Экономиканың даму тенденциясындағы дағдарыс


Экономиканың даму тенденциясындағы дағдарыс
Жоспар:
- Дағдарыс және оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы ролі.
- Дағдарысқа қарсы басқарудың қажеттілігі және мүмкіндігі
- Дағдарысты сипаттайтын белгілер және оның ерекшеліктері.
«Дағдарыс» түсінігі кез-келген басқарушылық шешімдерді әзірлеудің методологиясына әсер ететін «тәуекел» түсінігімен тығыз байланысты. Әлеуметтік-экономикалық жүйе өзінің кез-келген түрінде және нысанында 2 үрдіске ие: жұмыс істеу және даму.
Жұмыс істеу - бұл оның тұтастығын, сапалы белгілігін, мәнді сипаттамасын анықтайтын тіршілік әрекетті қолдау, функцияларды сақтау болып табылады
Даму - бұл өзгермелі орта жағдайында тіршілік әрекетін нығайтатын жаңа сапаны иемдену.
Жұмыс істеу және даму өзара тығыз байланысты және әлеуметтік-экономикалық жүйенің нег. үрдістерінің диалектикалық бірлігін бейнелейді. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық жүйенің жұмыс істеуі тек мынадай белгілердің б. б. сәйкестігі барысында мүмкін: еңбек құралдары оның заттарын өзгерту мүмкін, адам еңбек заттарын билеу керек, нәтиже адамның мүддесіне және қажеттілігіне сәйкес болу керек. Бұның бәрі жұмыс істеудің шарттары болып табылады Даму - еңбек заттарында, құралдарында және адам-ғы өзгерістерді сипаттайды. Бұндай өзгерістердің белгісі болып әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің жұмыс істеуінің немесе бұл үшін жаңа жағдайларды құрудың орнықтылығын және үйлесімділігін нығайтатын жаңа сапаларының пайда болуы табылады. Даму фактісі болып - еңбек өнімділігінің жоғарылауы, оның мінез-құлқының өзгеруі, жаңа технологияның пайда болады, қызметті ынталандыруды күшейту табылады.
Ұйымда кез келген жағдайда дағдарыс қауіптілігі болады, дағдарыс байқалмаса да. Бұл басқаруда тәуекел бар болумен, әлеуметтік экономикалық жүйе циклымен дамитындығымен, басқарылатын және басқарылмайтын процестер арақатынасының өзгеруімен, адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының өзгеруімен анықталады. Дағдарысқа қарсы басқару бұл дағдарыс қауіптілігін алдын ала болжау, олардың симптомаларын талдау, дағдарыстың кері әсерін төмендету бойынша шараларды басқару және олардың факторларын ары қарай дамытуға қолдану. Дағдарысқа қарсы басқару мүмкіндігі бірінші адам факторымен анықталады. Адамның саналы түрдегі қызметі дағдарыстық жағдайдан шығу жолдарын іздеп табуға, күрделі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқару мүмкіндігі әлеуметтік экономикалық дамудың циклдық сипатын білумен анықталады. Ол дағдарыстық жағдайды болжауға мүмкіндік береді.
Дағдарыстың алдын-алу - бұл басқарылатын үрдіс. Бұны адам-дың, өндірістің ж/е экономиканың даму тарихында болған көптеген дағдарыстар растайды. Басқарудың сәттілігі дағдарысты, оның басталуының белгілерін уақытысында танып білуге байланысты. Дағдарыстың белгілері, ең алдымен, оның технологиялық керек-жарағы бойынша сараланады: ауқымы, проблематикасы, даму аумағы, себептері, мүмкін салдары, көрініс фазалары.
Дағдарысты тануда проблемалардың өзара байланысын бағалау үлкен мәнге ие. Әлеуметтік-экономикалық жүйені басқаруда дағдарысқа қарсы дамудың мониторингіқызмет ету керек. Бұл - даму үдерістерін бақылау ж/е олардың тенденцияларын дағдарысқа қарсы басқару өлшемдері б/ша қадағалау. Біз ауа-райды, жер сілкіністерді болжай аламыз ж/е онымен арнайы қызметтер айналысады. Басқару жүйесінде неге мұндай қызметтер бола алмайды?
Бұндай болжам жасау үшін дағдарысты дамудың белгілері ж/е көрсеткіштері, оларды есептеудің методологиясы ж/е оны талдау барысында қолдану қажет. Дағдарысты болжау тек жағдайларды ж/е үрдістерді арнайы талдау негізінде мүмкін. Жалпы дағдарысты тануда әлеуметтік-экономикалық жүйенің жағдайын бағалаудың барлық көрсеткіштері қатысады. Бүгінгі таңда басқарудың қиындықтарымен ж/е өндірістік қызметтің ұлғаймалы ауқымдарымен байланысты дағдарысты жағдайларды тану ж/е дағдарысты болжау кәсіптік негізге қойылу керек. Дағдарыстың алдын-алу - дағдарысты жағдайларды талдау әдістемесіне ж/е дағдарысқа қарсы басқару аймағындағы мамандардың болуына байланысты.
Тоқырап тұрған қуаттарды жүктеу, әлеуметтік тұрғыдан жұмыспен қамтудың көбеюін, әлеуметтік шиеленістерді және елдегі қылмыстық жағдайдың төмендеуін білдіреді. Толық жүктелмеген қуаттар экономиканың дағдарыстан шығудың бастапқы кезеңдеріндегі экономикалық өсудің маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар инвестициялық қызметтің келешек айтарлықтай белсенділігінің маңызды алғышарттары болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, негізіне келесі ұстанымдар жататын белсенді өндірістік саясатқа тіреледі (яғни әлеуметтік аспектілер келесі б. т. ) :оны жүзеге асырудағы оның барлық қатысушыларының қызығушылықтарын ескеруді қамтамасыз ету; әлеуметтік-экономикалық бағдар: құрылымдық өзгерістер үстіндегі жағымсыз салдарларды азайтуға, ал осыдан соң тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылату үшін де ыңғайлы жағдайлар туғызу; шаралардың арнаулы (мекенжайлық) сипаты және оларды жүзеге асырудың соңғы нәтижелеріне қатысушылардың жоғары жауапкершілігі; өндірістегі өзгеріс процесінің қатысушылары үшін келісімдік қатынастар жүйесі мен конкурстық негіздер; өндірісті жетілдіруді қамтамасыз ету және ғылыми-өндірістік және зияткерлік (интеллектуальные) шамаларды қамтамасыз ету мақсатымен қорларды орталықтандыру; мемлекеттік мүлікті жалға беру, лизинг және инвестициялық сату конкурстарын кеңінен пайдалану; еңбек, капитал, тауарлар мен қызметтер, технология және т. б. нарықтарындағы жалпылық сұраныс уәждемесін (мотивация) дамыту және қолдау.
Дағдарысқа қарсы басқарушы басқару функцияларын персонифицируші болып табылады. Оның қызметінің классикалық негіздерінен басқа келсідей функцияларды атқарады:
1 Стратегиялық-жағдайды талдау және болжау негізінде ұйымның мақсаттарын белгілеу, стратегия жасаумен жоспар құруды үйлестіру.
2 Әкімшілік - нәтижелерді қадағалау және бағалау, қызметін коррекциялау , оны мерзім, уақыт, ресурстар бойынша үйлестіру, ыналандыру және жазалау шараларын жүйелендіру жүйесін қалыптпстыру.
3 Сараптамалык-инновациялық дағдарысқа қарсы басқарушыдан ұдайы, мақсатты бағдарланған экономиканың әр түрлі саласындағы жаңашылдықтармен танысу, бағалау және сараптау, тәжірибеге енгізу жағдайын жасауды талап етеді.
4 Тәрбиелік - ұжымда жағымды моральдік-психологиялық ортаны жасау, дәстүрлерді бұзбау, кекілжіңдердің алдын алу және стандартты мінез-құлықты қалыптастыруды ұйғарады.
5 Көшбасшылық - дағдарысқа қарсы басқарушы басқарушы бұл функциясында қоластындағы қыметкерлер мен әріптестерінің қызығушылықтары ұйымның мақсаттарына қайшы келмеуін қадағалайтын қызметтің ұйытқысы болады. Топтың ішкі бірлігін сақтап қалу мен жұмыстағы жалпы көз қарасы соған байланысты болады.
Экономикалық дағдарыстардың пайда болуының негізгі себебіне өндіріспен тауарды тұтыну арасындағы үзілістің болуын жатқызамыз. Табиғи шаруашылық кезінде өндіріспен тұтыну арасында тікелей байланс болған, сондықтан экономикалық дағдарыстың пайда болуына мүмкіндік болған жоқ. Оларға мүмкіндік тауарлы өндірістің дамуымен пайда болды. Еңбек бөлінісі, мамандану және кооперацияның дамуы өндіріспен тұтыну арасындағы үзілісті өсірді. Тауарлар негізінен жергілікті нарықта сатылды. Оларды өткізумен байланысты қиындықтар локальды сипат алды және өткізу процесінің бұзылуына алып келмейді. Тауарлы өндіріс өндіруші ұйымның басқару формасы, ал нарық оның реттеушісі болғаннан кейін, өндіріс пен тұтыну арасында уақыт бойынша да, кеңістік бойынша да үзіліс өсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz