Қазақстан Республикасында түсіктің алдын алу мәселелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Дүниежүзілік қауымдастықта лайықты орын алуды мұрат ете отырып, Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын айтады, ол өз азаматтарының туа біткен ажырамас құқықтары мен бостандықтарын танып, белгілі бір кепілдіктер береді. Адамды, оның өмірі мен денсаулығын, басқа да игіліктер мен заңды мүдделерін қауіпті қол сұғушылықтардан қорғау міндеті қылмыстық құқықтың мойнына жүктелген. Бұл міндетті жүзеге асыру жолында қылмыстық заң адамның маңызды деген игіліктеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді қылмыс деп танып, қылмыскерлерге қатаң жаза қолдану мүмкіндігін көздейді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 117- бабында көзделген норма әйел денсаулығын заңсыз аборттың зардаптарынан қорғауды мақсат тұтады. Аталған қылмыстық құқықтық нормалардың қолданылуы мемлекеттің жалпы әйелдерінің репродуктивтік денсаулығын қорғау мәселесінде ұстанған позициясына, сондай-ақ аборттың құқықтық реттелу деңгейіне көп тәуелді.
Ерлі-зайыптылардың ұрпақ сүю құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге және тууды реттеуге бағытталған құқықтық шаралар демографиялық саясаттың бір тармағын құрайды. Босануды ынталандыруға немесе шектеуге бағытталған құқықтық шаралар ішінде аборт, жүктіліктің алдын алу, ұрықсыздандыру туралы заңдардың, неке мен ажырасу туралы заңдардың алатын орны ерекше. Мемлекет аборт проблемасын оны ақтап немесе сынап айтушылардың бос сөз жарысына саймай, бұл мәселеде ақылға қонымды ымыраға келуге ұмтылады. Сондықтан мемлекет аборттың “қатардағы медициналық процедураға” айналып шектен тыс тарап кетуіне қалай тосқауыл қоюға болатыны, абортты құқықтық реттеудің тиімді жолдарын, қандай дәстүрлі моральдық құндылықтарды қалайша жаңғыртуға болады деген өзекті сауалдар көбірек толғандырады.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерде аборт мәселесі демократия, әлеуметтік-әділеттілік, адам құқықтары контексінде қарастырылады. Демократиялық қоғамда адамның өз бетімен өз қажеттіліктерін ескере отырып шешім қабылдау бостандығын құрметеу принципіне сай аборт мәселесінде де жеке бас мүдделер қоғамдық мақсат-мұраттардан басым қойылады.
Қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады және шешу жолында көптеген қиындықтарға тап болады.
Зерттеу жұмыстың мақсаты түсіктің алдын алудағы әлеуметтік жұмыстың технологиясын және түсіктің алдын алудағы негізгі мәселелерді шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
- түсікті әлеуметтік проблема ретінде қарастыру;
- түсіктің алдын алу туралы зерттеулерге тоқталу;
- түсіктің алдын алудағы шетелдік тәжірибені қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы түсіктің алдын алу бойынша мемлекеттік саясатына тоқталып өту;
- түсіктің алдын алудағы статистикалық көрсеткіштерді талдау;
- Қазақстан Республикасындағы түсіктің алдын алудағы жүргізілетін әлеуметтік-медициналық жұмыстарға сипаттама беру;
- репродуктивті денсаулықты сақтау стратегиясына тоқталу;
- түсіктің алдын алудағы жүргізілетін әлеуметтік шараларды дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының объектісі: түсік жасаған жасөспірімдер мен әйелдер және олардың ортасы.
Зерттеу жұмысының пәні: түсіктің алдын алу мәселесін ғылыми методологиялық тұрғыда зерттеу.
Қоғамның жасанды түсікке деген, бала тууды бақылау құралы ретінде тарихи қатынасы әртүрлі елде әр кезеңде түрліше өзгеріп отырған. Антикалық дәуірде жасанды түсік бала тууды шектеу әдісі ретінде пайдаланылса, ал христиан діни қызметкерлері жасанда түсік жасауды Құдай ісіне қарсылық деп бағалаған. Орта ғасырларда Еуропада мұндай жолды айыптаушылардың пікірі қоғамдық өріс алып, ауқымы кеңейген. 19 ғасырда жасанды түсік жасатқандарға қатал жаза қолданылған. Алайда 20 ғасырда бұл тыйымдар жұмсартылып, біртіндеп өзгертілді. 1973 жылы АҚШ-та Роу Уэйдқа қарсы ісінің шешімі бойынша жүктіліктің алғашқы үш ай мерзіміндегі жасалатын жасанды түсік заңдастырылды, алайда штаттар алғашқы үш ай мерзімінде түсік жасатуға өзіндік заңды шектеулер енгізуге құқылы болды. Осы сот шешімінен кейін қарқынды түрде абортқа қатысты саясатты ырықтандыруда қарсыластар мен жақтастар арасында қарқынды пікірталас басталды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 ТҮСІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
1. 1 Түсік әлеуметтік проблема реттінде
Аборт (лат. abortus - түсік) медицинада - құрсақтағы ұрықтың 28 апталық мерзімге жетпей тіршілігі үзілуі немесе түсік түсуі. Жүктіліктің 14-15 аптасына жетпей ұрық тіршілігінің үзілуін ерте, ал 14-15 аптадан кейін үзілуін кеш түсік дейді.
Аборт өздігінен түсік тастау және жасанды түсік жасату болып бөлінеді. Қолдан жасалатын аборт медициналық мамандардың әйел адамның өмірін және денсаулығын сақтап қалу мақсатында, зорлау немесе инцест салдарынан болатын еріксіз жүктілік кезінде, сәби ауыр науқасқа шалдыққан кезде немесе әйелдің жатырындағы сәбиді асырай алмайтын жағдайы болған кезде жасалады. Жүктіліктің 19 аптасына дейін жатырды қысқарту мен іштегі нәрестені түсіру үшін тұз ерітінділерін немесе гормондары болады. Жатырдағы сәбиді хирургиялық жолмен алдыру жүктіліктің екінші немесе үшінші айында ғана жүзеге асыруға болады. Жатыр мойыншығын кеңейту мен ұрықты экстракациялауды жүктіліктің үшінші айында жасауға болады. Бұл "Жартылай босану арқылы аборт жасау» деп те аталады. Түсік жасаудың басқа түрлері: қол шприці көмегімен қолмен жасалатын вакуумдық экстракция және кеңейткіш пен механикалық сорып алғыш құрылғысы арқылы жүзеге асатын вакуум-түсік; бұл екі түрлі емдеу шарасы жүктіліктің ерте кезеңінде жасалады.
Қоғамның жасанды түсікке деген, бала тууды бақылау құралы ретінде тарихи қатынасы әртүрлі елде әр кезеңде түрліше өзгеріп отырған. Антикалық дәуірде жасанды түсік бала тууды шектеу әдісі ретінде пайдаланылса, ал христиан діни қызметкерлері жасанда түсік жасауды Құдай ісіне қарсылық деп бағалаған. Орта ғасырларда Еуропада мұндай жолды айыптаушылардың пікірі қоғамдық өріс алып, ауқымы кеңейген. 19 ғасырда жасанды түсік жасатқандарға қатал жаза қолданылған. Алайда 20 ғасырда бұл тыйымдар жұмсартылып, біртіндеп өзгертілді. 1973 жылы АҚШ-та Роу Уэйдқа қарсы ісінің шешімі бойынша жүктіліктің алғашқы үш ай мерзіміндегі жасалатын жасанды түсік заңдастырылды, алайда штаттар алғашқы үш ай мерзімінде түсік жасатуға өзіндік заңды шектеулер енгізуге құқылы болды. Осы сот шешімінен кейін қарқынды түрде абортқа қатысты саясатты заңдастыруда қарсыластар мен жақтастар арасында қарқынды пікірталас басталды.
Әйелдің өздігінен түсік тастауы әртүрлі жағдайларға (жығылу, ренжу, шошыну, ауыр жүк көтеру т. б. ) байланысты болады. Алдын-алу шаралары: қыз балаларының денсаулығына жас кезінен көңіл бөлу, науқас әйелдерді диспансерлік бақылауға алып, емдеу. Жасанды түсік (медициналық аборт) жасату арқылы екіқабат әйел өз еркімен ұрық тіршілігін үзеді, мұндай аборт тек дәрігерлік мекемелерде ғана жасалады. Одан тыс жерлерде жасалған аборт қылмыстық әрекет болып саналады. Көп мемлекеттерде жасанды түсік жасатуға рұқсат берілмейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес жасанды түсік жасатуды 12 апталық мерзімге дейін әйелдің өзі шешеді. Егер жүктілік мерзімі көрсетілген уақыттан асып кетсе, жасанды түсік дәрігерлік кеңестің шешімімен ғана жасалады. Аборт әйел денсаулығына зиян тигізеді, әсіресе алғаш рет көтерген баласын жасанды түсік жасату арқылы алдырып тастаған әйелдер болашақта бедеулік зардабын тартуы мүмкін.
Жасанды түсік рұқсат етілетін елдер экономикалық шығынға ұшырайтыны туралы пайымдаулар бар. Мысалы, жасанды түсік кесірінен соңғы он жылда Швейцария 333 миллион франк экономикалық шығынды бастан кешірген. Жасанды түсік салдары ретінде ЖІӨ және тұтыну деңгейінің азаюы саналады [1, 2, 3, 4] .
Жасанды түсік жасату - ұрпағыңа тас ату. Қыз бала - бүгінгі бойжеткен, ертеңгі аяулы ана. Аборт жасатуды барлық қоғам, барлық діндер үлкен күнәлардың қатарына жатқызады. Өте жиіркенішті, тіпті мақұлық екеш жабайы жануарлар да өз шаранасын өлтіріп тастамайды. Ұрық ішке біткенде кейбіреулер адам ретінде санамайды. Жаратылыс заңдылығына назар аудармайды. Өйткені, түк сезбей ойнап күліп жүрген босбелбеу қыз ертеңгі ғұмыр арнасының басқа жаққа бұрылатын кез біледі. Бірақ, «іс бітті, қу кеттінің» кебін киген аңқау бұрымдылар еріксіз осындай әрекетке баруға мәжбүр болады. Мәжбүр болып қана қоймайды, әуелі денсаулығынан, сосын ана болу қасиетінен айрылып өмірі өкінішпен өтеді. Ал, ондай әйелді қоғам да, отау тіккен жары да құшағына тарта алмайтыны белгілі. Әйел жатырының ұрыққа жақын ішкі шырышты қабаты қырып алынған орын жараға ұласып, ауру мүшеге айналады. Жасанды түсік - ағзаға әкелетін ешқандай пайдасы жоқ, теріс әсері өте көп.
Түсік - бұл ана құрсағынан тыс жағдайда өмір сүре алмайтын, өсіп жетілмеген нәрестені «түсік» - ретінде тастату және жатырдағы нәресте жұмыртқасын немесе нәрестені алып тастау. Түсік деп жүктілігі «күшпен бұзғылуды» айтады. Жүкті әйелдің құрсағында пайда болған, өмірге ұмтылған нәресте күтпеген жағдайда үзіліп қалады. Бұл жағдай белгісіз, ізсіз, еш әсерсіз жоғалып кетпейді. Түсік жасаған әйелдің етеңгі күні өзгереді, жатырдан қан аққыш болып, ақуыз бөлініп және ауыртатын сезім пайда болуы мүмкін. Жүйке жүйесінде өзгерістер пайда болуы мүмкін. Әйелдің дене-мүшесінің барлық құбылысы жүктілікке дайындалған кезде, оны күтпеген жағдайда тоқтатып тастау, жүйкеге қатты әсер береді.
Түсіктен кейін, мейлі ол медициналық мекемеде барлық жағдайларды сақтау арқылы жасалса да, асқынуларды жойып жібере алмайды. Сонымен қатар жатырдың қабынуымен бірге түтікшесінің өткізу қабылеті төмендеп қалуы да мүмкін. Мұндай асқынулар, әсіресе, бірінші жүктілігі тоқтатқан әйелдерде көп байқалады. Түсік тастаудың ең қауіптісі мерзімінен асып кеткен жағдайда жасалатын аборт. Ондай кезде білікті мамандардың істеген әрекеттері де дұрыс көмектесе алмайды. Негізінен, мерзімінен өтіп кеткен жағдайда жасалған аборт іштегі сәби әйелдің денсаулығына қауіп тудыратындай болса ғана жасалады. Аборт жасатқан әйел кейінен қайта жүкті болу бақытына ие болғанымен, оның алдында жасаған аборттың кесірі, келесі жүктілікте өзіне және жатырда жатқан балаға зиянын тигізуі ғажап емес. Тіпті ондай жағдайлардың соңы босану уақытына жетпей жатып өздігінен түсік тастаумен аяқталуы мүмкін. Сондай-ақ жүктілік кезінде де көп қан кетуі орын алып, уақытынан бұрын босануы мүмкін.
Түсік, жатыр және шат мүшелерінің қабынуларынан басқа да, операциядан кейін (келесі жүктіліктерде) өздігінен түсік болып қала беруіне, жатырға ұрық жұмыртқасының дұрыс жабыспауына, жүктілік кезінде қан ағуына, баланың уақытына жетпей түсіп қалуына, жүктілік уақытының өте ауыр жағдаймен өтуіне себеп болуы мүмкін [5] .
Жалпы әлемде жыл сайын 1 миллион жасөспірім қыз жүкті болып, көбі жасанды түсік жасату мен босану үстінде қайтыс болады. Себебі, мамандардың айтуынша, әлі толық жетілмеген жас ағза төтеннен түскен ауыртпашылықты көтере алмай қалады.
Қазақстанда жыл сайын шамамен он мыңдаған қыз оң жақта отырып, жүкті болады. Мұның басым көпшілігі абортқа жүгінсе, біразы тастанды сәбидің анасы атанады. Бір рет уланған жас өмірдің қайта қалпына келуі - қиынға соғады. Ана болу бақытынан айырылғаны - жасанды түсіктің нәтижесі. Қасіретті жағдайға душар етеді. Ерікті түрде түсік тастау адам өлтірумен сәйкес келеді және өте ауыр күнә ретінде есептеледі [6] .
Дені сау әйелдерде өздігінен болатын түсік кездеспейді. Ауру әйел ғана бала тастайды немесе іштегі перзент кінәратты жағдайда ғана түсік болады. Сондай-ақ жыныс аппараттары жетілмеген немесе ішкі жыныс органдары қабынғандар ғана түсік тастайды.
Өздігінен болатын абортқа әртүрлі инфекциялық аурулар да әсер етуі мүмкін. Алайда мұндай жағдайда жақсылықтан үміт үзуге болмайды, дер кезінде дәрігерге қаралып дұрыс емделсе жүктілік үзілмейді.
Жасанды түсік. Жүктілік мерзімі 12 аптадан аспаған әйелдерге емдеу орындарында түсік жасатуға рұқсат берілген. Жүктілік мерзімі 12 аптадан асқан соң іштегі ұрық пен жатыр үлкейіп кетеді де, қолдан түсік жасату әйел өміріне қауіп төндіреді. Егер жүктілік денсаулыққа қауіп төндірсе, 12 аптадан соң лажсыздан іштегі баланы алдыруға рұқсат беріледі.
Дәрігерлік түсік жасатуға қолайлы кезең жүктіліктің 7-10 аптасы. Бұл кезде ұрық жұмыртқасы жатырдың қабыртқасына онша беки қоймайды, жатыр жақсы жиырылады, сөйтіп қан аз кетеді. Түсік жасат - өте мәжбүр болғанда ғана жүзеге асырылатын шара, сондықтан ол кез келген асқынудан сақтай алатын емдеу мекемелерінде ғана жасалуы тиіс.
Криминалды түсік. Жасырын заңсыз жасалатын түсікті медицинада криминалды түсік дейді. Оны әйелдің өзі немесе медициналық мекемеде жұмыс жасамайтын маман емес адамдар жасайды. Сондықтан ол адам өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті. Бұдан кейін көп жағдайда әйел денсаулы-ғында ауыр асқынулар кездеседі.
Түсіктен соңғы асқынулар. Егер қыздар мен әйелдер түсік жасату оңай нәрсе деп ойласа мүлде қателеседі. Қолдан күштеп жасалған түсіктің әйел ағзасы үшін қауіпті екені белгілі. Себебі жүктілікке байланысты әйел ағзасында көптеген өзгерістер болады, олар барлық ағзалар мен жүйкеге де қатысты. Физиологиялық қызметтің бәрі жанданады, сөйтіп перзенттің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Түсік осы физиологиялық үрдіске қиянат жасайтындықтан алдағы уақытта болуы ықтимал асқынуларға алғы шарт туғызады. Асқыну операциядан кейін дереу пайда болмайды. Кейде олар біраз уақыт өткеннен кейін етек алып, тән мен психиканың аурулары түрінде білінеді.
Қолдан жасалатын түсік көзбен көрмей, «сипалап» жасалатындықтан күрделі операциялар қатарына жатады. Тіпті тәжірибелі деген дәрігерлердің өзі де бұл операцияға жүрексініп барады [7] .
Жасанды түсік жасату әйел денсаулығына орасан зиянын тигізеді. Егер түсікті 14-тегі қыз жасатып жатса, мұның жас ағзаға тигізер зардабы туралы ойлаудың өзі қорқынышты. Ал Қазақстанда жыл сайын 14 пен 18 жас аралығындағы 7-8 мыңға жуық қыз түсік жасатады.
Дабыл қаққан әлемдік қауымдастық Дүниежүзілік Контрацепция күнін жариялады. Бірақ мәселе мұнымен шешілмейтін сыңайлы. Жастардың жыныстық сауатсыздығы қазірде басты проблеманың біріне айналып отыр. Жастарды еліктіретін түрлі іс-шаралар, түнгі клубтар, ойын-сауықтар, теледидарды жаулап алған арсыз фильмдер, бағдарламалар ойланбай от басуға итермелейді. Мәліметке қарағанда, бүгінде балалы болған 10 әйелдің біреуі - балалықтан арылмаған жас қыз.
Түсіктің әлеуметтік проблемасының мына түрлеріне ерекше көңіл бөлу қажет:
-Аборт жасау Жалпы Ішкі Өнімнің тұтыну деңгеиінің азаюына әсер етуі;
-Халықтың демографиялық өсуіне әсері етуі;
-Ана денсаулығына әсері;
-Заңсыз түсіктің көбеюі;
Қазірде «жыныстық тәрбиені жастарға үйрету керек пе, жоқ па?» деген талас қоғамда белең алған. Бұл ресми тілде «жасөспірімдер арасында репродуктивті денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты арттыру» деп аталады. Біреулер ойлағандай, мұның мағынасы жастарды жыныстық қатынасқа итермелеу емес. Ол ерте жүктілікті азайту, жастардың баланы қалауымен сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді. Жалпы жастар арасында жүргізілген сауалнамаға қарағанда, жоғары сынып оқушыларының 80 пайызға жуығы жүктілікті шешудің бірден-бір жолы түсік жасату деп ұғынады екен.
Жыныстық тәрбие бағдарламасы біздің мемлекетте де енді ғана енгізілуде. Болып жатқан сексуалдық төңкеріске қарамастан, репродуктивтік құқық туралы талас әлі жалғасуда. Ал жасөспірімдер мен олардың ата-анасының мәселесі шешілмеген күйі қалуда, - дейді мәскеулік маман. - Әлі күнге дейін адам үшін соншалықты маңызды мәселеде бірыңғай тұжырымдама әзірленбей отыр.
Қазақтың ұрпақ тәрбиесінде жыныстық тәрбие маңызды орын алады. Мұны бір ғана «Он үште - отау иесі» деген нақыл сөзден байқауға болады. Халқымыз осы кезеңдегі жасөспірімнің бойында басталатын түрлі физиологиялық және психологиялық өзгерісті терең білген. Білген де сол болашақ беймәлім өмірге ұрпағын дайындай бастаған. «Қызға қырық үйден тыйым, қала берсе, есіктегі қара күңнен тыйым» деген халқымыздың қыз бала тәрбиесіндегі ұстанымы көп жайтты аңғартады. Бұл - бетін бүркемеген қазақ қызының еліктей еркіндігімен қатар, ар-абыройына дақ түсірмеген пәк болуын қадағалаған тәрбие.
Осындай ұрпақ тазалығын көз қарашығындай сақтаған халқымыздың текті ұстанымына кейінгі кезде селкеу түскендей. Тренингке қатысушылардың пікірінше, Қазақстанда да сексуалдық мәселе жабайы, жабық тақырып күйінде қалуда. «Егер жасөспірім жыныстық мәселеде тұйыққа тіреле қалса қайда барарын білмейді, қыз кіммен ой бөлісерін білмейді. Жастар сөйтіп, қызығушылықтарын мұны істеуге болмайтын жерде қанағаттандыруда. Мұның соңы әрине, қалаусыз жүктілік, түсік және тастанды баланың көбеюіне алып келеді [5] .
Сонымен қорыта келе, түсік тастау тек ғана әйел мәселесі емес бүкіл қоғамның дерті екені белгілі. Түсіктің кесірінен бедеулікке әкеледі. Сондықтан болашақ аналардың репродуктивті денсаулығын ескеріп, аборт көрсеткіштерін азайтуға қоғам болып жұмылуымыз керек. Аборттың әлеуметтік салдарына келетін болсақ, аборт жасаған әйел адам психикалық ауруға шалдығады. Бала туусаны төмендейді.
1. 2 Ғалымдардың түсіктің алдын алу туралы зерттеулері
Босану жасындағы әйелдердің денсаулығы - елдің өсіп-өркендеуінің, гүлденуінің, түптеп келгенде жарқын болашағының алғы шарты. Қазақстандық әйелдердің денсаулық көрсеткіші өте төмен - норманың 10-20 пайызын ғана құрайды, ал фертилдік жастағы әйелдердің тек төрттен бірі салыстырмалы түрде сау. Біздің мемлекет ана мен бала денсаулығына қамқор болуды өзінің басты міндеттерінің бірі санап, қаржы тапшылығына, әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға қарамастан оларға үзбей қолдау көрсетіп келеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында заңсыз түсік атты «өте нәзік» мәселені жұртшылық талқысына салуды ұсынып, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсу қажеттігін айтты. Одан бері елімізде Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсартудың мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары қабылданды, 1991 жылдан бастап Ана мен бала денсаулығын зерттеу жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істеп келеді. Мемлекет фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын жақсарту үшін әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау жүйесін дамытуды, заңсыз түсіктің күшсіздігін қамтамасыз ететін жаңа медициналық технологияларды енгізуді, «Отбасын жоспарлау» бағдарламасын жүзеге асыру жолымен заңсыз түсіктің санын елеулі түрде азайтуға қол жеткізуді, жұртшылықты сапасы жоғары контрацепция құралдарымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Соңғы кезде заңсыз түсік медициналық қызмет көрсету саласында жасалатын қылмыстарды адамның жеке басына қарсы бағытталған қылмыстардың бөлек бір тобы ретінде қарастырып жүрген ғалымдардың қаламынан шыққан еңбектерде зерделенуде. Бұл бағыттағы ізденістерге украиналық ғалымдар В. А. Глушков пен С. А. Химченконың, ресейлік зерттеуші Ф. Ю. Бердичевскиидің, отандық ғалым Г. Р. Рүстемованың қосқан үлестері қомақты.
Түсік деген - ауыр қылмыс, үлкен күнә. Қасиетті Құран Кәрімде «Кімде-кім бір мүмінді қасақана өлтірсе оның жазасы тозақта мәңгі қалу. Аллаһ оған қатты ашуланады, оған лағынет айтып және үлкен азап дайындайды» (Ниса, 93) делінген. Жас қыздар өздерінше сылтау жасағысы келеді. Біздің мақсатымыз - сол сылтауларды талдай отырып түсіктің алдын алу .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz