Қазақстанда қосылған құн салығының пайда болуының алғы шарттары



І. Кіріспе

1.1. Қосылған құн салығының Қзақстанда енгізілу алғы шарттары және
даму кезеңдері
1.2. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарының даму жағдайларындағы әлемдiк тәжiрибе және ҚҚС.ң даму мәселесi

ІІ. Қорытынды

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Кез-келген мемлекетте экономиканың нарықтық жолмен дамуына, тұрақты экономиканың қалыптасуына аса маңызды рөл салыққа берiледi, салық саясатын кең көлемде қолдану шешушi болып табылады.
Отандық, шет елдiк тәжiрибе салықтың және салық жүйесiнiң экономикалық қаржы институтының экономикалық басқаруы болып табылады. Нарықтық экономиканың құрылымы рационалдық салық жүйесiн құруға аса көп көңiл бередi.Қандай да мемлекеттiң бюджеттiң негiзгi көзi салықтық түсiмдерден тұрады. Қазақстан Республикасында салық жүйесi тура және жанама салықтардың жиынтығынан құрылады. Алғашқысы - табысқа немесе салық төлеушiнiң мүлкiне салынаса, екiншiсi - тауардың үстiне қосымша қосылады, яғни көрсетiлетiн қызметке тұтынушы төлейдi.
Бүгiнде жанама салықтардың iшiнде қосымша құн салығы басты орын алады. Қазақстан Республикасында қосымша құн салығы 1991 жылдың желтоқсан айынан берi қолданылады және Қазақстан Республикасының салық жүйесiне енгiзiлген жаңа элементтерiнiң бiрi болып табылады. Бұған Совет үкiметiнен кейiнгi қоғамда болып жатқан процестердiң таңбасы қойылды.
Дәл осы кезде Қазақстанның экономикалық дамуы нарықтық жолға енген егемендi мемлекет мәртебесiн алды. Сол себептен бiрiншi заң актiлер болып «Бюджет жүйесi туралы» және «Салық жүйесi туралы» ҚР -ның заңдары қабылданды. Олар iс-әрекет жасап жүрген қаржы жүйесiн реформалаумен қатар дүниежүзiлiк салық салу тәжiрибесiнiң прогрессивтi тенденцияларын ескере отырып жаңа қаржы жүйесiн құрды.
Осы жүйенi жетiлдiрудiң басты мезетi болып бұрын iс-әрекет жасаған айналым салығының орнына қосылған құнға салынатын салықтың (ҚҚС) енгiзiлуi болды. Мұнда ҚҚС енгiзудiң мынадай артықшылықтары көзделдi: оны өндiрiстiң барлық сатыларында қолдану арқылы салық салу базасын әлдеқайда кеңейту. Басты дәлелi - салық жүйесiнiң дүниежүзiлiк тәжiрибесi.
Өмiр ағымына қарай бүгiнгi Қазақстан экоңомикасы да үнемi даму үстiнде. Осыған сәйкес мемлекетте орын алған экономикалық құбылыстар қарқынды дамып, кез келген өзгерiсi соңынан салдар туғызуда.
Қосылған құн салығы барлық тауарларды сату, жұмыстарды атқару және қызмет көрсету түрлерiн қамтиды. Сондықтан да, аз мөлшерде қолданылуының өзi басқа салықтарға қарағанда қазынаны қазына толтыру қасиетi жоғары. Сонымен қатар қосылған құн салығы мемлекеттiң кiрiс пен шығыстың сәйкестiгiн, бағаның қөтерiлуiн тепе-теңдiкте ұстап тұратын бiрден бiр макроэкономикалық құрал десе де болады.
1. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы»
Қазақстан Республикасы Кодексi.

2. «Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауаларға қолданылатын қосылған құнға салынатын салық пен акцизге қатысты тәртiп туралы» № 131-П Нұсқанама.

3. «Қосылған құнға салынатын салықты есептеу тәртiбi туралы» №37 Нұсқанама

4. Ыдырысова Э.Қ. «Қосылған құнға салынатын салықты енгiзудiң алғышарттары және оның экономикалық мазмұны» // Қаржы-Қаражат.

5. А.Д. Үмбеталиев, Ғ.Е. Керімбек «Салық және салық салу» Оқулық, Алматы 2006 ж.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанда қосылған құн салығының пайда болуының алғы шарттары

Тобы: ГУ - 307
Орындаған: Жанбаева А.Н.
Тексерген: Акишева Д.М

Семей, 2015
Жоспар

І. Кіріспе

1.1. Қосылған құн салығының Қзақстанда енгізілу алғы шарттары және
даму кезеңдері
1.2. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарының даму жағдайларындағы әлемдiк тәжiрибе және ҚҚС-ң даму мәселесi

ІІ. Қорытынды

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Кез-келген мемлекетте экономиканың нарықтық жолмен дамуына, тұрақты экономиканың қалыптасуына аса маңызды рөл салыққа берiледi, салық саясатын кең көлемде қолдану шешушi болып табылады.
Отандық, шет елдiк тәжiрибе салықтың және салық жүйесiнiң экономикалық қаржы институтының экономикалық басқаруы болып табылады. Нарықтық экономиканың құрылымы рационалдық салық жүйесiн құруға аса көп көңiл бередi.Қандай да мемлекеттiң бюджеттiң негiзгi көзi салықтық түсiмдерден тұрады. Қазақстан Республикасында салық жүйесi тура және жанама салықтардың жиынтығынан құрылады. Алғашқысы - табысқа немесе салық төлеушiнiң мүлкiне салынаса, екiншiсi - тауардың үстiне қосымша қосылады, яғни көрсетiлетiн қызметке тұтынушы төлейдi.
Бүгiнде жанама салықтардың iшiнде қосымша құн салығы басты орын алады. Қазақстан Республикасында қосымша құн салығы 1991 жылдың желтоқсан айынан берi қолданылады және Қазақстан Республикасының салық жүйесiне енгiзiлген жаңа элементтерiнiң бiрi болып табылады. Бұған Совет үкiметiнен кейiнгi қоғамда болып жатқан процестердiң таңбасы қойылды.
Дәл осы кезде Қазақстанның экономикалық дамуы нарықтық жолға енген егемендi мемлекет мәртебесiн алды. Сол себептен бiрiншi заң актiлер болып Бюджет жүйесi туралы және Салық жүйесi туралы ҚР -ның заңдары қабылданды. Олар iс-әрекет жасап жүрген қаржы жүйесiн реформалаумен қатар дүниежүзiлiк салық салу тәжiрибесiнiң прогрессивтi тенденцияларын ескере отырып жаңа қаржы жүйесiн құрды.
Осы жүйенi жетiлдiрудiң басты мезетi болып бұрын iс-әрекет жасаған айналым салығының орнына қосылған құнға салынатын салықтың (ҚҚС) енгiзiлуi болды. Мұнда ҚҚС енгiзудiң мынадай артықшылықтары көзделдi: оны өндiрiстiң барлық сатыларында қолдану арқылы салық салу базасын әлдеқайда кеңейту. Басты дәлелi - салық жүйесiнiң дүниежүзiлiк тәжiрибесi.
Өмiр ағымына қарай бүгiнгi Қазақстан экоңомикасы да үнемi даму үстiнде. Осыған сәйкес мемлекетте орын алған экономикалық құбылыстар қарқынды дамып, кез келген өзгерiсi соңынан салдар туғызуда.
Қосылған құн салығы барлық тауарларды сату, жұмыстарды атқару және қызмет көрсету түрлерiн қамтиды. Сондықтан да, аз мөлшерде қолданылуының өзi басқа салықтарға қарағанда қазынаны қазына толтыру қасиетi жоғары. Сонымен қатар қосылған құн салығы мемлекеттiң кiрiс пен шығыстың сәйкестiгiн, бағаның қөтерiлуiн тепе-теңдiкте ұстап тұратын бiрден бiр макроэкономикалық құрал десе де болады.
Қосылған құн салығының өзiне тән бiрнеше артықшылықтары да орын алады: оны төлеуден қашып құтылу қиын, онымен экономиканың зан бұзушылығы аз мөлшерде байланысты. Салық төлеушiлер үшiн алып отырған табысынан төлегеннен қарағанда жұмсайтын шығынымен төлеген әлдеқайда тиiмдiрек. Сонымен зерттеу нысанасы болып Қазақстан Республикасының салық жүйесiнде орын алған мемлекеттiк бюджетке түсетiн салықтық түсiмдердiң басты бөлiгi болып табылатын қосылған құн салығы болып табылады.
1.1. Қосылған құн салығының Қзақстанда енгізілу алғы шарттары және даму кезеңдері

Бүгінгі таңда қосылған құн салығы салыстырмалы түрде ең жас салықтың бірі болып табылады. Қазіргі қызмет атқарып, іс жүзінде пайдаланып жүрген салықтар тәжірибеге ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған. Кейбір салықтар мысалы, акциз, жер салығы ерте заманда - ақ пайда болды. Қосылған құн салығының негізгі құрылымы Францияда әйгілі, танымал экономист М.Лоренің арқасында 1954 жылы жасалды. 1958 жылы Францияның салық жүйесіне енгізіліп, қосылған құн салығы аналитикалық және статистикалық мақсатта қолдана бастады. Қосылған құн салығының пайда болуы мемлекеттік шығындардың өсуімен және табыстарға деген мемлекеттің қажеттілігінің өсуімен байланыстырады. Жанама салықтардың ең алғашқы түрі акциз болып табылады. Олар тауарлардың бөлек түрлерінен алынады. Оған қарама - қарсы бағытта қосылған құн салығы шығады, өйткені бұл салық тауарлардың барлық түрлерінен алынады және әмбебап болып табылады.
Жоғарыда айтып өткендей, жанама салық салудың алғашқысы сатудан түсетін салық болып табылады, сол уақытта ол қосылған құн салығымен салыстырмалы түрде сәйкес келетін. Сатудан түсетін салықтың пайда болу себебін бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі әскери шығындардың көптігімен байланыстырады. Салықтың бұл түрі тауардың өндірушіден тұтынушыға жылжу барысында өтетін барлық сатыдан көп рет өндіріледі. Ал басқа жағынан өндірушілер де бағаның өсуіне және сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты өндірілген өнімдерін өткізе алмай, зиян шекті.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін салықтың бұл түрі салық жүйесіне алынды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде мемлекеттік бюджеттің үлкен шығындарымен байланысты табыс бөлімінің өсуіне қосымша қайнар көздерді қажет етті. Осы салық пен салық салудың механизмі біршама өзгерді. Біріншіден, ол тек қана бір жерден алына бастады, әрине бөлшек сауда сатысында және капитал айналымын бәсеңдеткен жоқ. Екінші қорлардың айналымдылығының өсуімен байланысты қазынаға түсімнің келіп түсу процесі жылдамдатылды. Осы жағдайға байланысты мемлекет біршама шығынға ұшырады, өйткені, тауар өндіру және тауар айналымы сатыларын толығымен бақылай алмады. Айтылған барлық факторлар қосылған құн салығының пайда болуына әкелді және бұл салық мемлекетке өндіріс және тауар айналымының барлық сатысына бақылау орнатуға мүмкіндік берді.
Қосылған құн салығының осылайша дүние жүзінде кең тарауы 1957 жылы Римде Еуропалық Одақтың құрылуы барысында мүше мемлекеттер ортақ нарықты құру мақсатында өздерінің салық жүйелерін бірыңғайға келтіруге қол қоюына байланысты.
1967 жылы Еуропалық Экономикалық Одақтың екінші директивасында қосылған құн салығы жанама салықтардың ішінде ең басты салық деп жарияланды және бұл салықты 1972 жылға дейін салықтық жүйеде мемлекеттер міндетті түрде енгізуін сұрады. Еуропалық Экономикалық Одақтың кеңесінің алтыншы директивасында қосылған құн салығының бүгінгі күнгі жүйесін қорытындылап бекітті. Содан кейін қосылған құн салығының мәлімдемелерін 1991 жылы оныншы директивамен бекітті және осы стандарттар Еуропалық Экономикалық Одақ мүшелерінің салықтық заңдарына енгізілген.
Қазіргі таңда қосылған құн салығы әлемнің қырықтан астам елдерінде өндіріліп алынады. Қосылған құн салығының әлемдегі көптеген елдерге таралуы оның өмірге қабілеттілігін және нарықтық экономиканың барлық талаптарына сай келетінін көрсетеді. Айта кететін жай, бұл салық түрінің салық салу тәжірибесіне енуінің келесі факторлары бар:
Біріншіден, тікелей салықтарда болатын кемшіліктер. Олардың қатарына салық салудың ауырлығын, салық төлеуден бас тартудың көп болуын жатқызуға болады.
Екіншіден, мәңгілік бюджет тапшылығы және салық салу базасын кеңейту арқылы табыстарды көбейтуге деген мұқтаждықтың болуы.
Үшіншіден, салық жүйелерін экономикалық даму деңгейіне сәйкес өзгерту.
Кейбір елдерде қосылған құн салығын енгізу жақпады. Мысалы, 1970 - ші жылдардағы шикізатқа және еңбек күшіне бай Бразилия өзінің экономикалық бағдарламасын жүзеге асыру барысында қосылған құн салығын енгізіп көрді. Олар қосылған құн салығын тек штат аралық негізде енгізді және әр штаттың есептеу тәсілдері үш түрлі болды (бүгінгі күнде де осындай). Осылайша қосылған құн салығы Бразилияның салықтық жүйесіне енбеді.
1990 жылы Халықаралық валюталық қор және Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы Индонезия астанасы Джапартада Азиядағы қосылған құн салығы атты біріккен семинар өткізді. Онда қосылған құн салығын енгізу барысындағы кездесетін алғашқы қиыншылықтар туралы мәселелерді қарады.
Қосылған құн салығы көптеген тауарлар мен қызметтерді қоса кең салық салу базасы бар және ол шот - фактура негізінде жүйесінің барлық өзгерістік шығындарын шегеріп қоймай тек алдыңғы кезеңдегі өндірісте шикізат және материал сатып алу шығындары шегеріледі. Осының бәрі бюджетке шығын келтірмей және өндірісті ауырлатпай ең төмен жарнаны енгізуге көмек береді. Сондықтан қосылған құн салығы тұрақты және пайдалы 12 - 30% мемлекеттік түсім әкеледі және жалпы ұлттық өнімнің 5 - 10%-ын құрайды. Жоғарыда айтылғандардың барлығы Қазақстанның басынан өткен. Салықтық реформалаудың арқасында қосылған құн салығының жарналары 28%-дан 20%-ға, одан 16%-ге, бүгінде ол 12%-ға төмендетілді, соның өзінде бюджет түсімінің 25%-ын әкеледі.
Қосылған құн салығы осыншама жұмыс бәсеңділігі басқа салықтарға қарағанда экономикалық жағдайға байланысты таптырарлық емес, әсіресе табыс салығының базасы шектеулі, ал, негізгі жергілікті шикізат табыстарының тұрақсыздығымен ерекшеленетін мемлекеттерде, әрине кәсіпорындарда қосылған құн салығын өндіру кезінде инфляциялық жоғалтуларды болдырмау мақсатында қайтарып беру сомалары өз уақтылы төленсе жақсы болар еді.
Айта кететін жай қосылған құн салығының негізгі ерекшелегі: өндірістік процестің интенсификациялануының эффекті ынталандырушысы, тәжірибесінде әмбебапты және ең негізгі аяқталмаған өндірістің көлемін қысқыртудағы әкімшілік емес реттеушісі болып табылады. Әрине қосылған құн салықтың несие ретінде өз уақтылы төлеген әрбір өндіруші өндіріс немесе өнімді сату арқылы сол соманы барынша тез қайтаруға тырысады.
Салықтың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал, салықтың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметтеріне тікелей қатысты.

1.2. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарының даму жағдайларындағы әлемдiк тәжiрибе және ҚҚС-ң даму мәселесi

ҚҚС-ң салықтық реформасы процесiндегi әсер етудi зерттеу нақтылы талдауды қажет етедi. Оның себебi, 1-ден ҚҚС салыстырмалы жағынан жас: ол 40 жыл бойы қолдануда, тiкелей салықтарды қоспағанда ҚҚС басқа да жанама салықтармен салыстырғанда өте аз.
2-ден, оның әрекеттерiнiң механизм, есептеудiң түрлi әдiстерi, төлеу және есепке алу тәртiбi тек дайындалмаған салық төлеушiлердi ғана емес, сонымен бiрге бiрқатар салық жұмыскерлерiнiң бөлiгiн қабылдау үшiн белгiлi бiр киындықты көрсетедi.
3-ден, ҚҚС-қа қатынасы эр елде және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығының қызмет ету мәселелері
Серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
Қоймаға дайын өнім
Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықтың қалыптасуы мен дамуының алғы шарттары
Қосымша құн салығы: есептеу механизмі мен қызмет ету мәселелері
Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықтың құрлылу негізі және қызмет ету механизмі
Қосылған құнға салынатын салықты алудың ғылыми негізделген жүйесін зеттеу, қол жеткізуге мүмкін теориялық және әдістемелік материалдардың деректерін біріктіріп қарастыру негізінде олардың оңтайлы мөлшерін анықтау
Салықтардың экономикалық мазмұны, кажеттілігі, қызметтері және ұйымдастыру принциптері
Қосылған құнға салынатын салықтың жетілдіру жолдары
Ұйымның экономикалық сипаттамасы мен салық есебінің ерекшеліктері
Пәндер