География туралы ұғым (дәрістер)


§1. География туралы ұғым
География - грекше гео - «жер», графо - «сипаттап жазу» деген сөз. Жалпы, жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс - әрекеті туралы жазатын ғылым. География ғылымы бірнеше ғылыми тараулардан тұрады:
- жаратылыстану география ғылымдары: физикалық география, Жердің географиялық қабықтарын тану ғылымы, топырақтану, климатология, гляциология, гидрология, океанология, палеография, географиялық қабықтың ежелгісін тану және т. б.
- қоғамдық географиялық ғылымдар: әлеуметтік - экономикалық география, тарихи география т. б.
- алғашқы екі топты біріктіріп оқытатын ғылым салалары: әскери география, елтану, өлкетану, картография, топонимика т. б.
Алғашқы географиялық ашылулар ежелгі адамдар еншісіне тиеді: аң аулауда, жеміс дәндері мен тамырларын теруде ол адамдарда жергілікті жердің «ойша карталары», сөйтіп бағдарлау құралы да қалыптаса бастады. Жер бетіне адамдардың таралуы арқасында жаңа географиялық білімдер дамып жетілуде. Одан мынадай ежелгі мемлекеттер ерекше орын алады: Египет, Месопотамия, Парсы, Финикия, Үндістан, Қытай.
Ежелгі грек ғалымдары география туралы білімдерді жинақтап қорытып, жүйелеген. Біздің дәуірімізге дейінгі V - VІ ғасырларда грек ойшылы Аристотель Жердің шар тәрізді екендігі туралы алғаш пікір айтқан. Біздің дәуірімізге дейінгі III - II ғасырларда грек ғалымы Эратосфен географиялық координаталар жүйесін ойлап тапқан, Жер өлшемін меридиан арқылы анықтаған. Сөйтіп география сөзі оның «Географика» еңбегі арқылы пайда болды. Ал ежелгі Рим оқымыстыларының белгілісі - Клавдий Птоломей. Ерте орта ғасыр кезеңінде арабтар географияның математикалық бағытын ойластырған, дайындаған. Ұлы географиялық ашылулар дәуірі екі кезеңге бөлінеді:
1. ХV - ХVІ ғасырлар ортасында испан және портутал саяхатшыларының Африканы, Американы, Азияны ашулары. Бұл нәтиже мына саяхатшылардың жетісгігі: X. Колумб, Васко да Гама, Ф. Магеллан.
2. ХVІ - ХVІІ ғасырлар ортасында орыс саяхатшылары Азияның солтүстігіне жорыққа аттанса, ағылшындар мен француздар Солтүстік Американы, голландықтар Аустралия мен Мұхиттық аралдарды ашты.
ХVІІ - ХІХ ғасырларда құрлықтардың ішкі жағы белсенді түрде зерттеле бастады.
XX ғасырдың басында Арктика мен Антарктикаға экспедициялар ұйымдастырылды.
§2. Жергілікті жердің планы
Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасын план деп атайды. Латынша «планус» - жалпақ, тегіс деген мағына береді. Планға қарап, жер бетінің жалпы сипатын, ондағы заттардың орнын, бір - бірінен арақашықтығын дәл анықтауға болады. Планда заттардың пішіні оның төбесінен қарағандағымен бірдей болады. Сондықтан онда бір, екі және одан да көп қабатты үйлер бірдей болып шығады, өйткені қағазға олардың тек қана алып жатқан орны сызылады.
Шартты белгілер
Пландағы заттарды бір - бірінен ажыратып тану үшін, олардың үстіне жазып қою қажеттігі туады. Бірақ онда бүкіл сызбаны жазу басып кетер еді де, мұндай сызбаны түсініп оқу өте қиын болар еді. Сондықтан пландағы жер бетінің сипатын оңай елестету үшін оған шартты белгілер қолданылады. Шартты белгілердің суреті немесе түсі көп жағдайда планда бейнеленетін заттардың ерекшелігін көрсетеді. Мәселен, жеке - дара ағаштың, жел диірменнің, жол көрсеткішінің және басқа да сол сияқты көптеген заттардың белгілері олардың нақты кескінін елестетеді. Жер бетін бірыңғай жауып жататын немесе бір - бірімен тығыз байланысты объектілер тобы бірыңғай бояу арқылы көрсетіледі. Мәселен, су айдындары - көгілдір, орман - жасыл, бұта өсімдігі қаулап өскен жер үстіне белгі қойылған - солғын жасыл т. с. с. бояумен боялады.
Абсолюттік және салыстырмалы биіктіктер
Планда жер бедерін бейнелеу үшін жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін білу қажет. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар бар. Олардың қаншалықты биік немесе аласа екендігін бірдей деңгейден есептеп қана білуге болады. Ондай бастапқы деңгей ретінде мұхит немесе оның бөлігі болып табылатын теңіз беті алынады. Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі абсолюттік биіктік деп аталады. Латынша «абсолют» - толық, сөзсіз деген мағына береді. Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында жер бетінің абсолюттік биіктігі Балтық теңізі деңгейінен бастап есептелінген. Ол жерде биіктік 0 м - ге тең. Теңіз деңгейінен жоғары жатқан нүктелердің биіктігі оң (+), төмен жатқандарынікі теріс ( - ) деп есептелінеді. Жер бетіндегі кез келген нүктенің басқа бір нүктеден биіктік айырмасы салыстырмалы биіктік деп аталады. Мәселен, төбенің басы етегінен 20 м биік десек, бұл салыстырмалы биіктік болады. Жер бетінде салыстырмалы биіктіктер деңгейлегіш құралдың көмегімен анықталады.
Горизонтальдар
Жергілікті жердің планында және топографиялық картада жер бетінің ой - қыры горизонталь сызықтармен бейнеленеді. Грекше «горизонт» - шектеуші деген мағына береді. Горизонтальдар деп биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтарды айтады. Жер бедерінің сипатын анықтауды оңайлату үшін картада кейбір горизонтальдардың және нүктелердің биіктігі жазылады. Цифрдың жоғарғы жағы әрқашанда өрге, аяғы ылдиға қарап тұрады. Сонымен бірге ылдидың бағытын горизонтальдарға кесе - көлденең қойылған сызықша бергштрих көрсетеді. Немісше «берг» - тау, «штрих» - сызық деген мағынада. Горизонтальдар топографиялық картада белгілі бір биіктік сайын жүргізіледі (1 м, 2, 5 м, 5 мт. с. с) .
Жер бетінің кейбір горизонтальдармен түсіруге келмейтін бедері (жарқабақ, жырат. с. с. ) қосымша шартты белгілерді қолдану арқылы бейнеленеді.
План маңызы . План күнделікті өмірде өте қажет. Кез келген ірі құрылысты (зауыт, фабрика және су электр станциялары) салудан бұрын, сол жерлердің планын сызады. Жол салу, ғимараттар тұрғызу үшін де план керек. Ауыл шаруашылық маманы егісті планға қарап жоспарлайды. Туристік жорық, саяхат кездерінде жол тауып жүруге планның көмегі тиеді. Сондықтан планды ажыратып оқудың, қажетті жағдайда оны түсіндіре білудің үлкен пайдасы бар.
Жер бетін бейнелеу
§3. Географиялық карта
План және карта
Географиялық карта - кішірейтілген шартты белгілер көмегімен жер бетін кең көлемде бейнелеу. Территорияларды бейнелеуде кішірейту дәрежесі масштабпен анықталады. Мысалы, 1:5 масштабында сызықтық өлшем бірлігі 5 есе кішірейтілгендігін білдіреді. Кең көлемділік картографиялық бейнелеумен байланысты, өйткені картаға бейнелеу кезінде барлық картографиялық объектілер түсе бермейді. Тек қана сол территориядағы басты объектілер түседі. Жалпылау дәрежесінде де масштабпен анықталады: масштаб ірі болса, онда территорияны бейнелеу дәлірек болады. Географиялық картаның глобустан айырмашылығы, картада жер беті тегіс, жазық бетте орындалады. Соған байланысты жер беті шар тәрізділігін жоғалтып, жазық бетте бұрмалануға ұшырайды. Сурет пен аэрофотосуреттен географиялық картаның айырмашылығы - шартты белгілердің болуы. Мысалы, өзендер - көк сызықтармен, ауылды мекендер - әр түрлі шеңбершелермен, орташа айлық температуралар - изотермамен т. с. с. белгіленеді. Жергілікті жер сұлба - сын бейнелеуде кішірейту, жалпылау және шартты белгілерді пайдалану қолданылады. Ал жалпы сұлбада аса үлкен емес жер үлескілері бейнеленеді. Ол ірі масштабты пайдалануға мүмкіндік береді (1:500), сол арқылы картаға қарағанда территорияны бейнелеу көбірек дәлдікпен орындалады. Картадан сұлбаның сапалы айырмашылығы мынаған байланысты: біріншіден, жер шары бетінің көлбеулігі еске алынады, екіншіден, картографиялық бейнелеу белгілі бір математикалық зандылыққа сүйенеді. Осылай жасалған көрініс картада градус торы болады, оның көмегімен бағыттар анықталады. Жалпы сұлбада градус торы болмайды, оның орнына бағыттар қолданылады: «С - О»; «Б - Ш» деген.
Масштаб
Масштаб бойынша карталардың реттелуі. Кез келген территорияны бір парақ қағазға берілген күйінде бейнелеу мүмкін емес. Ол үшін міндетті түрде кішірейту қажет, яғни масштаб қолдану керек.
Масштаб бөлшек сан, яғни территорияны планға немесе картаға бейнелеуде неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. Мысалы, картада 1:2 масштабы берілсе, ол 2 есе кішірейтілді дегенді білдіреді. Ал 1:1 берілсе, картада миллион есе кішірейтілгенін білдіреді.
Масштаб мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Сандық масштаб - 1:2;
2. Атаулық масштаб - 1 см - 2 км;
3. Сызықтық масштаб
Сызықтық масштаб көбіне физикалық карталарда қолданылады. Масштаб көмегімен карталарда кез келген арақашықтықты өлшеуге болады.
Масштабына қарай карталар ірі, орта және ұсақ масштабты болып 3 топқа бөлінеді. Масштабы 1:1 және одан ірілері - ірі масштабты, 1:2 - нан 1:1 - ға дейін - орта масштабты, 1:1 масштабтан ұсақтары ұсақ масштабты карталарға жатады. Ірі масштабты карталар - топографиялық, орта масштабтылары - топографиялық шолу, ұсақ масштабтылары шолу карталары деп аталады.
Топографиялық карталар 1:1, 1:5, 1:25000, 1:1 масштабтарда жасалады. Жер бетінің одан ірі масштабта жасалатын сызбасы план деп аталады. Пландардың масштабы 1:5000, 1:2000, 1:1000 және одан да ірі болып келеді.
Көптеген мектеп атластары ұсақ масштабты карталарға жатады.
Градус торының негізгі элементтері. Географиялық координаталар
Кез келген карта жасау үшін градус торын құру қажет. Оның негізгі элементтері мыналар: полюс, экватор, параллельдер, меридиандар .
Солтүстік және оңтүстік полюстер - Жер білігінің жер бетіне шығатын орны. Жер білігіне перпендикуляр етіп кеңістікті орналастырып, оны екі полюстен тең етіп орналастырса, шеңбер пайда болады. Ол шеңбердің аты - экватор . Экватор жер шарын солтүстік және оңтүстік жарты шарларға бөледі. Оның ұзындығы жобамен 4 км. Ал экваторға параллель жүргізілген шеңберлер параллель деп аталады. Параллельдер ұзындығы экватордан полюстерге қарай қысқарады. Кез келген карталарда параллельдер батыс және шығыс бағыттарына ие болады.
Меридиандар - солтүстік және оңтүстік полюстерді қосатын сызықтар. Барлық меридиандар өзара полюстерде түйіседі. Меридиандар ұзындығы барлығында да бірдей болады, жобамен экватор ұзындығына тең. Ал олардың бағыты тек оңтүстік пен солтүстік бағытқа ие.
Кез келген жер беті нүктесі арқылы бір ғана параллель, бір ғана меридиан жүргізе аламыз. Глобуста барлық параллельдер мен меридиандар шеңбер түрінде болады да, тік бұрыш жасай қиылысады. Градус торының түрі оның картографиялық проекцияларымен анықталады. Ондай проекция кезінде параллель және меридиан сызықтары тура, доғал, шеңбер түрінде болады да, картаның әр үлескісінде бұрыштар қиылысуы әр түрлі болады.
Картографиялық проекцияда бұрмалану тұрқы да анықталады. Бұрмаланудың 4 түрі болады: ұзындық, бұрыш, пішін, көлем.
Градус торы көмегімен картада географиялық координаталарды анықтау мүмкіндігі туады. Географиялық координаталар жер бетіндегі керек нүктені табуда дәлдік туғыза алады.
Географиялық ендік - меридиан доғасының экватор мен полюстің арасындағы ұзындығы. Меридиан доғасының мұндай ұзындығы 90° - қа тең, яғни географиялық ендіктің өзгеруі 0° пен 90° арасында өзгереді. Егер нүкте экватор мен солтүстік полюс арасына жетсе, онда ол солтүстік ендік деп есептеледі. Егер нүкте экватор мен оңтүстік полюс арасына жетсе, онда оны оңтүстік ендік деп атайды. Географиялық бойлық деп параллель доғасы ұзындығының бастапқы меридианмен берілген нүкте аралығын айтады.
Географиялық бойлық 0° пен 180" аралығында болады. Егер нүкте батыс жарты шарда жатса, онда батыс бойлық деп аталады. Егер нүкте шығыс жарты шарда жатса, онда шығыс бойлық деп аталады. Градус торы көмегімен әр түрлі объектілердің параллельдер мен меридиандар бойындағы арақашықтықтарын табуға болады. Ол үшін 1 ° - тық доға ұзындығын білу қажет.
Оны мынадай тәсілмен анықтаймыз (4 км: 360°) : 1°= 111 км - ге тең болады. Мысалы, экватор маңында Африка материгінің ұзындығы
34°. 34° х 111 = 3774 км.
Ал параллельдердің полюс бағытында өзгеруін естен шығармау қажет. Географиялық картада градус торының болуы басқа жергілікті бейнелеулерден өзіндік айырмашылығы бар. Оларға жататындар: сұлба бейнесі, сурет, аэрофотосурет, космостан суретке түсіру.
Картаның маңызы
Адамның шаруашылық іс - әрекетінде сұлба мен картаның өте үлкен маңызы бар. Карта арқылы көптеген территориялар әр түрлі мақсатқа жұмылдырылады: оқып - үйрету, рекреациялық құрылыста, әскери жағдайда т. б. Ерекше синоптикалық карталар көмегімен алдын ала ауа райы да болжалынады. Арнайы карталар су және әуе көліктерінің жұмыстарына қолданылады. Географ ғалымдар сандық және сапалы карталарды объектілер мен құбылыстар туралы мағлұмат алу үшін пайдаланады. Осындай әдістер мен тәсілдерді пайдалану - картографиялық деген атқа ие. Соңғы кездегі ғылым мен техниканың дамуына байланысты картамен қоса аэрофотосурет пен космостан түсірген Жер туралы суреттер де пайдаланылуда.
§4. Жер - күн жүйесінің планетасы
Жердің жалпы ерекшеліктері
Біздің Жер планетасы қайталанбас және әмбебап, ғажайып. Күн жүйесінің басқа планеталары сияқты Жер де әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құралған, жасалған. Жердің геологиялық жасы 4, 5 - 5 млрд жыл деп есептеледі. Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерілулер мен мұхиттық ойпаңдарға бөлінген.
Жер қыртысында ерекше граниттік - метаморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша, планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қана Жер планетасының болу ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күн көзінен қолайлы арақашықтықтың да маңызы бар (150 млн км - ге жуык) . Себебі Күн көзіне планеталар жақын орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы (жер беті) судың қайнау температурасынан жоғары болады. Ал Күн көзінен өте алыс орналасқан планеталар жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суынып кетеді.
Көптеген планеталар массаларының Жерге қарағанда азырақ болуына байланысты, тартылыс күші де кем болады да, тығыз да әлді атмосфера қабатын ұстап тұруды қамтамасыз ете алмайды. Планета өмір сүру уақытында оның табиғаты бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. Әр кезеңдерде тектоникалық іс - әрекет белсенді көріністер берген: құрлықтар мен мұхиттардың көлемі мен келбеті өзгерген, Жер планетасына космостық денелер құлаған, бірнеше рет мұз жамылғылары пайда болып, жоғалып кетіп отырған. Бұл өзгерістер органикалық дүниенің дамуына түпкілікті әсер ете қоймаған.
Географиялық қабықтың құрамына мына қабықтар кіреді: литосфера, гңдросфера, атмосфера және биосфера. Бақылауға мүмкін, космостық кеңістікте Жерге ұқсайтын басқа аспан денелері дәл қазірге дейін байқалмайды.
Жердің пішіні мен өлшемі
Күн жүйесінің ішінде Жер планетасы да шар тәріздес пішінге ие. Жердің шар тәріздес екендігі туралы алғаш айтқандар қатарында грек ойшылы Пифагор болды. Ал Аристотель Айдың тұтылуына бақылау жасау арқылы Жер көлеңкесінің Айға түсуінен қорытынды шығарған, яғни Жер шар тәріздес деп айтқан. Келе - келе бұл ойлар, болжамдар, есептеулер арқылы да дәлелденген. XVII ғасырда И. Ньютон мынадай жобалау жасаған: Жер өз білігінен айналуына байланысты полюсте арақашықтық кішірейіп, сығылады . Сөйтіп, ғалым Жер шар тәріздес пішінде деп қорытынды шығарған. XVIII ғасырдың ортасында полюс пен экваторға жақын жатқан меридиандарды өлшеуде бірдей еместігін дәлелдеген. Онда экваторлық радиус полюстік радиустан 21 км - ге ұзын екендігі анықталған. Бұдан біздің Жер дәл шарға емес, эллипстік түрге ие екендігін көреміз. Ертедегі саяхатшылар да Жер шарын айналу саяхаттарында Жер шар тәріздес деген ойлар айта бастаған. Олар оны теңіздің жағасынан алыстаған сайын көкжиектің алыстан көрінуімен байланыстырады. Жердің шар тәрізділігін ғылыми түрде космостан түсірген суреттер, Жер бетін геодезиялық өлшеулер, Ай тұтылулары дәлелдеген. Әр түрлі тәсілдермен өлшеу Жердің негізгі мынадай өлшемдерін нақтылап берді:
> орташа радиус - 6371 км;
> экватор радиусы - 6378 км;
> поляр радиусы - 6357 км;
> экватор ұзындығы - 40076 км;
> Жер салмағы - 5976 х 10 21 кг;
> Жер беті көлемі - 510 млн км 2 .
Күннен алыс жатқан үшінші планета - Жер, көлемі бойынша 5 - орында, Жер орбитасы эллипстік пішінге ие. Жер мен Күн арасының максималды арақашықтығы 152 млн км, ал минималды арақашықтығы 147 млн км.
Жердің тәуліктік және жылдық қозғалысы
Жер бірнеше қозғалыс түріне қатысады. Олар: өз білігінен айналуы, Күн жүйесін басқа планеталармен қосылып айналуы, Күн жүйесімен қосылып Галактика орталығын айналуы. Жер табиғаты үшін ең қажеттісі - Жердің өз білігінен айналуы және Күн көзін айналуы - Жердің өз білігінен айналуын біліктік айналу деп атайды. Жер өз білігінен айналуы батыстан шығысқа қарай жүреді. Оны солтүсгік полюстен қарасаңыз, онда ол сағат тіліне қарсы жүреді деген сөз. Біліктік айналу 24 сағатқа тең, ол бір тәулік болады. Осыған байланысты біліктік айналу тәуліктік деп аталады. Жердің өз білігінен айналуы 4 түрлі минимумдық өзгеріс береді:
1. Жер пішіні,
2. күн мен түннің ауысуы,
3. Кориолис күшінің пайда болуы,
4. судың қайтуы мен толысуы.
Жердің өз білігінен айналу нәтижесінде полярлық сығылысулар туады, ал ол эллипстік түрге әкеледі. Жер өз білігін айналу нәтижесінде Күн көзіне бір жарты шарын, содан кейін келесі екінші жарты шарды тосады. Сөйтіп, жарық түскен жағы күн болады да, жарық түспеген жағы түн болады. Әр ендіктегі күн мен түн ұзақтығы Жердің орбитадағы орналасуына байланысты. Күн мен түннің ауысуына байланысты тәуліктік ырғақ байқалады, яғни ол тірі табиғат объектілерінде өте анық көрінеді. Жердің айналуы қозғалған денелердің алғашқы бағытынан ауытқуына әкеп соқтырады. Мұндай жер айналуындағы ауытқу күші Кориолис күші деп аталады. Бұған мысал ретіңде ауа массалары бағыттарының ауытқуын алуға болады. Ай мен Күн тартылуы Жердің өз білігінен айналуы арқылы толысу құбылыстарын туғызады. Толысу толқыны тәулігіне жер бетінде екі рет өтіп тұрады. Толысу мен қайту - жер бетіндегі барлық геосфераға тән қасиет, соның ішінде гидросферада анық көрініп, жақсы байқалады. Жер орбитасының эллипсті пішінде болуына байланысты Жер мен Күн арақашықтығы бірдей емес. Жазда шілде айында Жердің Күн көзінен алшақ жатуы 152 млн км, сол себепті орбита қозғалысы бәсендейді. Осының әсерінен солтүстік жарты шар жылуды көп қабылдайды, оңтүстік жарты шарда жылу азаяды. Қаңтар кезінде Жер мен Күн арақашықтығы азаяды (147млн км) .
Жер Күнді орбита бойымен 365 тәулік 6 сағатта 1 рет айналып шығады. Жыл есебін оңайлату үшін 1 жылда 365 күн бар деп есептелінеді. Жыл сайын есепке қосылмай қалып отыратын 6 сағат 4 жылда 24 сағат немесе 1 тәулік құрайды. Жиналған 1 тәулік әрбір 4 жыл 366 күннен тұрады. 366 күннен түратын жыл «кібісе жылы» деп аталады. Ақпан бұл жылы 29 күнмен, ал қалған 3 жылда 28 күнмен бітеді.
Жердің орбиталық қозғалысының мәні.
Жыл мезгілдерінің ауысуы
Жер орбитасында бірнеше нақты нүктелер бар, олар Күннің теңелуі мен Күн көзінің тұруына сәйкес келеді. 22 маусым - жазғы Күн көзінің тұру нүктесі. Бұл күні Жер Күн көзіне солтүстік жарты шарды бұрып төсеп тұрғандай, сол себепті осы жарты шарда жаз деп есептеледі. Күн сәулелері солтүстік тропикте тікбұрыш жасай түседі. Сондықтан солтүстік полярда поляр күні, оңтүстік полярда поляр түні болады. 22 желтоқсан - қысқы Күн көзінің тұру күні. Бұл кезде Жер Күн көзі екінші оңтүстік жарты шарды төсеп тұр деп ойлаймыз. Күн мен түн теңелген уақытта екі жарты шар да (оңтүстік, солтүстік) Күн көзінен бірдей жарық қабылдайды. Күн сәулелері экваторға тікбұрыш жасап түседі. Бүкіл жер бетінде күн мен түн ұзақтығы сағатпен шаққанда - 12 сағаттан бөліп алды деген сөз. Тек полюстерде поляр түні мен күні ауысады. Тропиктер - бұлар ерекше параллельдер, яғни жылына бір рет Күн көзі зенитте тұрады. Ал тропиктер аралығында және экватордың Күн көзі зенитте жылына екі рет болады. Күн көзі солтүстік және оңтүстік тропиктерден әрі асып зенитте тұра алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz