Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар туралы ақпарат



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Табиғи және жасанды былғары
б) үлпекті материалдар
3. Қорытынды
Киімге арналған табиғи былғарыны қой, ешкі, шошқа және тағы басқа жануарлар терілерінен алады.Тері былғарысын өңдеу механикалық және физика – химиялық операциялар жиынтығы болып саналады, мұның нәтижесінде былғары жұқа, жұмсақ, мықты, созылмалы, сыртқы әсерлерге тұрақты болады.
Былғарының беткі қабатының табиғи суреті мерейдеп аталады. Сипаттамасы бойынша мерей, яғни былғарының микроскопиялық бүрмелерінің суреті бойынша, бар болуына және түкті сумка іздерінің формасына қарай мамандар былғарының қандай жануардан алынғанын анықтайды.
Үстіңгі бетін өңдеу сипатына қарай табиғи былғарылар келесідей түрлерге бөлінеді: тегіс – табиғи мерейлі; иір ойықты – иір ойық мерейлі; өрнекті – үстіңгі бетінде бадырайған көркемдік өрнегімен; түкті – түкті қабатымен, шлихталау арқылы алынған (велюр, замша) .
1. Симонов Е.А и др Обработка меховой и шубной овчины.- М.: Легкая и пищевая промышленность,1983,173с
2. Сташевский А.Н Основы выделки и крашения меха.Т.1-М.:,1935,245
3. Мәдиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т Былғары және мех химиясы мен технологиясы.-Алматы: Білім баспасы 1995,320 бет

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті

Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар

Орындаған:Көсембаев Е
Тобы: ТК - 321
Тексерген: Бауыржанова А. З.

Семей, 2015 жыл
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Табиғи және жасанды былғары
б) үлпекті материалдар
3. Қорытынды

Кіріспе
Киімге арналған табиғи былғарыны қой, ешкі, шошқа және тағы басқа жануарлар терілерінен алады.Тері былғарысын өңдеу механикалық және физика - химиялық операциялар жиынтығы болып саналады, мұның нәтижесінде былғары жұқа, жұмсақ, мықты, созылмалы, сыртқы әсерлерге тұрақты болады.
Былғарының беткі қабатының табиғи суреті мерей деп аталады. Сипаттамасы бойынша мерей, яғни былғарының микроскопиялық бүрмелерінің суреті бойынша, бар болуына және түкті сумка іздерінің формасына қарай мамандар былғарының қандай жануардан алынғанын анықтайды.
Үстіңгі бетін өңдеу сипатына қарай табиғи былғарылар келесідей түрлерге бөлінеді: тегіс - табиғи мерейлі; иір ойықты - иір ойық мерейлі; өрнекті - үстіңгі бетінде бадырайған көркемдік өрнегімен; түкті - түкті қабатымен, шлихталау арқылы алынған (велюр, замша) .

Негізгі бөлім
Киімге қалыңдығы 0,6 - 1,2 мм былғары қолданылады. Киімге арналған табиғи былғарының қасиеті оның құрылысына және терінің өңдеу сапасына байланысты. Ең маңызды қасиеті болып оның мықтылығы, жууға тұрақтылығы, сондай-ақ қалыңдығы және үстіңгі тығыздығы болып табылады.Ауданы 25 дм²-қа дейінгі былғарыны бас киім дайындауға қолданады, ауданы 80 дм² және одан да көбін киім дайындауға қолданады. Киімге арналған табиғи былғарының сортын белгілеу кезінде көрсеткіштер оның көркемдік-эстетикалық, физика-механикалық және физика-химиялық қасиеттерін, бояуының мықтылығын және бар болу немесе жоқ болу кемістіктерін ескереді.Киімге арналған былғарының сыртқы түрі әдемі болуы тиіс, аса үлкен емес қалыңдығымен ( 0,6 - 1,2) айрықшалануы, біркелкі болуы, ұстап көргенге жұмсақ, майлы дақсыз және жұқа қабатсыз болуы тиіс.
Киім былғарыларын олардың кемістіктерінің бар болуына байланысты, олардың маңыздылығына, мөлшеріне және былғарыда тауып алған орнына байланысты 5 сортқа бөледі. Былғарыда жіберілген ақауларын балл бойынша бағалайды және балдың суммасы бойынша сортын белгілейді. I сорт былғарысына 4-тен артық емес балл беріледі, II сортқа 12-ден артық емес балл, III сортқа 24-тен артық емес балл, V сортқа 40-тан жоғары балл қойылады.
Балмен бағаланбайтын, ақаулары бар табиғи былғарыны жарамсызға ауыстырады. Мұндай ақауларға шикізаттық: былғарының жағасындағы дөрекі бүрмелер, белгілі мөлшердегі және тереңдіктегі жарықшақтар; өндірістік: былғарының бүктеген кезінде оны жазғаннан кейін де кетпейтін қатпарлардың пайда болуы, былғарының қатты қатпарлануы, былғарының отырып қалуы жатады.
Заманға сай дизайнерлер ұсынған көп түрлі амалдармен өте көп қызықты факторлар мен материалдар оларды іске асыру үшін (былғары теріге бұл ретте өте маңызды орын беріледі,өйткені оның сапасы жоғары және одан өте басым жинақтар жасауға болады).
Табиғи былғары ассортиментінің киім тігуде түрлері өте көп.Табиғи былғары алынған беттің және сапасына қарай келесі түрлерге бөлінеді:бірегей-табиғи өрнектелген былғары, былғарының беткі жағына әдейі қыздырылған плитамен жағылған, иленген-рельефті көркемделген былғары,түкті-үстіңгі жағы түктелген (мақпал,замш).Тереңдетілген және тұрақты иленген қызыл былғары малмадан алуға болады.Пальто,қысқа пальто,пиджак,бас киімдер дайындау үшін көбінесе хромдап иленген былғарылар пайдаланылады.Олар қой,шошқа,бұзау терісінен,замш,майлы ідіспен марал,бұғы,шошқа терісінен алынады.
Киім дайындауда пайдаланылатын табиғи былғары түрлері:
Киімдік шеврет-жұмсақ,жеңіл бүктелетін,хроммен иленген былғары,қой терісінен дайындалған.Өздік бетінің үстіңгі жағында ідемі бедерлі өрнектер орналастырылады.Өндіріс киімдері үшін қой терісінен ягнячьялық наппа жасалады.Бұл былғарының түрі көптеген нұсқаларға,былғарының шартты қалыңдығына немесе айырықшалануына тиісті.Ягнячьялық наппа - бұл жұмсақ,бірақ үстіңгі жағының тегістігі бір қалыпты.Ягнячьялық наппа тегістелген, өрнектелген немесе жабылған болуы мүмкін.Келесі беті (бахтарма) қолдануға келмейді.
Шевро-жұмсақ,созылғыш,жұқа,ешкі терісінен хромдап иленген эластикалық былғары (ешкі терісінің жақсы түрлері) әр түрлі бағытта орналасқан сызықты түрде әдемі өрнектер болады және созылу кезінде берік қасиеті болады.
Бұзаутері-тегіс,жұмсақ,серпімді,эла стикалық,ұсақ өрнектері бар әдемі былғары,бұзау терісінен хромдап илеу арқылы алынған, оның ауданы 70 дм.кв.шамасында.Бұзау терісінен әр түрлі қалдықта былғары жасалынады.Үстіңгі жағы напп немесе бархыт тәрізді айырықшаланады.Бұзау былғарысы -өте әдемі,жұмсақ және берік.Ол киімнің барлық түріне сай келеді.
Жұқа өсімше-бұзау терісінен хромдап илеу арқылы алған тығыз,серпімді былғары.ОЛ бұзаутеріден ірі өрнектерімен,үлкен қалдығымен және ауданымен (120-130дм.кв) өзгешеленеді.
Мақпал-бұзау,шошқа терісінен хромдап илеу арқылы алынған,үстіңгі жағы түктелген тығыз былғары.Шошқа терісінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар
Үлбір және жасанды материалдар
Жасанды үлбір жайлы
Спорттық киімдер мен аяқ киімдерге жалпы сипаттама
Жасанды үлбір
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Талшықтар жайында
Желімдік материалдар
Киім және костюм қызметі. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар. Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы
Бұйымды таңдау және негіздеу
Пәндер