ҚазТрансОйл-дың жылдық есебі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Құрылым және Басқару
Басқарма мүшелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Заңдық анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі қызмет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Жалпы ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Компанияның активтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қызмет аясы
Негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштер ... ... ... ... ... .
Қайта құру, әзірлеу және күрделі жөндеу ... ... ... ... ... ... ..
Еңбек қауіпсіздігі және қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Табиғат қорғау іс.шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Тәуекелдерді сақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Тариф саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Аудиторлық теңгерім
Тәуелсіз аудиторлар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жинақталған бухгалтерлік теңгерім ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Стратегия
Инвестициялық тартымдылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Магистральды мұнай құбырлары даму жоспары ... ... ... ... ...
Жобалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ИСО стандарттарын енгізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әлеуметтік топтық жауаптылық
Кадр қызметшілерін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Әлеуметтік саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әлеуметтік . мәдени мақсаттағы объектілер ... ... ... ... ... ... .
Қайырымдылық және демеушілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Өткен жыл республикада мұнай өндірудің және тасымалдаудың елеулі өсуімен ерекшеленеді. Қазақстан жерінің жер қойнауынан 59,22 млн. тоннадан артық «қара алтын» өндірілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі де елеулі артты. 2003 жылмен салыстырғанда жеткізілген мөлшері 12,3%-ға артты әрі 38,4 млн. тонна болды. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына 8,8 млн. тонна жеткізілді.
Әкспортқа мұнай жеткізу де артты. Мысалы, өткен жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың ең ірі Атырау - Самара мұнай құбырымен көмірсутек шикізатының рекордты көлемі - 15 млн. тонна тасымалданды, ал Ақтау кемежайы арқылы танкерлермен 7,2 млн. тонна жөнелтілді. Атасу, Шағыр, Мақат, Атырау темір жол мұнай құю эстакадаларында мұнайды ауыстырып құю артты. Өткен жылы темір жол шандарына құю 3,4 млн. тоннаға жуық болды.
Компания мұнай транзиті, мұнай сапасын сақтау және экспорттың жаңа бағыттарын дамыту саласында көрші мемлекеттер кәсіпорындарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты. Осы орайда Атасу - Алашанькоу мұнай құбыры құрылысының басталуы 2004 жылғы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады, сарапшылардың пікірінше үш елдің - Қазақстан, Ресей және Қытайдың өзара тиімді серіктестігіне қосымша серпін береді.
Өндірістік қуаттарды құрумен қатар компанияның ойдағыдай дамуы үшін қазіргі бар инфрақұрылымды ұстап тұруының маңызы орасан. Өткен жылы 120 километр құбыр, 82 километр электр беру желісі, 35 километр оқшаулау жабыны, 73 электр химиялық қорғаныш объектілері, 8 мұнай қыздыру пештері және 13 сұйық - қойма күрделі жөндеуден өтті.
2004 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ өзінің жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүдделі екендігін кезекті рет қуаттады. Компанияда ІSО 9001:2000 және ІSО 14001:1996 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа және қоршаған орта менеджментінің ықпалдастырылған жүйесі ойдағыдай енгізілді.
Жүргізіліп отырған жұмыстардың кәсіпорынның халықаралық беделін нығайтуда да алатын маңызы елеулі. Дүниежүзілік жетекші агенттіктердің рейтингі осыны көрсетеді. 2004 жылы «Moody’s Investor Services» агенттігінің рейтинги «Ва 1, тұрақты болжамнан» тәуелсіз «Ваа3, оң болжам» деңгейіне дейін және «Fitch Ratings» «ВВ, оң болжамнан» тұрақты болжаммен «ВВ+ке» дейін көтеруі компания¬ның өндірістік-қаржылық қызметінің тиімділігін қуаттайды.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
ҚазТрансОйл-дың жылдық есебі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Құрылым және Басқару
Басқарма мүшелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Заңдық анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі қызмет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Жалпы ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Компанияның активтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қызмет аясы
Негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштер ... ... ... ... ... .
Қайта құру, әзірлеу және күрделі жөндеу ... ... ... ... ... ... ..
Еңбек қауіпсіздігі және қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Табиғат қорғау іс-шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Тәуекелдерді сақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Тариф саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Аудиторлық теңгерім
Тәуелсіз аудиторлар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жинақталған бухгалтерлік теңгерім ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Стратегия
Инвестициялық тартымдылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Магистральды мұнай құбырлары даму жоспары ... ... ... ... ...
Жобалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ИСО стандарттарын енгізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әлеуметтік топтық жауаптылық
Кадр қызметшілерін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Әлеуметтік саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әлеуметтік – мәдени мақсаттағы объектілер ... ... ... ... ... ... .
Қайырымдылық және демеушілік
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

Кіріспе

Өткен жыл республикада мұнай өндірудің және тасымалдаудың елеулі
өсуімен ерекшеленеді. Қазақстан жерінің жер қойнауынан 59,22 млн. тоннадан
артық қара алтын өндірілді.
ҚазТрансОйл АҚ жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі де елеулі артты.
2003 жылмен салыстырғанда жеткізілген мөлшері 12,3%-ға артты әрі 38,4
млн. тонна болды. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына 8,8 млн. тонна
жеткізілді.
Әкспортқа мұнай жеткізу де артты. Мысалы, өткен жылы ҚазТрансОйл АҚ-
тың ең ірі Атырау - Самара мұнай құбырымен көмірсутек шикізатының рекордты
көлемі - 15 млн. тонна тасымалданды, ал Ақтау кемежайы арқылы
танкерлермен 7,2 млн. тонна жөнелтілді. Атасу, Шағыр, Мақат, Атырау темір
жол мұнай құю эстакадаларында мұнайды ауыстырып құю артты. Өткен жылы
темір жол шандарына құю 3,4 млн. тоннаға жуық болды.
Компания мұнай транзиті, мұнай сапасын сақтау және экспорттың жаңа
бағыттарын дамыту саласында көрші мемлекеттер кәсіпорындарымен
ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты. Осы орайда Атасу - Алашанькоу мұнай
құбыры құрылысының басталуы 2004 жылғы ең маңызды оқиғалардың бірі
болып табылады, сарапшылардың пікірінше үш елдің - Қазақстан, Ресей және
Қытайдың өзара тиімді серіктестігіне қосымша серпін береді.
Өндірістік қуаттарды құрумен қатар компанияның ойдағыдай дамуы үшін
қазіргі бар инфрақұрылымды ұстап тұруының маңызы орасан. Өткен жылы 120
километр құбыр, 82 километр электр беру желісі, 35 километр оқшаулау
жабыны, 73 электр химиялық қорғаныш объектілері, 8 мұнай қыздыру пештері
және 13 сұйық - қойма күрделі жөндеуден өтті.
2004 жылы ҚазТрансОйл АҚ өзінің жоғары сапалы қызмет көрсетуге
мүдделі екендігін кезекті рет қуаттады. Компанияда ІSО 9001:2000 және ІSО
14001:1996 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа және қоршаған орта
менеджментінің ықпалдастырылған жүйесі ойдағыдай енгізілді.
Жүргізіліп отырған жұмыстардың кәсіпорынның халықаралық беделін
нығайтуда да алатын маңызы елеулі. Дүниежүзілік жетекші агенттіктердің
рейтингі осыны көрсетеді. 2004 жылы Moody’s Investor Services
агенттігінің рейтинги Ва 1, тұрақты болжамнан тәуелсіз Ваа3, оң болжам
деңгейіне дейін және Fitch Ratings ВВ, оң болжамнан тұрақты болжаммен
ВВ+ке дейін көтеруі компанияның өндірістік-қаржылық қызметінің
тиімділігін қуаттайды.
Компанияға берілген жоғары баға ҚазТрансОйл АҚ ұжымын жаңа кәсіби
биіктікке қол жеткізуге жетелейді. ҚазТрансОйл АҚ алдында Каспий теңізі,
Қашаған кеніші қорларын игеруге кең көкжиек ашады.
Бүгін Қазақстанның ең ірі құбыр компаниясы ҚазТрансОйл АҚ
көмірсутегін тасымалдаудың баламалы бағыттарын іздестіру, қазіргі бар мұнай
тасымалдау жүйелерін дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде.
Өткен жолымыз бізге болашаққа сенімді және үмітпен қарауға мүмкіндік
береді.

Оқиғалар күнтізбесі

Қаңтар
Компанияның топ-менеджментіндегі кадр өзгерістері.

Ақпан
ҚазТрансОйл АҚ-тың 1998 - 2002 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметін
салық және кеден органдарының кешенді тексеруі аяқталды.

Наурыз
ҚазТрансОйл компаниясы әлеуметтік саясат саласындағы өзінің елеулі
жобаларының бірін жүзеге асырды: тағы бір объект - Мейірім көп бейінді
медициналық орталығы пайдалануға берілді. Бұл емхана медицина
мекемелерінің ең үздіктерінің бірі атанды.

Сәуір
Компания Үкіметтік делегация құрамында Германиядағы hannover messe
- 2004 Халықаралық көрмесіне қатысты.

Мамыр
ҚазТрансОйл АҚ 2004 жылы Есілдің сол жағында Каспий спорт-сауықтыру
кешенін ашты, ол бір уақытта 500 адамды қабылдай алады. Мұнда спорт
залдарынан басқа би және бильярд залдары, спа-орталығы және мейрамхана
бар.
Күрделілігі жоғары өрттерді сөндіру дағдыларын, әртүрлі қызметтер
мен бөлімшелердің өзара әрекетін үйлесуін жетілдіру мақсатында 2004 жылы 13
мамырда ҚазТрансОйл АҚ Шығыс филиалы Шымкент мұнай құбыры басқармасы
Шымкент мұнай айдау стансасының сұйыққойма паркінде жоспарлы кешенді өрт-
тактикалық жаттығуы өткізілді.
ҚазТрансОйл ЖАҚ 31 мамыр кұні ҚазТрансОйл АҚ болып аталуына
байланысты мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

Маусым
30 маусым күні ҚазТрансОйл АҚ пен Қытай Ұлттық Мұнай және Газ барлау
жөніндегі корпорациясы өкілдері Қазақстан - Қытай құбыры ЖШС Жарғысына
және Құрылтай Шартына қол қойды, ол жобалау, кұрылыс, пайдалану және
Казақстаннан Қытайға мұнай тасымалдаумен айналысады.
ҚазТрансОйл АҚ-ның Самара қаласындағы өкілдігі ашылды.

Шілде
2004 жылғы 29 шілдеде Кенққияқ - Атырау магистарльды мұнай құбырын
салу жобасына қатысудың қазақстандық үлесін қайта қаржыландырумен
байланысты келісімдерге қол қою салтанатты рәсімі болды. Атап айтқанда, қол
қойылған құжаттар арсында МұнайТас солтүстік-батыс құбыр компаниясы ЖАҚ
пен Еуропа жаңғырту және даму банкі (ЕЖДБ) арасындағы кредит келісімі;
ҚазТрансОйл АҚ пен ЕЖДБ арасындағы кепіл шарты; ҚазТрансОйл АҚ, ЕЖДБ
және МұнайТас СБҚК ЖАҚ қол қойған акционердің үлесін қолдау,
дәрежелеу және сақтау туралы үш жақты шарт бар. Жобаны қайта қаржыландыру
жөніндегі мәміле жалпы алганда компанияның басқарудың халықаралық
стандарттарына және қаржы-шаруашылық қызметінде ашық болуға ұмтылатынын
көрсетеді, бұны каржы институттары және халықаралық рейтинг агенттіктерінің
сарапшылары лайықты бағалауға тиіс.

Тамыз
2004 жылғы 18 - 19 тамызда Қазақстандағы Ресей жылы аясында Ақтау
қаласында ҚазТрансОйл АҚ және АКТранснефть ААҚ жетекші мамандық
қызметкерлері арасында Мамандығы бойынша таңдаулы конкурсы өткізіледі.
Конкурс ҚазТрансОйл АҚ Батыс филиалы Маңғыстау мұнай құбыры
басқармасында өтті. Қоғам қызметкерлері сегіз атаулы жүлденің алтауының
жеңімпазы болып жоғары шеберлік пен біліктілік көрсетті.
Республиканың ауыл жастарын оқытуга және мұнай-газ саласына жұмысқа
орналастыруға бағытталған ҚазТрансОйл ауылды қолдауға қатысады
бағдарламасы аясында ҚазТрансОйл Ақтау және Орал қалаларында орта
техникалық кәсіптік колледждерде оқыту үшін Батыс Қазақстан және Маңғыстау
облыстарынан екінші рет 46 үміткерді қабылдады.
18 тамызда Mood’s Investor Services агенттігі ҚазТрансОйл
АҚ-тың рейтингін Ва 1, тұрақты болжамнан Ваа 3, оң болжам
деңгейіне дейін көтерді, бұл Қазақстан Республикасының тәуелсіз
инвестициялық рейтингіне сәйкес келеді.

Қыркұйек
2004 жылы 24 қыркұйекте Атасу - Ала-шанькоу магистральды мұнай құбыры
құрылысының ашылу салтанаты болды.
ҚазТрансОйл АҚ-тың демеушілік қолдауымен Үлкен Қазақстандық
энциклопедия жобасы іске асырыла бастады. Бұл 6 сериялы деректі фильм
Қазақстанның таңғажайып өткені, оның дәстүрлері, сенімі, салттары туралы.

Қазан
Компанияның тиімді қызметі, оның жоспарлары және келешегі KIOGE-
2004 халықаралық көрме - конференцияда көрсетілді.

Қараша
Жалпы ұзындығы 2000 км-ден астам талшықты-оптикалық байланыс желісінің
(ТОБЖ) негізінде өндірістік-технологиялық байланысты жаңғырту жөніндегі
ұзақ мерзімді бағдарламаның бірінші кезеңін енгізу аяқталды, ол сенімді
пайдалануды және мұнай құбырлары объектілерін басқаруды қамтамасыз етеді.

Желтоқсан
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күнінің 13 жылдығы қарсаңында,
2004 жылы 15 желтоқсанда Астана қаласында ҚазТрансОйл АҚ қызметкерлері
үшін 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
2004 жылдың 27 желтоқсанында ISO 9001:2000 және ISO 14001:1996
халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестік сертификаттарын тапсыру
рәсімі болып өтті. Осы сертификаттар TUV Rheninland InterCert
халықаралық сертификаттау органы өткізген аудит қорытындылары бойынша
берілді әрі ҚазТрансОйл АҚ-та ISO 9001:2000 және ISO 14001:1996
халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес сапа және қоршаған ортаны қорғау
менеджментінің ықпалдастырылған жүйесі енгізілгенін және қолданылатынын
растайды.
FitichRatings агенттігі ҚазТрансОйл АҚ рейтингін ВВ Оң
болжамнан ВВ+ Тұрақты болжамға көтерді.

Құрылымы және Басқару

Басқарма мүшелері:

• Крымов Қайрат Серікұлы
Бас директоры Басқарма Төрағасы
• Таубалдиев Талғат Сатыбайұлы
Бас директорының бірінші орынбасары
• Елшібеков Серікбек Кеңесбекұлы
Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
• Толымбаев Берік Зиябекұлы
Бас директорының тауар-көлік операциялары жөніндегі орынбасары -
Мәскеу қаласындағы өкілдіктің директоры
• Сұлтан Нұрбол Сарыбайұлы
Бас директорының даму жөніндегі орынбасары
• Саяхов Берік Қартаңбайұлы
Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары
• Сұлтангалиева Жанна Орынбасарқызы
Бас бухгалтер
• Сейілхан Дария Жылқыбаққызы
Қызметшілерді басқару департаментінің директоры
• Исақов Жайдарман Әзімханұлы
Заң департаментінің директоры

Заңдық анықтама

Магистральды мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау мәселелерінде
Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында жарғылық капиталына
мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен ҚазТрансОйл ұлттық мұнай тасымалдау
компаниясы жабық акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 461 қаулысы қабылданды.
2001 жылы ҚазТрансОйл ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы ЖАҚ (2001
жылы ҚазТрансОйл ЖАҚ болып қайта аталды) акцияларының мемлекеттік пакеті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 591 қаулысымен
құрылған Мұнай және Газ көлігі ұлттық компаниясы ЖАҚ-қа берілді.
Мұнай-газ саласының қарқынды дамуы ел экономикасының осы секторында
Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау қажеттілігіне байланысты
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы №811
Жарлығымен ҚазақОйл ұлттық мұнай-газ компаниясы және Мұнай және Газ
көлігі ұлттың компаниясы жабық акционерлік қоғамдары негізінде
ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамы құрылды.
2004 жылғы 31 мамырдан бастап ҚазТрансОйл ЖАҚ ҚазТрансОйл АҚ болып
қайта аталды, оның бірден-бір акционері ҚазМұнайГаз ҰК АҚ болып
табылады.

Негізгі қызмет
2004 жылы компанияның негізгі қызметі болып табылатын мұнай тасымалдау
жөніндегі қызметтердің көлемі 38 390 мың тонна болды. Жоспар 107%
орындалды.
Есепті кезеңде Қазақстан аумағында мұнай өндіру көлемі 59,22 млн.
тоннаға жеткеніне орай ҚазТрансОйл АҚ жүйесімен Қазақстан мұнайын
тасымалдау 2003 жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артты.
Мұнай өндірудің өсуіне байланысты ТМД елдері аумағымен одан әрі транзит
үшін Самара ҚТП-да мұнай қабылдау көлемін арттыру туралы АҚ
Транснефть ААҚ-пен уағдаластыққа қол жеткізілді. Атырау - Самара мұнай
құбырымен экспорттау көлемі 15 млн. тоннадан артық болды (2003 жылмен
салыстырғанда өсім 6%).
2004 жылы Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарына 8,8 млн. тонна мұнай
жеткізілді. Ақтау кемежайы арқылы танкерлерге 7,2 млн. тонна жөнелтілді
(2003 жылға қарағанда 20% артық).
Қытай бағыты бойынша Құмкөл мұнайын жөнелтудің артуына және Прииртышск
- Атасу бағыты бойынша Ресей мұнайы транзитінің басталуына байланысты Атасу
МҚӘ-дан (1,352 млн. тонна жөнелтілді, бұл 2003 жылдың көрсеткіштерінен 58%
артық) темір жол арқылы жөнелту артты. Сондай-ақ Шағыр (1,505 млн тонна
өсім 31%) темір жол мұнай құю эстакадаларында мұнай жөнелту көлемі артты.
Мұнай тасымалдау көлемі 2003 жылмен салыстырғанда Батыс филиалда 4 601
мың тоннаға артқаны және Шығыс филиалда 2003 жылы Құмкөл - Жосалы мұнай
құбыры пайдалануға енгізілуіне байланысты төмендегені байқалады.
Жалпы ақпарат
ҚазТрансОйл АҚ құрамына төрт филиал кіреді:
• Батыс
• Шығыс
• Ұжымдық пайдалану есептеу орталығы
• Ғылыми-техникалық орталық
ҚазТрансОйл АҚ мына компаниялардың акционері қатысушысы болып
табылады:
• МұнайТас СБКҚ ЖАҚ
• Қазақстан - Қытай құбыры ЖШС
• ҚазТрансОйл-Сервис АҚ
• Қазақстан Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ
• Комакинвест ЖАҚ
Компанияның ТМД-ның мына қалаларында өкілдіктері бар:
• Мәскеу
• Ор
• Киев
• Самара
2004 жылы ҚазТрансОйл АҚ қызметінің басты бағыттары мыналар
болды:
• магистральды мұнай құбырларымен республиканың мұнай өңдеу
кәсіпорындарына экспортқа, импортқа және ҚР аумағы арқылы
транзит;
• магистральды мұнай құбырларымен су жеткізу;
• Атырау - Самара және Махачкала -Тихорецк - Новоросийск құбырымен
экспортқа жеткізілетін қазақстан мұнайының ТМД елдері аумағы
арқылы транзитін ресімдеу;
• Сырт ұйымдардың мұнай құбырларын пайдалану және оған техникалық
қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсету;
• қазіргі бар мұнай құбырларын және мұнай құбыры көлігі
объектілерін қайта құру, ізерлеу және күрделі жөндеу
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
• қазіргі бар мұнай құбырларының өткізу қабілетін кеңейту және
тасымалдаудың жаңа бағыттарын ұйымдастыру;
• компания қызметінің барлық тұтынушысы үшін бірыңғай тариф саясатын
жүргізу;
• магистральды мұнай құбыры жүйесін халықаралық стандарттар
деңгейінде пайдалану кезінде еңбек қорғау, өндірістік және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастыру;
• кадрларды мақсатты даярлау және қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастыру.

Қомпанияның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Қабанбай батыр даңғылы, 20
Жылдар бойынша мұнай тасымалдау көлемінің өсуі, мың тонна

2003 жылмен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 4 198 мың тоннаға
артты. Мұнай тасымалдау көлемінің артуы мұнай өндіруші компаниялардың мұнай
өндіру көлемінің артуына және ҚТО-ның ММ жүйесіне мұнай тапсырудың артуына
байланысты.

Компанияның активтері

Магистральды мұнай құбырларының ұзындығы - 6291,6 км
Суағызғылар жүйесінің ұзындығы - 2145,2 км
Сорап-айдау стансалары - 40 кешен
Сұйыққойма паркінің жалпы көлемі - 1 306,4 текше метр
Оның ішінде:
Мұнай үшін - 1154 мың текше метр
Су үшін - 152,4 мың текше метр
ҚазТрансОйл АҚ-тың пайдалануында:

негізгі магистральды мұнай кұбырлары
• Өзен - Атырау - Самара
• Қаламқас - Қаражанбас - Ақтау
• Өзен - Жетібай - Ақтау
• Ақтау - Жетібай - Өзен
• 677 км - АМӨЗ
• Прорва - Құлсары
• 3 МАС - Қосшағыл
• Мартыши - Атырау
• Жаңажол - Кеңқияқ - Ор
• Әлібекмола - Кеңқияқ
• Омбы - Павлодар
• Павлодар - Шымкент
• Құмкөл - Қарақойын мұнай құбырының екі тармағы

Суағызғылар:
• Астрахань - Маңғыстау
• Сайөтес - Бозащы
• 112 км - Өмірзақ
• Бозащы - Ақшымырау
• Құлсары - Прорва
• Өзен - Кендірлі

темір жол аспалы мұнай құярлықтары
• Мақат Атырау облысы
• Атырау Атырау облысы
• Атасу Қарағанды облысы
• Шағыр Оңтүстік Қазақстан облысы

темір жол аспалы қотарғылары
• Ақтау БМАС Маңғыстау облысы
• Атырау МАС Атырау облысы

теңіз мұнай құю арналары
• Ақтау кемежайы
• Манғыстау облысы
Қызмет аясы

Негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштер

Атауы өлш. бір. Факт. Факт.
2003ж. 2004ж.
1. Мұнай тасымалдау көлемі мың тонна 34,192 38,390
2. Мұнайдың жүк айналымы млн.тн.км. 24,604 25,135
3. Еділ суын жеткізу мың т.м. 14,839 18,004
4. Түсім млн.тг. 58,423 60,413
5. Өзіндік құны млн.тг. 33,327 35,122
6. Жалпы кіріс млн.тг. 25,096 25,291
7. Күрделі жөндеу млн.тг. 4,574 4,576
8. Күрделі қаржы салу млн.тг. 19,638 19,955

Жылдар бойынша жеткізу көлемінің өсуі, мың текшее м

Мұнай өндіруші компаниялардың су тұтынуының артуына байланысты 2003
жылмен салыстырғанда су жеткізу көлемі 21 %-ға артты.

Күрделі қаржы салымы көлемінің өсуі, млн.теңге

жылдан жылға күрделі қаржы салымы көлемінің өсу қарқынын атап
көрсетуге болады.

Жылдар бойынша өзіндік құнның өсуі, млн. теңге

Көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 2004 жылы 35 122 млн. теңге
болды, бұл өткен кезеңнен 5 %-ға артық және сол кездегі
инфляциялық дәліздің болжамды шегінде болды (6,3%).

Жылдар бойынша мұнайдың жүк айналымы көлемінің өсуі, млн.
тонна км

Жүк айналымы 2003 жылмен салыстырғанда 2 %-ға артты.
Қайта құру, ізерлеу және күрделі жөндеу

ҚазТрансОйл АҚ-ның негізгі қызметі магистральды мұнай құбырларын
пайдалану кезіндегі сенімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы саладағы неғұрлым өнімді жұмыс үшін ҚазТрансОйл АҚ ISO 9001
стандартының талаптарына сәйкес жұмыс істейтін РРSА ізерлеу компаниялары
халықаралық қауымдастығының мүшелері болып табылатын дүние жүзіне белгілі
ағылшын, неміс, ресей фирмаларын ынтымақтастыққа шақырады.
Магистральды мұнай құбырларын ізерлеу құбырдың ішкі және сыртқы
бетінің, дәнекерлеу жіктерінің ақауларын, сондай-ақ құбырдың бүкіл өн
бойына оның қабырғаларының технологиялық (металлургиялық) ақауларын
анықтауға мүмкіндік беретін ультрадыбысты және магнитті тексеру снарядтарын
құбыр ішімен өткізу жолымен жүргізіледі.
Өткен жылы мына мұнай құбырлары бойынша ізерлеу жұмыстары жүргізілді:
Қаламқас - Қаражанбас - Ақтау құбырының ұзындығы 62 километр
Қаламқас - Қаржанбас учаскесі
Жетібай - Ақтау құбырының ұзындығы 49 км 112 км - Жетібай учаскесі
Өзен - Атырау - Самара құбырының ұзындығы 322 км Өзен - Бейнеу
учаскесі, ұзындығы 85 км Үлкен -Шаған - Шекара (1237 км) учаскесі,
ұзындығы 199 км Құмкөл - Қарақойын учаскесі
Павлодар БМАС-тан ПМХЗ-ра дейін ұзындығы 8 км етек.
Жалпы алғанда 120 км құбырда, 82 км электр беру желісіне, 35 км
оқшаулау жабынына, 73 әлектр химиялық қорғау объектілеріне, 8 мұнай қыздыру
пештеріне және 13 сұйық қоймаға күрделі жөндеу жүргізілді.
1998 жылдан бастап 2004 жылға дейінгі кезеңде 5202 км мұнай құбырына
құбырішілік ізерлеу жүргізілді. Оның ішінде:

Батыс филиал бойынша - 3888 км
Шығыс филиал бойынша - 1314 км

Мұнай құбырларына құбырішілік ізерлеу:
• ультрадыбыстық ақау анықтарышпен 869 км-ге
• магниттік ақау анықтарышпен 4333 км-ге жүргізілді

Негізгі құралдарды күрделі жөндеу, млн. теңге

2004 жылдың нәтижелері бойынша негізгі құралдарды күрделі жөндеу
жөніндегі жұмыстарды Қоғам 4 576 млн. теңге сомасына орындады, орындалу
өткен кезеңнің деңгейіне сәйкес.

Еңбек қауіпсіздігі және қорғау

Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы қағидаттар ҚазТрансОйл АҚ-
да еңбек қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың бірыңғай жүйесі туралы
ережеде көрсетілген. Олардың негізгілері мыналар:
• өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысы бойынша қызметкерлердің
өмірінің және денсаулығының басымдылығын тану және қамтамасыз ету;
• еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында лауазымды адамдардың
қызметтік міндеттемелерін айқындау;
• өндірістік жабдықтардың және өндірістік үдерістердің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
• өндіріс және еңбек жағдайлары жай-күйін талдау және тиісті шешім
қабылдау
Қоғам қызметкерлері арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және басқа да
жеке қорғаныш құралдарымен толық көлемде қамтамасыз етілген. Компанияда
еңбек қауіпсіздігі жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылған.
2004 жылы 903 қызметкер, 266 басшы және маман өндірістік қауіпсіздік
және еңбек қорғау мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Объектілердің өртке қарсы қорғаныш сенімділігін арттыру үшін жыл сайын
ұйымдық және практикалық іс-шаралар кешені жүргізіледі. Осы мақсатта 2004
жылы 5013 адам өрт қауіпсіздігі мәселелерін зерделей отырып арнаулы
курстарда оқыды, 38 жаттығу және 1023 сабақ өткізілді.
Күрделілігі жоғары өрттерді сөндіру дағдыларын, әртүрлі қызметтер мен
бөлімшелердің өзара әрекеті үйлесуін жетілдіру мақсатында 2004 жылы 13
мамырда ҚазТрансОйл АҚ Шығыс филиалы Шымкент мұнай құбыры басқармасы
Шымкент мұнай айдау стансасының сұйыққойма паркінде жоспарлы кешенді өрт-
тактикалың жаттығуы өткізілді.
Ғимараттар мен құрылыстардың металл және ағаш конструкцияларын оттан
қорғау, көбік жасағыштарды, өрт сөндіргіштерді, ЕӨЖ мүшелері үшін
жауынгерлік киім, өрт қауіпсіздігі белгілерін, әртүрлі өрт-техникалық
жарақтар және мүкәммалдар сатып алу жөнінде үлкен көлемді жұмыстар
жүргізілді.
Мұнымен қатар 2004 жылы АҚШ мемлекеттік департаментінің бағдарламасы
бойынша Атырау бас мұнай айдау стансасында (Атырау қаласы) лаңкестікпен
күреске бағытталған лаңкестік әрекеттердің зардаптарын жою жөнінде штабтық
жаттығулар жүргізілді. Жаттығуға Төтенше жагдайлар жөніндегі агенттіктің,
Энергетика және минералдық ресурстар, Қорғаныс, Ішкі істер
министрліктерінің, ҰҚК-нің, Семсер ЖАҚ-ның және ҚазТрансОйл АҚ-ның
өкілдері қатысты. Жаттығу нәтижелері бойынша талдау жасалып, онда құқыққа
қарсы іс-әрекетті болдырмаудың және олардың зардаптарын жоюдың қазіргі бар
жүйесі бұрынғы Кеңес Одағының аумағында неғұрлым жоғары деңгейде екендігі
көрсетілді.

Табиғат қорғау іс-шаралары

ҚазТрансОйл АҚ алдына қойған стратегиялық міндеттерге сәйкес қоршаған
ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды үнемі жүргізіп келеді.
Магистральды мұнай құбырларында топырақтың, жер беті суының және
атмосфералық ауаның жоспарлы мониторингі жүргізіледі. Қатты тұрмыстық
қалдықтарды және мұнай қойыртпағын әкету мен көму тәртібі үнемі бақылауда
тұрады, мазутпен былғанған қойыртпақты қалпына келтіру жүргізіледі.
Комания филиалдарында экологиялық аудит жүргізілді, экологиялық ортаға
ықпалы көзқарасы тұрғысынан магистральды мұнай құбырларына толық баға
берілді. Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша өндірістік объектілердің
қоршаған ортаға елеулі әсер етпейтіндігі анықталды.
Магистральды мұнай құбырларының табиғи тозуына байланысты олардың
экологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар да артады. Осыған байланысты
алдын алу жүйесін жетілдірудің және мұнай тасымалы саласының төтенше
жағдайларын жоюдың негізгі бағыттары айқындалды.

Тәуекелдерді сақтандыру

ҚазТрансОйл АҚ-да мұнай айдау стансаларын, сұйыққоймалар жиынтығын,
темір жол мұнай құю эстакадаларын және басқаларын қоса алғанда, бүкіл
магистральды мұнай құбырлары жүйесінің қауіпсіздігі мен қызметінің
сенімділігін арттыру жөнінде кешенді жұмыс жүргізіліп келеді.
Осы мақсатта ҚазТрансОйл АҚ-да халықаралық сақтандыру ұйымдарында
одан әрі қайта сақтандыру көзделген тәуекелдерді сақтандыру және басқару
жүйесі әзірленді және енгізілді. Осы бағдарлама халықаралық рейтинг
агенттіктерінің де, шетелдік серіктестердің де оң бағасын алды.
Бұл жұмыс технологиялық себептерден және тікелей мүліктік залалдан
басқа мұнайдың төгілуіне және қоршаған ортаны экологиялық ластауға әкеліп
соғатын табиғи дүлей апаттардан мұнай құбырында болуы мүмкін апаттардың
мейлінше алдын алуға және кемітуге арналған.
Қолданыстагы багдарлама бүкіл мүлікті табиғи сипаттағы апат салдарынан
сақтандыруды, сондай-ақ компанияның жалпы жауаптылығын, соның ішінде
өндірістік қызметке байланысты туындайтын қоршаған ортаны ластау үшін де
сақтандыруды қамтиды.
Тәуекелдерді басқару мен сақтандыру жүйесін енгізу ҚазТрансОйл АҚ-ның
инвестициялық тартымдылығының артуына алып келді және халықаралық рейтинг
агенттіктерінің оң бағалауының маңызды шарттарының біріне айналды.

Тариф саясаты

ҚазТрансОйлдың тарифтік реттеуі табиғи монополия субъектісі ретінде
Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңына, Табиғи
монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын
шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы ережеге, Табиғи монополия
субъектілерінің қызметтерін (тауарларды, жұмыстарды) реттеуге арналған
тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту
ережесіне, Табиғи монополия субъектілерін мемлекеттік тізілімге енгізу және
одан шығару ережесіне және бухгалтерлік есеп жүргізу стандарттарын
белгілейтін нормативтік кесімдерді қоса алғанда, өзге де нормативтік
кесімдерге, салық заңнамасына, сондай-ақ белгіленген тәртіпте бекітілген
тарифтерді есептеудің салалық әдістемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметті реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган -
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА).
Құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі, өкіметтің жергілікті атқарушы органдары (сумен
жабдықтау жөнінде реттелетін қызметер көрсету кезінде).
Қоғам 2004 жылы қызметті тарифтік реттеу саласында мынадай жұмыстар
жүргізілді:
• Магистральдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша
қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске
қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу
жөніндегі нұсқаулық бекітілді;
• Магистральды құбырлармен мұнай тасымалдау бойынша қызметтерге
арналған тарифтерді есептеу жөніндегі әдістеме;
• Қоғам көрсететін кызметтердің әр түрі бойынша бөлек тариф сметаларын
жүйеге келтіру жүргізілді;
• Табиғи монополия саласына жатқызылған жылу энергиясын өндіру, беру
және тарату, әлектр әнергиясын беру және тарату бойынша, сондай-ақ
тарату құбырларымен газ тасымалдау бойынша қосымша қызметтерге
жиырма алты тариф бекітілді.
• Ақтау БМАС-та, Атырау БМАС-та негізінен мұнайды қотару кезінде
кыздырумен және Ақтау БМАС-та депрессорлық қосымды енгізу үшін
мұнайды қосымша қыздырумен технологиялың байланысты өзге де қызмет
келісілді.

ҚазТрансОйлдың тариф саясатын жетілдіру жөніндегі шаралар

ҚазТрансОйл АҚ ТМРА-мен бірлесіп мұнайды кұбырмен тасымалдау
саласындағы қызметті реттеуші нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде
жұмыс жүргізіп келеді.
ҚазТрансОйлдың инвестициялық тарифті белгілеу жөніндегі ұсынысы Табиғи
монополиялар туралы Заңның жобасына іс жүзінде енгізілді.

Ескерту: Инвестициялық тарифті бір инвестициялық жоба аясында уәкілетті
орган бекітеді және салынған инвестиция толық ақталғанша қолданылады.

Магистральды құбыр көлігі туралы ҚР Заңының жобасы

ҚазТрансОйл АҚ құбырлар жүйесін жүктеуді арттыруға септігі тиетін
тарифтердің арнайы тұрлерін енгізу және Компанияның бәсекеге қабілетін
арттыру жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді, олардың ішінде мыналар бар:
Транзиттік тариф. Бұл монополияға қарсы заңнамамен реттелуге тиісті
емес транзиттік көлемге арналған тариф. Қазақстан аумағы бойынша транзитті
қамтамасыз ету үшін барлық қажетті қуат бар. Транзиттік тариф жүйеге
Қоғамның кірістерін ұлғайту үшін қосымша көлемді тартуға мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді тариф. Тарифтердің тұрақтылығына кепілдік беру үшін үш
жылдан астам мерзімге белгіленеді. Бұл жүк жөнелтушілерге кепілді көлемді
арттыруға және тиісінше Қоғам бойынша тасымалдау көлемін ұлғайтуға
мүмкіндік береді.
Балама тариф. Құбыр көлігінің жекелеген бағыттарының мұнай тасымалының
өзге түрлеріне қатысты бәсеке қабілетін қамтамасыз ету үшін белгіленеді.
Тарифтердің бұл түрлері бойынша есептеудің бөлек амалы жасалуы тиіс.

Салалық нормативтік базаны жасау

ҚазТрансОйл АҚ ҚР ЭМРМ-мен бірлесіп Қоғамның қызметтеріне арналған
тарифтерге енгізілетін материалдық шығындарды есептеу үшін қажетті салалық
нормативтік базаны жетілдіру мәселелерімен айналысуда. Шығындар нормалары
мен нормативтерінің салалық есептерін жасау үшін ҚР және РФ ҒЗИ-лері
тартылады, жасалған нормалардың және нормативтердің іс жүзінде қолданылу
тиімділігін бағалау үшін Компания орталық аппаратының және филиалдарының
мамандары тартылады.

Жылдар бойынша тарифтік түсімнің өсуі, млн. теңге

Жылдар бойынша тарифтік түсімнің өсуі бойынша тарифтік түсімнің біртіндеп
өсуі байқалады.

Аудиторлық теңгерім

Тәуелсіз аудиторлар есебі
Мың теңгемен 31 желтоқсандағы жағдай
бойынша
2004 ж 2003 ж
Активтер
Ұзақ мерзімді активтер
Материалдық емес активтер, таза 1.021.837 594.009
Негізгі құралдар, таза 167.045.068 134.544.090
Инвестициялар 135.457 728.862
Басқа ұзақ мерзімді активтер, таза 4.203.110 7.466.860
Ұзақ мерзімді активтер жиыны 172.405.472 143.333.821

Ағымдағы активтер
Тауар-материалдық қорлар 7.032.955 7.094.765
Инвестициялар 14.631 14.631
Берілген аванстар, таза 6.774.306 3.834.983
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың
берешегі, таза 313.701 112.723
Басқа ағымдағы активтер, таза 6.754.322 7.462.589
Топтық табыс салығы бойынша алдын ала
төлем 1.645.961 1.988.809
Ақша 66.075.004 40.914.426
Ағымдағы активтер жиыны 88.610.880 61.422.926
Активтер жиыны 261.016.352 204.756.747



Меншік капитал және міндеттеме
Меншік капитал
Жарғылық капитал 32.916.055 32.884.575
Қосымша төленбеген капитал 64.059.423 48.808.770
Резерв капитал 20.332.755 19.753.220
Басқа капитал 141.219 152.622
Бөлінбеген кіріс 57.046.938 45.381.553
Меншік капитал жиыны 174.496.390 146.980.740

Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді қарыздар 13.961.173 15.718.505
Топтық облигациялар 39.000.000 21.633.000
Келешек кезеңдердің кірістері 51.537 475.610
Кейінге қалдырылған топтық табыс салығы 10.487.147 166.002
Ұзақ мерзімді міндеттемелер жиыны 63.499.857 37.993.117

Ағымдағы міндеттемелер
Ұзақ мерзімді қарыздардың ағымдағы бөлігі 1.928.646 1.303.499
Жеткізушілер мен мердігерлерге берешек 6.365.731 5.021.749
Алынған аванстар 13.120.646 8.235.064
Келешек кезеңдер кірістерінің ағымдағы бөлігі 457.854 3.347.050
Басқа ағымдағы міндеттемелер 1.147.228 1.875.528
Ағымдағы міндеттемелер жиыны 23.020.105 19.782.890
Міндеттемелер мен меншік капитал жиыны 261.016.352 204.756.747

Жинақталған бухгалтерлік теңгерім
Өткізуден алынған кірістер 63.773.638 59.863.942
Өткізілген өнімнің өзіндік құны (36.227.682)(33.545.369
)
Жалпы кіріс 27.545.956 26.318.573
Шығыс кезеңдері
Жалпы және әкімшілік шығыстар (10.119.375)(9.240.197)
Сыйақы түріндегі шығыстар (2.753.695) (3.030.449)
Негізгі қызметтен алынған кірістер 14.672.886 14.047.927

Басқа қызметтен (шығыстар) кірістер, таза (1.253.018) 2.002.681

Салық салуға дейінгі кәдімгі қызметтен алынған
кірістер 13.419.868 16.050.608

Топтық табыс салығы (5.609.466) (5.783.835)
Таза кіріс 7.810.402 10.226.773


Жинақталған бухгалтерлік теңгерім

Операциялық қызметтен алынған ақшаның қозғалысы
Салық салуға дейінгі кәдімгі қызметтен алынған
кіріс 13.419.868 10.050.608

Түзетулер:
Күмәнді қарыздар бойынша өзгерістер (377.742) (554.819)
Тозу және өтелім 11.942.628 10.880.985
Негізгі құралдардың шығып қалуынан келген
зияндар 949.472 500.253
Вексельдерді сатудан келген зияндар 732.097 -
Тәуелді ұйымдарға инвестициялар бойынша кіріс (39.946) (108)
Бағамдық айырма бойынша кіріс (2.074.256) (2.963.584)
Сыйақы түріндегі шығыстар 2.753.695 3.030.449
Негізгі құралдарды бағалаудан келген зияндар 4.079.318 -
Айналым капиталын өзгертуге дейін операциялық
қызметтен алынған кіріс 31.385.134 26.943.784

Тауар-материалдық қорлардың кемуі 61.810 149.575
Сатып алушылар мен тапсырысшыларға қарыздың (142.743) 1.768.421
(көбеюі) кемуі
Берілген аванстардың (көбеюі) кемуі (3.121.327) 1.965.981
ҚҚС төлемінің артуы (1.024.219) (1.604.085)
Басқа ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің
(көбеюі) кемуі 4.765.650 (1.073.244)
Кредиттік қарыздың (кемуі) көбеюі 1.743.557 (5.174.963)
Алынған аванстардың көбеюі 4.885.582 3.900.722
Басқа ағымдағы міндеттемелердің (кемуі) көбеюі(4.259.722) 903.274
Операциялық қызметтен алынған ақшаның көбеюі
34.293.722 27.239.465

Төленген сыйақылар (2.567.858) (2.626.461)
Төленген топтық табыс салығы (3.780.702) (7.569.177)
Операциялық қызметтен алынған ақшаның таза
қозғалысы 27.945.162 17.043827

Инвестициялық қызметтен алынған ақша қозғалысы
Негізгі құралдарды сатып алу (23.054.889)(16.866.411
)
Материалдық емес активтерді сатып алу (543.442) -
Негізгі құралдардың шығып қалуынан түсімдер 2.728.630 71.881
Инвестициялық қызметте пайдаланылған ақшаның таза
қозғалысы (20.869.701)(16.794.530
)

Қаржылық қызметтен алынған ақша
Төленген дивиденттер (930.365) (1.844.349)
Қарыздардың түсімі - 5.171.161
Қарыздардың өтелуі (1.824.555) (851.830)
Топтық облигацияларды шығару (өтеу) 20.840.037 (4.434.000)
Қаржылық қызметте алынған (пайдаланылған) ақшаның
таза қозғалысы 18.085.117 (1.959.018)

Ақшаның таза көбеюі (азаюы) 25.160.578 (1.709.721)

Жыл басындағы ақша 40.914.426 42.624.147
Жыл аяғында ақша 66.075.004 40.914.426

Жинақталған бухгалтерлік теңгерім

Мың теңгеменЖарғылық Қосымша Резерв Басқа Бөлін-бегЖиыны
капитал төленбегенкапитал капитален кіріс
капитал
2003жылдың 32.884.575 54.852.84619.753.220152.62230.9 15.05138.558.31
1қаңтарына 3 6
(қайта
есептелді)
Таза кіріс - - - - 10.266.7710.266.773
(қайта 3
есептелді)
Қосымша - (6.044.076- - 6.044.076-
төленбеген )
капитал
өтелімі
Дивиденттер - - - - (1.844.34(1.844.349
төлеу 9) )
2003 жылдың 32.884.575 48.808.77019.753.220152.62245.3 81.55146.980.74
31 3 0
желтоқ-санын
а (қайта
есептелді)
Таза кіріс - - - - 7.810.4027.810.402
Жарғылық 31.480 - - - - 31.480
капитал
салымы
Резер - - 579.535 - (579.535)-
қорының өсуі
Активтерді - - - (11.403- (11.403)
шығару )
Қосымша - (5.364.883- - 5.364.883-
төленбеген )
капитал
өтелімі
Негізгі - 20.615.536- - - 20.615.536
құралдарды
қайта
бағалау
(тиісті
кейінге
қалдырылған
табыс
салығын
шегеріп)
Дивиденттер - - - - (930.365)(930.365)
төлеу
2004 жылдың 32.916.055 64.059.42320.332.755141.21957.0 46.93174.496.39
31 8 0
желтоқ-санын
а

ЕСЕП ЖҮРГІЗУ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАЛҒАН ҚАРЖЫ
ЕСЕПТІЛІГІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 2004 және 2003 жылдары 31 желтоқсанда
аяқталған жылдар үшін

1. КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
1997 жылы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 461 (мәтін
бойынша бұдан әрі Үкімет) қаулысына сәйкес Оңтүстік мұнай құбыры
(Ақтау) ӨБ және Қазақстан мен Орта Азияның магистральды мұнай құбырлары
(Павлодар) ӨБ қайта құрылды және Қазақ мұнай құбыры деп аталатын жаңа
кәсіпорын ретінде бірікті. Соның нәтижесінде Қазақ мұнай құбыры
компаниясы ҚазТрансОйл ұлттық мұнай тасымалдау компания ЖАҚ (бұдан әрі
мәтін бойынша ҚазТрансОйл ҰМТК ЖАҚ) деп аталды.
2001 жылы 2 мамырда Үкімет мемлекетке тиесілі, Мұнай және
газ тасымалдау ұлттық компаниясы (бұдан әрі мәтін бойынша МГТ) жаңа
жабық акционерлік қоғамын құру туралы қаулы шығарды. Үкіметтің осы қаулысы
негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті МГТ компаниясына ҚазТрансОйл ҰМТК ЖАҚ
акцияларына меншік құқығын тапсырды, соның нәтижесінде ҚазТрансОйл
ҰМТК ЖАҚ қайта тіркеліп ҚазТрансОйл ЖАҚ (бұдан әрі мәтін
бойынша Компания немесе Бас компания) деп аталды.
2002 жылы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
негізінде ҚазақОйл ұлттық мұнай-газ компаниясы және Мұнай және газ
тасымалдау ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамдары қосылды. Осы
қосылудың нәтижесінде ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы (бұдан әрі мәтін
бойынша - ҚМГ) жабық акционерлік қоғамы құрылды, ол Компанияның жалғыз
акционері болды. ҚМГ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасында толық Үкіметке
тиесілі.
2004 жылғы 31 мамырда Компания ҚазТрансОйл АҚ болып қайта тіркелді.
2003 жыл ішінде Компания ҚазТрансОйл-Сервис АҚ-ды құрды,
Компания оның үлесіне 100 пайыз қатысады.
2004 жылғы 29 маусымда Компания Қытай ұлттық мұнай және газ
барлау мен өндіру корпорациясымен бірлесіп Қазақстан - Қытай құбыры ЖШС-
ны (бұдан әрі ҚҚҚ). Компанияға ҚҚҚ-ға қатысу үлесінің тең жартысы
тиесілі. ҚҚҚ Нидерландыда тіркелген, облигациялар сатып алу мақсатымен
құрылған КСР Finance В.V. Еншілес кәсіпорны акцияларының 100 пайызы
иемденеді.
2004 жылғы 28 шілдеде Компания МұнайТас солтүстік-батыс құбыр
компаниясы" ЖАҚ (бұдан әрі МұнайТас) акцияларының 51%-ын ҚМГ-дан сатып
алды. МұнайТас акцияларының 49%-ы ҚҰМК Интернационал Қазақстанда ЖШС-ға
тиесілі.
Компанияның негізгі қызметі мыналарды қамтиды, бірақ бұлармен
шектелмейді:
• Қазақстанда және экспортқа мұнай шикізатын тасымалдауды үйлестіру
мен басқару;
• Қазақстанның Маңғыстау және Атырау облыстарында технологиялық,
өндірістік және тұрмыстық мақсаттар үшін су тасымалдау;
• басқа елдердің мұнай тасымалдау компанияларымен үкіметаралық
келісімдерге сәйкес мұнай тасымалдау бойынша ынтымақтастық;
• Қазақстанда магистральды құбырлар жүйесін жалпы дамытуға
бағытталған инвестициялық қызметті басқару және Компанияның
жарғысында жазылған басқа қызметпен айналысу;
• Каспий құбыр консорциумында (бұдан әрі КҚК) мемлекеттің мүддесін
білдіру;
• КҚК-де мемлекеттің үлесін (19%) сенімді басқаруды жүзеге асыру.
Компания 2003 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетімен инвестициялық
келісім-шарт (бұдан әрі 1-Инвестициялық келісім-шарт) жасады. 2003 жылы
24 желтоқсанда МұнайТас ЖАҚ Инвестициялар жөніндегі комитетпен осыған
ұқсас келісім (бұдан әрі 2-Инвестициялық келісім-шарт) жасады. ККТ 2004
жылы 13 қазанда Инвестициялар жөніндегі комитетпен инвестициялық контракт
(бұдан әрі 3 Инвестициялың келісім-шарт) жасады. 1 және 2-Инвестициялың
келісім-шарттарға сәйкес компанияларға Қазақстан Республикасының
Инвестициялар туралы заңнамасында көзделген, төмендегідей инвестициялық
жобалар шеңберінде инвестициялық салық жеңілдіктерін берді:
• Бас компанияның топтық табыс салығы бойынша пайдаланысқа
енгізілетін тіркелеген актвитердің құнын жылдық жиынтық табыстың
шегерісіне жатқызу құқығы берілді, бұл құқық тіркелген активтер
пайдаланысқа енгізілгеннен кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап екі
жыл мерзімде (МұнайТас - бес жыл) пайдаланылады;
• мүлік салығы бойынша пайдаланысқа жаңадан енгізілген тіркелген
активтер бойынша мүлік салығын төлеуден босатылды, жеңілдікті
пайдалану мерзімі - тіркелген активтер пайдаланысқа енгізілгеннен
кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл (МұнайТас - бес жыл).
• жер салығы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін алынған
және пайдаланылатын жер төлімдеріне салық төлеуден босату
жеңілдігі, пайдалану мерзімі - тіркелген активтер пайдаланысқа
енгізілгеннен кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл (МұнайТас
- бес жыл).
3-Инвестициялық келісім-шартқа сәйкес ККТ инвестициялық жобаны жүзеге
асыру үшін шетелден әкелінетін жабдықтарға және қосалқы құралдарға
салынатын кедендік баж салығынан босату құқығын иеленді, бұл жеңілдік 1
жылға дейін пайдаланылады және 5 жылға дейінгі кезеңге ұзартылуы мүмкін.
Компанияның Бас басқармасының орналасқан мекенжайы: Қазақстан
Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 20. Компанияның Атырауда
(Батыс филиал), Павлодарда (Шығыс филиал) 2 филиалы, сондай-ақ Алматыда
орналасқан Ғылыми-техникалық орталығы, Астанада Ұжымдық пайдалану есептеу
орталығы және Мәскеу, Ор, Самара қалаларында (Ресей Федерациясы), Киевте
(Украина) өкілдік кеңселері бар. 2003 жылы Ақтөбе филиалы Батыс филиалмен
бірікті.
2004 және 2003 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компания
қызметкерлерінің саны тиісінше 7.134 және 6.808 адамды құрады.
Ұсынылып отырған қаржы есептілігі шығарылымын Бас директор және Бас
директордың экономика мен қаржы жөніндегі орынбасары 2004 жылы 15 сәуірде
бекітті.

1. АҒЫМДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Саяси және экономикалық жағдай

2002 жылдан бастап қазастандық экономика нарықтық болып есептелгеніне
қарамастан, экономика өтпелі кезеңдегідей сипат алып отыр. Өтпелі
кезеңнің сипаттамалық ерекшеліктеріне соңғы жылдар ішіндегі инфляцияның
жоғарғы қарқынын, капитал рыногында өтімділіктің жоқтығын, сонымен қатар
Қазақстаннан тыс жерде ұлттық валютаның өтімді төлем құралына айналуына
мүмкіндік бермейтін валюталық бақылауды жатқызуға болады. Қазақстан
экономикасының бұдан әрі табысты дамуы мен тұрақтылығы Үкіметтің әкімшілік
және сот жүйесін, экономиканы рефомалауға бағытталған іс-қимылына
байланысты.
Әйтседе Компанияның қызметі мен қаржы жағдайына салық салу саласында
қолданыстағы және келешектегі заңнаманы, сондай-ақ нормативтік кесімдерді
қолдануды қоса алғанда, бұрынғысынша Қазақстандағы саяси жағдайдың дамуы
ықпал етеді. Мұндай оқиғалардың болуы мен салдары Компания үшін оның өз
қызметін жалғастыру қабілетіне елеулі ықпал етуі мүмкін. Компания 2004
жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда нарықтың даму сипаты мен
салық және заңнама жүйесінің дамуына әлдебір елеулі мәселелер, соның ішінде
бұрмалаушылықтарды болдырмау үшін қаржы есептілігіне түзетулер енгізер
мемлекеттің орын алып отырған немесе ықтимал кінәраттары байланысты бар
деп есептемейді.
Шетелдік валюталар
Шетелдік валюталар, атап айтқанда, АҚШ доллары Қазақстанда көптеген
мәміленің экономикалық мәнінде елеулі орын алады. Айырбас бағамдары
Қазақстан қор биржасында (бұдан әрі мәтін бойынша ҚҚБ) белгіленеді және
ресми айырбас бағымы ретінде пайдаланылады. Төменде келтіріліп отырған
кесте кейінгі екі жылдың соңында 31 желтоқсанға ҚҚБ-да белгіленген АҚШ-тың
1 долларына айырбас бағамын көрсетеді:

31 желтоқсанға ҚҚБ бойынша ресми айырбас бағамы
2004 130,0
2003 144,2

2005 жылғы 15 сәуірге АҚШ-тың 1 долларына айырбас бағамы 130,45 теңге
болды.

Тарифтерді белгілеу
Компания табиғи монополист болып есептеледі және тиісінше Қазақстан
Республикасындағы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (бұдан әрі
мәтін бойынша Монополияға қарсы агенттік) объектісі болып табылады, ол
тарифтерді есептеу әдістемесін, сондай-ақ тарифтер ставкасын бекіту үшін
жауапты, соның негізінде Компания негізгі қызметтен кірістердің үлкен
бөлігін алады. Тарифтер негізінен іске тартылған активтерге капитал құнын
қайтаруға негізделеді.

3. ЕСЕП ЖҮРГІЗУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Жалақы құрылымы
ҚазТрансОйл АҚ тарифтік, әлеуметтік саясаты мен даму стратегиясын талдау
Магистралды мұнай құбырының гидравликалық есебі
Фирманы басқарудың ақпараттық жүйесі
Негізгі құралдардың аудиті
Іс жүргізудегі ақпараттық жүйені қолдану
Қазақстан Республикасының мұнай-газ бизнесіндегі мұнай нарығының жағдайын талдау
Технологиялық құбыр жолы
“КазТрансОйл” АҚ зиянды шығарындыларын бағалау
Пәндер