Көшпелілер туралы түсінік



I.Кіріспе.
1.Көшпелілер туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1.1. Көшпелілер туралы ғалымдардың ой.пікірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
II.Негізгі бөлім.
1.Қазақстан жерінде өмір сүрген ежелгі көшпелілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпелілер мәдениеті мен өнері...5
3.Сақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
3.1.Үйсіндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
3.2.Қаңлылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
3.3.Ғұндар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді.
Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы" деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды "тағы-жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы" деп есептеді.
XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын "әділетті, теңдікті қоғам" десе, Фергюсон, Адам Смит: "Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды", — деген. Ал философ Кант: "Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды" деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегель: "Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ", — деп есептеген.
XX ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілікке көзқарасы әр түрлі болғанымен, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына ғана назар аудару басым болды. Мысалы, Рацель, Гумплювич, Торнвальд, Тойнби деген ғалымдар: "Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді" деген тұжырымдар айтты. Олардың және бұл ғалымдардың жолын қуушы қазіргі заманғы зерттеушілердің пікірінше: "Көшпелі қоғам — бұл бір орнында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын қоғам, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын қоғам, болашағы жоқ қоғам".
Көшпелілік кеңес ғылымында XX ғасырдың 20—40-жылдарынан бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді. Мысалы, А. П. Чулюіиников деген зерттеуші: "Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым болды", — десе, П. Кушнер: "Көшпелілерде "рулық мемлекет", феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды", — дейді.
1.Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану (барлық мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.
2. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4
3. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.
4.Қазақстан тарихы. Бағдарлама. 5-7 сыныптар. РОНД. 2003ж.
5.Қазақстан тарихынан әңгімелер. Ж.Артықбаев, Ә.Сабданбекова, Е.Әбіл 2006ж.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I.Кіріспе.
1.Көшпелілер туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..2
1.1. Көшпелілер туралы ғалымдардың ой-
пікірі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...2
II.Негізгі бөлім.
1.Қазақстан жерінде өмір сүрген ежелгі
көшпелілер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 4
2. Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпелілер мәдениеті мен өнері...5
3.Сақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3.1.Үйсіндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3.2.Қаңлылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3.3.Ғұндар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 17

Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында
қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф
тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы
өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары
сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-
сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып
көрінді.
Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте
заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас
жауы" деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды "тағы-
жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы" деп есептеді.
XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз
көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын
"әділетті, теңдікті қоғам" десе, Фергюсон, Адам Смит: "Көшпелілерде мүлік
теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды", — деген. Ал философ
Кант: "Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара
қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды" деген тұжырым жасайды.
Атақты философ Ф. Гегель: "Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық
болғанымен, мемлекет болған жоқ", — деп есептеген.
XX ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілікке көзқарасы әр түрлі
болғанымен, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына ғана назар аудару басым болды.
Мысалы, Рацель, Гумплювич, Торнвальд, Тойнби деген ғалымдар: "Көшпелілер өз
бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет
жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді" деген
тұжырымдар айтты. Олардың және бұл ғалымдардың жолын қуушы қазіргі заманғы
зерттеушілердің пікірінше: "Көшпелі қоғам — бұл бір орнында тоқырап, өз
бетінше дами алмайтын қоғам, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай
алмайтын қоғам, болашағы жоқ қоғам".
Көшпелілік кеңес ғылымында XX ғасырдың 20—40-жылдарынан бастап
зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де
маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда,
көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді. Мысалы, А. П. Чулюіиников
деген зерттеуші: "Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым
болды", — десе, П. Кушнер: "Көшпелілерде "рулық мемлекет", феодализмнің
бастапқы нышандары ғана пайда болды", — дейді.

XX ғасырдың 30-жылдары С.П.Толстов пен Б.Я.Владимирцевтің көшпелі
қоғам туралы пікірлері 60-жылдардың соңына дейін әр түрлі нұсқада
қайталанып, дамытылып келді. С. П. Толстовтың пікірі бойынша: "Көшпелілер
отырықшы халықтар сияқты алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдық
қоғамды басынан өткізді. Бірақ көшпелілердің құлиеленушілік қоғамы әскери
құлиеленушілік демократия немесе патриархаттық монархия түрінде құрылды".
"Көшпелілердегі меншіктің негізі жер ме, мал ма?" деген мәселенің
төңірегінде пікірталас жүрді. Бір топ ғалымдар: "Көшпелілерде рулық қоғам
қалдықтарымен араласқан феодалдық қоғам болды және феодалдық меншіктің
жерге қатысты негізін жерге жеке меншік құрады", — дегенді айтты. Екінші
бір топ зерттеушілер: "Еуразия көшпелілері патриархалдық-феодалдық қоғамда
өмір сүрді, осы таптық қоғамдағы меншіктің негізгі түрі малға қатысты жеке
меншік болды, ал жер рулық қауымның ортақ иелігінде болды", —деген пікірді
ұстанды.
Көшпелі қоғамды зерттеуде қоршаған орта (табиғат) және адамның
белсенді іс-әрекет мәселесі жиі қозғалып отырды. Олардың пікірі бойынша,
далалы, шөлейтті, шөлді, таулы аймақтарды жайлаған халықтарда табиғат
жағдайына қарай мал шаруашылығы, көшпелілік қалыптасқан. Осындай
халықтардың бірі — қазақ халқы далалы, шөлейтті аймақты игерудің бірден-бір
жолы мал шаруашылығы деп білген және осындай табиғи жағдайға икемделе өмір
сүрудің тамаша үлгісін көрсеткен.
XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап тоталитарлық жүйе идеологтары
көшпелілікке қарсы шыға бастады. "Адам табиғатты өзгертуші құдіретті күш"
деген қағиданы басшылыққа алған коммунистік идеологияның өкілдері көшпелі
мал шаруашылығымен айналысып келген халықтарды жаппай отырықшылыққа
айналдыру қажеттігін дәлелдеп бақты. Ал осы қате көзқарастан қазақ халқы 30-
жылдары қатты күйзеліске ұшырап, жаппай қырылып, көпшілігі елден ауып
кетуге мәжбүр болғандығы белгілі.
XX ғасырдың 60—70-жылдарынан бастап жекелеген ғалымдар
көшпеліліктің географиялық-экологиялық себептерін қайта мойындай бастады.
Осы ғалымдардың пікірінше, көшпелілік дегеніміз, кейбіреулер айтқандай,
"адамзаттық өркениеттің сара жолынан адасу" емес, керісінше, шаруашылықтың,
мәдениеттің ерекше даму түрі. Олардың пікірі бойынша: "Көшпелілер далалы,
шөлді, шөлейтті табиғатта өз шаруашылығын қалыптастырған, олардың негізгі
күнкөріс көзі мал болған, мал басы өскен сайын жайылым айырбастау
қажеттілігі туған, сөйтіп жылжымалы өмір салты қалыптаскан".

Көшпелі халықтар, оның ішінде ғұндар мен түркілердің тарихына
ерекше мән берген тарихшы Л.Н.Гумилев болды. Ол Еуразия көшпелілерінің бұл
құрлықтың тарихында алатын орнын өте жоғары бағалады. Дегенмен Л.Н.Гумилев:
"Халықтар дамуында, олардың қалыптасуында, шаруашылық-мәдени
ерекшеліктерінің пайда болуында географиялық, экологиялық фактор үлкен рөл
атқарады" деп санады. Оның ойынша, "бүкіл тарихи үдеріс географиялық,
биосфералық өзгеріске тікелей және толығымен тәуелді". Л.Н. Гумилевтің
осындай көзқарастары кезінде сыналған да еді.
Археолог К.Ақышевтың пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі
мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің
басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға жатады. Осы кезден бастап, Орталық,
Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен
Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда
биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағында ерте
заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын
алған.
Өткен ғасырдың 60—70-жылдарынан бастап қазақ көшпелі қоғамы
жөнінде қазақстандық ғалымдардың еңбектері шыға бастады. Бұл ретте
С.Зимаиовтың "Қазақтардың XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық
құрылысы", В.Ф. Шахматовтың "Қазақтың жайылымдық көшпелі қоғамы", С.
Толыбековтің "XVII—XX ғасырдың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы",
Д.Кішібековтің "Көшпелі қоғам: шығуы, дамуы, құлдырауы", Н. Масановтың
"Қазақтардың көшпелі өркениеті", т.б. еңбектері жарық көрді.
Осы ғалымдардың пікірінше, көшпелі жұрттар өз бетімен таптық
қоғамның ең алғашқы сатысына жетеді, ал олардың әрі қарай дамуы отырықшы
халықтардың ықпалымен ғана іске асады. Көшпелі қоғам — бұл даму болашағы
шектеулі қоғам.
Кейінгі кезде көшпелі қоғамның ежелгі замандағы, орта ғасырлардағы
мәдени, әлеуметтік-саяси оңды жақтары, артықшылықтары мойындалып келеді.
Көшпелі өркениеттің адамзат тарихындағы заңды құбылыс, шаруашылықтың,
мәдениеттің, өмір тұрмысының ерекше бір түрі екендігін көпшілік ғалымдар
мойындай бастады.
Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның
тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты
тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір
климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері,
табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи
талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-
климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт,
шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе
жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай
аймақтарға: Қазақстан, Монғолия, Жоңғария, Араб түбегі, Оңтүстік-батыс,
Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африка континенті жатады.
Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий
маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы
далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай,
Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл
аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-
егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдық аймақтар қалыптасты. Оларға
тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылық пен мәдениет.
Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің,
Жайықтың бойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің
кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Жоңғар, Іле, Қырғыз Алатауындағы
тау бөктерлерінде жылына 500 миллиметрден астам ылғал түседі. Бұл
өңірлерде, әсіресе өзен-көлі сулары маңайында, ежелден егіншілік пайда
болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Құнарлы топырақты, жұмсақ климатты
Сыр бойы, Шу, Талас аймақтарында қола дәуірінен бастап-ақ егіншілік дамып,
орта ғасырларда біршама дамыған қала мәдениеті қалыптасқан. Дегенмен де осы
егіншілік, отырықшы мәдениет қалыптасқан аймақтардың өз ішінде де мал
шаруашылығы егіншілікпен қатар дамып, жалпы алғанда, бұл өңірлердің де
шаруашылық-мәдени тұрпаты жартылай отырықшы, жартылай көшпелі болған. Әр
заманда климаттық ауытқуларға, тарихи-саяси, этномәдени ахуалдарға
байланысты бұл өңірлерде бірде отырықшы, жартылай отырықшы егіншілік
шаруашылық пен тұрмыс қалыптасса, (мөлшермен VI—XIII ғғ. аралығы), ал енді
бір замандарда (қола, ерте темір дәуірі, соңғы орта ғасырлардан XX ғ.
басына дейін) жартылай көшпелі, кей аудандарында тіпті көшпелі шаруашылық
мәдени тұрпаты қалыптасты.
Палеоклиматология ғылымында әрбір континенттің өз ішінде ұзақ
мерзімдік климаттық ауытқулармен қатар 100—200 жылдар бойы ауысып келіп
отыратын климаттық-табиғи жағдайлар жиі кездеседі. Осындай табиғи-климаттық
өзгерістер ұлан-байтақ жерімізді ежелден мекендеген халықтың (ал біз
солардың тегін, мәдениетін жалғастырушы екенімізде шүбә болмауы керек)
шаруашылық мәдени кескінінің, түрлерінің әр замандарда белгілі бір
өзгерістерге ұшырап отыруына міндетті түрде әсер еткен.
Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының
өзіндік заңдылықтары, себептері бар. Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында
мал өсіру болды. Ал "Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?" деген
мәселеде әр түрлі пікір бар. Кейбір ғалымдар: "Отырықшы малшылық біртіндеп
дамып, мал басы өседі. Мал басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым
ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп
жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп, көшпелілік
қалыптасты", — дейді. Ал енді бір зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің
соңындағы климат жағдайының өзгеруімен — Еуразия даласындағы қатты
құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам тарихын зерттеуші
ғалымдар басқа да көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте
темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске
үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір
ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының
дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды.
Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-
тіршіліктің де түрі.
Тіршіліктің көзі мал болған халық оның өнімдерін пайдалануды
да үйренеді. Етін, сүтін тамаққа, терісін, жүнін киімге, үй тұрмысына,
тіпті сүйегі мен мүйізін де қажетіне жаратты. Көшпелі тұрмыс қалыптасуы
барысында, алдымен, сүйретпелердің, одан соң арбаның шығуының да маңызы
зор. Көшпелілер баспанасының алғашқы түрі арба үстіне орнатылған басқалқа,
қос, күрке. Бара-бара көшпелілер көшіқонға ыңғайлы кереге, уық, шаңырақты
киіз үйді ойлап тапты. Көшпелілердің ыдысы да көшуге ыңғайлы, сынбайтын,
икемді материалдан — ағаш, теріден жасалды.
Көшпелілікке өтуден бұрын мал шаруашылығы бірнеше өтпелі
түрді: үй маңындағы малшылық, алысқа ұзамайтын бақташылық, жайлау
бақташылығын басынан кешірді.
Көшпелілік басталған б.з.д. 1-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының
ортасына дейінгі аралықта малшы тайпалар алдымен шөл далалардағы сусыз
аймақтарды қыстық жайылым ретінде игерді. Содан соң көшудің меридиандық,
жоғары-төмен, шеңберлік, ендік түрлерін игерді. Шеңберлік немесе айналмалы
көшпелілік дегеніміз — белгілі бір шеңбермен, ортадағы су көзінен
алыстамай, айнала көшіп-қонып отыру. Әдетте, бұл көшпелілік малды құдықтан
немесе көлден суаратын малшы тайпалар тәжірибесінде болған. Ендік
көшпелілік — батыстан шығысқа, одан соң шығыстан батысқа көшіп-жылжып
отыратын көшпеліліктің түрі.
Б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасына қарай көшпелі шаруашылық иен
тұрмыстың жаңа жетістіктері пайда болды. Олар — темір үзеңгінің шығуы, ағаш
ердің таралуы (бұрын тоқым сияқты жұмсақ ер болған), кереге, уық, шаңырағы
бар киіз үйдің шығуы, т.б. Осы кезде, мөлшермен V—VI ғасырларда, көшпелі
мал шаруашылығы өзінің дамуының ең жоғары деңгейіне көтерілді. Зерттеулерге
карағанда, осыдан кейін де 1000 жылға таяу уақыт көшпелілер саяси билікте
басымдығын көрсетті. Олар бүкіл Азия, Еуропаның жартысында, Солтүстік
Африкада өзінің билігін жүргізді. Олар Еуразия континентіндегі бүкіл саяси
жағдайды уысында ұстады, сауданы, керуен жолдарын бақылап отырды. Мүның
бәрі олардың әскери күшінің мықтылығына байланысты болды.
V—VI ғасырларда басталған көшпеліліктің "алтын заманы" XV—XVI
ғасырларда қайта құлдырай бастады. Мылтықтың шығуы көшпелілердің соғыстағы
басымдылығын әлсіретті.
Көші-қон үшін дөңгелекті көліктің шығуының мәні зор.
Дөңгелекті көлік суреттері қола дәуірінің тасқа салынған сурет-таңбаларында
кездеседі. Алтайда зерттелген Бесінші Пазырық корғанынан күймелі арба және
жүк таситын үлкен арба табылған. Бұл — сақ дәуірінің көлігі. Сақ
дәуіріндегі алғашқы арбалар бір дәртелі болған, кейінірек екі дәртелі арба
пайда болады
Ендігі жерде көшпелілер шөлді далалы аймақтарда өзімен-өзі
оқшауланып, отырықшы елдерге әсері әлсіреді.
Б.з. бұрынғы VIII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпалары
туралы археологиялық материалдармен қатар жазба деректер де кездеседі. Бұл
тайпалар ежелгі иран және грек жазбаларында, Авеста діни кітабында және
тағы басқаларында сақтар, азиялық скифтер немесе жүйрік атты турларжәне
т.б. деп аталады.
Зерттеуші ғалымдардың пікірінше сақ тайпалары үш топқа бөлінеді.
Олар: 1. Теңіздің арғы жағындағы сақтар (тарадариандар), 2. Шошақ бөрікті
сақтар (тигрохаудалар), 3. Хаома сусынын дайындайтын сақтар
(хаомаваргалар). Сырдария бойы мен Арал теңізі маңын мекендеген сақ
тайпалары тарихи деректерде массагеттер деп аталады. Сонымен бірге жазба
деректерде солтүстік дохтар (дайлар), батыста савраматтар, орталықта
исседондар, солтүстік-шығыста аримаспылар мекендегені туралы айтылады.
Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар
туралы зороастриялық жинақ Авестада айтылады. Бұнда Ирандағы отырықшы мал
өсірушілер және егәншілермен бірге қазіргі Орта Азия мен Қазақстан аумағын
мекендеген көшпелі тайпалар туралы мәліметтер кездеседі. Аталған жинақта
көшпелі тайпалар турлар деген жинақталған атпен аталады. Парсы патшасы
Дарийдің Бехистун жазбасында былай деп айтылады: мен сақтардың
әскерлерімен бірге теңіздің арғы жағындағы сақтар еліне бардым, бұл ел
шошақ бөрік киеді. Содан кейін теңізге жақын кеме көпірін қайтадан өз
орнына қойдырдым. Осы көпірмен мен елге өттім, сөйтіп мен сақтарды ойсырата
талқандадым, олардың біразын тұтқынға алдым, енді біразын байлап-матап
маған алып келді, ал олардың біріншісін, Схунха деп атайтын басшысын қолға
түсіріп, маған алып келді. Сол жерде мен өз әміріммен екінші біреуін
олардың басшысы етіп тағайындадым. Бұдан кейін бұл ел маған қарады.
Тарих атасы атанған Геродот сақтар туралы былай деп жазады: Бұл
халық өзінің көптігімен және жауынгерлігімен көзге түседі. Массагеттер киім
киісі мен тұрмыс-салты жөнінен скифтерге ұқсайды. Садақ тартып, найзамен
айқасады. Олардың барлық заттары алтын мен мыстан жасалған. Темір мен мысты
мүлдем қолданбайды. Олар егін екпейді. Үй жануарлары мен Аракс (Әмударияның
көне сағасы) өзенінен балық аулайды, ет жейді, сүт ішеді. Құдайлар мен
күнге ғана табынып, құрбандыққа жылқы шалады. Сақтар мен скифтер туралы
мәліметтер Страбонның, Үлкен Гай Плинийдің, Птоломейдің, Эфордың т.б. грек-
латын авторларының еңбектерінде кездеседі.
Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен
айналысты. Олар негізінен жылқы, қой түйе өсірді. Өзен жағалаулары мен суы
мол жерлерде егін шаруашылығы да дамыды. Көшпелі сақ тайпалары жыл бойы
көшіп-қонып жүрді. Бүкіл тайпалар өздерінің табындарымен, дүние-
мүліктерімен әртүрлі бағытта алыс жерлерге көшті.Сақтардың мал
шаруашылығының негізгі бағыты қой шаруашылығы болды. Бұған зерттелген
обалардың көпшілігінен қой суреттерінің, әдет-ғұрыптық ет тағамдары
қалдықтарының көптеп табылуы дәлел бола алады. Қойдың еті мен сүті ғана
емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу және жіп иіру үшін жүні де
пайдаланылды. Бесшатыр обаларынан табылған заттар дәлелдегендей сақтар
киіздің көптеген түрін киіз үйді ұстауға, жерге төсеуге, сәндік бұйымға
арналған киіздер және т.б. жасай білген. Көшпелі малшы мен жауынгер сақтың
тұрмысында жылқы үлкен рөл атқарды. Аса ірі, жүйрік аттарды көсемдер мен
атақты жауынгерлер мінді. Олар жауынгерлердің жеке меншігі болып есептелді,
иесі өлсе моласының басында бауыздалып бірге көмілді. Батыс және Оңтүстік
Қазақстанның далалы, шөлді аймақтарында тұратын сақтарда түйе өсіру кең
дамыды. Ірі қара малы аз өсірілді.
Сақ заманында доңғалақты көлік те жақсы дамыды.Оларда соғыс
күймелері екі, төрт және алты доңғалақты арбалар болды. Арба үстінде
орнатылған көшпелі киіз үйлер де пайдаланылды. Сақ тайпаларында тұрмыстық
үй заттарын жасау, еңбек құралдары, қыш ыдыстар және тағы басқалар да жақсы
дамыды. Олар неше түрлі өрнектермен, суреттермен безендіріліп жасалды.
Сол кездегі тарихи деректерде сақтар батыл, әрі жауынгер халық
ретінде айтылады. Ер кісілер үнемі ат үстінде болған. Герадоттың айтуынша,
сақтар тамаша мерген жауынгерлер болды. Парсы мемлекетінің патшасы Кир
Лидия билеушісі Крезбен соғысқанда сақтардан әскери көмек алған. Лидияның
патшасын бағындырғаннан кейін Кир патшасы сақтардың жеріне басып кіреді.
Бірақ олардың жеңісі ұзаққа созылмайды. Сырдария өзенінен өткен жерде
сақтардың әйел патшасы Томирис парсыларды ойсырата жеңіп, Кирдің басын
алады.
Б.з. бұрынғы 519-518 жылдары парсы патшасы 1Дарий сақтар жеріне
жорық жасайды. Олардың әскерін сақ тайпасының бақташысы, жас жігіт Ширақ
сусыз шөл далаға алып барып шөлден қырады. Сақ жауынгерлері кейіннен
парсылармен бірігіп грек-парсы (Марафон шайқасы)соғыстарына қатысады. Б.з.
бұрынғы ІV ғасырда әлемнің көп жерін басып алған әйгілі қолбасшы Александр
Македонскийдің әскерлері б.з. бұрынғы 330-327 жылдары Орта Азияға аттанады.
Бірақ сақ жауынгерлерін жеңе алмай, Сырдария өзеніне жете бере кейін
қайтуға мәжбүр болды.
Сақтар мемлекетінің саяси құрылысы әскери демократияға негізделді.
Бүкіл елді тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі-патша басқарды. Ол әрі бас
қолбасшы болды, тайпа атынан келіссөз жүргізді, тайпа мен рулар арасындағы
жайылымдық өмірге белсенді араласты. Тіпті олардың кейбірі мысалы, Томирис,
Зарина және т.б. тайпа көсемі болып сайланды. Сақ қоғамының әлеуметтік
құрылымында адамдардың үш тобы ерекшеленді. Олар жауынгерлер, абыздар,
басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер).
Сақтар заманының қоғамдық құрылыс жүйесін мынадай схема түрінде
беруге болады: 1)шағын туыс отбасылар тобы-патраномия (оннан жиырмаға
дейін); 2) көшпелі қауым; 3)тайпалар; 4)тайпалар одағы.
Сақ тайпаларында металл өндіріп оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен
қолөнер жоғары деңгейде дамыды. Сақ шеберлері қоладан әртүрлі қарулар, ат
әбзелдерін, еңбек құралдарын, тұрмыстық үй заттарын тамаша жасай білді.
Саздан тамаша үлгідегі қыш ыдыстар жасалды. Сақ тайпалары шеберлерінің
жасаған мәдениеті аңдық стиль деп аталды. Оның басты тақырыбы аңдар мен
жануарлар қолөнер туындыларында бейнелеу болды. Бұл бейнелеу өнері Сібірге,
Қазақстанға Орта Азияға, Оңтүстік Шығысқа, Еуропаға көптеп тарады.
Сақтардың материалдық мәдениеті қазіргі халықтардың мәдениетінен де көрініс
тауып жүр. Қазіргі ұзын балақты шалбарлар, қысқа жеңді көйлектер, әшекейлі
киімдер осы сақтардан қалған киім үлгілері. Қазақтардың мәсісі мен киіз
қалпақтары және бөріктері де сонау сақ заманынан бері келе жатыр. Сақ
шеберлері көбінесе жылқы, бұғы, қой, тау барысы, жолбарыс, қасқыр және тағы
басқаларды бейнелейді. Аталған жануарларды тек сәндік үшін бейнелеген жоқ,
оларға өзіндік мән-мағына, мазмұн берді. Мысалы, қару-жарақтағы жолбарыс
бейнесі шайқас кезіндежауынгерлерге күш беріп, оған оқ дарытпайды, жеңіске
бастайды деп сендірді.
Сақ тайпаларында зергерлік өнер ісі де жоғары дәрежеде дамыды.
Алтыннан, күмістен жасалған сәндік бұйымдар өзіндік көркемдігімен адамдарды
әлі күнге дейін таң қалдырады. Сақ тайпаларында қала да болған, солардың
бірі Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жердегі Шырық-
Рабат қаласы. Бұл қала сақ тайпаларының бірі апасиактардың астанасы ретінде
мәлім болды.
Қазақстан аумағындағы сақтар туралы мәліметтердің бір бөлігі
археологиялық зерттеу жұмыстары болып табылады. Бұлардың ең көбірек
зерттелгендері Жетісудағы Бесшатыр обалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері
Көшпелі және отырықшы мәдениеттерінің өзара байланысы
Көшпелілікті зерттеу тарихы
Батырлар және батыршылдық
Көшпелілер мәдениті
Көшпелілер мәдениеті
Көшпенділер мәдениетінің тығыз байланыстылығын көрсететін мәдени бастаулар
Ұлы Жібек жолы мәдениеті
Ертедегі көшпенділер өркениеті
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
Пәндер