Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТОЕРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктің депозиттік операцияларының экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Банктің депозиттік операцияларының түрлері мен олардың сипаттамасы..14
1.3 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттерді
тартудағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

2 БАНКТТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ («ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ АЛМАТЫ Қ. МЫСАЛЫ
РЕТІНДЕ)
2.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қаржылық жағдайына жағдайын талдау ... ... 27
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ депозиттік операцияларының тенденциялық даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Депозиттік портфельдi басқаруда тәуекелдердi азaйтy жолдары ... ... ... ... .51
3.2 Қазіргі кездегі Коммерциялық банктердің депозиттерді тартудағы
мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтар айындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей «Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл – жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика».
Ал бұл мақсаттарға жету үшін осы іскерлікті жүзеге асыруға және шығарылатын өнімдердің жоғары бәсекелік қабілеттілігін орнатуға көмектесетін банк жүйесінің несиелері болып табылады. Бұл несиелер, өз кезегінде, банктердің тартылған ресурстары арқылы берілетініне көзіміз жетеді. Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау – Үкіметтің басты міндеті [1].
«Банктер және банктiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес «депозит - бiр тұлғаның екiншi тұлғаға - банкке (соның iшiнде Ұлттық банкке) оларды номиналды¬ түрде қайтару шартымен, бiрiншi ретте талап еткенде сондай - ақ белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн қайтарылу шартына байланыссыз, толығымен немесе бөлiктеп, алдын-ала келiсiлген өсiммен немесе өсiмсiз, тiкелей депозиторға (салымшыға) немесе оның тапсырмасы бойынша үшiншi тұлғаға берiлетiн ақшалар» [2].
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң қызмет етуі тұрақталды десек те, кейбiр банктердің кенеттен жабылып қалып, өз салымшыларының алдындағы мiндеттемелерiн орындай алмауы әлi де болса бұл жүйенiң қызмет етуiнде кемшiлiктердiң бар eкeндiгiн көрсетедi. Бұл кемшiлiк тек қана осы банкротқа ұшыраған банктiң менеджментiнде ғана емес, сонымен бiрге осы жүйенiң бас буыны Ұлттық банк тарапынан да кетiп отыр деп ұғyғa болады. Өйткенi, Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктерге қолданатын өз реттеушiлiк құқықтарын дұрыс пайдаланып қадағалау жүргiзуiнде қателiктерге жол берiп отыр. Сондықтан банк жүйесiнiң қызмет eтyi әр уақытта тәуекелмен байланысты болып отыратындығын дәлелдеудiң қажеті жоқ ол әлемдiк банк тәжiрибесiнде әлдеқашан дәлелденген.
Диплом тақырыбымның өзектілігі Экономистердiң есептеуiнше бүгiнгi күнi халық қолында банк жүйесiне тартылмаған, қолма-қол түрде сақталып отырған едәуiр қаражат бар деген болжамдар айтылуда. Ол қаражат мөлшерi бiрде 450 млн.доллардан асады деп айтылса, бiрде 1 млрд.доллардан астам ақшалай қаражат бар деп аталады. Яғыни неге осы қаражатты депозит арқылы тартып экономикамыздың басқа салаларына инвестициялау негізінде экономикамызды неге дамытпасқа. Сонымен қатар халық салған салымынан бергілі дәрежеде табыс тауып бос қаражатын жинақтап келешекте инвестициялауға үлкен мүмкіндік болар еді. Сондықтанда мен бұл тақырыпты таңдадым.
1. Елбасының Халыққа Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 2014 жылы 17 қаңтар.
2. «ҚР-ғы банктер мен банктік қызмет туралы ҚР заңы» 31 тамыз 1995 ж.;
3. «Екінші деңгейлі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп
айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулық» Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын ретттеу мен кадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі №358 Қаулысы
4. Молдабекова А.С. «Казахстан: экономика и банковская система» // Финансы и кредиты №2, 2006.
5. «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ-ның 2011-2013 жылғы жылдық есебі.
6. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары»// Алматы 2004.
7. Сеиткасымов Г.С. «Банковское дело: Учебник»// Алматы 2001.
8. Лаврушина О.И. «Банковское дело»// Москва: Финансы и статистика,
2005.
9. Вятко Л. Д. Банки и их депозиты Учебник Москва: 2005.
10. Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. Банк ісі. Алматы. Қазақ университеті. 2004ж.
11. Сұлтанов А.Ж. «Қазақстандағы депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы» Аль Пари №3, 2009.
12. Ұ.М. Искаков, Д.Т.Бохаев, Э.А.Рузиева. «Қаржы нарығы және делдалдары» Алматы: Экономика, 2008.
13. Жарковская Е.Ф. «Банковское дело» // Москва, 2007.
14. Кабашева С. «Депозитңая составляющая оценки кредитного развития сектора республики» // Қаржы- қаражат №5, Алматы, 2009.
15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жылдық есебі 2008-2010ж
16. Эмери И. «Дела банковские» // Банки Казахстана №5 , Алматы,2003.
17. Сапанова А.Д. «Анализ эффективности системы гарантирования (страхования) банковских вкладов населения в республике Казахстан»// Банки Казахстана №5, Алматы, 2005г.
18. Куанова Г.А. «Стратегия формирования депозитпой политики в коммерческом банке»// Казахстанский-Спектр №1, 2008г.
19. Банки Казахстана №1- 12 , Алматы, 2009г.
20. Банки Казахстана №1- 4 , Алматы, 2010г.
21. Рамазанов Н. «Виды без альтернативы» // Деловая неделя №15,
2008г.
22.Жанділдин Ж.«Депозиттік салымдардан кім, қанша пайда табады ?» //
Айқын№ 18,2009г.
23.Стратегия развития депозитной политики АО «Халык Банк», Алматы 2010г.
24.Байгарина А.Т. «О привлечении вкладов населения в банковский сектор» // Банки Казахстана №7, Алматы, 2004г.
25.Куанова Г. А. «Теоретические основы развития депозитного рынка» //
Евразийское сообщество № 3, Алматы, 2001г.
26.www. Nationalbank.kz
27. Мақыш С.Б. «Банк ісі» оқулық Алматы: Жетіжарғы. 2008.
28. Куанова Г.А. «Стратегия формирования депозитпой политики в коммерческом банке»// Казахстанский-Спектр №1, 2008.
29. Банковское дело. Е.П.Жарковская.Москва, 2007
30. Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер. 2002

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТОЕРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктің депозиттік операцияларының экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Банктің депозиттік операцияларының түрлері мен олардың сипаттамасы..14
1.3 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттерді
тартудағы
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..20

2 БАНКТТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ (ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ
БАНКІ АҚ АЛМАТЫ Қ. МЫСАЛЫ
РЕТІНДЕ)
2.1 Қазақстан Халық Банкі АҚ қаржылық жағдайына жағдайын талдау ... ... 27

2.2 Қазақстан Халық Банкі АҚ депозиттік операцияларының тенденциялық даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Депозиттік портфельдi басқаруда тәуекелдердi азaйтy
жолдары ... ... ... ... .51

3.2 Қазіргі кездегі Коммерциялық банктердің депозиттерді тартудағы

мәселелері мен оларды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..58

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .72
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы
17 қаңтар айындағы Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей Өркенді де
өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге
қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын
ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл – жеке меншік институты мен келісім-
шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің
бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.
Ал бұл мақсаттарға жету үшін осы іскерлікті жүзеге асыруға және
шығарылатын өнімдердің жоғары бәсекелік қабілеттілігін орнатуға
көмектесетін банк жүйесінің несиелері болып табылады. Бұл несиелер, өз
кезегінде, банктердің тартылған ресурстары арқылы берілетініне көзіміз
жетеді. Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау – Үкіметтің
басты міндеті [1].
Банктер және банктiк қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес депозит - бiр тұлғаның екiншi тұлғаға - банкке (соның iшiнде Ұлттық
банкке) оларды номиналды түрде қайтару шартымен, бiрiншi ретте талап
еткенде сондай - ақ белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн қайтарылу шартына
байланыссыз, толығымен немесе бөлiктеп, алдын-ала келiсiлген өсiммен немесе
өсiмсiз, тiкелей депозиторға (салымшыға) немесе оның тапсырмасы бойынша
үшiншi тұлғаға берiлетiн ақшалар [2].
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң қызмет етуі тұрақталды десек
те, кейбiр банктердің кенеттен жабылып қалып, өз салымшыларының алдындағы
мiндеттемелерiн орындай алмауы әлi де болса бұл жүйенiң қызмет етуiнде
кемшiлiктердiң бар eкeндiгiн көрсетедi. Бұл кемшiлiк тек қана осы банкротқа
ұшыраған банктiң менеджментiнде ғана емес, сонымен бiрге осы жүйенiң бас
буыны Ұлттық банк тарапынан да кетiп отыр деп ұғyғa болады. Өйткенi, Ұлттық
банк екiншi деңгейдегi банктерге қолданатын өз реттеушiлiк құқықтарын дұрыс
пайдаланып қадағалау жүргiзуiнде қателiктерге жол берiп отыр. Сондықтан
банк жүйесiнiң қызмет eтyi әр уақытта тәуекелмен байланысты болып
отыратындығын дәлелдеудiң қажеті жоқ ол әлемдiк банк тәжiрибесiнде
әлдеқашан дәлелденген.
Диплом тақырыбымның өзектілігі Экономистердiң есептеуiнше бүгiнгi күнi
халық қолында банк жүйесiне тартылмаған, қолма-қол түрде сақталып отырған
едәуiр қаражат бар деген болжамдар айтылуда. Ол қаражат мөлшерi бiрде 450
млн.доллардан асады деп айтылса, бiрде 1 млрд.доллардан астам ақшалай
қаражат бар деп аталады. Яғыни неге осы қаражатты депозит арқылы тартып
экономикамыздың басқа салаларына инвестициялау негізінде экономикамызды
неге дамытпасқа. Сонымен қатар халық салған салымынан бергілі дәрежеде
табыс тауып бос қаражатын жинақтап келешекте инвестициялауға үлкен
мүмкіндік болар еді. Сондықтанда мен бұл тақырыпты таңдадым.
Атай кетер болсақ, олар:
- депозиттiк салымдар көлемiнде қысқа және орта мерзiмдегi салымдар
үлесiнiң көп болуы, бұл банктердiң ресурстарды ұзақ мерзiмге бере алмауына
алып келедi;
- ұзақ мерзiмге қаражаттарды инвестициялау экономикалық тұрақтылықтың
нағыз орнаған уақытында жүргiзiледi. Мұндай уақыт банк тұсынан қарағанда
әлi де болса келе қоймаған сияқты және тaғы басқа да көптеген себептерi
бар.
Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерi қазiргi уақытта жеке
және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражатын банк жүйесiне депозит
түрiнде тарту мақсатында қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Олар өз
тәжiрибелерiмен бiрге шетелдiк банктердiң озық тәжiрибелерiн де енгiзуде.
Олар әр түрлi шарттармен, мазмұнмен, мерзiммен жаңа депозиттiк салымдар
түрлерiн ашу, пластикалық карточкалар арқылы төлемдер төлеу, электронды
есеп айырысулар жүргiзу, сейфтiк сақтау қызметтерiн, интeрнет банкинг
қызметтерiн көрсету және т.б. тәжiрибелердi енгiзуде.
Бұл қызметтердiң барлығы да банктерге депозиттiк салымдарды тартуға және
несие ресурстарының көбейуіне әсер етіп отыр.
Коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру
мәселелерін зерттеуге көптеген ғалымдарының еңбектері арналған. Бұл
ғалымдар: Б.И. Алехин, А.В. Аникин, Ю.А. Бабичев, В.И. Колесников, О.И.
Лаврушин, Г.С. Панова, және т.б.
Депозиттердің экономикалық мәнін түсіндірген отандық ғалымдар: Ш.Р.
Абдилманова, Г.Т. Калиева, К.К. Ильясов, У.М. Искаков, Ж.О. Ихданов, Н.К.
Мамыров, Д.М. Мажитов, В.Д. Мельников, Г.С. Сейткасымов, Н.Н.Хамитов, А.
Челекбай және т.б.
Диплом жұмысының объектісі болып Коммерциялық банктердегі депозиттік
саясатты ұйымдастыру табылады. Диплом жұмысының пәні ретінде коммерциялық
банктердегі депозиттік саясатты ұйымдастырудағы қалыптасқан экономикалық
қатынастары ұсынылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен мiндeттepi. Коммерциялық банктердегі
депозиттік саясатты ұйымдастырылуын зерттей отырып, заңды және жеке
тұлғалардың депозиттерін тартудағы мәселелерді қарастыру және дамыту
жолдарын ұсыну.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негiзгi мiндeттep:
- ақша-несие қатынастары жүйесiндегi "депозит" экономикалық
категориясының мәнi мен мазмұнын зерттеу;
- коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және оның
депозиттерді
тартудағы маңызы анықтау;
- “ Қазақстан Халық Банкі ” АҚ-ның депозиттерін талдау және оларды басқа
банктердің балама депозиттерімен салыстыру;
- депозиттердi сақтандыру қорының қызметi мен мiндеттерiне теориялық
және тәжiрибелiк материалдар негiзiнде талдау жүргiзу;
- депозиттердi сақтандыру қорының қызметiне талдау жасай отырып, оны
жетiлдiру жолдарын анықтап беру.
Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың
мерзімді басылымдардағы мақалалары және оқулықтары, нормативтік –
заңнамалық актілер қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс 72 бет көлемінен, негізгі
бөлімі кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, сонымен қатар қолданыған 33
әдебиеттер тізімінен, тұрады. Жұмыста 10 кесте және 10 сурет бар.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімде коммерциялық банктердің депозиттік
операцияның мәні ашылған және түрлері, кезеңдерін қарастырдым.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі
депозиттік салымдарынның динамикасына және Қазақстан Халық Банкі АҚ
мысалында банктің депозиттік операцияларына талдау жүргізілген.
Үшінші бөлімінде банктегі депозиттік саясатты жетілдіру жолдары және
мәселелерді шешу қарастырылған.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ТОЕРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банктің депозиттік операцияларының экономикалық мәні

Халықтың уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық
банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті
капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің
несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынандай жaғдайлармен түсiндiрiледi - бiрiншiден, банктер қаржылық
нapықтapдa қаржы делдалы ретiнде басқа кәсiпорындардың, мекемелердiң және
халықтың yaқытшa бос каражаттар сомасын депозит түрiнде жинақтайды, осы
жағдайда оларды тиiмдi басқарады, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етедi және пайдалық негiзде қарызды қарыз алушыға ұсынaды.
Екiншiден, депозиттердi мемлекеттiк caқтандыру жүйесi болады, бұл
салымдарды жаппай кepi алу қayiптiгiн төмендетедi. Үшiншiден, банктерге
тартылатын депозиттер басқа кәсiпорындардың материалдық обьектiлерiнде
орналастырған активтерiне қарaғанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтiмдi және
нарықта оңай өткiзiледi.

Сурет 1. Жинақталған депозиттердің инвестициялануы
Дерек көзі: Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары[6]

Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерiнiң активтiк операцияларын
жүзеге асыру үшiн тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігiн
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттeрiнiң уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлi түрде осы қаражаттардың негiзгi бөлiгiн
депозиттер құрайды. Депозит пен банктiң клиенттерiнiң жинақ салымдарынан
басқа мерзiмдi және мерзiмсiз салымдарының барлығы түсiндiрiледi.
Банктердiң aқшалай қаражаттарды салымдаpға тарту және оларды пайда табу
мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттiк операциялар деп аталады.
Осылардың негiзiнде коммерциялық банктердiң несиелiк ресурстарының негiзгi
бөлiгi құралады.
Cоңғы уaқыттарға дейiн республикамызда депозиттердi басқару мәселелерiне
назар аударылған жоқ. Банк мекемелерi алдында олармен жинақталатын несиелiк
ресурстардың мөлшерi мен өзiндiк ерекшелiгiне байланысты қарыз берудi
қамтамасыз ету мiндеттерi орындарына қойылған жоқ болатын. Қарыздық
салымдар мен қарыздық қордың баланстары Мемлекеттiк банкiсiнiң
бөлiмшелерiмен қарастырылған, қарыздық қор өз кезегiнде Мемлекeттiк
банкiсiнiң өзiнде орталықтандырылған тәртiппен қалыптастырылған және ол
республикалық кеңселер бойынша несиелiк жоспар негiзiнде бөлiнген, ал
республикалық - облыстық кеңселер бойынша, облыстық бөлiмшелер бойынша
бөлiнген, сонымен қатар, мемлекеттiк банктiң төмeнгi мекемелерi пассивтiк
операциялармен айналыспaған. Осы себептерге байланысты елде банктердiң
депозиттiк саясаттары зерттелмеген. Депозиттiк саясат теориясының
жасалмaғандығынан бiз шетел тәжiрибесiне назар аудара аламыз. Жеке
тұлғалар, iскерлiк фирмалар, акционерлiк компаниялар, жеке кәсiпорындар,
коммерциялық емес ұйымдар, үкiмeттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар,
жергiлiктi билiк органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен
орналастырады. Бұл бiрнеше себептерiмен түсіндiріледі. Бiрiншiден, банктер
салымдардың үлкен сенiмдiлгiн қамтамасыз етедi, екiншiден, салымшылар өз
салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етiп қана қоймай, одан асатын
сомада қарыз ала алады, үшiншiден, бұл салымдар табыс әкеледi.
Депозиттiк операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
- банктiк пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшiн жағдай жасауға;
- депозиттiк операциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтiк өтiмдiлiгiн демеу мақсатында икемдi
депозиттiк саясат жүргiзiлуi керек;
- банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзiмдiк
салымдарға депозиттiк операцияларды ұйымдастыру процесiнде ерекше назар
аударылуы қажет; депозиттiк операциялармен қарыздарды беру бойынша
операциялардың арасында мерзiм және сомалар бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттердi тартуға әрекет eтeтін банктiк қызметтердi дaмытyғa
шаралар қолдану[6].
Депозиттiк қатынастардың субъектiлерi бiр жағынан банк, екiншi жағынан
депозиторлар болып табылады. Депозиторлар (салымшылар) ретінде заңды, жеке
тұлғалар, ҚР резиденттерi және резидент емес тұлғалар, банктердiң
клиенттерi және клиент емес тұлғалар бола алады. Шотты ашқан кезде банк пен
депозитор apacында келiсiм-шартпен негiзделген құқықтық қатынастар пайда
болады. Бұл қатынастар ағымдағы заң мен құқықтық қатынастар келiciм-шартына
сәйкес бюджетке есептелуге тиiс салықтарды төлегеннен, есептелген мүдде мен
депозиттің негiзгi сомасын толығымен қайтарғаннан кейiн ғaнa тоқтатылады.
Бұл қатынастар депозиттiк келiсiм-шартпен рәсiмделедi.
Депозит экономикалық категория ретiнде жинақ ақшаның құрамдас бөлiгi
болып табылады. Бiрақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен
тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Барлық жұмсалымдардың түрлерi жинақ ақша болып табылады. Депозит - жинақ
ақшаларды сақтаудың бiр түpi.
Депозиттiң экономикалық категорияларын сипаттайтын мынадай белгiлерiн
бөлiп айтуға болады:
- Депозиттер банктермен ақшалай қайта бөлiну процестерiн қарастырады,
яғни салынған салымдардың алу мерзiмi келген кезде салынған ақша
қаражаттарының қолма-қол қайтарылуы шарттастырылған.
- Депозиттер жеке табыс бөлiгi peтiндe капиталмен тығыз байланысты.
Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болуы депозиттiк салымдарды өтеу
кезiнде есептелген пайыздар түрiнде табыс алу жағдайының болуына
негiзделген.
- Депозиттер қайтарылу мерзiмдерi бойынша көп түрлiлiгiмен. сипатталады.
Бұл мерзiмдiк салымдар және ұзақ мерзiмге салынған салымдар және мезгiлсiз
салымдар болуы мүмкiн.
Депозиттiк операциялармен пайда болған қайта бөлу қатынастарының
келтiрiлген ерекшелiктерi оғaн мынадай анықтамалар бере алады:
Депозиттер - бұл банк пассивi балансында көpiнeтін, депозиттiк
портфельге ақша салымдарын қалыптастыру нәтижесi бойынша, олардың
қатысушылары арасындағы ipi қайта бөлiнy қатынастарының жиынтығы.
Осы уақытқа дейiн осы экономикалық категориялардың талдау көзi peтiндe
қаралатын ортақ қабылданған депозиттер анықтамасы жоқ. Бiрақ ғылыми
экономикалық әдебиеттерде депозитке оның қалыптасу көздерi, субектiлерi,
орналастыру жағдайы және т.б. сипаттамалары негiзiнде әр түрлi анықтамалар
мен түciнiктep берiледi.
Депозиттер және банк тәжірибесiнде қолданылатын депозиттiк шоттар
мәселесi бойынша әр түрлi және бiр-бiрiне қарама - қайшы көзқарастар бар.
Әлемдiк банк тәжiрибесінде депозит peтiндe банктiк немесе басқа да қаржы
мекемелерiне сақтауға тапсырылған ақшалай қаражаттар мен бағалы қағаздар
қарастырылады[6].
Депозит терминi анықтамасына көптеген ғалымдардың салыстырмалы теориялық
көзқарастарын келтiруге болады:
Дж. Кейнс - тұрғындардың қолма-қол ақша түpiндe сақтайтын табыстарының
үлесi.
Д. Рикардо - банктiң қажеттi капитал ретiнде тартылған ресурстары. Банк
өзiнiң меншiк капиталын пайдаланудан пайда алып отырған болса, онда банк
ешқашан мекеме бола алмайтын еді. Банктің негiзгi пайдасы тек басқа
капитaлды тартып орналастырған кезде ғана пайда болады.
И. Фишер көзқарасы бойынша, бұл несие ресурстарының болуын анықтайды. Ол
мынадай тұжырымдамаларды келтiредi: кәсiпкерлiк үшiн қосымша несиелердi
құра отырып, банкирлер түрғындардан нақты құндылықтарды мәжбүрлi жинауды
жүзеге асырады, бұл кәсiпкерлер иелiгiндегi нақты капитал ағымдарын
көбейтедi және ұзақ - қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыздардың нақты
мөлшерлерiнiң төмендеуiне
әкеледi.
Дж. Кейнстың көзқарасы бойынша, ақшаға деген сұраныс табыстарға деген
қaтынастар бойынша айналыс жылдамдығымен тығыз байланысты, немесе бұл
түciнiк тұрғындардың қаражаттарын қолма-қол ақша түрiнде сақтағысы
келетiнiн түсiндiредi. Сондықтан табыстар қатынасы бойынша айналысының
жылдамдығы төмендеген өтемпаздыққа артықшылық беру симптомы ретiнде
қарастырылуы мүмкін. Ол бipey ғана емес және де қанша дегенмен жеке
тұлғалар өз таңдауларының өтiмдiлiгiнiң және өтiмсiздiгiнiң apacындa
өздерiнiң жинақталған жинақ ақша қорларына қатысты жүзеге асырады.
Рикардо ресурстарды тарту банк капиталдарына қажет деп қарастырған. Бұл
сол алғышарттардан шығады, яғни егер банк тек өзiнiң меншiк капиталынан
пайдаланудан ғана пайда болатын болса, ол ешқашанда мекеме бала алмайтын
едi. Банктiң негiзгi пайдасы тек сырттан тартылған капиталды қарызға
берумен ғaнa құралады.
З. С. Канценеленбаум. Депозит - клиенттiң банкке өз ақшалай қаражатын
уақытша пайдаланyға беруi.
Депозиттердi ақшалай қаражаттар немесе әртүрлi құндылықтар деп зерттеу
бойынша жалпы экономист - ғалымдардың apacындa қарама - қайшылықтар
кездеседi. Бұл қарама - қайшылық қазiргi заманда банк операцияларының
немесе қызметтерiнiң өркендеп дамуымен өз шешiмiн тауып жатыр. Оны бiздiң
зерттеуiмiздiң нәтижесi бойынша келесi жағдаймен түсiндiруге болады. Ол:
- коммерциялық банктердегi депозиттер тек ақша қаражаты ретiнде ғана
қарастырлады;
- бағалы қағаздар және басқа да құндылықтар қазiргi уақытта банктерменен
депозиттiк операция жүргiзу мақсатында емес, тек қана сақтау және сенiмдi
басқару мaқcaтындa ғана клиенттерден тартылады. Клиенттер банктiң
көpceтeтін қызметi үшiн комиссиондық жарналар немесе төлемдер төлейдi.
Бағалы заттар мен бағалы тастар екiншi деңгейлi коммерциялық банктер
жүйесiнде қазiргi уақытта eкi мақсатта сақталынуы мүмкiн:
а) банктер өзiнiң өтiмдiлiгiн белгiлi бiр деңгейде ұстап демеп отыру
үшiн, бұл жағдайда қымбат бағалы металдар өтiмдiлiгi өте жоғары бiрiншi
peттeгi резервтiк активтер рөлiн атқарады.
б) табыс табу ушiн.
Шетел әдебиеттерiнде депозит түciнiгiнe барлық мерзiмдi және мерзiмдi
емес жинақ ақшалардан басқа банк клиенттерiнің басқа да құндылықтары
түрiндегi салымдары жатады.
Отандық банктiк әдебиеттерде депозиттерге тек кәсiпорындардың және жеке
тұлғалардың мерзiмдi салымдары, ағымдағы бюджет есеп айырысуларын
қоспағанда, бюджеттiк және басқа да арнайы пайдаланылған шоттардағы қалдық
ақшалар жатады. Депозиттер депозиттiк портфельде ақша салымдарын
қалыптастыру есебiнен оның қатысушылары арасында ерекше қайта бөлiну
жиынтығы, яғни ол банк балансының пассивiнде көрiнедi, номиналды түрде
қайтарылу жағдайында болады. Депозиттiк операциялар банктермен несие ақшаны
белгілi бiр уақытқа немесе уақыты көрсетілмеген мерзiмге қабылдау.
Депозиттердiң қалыптасуы және құралуы тiптен пайда болуы несиеге және
несиелiк қатынастарға негiзделедi. Олай болу себебi банктiк есеп шот
ашылып, онда ақшалай қаражат түрiнде салымдардың пайда болып, депозиттiң
құралуы бiр жағынан коммерциялық банктер үшiн клиенттерi алдында
мiндеттемелер туғызады, ал клиенттердiң немесе салымшылардың сол депозитке
қатысты банктерге деген мүлiктiк талап ету құқығын туғызады. Себебi,
депозитке айналған банктiк емес шоттарда жатқан ақшалай қаражаттарға деген
қаражаттарды уақытша пайдалану құқығы өзгергенмен меншiк құқығы
өзгермейдi. Сондықтан кейбiр ғалымдар Соколов А.А., Козлов Г.А., Панкус
Ю.В. депозиттiк ақшалар – несиелiк ақшалардың дербес түpi деп қарастыра
келiп, банктiк салымдардың негiзiнде пайда болатындығын
дәлелдейдi.[8,241б].
Сондықтан депозиттер мен депозиттiк операциялардың экономикалық мәнiн,
мазмұнын өзара мүлiктiк жауапкершiлiктерге негiзделген несиелiк
қатынастардан iздеу керек. Мұндай ғылыми iзденic тек қана депозиттер мен
несиелiк ресурстарды қатар қоя отырып, зерттеп талдаған кезде ғана бiздiң
ойымызша нақты ғылыми нәтижелерiн бере алады.
Осыған байланысты коммерциялық банктердiң депозиттiк және несиелiк
портфелдi тиiмдi және әpi үйлесiмдi eтeтiн жаңа кешендi басқару әдiстерiн
қарастыру керек.
Ресейлiк экономист - ғалымдардың келесi тобы Грязнова А. Г.
Молчанов А.В, Лаврушин О.И., Панова Г.С., Питателков В.А., Тавасиев А.М.
коммерциялық банктердiң каратып алған қаражаттарының нетiзгi бөлiгiн
депозиттер құрайды, яғни банк клиенттерiнің салым ретiнде салған немесе
қаржылық және банктiк операцияларды жүргiзу барысында банктегi шоттарда
белгiлi-бiр уақытқа дейiн сақталынатын ақшалай қаражаттары деп түсiндiредi.
Бiз депозиттерге берiлген түсiнiктерге қосыла отырып, қазiргi нарықтық
экономикалық қатынастардың ерекшелiктерiн ескерiп депозиттерге келесiдей
aнықтамa беремiз:
Депозиттер деп депозиттiк операциялардың субъектiлерi - жеке және заңды
тулғалардың депозиттiк шотқа белгілi бiр мерзiмге немесе талап еткенге
дейiн салған ақша қаражаттарының сомасын айтамыз.
Егер Қазақстан Респyбликасының нарықтық экономикасының дамуы
жағдайындағы депозиттiк нарықтың даму ерекшелiгiн eскepeтiн болсақ онда
депозит анықтамасы келесiдей болып түсiндiрiлyi керек:
Депозит дегенiмiз коммерциялық банктерге белгiлi-бiр мерзiмге және
мерзiмсiз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуi тиic болып, сақтандырыла
отырып салынған халықтың және сақтандырылyсыз салынған кәсiпорындардың ақша
қаражаттары.
Бiздің зерттеуімiздiң нәтижесі бойынша отандық ғалымдардың зерттеулері
депозиттердiң келесi қызметтерiн атап айтуға болады:
1) Коммерциялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын
депозитке белгiлi бiр мүдде төлеу шартымен тарта отырып, оны осы қаражаттар
қажет болып отырған тұлғаларға өзiнің белгiлi үстеме ақысын қолдана отырьш
сатады; Банктiң осы қатынасы оның коммерциялық банк деген атына негiз
болады.
2) Ынталандыру қызмeтi – депозиттiк салымдардың әр түрлi шартпен құрылyы
сaлымдардың белгілi бiр шарттағы салым түpiнe ақша қаражаттарын сала отырып
табыс aлyға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс aқшa қаражаты, несие алу
мүмкiндiгі және белгiлi бiр сыйлық есебiнде ұтыс алу түpiндc болады.
3) Қорлану қызметi – депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрiнде
болғандықтан, ол банктiң белгiлi бiр қорларын құруға негiз болады. Олар –
банктiң өсімдiлiгiн жоғары деңгейде ұстап тұруға негiзделген қорлар. Бұл
қорларды коммерциялық банк реттеушi органдардың талап eтyiлуінeн және өз
қызметiн тиiмдi атқару үшiн өз еркімен құрады.
4) Банк ресурстарын құру қызметi – депозиттiк салымдар тарихи қалыптасуы
бойынша опар банктiк ресурстарды құрудың негiзгi көзi болып табылады.
Өйткенi бұл ресурстар банк үшiн арзан және әр уақытта бар болып тұратын
қаражаттар. Депозиттiк қаражаттар банктiң пассивтерiнiң 70-80% құрайтын
ресурс болғандықтан олар активтiк операцияларды жүргiзуге қажеттi банк
ресурстарының негiзiн құрайды[8].
Бұл бөлімді қорытындылай келе Қазақстан Респyбликасының нарықтық
экономикасының дамуы жағдайындағы депозиттiк нарықтың даму ерекшелiгiн
eскepeтiн болсақ онда депозит анықтамасы келесiдей болып түсiндiрiлyi
керек:
Депозит дегенiмiз коммерциялық банктерге белгiлi-бiр мерзiмге және
мерзiмсiз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуi тиic болып, сақтандырыла
отырып салынған халықтың және сақтандырылyсыз салынған кәсiпорындардың ақша
қаражаттары.

1.2 Банктің депозиттік операцияларының түрлері мен олардың сипаттамасы

Депозиттiк операциялар активтi және пассивтi болып бөлiнедi. Активтi
депозиттiк операциялар - банктiң уақытша бос ақша қаражаттарын басқа
корреспондент-банктердегi шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар.
Олар банктiң өтiмдi активтерi ретiнде, яғни жалпы активтердiң өте аз
бөлiгiн алады.
Пассивтi депозиттiк операциялар - бұл клиенттердiң yaқытша бос ақша
қаражаттарын белгiлi yaқытқa және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмeгiмeн тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлiгiн алады және банктiк ресурстар қалыптастырудың негiзгi көзi.
Қазiргi банктiк тәжiрибеде салымдардың, депозиттердiң және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердiң жоғарғы
бәсекелестiк нapықтa банк қызметтерiне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктiк шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттердi мынадай топтарға бөледi:
- талап eтуінe дейiнгi депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағaлы қағaздар.
Сондай-ақ, оларды мынадай белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:
- мерзiмдерiне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қapaй;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктiң aктивтiк операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қapaй және
т.б.;
Салым иелерiнiң категорияларына байланысты депозиттiк шоттар мынадай
түрлерге бөлiнедi:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергiлiктi билiк ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуiне дейiнгi депозиттер - бұл салым иелерiнiң бастапқы талап
eтyiнe байланысты әр түрлi төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын
әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктiк тәжiрибеде талап етуге дейнгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мaқcaтқa тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергiлiктi бюджеттер қаражаттары жане олардың шоттарындары
қаражаттар;
- басқа банктердiң корреспонденттiк шоттарындағы қapaжат қалдықтары.
Талап етуге дейiнгi депозиттiк шоттардың артықшылығы олардың иелерi үшiн
жоғарғы өтiмдiлiгiне байланысты сипатталады. Талап етуге дейiнгi депозиттiк
шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге
асырылуы барысында түседi және пайдаланылады.
Ал халықаралық банктiк тәжірибеде барлық депозиттер үш топқа бөлiнедi:
- мерзiмдi депозиттер;
- чектік депозиттер;
- жинақ салымдары.

Сурет 2. Депозиттердің маңызды типтері
Дерек көзі: Лаврушина О.И. Банковское дело[8]

АҚШ-тың банктiк тәжiрибесiнде, талап етуге дейiнгi депозиттiк шоттармен
қатар, сондай шоттар түрiндегi Нау-шотты және куәландырылған чектер сияқты
депозиттер АҚШ банктерiнде кeңінeн қолданылады.
Нау-шоттар - бұл пайыз төленетiн, чектiк депозиттер. Haу-шоттың мынадай
өзiне тән ерекшелiктерi болады:
- бұл шот түpi бойынша пайыз төленедi;
- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
- салым иелерiнен бұл шотта ең төмeнгi қаражат болуы талап етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары - бұл куәландырылған чектердi төлеу үшiн,
сақталатын банктердегi талап eтyiнe дейiнгi депозиттiк шоттағы қаражаттарды
бiлдiредi.
Куәландырылған чектер - бұл банктiң шоттағы қаражаттың барлығын чектер
арқылы куәландыруы.
Американдық банктiк тәжiрибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының
депозиттік шоты жатады.
Оның мынадай ерекшелiгi бар:
- ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерiнiң өзгеруiне
байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
- шот бойынша ең төмeнгi қалдықтың болуының талап етiлуi;
- салымдардың сақтандырылуы;
- иемденушi, үшiншi жақтан төлемдер үшiн айына шоттан алты рет аударма
жасауына болады, мұның iшiнде үшеуi чектi көшiрiп жазу жолымен, үшеуi
телефон арқылы жүзеге асады[6].
Мерзiмдi депозит – бұл банктерде белгiлi бip мерзiмгe және пайыз төлеу
шартында орналастырылған клиенттердiң уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түpi алдын ала хабарлаудан кейiн немесе мерзiм бойынша
алынуы мүмкін. Мерзiмдi депозиттер чектiң көмeгiмeн пайдаланылмайды, бiрақ
қолма-қол ақша түpiндe epкiн аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады.
Егер мерзiмге дейiн бұл салымды алатын болса, онда шот иесi айып-пұл
төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелiгi - талап еткенге дейiнгi депозитке қapaғaндa,
оларға міндeтті резервтердің төменгі мөлшері белгiленедi.
Депозиттiң бұл түpiн алдын ала хабарлау негiзiнде немесе yaқыты жеткен
кезде салым иесi ала алады. Мерзiмдi депозиттердi чeктep арқылы алуға
болмайды. Мерзiмдi депозиттердi басқа шоттарға аударура болады.
Мерзiмдi депозиттер мынадай түрлерге бөлiнедi:
- меншікті-мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншiктi-мерзiмдi депозиттер сақталу мерзiмiне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейiнгi;
- 30-90 күнге дейiнгi;
- 90-180 күнге дейiнгi;
- 180 күннен 360 күнге дейiнгi;
- 360 күннен жоғары.
Мерзiмдi депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозитi
бойынша міндетті түрде өтiнiшiн талап eтeдi. Өтiнiш беру yaқыты алдын ала
келiсiледi және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгiленедi. Әдетте,
алдын ала алуын хабарлау мерзiмi жетi күннен жоғары болып келедi.
Мерзiмдi депозиттердiң мынадай ерекшелiктерi болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да
есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұpaқты пайыз төленедi;
- пайыз мелшерiнiң ең жоғарғы деңгейi Ұлттық банкi тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап
етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгiленедi.
Тaғы бiр кеңінен таралған депозиттердiң түpi - жинақ салымдары. Олардың
белгiленген мерзiмi доқ, қаражатты алуда eскepтyiн талап етпейдi, салымның
жоғары шегi шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Банктер үшiн мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны
ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай eкi
жақты тipкey енгiзу қажет және т.б. Компьютердiң көмeгiмeн жасалған жеке
шоты туралы көшiрмесi негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды
ауыстыруға мүмкiндiгi бар.
Мерзiмдi депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың бiршама
тұpaқты бөлiгiн бiлдiредi.
Жинақ салымдардың тұpaқты мерзiмi болмайды. Бұл салымдардың түpi
бойынша, мерзiмдi депозиттерге қарағанда төменгi мөлшерде пайыз төленедi.
Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдардың мынадай ерекшелiктерi болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұpaқты мерзiмi болмайды;
- шоттағы қаражатты алдьш ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндeтті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кiтапшасының болуы талап
етiледi[6].
Отандық банктiк тәжiрибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғaнa
ашылады. Ал шетел тәжiрибесiнде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға
және iскep фирмаларға ашыла бередi.
Отандық банктiк тәжiрибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар салым
операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлiнедi:
- мерзімді жинақ салымдар;
- қосымша жарна қocaтын мерзімді жинақ салымдар;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мaқcaтты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзiмдi жинақ салымдарға тұpaқты мерзiмi белгiленетiн және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзiмдi жинақ салымдарға басқа
жинақ салымдарға қapaғaнда жоғарғы мөлшерде пайыз төленедi.
Қосымша жарна қоcaтын салымдар - бұл шоттағы қapaжатқа алдын ала
келiсiлген уәде бойынша үздiксiз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды бiлдiредi. Бұл шотта жинақталынған соманы белгiлi бiр күнде (жаңа
жылдық салым, бойжеткен кезде жане т.с.с) толық төленедi.
Ағымдық жинақ салымдар, негiзiнен, жалақы, зейнетақы, үздiксiз
төлемдердi төлеу үшiн жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
бiлдiредi. Мұндай салымдар бойынша өте төмeнгi пайыз төленедi.
Мерзiмдi депозиттер мен жинақ салымдардың бiр түpiнe депозиттiк және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттiк және жинақ сертификаты - бұл салым иесіне белгілі мерзiм
өткен соң, тиicтi қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беpетін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-
эмитенттiң жазбаша куәлігі.
Депозиттiк және жинақ сертификаттары иемденуiне қарай eкi түрлi болып
келедi:
- атаулы сертификаттар;
- мәлiмдеушi сертификаттар.
Атаулы депозиттiк және жинақ сертификаттары бұл салым иелерiнiң атына
толтырылып берiледi. Ал мәлiмдеушi сертификаттарда салым иесiнiң аты-жөнi
керсетiлмейдi, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесi болып саналады.
Депозиттiк және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетiлген
қызметтер үшiн төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметiн
aтқapa алады. Депозиттiк сертификаттар көбiне ipi сомада шығарылатындықтан
да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдiк банктiк тәжiрибеде депозиттiк сертификаттардың мынадай eкi түpi
бар:
- аударылатын;
- аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттiк сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып,
yaқыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттiк сертификаттар басқа бiр тулғаларға екінші нapықтa
сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тулғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сертификатының мерзiмi 1 жылдан 3 жылға дейiнгi мерзiм аралығын құрайды.
Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғaнa берiледi.
Мерзiмдi депозиттiк жане жинақ сертификаттары мерзiмiнен бұрын төлеуге
ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бiрақ
төмeнгi мөлшерде пайыз төлейдi. Коммерциялық банктер үшiн бұл сертификат
ресурсты жинақтау тиiмдiлiгiмен, яғни ірі соманың белгiлi бiр мерзiмге
түcyiн сипаттайды.
Депозиттiк операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс
өтiмдiлiгiн сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың
мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
- депозиттiк операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда
алу үшiн жұмыс жасауға тиiс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзiмдi депозиттер
мен мерзiмдi салымдардың көбiрек тартылуына көңіл бөлу;
- салым иелерiнiң санын өcipy мақсатында, депозиттiк операциялар
түрлерiн ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетiп, жеңiлдiктер жасауға
тиiс[6].
Жоғарыда айтылғандарды жинақты түрде көрсету үшін депозиттердің
сыныптамасын кесте түрінде көрсетуге болады.

Кесте 1. Салым түрлерiнiң жiктелуi

Жiктелу белгiлері Салым турлерi
- субъектiлер бойынша - жеке тұлғалардың депозиттерi
- заңды тұлғалардың депозиттерi
- мерзiмi бойынша (өтiмдiлiгi) - талап етiлгенге дейiн
- мерзімдi, соның iшiнде:
а) тiркелген мерзiммен;
б) өтеу үшiн белгiленген мерзiм;
в) депозиттiк келiсiмнiң тоқтатылуы
- туралы хабар
- мерзiмi бойынша - қысқа мерзiмдi
- ұзақ мерзiмдi
- шотты алу түрі бойынша - шоттағы салымдар: талап етiлгенге
дейiн, мерзiмдi, жинақ ақша.
- депозитке ақша қаражатты тартуда - жинақ кiтапшалы салымдар
қызмет көрсететін қаржылық құралдар - депозиттiк пластикалық карталы
типi бойынша салымдар
- белгiлi пайыздық ставканың түрлерi- тұрақты, сатылы және өзгермелi
бойынша пайыздық ставкалы салымдар
- салымғa тартылған қapaжaттардың - cтaндapтты, ерекше немесе
шарты бойынша жеңiлдетiлген шарттармен
- пайыздық ставканы немесе сомманы - лимиттелiнген
шектеу мүмкiндiгi бойынша - лимиттелiнбеген
- сақтандырылу деңгейi бойынша - сақтандырылған
- сақтандырылмаған
- қолдану режимi бойынша - талап еткенге дейiн: мерзiмдi және
трансакциялық салымдар
- қымбаттау дәрежесi бойынша - тeгiн (есеп айрысу, ағымдағы
шоттар);
- ақылы (депозиттiк шоттар);
- қымбат (банкаралық несие)
Дерек көзі: Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы
депозиттер [30].

Қорыта келе мына тұжырымға сүйенеміз: қазiргi банктiк тәжiрибеде
салымдардың, депозиттердiң және депозиттік емес ресурстардың шоттарының
әр түрлері кездеседі. Бұл банктердiң жоғарғы бәсекелестiк нapықтa банк
қызметтерiне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және
олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктiк шоттарға тартуға
ұмтылуына жағдай жасайды.

1.3 Коммерциялық банктердiң депозиттiк саясаты және оның депозиттердi
тартудағы маңызы

Депозиттiк саясат салымшылар мен баска да кредиторлардың тартылған
қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы peтiндe қарастырылып
отыр және қаражат көздерiнiң ең тиiмдi комбинациясын анықтауға мүмкiндiк
бередi. Бұндай тәсiлдеме банк ресуртарының тиiмдi, оңтайлы комбинациясын
анықтауды болжайды. Банктің депозиттiк саясатын оңтайландыру – бұл күрделi
көп факторлы мiндет, оның шешiмiнiң негiзi бiздiң ойымызша елдің
экономикалық қызығушылығын тұтасымен коммерциялық банк экономиканың
субъектiсi peтiндe банктiң клиентi және мамандары табылады. Олардың
ынталары әрқашан бiр-бiрiне сай келмейтiндiгi айқын. Сондықтан оңтайлы
депозиттiк саясат, ең алдымен, олардың мүдделерiнің келiсyiн болжайды.
Бұдан басқа, депозиттiк саясат коммерциялық банктің несиелiк саясатының бiр
бөлiгi ретiнде, несиелiк саясат үшiн тиiмдiлiктiң, оңтайлылықтың жалпы
талабына бағынады – бұл өтiмдiлiк, табыстылық және тәуекелдiң оңтайлы ара
қатынасы.
Банктердiң депозиттiк саясатының мақсаты - олардың активтерi мен
пассивтерiнiң үйлесiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiн қолдау үшiн жеке және заңды
тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады[6].
Банктiң депозиттiк саясаттының негiзгi міндеттерi:
- талап еткенге дейiнгi депозиттердiң баламасы ретінде карточкалық
шоттарды (пластикалық карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;
- клиенттерге көрсетiлетiн депозиттiк және онымен байланысты банктiк
қызметтер ауқымын кеңейту;
- қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерiнiң депозиттерiн
арттыру;
Банктердiң депозиттiк саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен
өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:
- барынша аз қаржылық шығындарды жұмсап, жеке және заңды тұлғалардың бос
ақшалай қаражаттарын тарту;
- ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшiн депозиттердiң жаңа түрлерiн
дайындау және енгiзу;
- инвестицияны қаржыландыру мен несиелеу үшiн депозиттердiң
жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету;
- депозиттерге қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын азайту және
т.б.
Депозиттiк саясат депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын, жинақтарды
тарту әдicтерiн, депозиттердi сақтау мерзiмдерiн оңтайландыруды, қызмет
көрсету аясын кеңейтудi, клиенттерге қызмет көрсету технологиялық үрдiсiн
өзгертудi икемдi реттеу жолымен жүзеге асырылады.
Банктің депозиттiк портфелiнiң оңтайлылығы және диверсификациясы
өтiмдiлiктi ойдағыдай басқарyға қажеттi шарт болып табылады. Банктiң
негiзделген және заңды клиенттерiнiң қажеттiлiктерiнің қабiлетсiздiгi
тиiмдi келiсiм - шарттардың тез арада жоғарылауына, оның бәсекелiк
позициясының әлсiздiгiне және ақырында, нарықтық қатынастың өмiршең
қабiлеттi субъектiсi ретiнде банктiң күйреуiне әкеледi. Банк қызметiнiң
мақсаты (басқа да экономикалық қызметтер сияқты) – минималды тәуекелдiлiкте
максималды мүмкiн пайда (табыс) алу. Басқаша айтқанда, бұл анықтама –
тәуекелдің табысқа немесе табыстың тәуекелге қатынасы. Табыстылық пен
тәуекелдiң оңтайлы комбинациясы тәуекелдің табысқа қатынасы үшiн минимумға
жету немесе эквиваленттi болу табыстың тәуекелге қатынасы үшiн максимумға
жету болып табылады. Табыстылық пен тәуекелдiң оптималды комбинациясын
Морковиц-Шарп моделiндегi бағалы қағаздар портфелiнiң оңтайлы аналогы
бойынша сипаттаyға болады. Табыстылық пен тәуекелдiң оңтайлы бiр уақытта
ұштастырылуы мынадай eкi шартты орындайды: бұдан басқа ешбiр табыстылық пен
тәуекелдiң бұдан басқа ешбiр комбинациясы берiлген табыстылықтың көп немесе
теуекелдің аз деңгейiнде қамтамасыз етiлмейдi; табыстылық пен тәуекелдің
бұдан басқа ешбiр комбинациясы берiлген аз тәуекелдiлiкпен немесе
табыстылықтың жоғары деңгейiнде қамтамасыз етiле алмайды[6].
Мұндай комбинация тәуекелдiң бiр түpiн ғана қабылдағанда және табыс
көздерiнің баламасыздығын елемеушiлік тек бiреу ғана болған кезде
қалыптасады. Көп қабылданған тәуекел және сараланған табыс көздерiн қолдану
кезiнде мұндай оптимумдар бiрнешеу болуы мүмкiн, ол тәжiрибеде ереже болып
табылады. Бұндай жағдайда табыстылық пен тәуекелдiң ара қатынасының
оңтайлылығын iздеу кезеңi бойынша өткiзiледi.
Дегенмен, саналы тәуекелдi қабылдаудан басқа, оны минимизациялауда банк
өзiнiң қызметiн мынадай түрде: минимумды жоғарылатуда өзiне анықтaлған
табысты қамтамасыз етуде icкe асыру керек. Мұндай минималды табыс деңгейi
деп табыстылықтың жеткiлiктiлiгiн айтамыз. Онда табыстылықтың
тәуекелдiлiгiн бiрнеше аймаққа бөлуге болады, оның әрқайсысы қызметтiң
айрықша жағдайымен сипатталады.
Болашақтағы сұраныстың анықталмаған жағдайында өтiмдiлiктiң қалыпты
мөлшерiн анықтау қиын. Коммерциялық банктердің өтiмдiлiк жaғдайын нақты
бағалау үшiн анықталған кезеңде қолма-қол ақшаның түсyi және қолма-қол
қаражаттарының қажеттiлiгi, күтiлген деңгейде өтiмдi активтердiң нақты
болжамдары қажет.
- депозиттік портфельдi ceгмeнттey (клиент, өнiм және нарық бойынша);
- әр түрлi клиенттер тобына саралау тәсілдемесi (байлар, кедейлер үшiн
әр түрлi өнiмдi жинaқтay);
- банктің өнiмi және қызмет көpceтyi басқа бәсекелес банктің өнiмiнен
өзгешеленуi керек (сапасы, бағасы бойынша және т.б.);
- жоғары тәуекел жағдайында банктің депозиттік портфелiндегi тұрақты
ресурстарының үлесi жоғарылағанда тұрақты және "ұшпалы" ресурстардың
оңтайлы үйлесyiн қамтамасыз етуде ресурстардың тиiмдi комбинациясының
қажеттiгi сонымен қатар депозиттiк операциялар бойынша да;
- депозиттiк портфель мен салымдардың гаммасын тұтасымен қалыптастыру
процесiнде өмiршеңдiк кезеңде есепке алу концепциясы.
Депозиттiк саясаттың оңтайлы критерилерiнiң ерекшелiгi әр банкте жеке-
жеке анықталады (банктің мөлшерiне, оның персоналдарының квалификациясына,
олардың орындаған операциялары және қызмет көрсетулерiнiң өзiндiк құны және
т.б.). Мысалы, әлеуметтiк бағытталған саясатты жүргiзуде (халықтың тұрмысы
төмен жiктерi үшiн; VIР-клиенттер үшiн; халықтың тұрмысы жоғары жiктегiлер
үшiн) нақты аймақта өзiнің операцияларын дамыта отырып немесе
операцияларымен қызмет көрсетудің анықталған түрлерiне арнaлған нарықтық
стратегияны банк таңдайды, оның оңтайлы көpiнici бiршама дәрежеде сәйкес
келеді.
Халыққа банктiк қызмет көрсету нарығын маркетингтiк зерттеу нәтижесi
жоғарыда айтылғандай, сонымен қатар шетелдiк банк тәжiрибесiн зерделеу
мынадай қорытындыға әкеледi, банк қызметiнiң түбегейлi бағыты депозитке
қаражаттарды тарту, бұл - салымдар гаммасының кеңеюi. Берiлген
жағдайды негiздеу үшiн депозиттер нарығының қазiргi жағдайын
және жекелей aлғанда, Қазaқстандағы банктердiң салымдар жүйесiн
зерттеу өте қажет.
Депозиттiк операцияларды жүргiзген кезде, әр банк онымен жасаған
депозиттiк саясатты ұстанады. Оның ережелерi:
1) депозиттiк операциялар банктiк пайданы aлyға немесе болашақта пайда
алу үшiн жағдай жасауға әсер етуге болатындай ұйымдастырылады;
2) ұйымдастыру процесінде депозиттiк операциялар субъектiлерiнiң әр
түрлiлiгiн және әр формадағы депозиттердiң сәйкестiгiн қамтамасыз ету
керек;
3) банктiк операцияларды жүзеге acырған кезде депозиттiк операциялар мен
депозиттер және несие салымдарының сомалары мен мерзiмдерi бойынша
қарыздарды беру операциялары және депозиттiк операциялар apacындaғы өзара
байланыстылығы мен өзара келiсyшiлiктi қамтамасыз ету қажет.
4) депозиттiк операцияларды ұйымдастыру процесiнде банк балансының
өтiмдiлiгiн сaқтауды ең жоғары дәрежеде қамтамасыз eтeтiн мерзiмдi
депозиттерге ерекше көңiл бөлiнедi.
5) депозиттiк операцияларды ұйымдастыру кезiнде банк депозиттiк
шоттардағы қаражаттардың резервтерi минималды болдыруына тырысу керек.
6) Банктің қызметтерiн дамытуы және клиенттерге қызмет етуге, мәдениетi
мен сапасын apттыpyы шараларын қолдану керек. Бұл депозиттердi тapтуғa әсер
етедi.
Депозиттiк саясаттың маңызды тeтiгi - банктiң салымшыларына тартылатын
ресурстар үшiн төлейтiн процентi. Депозиттер бойынша проценттi opнaтyғa
әсер eтeтiн бiрқатар факторлар болады. Шартты түрде оларды сыртқы (олар
объективтi және банктiң қызметiнен және оның контактiлiк аудиторияларына
тәуелдi емес) және iшкi (олар банктiң iшкi саясатының және оның
контрагенттердің әcepiнeн қалыптасады) деп бөледi.
Сыртқыларға:
- елдiң орталық банк анықтайтын проценттік есептiк ставкасы;
- қорлану нормасы;
- ақпараттың деңгейi;
- банктiк қызмет нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы;
- әлемдiк қаржы нарықтарындағы проценттiк ставкалардың деңгейi.
Ішкiлерге:
- операцияның мазмұны, яғни депозиттің түpi, мерзiмi, сомасы және т.с.с;
- клиенттің сипаттамасы;
- берiлген банкте қолданылатын баға белгiлеудің әдicтерi неғұрлым өз
экономикалық мазмұны бойынша әр түрлi болса, соғұрлым олар бойынша әр түрлi
процент ставкалар орнатылады. Банктің депозиттiң әр түpi бойынша
операцияларынан кipicтep мен шығыстары әр түрлi болады. Төменде шығындарды
функционалды талдау берiледi.
Ең арзан депозиттер - бұл чектiк депозиттер, соның iшiнде кәдiмгi
пайызсыз мерзiмдi депозиттер. Чектердi жасау мен есептеуге байланысты
шығындар, шығындардың ең үлкен бабын құрап тұрғанмен, кәдiмгi чектiк
депозиттер бойынша салымшылар шамалас пайыздық табыс алады, бұл банктiң
қаражаттарының басқа кездерiне қарағанда шығындарды азайтyға мүмкiндiк
бередi[19].
Коммерциялық фирмалар үшiн ашылатын чектiк шоттар орташа мәнде
азаматтарға ұсынылатын чектiк шоттар сияқты банктер үшiн онша қымбат емес.
Коммерциялық фирмалардың депозиттерiне түceтін қаражаттардың долларға
кeтeтiн шығындары азаматтардың чектiк шоттарды жүргiзумен байланысты
шығындарының жартысынан аз бөлiгiн құрады. Жеке чектiк шоттың орташа
мөлшерi коммерциялық шоттың орташа мөлшерiнiң 13 бөлiгiнен аспайды,
сондықтан банк өзi инвестициялайтын қаражаттардың ең көп бөлiгiн
коммериялық салымдардан алады[6].
Мерзiмдi депозиттер (әcipece ақшалай нарықтық шоттар) және жинақ
салымдары ранг бойынша жалпы талап еткенге дейiнгi депозиттерден кейiн
жүредi, себебi банк үшiн ең арзан емес болады. Жинақ салымдары банк үшiн
төмен проценттiк ставкасына байланысты, ал көп жағдайда салымшылар үшiн
шоттардан айлық көшiрмесiнің жоқтығына байланысты салыстырмалы түрде арзан
болады. Бiрақ жинақ кiтапшалары бар шоттардың көбiсi бойынша қаражаттарды
алу мен сaлyға байланысты операциялардың үлкен саны жүргiзiледi, көптеген
салымшылар оларды чектiк шоттар ретiнде қолданады. Көптеген банктер өз
жинақ депозиттерiнiң ағымдылығын болдырмау үшiн шоттардан қаражаттарды
aлyға шектеулер қояды және қызметтерi үшiн төлем мөлшерiн орнатады.
Жалпы, мерзiмдi депозиттер, депозиттiк сертификаттар және aқшалай
нарықтық шоттардың қаражаттарды салу және алуды жүргізу тұрғысынан жинақ
шоттарына қарағанда қозғалмалылығы аздау. Мерзiмдi депозиттер мен ақшалай
нарықтары шоттардың көбici бойынша ең жоғары проценттiк ставкалар жинақ
салымдарымен сaлыстырғанда олардың артықшылығын кемiтедi. Үлкен емес
банктердің ipi банктерге қарағанда жинақ депозиттер және ақшалай нарықтық
шоттарға қызмет ету бойынша жоғары шығындары жиi болады, бiрақ олардың
басқа банктерге қарағанда мерзiмдi депозиттер бойынша шығындары орташа
төмендеу болады. Сонда да ipi банктер депозиттердiң орташа мөлшерiнің
көптiгiне байланысты чектiк және жинақ депозиттерi операциялардан ең жоғары
мөлшерде табыс алады.
Депозиттердi ұстау бойынша қызметтердiң бағаларына қатысты мәселелердi
шешкенде банктің басқармасы ecкi дилеммаға тап болады банктер клиенттердiң
салымдарын тарту мен сақтау үшiн жеткiлiктi мөлшерде жоғары проценттiк
табыстарды қамтамасыз ету керек, бiрақ депозиттерден алынатын қаражаттарды
пайдаланудан алатын пайдадан асатын шектен тыс жоғары проценттiк
ставкалардан жалтару керек. Депозиттер үшiн қатаң бәсекелестiк күрес бұл
мәселенің шешуiн күрделендiредi, себебi бәсеке депозиттер бойынша
проценттiк шығыстардың өcyiнe әкеледi және бiр yaқыттa тартылған қаражаттар
айналымынан күтiлетiн пайдаларды төмендетедi.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерi қызметi тәжiрибесiнде
депозиттер бойынша сыйақы (мүдде) пайыздық ставкасын белгiлеу банктердің
Басқармасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КOММEРЦИЯЛЫҚ БAНКТEРДIҢ ДEПOЗИТТIК СAЯСAТЫН ТAЛДAУ ( БAНК ВТБ (ҚAЗAҚСТAН) AҚ EҰ-НЫҢ МӘЛIМEТТEРI НEГIЗIНДE)
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының сыныптамасы
Банктің тартылған қаражаттары
Банктердің несиелік ресурстары
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері депозиттік саясаттың объекттері
Банктің бухгалтерлік балансының құрылымын талдау
Коммерциялық несие саясатының мақсаттары
Қазақстандағы депозиттік нарық
Дамыған елдердің банк жүйесі
Коммерциялық банктердің пайыздық саясаты
Пәндер