Дельфи ортасы



КІРІСПЕ 1
1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ 2
2 ДЕЛЬФИ ОРТАСЫМЕН ТАНЫСУ 4
3 ПРОГРАММАНЫ ЖОБАЛАУ 5
4 ПРОГРАММАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 9
5 ПРОГРАММАНЫ ТЕСТІЛЕУ 15
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 19
ҚОСЫМША А: ПРОГРАММАНЫҢ МОДУЛЬДІК СХЕМАСЫ
ҚОСЫМША Б: ПРОГРАММА ЛИСТИНГІ
Оқып-танысып тәжірибе алу – болашақ мамандықтарды оқыту, үйрету және даярлау барысындағы алғалшқы өткізілетін студенттердің тәжірибе алуы.
Тәжірибе алу барысында студенттер Delphi программалау ортасымен, MathCad пен Maple секілді компьютерлік математика ортасымен және Internet, Intranet, Ezernet сияқты желі түрлерімен танысады.
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі. NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған білімдердің болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін көптеген оқудықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен танысуда жазушы В.И.Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше.
Бұл тәжірибе алудың мақсаты студенттердің информатика,программалау технологиялары, компьютерлік графика пәндерінен алған білімдерін ары қарай жалғастыру, жоғары курстарда оқытылатын пәндер туралы алғашқы түсінік беру, сонымен қатар студентті таңдаған мамандығының ерекшелігімен таныстыру және ол туралы түсінігін тереңдету болып табылады.
Бұл есеп беру құжаты бес бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған оқулықтар тізімі. Негізгі бөлімде студенттің тәжірибе алу барысында Delphi, MathCad, Maple орталары мен желілер туралы алған білімдері толығымен сипатталады.
1. Уэйт М., Прата С., Мартин Д. Язык СИ. Москва: "Мир", 1998 .
2. С.В.Федотова. Москва: “ Создание Windows – приложений в среде Delphi ”,2004./201-203 беттер/.
3. Фаронов В.В. Москва, изд.” Нолидж ”: “ Работа в среде Delphi ”,2000.
4. Архангельский А.Я. “ Программирование на Delphi - 7 ”-Москва: Бином, 2004./324-328 беттер/.
5. Гофман В.Э, Хоманенко А.Д. “ Delphi - 6 ”-СПБ:БХВ.2001. /95-103 беттер/.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 1
1 Есептің қойылымы 2
2 ДЕЛЬФИ ОРТАСЫМЕН ТАНЫСУ 4
3 Программаны жобалау 5
4 Программаны жүзеге асыру 9
5 Программаны тестілеу 15
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер тізімі 19
Қосымша А: Программаның модульдік схемасы
Қосымша Б: Программа листингі

КІРІСПЕ

Оқып-танысып тәжірибе алу – болашақ мамандықтарды оқыту, үйрету және
даярлау барысындағы алғалшқы өткізілетін студенттердің тәжірибе алуы.
Тәжірибе алу барысында студенттер Delphi программалау ортасымен,
MathCad пен Maple секілді компьютерлік математика ортасымен және Internet,
Intranet, Ezernet сияқты желі түрлерімен танысады.
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі
версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте
көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу
құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау
жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland
Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесінде “Rapid Application Development”
жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар
технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне
алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын
құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі
қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады.
Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым
біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару
программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен,
мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық
құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша
ерекшелігі. NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған білімдердің
болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді
игеру үшін көптеген оқудықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда.
Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов,
Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік
математикамен танысуда жазушы В.И.Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше.
Бұл тәжірибе алудың мақсаты студенттердің информатика,программалау
технологиялары, компьютерлік графика пәндерінен алған білімдерін ары қарай
жалғастыру, жоғары курстарда оқытылатын пәндер туралы алғашқы түсінік беру,
сонымен қатар студентті таңдаған мамандығының ерекшелігімен таныстыру және
ол туралы түсінігін тереңдету болып табылады.
Бұл есеп беру құжаты бес бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі
бөлім, қорытынды және пайдаланған оқулықтар тізімі. Негізгі бөлімде
студенттің тәжірибе алу барысында Delphi, MathCad, Maple орталары мен
желілер туралы алған білімдері толығымен сипатталады.

1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

Екі рет орын ауыстыру тәсілі. Қосымша жасыруды қамтамасыз ету үшін
жасырудан өткен хабарды қайта жасыруға болады. Жасырудың мұндай тәсілі екі
рет орын ауыстыру деп аталады. Бұл әдісте орын ауыстыру кестенің жеке
бағаны және жеке қатары үшін жүргізіледі. Кестеге алдымен хабардың мәтіні
жазылады, содан кейін кезекпен бағандар, сосын қатарлар ауыстырылады.
Жасырын мәтінді ашу кезінде ауыстырулар кері ретте жүргізіледі.
Тапсырма: Аталған тәсілді қолдана отырып берілген хабар мәтінін
жасыратын және керісінше жасырын мәтінді ашатын программа құру қажет.

2 DELPHI ортасымен танысу

DELPHI тіліндегі қолданбалы бағдарламалар немесе қосымшалар IDE
(integrated Development Environment) дамып отыратын құрылымдық ортада
орындалады. IDE ортасы бағдарламаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әр
түрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы
ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін
жобалауға, бағдарламалының кодын жазуға және оны басқару элементтерімен
байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және бағдарламаны түзету, оны
орындау әрекеттері IDE ортасында орындалады.
DELPHI-дің IDE ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне
байланысты оның көрінісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1-
сурет). Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:
1. Негізгі терезе (Project 1);
2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector);
3. Формалар құрастырушысының терезесі (Form1);
4. Бағдарлама кодының терезесі (Unit1.pas).

1-сурет-Delphi ортасының көрінісі

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға
және олардың өлшемін өзгертуге болады. DELPHI бір құжаттық орта, яғни бір
мезгілде тек қана қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Бағдарлама жобасының
атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі.
Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің
Windows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді.
Форманың терезесінен Unit кодына және одан кері өту F12 пернесі
арқылы орындалады.
Кейде DELPHI жүктелгенде, Unit терезесі төмендегідей (2-сурет) шығуы
мүмкін. Сол жақтағы терезе Browser терезесі деп аталады және бұл терезе
арқылы бағдарламаның құрылымымен танысуға болады. DELPHI ортасынан шығу
үшін негізгі терезені жабу керек.

Browser 2-сурет-Browser терезесінің көрінісі

Негізгі терезе

Негізгі терезе бағдарламаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады
және DELPHI ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы
қатарында орналасады (3-сурет).

3-сурет-Негізгі терезенің көрінісі

Бұл терезеде DELPHI-дің негізгі меню жүйесі, пиктограмммалық
командалық батырмалары мен компоненттер жинағы (палитрасы) орналасады.
Негізгі меню жүйесінің опциялар тақырыптарының құрамына ішкі меню кіреді.
Негізгі меню жүйесінің элементтері сол жағында таңба қойылған
арнайы тақташаларда орналасады. Негізгі менюден басқа элементтерді
тақташадағы таңба арқылы негізгі терезеден тыс экранның кез келген
жеріне жылжытуға немесе мүлдем алып тастауға болады.
Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ
тышқан батырмасымен сырт еткізіп, шыққан терезедегі тақташалар тізімін және
олардың статусын өзгертуге болады (4-сурет).
- белгісі объектің екпінділігін көрсетеді.

4-сурет-Тақташалар құрамын икемдеудегі терезелер

Пиктограммалық батырмалар

Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды
опцияларына тез арада қол жеткізуге болады. Атқаратын жұмыстарына
байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген. Әр топ бөлек
тақташада орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде келтірілген.

Батырма Атқаратын жұмысы
Standard тобы

Объектілер ашу. FileNew эквиваленті
Бұрыннан құрылған файлды ашу. FileOpen file эквиваленті
Файлды табақшада сақтау. FileSave as... эквиваленті(Ctrl+S)
Табақшадағы барлық файлдарды сақтау. FileSave all эквиваленті
Бұрыннан құрылған бағдарламаның жобасын ашу. FileOpen Project
эквиваленті (Ctrl+F11)
Жобаға жаңа файлды қосу. ProjectAdd to Project эквиваленті
(Shift+F11)
Жобадан файлды жою. ProjectRemove from Project эквиваленті
View (қарап шығу) тобы

Екпінді жобаның құрамындағы модульдер тізімінен қажетті
модульді таңдау. ViewUnits опциясының эквиваленті (Shift+F12)
Екпінді жобаның құрамындағы формалардың тізімінен керекті
форманы таңдау. ViewForm опциясының эквиваленті (Ctrl+F12)
Форманың терезесінен бағдарлама кодының терезесіне және одан
кері өту. ViewToggle from Unit опциясының эквиваленті (F12)
Жаңа форманы құру. ViewNew Form опциясының эквиваленті

Debug (түзету) тобы

Бағдарламаны компиляциялау және орындау
Түзетіп жатқан бағдарламаның жұмысын уақытша тоқтату.
RunProgram Pause опциясының эквиваленті
Қадамдық тексеру ішкі бағдарламалардың жұмысын бақылайтын
тәртіпте орындалады (F8)
Қадамдық тексеру ішкі бағдарламалардың жұмысын бақыламайтын
тәртіпте орындалады (F7)

Custome (баптау) тобы

Delphi ортасының құрамындағы жәрдемдік жүйені іске қосу.
HelpContents опциясының эквиваленті

Desktops (икемдеу) тобы

Delphi ортасының икемдеуге болатын басқа терезелерінің
таңдамалық тізімі
Delphi ортасының екпінді күйін сақтау
Түзету тәртібіне сәйкестелген терезелерді орнату

5-сурет-Пиктограммалық батырмалар

3 ПРОГРАММАНЫ ЖОБАЛАУ

Компоненттер жинағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыру
Borland Delphі ортасының интерфейсі
Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктерін көрсететін программа және теориялық материал дайындау
Delphi бағдарламалау тілінде проектіні құрастыру
WEBbrowser компонентін қолданып бағдарлама құру
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
Delphi программалау ортасы туралы жалпы түсінік
Borland Delphi-де калькулятор бағдарламасын құрастыру
Delphi ортасындағы функционалды инженерлік калькулятор бағдарламасын құру
Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасындағы Samples компоненттер тақтасы бетінің ақпараттық анықтамалық жүйесін жасау
Пәндер