Қазақ халқының қалыптасуы туралы мәлімет
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЭТНОГЕНЕЗІНІҢ БАСТАЛУЫ. ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫН ҚҰРУДЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
3. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ХV.ХVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МӘДЕНИЕТІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қазақ халқы әлемнің басқа халықтарына тән болған бірегей зандылықтар негізінде қалыптасты. Этногенез процесінің жалпы схемасы төмендегідей болды: жеке рулар, тайпалар, тайпалық одақтар, халықтар, ұлттар - осылармен қатар тілдер де дамыды. Рулардың тілдерінен тайпалардікі, олардан халықтар тілдері, одан кейін ұлттардың тілдері қалыптасты. Бұл процестер тура сызықты болған емес, ол қайшылық жағдайда, ұсақтану, ассимиляциялану, будандасу және бірігу арқылы өтіп жатты, жеке бір тұста уақытша тоқтап та қалып, ал содан кейін қайтадан дамып отырды, бұл орайда тарихи жаңа жағдайда ғана жаңғырып отыруды басынан кешірді.
Қазақ халқының этногенезін тарих, археология, этнография, лингвистика, антропология және геоэтнография ғылымдарының жетістіктерін есепке ала отырып, кешенді түрде зерттеген жөн болар. Қазақ халқының этногенезі ежелгі заман тұңғиығынан басталады, ол негізінен Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін ежелден мекендеген автохтонды (аборигенді) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған. Халықтың қалыптасуы ежелгі және орта ғасырлардағы ірі-ірі этникалық саяси оқиғалармен, шаруашылық формаларының эволюциясымен және қоғамдық қатынастардағы серпінді ілгерілеулермен, феодализмнің қалыптасып, нығаюымен байланысты. Халық нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайда құралады және дамиды, сондықтан да ол этникалық-әлеуметтік қауымдастық болып табылады.
Қазақстан аумағындағы және бүкіл Орта Азиядағы этногенетикалық процестердің түп тамыры қола дәуірінен басталады. Қазақ даласын мекендеген тайпалар өздерінің нәсілдік типі жөнінен европеидтер болған. Ежелгі темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ тайпалары - массагеттер, даилар, исседондар жөне басқалар мекендеген. Қазақ халқының түп төркіні б.з.б. VII ғасырдан бастап жазба тарихта әйгілі болған сақтар еді. Б.з. III ғасырынан V ғасырына дейін Оңтүстік Қазақстан аумағында өмір сүрген үйсіндер мен қаңлылар бірлестіктері қазақ халқының негізгі ұйытқысы болды. Үйсіндер, қаңлылар негізінен европеидтер еді, дегенмен солардың бет пішінінде монғолоидтық элементтер біршама күшейген, сірә, мұның өзі ғұндардың шапқыншылығына байланысты болса керек. Алдыңғы тарауларда көрсетілгеніндей, түріктердің Қазақстанның қазіргі аумағына көптеп келіп (біздің заманымыздың I мың жылдығының ортасы), солтүстік Монғолиядан Әмударияның төменгі ағысына дейінгі жерде қоныстануы, көшпелі жөне отырықшы халықтардың түрлі этникалық топтары араларындағы байланыстардың ұлғаюы, үйсін, кангюйлер мен сақ ұрпақтарының түріктермен қарым-қатынасы этногенетикалық процестердің басталуындағы жаңа маңызды кезең болды. Батыс түрік қағандығы ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттік бірліктер де (түргеш, қарлүқ, оғыз, қимақ) сол бағытта дамыды.

1. Казахстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. //Казахстанская правда//, 1997 год, 11 октября.
2. Казахстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. //Вечерний Алматы//, 1997 год, 13 октября.
3. Бондарцова. «Преемственность поколений», //Юридическая газета//, 1998 года
4. «Поворотная веха в истории становления Казахстана», Казахстанская правда 10 октября 1997 года
5. «Азия – экономика и жизнь», 1998- 2000 г.г.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЭТНОГЕНЕЗІНІҢ БАСТАЛУЫ. ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫН ҚҰРУДЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
3. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ХV-ХVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МӘДЕНИЕТІ
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазақ халқы әлемнің басқа халықтарына тән болған бірегей зандылықтар негізінде қалыптасты. Этногенез процесінің жалпы схемасы төмендегідей болды: жеке рулар, тайпалар, тайпалық одақтар, халықтар, ұлттар - осылармен қатар тілдер де дамыды. Рулардың тілдерінен тайпалардікі, олардан халықтар тілдері, одан кейін ұлттардың тілдері қалыптасты. Бұл процестер тура сызықты болған емес, ол қайшылық жағдайда, ұсақтану, ассимиляциялану, будандасу және бірігу арқылы өтіп жатты, жеке бір тұста уақытша тоқтап та қалып, ал содан кейін қайтадан дамып отырды, бұл орайда тарихи жаңа жағдайда ғана жаңғырып отыруды басынан кешірді.
Қазақ халқының этногенезін тарих, археология, этнография, лингвистика, антропология және геоэтнография ғылымдарының жетістіктерін есепке ала отырып, кешенді түрде зерттеген жөн болар. Қазақ халқының этногенезі ежелгі заман тұңғиығынан басталады, ол негізінен Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін ежелден мекендеген автохтонды (аборигенді) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған. Халықтың қалыптасуы ежелгі және орта ғасырлардағы ірі-ірі этникалық саяси оқиғалармен, шаруашылық формаларының эволюциясымен және қоғамдық қатынастардағы серпінді ілгерілеулермен, феодализмнің қалыптасып, нығаюымен байланысты. Халық нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайда құралады және дамиды, сондықтан да ол этникалық-әлеуметтік қауымдастық болып табылады.
Қазақстан аумағындағы және бүкіл Орта Азиядағы этногенетикалық процестердің түп тамыры қола дәуірінен басталады. Қазақ даласын мекендеген тайпалар өздерінің нәсілдік типі жөнінен европеидтер болған. Ежелгі темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ тайпалары - массагеттер, даилар, исседондар жөне басқалар мекендеген. Қазақ халқының түп төркіні б.з.б. VII ғасырдан бастап жазба тарихта әйгілі болған сақтар еді. Б.з. III ғасырынан V ғасырына дейін Оңтүстік Қазақстан аумағында өмір сүрген үйсіндер мен қаңлылар бірлестіктері қазақ халқының негізгі ұйытқысы болды. Үйсіндер, қаңлылар негізінен европеидтер еді, дегенмен солардың бет пішінінде монғолоидтық элементтер біршама күшейген, сірә, мұның өзі ғұндардың шапқыншылығына байланысты болса керек. Алдыңғы тарауларда көрсетілгеніндей, түріктердің Қазақстанның қазіргі аумағына көптеп келіп (біздің заманымыздың I мың жылдығының ортасы), солтүстік Монғолиядан Әмударияның төменгі ағысына дейінгі жерде қоныстануы, көшпелі жөне отырықшы халықтардың түрлі этникалық топтары араларындағы байланыстардың ұлғаюы, үйсін, кангюйлер мен сақ ұрпақтарының түріктермен қарым-қатынасы этногенетикалық процестердің басталуындағы жаңа маңызды кезең болды. Батыс түрік қағандығы ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттік бірліктер де (түргеш, қарлүқ, оғыз, қимақ) сол бағытта дамыды.
1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЭТНОГЕНЕЗІНІҢ БАСТАЛУЫ. ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
IX ғасырдың басында қимақтар, мен қыпшақтар Сырдарияның оң жағалауына жетеді де Түркістанның мұсылман облыстарының этномәдениетімен тікелей байланыс орнатады. Түріктермен араласқан түркі тілдес тайпалар осылайша қалыптасады, олардың төл руналық жазуы болған. X ғасырда түркі тайпалары исламданғаннан кейін араб жазбасы көне түрік тілін ығыстырады. Наймандар мен керейіттердің Алтайдан Қазақстанның шығысына қоныс аударып, осында өздерінің мемлекеттік бірлестіктерін құруы, этникалық жағдайға елеулі әсер етті. Осы тайпалардың аттарының өзі қазақтың генеалогиялық құрамына енді.
Қыпшақ мемлекеттік бірлестігі қазақ халқының қалыптасуына айтарлықтай ықпал жасады. Ол Ертістен Еділге дейінгі ұлан-ғайыр кеңістікті алып, мұндағы барлық этносаяси бірлестіктердің табиғи мұрагері болды, әрі кейін қыпшақтар болып кеткен көптеген тайпаларды өзіне сіңірді. Сөйтіп қазақ халқының қалыптасу процесі жүре бастады.
Алайда XIII ғасырдың басында осы бір онды процесті монғолдардың шапқыншылығы үзіп жіберді. Әрине, ол қазақ халқының құрылуын күрт тежеді. Жау көптеген қалалар мен отырықшы елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандады, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті, аймақтар арасында орын алған экономикалық және мөдени байланыстарды бұзды.
Монғол басқыншылығы түрік халқының құрамы мен антропологиялық типіне белгілі ықпал жасап, мұнда монголоидтық белгілерді күшейте түсті. Алайда өзі құрған ұлыстардағы тұрғындардың жалпы санының шағын ұлесін ғана құрайтын монғолдардың өздері жергілікті түрік тілді халық ішіне сіңісіп, оның тілі мен ғұрпын қабылдады.
Монғолдардың шапқыншылығы халықтың құрылуын едәуір кідірткенімен, оны тоқтата алмады. Қазақстан аумағының негізгі тарихи этнографиялық өңірлерінің шеңберінде пайда болған Ақ Орда, Моғолстан және басқа да мемлекеттік бірлестіктер негізінен осы жердің автохронды халқын және түріктенген монғолдардың біршама шағын топтарын ғана өзіне қамтыды. Біртіндеп шаруашылық өмір қалпына келе бастады, шыққан тегі мен тілі, материалдық және рухани мәдениеті тектес туысқан этносаяси тайпалық топтардың жақындасу үрдісі жаңғырды. Бұл ретте XIV ғасырдың ортасында орталығы Жетісуда болған Моғолстан мемлекетінің орнауы Қазақстан аумағында этникалық біртектес мемлекеттік бірлестіктің пайда болуындағы алға қарай жасалған қадам еді. Мұнда дуглаттар (дулаттар) маңызды рөл атқарды, олар түрік тайпаларының ішіндегі ең ірісі болатын әрі едәуір жерді алып жатты. Соған қоса Моғолстан мемлекеті Жетісудың түркі тілдес халқын саяси жағынан уақытша Қазақстанның басқа жерінен бөліп тастады.
Ақ Орда халқының едәуір бөлігі қыпшақтар еді. Өзара қырқысу мен әлеуметтік жанжалдардың салдарынан XV ғасырдың басында Ақ Орда ыдырады, Өзбек хандығы жөне Ноғай Ордасы пайда болды. Өзбек хавдығының этникалық құрамына арғындар, тарақтылар, жалайырлар, қаңлылар, қарлұқтар, қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, үйсіндер және басқалар кірді. Ноғай Ордасына маңғыттар, наймандар, қаңлылар, алшындар, арғындар, қоңыраттар, қарлұқтар, алашалар, тамалар және басқалар енді. Нәтижесінде осы тайпалардың бәрі қазақ халқының этникалық компонентін құрады.
Сонымен, XIII ғасырдың бірінші жартысы түрлі этникалық бірлестіктердің ұсақтану, қосылу, ажырасу, жойылу және тілдік, нәсілдік, мәдени элементтер миграциясының кезеңі болды. Әрине, осының бәрі жергілікгі тайпалардың қосылуын тежеді. Ал Монғоддың Казақстанның күллі аумағындағы үстемдігі қазақтардың халық болып қалыптасу процесін тағы да екі жүз жылға кешеуілдетті.
Тұтас алғанда, халықтың құрылуы - ұзақ мерзімді процесс, оның түпкілікті қалыптасу уақытын белгілі бір датаның кезеңімен байланыстыру қиын. Алайда азды-көпті тұрақтанған пікірге қарай, қазақ халқының қалыптасу процесі негізінен ХГУ-ХҮ ғасырлардың өліарасында аяқталған деуге болады. Қазақ тілі қыпшақ тілі негізінде қалыптасты. Қазақтың этникалық қауымы мен этникалық санасы жердің, тілдің, жалпы мәдени жетістіктердің, әдет-ғұрыптардың шығу тегі ортақтығының өсерінен пайда болды.
Сонымен бірге XIV-X ғасырларда Қазақстан аумағында дәстүрлі шаруашылықтың жандана бастағаны, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының отырықшы егіншілікпен өзара қатынасы халықтың қалыптасуына көмектесті. Тарихи әдебиетте "Қазақ" этнонимінің шығуы жайында әр түрлі пікір кездеседі, бұл жөнінде зерттеуші ғалымдардың кереғар пайымдаулары бар екенін айта кеткен жөн. Мәселен, әйгілі шығыстанушы ғалым А.Н.Бернштам қазақтың атын сақтармен байланыстырады. "Қазақ" сөзі ежелгі замандағы "Каспи" және "Сақ" деген екі тайпаның қосылуынан шыққан, яғни Каспи - сақ, қас-сақ-қазақ болған деп тұжырым жасайды.
Белгілі қазақстандық тарихшы М.Ақынжанов "Қазақ" сөзі "Кас" (нағыз), "сақ" (тайпа аты) деген екі сөздің (нағыз сақ) қосындысы дейді. 982 жылы парсы тілінде жазылған "Худуд әл-Ғалам" (әлем шекаралары) атты кітапта Алан мемлекеті және оның қалалары жайында айтылады. Сонда "Алан елінде қасақ деген ұлыс бар", - делінген. Алайда ғылымда әзірше осы маңызды да көмескі мәселеге әлі бірегей жауап болмай отыр. Біреулер оны түрік етістігі "қаз"-ға "ғақ" жұрнағын жалғап, "қазғақ" (еркін адам) сөзін құраса, басқалар сол "қаз"-дан "үйрек" және "ақ" деген ойға қонымсыз этимологиясын жасайды. Қайткенде де "қазақ" түрік сөзі екені айқын. Оның шығу төркіні қандай болғанымен әуелден еркін, ержүрек адамдар деген мағына береді.
Сонымен, не саяси мәні, не этникалық мазмұны болмаған "қазақ" деген сөз өз халқынан немесе тайпасынан бөлінген, оқиғаларға толы өмір іздеуге мәжбұр болған еркін адамды білдірген. Орайы келгенде айта кеткен жөн, орыс тіліндегі "қазақ" сөзі осыдан шыққан. Русьта белгілі кәсібі және тұрақты мекені жоқ, еркін, сауыққой адамдарды, сондай-ақ жалданған еркін батырақгарды және т.б. қазақ деп атаған.
Сібір халықтарының ескі тілінде "қазақ" сөзі "мықты", "берік", "жойқын", "алып" деген мағынада айтылған.
Соңы кезде осы проблемаға байланысты соны материалдар пайда бола бастады. Араб жазбаларын сол күйінде жақсы меңгерген белгілі тарихшы Б.Көмеков нақты мысалдар келтіре отырып, мынадай тұжырым жасайды: "XI-XII ғасырларда Дешті Қыпшақты мекендеген қыпшақ қоғамында "қазақ" деп аталған этникалық топтың болғаны анық, осы ғасырларда қыпшақ хандығындағы этникалық процестердің дамуы негізінде қазақ халқының этникалық ұйытқысы қалыптасты".
Қазақ халқы құрылымының тарихы мен мерзімін ажырата білген жөн. Мұның маңызды болатын себебі, XIV-XV ғасырларда Қазақстан аумағындағы халыққа қатысты "казақ" атымен бір мезгілде деректемелерде "өзбек", "өзбек-қазақ", "моғол" секілді басқа ұғымдар да қолданылды. "Қазақ" ұғымы бүкіл кең байтақ Қазақстанды мекендеген халықты атаудың этнонимі болса, "өзбек" ұғымы Орта Азия аумағындағы тайпалар бірлестіктерінің этнониміне айналды.
Моғолстан мен Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін "қазақ" этнонимі Жетісу мен ІПығыс Дешті Қыпшақтың басым бөлігінің халқын қамтығаны табиғи нәрсе. "Қазақ" этнонимінің тамыры тереңге, көне дәуірге кетеді, ал қазақ халқы шығыстағы көне халықтар қатарына жатады. Бұл парсылық, арабтық, гректік және қытайлық авторлардың. жазба материалдарында айқын көрсетілген.
Алайда, әдеби және тарихи, этнографиялық және археологиялық материалдарды терең талдау негізінде анықталғанына қарамастан, қазақ халқы XX ғасырдың 20-жылдарына дейін 300 жылдан астам уақыт өзінің төл атына ие болмады. Патша өкіметінің ресми құжаттарында және әдебиетте қазақтарды қырғыз немесе қырғыз-қайсақ деп атады. Ресейдің ғылыми қауымының прогресшіл демократиялық бөлігінің тұтас бір тарихи халықгың дәл атының бұрмаланғанына көз жеткізе келтірген дәлелдері есепке алынбады, өйткені бұл патшаның отарлау саясатына қайшы келді. Белгілі тарихшы А.И.Левшин тұңғыш рет қазақтың өз аты жөнінде мәселе қойып, казақтарды бұдан әрі "қырғыз" деп атау әділетсіздік болады деді.
Қазақ ғалымы - ағартушы М.Дулатов өзінің "Қазақтар мен қырғыздардың тарихы" атты зерттеуінде былай баяндайды: қазақтар мен қырғыздар түріктен таралатын туысқан түбі бір халықгар болғанымен, олар бөлек көне халықтар. X ғасырдан көп бұрын казақтардың өз хандығы болған, онда өздері билік жүргізген, тек XVIII ғасырда ғана орыстардың отарлауының нәтижесінде одан ажырап қалды ("Қазақ әдебиеті", 1991, 29 наурыз, 5 сәуір).
Қазақ және қырғыз халықтарының өткен тарихын зерттеген Д.Н.Клеменец "Гранттың энциклопедиялық сөздігінде" (М., 1913, 24-том, 142-148-беттер) жарияланған "Қырғыздар" деп аталатын мақаласында былай деп жазды: көшпелі қазақтар өздерін әрқашан және кез келген жерде қазақпыз десе де, сондай-ақ басқа түркі тілдес тайпалар да оларды қазақ деп білсе де, орыс көршілері оларға "қырғыз" деген атты таңды.
Автор 1897 жылғы санақ бойынша қазақтардың жалпы саны 4084139 адам болғанын көрсете отырып, қазақтарды былайша сипаттайды: "рухани жағынан алғанда қазақтар құдай дарынды етіп жараткан тайпаларға жатады. Олардың халықтық әдебиет байлығы және санқырлылығымен ерекшеленеді. Одан әрі: "қазақ тәкаппар, тапқыр, мысқылшыл, әрі жігерлі, оның сөзі сыпайы, мәнерлі, бейнелі. Ол көңілді, көпшіл" (Қазақ КСР Қысқаша энциклопедия. Алматы, 1991, 4-том, 650-бет).
Қынжыларлығы сол, халқымыздың бұрмаланған аты революциядан кейін де сақталып келді. 1920 жылы 26 тамызда автономиялық республика құру туралы декретте де "Қырғыз АКСР" атанды, 1926 жылғы сәуірде ғана Республика Кеңестерінің V съезінің шешімімен оның аты өзгертілді де, "Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы" атанды.
Жоғарғы Кеңес 1991 жылы 10 желтоқсанда көпұлтты республикамыздың демократиялықжәне тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылысын ескере отырып, "Қазақ КСР"-ін "Қазақстан Республикасы" етіп өзгертті.
Қазақ халқының тарихында жүздердің пайда болуы ерекше орын алады. Қазақ жүздерінің құрылуы - тарихи процесс, ол қазақ халқының этникалық мекенінің қалыптасуымен қатар жүрді. Көптеген этникалық-саяси және шаруашылық факторлар әрекетінің нәтижесінде Қазақстан жерінде негізгі-негізгі үш этникалық-аймақтық бірлестік - Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз құрылады. Олардың әркайсысының дәстүрлі көшіп-қону жолдары, жаз жайлауы, қыс қыстауы болған.
XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының қалыптасу, одан кейін қазақ хандықтарының пайда болу және үш жүздің құрылу процестерінің әрқайсысының өзіне тән тарихи маңызы бар. Алайда олар жалпы бір тарихи процестің әр түрлі қыры еді, сондықтан да оларды қазақ қоғамы дамуының жалпы контекстінде өзаралық байланысты қарастырған жөн. Жеке рулар мен тайпалардың одақтарға бірігуі жүздердің құрылуына жағдай туғызды.
Сонымен, шаруашылық және географиялық жағынан біршама оқшауланған қазақ хандықтары мен қазақ халқы қалыптасқанға дейінгі тайпалар одақтарының, кейде қазақ тайпаларының топтары мекендеген аймақтар жүз деп аталатын болған. Кейбір тарихи материалдарда жүздер Ордалар деп те аталады. Біреудер "жүз" деген "бөлік", "бір жағы", тұғас бірдеменің "бұтағы" дегенді білдіреді десе, екінші біреулер "жүз" дегеніміз - бұл "келбет", яғни Қазақстанды мекендеген адамдары сыртқы пішіндеріне қарай бір-бірінен ажырата білу дейді. Кейбір зертгеушілер бұл ұғымға сандық жағынан қарап, "жүз", "жүздік" деп оларға әскери сипат береді. Қайткенде де қазақ жүздерінің құрылуы негізінде рулардың, тайпалардың белгілі бір географиялық кеңістікте бірігу процесі жатты.
Этникалық факторлар мен тілдердің ортақтығы, шаруашылық типінің негізінен біртектес болғанымен феодалдық бытыраңқылық процестер, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының ерекшелігі, ежелден орныққан көшіп-қону жолдарының әсері тайпалық бірлестіктердің өзара экономикалық байланыстарын тежеп отырды, Қазақстанның ұлан-гәйыр аумағында ол жіктеушілік қызметін атқарды. Жүздер қолында тізе бүктіретін күшті аппараты жоқ әлсіз орталық (хандық) өкіметі бар мемлекеттік құрылымдар еді. Әр жүздің басында Шыңғыс ұрпағына жататын сұлтандар тобы шонжарларының жиналысында сайланған, кейде бірнеше хан тұрды, олар көбінесе ру басыларына түгелдей дерлік тәуедді еді. IX ғасырға дейін жүздерді жеке хандар билеп келген.
Ұлы жүздің XV ғасырда мекендеген негізгі аумағы саяси және экономикалық жағынан Моғолстанмен байланысты еді, яғни ол Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағындағы жерді алып жатты, Жетісудың көне үйсін тайпалары оның өзегін құрады. Малшылар Шу, Талас, Іле өзендерінің аңғарларындағы жайылымдықтарды көшіп жүріп пайдаланды, жазда Алатау шатқалдарына көшетін. Мұнда олардың егіншілік-отырықшы оазистеріндегі көшпелілермен тығыз экономикалық қатынастар орнатқан қалалық орталықтары болды. Мауераннахр және Батыс Түркістанмен сауда жасап отырды.
Реті келгенде айта кететін жәйт - осы аймақта ежелгі Үйсін мемлекеті өмір сүрген, Қытайлық тарихшы Сюй Сүнның айтуына қарағанда, ол осы батыс өлкедегі үлкен мемлекет болған. Үйсін мемлекеті қыз беріп, келін түсіру арқылы басқа мемлекеттермен одақтық қатынастар да орнаткан.
Көне заманнан бері құрала бастаған қазақ халқының басты орталық этногенездерінің бірі осы Жетісу еді. Үйсіндер, қаңлылар, дулаттар, албандар, суандар, ыстылар, сіргелілер, ошақтылар, шапыраштылар, жалайырлар, шанышқылылар және қашағандар Ұлы жүз халқы құрамындағы ірі компоненттер. XV ғасырда Жетісуда Ұлы жүз негізінде Қазақ хандығы қалыптасты. Дәстүр бойынша үш жүздің ордасы Ұлы жүзде орналасып, астанасы Түркістан қаласындағы Ұлы хан Ұлы жүздің де ханы атанған.
Жетісудан батысқа қарай негізгі жайылымдықтар Сырдарияның орта ағысында, Қаратау мен Мойынқұмда, ал Тобыл, Есіл, Нұра, Сарысу өзендерінің тармақтары мен Орталық Қазақстанның далалары жазғы жайлау. Осы аймақтың оңтүстігінде көне заманнан бері аландардың, кейін қаңлылардың, одан кейінірек өздерінің шекарасын солтүстікке және батысқа дейін ұлғайтқан қыпшақтардың ірі тайпалық одақтары орналасты. Бұл аймақ Орта жүз қалыптасқан екінші ірі этногенез орталығы. Оған арғыңдар, қыпшақтар, наймандар, қоңыраттар, керейлер, уақтар, тарақтылар кірді.
Батыс Қазақстандағы негізгі маусымдық жайылымдар мен көшіп-қону жолдары Сырдарияның, Жайықтың төменгі сағаларында, Ырғыз бен Торғайдың тоғысқан аудандары және Мұғаджар тауларывда болды. Бұл алқапта Кіші жүз құралды, оның қалыптасуы Ұлы жүз бен Орта жүзге қарағанда едәуір кешірек кезеңге жатады. Аңызға қарағанда, Кіші жүздің әуелгі аты Алшын екен. Бәлкім, Кіші жүздің ұйытқысы осы аттас тайпалық бірлестік болса керек. Кіші жүз кейінірек екі ұрпаққа - Әлімұлы жөне Байұлына бөлінеді, одан кейін үшінші топ - Жетісу пайда болған сияқты. Аңызда Жетірудың шығуын Тәуке ханның есімімен байланыстырады (XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың басы).
Жүздердің Үлкен (Ұлы), Орта, Кіші болып аталуы қазақ мемлекетінің біртіндеп қалыптасқанын көрсетсе, сонымен бірге, "тайпалық құрылыстың өзі рулардың үлкен және кіші руларға бөлінуіне алып келеді" (К.Маркс, Ф.Энгельс. Шығармалар жинағы, 46-том, 1-бөлім, 465-бет).
Қазақ жүздері негізінен өткендегі тайпалар мен тайпалар одақтарының құрамын сақтаған. Жүздердің өмір сүруі бүкіл үш жүз аумағында орналасқан қазақ халқының құралу процестерінің күрделілігін бейнелейді, оның тарихындағы жергілікті мәдени-тұрмыстық жағдайларға өзінің ықпалын жасады. Көрініп отырғанындай, қазақ халқының қалыптасуы күрделі де қарама-қайшы процесс. Егер тарихи дамудың кейбір кезеңінде қазақ жүздерінің топтасып тұғас хандыққа бірігуіне қолы жетпесе, егер жүздер өздерінің мәселелерін жеке-дара шешкен болса, онда бұл кезінде жүздерді құрған бабаларымыздың кінәсі емес, оны олар жасаған жұйенің өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейіне сәйкес келмей әлсіз болуымен түсіндіру керек.
Кейбір басылымдарда ара-тұра мынадай пікір сыңай білдіріп қалады. XVIII ғасырдың 30-50-жылдарында халықтың бір бөлігі (жүз) жаулаушылармен киян-кескі күрес жүргізсе, екінші бір бөлігі қолын қусырып отырды-мыс. Мұндай пікірдің авторлары топтасу қазақтарға ежелден тән емес, сондықтан да қазіргі кезде де осы ескі кесел іс жүзінде өз көрінісін жалғастыруда деп жұртты сендірмекші. Олар қазақ халқының патриархалдық-феодалдық қатынастардан одан әрі мықтап дамыған өндірістік қатынастарға көшкені секілді аса маңызды факторды естерінен шығарып алады. Егер ертеде қазақ қоғамында күрес болса, ол билік үшін, барлық қоғамдардағы сияқгы, елді басқару үшін жүргізілді. Осы ретте мынаны атап көрсеткен жөн. Қазақ жүздері қолына қару алып ешқашан бір-бірімен соғысқан емес, барлық даулы мәселелерді шешуге келгенде әділетті сөз шешуші рөл атқарған. Қазақтарды басқару жұйесіндегі ерекшелігі, міне, осында жатыр. Олай болмағанда халық өз ортасынан Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты тамаша тұлғаларды - билерді шығармаған болар еді, олар қазақтың үш жүзінің өкілдері еді, дау-дамайдың бәрін қара қылды қақ жарып, әділ шешіп отырды.
Ынтымақсыздық, рулар мен жүздер арасындағы болған қырғи-қабақтық секілді кемістіктердің себебін тұсіндіру үшін, өз халқының тарихын білген жөн, сонда мұндай жамандықтың тамыры қазақтардың жүзге бөлінуінде жатпағаны өзінен-өзі айқын болып шыға келеді. Ондай кемшіліктер Ресейдің отарлау саясаты кесірінен қазақ қоғамындағы басқарудың өмір талқысынан өткен, ақылға қонымды әрі объективті ескі жүйесі қиратылғаннан кейін, хан билігі, ал 1868 жылы сүлтандардың билігі жойылғаннан кейін пайда болды. Патшалық самодержавиенің осы актілерімен қазақ халқы басқарудың дәстүрлі мемлекеттік жүйесінен айырылды. Ол сырттан әкелінген бюрократтық-әкімшілік жүйемен алмастырылды, бұл жүйе топ құруды, өзара қырқысуды, жағымпаздықты, парақорлықты, ауылдық старшындар мен болыс лауазымы үшін рулар мен ауыл арасындағы тайталасты қоздырды. Яғни отарлаушылардың іс жүзінде өзін ақтаған: "бөліп ал да билей бер" принципі
Қазақстанда зымияндыкден жүзеге асырылып жатты. Бұл принцип "кемелденген социализм" тұсында да астыртын жүзеге асырылды, бірақ ол бұрынғы Кеңес Одағын мекендеген халықтардың теңдігі, интернационалдық бірлігі деген коммунистік мағынасыз бос сөздермен бүркемеленді, ал іс жүзінде халықтар "аға" және "інілер" болып бөлінді.

Қазақ хандығының құрылу қарсаңында (ХІV-ХV ғасырлар) қазақ рулары Сібірден Сырдарияға, Ертістен Жайық жағасына дейінгі ұлан-байтақ жерді иеленді. Қазақ халқы мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы Алтын Ордалық мемлекетте орныққан ұлыстық жүйенің тарихымен тікелей байланысты. Бұл империя ордаларға, атап айтқанда, Көк Орда және Ақ Ордаға бөлінеді, соңғы екеуінің пайда болуының қарастырылып отырған проблемаға тікелей қатысы бар.
Феодалдық бөлшектену мен өкіметтік билік үшін Шыңғыс ұрпақтары арасындағы таластың өріс алуы Алтын Орданы біртіндеп әлсірете береді. 132 жыл (1227-1359) әмірін жүргізген хан әулетінің ең соңғысы Батый өлгеннен кейін, 20 жыл ішінде осы әулеттен шыққан 15 хан бірін-бірі алмастырды, сарайдағы төңкерістер үздіксіз жүріп жатты.
Алтын Орданың ыдырауы процесінде Қазақстан жерінде жаңа мемлекет - Ақ Орда құрылады, Сырдария алқабының басым көпшілігі, Арал теңізінен солтүстік-шығысқа қарай Есіл мен Сарысу өзендеріне дейінгі дала оның құрамына кірді. Ақ Орда төңірегінде кезінде гүлденген, бірақ монғолдық жаулаушылықтан кейін құлдыраған Ясы (Түркістан), Сауран, Сығанақ, Янчикент (Жаңа қала) және басқа қалалар болды. Ақ Орданың астанасы Сығанақ еді.
Ақ Орда (1300-1425) Монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағындағы жергілікті этникалық негіздегі алғашқы ірі мемлекеттік құрылыс. Мұнда осы жерлерді ежелден мекендеген және шапқыншылықган көп бұрын қыпшақ бірлестігінің құрамына енген түркі тілдес тайпалар қоныстанған. Қыпшақгармен бірге наймандар, үйсіндер, қарлұқтар, керейлер, сондай-ақ қоңыраттар, маңғыттар және баскалар мекендеген.
Ақ Орданың бірінші ханы Сұлтан Сасы-бұқа өлгеннен кейін ұлы Ерзен таққа отырды.
Кең-байтақ далада экстенсивті мал шаруашылығын сақтап және оны жүргізуді қолдап, қалыптасқан байырғы дәстүрлерді ескере отырып, жайлау мен қыстауға көшудің қалыптасқан тәртібін нығайтқан Ақ Орданың хандары Сырдарияның, Таластың, Шудың орта бойы мен Ұлытау даласындағы отырықшы-егіншілік өңірлерде бүлінген шаруашылық пен мәдени өмірді қалпына келтірді. Олар сондай-ақ Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарьШен байланысты кеңейте түсуге жағдай жасады, сонымен бірге Алтын Ордадан біржолата бөлініп шығып, өз билігін жүргізуге тырысты, бірақ алтынордалықтар мұнда өзінің билігін сақтап қалуға бар күшін салып бақты. Осындай өзара қырқысудың барысында 14 жыл ішінде (1354-1369) сегіз хан бір-бірін өлтірді.
Жәнібек хан өлген соң Алтын Ордада кезекті бүліктер мен сарай төңкерістері басталды, әрқайсысы өз теңгесін соққан бірнеше хан таққа отыруға дәмеленді. 1361 жылы Орыс хан Ақ Ордада таққа отырды, ол өр мінезді, күшті де құдіретті әмірші ретінде белгілі еді. Оның тұсында Ақ Орданың саяси-шаруашылығы бекіп, мәдениеті гүлденіп, кемеліне келіп, беделі арта түсті. Ол енді алтынордалық тақты иемденуге бар күшін жұмсады. Осы мақсатпен 1374-1375 жылдары Еділ бойына қарай жорыққа аттанды. Сарайшықты алып, Астраханды қоршады, Кама бұлғарияларының жерін бағындырды. Алайда Орыс ханның табысы ұзағынан болмады, ол Алтын Ордада әмірі жүріп тұрған Мамайды тағынан тайдыра алмады, 1376 жылы Сырдария бойына қайтып оралды. Осы кезде Орта Азияны билеуші Темір Ақ Орданың оңтүстік шекарасында өзінің жаулап алушылық әрекеттерін күшейте түскен еді.
Орыс хан өлтірген Ақ Орда феодалдарының біреуінің ұлы Тоқтамыс тарихи аренаға шығады, ол Самарқанға қашып барып, Әмір Темірдің қол астында қызмет атқара жүріп әкесін өлтірген адамнан кек алуды ойлады. Темір Тоқтамыстың өзінің жаулаушылық мақсатында пайдаланып, оған әскер, қару-жарақ беріп Орыс ханға қарсы жібереді. Тоқтамыс Темірдің көмегімен 1378-1379 жыддары Ақ Орданың астанасы Сығанақгы жаулайды да, тақты тартып алады. 1380 жылы ол Алтын Орданы басып алып, өз билігін жүргізеді.
Орыс ханның күресі, сондай-ақ Темірдің бүлікшілік жорықтары Алтын Орданың куатын шайқалтып, оны екінші дәрежедегі мемлекет жағдайына дейін төмендетті. Темір Алтын Орда жағына Орыс хан әулетінен шыққан өз қолдаушыларын отырғызды, бірақ бұлар да оның бұрынғы
ықпалын қалпына келтіре алмады. Алтын Орда XV ғасырдың ортасына қарай орталық өкімет билігі бар күшті мемлекет болудан қалды.
Темірден ойсырай жеңілген Тоқтамыс 1395 жылы Сібір хандығына қашады. 1423 жылы билік Орыс ханның немересі Бараққа көшеді, ол өзінің бақталастарымен тіл табысып Ақ Орданың ежелгі астанасы Сығанақты және бұрын Темір жаулап алған Сырдария өңіріндегі басқа қалаларды қайтарып алады. Бірақ Шығыс Дешті Қыпшақгағы өкімет билігі 1428 жылдан бастап Шайбанилер әулетіне көшеді.
Мауераннахрды жаулап алған монғолдар жергілікті отырықшы-егіншіліктің және қала дәстүрлерінің ықпалымен жағдайға бейімделіп, отырықшылыққа ауыса бастады. Жетісуда қалған монғолдар болса, олар мұнда елеулі дәрежеде түріктенсе де, негізінен көшпелі тұрмысты сақтап қалды, ол былай тұрсын жергілікті халықтың егіншілері мен жартылай көшпелілерінің біразы көшпелі тұрмысқа көше бастады.
Таусылмайтын феодалдық соғыстар мен тартыстар өлкені ауыр шаруашылық күйзеліске ұшыратты. Мұнда 1306 жылдан 1370 жылға дейін 20 хан ауысты. Осының бәрі XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай мемлекетінің ыдырап, батыс және шығыс бөліктерге бөлінуіне әкеліп соқты. Шығыс бөлігі Моғолстан атаңды, ал батысы - Мауереннахр дербес аймақ күйінде қала берді. 1384 жылы Моғолстанға Шағатай ұрпағы 18 жасар Тоғлұқ Темір хан болды. Мұнда XIV ғасырдың ортасында саяси өмірдегі басты рөлді Мауереннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған дұғлат (дулат) тайпасының көсемдері атқара бастады. Дулаттар бұл кезде Жетісудағы ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын және едәуір аймақты алып жататын. Дулаттардың феодал үстем тобы XIV ғасырда Шығыс Түркістандағы отырықшы-егіншілік жерлерге де иелік етті.
Моғолстанның құрылуы Қазақстанның, сонымен бірге Қырғызстан жерінде де этникалық жағынан біртектес мемлекеттік бірлестіктің пайда болуы жолындағы ілгері басқан қадам еді, сонымен қатар мұның өзі саяси жағынан Жетісудың түркі тілдес халқын Қазақстанның басқа аумағындағы туысқан рулардан уақытша бөліп тастады да, қазақ халқының қалыптасу процесіне кері ықпал етті.
Алайда Моғолстандағы феодалдық тайталастың күшеюі салдарынан әскери жорықтар етек алады, сөйтіп XIV ғасырдың алғашқы ширегінде Ақ Орда екіге бөлінеді. Батысында Ноғай ордасы, шығысында - Әбілқайырдың көшпелі Өзбек хандығы. Осындай жағдайда Жошының ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468 жылдар) көзге түседі. Ол тез арада Орталық жөне Солтүстік Қазақстандағы көптеген тайпалардың үстем табының қолдауына сүйеніп, 1428 жылы Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланады. 1430 жылы-ақ өзі хан сайланғаннан кейін іле-шала Шайбани әулеті Махмұт Қожа ханды бағындыру үшін жорыққа аттанады да оны Тобыл жағасында талқандап, енді Хорезмге бет алады.
1446 жылы Әбілқайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау баурайындағы бірқатар қалаларды басып алды. Алайда ол ойраттармен соғыста күйрей жеңіледі. Ойраттардың батыс тармағы (түрік халықтары арасында олар қалмақ ретінде белгілі) бұл кезде шығыста Хангай тауларының батыс бөктерімен, оңтүстікте Гоби құмдарымен, батыста Моғолстанмен, солтүстікте Ертіс пен Енисейдің жоғарғы бойымен шектелген аумақты мекендейтін еді.
Моғолстанның феодал иеленушілері 50-жылдарда қалмақтардың жиілеген шабуылдарына тойтарыс беріп, Сырдария өңіріне ауыз салады. Моғолстанға жасаған жорығы кезінде Әбілқайыр кенет қазаға ұшырайды.
Феодалдық қанау мен езгінің күшеюіне және таптық қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты 200 мың қазақ Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстанға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz