Statistic analytic system (SAS) бағдарламалық өнімін қолдана отырып әр бақылау бекетіндегі уақыттың әр түрлі кезеңіндегі (тәулік, ай, жыл), қала кескініндегі (ауданында) атмосфералық ауаны ластайтын заттардың орта шоғырын есептеу бойынша бағдарламалық қамтама өңдеу



Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Белгілеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Кіріспе 5
Негізгі бөлім
1. Әдебиеттерге шолу 7
1.1 Заттық (бұйымдық) облыстағы сипаттама 7
1.2 Ақпараттық жүйе өңдеудегі қойылатын талаптардың қысқаша тізімі 9
1.2.1 Жалпы талап тар 10
1.2.2 Модулдің жұмыс істеуіне және құрылымына қойылатын талаптар 12
1.2.3 Түрлі қамсыздандыруларға қойылатын талаптар 15
1.2.4. Құжатнамаға қойылатын талаптар 17
2. Statistical Analysis System негіздері 19
2.1 Негізгі форманың сипаты 19
2.2 «Расчет концентраций» формасының сипаты 20
2.3 SCL тізімдері 23
2.4 SCL.дағы data.step технологиясын өңдеу 25
3. «Атмосфералық ауа күйі» мониторингi бойынша есептеме (отчет) құру 29
3.1 Репозитарий және метабазаны тіркеу 29
3.2 Көп өлшемді есеп құру 39
Қорытынды 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 44
Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде тұрақты дамудың міндетті шарты, табиғи жүйенің негізі және қоршаған ортаның сәйкес сапасын ұстап тұру болып табылады.
Қазақстан Республикасының қазіргі заман дамуында аймақтар қатарында антропогендік істер нәтижесінде адекватты құрылған экологиялық ахуалды табиғатты комплексті қорғау іс-шараларын жүргізу арқылы экологиялық жағдайды жөндеуге болады. Сәйкесінше, негізделген және уақытында қолданылатын іс-шаралар қоршаған ортаның болжанылған және ағымдағы күйі жедел және обьективті ақпараттың болуына тәуелді.
«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің» 141 бабына сәйкес қоршаған ортаның мониторингі келесі мониторинг түрлерін қосады:

1. Атмосфералық ауа күйінің мониторингі;
2. Атмосфералық жауын-шашын күйінің мониторингі;
3. Су ресурсының сапалық күйінің мониторингі;
4. Қыртыс күйінің мониторингі;
5. Метеорогиологиялық мониторинг;
6. Радиациялық мониторинг;
7. Трансшекаралық ластанудың мониторингі;
8. Беттік (фоновый) мониторинг.

Атмосфералық ауа күйінің мониторингі – Қазақстан Республикасының елді мекендеріндегі атмосфералық ауаның ластану күйін бақылайтын жүйе.
Бақылау желілері өзіне атмосфералық ауаның ластануын қадағалайтын республиканың үлкен қалаларына орайластырылған стационарды бекеттерді қосады және елдімекендердегі ауа алабы күйі туралы ақпаратты алу үшін қолданылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі қоршаған орта бойынша деректің сапасын, сенімділікті және оперативтілікті жоғарылату үшін, жалпы алғанда атмосфералық ауадағы қоспа шоғырын есептеу автоматизациясын оның күй жайын бағалау үшін зерттеу.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Statistic analytic system (SAS) бағдарламалық өнімін қолдана отырып әр бақылау бекетіндегі уақыттың әр түрлі кезеңіндегі (тәулік, ай, жыл), қала кескініндегі (ауданында) атмосфералық ауаны ластайтын заттардың орта шоғырын есептеу бойынша бағдарламалық қамтама өңдеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды шешу керек:

1. Атмосфераның ластану мониторингісінің жалпы сұрақтарын зерттеу;
2. Атмосфералық ауадағы ластайтын заттар шоғырын есептеу алгоритімін олардың автоматизациясы арқылы саралау.
3. SAS қолданбалы қосымшаны өңдеу ортасының негізін, оның бағдарламалық құрал өнімі – Base SAS, SAS/AF және SAS/EIS оқу;
4. Қолданбалы қосымшаның бағдарламалық қамтамасында SQL, 4GL (Base SAS), SCL (SAS Component Language) бағдарламалау тілдерін қолдану.
1. Информационный бюллетень о состоянии окружающей среды Республики Казахстан. МООС РК, РГП «Казгидромет». Выпуск №1 (21), 2013. – 197 с.
2. Якунина И.В., Попов Н.С. Методы и приборы контроля окружающей среды. Экологический мониторинг // Издательствово Тамб. гос. техн. ун-та, 2009. – 188 с.
3. Закон Республики Казахстан от 11.03.2002 N 302-2 «ОБ ОХРАНЕ АТМОСФЕРНОГО ВОЗДУХА»
4. Мониторинг качества атмосферного воздуха для оценки воздействия на здоровье человека. Всемирная организация здравоохранения, Европейская серия, № 85. 2001. – 316 с.
5. Экологический кодекс Республики Казахстан
6. Закон Республики Казахстан от 18 марта 1997 г. «Об экологической экспертизе», 1997 г.
7. Введение в SAS . Материалы учебного курса, 2003
8. SAS Language Reference: Concepts. Электронная версия.
9. Создание и исследование данных в SAS. Материалы учебного курса, 2003
10. SAS Component Language: Concepts. Электронная версия.
11. SAS OnlineDoc, Version 8. Электронная версия.
12. Введение в SAS/EIS . Материалы учебного курса, 2004
13. Создание базы данных приложений в SAS/EIS. Материалы учебного курса, 2004
14. Регистрация данных в метабазе SAS/EIS. Материалы учебного курса, 2004
15. Создание многомерного отчета SAS/EIS. Материалы учебного курса, 2004
16. Техническое задание на создание автоматизированной системы. ГОСТ «СТ РК 34.015-2002»

Мазмұны

Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Белгілеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Кіріспе 5
Негізгі бөлім
1. Әдебиеттерге шолу 7
1.1 Заттық (бұйымдық) облыстағы сипаттама 7
1.2 Ақпараттық жүйе өңдеудегі қойылатын талаптардың қысқаша тізімі 9
1.2.1 Жалпы талап тар 10
1.2.2 Модулдің жұмыс істеуіне және құрылымына қойылатын талаптар 12
1.2.3 Түрлі қамсыздандыруларға қойылатын талаптар 15
1.2.4. Құжатнамаға қойылатын талаптар 17
2. Statistical Analysis System негіздері 19
2.1 Негізгі форманың сипаты 19
2.2 Расчет концентраций формасының сипаты 20
2.3 SCL тізімдері 23
2.4 SCL–дағы data–step технологиясын өңдеу 25
3. Атмосфералық ауа күйі мониторингi бойынша есептеме (отчет) құру 29
3.1 Репозитарий және метабазаны тіркеу 29
3.2 Көп өлшемді есеп құру 39
Қорытынды 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 44

Анықтамалар

Мониторинг (ағылш. monіtor – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту,
сақтандыру) – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың
әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі.

Атмосфералық ауа - жер атмосферасын құрайтын газдар қоспасы.

Метабаза – SAS деректер жинағы (кестеде) мен олардың айнымалылары
(бағанда) туралы деректерді сақтайтын индекстелген SAS деректер жинағы.

Белгілеулер

SAS – Statistical Analysis System

SASAF – Applications facility

SCL – SAS Component Language

Base SAS – Basic procedures and data management

SQL – structured query language

ҚР ҚОЭМО – Қазақстан республикасының ҚР қоршаған орта экологиялық
мониторинг орталығы

SI – Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі

SASEIS – Enterprise information system

РШК – Рауалы шектелген концентрация

КҚ – көп қайталанатын РШК

АТ – атмосфераның ластануы

ЛЗ – ластайтын заттар

Кіріспе

Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі
ретінде тұрақты дамудың міндетті шарты, табиғи жүйенің негізі және қоршаған
ортаның сәйкес сапасын ұстап тұру болып табылады.
Қазақстан Республикасының қазіргі заман дамуында аймақтар қатарында
антропогендік істер нәтижесінде адекватты құрылған экологиялық ахуалды
табиғатты комплексті қорғау іс-шараларын жүргізу арқылы экологиялық
жағдайды жөндеуге болады. Сәйкесінше, негізделген және уақытында
қолданылатын іс-шаралар қоршаған ортаның болжанылған және ағымдағы күйі
жедел және обьективті ақпараттың болуына тәуелді.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 141 бабына сәйкес
қоршаған ортаның мониторингі келесі мониторинг түрлерін қосады:

1. Атмосфералық ауа күйінің мониторингі;
2. Атмосфералық жауын-шашын күйінің мониторингі;
3. Су ресурсының сапалық күйінің мониторингі;
4. Қыртыс күйінің мониторингі;
5. Метеорогиологиялық мониторинг;
6. Радиациялық мониторинг;
7. Трансшекаралық ластанудың мониторингі;
8. Беттік (фоновый) мониторинг.

Атмосфералық ауа күйінің мониторингі – Қазақстан Республикасының елді
мекендеріндегі атмосфералық ауаның ластану күйін бақылайтын жүйе.
Бақылау желілері өзіне атмосфералық ауаның ластануын қадағалайтын
республиканың үлкен қалаларына орайластырылған стационарды бекеттерді
қосады және елдімекендердегі ауа алабы күйі туралы ақпаратты алу үшін
қолданылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі қоршаған орта бойынша деректің сапасын,
сенімділікті және оперативтілікті жоғарылату үшін, жалпы алғанда
атмосфералық ауадағы қоспа шоғырын есептеу автоматизациясын оның күй жайын
бағалау үшін зерттеу.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Statistic analytic system (SAS)
бағдарламалық өнімін қолдана отырып әр бақылау бекетіндегі уақыттың әр
түрлі кезеңіндегі (тәулік, ай, жыл), қала кескініндегі (ауданында)
атмосфералық ауаны ластайтын заттардың орта шоғырын есептеу бойынша
бағдарламалық қамтама өңдеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды шешу керек:

1. Атмосфераның ластану мониторингісінің жалпы сұрақтарын зерттеу;

2. Атмосфералық ауадағы ластайтын заттар шоғырын есептеу
алгоритімін олардың автоматизациясы арқылы саралау.

3. SAS қолданбалы қосымшаны өңдеу ортасының негізін, оның
бағдарламалық құрал өнімі – Base SAS, SASAF және SASEIS оқу;

4. Қолданбалы қосымшаның бағдарламалық қамтамасында SQL, 4GL (Base
SAS), SCL (SAS Component Language) бағдарламалау тілдерін
қолдану.

Негізгі бөлім

Әдебиеттерге шолу

1 Заттық (бұйымдық) облыстағы сипаттама

Мемлекеттік экологиялық мониторингінің құрама жүйесі бойынша
жүргізілген жұмыстар координациясы мен нұсқаулықтары қосады:

o Қоршаған орта күйінің көрсеткіштеріне жүйелік бақылауды;

o Қоршаған орта күйінің болжамы мен бағасын.

1. Қоршаған ортаның экологиялық мониторингінің біркелкі ақпараттық
жүйесін енгізу және қалыптастыру.

2. Экологиялық мониторинг жүйесінің нормативті-әдіс базасын құру және
ұжымдастыру.

3. Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық күй, көлдер мен
құрғақ жердің үстінгі суы, жер, сондай-ақ, атмосфералық ауа
ластануының күйі жайлы ақпарат анализі, өңдеуі және жиынтығы.

4. Мемлекеттік басқару ұйымдары, басқа уәкілеттелген ұйымдар, табиғат
қолданушылары мен Қазақстан Республикасының елдімекендерін қоршаған
ортаның ластану күйін белгіленген ретпен ақпараттық қамсыздандыру.

Химиялық-аналитикалық зерттеу бөлімі Алматы қаласы және Алматы облысы
бойынша атфосфералық ауаның және үстірттік су күйіне бақылау жасайды,
сондай-ақ республикалық жерге және радияция деңгейін физико-химиялық
талдау жасайды. Бұл зертханадан басқа Қазақстан Республикасында
атфосфералық ауаның және үстірттік су күйіне бақылау жасау 14 облыстық
зертханада жүзеге асады.
Экологиялық ақпарат бөлімі барлық зертханадан келіп түсетін ақпарат
жиналатын орталық бөлім.
Экологиялық ақпарат бөлімінің функциясы:
- Аймақтағы Қазгидромет қызметі бойынша қоршаған орта күйінің
деректер қорын қалыптастырады. Жалпылайды және жылдық, тоқсандық
бюллетеньдер шығаруға дайындайды және басқа да Қазақстан
Республикасының қоршаған орта күйі туралы анықтама-ақпараттық
материалдар жинайлы.

Атмосфералық ауа күйінің мониторинг бойынша экологиялық ақпарат бөлім
жұмысын автоматтандыру үшін керекті деректер келесі негізгі ақпарат
көздерінен түседі:

• ҚР ҚОЭМО жанында химиялық зертхана бөлімінің зерттеулері;

• Республикадағы 20 елді мекен бекеттеріндегі стационарлы бақылау
постынан;

Дерекнамадан түскен ақпараттар құрамына кіреді:

• Бақылау постының шартты-тұрақты сипаттамасы;

• Бір айдағы атмосфера күйінің күнделікті бақылау қорытындысы
(атмосфералық ауаның химиялық құрамын және метеорологиялық бақылауы).

Бақылаулар өткізіледі:

- Толық емес бағдарлама бойынша (тәулігіне 3 рет -07, 13, 19 сағатта);

- Толық бағдарлама бойынша (4 рет- 01, 07, 13, 19 сағат).

Ауа алабының ластануын алдын ала зерттеу нәтижелері мен атмосфераға
тасталған қалдықтар құрамы, көлемі арқылы ластайтын заттарды бақылауға
тиісті тізбені анықтайды. Ауа сынамысының іріктеуімен бірге метеорологиялық
мінездемесі өлшені:

• Желдің жылдамдығы мен бағыты;

• Ауа температурасы мен ылғалдылығы;

• Ауа-райы күйі, атмосферадағы қоспалардың себуді анықтауға
көмектесетін.

Атмосфералық ауа күйін зерттегенде келесі заттар шоғыры анықталады:
- Өлшенген заттар (шаң)

- Күкірт диоксиді

- Еритін сульфаттар

- Көміртек қышқылы

- Азот қышқылы

- Азот диоксиді

- Фенол

- Формальдегид

- Қорғасын

- Аммиак

- Күкіртті сутек

- Хлор

- Фторлы сутек

- Хлорлы сутек

- Хром (IV).

Атмосфералық ауа күйін зерттеу жүргізу деректері MS Excel және Word
форматты файлда есепке алынып, өңделеді.
Мысалы,

1-кесте
Зерттеу барысында алынған деректер

Город Актау
Координатный437511
номер
Месяц Август
Год 2011
Количество 3
постов
Пост№ 4
Тип поста Стационарный пост
на основной
метеостанции
Количество 8 1 2 3
примесей
поста
Дата Срок Концентр   
ации,
мгкуб.м
Взвеш.в-Диоксид Сульфаты
ва серы
01.08.2011 7 0,1 0,009 0,00
01.08.2011 13 0,2 0,017 0,01
02.08.2011 7 0,3 0,007 0,01
02.08.2011 13 0,2 0,008 0,01
03.08.2011 7 0,2 0,005 0,01
03.08.2011 13 0,3 0,010 0,01
04.08.2011 7 0,1 0,004 0,00
04.08.2011 13 0,2 0,004 0,00

1.2 Ақпараттық жүйе өңдеудегі қойылатын талаптардың қысқаша тізімі

Орындалып отырған тапсырмалардың күрделіленуіне байланысты бұл
пакеттердің қолданылуы қиындай түсетіндігін атап айтуымыз қажет. Excel
бағдарламасын қолдана отырып жасалған мұндай база нәтижелі болмайды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда бағдарламасын нәтижелі қадағалауға мүмкіндік
беретін ақпаратты сараптайтын күрделі жүйелерді құрастыруға жол ашатын
бағдарламалық қосымшалар мен ақпараттық базаларды басқару жүйелерін (оның
ішінде Microsoft компаниясы да бар) дайындайтын коммерциялық және еркін
құралдар бар. Бағдарламаландырудың дәстүрлі құралдарын қолдану
қолданушыларға тек кестелерден құралған емес, ақпарат енгізу формаларына
негізделген үйреншікті интерфейс ұсынуға мүмкіндік береді. Ол қызметшілерді
оқыту процесін айтарлықтай жеңілдетіп жаңа жүйені меңгеруге көмектеседі.
Сонымен қатар, үйреншікті интерфейс пен қолданушылардың қателерін жөндеудің
бөлшектенген жүйесін қолдану қызметкерлердің психологиялық жүгін азайтып,
басқару жүйесінде жіберілетін қателіктер санын кемітеді.
Сондықтан, ақпараттық жүйе өңдеуде қойылатын талаптарды қарастырамыз.

1 1.2.1 Жалпы талап тар

Көлемдендіру
Жүйе көлемдендірілуі тиіс. Қолданушылар санының өсуіне байланысты жүйе
көлемінің артуы жұмысқа қабілеттілікке кедергі келтірмеуі керек және
қолданушылардың әрекеттеріне реакция уақытын кемітпеуі керек.
Ашықтық
Әрі қарай қолданылған жағдайда жүйе функцияларын қосымша өрістету
жағдайы қарастырылуы қажет. Бағдарлама жүйесі ашық кодпен болуы лазым, ол
қолданушыларға өз функционалдық мүмкіншіліктерін өз бетімен кеңейтуге жол
ашады. Жүйе өз ортасына жаңа, сонымен қатар қарызға алынған жүйелер мен
ішкі жүйлерді, мысалы 1C: бухгалтерия, кадрлық жүйе және т.б. шоғырлануына
мүмкіндік беруі тиіс.
Ескерту: ашық бағдарламалық жүйе – ол ашық бағдарламалық коды бар
бағдарламалық жүйе. Яғни мұндай программалық жүйелердің бастапқы коды
қарауға, зерттеуге және өзгертуге жол ашады, осылайша ашық программаның
өзін жетілдіруге және кодты жаңа бағдарламалар жасауға және лицензия рұқсат
еткен жағдайда бастапқы кодты қолданып, олардың қателерін түзетуге немесе
қолданылған алгоритмдерді, құрамын, технологияларын, әдістерін және
интерфейстерін (өйткені бастапқы код құжаттарды айтарлықтай толықтай алады,
ал құжаттар жоқ болған жағдайда өзі құжат ретінде қолданылады) зерттеуге
септігін тигізеді.
Қауіпсіздік және сенімділік
Қолданыстағы ақпараттық жүйелерді бірегей ақпараттық кеңістікке
айналдырған жағдайда құжаттарға рұқсатты межелеу қажет. Кез келген жаңа
затты енгізер алдында техникалық қолдауға басты назар аудару қажет. Сапалы
техникалық қолдау жүйені жеткізуші жүйе жұмысын жан-жақты зерттеуге және
қолданушыларға кеңес беру мен байқалған қателерді түзетуге барлық қажетті
құралдарды ұсынып отырғандығына көз жеткізеді.

Тиімді техникалық қолдаудың құрамына төмендегілер жатады:

- жүйенің тегін (немесе шартты түрде тегін) демо-болжамы;
- қолданушыларға арналған жүйенің көрмелік немесе оқытатын бейне
материалдар;
- қолданушылардың ана тіліне аударылған толық құжаттары;
- техникалық қолдау форумы;
- өзге де on-line қызметтер және дәстүрлі қолданушыларды телефон
арқылы қолдау.
Сонымен қатар, кез келген бағдарламалық қателер, яғни бағдарлама
қызметтен шығып қолданушылар жұмысына кедергі келсе, оны қалпына келтіру
жолдары қарастырылуы тиіс.
Қолданыстағы қолжетімділік және ыңғайлылық
Жүйені енгізудегі кедергілердің бірі ол әлеуметтік және психологиялық
факторлар екендігін естен шығармауымыз керек. Қызметкерлердің жаңа
ашылымдарға кедергі жасауы – басқарудағы белгілі психологиялық мәселе.
Сондықтан қызметкерлерді оқытуда уақыт пен қаржыны үнемдеу үшін бағдарлама
интерфейсі қарапайым болуы тиіс. Жүйе қарапайым әрі түсінікті болуы өте
маңызды.
Стандарттар мен заңнамалық актілерге сай болу
Жүйе міндетті түрде халықаралық, мемлекеттік және салалық деңгейлерде
заңнамалық және нормативтік талаптарға сай болу керек. Жүйеде аппараттық
және бағдарламалық қамтамасыз ету стандарттарға сай болуы керек.
Бағдарламалардың сапасының дәлелі, яғни бағдарламалық заттың
кемшіліктерінің жоқтығына сертификат кепілдік бере алады.
Құралдың қызмет ету және ақпаратты сақтау мерзімі
Электрондық құжаттарды ұзақ мерзім сақтағанда үш түрлі тәуекел бар:
- ақпарат тасымалдаушы құралдардың ескіруі;
- құралдың ескіруі;
- пішімдердің ескіруі.
Ақпарат тасымалдаушы құралдардың ескіруі салдарынан ақпаратты жоғалтып
алмас үшін әр құжаттың көшірмесін сақтау жағдайын қарастырған абзал.
Құжатты қалпына келтіруге болмайтын қателер болған жағдайда көшірмені
қолдануға болады, осылайша құралдар да ауыстыруға келеді. Жүйені ұсынушылар
ұзақ мерзім қызмет ететін құралдарды ұсынуы керек, және нарық көшбасшылары
жаңа заманауи құралдарды ұсынатындарға қарағанда артығырақ екенін естен
шығармау керек. Пішімдердің ескіруі - құжаттарды ақтаудағы басты мәселе,
өйткені бірде бір электрондық құжат ұзақ мерзім мұрағатта сақталуға әмбебап
бола алмайды, себебі техника, технологиялар және бағдарламалар өте тез
дамып өзгерітерге ұшырайды.
Меншіктің жиынтық бағасы
Жүйенің меншік жиынтық бағасына төмендегілер кіреді:
- жүйенің бизнес логикасын жүзеге асыратын солтүстік бөлігінің бағасы;
- клиенттік қызмет орындарының бағасы;
- ақпарат сақтау қоймасының бағаы;
- қолданыс кезіндегі техникалық қолдау мен енгізудің бағасы;
- берілген жүйеге шоғырланған сырттағы әзірлеушілердің заттарының
бағасы;
- қосымша функцияларды (тапсырыс берушінің таңдауы бойынша) жүзеге
асыру бағасы.

2 1.2.2 Модулдің жұмыс істеуіне және құрылымына қойылатын
талаптар

1. Бақылау бекеттерінен түсетін атмосфералық ауа күйінің бақылаулар
бойынша деректері үшін бірыңғай өңдеу талап ету:
- деректер құрылымдық ақпараттың автоматты өңдеуді қамтамасыз ететін
біркелкі формада түсуі керек;

- бақылау бекеттеріндегі автоматты енгізу жоқ болған жағдайда, дерек
қолдан енгізілуі тиіс.

2. Құрылып отырған модульдің динамикасы - анықтамаларды толықтыру
және түзету, қолданушының сұранысы бойынша керекті есептің формаларын жасау
мүмкіндігі.

Қызметкердің біліктілігіне және санына қойылатын талаптар:
• атфосфералық ауа күйін бақылаудағы алғашқы ақпаратты енгізуді іске
асыратын қолданушылар;

• Істен шығу профилактикасы, модульдің жұмысқа қабілеттілігін қалпына
келтіру, қорды көшіру бойынша технологиялық операцияларды орындау;

• Қолжетімдік құқығы және модульдің қолданушылары туралы деректерді
басқару;

• Жүйенің деректер базасындағы ақпаратты және бағдарламалық қамтаманың
тұтастылығы мен сақталушылығын бақылау.

Біліктілік талаптарға XP, 2000, Windows 98 операциялық жүйесіндегі
жеке компьютерді қолдана алу дағдысы; жүйенің қолданушыадминистраторлық
құжаттарын игеруі.

Модульдің функциясы мен тапсырмаларына қойылатын талаптар

Мақсатқа жету үшін орындалатын фунукциялар мен тапсырмалар тізімі:

1. Мемлекеттік бақылау бекеттерінен түсетін деректер негізінде
метеорогиялық бақылау мен атмофсералық ауаның химиялық құрамының
бірыңғай деректер базасын құру;

2. РШК ластайтын заттар бойынша және атмосфералық ауаны бақылайтын
бекеттер сипаттамасы бойынша анықтамалар жасау;

3. Енгізілген дерекке семантикалық бақылау жасау (қате немесе күмәнді
мәндерді тексеру);

4. РД 52.04.667-2005 сәйкес есептеулер

1. Атмосфераның жеке қоспамен ластанғанының орташаланған көрсеткіші

1. Сынамаларды сұрыптау нуктелеріндегі атмосфераның ластану
көрсеткіштері (q)(орта тәуліктік, орта айлық, орта жылдық,
берілген аралықтағы бақылау):

- Қоспаның орта тәуліктік шоғыры – 4 реттен кем емес тең уақыт
аралығында алынған бір реттік шоғырдың орта арифметикалық мағынасы;

- Қоспаның орта айлық шоғыры – бір реттік бақылау саны 1 айда 20-дан кем
емес ай аралығында өлшенген орта тәуліктік немесе бір реттік шоғырдың
арифметикалық ортасы, сондай-ақ арнайы айлық бағдарлама бойынша
алынған арифметикалық ортасы;

- Қоспаның орта жылдық шоғыры – бір реттік шоғыр саны 1 жылда 300-ден
кем емес, жыл бойы қоспаның орта тәуліктік немесе бір ретті өлшенген
арифметикалық ортасы.

2. Сынама сұрыптау нүктелерінің жиынтығы бойынша атмосфераның
ластану көрсеткіші (Q) (орта тәуліктік, орта айлық, орта
жылдық):

- Қоспаның қала үшін орта тәуліктік шоғыры (қаланың ауданы үшін) –
стационарлы және маршрутты бекеттердің К Қазгидромет көрсеткіші
бойынша қоспа шоғырының орта тәуліктіктегі арифметикалық ортасы;

- Қоспаның қала үшін орта айлық шоғыры (қаланың ауданы үшін) -
стационарлы және маршрутты бекеттердің орта айлық көрсеткішінен
алынған қоспа шоғырының арифметикалық ортасы;

- Қоспаның орта жылдық шоғыры қала үшін (қаланың ауданы үшін);

- Қала бекеттерінен Қазгидромет бойынша алынған орта жылдық қоспа
шоғырының арифметикалық ортасы.

2. Жеке бекеттерден (станция) (σ) алынған қатардың (qi) орта
квадраттық ауытқуы :

- Бір реттік (орта тәуліктік) шоғырдың орта айлықтан орта квадраттық
ауытқуы;

- Бір реттік шоғырдың орта жылдықтан орта квадраттық ауытқуы.

3. Шоғырдың (концентрация) вариациялық коэффициенті (V) (шексіз) –
есептеу аралығындағы қоспа шоғыры қатарының статистикалық
сипаттамасы.

4. Бақылау бойынша қоспаның ең жоғарғы деңгейлі шоғыры (бір реттік

шоғырынан, орта тәуліктік шоғырынан, орта айлық шоғырынан):

- Тәулік бойындағы, айдағы, бір жыл, бірнеше жыл аралығында қаралып
отырған қаланың әр түрлі немесе бір нүктесіндегі өлшенген бір
ретті қоспа шоғырының максималды мағынасы;

- Орта тәуліктің максималы – ұқсас;

- Орта айлық шоғырдан максималы – ұқсас.

5. Қоспаның есептелген максималды шоғыры:
- Қоспаның максималды шоғырының берілген ықтималдығы (Р) шектен
шығуымен (qMР) – атмосферадағы қоспа шоғырының логнормалды
болжамынан, оның жоғарылау ықтималдығы үшін алынған максималды
шоғыр;
- Фондық шоғыр (Сф) – атмосферадағы барлық ластану көзінен құралатын
ластайтын зат шоғыры, қаралып отырғанды шығарып тастағанда.

6. Жеке көрсеткіштер(индексы):

- Стандартты көрсеткіш (СК) – РШК-ғы қоспа шоғырын бірлік түрінде
көрсетуге арналған коэффициент;

- Қала, бекет (g)бойынша деңгейдің жоғарыда берілген ауадағы қоспа
шоғырының қайталануы – қоспа шоғырының бір ретті мәнінің
деңгейімен берілгеннен асып кету жағдайларының пайызы (%);

- РШК-ның ең көп шектен шығуының қайталануы – ұқсас;

- Атмосфераның ластану көрсеткіші (Ii,I) – заттардың зиян деңгейінің
өсу жылдамдығының РШК-ның шектен шығу өлшемі бойынша қоса
есептегендегі бөлек қоспаның АТМОСФЕРАНЫҢ ЛАСТАНУ деңгейінің сандық
сипаттамасы;

7. Бір ретті шоғырдың максималды шектен шығуы ЛАСТАЙТЫН ЗАТТАРДЫҢ
шоғырымен санағандағы күндер саны:

- Елді мекен, бекет бойынша берілген уақыт аралығындағы бір ретті РШК-
ның максималды шектен шығу жағдайының саны (күн бойынша).

5. Келесі тілімдерде есепті белгіленген форма бойынша құрылуын
көрсеткіштер бейнесі қарастырады:

1. Анықтамалық ақпарат:

- Форма 1 Ластаушы заттар бойынша анықтамалық ақпарат;

- Форма 2 Шартты-бірыңғай сипаттамалар(характеристики);

2. Шығатын есептік ақпарат:

- Форма 3 Бір ретті шоғырың максималды шектен шығуы ЛАСТАЙТЫН ЗАТТАР
шоғырымен алғандағы күндер саны;

- Форма 4 ТЗА-1 ауасының ластануын бақылайтын кесте - бір бекеттегі
бір айда ауа ластануының бақыланған түгендеулі дерегі;

- Форма 5 Бекеттегі бір айдағы ауа ластануының сипаттамасы;

- Форма 6 Бірнеше қоспа әрекетінің қосынды сипаттамасы;

- Форма 7 Беттік(фоновый) шоғырдың мәні;

- Форма 8 Қала бойынша бір айдағы ауа ластануының сипаттамасы;

- Форма 9 Бекеттегі бір жылдағы ауа ластануының сипаттамасы;

- Форма 10 Қала бойынша бір жылдағы ауа ластануының сипаттамасы;

- Атмосфераның жыл бойындағы ластану сипаттамасы (жылнама):

• Бекеттер бойынша;

• Қала бойынша;

• Шоғыр бойынша, АТ бойынша;

• Орта айлық, ЛАСТАУШЫ ЗАТТЫҢ максималды шоғыры бойынша;

• Орта, мерзім бойынша максималды (01, 07, 13, 19 cағ.);

• СК (стандартты көрсеткіш);

• КҚ (ең көп қайталанатын РШК).

6. Сұраныс бойынша есептердің формасын құру:

- Берілген аралық бойынша шоғырдың орта есебі – жыл, тоқсан
(квартал), ай, күн саны;

- Толық елді мекен (қалааудан) бойынша, бекеттердің берген саны
бойынша, таңдалған бекеттегі бақылау бойынша атмосфераның ластануы
бойынша есептеулер;

- Берілген мерзім кескініндегі (1сағ, 7сағ, 13сағ, 19сағ)
қолданушының таңдаған мерзімі бойынша есептеулер;

3 1.2.3 Түрлі қамсыздандыруларға қойылатын талаптар

Техникалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар
2-ші кесте
Серверге қойылатын талаптар

Параметр Минималды талаптар
Процессор типі 2*Pentium III 1000 немесе жоғары
Жедел жады 1 Gb
Дискілік кеңістігінің бос көлемі 3 Gb
Желілік карта Fast Ethernet 10100 Mbps
Монитор 17”
Тышқан Standard
Пернетақта Standard

3-ші кесте
Жұмыс станциясына қойылатын талаптар

Параметр Минималды талаптар
Процессор типі Pentium III – 800 MHz
Жедел жады 128 Mb
Дискілік кеңістігінің бос көлемі 500 Mb
Желілік карта Fast Ethernet 10100 Mbps
Монитор 17”
Видеоадаптер SVGA 16 Mb (800x600)
Тышқан Standard
Пернетақта Standard

Атфосфералық ауа күйі модулін құру бойынша құрам, мазмұн және
ұйымдастыру жұмысы:

• Нормативті-анықтамалық ақпарат құрылымы;

• Деректер қорының құрылымы;

• Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру;

• Жүйені тестілеуді ұйымдастыру;

• Жүйені инсталляциялауды ұйымдастыру;

• Құжатнамалар;

• Оқытулар және т.с.с.

Ағымдағы және кейінгі жұмыстардың жүргізу мерзімін сәйкесінше түзету
қажеттілік туғанда жасалады.

Модульді өткізу-қабылдау сынаулары

Модульді сынау тапсырыс берушіден алған бақылау деректер негізінде
Орындаушымен іске асады. Сынақ жүргізу барысында Жеке техникалық
тапсырмаларының талаптарына модульдің өткізілген функционалдық
мүмкіндігінің сәйкессіздігі анықталады.
Орындаушы Тапсырыс берушінің жобалық тобының мүшелерімен бірге
анықталған сәйкессіздікті анықтап келістіреді және модульдің функционалды
шеңберіндегі сәйкессіздікті жоюды іске асырады.
Модулді бірге сынаудан өткізгеннен кейін, сәйкес құрылғыда модульді
күйге келтіріп және орнатуды іске асырған соң келесі құжатнамалар құрылуы
тиіс:
• Тапсырыс берушіге жұмыстың қабылдау-тапсыру акті;

• Орындалған жұмыс туралы қосымша- есеп;

• Қолданушыларды оқытатын хаттама.

Жұмыстың қабылдау-тапсыру актісі стандартты түрде рәсімделіп
толтырылуы тиіс. Актіге модульдің күйге келтірулері, компонент өңдеу
бойынша орындалған барлық жұмыстар толық сипаттамасымен,орындалған жұмыс
туралы есеп тіркелуі тиіс.
Қолданушыларды оқыту хаттамасы келесі ақпараттарды қосады:
• Оқыту өтетін орын мен күні;

• Оқыту жүргізілген модульдің аты (қосалқы жүйенің);

• Оқытылып жатқандардың сапалы құрамы және саны;

• Өткізілген оқытулар жайлы деректер;

• Оқытуға қатысқандардың қолтаңбасы.

Атмосфералық ауа күйі модулін қабылдау реті

Модульдің берілген функцияларына тексеру жасау үшін анықтамалар мен
модульдің сапалық және сандық тапсырмасының техникалық талаптарына
сәйкестігін анықтау,модуль әрекетінің барсында кемшіліктерді анықтап,
түзету және өңделген құжатнамада өңдеу барысында кезең-кезеңмен бақылау
кезінде келесі сынақ түрлері келтіруі тиіс:

• Алдын-ала;

• Тәжірибелік пайдалану(эксплуатация);

• Қабылдау сынақтары.

Алдын-ала жасалған сынақтар мен тәжірибелік пайдалану объектері
Атмосфералық ауа күйі модулінің құрамдас бөліктері болып табылады.
Қабылдау сынақтары мен өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру объектісі
Атмосфералық ауа күйі модулі болып табылады.

4 1.2.4. Құжатнамаға қойылатын талаптар

Баспа құжатнамасы

Қосалқы жүйенің құжатнамаларының рәсімделуі мен толтыруы талаптарыны
жоқ болған жағдайда жасаушының стандарты бойынша немесе ГОСТ талаптарына
сай болуы керек.

4-ші кесте
Жасалатын құжаттар тізімі

№ Аталуы Құжат құрамына қойылатын талаптар
1 Техникалық тапсырма ГОСТ 19.201-78. Техникалық тапсырма,
құрамына және рәсіміне қойылатын
талаптар
2 Спецификация ГОСТ 19.202-78. Спецификация, құрамына
және рәсіміне қойылатын талаптар
3 Қолданушы нұсқаулығы ГОСТ 19.505-79. Оператордың нұсқаулығы,
құрамына және рәсіміне қойылатын
талаптар
4 Сынақтардың әдістемесі мен ГОСТ 19.301-2000. Сынақтардың
бағдарламасы әдістемесі мен бағдарламасы. Құрамына,
сапа бақылауына және рәсіміне
қойылатын талаптар.

4-ші кесте
Жалғасы

5 Бағдарламаның сипаттамасы ГОСТ 19.402-2000. Бағдарламаның
сипаттамасы
6 Конфигурация және орнату Жасаушы стандарты
бойынша нұсқаулықтары
7 Әкімшілік нұсқаулықтары Жасаушы стандарты

Қосымша жүйенің құжатнама құрамының соңғы нұсқасы хаттамалармен,
Тапсырыс беруші мен Орындаушының қолы арқылы техно-жұмыс жасайтын жобаның
өңделу деңгейінде анықталады.

2. Statistical Analysis System негіздері

Модуль Атмосфералық ауаның жай - күйі SAS Institute компаниясының
бағдарламалық қамтамасы негізінде жасалған программалық комплексті береді.
Жүйе деректер жинайды (жүктеу, өңдеу, деректерді келістіру), өңделген
ақпаратты, қабылдауға жеңіл формада береді (есептеме, графика, диаграмм).

Бағдарламаны қосу жұмыс үстеліндегі жарлық арқылы стандартты түрде
қосылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Excel кестелік редакторының шаблондары
Адаптивті-ақпараттық сайтты параллель бағдарламалау технологиясын қолданып құру
Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық жағдайдың ерекшеліктері
Ректификациялық колоннадағы мұнайды бірінші реттік өңдеу процесін айқын емес жиындар теориясы арқылы автоматтандыру
Microsoft SQL Сервері
Өскемен қаласының жалпы экологиялық жағдайы
Дос - Сервис ЖШС желісінің пассивті құрылғылары
Сандық бейнебақылау жүйелеріннің жіктелуі
Ақтөбе қаласының ауа құрамының ластануы
Қоршаған ортаның ластануына себепші зиянды заттар
Пәндер