Еңбек қызметін ұйымдастыру жайлы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қалалық Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: «Еңбек қызметін ұйымдастыру (өндіріс ұйымдастырушылық факторлар, еңбек бөлінісі және кооперация, келісімдер) »

Топ: ГУ-307

Орындаған: Жанбаева А. Н.

Тексерген: Кушуков Г. С.

Семей 2015

Жоспар

І. Кіріспе

  1. Еңбек қызметін ұйымдастыру ұғымы мен ерекшеліктері
  2. Еңбек бөлінісі және оның белгілері, кооперация ұғымы
  3. Жеке және ұжымдық еңбек келісімдері.

ІІ. Қорытынды

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Еңбек қызметін ұйымдастырудың мәні белгілі бір жұмыстарды аз шығындармен орындау барысында өндірістің барлық элементтерінің үйлесімді құрамын құруда және оларды дамытуда жатыр.

Еңбек қызметін ұйымдастырудың міндеті өндірістің мүмкін болған барлық тәсілдерін зерттей отырып, ресурстарды үнемдеу арқылы жоспарланған нәтижеге жету болып табылады. Өндіріс - бұл қоғамның дамуы және сақталуы үшін қажетті материалдық игіліктерді құру процессі.

Өндірісті дұрыс жолға қою үшін кәсіпорын құрылымы қажет. Кәсіпорын құрылымы дегеніміз - оның ішкі үзбелерінің құрамы мен ара қатынасы (цехтар, бөлімдер және т. б. ) .

Кәсіпорын өндірістік құрылымының келесі тұрпаттарын айырады:

1. Заттық құрылым;

2. Технологиялық құрылым;

3. Заттық-технологиялық, аралас құрылым.

Өндірісті ұйымдастырудың тұрпаты - ол өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктерінің және техникалық деңгейінің кешенді сипаттамасы.

Өндірісті ұйымдастырудың 3 тұрпаты бар:

1. Бір-бірлеп шығару;

2. Сериялық өндіріс;

3. Жаппай (жалпы) өндіріс.

Өндірісті ұйымдастырудың тұрпатынан көбінде кәсіпорын құрылымы мен еңбек қызметін ұйымдастыру тәуелді болып келеді.

Ұйымдастырушылық құрылым деп кәсіпорынды басқарудың құрылымын атайды. Кәсіпорын ұйыдастырушылық құрылымдарының келесі тұрпаттары болады:

1) Желілік (линиялық) ;

2) Функционалдық;

3) Желілі-функционалдық;

4) Штабтық;

5) Желілі -штабтық;

6) Матрицалық;

7) Басқарудың аралас құрылымы.

Еңбек қызметін еңбектің кез-келген түрімен айналысу деп анықтауға болады(өндірістік, педагогикалық, ғылыми қызмет) . «Қызмет» ұғымы еңбектің екі маңызды ерекшелігін білдіреді:

  1. Адамның еңбектің затына ықпал ету дәрежесін;
  2. Жұмыс барысында жұмсалатын ақыл-ой.

Еңбек қызметінің мәнін қос міндетті шешу объективтік қажеттілігі белгілейді:

  1. Адамдардың еңбек элементтерімен өзара әрекетін орнату;
  2. Ортақ іске қатысушылар арасында еңбек қатынастарын қалыптастыру, бұл еңбек қызметінің затын құрайды.

Еңбек қызметін ұйымдастыру міндетіне мына мәселелерді шешу міндеті кіруге тиіс:

  1. Еңбек субъектін белгілеу (яғни жұмысшы және ұжым)
  2. Оны қажетті несимен және еңбек құралдарымен қамтамасыз ету
  3. Еңбекке қолайлы жағдай туғызу
  4. Еңбек процестерін ұйымдастыру
  5. Еңбекке ақы төлеу.

Еңбекті ұйымдастыру белгілі мақсатқа жету жүйесін құру және жетілдіруге бағытталған саналы қызметтің үрдісі мен нәтижесі деп түсініледі.

Ұйымдастыру ұғымы объектісіне байланысты бөлінеді: еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру. Сонымен қоса еңбекті ұйымдастыру өгдірісті ұйымдастырудың бөлігі, ал ұйымдастырудың өзі- басқару функциясы ретінде жиі зерттеледі.

Өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбегі тиімді болады, егер оны ұйымдастыру өндіріс пен басқаруды ұйымдастырумен бірге, кешенді түрде қаралса деп санайды.

Өндірісті ұйымдастыру өндіріс құралдарын ұйымдастыру деп түсіндіріледі ( еңбектің заттық элементтері, олардың процестерді кеңістікте және уақыты бойынша үйлестіру) .

2. Еңбек бөлінісі және кооперация. Еңбек бөлінісі - деп бірлескен еңбек процессіндегі адамдардың қызметтерін бөлуді атайды.

Еңбек бөлінісінің 3 түрі болады:

1. Жалпы, яғни, қоғамдық өндірісте басты салаларды көрсету;

2. Жекеленген - сала ішінде еңбектің әр түрінің даралануы (жекеленуі) ;

3. Бірегейлі - кәсіпорын ішінде немесе нақтылы бір өндірістік учаскеде еңбектің бөлінуі.

Кәсіпорын еңбек бөлінісінің келесі формаларын айырады:

1. Технологиялық бөліну;

2. Функционалдық;

3. Кәсіби-біліктілік.

1) . Технологиялық бөліну - технологиялық біртектілігіне қарай жұмыстардың жекеленуі.

Бұл жүйенің артықшылықтары:

- өндірісті механикаландыру және автоматтандыруға жағдайлар жасалады;

- операциялардың шектелген әдістері орындалады, демек, жұмыс жеңілдейді де нервтік ауыртпақтар қысқартылады;

- жұмыскерлерді даярлау мерзімдері қысқартылады.

Кемшіліктері:

- жұмысшыларды мамандандыруды тарылтады, ал бұл еңбектің бір қалыптылығын көбейтуге, шаршауға, еңбектің мазмұндылығын жоғалтуға, өндірістік процесті ұзартуға алып келеді;

2) . Функционалдық еңбек бөлінісі

- бұл жұмыскерлердің өндірісте орындайтын функцияларының аясында шектелулері. Фунционалды еңбек бөлінісіне қарай кәсіпорын барлық персоналын мысалы, келесі функционалды топтарға бөлуге болады:

  • Негізгі жұмысшылар;
  • Көмекші жұмысшылар;
  • Инженер-техникалық жұмысшылар, мамандар;
  • Қызметкерлер;
  • Қызмет көрсететін кіші персонал;
  • Күзетшілер.

3) Кәсіби-біліктілік бөліну - мамандығына немесе еңбектің күрделілігіне байланысты әр функционалды топтағы жұмыскерлердің бейімделген жеке топтарының жекеленуі. Еңбек бөлінісінің барлық нысандары өзара тығыз байланыста.

Еңбек кооперациясы (ЕК) - адамдардың бір немесе өзара байланысты емес еңбек процесстеріне бірігіп қатысуы. Кооперация жеке немесе ұжымдық орындаушылардың жұмысында келісімділікті, сонымен бірге кәсіби процесстің үздіксіздігін және оның қызметін тоқтауын қамтамасыз етеді. ЕК еңбек бөлісінің салдары болып табылады. ЕК өндіріс құрал-жабдығын және жұмыс уақытын неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ете отырып, еңбек өнімділігін арттырады. Сонымен, кооперация мен еңбек бөлінісі бір бірімен ажырамас байланыста және адамдардың еңбек қызметтерінде бір бірін толықтырады.

Еңбек кооперациясының келесі түрлерін ажыратады:

  • Цех аралық;
  • Цех ішіндегі;
  • Учаске ішіндегі;
  • Бригада ішіндегі.

3. Жеке және ұжымдық еңбек келісімдері.

Еңбекті ұйымдастырудың жеке және ұжымдық формалары болады. Еңбек қатынастары деп адамдар арасындағы, жұмыс беруші мен жұмыскердің, әкімшішілік пен кәсіподақтың, еңбек ұжымдары арасындағы қатынастарды айтады. Еңбек қатынастары ұжымда пайда болатын дауларды шешуге арналған. Еңбек қатынастары жүйесінде келісімдердің 2 түрін атауға болады:

1. Жеке;

2. Ұжымдық.

Жеке келісімдер - бұл кәсіпорын немесе жұмыс тобының ішіндегі жеке жұмысшылар мен жұмыс берушінің арасындағы қатынастар.

Ұжымдық - кәсіпорын жұмысшы топтардың өкілдері, әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің арасындағы қатынастар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті
Қонақ үй шаруашылығындағы қызмет түсінігі
Қонақүйдің болашақтағы жетілдіру
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Персоналды пайдалануды жоспарлау
Тауар биржалары: мәні және даму жолдары
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Қонақ үйлердің қазіргі заманғы классификациялық жүйелігі және оның туризмдегі ролі
Мейрамханалық шаруашылық кәсіпорындарда қызмет көрсетудің халықаралық стандартарын еңгізуді ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz