Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары

Тексерген: Билялов Е. Е.

Орындаған: Оразғали С. К.

Топ: ВС-203

Семей2015

Жоспар:

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

1. Токсиндік заттарға жалпы түсініктеме

2. Токсиндік заттардың организмге енуі

3. Органикалық уытты зат- пестицидтер.

ІІ. Қорытынды

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі таңда Республика тұрғындарын тұтынушыларды сапалы азық- түлік өнімдерімен толық қамтамасыз ету және олардың денсаулығын қорғау-ең бір өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Осы мақсатты жүйелі түрде іске асыру үшін ауыл шаруашылығы өндірісін мейілінше жеделдету шаралары:өндірісті механикаландыру, химияландыру, оның ішінде дәнді-дақылдардың тез арада өсіп, жетілуін тездететін және өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын заттарды өндіріске енгізіп, кең көлемде қолдану күттірмейтін мәселелер болып табылады.

Дегенменде, әртүрлі статистикалық деректерге жүгінсек, химиялық заттарды дұрыс қолданбау салдарынан жануарлардың, құстардың, балықтардың және басқа да пайдалы жәндіктердің жаппай улануы күрт өсуде.

Осы тұрғыдан болашақ ветеринариялық-санитариялық дәрігерлер әртүрлі уланулардың алдын алу шаралары жөнінен кең көлемді жұмыстар жүргізе білу керек.

1. Токсиндік заттарға жалпы түсініктеме

Токсикология -улы заттар және олардың тірі ағзаға тигізетін әсерін зерттейтін ілім. Бұл ілім улы заттардың табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жан-жануарлардың улы заттарға деген сезімталдығын, уланудың ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудың негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді. Сонымен қатар уланудың алдын алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік тәсілдерді де зерттеумен шұғылданады.

Ғылымның дамуы, оның ішінде химия ғылымының дамып, өркендеуі нәтижесінде тірі ағзаға зиянды әсер ететін заттардың саны орасан зор мөлшерге жетті. Оның үстіне адамдар мен жануарлардың улы заттармен байланысы өте күрделілене түсуде. Көптеген улы заттардың ауыл шаруашылығында кең қолданылуы токсикологияның салалық бөлінуін қажет етті. Қазіргі замандық өндірісте сан қилы химиялық қосылыстарды тұтынуқұруға негіз болды. Бұл саланың маңыздылығы сол, ол улы заттардың адам ағзасына зияндылығын, жұмыс істеу шарттарын белгілейді.

Мал дәрігерлік токсикологияның негізгі міндеті-жануарлар ағзасы мен улы заттар арасындағы арақатынасты талдау. Сол себепті бұл ғылым ауыл шаруашылық малдарының патологиясы, ішкі жұқпайтын аурулар секілді ғылымдарымен ұштасып жатыр. Токсикология, сонымен қатар, көптеген биологиялықғылымдарға өте жақын.

Қазіргі кезеңде көптеген улы заттар бейорганикалық және жасанды жолмен алынған органикалық қосылыстар арасында көптеп кездеседі.

Жануарлар ағзасының уланғандағы улы заттарға қарсы әрекеті және улану кезіндегі клиникалық белгілері, жалпы мал ағзасының уға қарсы реактивтілігін зерттеу токсикология ғылымының міндеті.

2. Токсиндік заттардың организмге енуі

Мал дәрігерлік токсикологияның, патологиялық физиологиямен байланыстылығын ерекше атап өткен жөн. Улы заттар әсерінен мал ағзасында туындайтын патологиялық құбылыстар өте күрделі, әрі сан алуан болып келеді.

Мал уланғанда сыртқы және ішкі ағзаларда әртүрлі морфо-физиологиялық өзгерістер пайда болады. Бұл өзгерістер мал өлексесін зерттеу кезінде, улануды балау үшін өте құнды.

Уланудың клиникалық белгілері

Уланудың ерекше клиникалық белгісі - сау малдың кенеттен ауруы. Осыған орай ескерген жөн-дерттену мал азықтағанда су ішкенде пестицидтермен өндегенде және де басқа да химиялық заттарды пайдаланғанда байқалады; сондай ақ мал қораларында дезинфекция жүргізгеннен кейін. Жануардың қандай затпен уланғаның нақтылы балау тек қана кешенді зерттеулер арқылы іске асады.

Алколоидтармен, сапониндермен және де басқа өсімдік уларымен уланған жануарларда көз қарашығының ұлғайғаның не кішірейгенің байқайға болады, сондай ақ ауру мал желігед, денесі құрысып дірілдейді.

Нитрат қосындылармен уланған малдың тынысы тарылып ентігеді, кілегей қабықтары көгеріп, танауынан қан араласқан көбікті сұйық шығады, жүрек жұмысы бұзалады.

Уланудың патологиялық-анатомиясы

Кейбір созылмалы улануларда ағза тоқымаларда патанатомиялық өзгерістер оларға өте тән болады, айталық алмаспрен улануда байқалатын бүйректің некрозы. Көптеген улардан болатын дистрофиялық және қабыну өзгерістерінің басқа ауруларда байқалатын зақымдаврадан айырмашылығы жоқ.

3. Органикалық уытты зат- пестицидтер.

Әдетте уларды қолданылуына, уыттылық дәрежесіне, қауіптілігінежәне т. б. ерекшеліктеріне байланысты жіктеген жөн. Мысалы:өндірістік қолданылуына байланысты пестицидтер (зиянкестерге қарсы қолданылатынуытты заттар) мынадай топтарға бөлінеді:

1. акарицидтер-кенелерге қарсы қолданылатын заттар.

2. арбороцидтер-пайдасыз бұталар мен ағаштарды жою үшін қолданылатын заттар.

3. альгицидтер-су қоймаларындағы балдырларды жоятын заттар.

4. аттрактанттар-зиянды шыбын-шіркейлерді еліктіргіш заттар.

5. афицидтер-өсімдік битіне қарсы қолданылатын заттар.

6. гербицидтер-арам шөптерді жоятын заттар.

7. дефолианттар-техникалық дақылдарды машинамен жинау кезінде өсімдіктердің жапырақтарын түсіретін заттар.

8. десиканттар-өсімдіктерді құрғататын заттар.

9. зооцидтер немесе родентицидтер-кеміргіштерге қарсы қолданылатын заттар.

10. инсектицидтер-зиянкес жәндіктерді жойғыш заттар. Т. б.

Химиялық құрамы бойынша өндірісте пестицидтер негізі үш топқа бөлінеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары туралы ақпарат
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары және токсиндер
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары туралы мәлімет
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары жайлы
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары туралы
Ағзаның қорғасынмен улану жағдайындағы иммунокоррекциялық препараттардың әсері
Ауыр металдар және бей металдармен ластану
Ауыр металдар
Өскемен қаласының жер беті суының экологиялық жағдайына баға беру
Өскемен қаласындағы жер үсті суларының ластауына экологиялық баға беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz