әдеби туындылар жатады. Міне, содан бері жүз
жылға, яғни бір ғасырға жуық уақыт өтті. Осы мезгілде қазақ повесі жанр
ретінде біршама ұзақ даму жолынан өтті: оның көркемдік тұрғыдан кемелденіп,
биікке самғаған кездері де (1920-1930,1960-1990 жылдар), коммунистік,
большевиктік идеология мен цензураның, И.В.Сталин орнатқан жеке адамға
табынушылық дәуірінің қатаң қыспағына ұшырап, тоқыраған тұстары (1930 -1960
жылдар) да болды. Бұл мезгіл аралығында осы жанрды жасаушы көркемсөз
шеберлерінің бірнеше ұрпағы ауысты. Олар кезінде қазақ прозасын, оның бір
жанрлық түрі болып табылатын қазақ повестерін жаңа тақырыптық, идеялық,
көркемдік ізденістермен байытты, өздерінің шығармашылық шеберліктерін
ұлттық, шығыстық көркемсөздің тәжірибелерімен ғана шектеп қоймай, орыс,
батыс әдебиеттерінің поэтикалық өрнектерін кеңінен пайдаланды, сүйтіп
мазмұны ұлттық болғанмен көркемдік пішімі жалпы адамзаттық синтез жасады.
Аталған еңбекте біз шамамыз жеткенше осы көркемдік ізденістердің табиғатын
аша отырып, қазақ повесінің бір ғасырлық даму жолының эволюциясын нақты
жазушылардың нақтылы шығармалары арқылы жан-жақты талдаудан өткіздік.
Әрине, қазақ повестері қазақ әдебиеттану ғылымында бұған дейін де әр
қырынан біршама зерттелген тақырып болатын.
Мысалы, Н.Ғабдуллин (4;5), С.Қирабаев (6;7), З.Қабдолов (8), Т.Кәкішев (9),
Р.Бердібаев (10), Ш.Елеукенов (11), Р. Нұрғали (12; 13), Г.К.Бельгер (14),
З.С.Кедрина (15), З.Серікқалиев(16), Б.Наурызбаев(17) С.Әшімбаев(18; 19),
Қ.Әбдезұлы(20; 21), Ж.Дәдебаев(22; 23), З.Бисенғали(24), Б.Майтанов(25),
Б.Сарбалаев(26), Т.Жұртбаев(27), А.Мұсаев(28), А.Ісімақова(29),
Р.Тұрысбек(30), Г.Пірәлиева(31), т.б. секілді көрнекті әдебиеттанушы
ғалымдар мен әдебиет сыншыларының еңбектерінде жекелеген жазушылардың
повестері көркем тіл, композиция, сюжет, стильдік ерекшеліктер тұрғысынан
талданса, академик С.Қасқабасовтың еңбектерінде (32;33) қазақ повестерінің
архетиптері болып табылатын халық прозасының әфсана, ауызекі әңгіме,
мифтер, ертегілер, аңыздар секілді жанрларының идеялық, көркемдік табиғаты
ашылады. Алайда жоғарыда аттары аталған еңбектерде қазақ повесі жанр
ретінде жеке алынып қарастырылмайды, олар жалпы қазақ прозасының даму,
өркендеу аясында алып зерттеледі.
Сонымен қатар қазақ повесін зерттеулерінің негізгі, басты объектісі
етіп қарастырған ғалымдар да бар. Мәселен, Ә.Әзиев, А.Нағметов, Г.Ержанова,
М.Әдібаев, Ш.Уәлиханов, Д.Неталиева, Н. Халикова секілді
әдебиеттанушылардың еңбектерінде (34) бұл жанр арнайы зерттеу объектісі
ретінде қарастырылып, алынып отырған тақырыбына сай талданады. Мәселен,
филология ғылымдарының кандидаты Ә.Әзиевтің Қазақ повесі деген еңбегі осы
жанрдың 1914-1940 жылдар аралығындағы даму кезеңін қамтыса, А.Нағметов өз
зерттеуіне 1960-1970 жылдарда жарық көрген қазақ повестерін арқау еткен. Ал
Ш.Уәлиханов негізінен С.Мұратбеков, М.Әдібаев М.Әуезов, Д.Неталиева
Д.Исабеков повестеріне тоқталса, Н.Халикова қазіргі қазақ прозасындағы
кейіпкерлерді даралау, Г.Ержанова 1970-1980 жылдары жарық көрген қазақ
повестеріндегі психологизм мәселелерін сөз етеді. Біз бұдан күні бүгінге
дейін қазақ повесінің генезисінен, яғни шығу тегінен бастап бүгінгі ХХІ
ғасырға дейінгі жүз жылдық даму жолын тұтастай алып, жан-жақты зерттеген
еңбектің жоқ екенін көреміз. Қазақ повесі (Генезис. Эволюция. Поэтика.)
деп аталатын бұл зерттеу жұмысы сол олқылықтың орнын толтыруды көздейді.
Повесть жанрына әдебиеттанушы ғалымдардың әрқайсысы өзінше анықтама
береді, айталық ғалым М.Серғалиев ол туралы: Повесть – эпикалық проза
жанрының бір түрі. ... Повесть – әңгіме мен романның аралығындағы прозалық
жанр. Шын мәнінде кейбір повестердің көлемі романнан ауқымды болатын
жайлары кездеседі (мәселен, көп романнан көлемі салмақты көрінетін Клим
Самгиннің өмірін А.М.Горький повесть деп атаған). Сондықтан повестің
көлемінен гөрі көтерген жүгінің – арқау еткен мәселесінің біршама
шағындығын, бір жағынан, романнан кішірек жанр екендігі деп білсек, екінші
жағынан, кішігірім ауқымдағы эпизодтан гөрі өмір иірімдеріне бірталай
бойлай енуі повестің әңгімеден күрделірек жанр екендігін дәлелдейді
(35,550) десе, филология ғылымдарының кандидаты Ә.Әзиев: Повесть - әңгіме
мен романның аралығындағы жанр. Ол көркем прозаның кіші формасынан үлкен
эпикалық формасына қарай өтетін кезеңде тұр. Былайша айтқанда, әңгімеден
үлкен, романнан кіші соғатын бұл жанр эпостық шығарманың орташа түрі болып
табылады (34,16) дейді. Ал А.Байтұрсынов кезінде қазіргі романды ұлы
әңгіме, повесті ұзақ әңгіме, әңгімені ұсақ әңгіме деп атай отырып,
повеске Ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі Ұзақ әңгіме деп
аталады. Онан шағындау түрі Ұсақ әңгіме деп аталады (2,283) деп анықтама
беріпті.
Сонымен қатар мына жайды да айта кетуіміз керек, орыстың төл сөзі
болып табылатын повесть атауы ерте кезде, он екінші ғасырдан бермен қарай,
болған оқиға жайлы әңгіме деген мағына берген. Мысалы, он екінші ғасырда
құрастырылған орыс шежіресі Жыл мезгілдері жайлы повесть деп аталған.
Сондай-ақ орыс әдебиетінің он екінші ғасырда туған әйгілі шығармасы Игорь
полкы туралы сөз де кезінде поэма, дастан, немесе жыр делінбей, повесть
атаныпты. Тек он жетінші ғасырдан бері қарай повесть деген термин өзінің
бүгінгі жанрлық сипатына едәуір жақындау мағынада қолданылғанын айтады бұл
жөнінде тағы бір әдебиеттанушы ғалым А.Нағметов(34,10).
Жоғарыдағы пікірлерді қорытындылай келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін айтатын болсақ, бұл жанрға повесть дегеніміз көлемі мен көтерген
саяси-әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық мәселесі жағынан романнан кіші,
әңгіме мен новелладан үлкен эпостық проза жанрының орташа түрі болып
табылады деп қысқаша анықтама беруге болады. Повесть заман ағымының, уақыт
шындығының ізін суытпай бейнелеуде әдетте романнан гөрі икемді болып
келеді. Сондықтан да мынау уақыт экспреске тән жылдамдықпен заулайтын болып
алған біздің заманда, яғни ХХІ ғасырда ол көркем прозаның авангардтық
жанрына айналып отыр. Бұл жанрда кезінде қазақ әдебиетінің Ж.Аймауытов,
Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов секілді классиктері жемісті еңбек етсе,
1950-1960 жылдардан бері қарай сол дәстүрді жаңа замандық қазақ әдебиетінің
Б.Соқпақбаев, Т.Ахтанов, С.Шаймерденов, Т.Әлімқұлов, Ш.Мұртаза,
С.Мұратбеков, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Қ.Ысқақов, Ә.Тарази, Д.Исабеков,
Қ.Мұқанбетқалиев, Т.Әбдіков, Б.Нұржекеев, Т.Нұрмағамбетов, т.б. көрнекті
өкілдері табысты жалғастырып әкетіп, қазақ повесінің идеялық-көркемдік
сапасын әлемдік үздік стандарттардың деңгейіне дейін көтерді. Осы зерттеу
еңбекте автор шамасының жеткенінше осы идеялық-көркемдік дамудың
эволюциясын егжей-тегжейлі ашып көрсетуге тырысады.
Повесть деген орыс тілінен енген ғылыми терминді қазір бірсыпыра
қазақ жазушылары мен әдебиет зерттеушілері хикая деп те алып жүр. Хикая
деген де бізге шет тілінен енген сөз, сондықтан біз бұл атауды қазақтың
баян (повествовать –баяндау , баян қылу, повесть – баян ) деген төл сөзімен
атауды ұсынамыз. Сондықтан зерттеу еңбектің кейбір тұстарында оқырмандардың
құлағына сіңісті бола беру үшін повесть атауының орнына баян сөзін
қолданғанымызды айта кеткіміз келеді.

Бірінші тарау

Қазақ повесінің генезисі. Алғашқы қазақ повестері.

Қазақ повесінің прозаның жетекші бір жанры ретінде ұлттық әдебиетімізде
қалай пайда болғанын түсіну үшін әуелі оның архетиптеріне, яғни алғашқы
үлгілеріне тоқталуымыз керек. Сөз жоқ, жазба әдебиетіміздің басқа түрлері
секілді повесть жанрының да алғашқы бастаулары фольклорымызда, ауыз
әдебиетінде жатыр. Фольклор – жазба әдебиетіміздің ақ сүт берген анасы.
Кез келген ұлттың жазба әдебиеті секілді қазақтың жазба әдебиеті де, соның
бір жанры болып табылатын қазақ повесі де ұлттық фольклорымыздың құрсағында
жатып жетілді. Оның жеке жанр болып жетілуіне өте ұзақ уақыт қажет болды.
Осы арада басын ашып айта кететін бір жағдай бар, қазақ әдебиеттану
ғылымында көп уақытқа дейін қазақ фольклоры мен оның жазба әдебиетін екі
жүйе ретінде қарастырып келдік. Бұл екеуінің көркем әдебиет деп аталатын
бір бүтіннің компоненттері екендігіне онша мән берілмеді. Сондықтан бейне
бұл екеуінің арасын алынбас қамал, ерекше бір шекара бөліп тұрғандай әсер
қалдыратын. Осы тұрғыдан келгенде белгілі әдебиеттанушы ғалым, филология
ғылымдарының докторы А.Ісмақованың төмендегі пайымдаулары әлемдік
әдебиеттану ғылымының бүгінгі деңгейге сай келеді. Ол былай дейді:
Литература и фольклор образуют единую эстетическую общность – словесное
творчество народа: устная и письменная (по способам изображения
действительности) литературы существуют как единая метасистема, которая
находится в непрерывном развитии. Фольклор и литература - это два различных
способа интерпретации действительности, два вида ее познания. Тот факт, что
к фольклору восходят жанровые и сюжетные особенности казахской прозы,
свдетельствует о непрерывности устно- поэтической традиции. Впервые эту
точку зрения на исследование литературы применил М.М.Бахтин (1895-1975)
(1,29-9).
А.Ісмақова жоғарыда фольклор мен жазба әдебиетінің бір эстетикалық
жүйе екенін, олардың арасындағы айырмашылығы бар болғаны ақақатты танудың
екі түрі болып табылатындығын орынды атап көрсеткен. Бұндай методологиялық
пайым, сөз жоқ, бізге жалпы әдебиеттің даму үрдісін дұрыс, жан-жақты
түсінуге көмектеседі. Адамзатта әуелі фольклорлық сана қалыптасты.
Фольклорлық сана да шындықты танып білудің бір түрі, яғни мәдениеттің бір
түрі еді. Осы сана бірте-бірте күрделене түсті, жазудың пайда болуына
байланысты ол ғылыми негізге түсе бастады. Осыған байланысты адамзаттың жан
дүниесін бейнелеудің жаңа формаларының қажеттілігі пайда болды. Ең алғашқы
бастауын қазақ мифтері, аңыздары мен ертегілерінен алатын қазақ повесі де
осындай рухани ізденістердің негізінде туды.
Сөз жоқ, қазақ әңгімесі мен романдары секілді қазақ повесі ең алдымен
халық прозасының үлгілерінің жалғасы, солардың жазу өнерінің пайда болуына
байланысты жетілген түрі. Ал халық прозасы өз кезегінде аңыздық проза,
ертегілік проза болып екіге бөлінеді. Осы терминдерді өз зерттеулері арқылы
қазақ әдебиеттану ғылымында тұрақтандырған академик С.Қасқабасов бұл
жөнінде : ...бүкіл совет фольклортану ғылымының фольклорлық жанрлар
теориясын зерттеудегі табыстарына сүйене отырып, біз қазақ халық прозасын
екі үлкен топқа бөлдік. Бірі – аңыздық проза, екіншісі – ертегілік проза.
Бұлардың әрқайсысы ішкі анрларға жіктеледі. Аңыздық проза миф, хикая
(быличка), аңыз (предание), әпсана-хикаят (легенда) жанрларын қамтиды.
Ертегілік прозаға жауарлар жайындағы, қиял-ғажайып, батырлық, новеллалық
және сатиралық ертегілер жатады (32,57-58) дейді.
Сонымен қатар С.Қасқабасов ертегі жанрының аңыздарға, мифтерге
қарағанда кейінірек пайда болғанын айтады. Зерттеушінің пайымдауынша,
ертегі өзінің қалыптасу үрдісі кезінде миф, аңыздардың қасиеттерін бойына
молынан сіңірген (32,180).
Ертегілерге келетін болсақ, олардың ішіндегі ең көнесі, ескісі –
мергендер жайлы ертегілер. Мысалы, оларға Еділ-Жайық, Құла мерген,
Жерден шыққан Желім батыр, Аламан мен Жоламан секілді ертегілер жатады.
Адамзат баласы өзінің ұзақ даму тарихында ең алдымен терімшілік, сонан соң
аңшылық, одан кейін бақташылық, егіншілік секілді дәуірлерді бастан
кешіргені тарихтан аян. Осылардың ішінде терімшілік заманын бейнелейтін
фольклорлық нұсқалар біздің әдебиетімізде кездеспейді, ендеше жоғарыда атап
көрсеткеніміздей, біздің ең көне ертегілеріміз аңшылық дәуірін бейнелейтін
ертегілер болып табылады.
Бәріміз жақсы білетіндей, аңыздар етртеде болған оқиғалардың
негізінде туады. Әдетте аңыздың кейіпкерлері тарихта болған, белгілі бір
дәуірде өмір сүрген тарихи адамдар, тұлғалар. Мысалы, Асанқайғы, Алдаркөсе,
Жиренше, Қарашаш туралы аңыздар – осы сөзіміздің куәсы. Ал мифтер аңыздар
мен ертегілерден де көнерек. Миф дегеніміз – адамзаттың алғаш тәй-тәй баса
астаған кездегі сәби санасының табиғат, көк, аспан, қара жер денелерінің
қалай жаратылғандары туралы түсінігінен туған ауызша әңгімелер. Осы
тұрғыдан келгенде, мифтер де, аңыздар да ең алдымен адамдардың сана-
сезімдерінің жемісі. Сондықтан да ертедегі адамдар біздердің қазіргі
замандық жазушылардың қаламынан шыққан әңгімелер мен повестердің,
романдардың мәтіндеріне шын көңілден иланатынымыз секілді өздері шығарған
мифтер мен аңыздарға құлай сенген. Осы пікірді белгілі бір дәрежеде
ертегілерге қатысты да айтуға болады. Қазіргі заманғы адамдардың
түсінігімен қарағанда бұл жанрдың туындылары негізінен таза адам қиялы мен
фантазиясының жемісі секілді ұғынылғынмен сол дәуірдің тыңдармандары үшін
ертегілердің оқиғалары өте сенімді көрінген. Мысалы, әйгілі Ер Төстік
ертегісінде тіршілік үш қабатты өмір сүру кеңістігі ретінде сипатталады,
яғни жер астындағы өмір, жер үстіндегі өмір, көктегі өмір. Қазіргі адамдар
үшін бұл көркемдік қиял жемісі болып көрінгенмен, ертедегі адамдардың
түсінігі шын мәнінде адамзат өмір сүретін кеңістікті үш қабаттан тұратын
әлем ретінде қабылдаған. Сондықтан да фольклор шығармаларын тек
шығармашылық қиялдың туындысы ретінде ғана қарастырғанымыз абзал. Осы
орайдан келгенде, С.Қасқабасовтың: Прозалық флоьклордың құрамында сондай-
ақ әр дәуірдің таңбасы бар. Әртүрлі заманда туған сюжеттер мен мотивтерде
әр дәуір болмысының көріністері сәулеленеді (32,51) деген пікірі –
қолдауға тұрарлық пікір.
Бір айта кететін жағдай, халық прозасы деген термин біздің
әдебиеттану ғылымымызда соңғы жылдары ғана пайда болды. Өйткені халық
прозасы деген ұғым әлемдік фольклортану ғылымының өзінде бертін (1950-60
жылдардан бастап), яғни Халық прозасын зерттеушілердің халықаралық қоғамы
құрылғаннан кейін қолданыла бастады. Дүние жүзі фольклортануында
қалыптасқан түсінік бойынша, халық прозасына фольклордың қарасөзбен
айтылатын барлық түрі кіреді (33,9).
Сөз жоқ халық прозасы деген терминнің орнығуы жазба әдебиеттегі
әңгіме, повесть, роман секілді көркем проза жанрларының түп-төркінін, яғни
архетиптерін тануды бұрынғыдан гөрі жеңілдетті. Қазіргі көркем прозаның
архетиптері мифтер мен аңыздар, ертегілер секілді жанрлардан тұратын халық
прозасы болып табылатынын бұрынғыдан гөрі түсініктірек ете түсті. Осы
тұрғыдан келгенде, бұрынғы заманғы ертегішілер, әңгімешілер ең алғашқы
халық прозашылары еді, олардың қазіргі әріатестерінен басты айырмашылықтары
өз туындыларын ауызша шығаратындықтарында және сол туындылардың ұрпақтан
ұрпаққа ауызша жеткізілетіндігінде болатын. Шынында да, жазба прозаның
басқа да жанрлары секілді повесть жанры көркем шығарманың фабуласын,
композициясын мінсіз етіп құра білуді, диалог, полилог секілді
кейіпкерлердің сөз саптастарын қиыннан қиыстыруды, әдеби шығарманың мәтінін
эпитет, метафора секілді көркемдеуіш құралдармен айшықтауды, оқиғаны
қызықты етіп баяндауды ең алдымен осы халық прозасының үлгілері болып
табылатын мифтерден, аңыздардан, ерегілерден үйренді. Әсіресе бұлардың
ішінде ертегілер жазба көркем прозаға бәрінен де гөрі жақындау тұр, өйткені
бұл жанр халық прозасының кейінірек пайда болған ең келісті, ең көркем түрі
болып табылады. Сондықтан да ол халық прозасының өзіне дейінгі жанрларының
бай көркемдік тәжірибесін бойына жнақтап, оны әрі қарай дамытты.
Жазба прозаның, оның ішінде біз сөз етіп отырған повесть жанрының
пайда болуына, дамуына жоғарыда біз атап өткен мифтер, аңыздар, ертегілер
мен қатар шешендік сөздердің, шежірелердің де белгілі дәрежеде ықпалы
болғанын атай кеткеніміз жөн. Рас, шешендік сөздер мен шежірелердің
көркемдік құрылысы тым қарапайым, онда ертегілер мен оның жазба әдебиеттегі
аналогы болып табылатын әңгіме, повесть жанрларындағыдай пролог,
экспозиция, оқиғаның шиеленісуі, шиеленісудің шарықтау шегі
(кульминациясы), шешімі, эпилогы сияқты көркем проза композициясының барлық
компоненттері ұшыраспайды. Шежірелер негізінен айтушының, не жазушының
баяндауына құрылады және ол қатаң хронологиялық жүйеге бағынады. Ол сөз
өнерінің көркемдік құралдарын өте сараң қолданады, сондықтан онда нақты
мәліметтер мен фактілердің рөлі өте күшті. Ал шешендік сөздерде эпитет,
метафора, гипербола, литота, инверсия сияқты көркемдеуіш құралдар молынан
пайдаланылса да, онда көркем прозаға тән композициялық компоненттердің
толық үйлесімі болмайды. Осыған қарамастан халықтың әдеби тілінің
қалыптасуына бұл жанрлардың белгілі бір дәрежеде ықпалы болды. Ал әдеби,
көркем тіл, жазба прозаның, оның ішінде повесть жанрының ең бірінші
элементі, өзегі болып табылады. Осы орайдан келгенде, шежірелердің де,
шешендік сөздердің де қазақтың жазба әдебиетінің қалыптасып, дамуына
тигізген әсері айтарлықтай. Міне, сондықтан да академик М.Қаратаевтың: ...
проза саласы ауыз әдебиетінде тек ертегі, аңыз түрінде ғана жасайды
(36,127) деген пікіріне толықтай қосылу қиындау.
Қазақтың жазба прозасына ең жақын тұрған жанр ертегілер дедік. Сол
ертегілердің өзі о баста халықтың күнделікті ауызекі әңгімелерінен бастау
алады. Яғни ертегі жанрының түп төркіні – алғашқы қауымда пайда болған
көне миф, аңшылар туралы әңгіме, хикая және әртүрлі кәде-ырымдар мен
аңыздар. Басқаша айтқанда, ертегі жанры өзінің қалыптасу процесінде осы
жанрлардың қасиеттерін бойына сіңірген, олардың кейбіреуін молырақ,
бағзыларын азырақ пайдаланған (32,180).
Қиял-ғажайып ертегілерінің қаҺармандары өзінің бастауын мифтерден,
аңыздардан, ертегілерден алатын қазақ повесі әсіресе хайуанаттар жайындағы
ертегілер мен қиял-ғажайып ертегілеріне қарағанда реалистік сипаты басым
болып келетін тұрмыс-салт ертегілерінің тәжірибесін молырақ пайдаланды.
Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкерлері секілді қанатты тұлпарларға мініп
көкке ұшпайтын, немесе бауырларын, не қалыңдығын іздеп жер асты
патшалықтарына саяхатқа шықпайтын, жалғыз көзді дәу, мыстан кемпір секілді
фантастикалық күш пен сиқыр иелерімен күш санаспайтын. Олар өмірдегі
кәдуілгі қарапайым адамдар секілді өмір сүретін еді. Сондықтан да олардың
жаулары да үлкен сиқырлы күштердің иесі емес, өзі секілді қарапайым жандар
болатын. Сондықтан тұрмыс-салт ертегілерінде батырлар жыры мен қиял-ғажайып
ертегілеріндей гипербола, литота, әсірелеу секілді көркемдік фигуралар,
айшықтар мүлде ұшыраспайды десе болғандай. Тұрмыс-салт ертегілерінің осы
сипаттарын, ерекшеліктерін дәл байқаған М.Әуезов былай дейді: Салт
ертегілері қазақта ұшан-теңіз болса да, әлі тегіс жиналған жоқ, ерекше
зерттелген де емес. Бірақ бүгін туып отырған көркем прозаның (роман,
повесть, әңгіменің) мол іргесі, кең қоры осы түрде екенін даусыз
дәлелдейтін ауызша айтылған салт романы (халық романы), тарихи ұзақ әңгіме
(повесть), тарихтық хроника ең алғашқы қысқа әңгіме (новелла), қызық
құрылысты өткір әңгіме, өсиет әңгіме, күлкі әңгіме, геройлық аңыз, шебер
өмірбаяндық әңгімелер, жорық-жортуыл әңгімелер сияқты құбылысы көп, қиын
түйінді, шытырман оқиғалы (приключенческий) әңгімелер – бәрі де осы топтан
табылады.
Мұндай алуан түрі, көркі көп халық қорына қарағанда, жазба әдебиеттен
бұрын-ақ көркем қарасөз туғызушы атсыз әңгімешілер еңбегімен, қалың халық
даналығымен бірге қазақта аса шебер жанрлар (түрлер, үлгі, өрнектер) туып,
өсіп қалғанын көреміз.
Көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз, сатысыз көп қор
құйған болса, бүгінгі көркем прозаға да халықтың ауызша әңгімесі сондайлық
жатық жолмен көп араласып, қабысып жатыр.(3,220).
Тұрмыс-салт ертегілерінің оқиғаларының шындыққа жақын болуымен қатар
оның демократиялық сипаты да басым. Олардың басты кейіпкерлері батырлар
жырындағыдай, немесе қиял-ғажайып ертегілеріндей ханзадалар, бай-бағландар,
немесе олардың әбден зарығып барып көрген, сондықтан да басқалардан ерекше
жаратылған перзенттері емес, кәдімгі қарапайым жандар. Олардың арасында
бақташылар да, егіншілер де, қарапайым ұсталар мен тігіншілер де бар.
Тұрмыс-салт ертегілерінің ең сүйікті персонаждары тұрмыстан тепіреш көрген
қаңбақ шал, тазша бала, жетім бала секілді халықтың нағыз қалың ортасынан
шыққан қарапайым жандар. Олар үнемі халық қамы үшін, әділет пен шындық үшін
күресіп жүреді және сырттай қарағанда, әлсіз адамдар болып көрінгенмен,
түптің түбінде жеңіске жетеді. М.Әуезов мұндай ертегілерді халық
романдары, халық әңгімелері деп атаған. Бұларды дәл сол секілді халық
повестері деп атауға толық негіз бар. Мысалы, әйгілі Аяз би ертегісін
осындай халықтық повеске әбден жатқызуға болады. Өйткені бұл ертегінің
сюжеттік желісі де, композитциялық құрылысы да прозаның повесть жанрының
канондарына толық сәйкес келеді. Мұнда повестегідей шығарманың экспозициясы
да, байланыс та, шиеленістің шарықтау шегі де, ең ар жағы шығарманың
прологына дейін бар. Ертегі басты кейіпкер басынан өткерген хикаяларды бір-
бірлерімен шебер қиыстыра отырып, оны үлкен әлеуметтік, қоғамдық
тартыстарға салып сынайды, сол арқылы Аяз бидің характерін адамдық тұрғыдан
жан-жақты ашып көрсетеді. Сүйтіп ертедегі данышпандардың: Ұлылық дегеніміз
– қарапайымдылық. Барлық ұлылық атаулы қарапайым болады деген пікірін
көркем сөз бен образдар жүйесі арқылы қапысыз дәлелдеп шығады.
Ертегілерде халықтың ауызекі сөйлеу тілі шыңдалды. Сүйтіп ол бірте-
бірте жай ауызекі сөйлеу тілінің аясынан шығып, әдеби сөйлеу тіліне, көркем
тілге айналды. Енді уақыты келгенде осы біршама қалыптасып қалған әдеби
көркем тілді жазумен ақ қағазға түсіру керек еді, сүйтіп оны одан әрі
жетілдіру қажет болатын. Қазақтың жазба, көркем прозасының негізін қалаған
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев секілді көркемсөз шеберлері кейін солай етті де.
Қазақтың халық повесінің үздік үлгілерінің бірі ретінде қазақ
халқының Тазшаның қырық өтірігі деп аталатын тамаша ертегісін де
жатқызуға болады. Бұл ертегі халқымыздың әдеби көркем тілінің сол кездің,
яғни осы шығарма өмірге келген дәуірдің өзінде-ақ кәдімгідей қалыптасып
қалғанын көрсетеді. Мысалы, Тазша өзі туралы ханға былай толғайды: Тақсыр,
әкемнің белінде, анамның көлінде жатып, әкемнің әкесінің жылқыларын он бес
жыл баққан екенмін! Алған ақыма өзіме қалың беріп, әйел алып, бес-алты бала
сүйген екенмін! Сол әйелімнен туған балаларымның қолымдағы ең кенжесі осы
уақытта жиырманың бесеуінде, өзімнен он жас үлкен!(37,155).
Қараңыз, бас кейіпкердің сөздерді мірдің оғындай, тура ондыққа тиіп
жатыр. Тазшаның толғауында басы артық бір сөз жоқ және тілі мейлінше
образды. Айталық, атамның белінде, анамның көлінде деген секілді
бейнелі орамдар әлі бұғанасы қатпаған, жеткілікті дамымыған әдебиеттің
аузына түсе бермейтін тіркестер. Сондай-ақ осы үзіндіде қарасөз болса да ақ
өлеңге тән бір ырғақ. Ритм бар. Ол ырғақ таза поэзиядағыдай көзге ұрып
тұрмаса да, мұқият құлақ салған кісіге айқын аңғарылады.
Ырғақ демекші, кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар өз
ойларын өлеңдетіп, белгілі бір ритммен жеткізген көрінеді. Сондай
зерттеушілердің бірі Т.Ғабитов: ... көне адамдардың бәрі өлеңмен сөйледі
деген пікір бар. Поэзия мен фольклор бір типтес. Белгілі бір ырғақпен
(ритм) айтылған сөз есте қалады. Кейін жазу пайда болғаннан соң адамның
жадылық (мнемикалық) қабілеті әлсірейді. Сондықтан болар, сағаттап жаңылмай
дастандарды айтатындар қазір сирек кездеседі (38,320) дейді
Әрине, ертегілердің жазба әдебиеттің туындысы болып табылатын
повестерден көптеген айырмашылықтары да бар. Ертегілердің барлығы дерлік
бас қаһарманның үйден алыс сапарға шығып, ақырында оның сол үйге қайтып
орлуымен аяқталады. Және ол міндетті түрде өзінің көздеген мұратына жететін
болады. Повестің реалистік сипаты, сөз жоқ, мұндай бірізділікті қабылдай
алмайды. Сондықтан да бұл жанрдың туындыларының әрқайсысы өзінше басталып,
өзінше аяқталады. Мұндай әркелкілік оны өмір шындығына барынша жақындата
түседі. Шындық демекші, әлемдік әдебиеттен жүз пайыз дерлік ақиқаттың
үдесінен шыққан туындыны табу қиын, өйткені кез келген суреткер, ол қанша
данышпан болса да, айналып келгенде пенде, ал нағыз суреткер, нөмірі
бірінші суреткер – Алла ғана, сондықтан да ақиқаттың үдесінен ұлы
Жаратушының туындылары ғана толықтай шыға алады.
Жоғарыда біз ең алғашқы фольклорлық туындылардың поэзия үлгісінде
туғанын атап өттік. Поэзияның, өлеңнің прозаға қарағанда бұрын туғанын
әдебиетті зерттеушілердің барлығы дерлік мойындаған. Сондықтан да әдебиет
тарихында поэзия барлаушы, бастаушы жанр болды. Сондықтан да көркем
әдебиетке эпикалық кең тынысты да, романтизмді де, реализмді де ең алдымен
поэзия алып келді. Осылайша әдеби әдістер әуелі поэзияның экспериментальды
алаңында сыналды, сонан соң барып сол әдіс жоғарыда аталған жанрда сыннан
өтіп, тұрақталғаннан кейін ғана прозаға, қарасөзге көшті.
Осы тұрғыдан келгенде, филология ғылымдарының докторы А.Ісмақованың:
Поэзия – первая область литературы, в которой ярко выразил себя казахский
национальный гений, именно в поэзии впервые утвердился реализм. Поэтому
естественно, что поэзия оказала серьезное влияние на другие литературные
формы и жанры, в известной степени предопределив и облик казахской
литературы в целом (29,22) деген пікіріне толық қосылуға болады. Сондай-ақ
бұл зерттеуші қазақ романының пайда болуына мифтер, ертегілер, қиссалар,
шежірелермен қатар қазақтың батырлар жырлары мен эпостық жырлары да әсер
етті, эпикалық кең тыныс пен оқиғалылықты (сюжетность) қазақ романы осы
эпостық жырлардан өзіне мирас етті деген ой айтады (29,23).
Біз зерттеуші ғалымның бұл пікірін де қолдаймыз. Әрине, әңгіме,
повесть, роман жанрлары тек халық прозасынан ғана қуат алып, көгеріп,
көктеді десек, бұл, сөз жоқ, біржақтылық болар еді. Ұлттық әдебиеттің ең
жетекші жанрлары болып табылатын поэзия мен проза әрқашан әдебиет тарихының
бүткіл даму барысында бір біріне үнемі әсер етумен болатыны сөзсіз. Өйткені
әдебиеттің бұл екі саласы да халық рухының қайнар көзі – ұлттық санадан нәр
алады. Ұлттық сана болса, қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуының
белгілі бір сатысына сәйкес келеді. Ал қоғамдық дамудың белгілі бір сатысы
өзіне лайықты белгілі бір көркемдік форманы – жанрды қажет етеді.
А.С.Пушкиннің Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырының сюжетінің негізінде
шығарма жазбақшы болғанын қазір көзі қарақты жұрттың бәрі біледі. Орыстың
ұлы ақыны осы эпикалық жырды халық романы деп атаған екен. Бұлай дегенде
ол осы жырдың сюжетінің реалистік сипатына сүйенген көрінеді (29,38).
Шынында да, бұл жырды халық романы деп атауға толық негіз бар.
Біріншіден, роман тек қарасөзбен ғана емес, кейде ,– ілуде біреу болса да,
- өлеңмен де жазылады. Мысалы, сондай романды жазушылардың бірі – Пушкиннің
өзі. Ол өзінің Евгений Онегинін поэма емес, роман деп атаған. Оған осы
шығармада суреттелетін оқиғалар мен мезгіл ауқымының поэмадан гөрі романға
сай келетіні себеп болған. Екіншіден, Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырының
эпикалық ауқымы, уақыт кеңістігі, кейіпкерлердің саны, онда көтерілген
тақырыптар мен идеялық концепциялардың салмағы – романға ғана жүк
боларлықтай ауқым, сан, салмақ. Үшіншіден, бұл шығармада романға сай
келерлік терең реалистік сипат бар. Қазақтың лиро-эпостық жырлары батырлар
жырында кездесе бермейтін қарапайым адамдарды тұңғыш рет ашып, оларды
ұлттық әдебиетке әкеп орнықтырды. Сүйтіп болашақ жазба әдебиеттегі
реализмге жол салып берді. Ендеше ең алғашқы үлгілерінің өзінде айқын
шыншыл сипатымен танылған қазақ повесінің дамуына біздің лиро-эпостық
жырларымыз бен дастандарымыздың да белгілі бір дәрежеде ықпал еткендігі дау
тудырмаса керек.
Сонымен, қазақ повесінің гензисі, шығу төркіні ең алдымен біздің
фольклорлық туындыларымыз – мифтерде, аңыздарда, ертегілерде, шежірелерде,
қиссаларымыз бен дастандарымызда, лиро-эпостық жырларымызда жатқаны
анықталды. Қазақ повесінің пайда болуына, дамуына бұлардың біреулері
тікелей әсер етсе, екіншілері жанама түрде ықпал етті. Мысалы қазақ
ертегілері фольклордың басқа түрлеріне қарағанда повестің жанр ретінде
пайда болуына, қалыптасуына және дамуына айрықша әсер етті. Ал ертегілердің
ішінде тұрмыс-салт ертегілері повеске бәрінен де жақын тұр, сондықтан да,
повесть жанрын тұрмыс-салт ертегілерінің жазба әдебиеттегі аналогы ретінде
қарастыруға әбден болады.
Қазақ әдебиетінде нағыз мәдениетті прозалық шығармаларды тұңғыш
жазған Ыбырай Алтынсарин (39,14) еді. Ол шағын әңгімелер мен новеллалар
жазудың хас шебері болды. Бұл ісінде атақты педагог жазушы қазақтың халық
прозасының (мифтер, аңыздар, ертегілер) туындыларымен қатар орыс және әлем
жазушыларының еңбектерінен үйреніп, үлкен шығармашылық мектептен өтті.
Соның және бойына Аллатағала берген дарынның арқасында тыңнан түрен салып,
ұлттық жазба көркем прозамыздың көшін бастады. Рас, Ы.Алтынсаринге дейін де
біздің жазба әдебиетіміз болды, оның кейбір қарасөзбен жазылған туындылары
күні бүгінге дейін де өз маңызын жойған жоқ. Олардың қатарына Әбунасыр Әл-
Фарабидің философиялық трактаттары мен мақалаларын,Захир ад-дин Бабырдың
Бабырнамасын, Мухаммед Хайдар Дулатидың Тарихи Рашидиін, Қадырғали
Жалайырдың Шежірелер жинағын, Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектерін,
Түркістан уәлаятының газеті мен Дала уәлаятының газетінде жарияланған
кейбір публицистикалық мақалаларды, т.б. атауға болады. Алайда бұлар,
біріншіден, таза көркем проза туындылары емес-тін, олар негізінен ғылыми-
публицистикалық мақалалар, тарихи мемуарлар, шежірелер болатын. Екіншіден,
олардың алып отырған зерттеу объектісі негізінен түркілік, қазақтық әлем
болғанымен, бұл шығармалардың көпшілігі арап, парсы, орыс тілдерінде
жазылған-ды. Тек Бабырдың Бабырнамасы, Қадырғали Жалайыридың Шежірелер
жинағы және Дала уәлаятының газеті мен Түркістан уәлаятының газетінде
жарияланған мақалалар ғана өзіміздің шағатай тілінде жазылған-ды. Ал
шағатай тілі ортаазиялық түркі тілі болып табылғанымен, ол да парсы, арап
сөздерімен едәуір шұбарланған дүбәралау тіл еді. Сондықтан қазақтың таза
әдеби тілінде жазылған жәдігерлер Ы.Алтынсарин мен Абай Құнанбаевқа дейін
жоққа тән болатын. Осы тұрғыдан келгенде, бұл екі көркемсөз шеберін біздің
ұлттық жазба әдебиетіміздің, оның ішінде ұлттық жазба прозамыздың
көшбасшылары болды десек, қателеспейміз.
Ы.Алтынсариннің прозалық шығармаларын шартты түрда үш топқа бөлуге
болады: 1) Орыс жазушыларынан тәржімалаған аударма шығармалары. Мысалы,
Л.Н.Толстойдың Жаман жолдас, т.б. деп аталатын әңгімелері. 2) Қазақ және
басқа да халық фольклорынан алып өңделген шығармалары. Мысалы, Тазша
бала, Лұқпан хакім, Данышпан қазы, т.б. 3) Өзінің балалар мен
жасөспірімдерге арнап жазған төл новеллалары мен әңгімелері. Мысалы, Бай
баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейітқұл, т.б.
Айта кететін бір жағдай, Ы.Алтынсариннің көркем шығармаларында қазақ
тілі өзінің шығармашылық потенциалын толығымен танытты. Айтулы педагог
жазушы прозалық туындаларында да, поэзиялық шығармаларында да ана тілімізді
басқа шет тілдердің сөздерімен шұбарламай, саф, таза алтын күйінде
жарқырата қолданды. Сол арқылы ана тіліміздің адам жаны мен психологиясының
небір нәзік иірімдерін шеберлікпен айнытпай жеткізе алатын құдіретті бай
тіл екенін көпшілікке қапысыз дәлелдеді. Сол кезең үшін бұл сөзбен айтып
жеткізгісіз үлкен жетістік еді. Өйткені о замандағы арапша, парсыша,
татарша оқыған қандастарымыз сөздеріне осы тілден енген атаулар мен
терминдерді қосып айтпаса, жазбаса сөздерінің тұздығы жетпей қалғандай
қоңылтақсып тұратын, соның кесірінен әсіресе жазба тіліміз өзінің
тотықұстың қанатындай мың құлпырған табиғи бояуынан айрылып, азып-тозып
бара жатқан-ды.
Қазақтың жазба әдебиетінің, оның ішінде жазба профессиналды
прозасының дамып, жетілуіне, кемелденуіне кемеңгер Абайдың қосқан үлесі
ерекше зор болды. Рас, ол әңгіме, повесть, немесе роман жазған жоқ, оның
ғажайып таланты ең алдымен поэзияда жарқырады. Есесіне А.Құнанбаев қазақ
әдебиетіне реалистік дәстүрді әкеп, берік орнықтырды және ұлттық көркессөз
өнеріміздің көкжиегін тың, тосын тақырыптармен, идеялармен кеңейтті.
Сонымен қатар жанры жағынан философиялық трактат, немесе ғылыми
публицистика болып табылатын өзінің қарасөздерін проза үлгісінде жазды,
сүйтіп қазақтың қарапайым күнділікті сөйлеу тілін көркем әдеби қалыпқа
түсірді. Сондықтан қазақтың жазба прозасының тарихын сөз қылғанда ұлттық
данышпанымыздың шығармашылық өнерін талдамай өте алмайтынымыз күмәнсіз.
Қазақтың көркемдік ой-санасының Хантәңірісі Абайдың бүткіл
шығармалары дерлік биік адамгершілікті, пәк көңілді, терең ақыл-ойды
аңсаудан, ізденуден туған. Сондықтан да осы бір көркемсөз алыбының басты
идеалы ақыл-ой, сана-сезім жағынан әбден жетілген, биік адамгершілік иесі –
кемел адам болды. Бұндай адамды ол толық адам деп атады. Өзінің Әуелде
бір суық мұз – ақыл зерек деген жырында бұл хақында ұлы ақын: – Ақыл,
қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек, – дейді.
Абайдың айтуынша, ақыл, қайрат, жүректі бірдей тең ұстау – толық
адам, кемел мұсылман болуға апаратын ең басты жол. Дегенмен осылардың
ішіндегі ең қасиеттісі қайсы дегенде ол жүректі ең бірінші орынға қойып,
ерекше әспеттейді. Ол жөнінде он жетінші қара сөзінде бәрінен кім мықты
деген сауал төңірегінде ғылымға келіп жүгінетін ақыл мен қайрат, жүрекке
қаратып, былай дейтіні бар: Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп
қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл
қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып
шығарады.
Қайрат сенің қаруың көп, күшің мол, сенің еркіңе жібермейді. Орынды
іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды
қос, оның ішінде жүрекке билет (1, 453).
Бұл арадағы ақынның жүрек деп отырғаны – адамгершілік. Ми ақыл мен
парасаттың қабығы болса, жүрек – адамгершілік бұлағы. Ендеше
адамгершіліктің барлық сипаты жүректен шығып жатады. Сондықтан да Абай
жүректі бәрінен жоғары қояды. Толық адамның, кәміл мұсылманның ең әуелі
жүректің дегеніне құлақ асуын өсиет етеді.
Абай ақыл-парасат, адамгершілік жағынан жетілген адамдарды төрт топқа
бөледі: пайғамбарлар, әулиелер, хакимдер, сонан соң кәміл мұсылмандар деп.
Жұрттың бәрі жақсы білетін пайғамбарлар, әулиелер жөнінде тоқталып жатпай-
ақ, соңғы екеуіне тоқталайық. Хаким – данышпан ғалым, өз заманының озып
туған ойшылы. Абайдың өзін хаким десек болады. Ал кәміл мұсылман дегеніміз
– адамгершілік жағынан жетілген, иманды адам. Ұлы ойшылдың біз жоғарыда
атап өткен толық адамы мен кәміл мұсылманының арасына теңдік белгісін қоюға
болады. Бұл екеуі мағыналас. Абай өз замандастарын осы толық адам, немесе
кәміл мұсылман болуға үндейді.
Өзінен бұрынғы мұсылман мәдениетінің ұлы өкілдері мен түркі
ойшылдарының еңбектерімен терең таныс болған Абай, Алланың өзі де рас,
сөзі де рас дейтін Абай Ислам дінінің адамгершілік сипаттарын егжей-
тегжейлі шұқшия зерттейді. Өз ақылының таразысына салады. М.Әуезов
айтқандай, Абай дін мәселесінде де рационалист болып қалады, ол Құдайды
барша халық таниды деп оған көзсіз табынбайды, оның барлығына, хақтығына өз
ақылы арқылы көз жеткізеді (3, 166-167).
Аллатағала адамзатты басқа тіршілік иелерінен (өсімдіктер дүниесі мен
хайуанаттар әлемінен) артық етіп, өзіне ұқсас етіп, ерекше сүйіспеншілікпен
жаратты деп есептеген қазақ ойшылы сол ұлы Жаратушыға адамзат та айрықша
ықыласпен ынтық болуға, оған шамасы жеткенінше ұқсап бағуға тиісті деп
санайды. Сондықтан Аллатағаланың нұр сипатынан молынан табылатын әділет,
мейірім-шапағат, ізгілік т.б. секілді қасиеттерді толық адам, немесе кәміл
мұсылман бойына барынша сіңіруге міндетті деп есептейді. Мұсылман дініндегі
Иман, Абайдың ойынша, адам баласына ұлы жаратушыдан жұққан бүткіл ізгі
қасиеттердің жиынтығы. Иманның күзетшісі – ұят, кімнің ұяты жоқ болса, оның
иманы да жоқ.
Проф. Т.Х.Ғабитовтың Ы.Алтынсарин туралы Шығыс Ренессансында
қалыптасқан дін мен білімнің арасындағы үйлесімділік идеясын ( әл- Фараби,
ибн- Сина, т.б.) Ыбырай өз заманына сай дамыта білді (38, 278) деген
пікірін Абай Құнанбаев туралы да айтуға болады. Ы.Алтынсарин өзінің 1884
жылы Қазан қаласында жарыққа шыққан Ислам шариаты атты кітабында
мұсылмандықтың негізгі қағидаларын қазақ мәдениетінің дәстүрлі
құндылықтарымен қалай шебер үйлестіре білсе, Абай да өзінің қарасөздері мен
өлеңдерінде Ислам дінінің басты кітабы болып табылатын Құран Кәрімнің
нағыз адамгершілік ілімінің таза кәусар бұлағы екенін бұлтартпайтын
логикалық пайымдаулар арқылы қапысыз дәлелдеп шығады. (дін мен ғылымды,
моральді бір-бірлеріне қарама-қарсы қойып әдеттеніп кеткен советтік
атеистік мәдениеттанудың ықпалымен тәрбиеленіп өскен қазақ ғылымының
қазіргі аға буыны үшін осы бір жалған стереотиптерден арылу әлі де асу
бермес қамал болумен келеді).
Ғылым мен оның иесі ғалым хақында қазақ ойшылы: Адаспай тура іздеген
хакимдер болмаса, дүние ойран болар еді (1,476) дейді. Абайдың ойынша,
қарапайым пенделер тек осы дүниенің қамын жесе, ғалым екі дүниенің қамы
үшін бірдей еңбек етеді. Ғалым тіпті бұл дүниенің қамынан гөрі о дүниенің –
мәңгіліктің – қамын көбірек ойлайды, өйткені бұл пәни – мәңгілікке бастап
баратын кішкентай көпір ғана. Ал толық адам немесе кәміл мұсылман өзі ғалым
болмаса да, олардың сөздеріне махаббатпен ғибраттану керек.
Жалпы, махаббат, сүйіспеншілік сезімі – Абай адамгершілік ілімінің ең
басты қызығы, ядросы. Ұлы ақынның пайымы бойынша, мына адамзат қоғамын быт-
шытын шығарып қиратпай ұстап тұрған ұлы күш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрме тақырыбында жазылған шығармалардың түрлері
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
А. Жақсылықов прозасындағы постмодернисттік сипаттар
Ғұмырын ғылымға арнаған ғалым
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау
Салыстырмалы әдебиеттану пәні мен оны зерттеуші ғалымдардың ой-тұжырымдары
Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Фараби және оның шәкірттері ғылым мен мәдениетті дамудағы орнын анықтау, ғылым мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс
Балалар көркем әдебиетінің сипаттамасы
Пәндер