Құтты білік дастаныны



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І тарау. "Құтты білік" дастанының танылуы...
1.1 "Құтты біліктің" зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Дастанның аударылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ тарау. Дастанның идеялық мазмұны мен
көркемдік ерекшеліктері.
2.1 Дастанның жанрлық ерекшелігі мен идеялық мазмұны
2.2 Дастанның тақырыбы мен сюжеттік құрылысы ... ... ...
2.3 Дастанның көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Түркі мәдениетінің ұлы да ұлағатты әдеби ескерткіші «Құтты білік» дастанын жазған Жүсіп Баласағұн өмір сүрген Қараханид мемлекетінің тарихи, саяси - әлеуметтік жағдайы баяндалады. Жүсіп Баласағұн әдебиетке өзіндік стильмен өрнектелген идеялық көркемдік жаңалық алып келді. Оның әдебиет сахнасындағы өззіндік иірім жолы өзгеше, ол нақты стильмен ерекшеленетін ғұлама ойшыл ақын. «Құтты білік» дастанының өз дәуірінде маңызды еңбек болуымен қатар, сол кезде түркі халықтарына ғана емес, көптеген Шығыс, Орта Азия елдеріне белгілі болып, құрметпен бағаланған. Дастанда әлеуметтік жағдайдың, халықтың, әр түрлі топ өкілдерінің қоғамдағы орны, адамгершілік идеялар, өнер, ғылым, білім тақырыптары ерекше жырланған. Жүсіп Баласағұнның терең ойлары, ақындық шеберлігі қоғамдық, адамзаттық әлсіз тұстарына ғана барып қоймайды, қайта қоғамның, адамзаттың өзіне тән тәрбиенің әртүрлі қырларын танып білуге мүмкіндік тудырады.

Тақырыптың өзектілігі:
Х-ХІ ғасырлардың өзінде Орта Азия, қазақ елі аумағын мекендеген халықтардың мәдени даму биіктерінің бірі болған философиялық поэмаға арқау болған тарихи шындықты тану, жанрлық ерекшелігі мен құрылысын ашу, зерттеу еңбекте Жүсіп Баласағұнның жан-жақты гуманистік танымын көрсету мақсатында «Құтты білік» дастанының энциклопедиялық мәнін ашу тақырыптың өзектілігі болып табылады:
1. «Құтты білік» дастаны арқылы қарахандар дәуіріне барлау жасау. Жүсіп Баласағұнның өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректерді көрсету.
2. Бұл дастанның түркі халықтарының кейінгі дәуірлердегі әдебиетіне әсері және жұмыстың тарихи тұстарын қарастыра отырып, шығармадағы басты идеялардың адам бойында қалыптасуына назар аудару.
3. «Құтты біліктің» композициялық құрылысының ерекшелігін, еңбектің көлемін, оны тарауларға бөліп берудегі ерекшелігін, дастандағы кейіпкерлердің сұрақ-жауап, әңгімелері, хаттары арқылы ақынның өз ойларын жеткізуін, әрбір тараудың тақырыптық ерекшелігін айқындап, тілінің байлығы мен дастандағы мақал-мәтелдер мен афоризимдердің ерекшеліктерін ашып көрсету.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанның идеялық-көркемдік ерекшелігін жан-жақты ашу, Жүсіптің терең ойлары мен ақындық шеберлігін көрсету жұмыстың басты мақсаты. Одан туындайтын міндеттер мыналар:
1. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының нұсқадағы аудармаларының мәтінін оқу.
2. Жүсіп Баласағұнның шығармасына байланысты зерттеулермен танысу.
3. Шығармаға арқау болған тарихи фактілер мен аңыздардың себептерін танып білу.
4. Ақынның шеберлігін, шығармасының стильдік ерекшелігін айқындау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Зерттеу барысында ақынның өзіндік шеберлігі мен шығармадағы тақырыптық маңызы айқындалды. Ақынның идеялық ойларына, шығармасының стильдік ерекшелігіне талдау жасалынды. Сонымен қатар дастанның идея мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді.

Зерттеудің дерек көздері:
Дерек көзі ретінде А.Егеубаев пен Ә.Құрысжановтың аудармалары, М.Әліпхановтың «Құттың кілті – кісілік», Н.Келімбетовтің «Ежелгі дәуір әдебиеті», Х.Сүйіншәлиевтің «Ғасырлар поэзиясы», А.Қыраубайқызының «Ежелгі әдебиет», А.Егеубаевтың «Құлабыз», М.Мырзахметовтің «Абай және Шығыс» атты еңбегі мен әр жылдары баспа бетінде жарық көрген мақалалар негізге алынды.

Зерттеудің әдісі:
Жұмыс барысында жүйелі сипаттау, баяндау, салыстырмалы талдау тәсілдері қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен және екі тараудан, сонымен қатар қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ахметов Т. Жүсіп Баласағұнның имандылық идеялары // Қазақстан мектебі, № 10, 1993.
2. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. –Алматы: Ана тілі, 1998.
3. Әліпханов М. Құттың кілті - кісілік. –Түркістан: Мұра. 1997.
4. Әліпханов М. ¦лы ақындар, үндес сарындар // Жібек жолы, № 3,4, 1992.
5. Бартольд В. Баласагуни. Сочинения. 3-том. –Москва: Наука, 1965.
6. Бартольд В. Сочинения. 4-том. –Моква: Наука, 1966.
7. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. –Алматы: Жазушы, 1989.
8. Валитова А. Юсуф Баласагунский и его «Кутадғу билиг» // Ксина № 4 1952
9. Дербісәлиев Ә. Шыңырау бұлақтар. – Алматы: Жазушы, 1982.
10.Егеубаев А. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» // Қазақстан мектебі. №11 1993.
11.Егеубаев А. Жүсіп Баласағұн. «Құтадғу білік» (Х1 ғ.) // Жұлдыз. № 3 1996.
12. Егеубаев А. Құлабыз. – Алматы, 2001.
13. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. – Алматы: Ана тілі, 1991.
14. Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. Көне түркі тілінен аудаған Асқар Егеубаев.- Алматы: Жазушы, 1986.
15. Каримов К. Некоторые вопросы композиции, метра и жанра. «Кутадғу билиг» // Сов. туркология. № 2 1973.
16. Кәкішов Т. Көне дәуірдегі сыншыл ойлар. // Жұлдыз. № 12 1993.
17. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті.- Алматы: Ана тілі, 1991.
18. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түрколлгия. – Алматы: Ғылым, 1987.
19. Қоңыратбаев Ә, Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. – Алматы: Қазақ университеті, 1991.
20. Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. - Алматы: Әл-Фараби, 1996.
21. Құрышжанов Ә. Құдатғу білік. – Түркістан: Тұран баспаханасы, 2004.
22.Малов С.Е Кутадгу билиг-факсимилие. Сов. Востоковедение, 1948.
23. Мырзахметов М. Абай және Шығыс.- Алматы: Қазақстан, 1994.
24.Мырзахметов М. Жүсіп Баласағұни. Сөнбес жұлдыздар. – Алматы: Қазақстан, 1994.
25. Мырзахметов М. Құтты білік дастанының мәні // Қазақстан мектебі., №7 2004.
26. Орынбеков М. Жүсіп Баласағұн және қоғамдық ой-ағым // Қазақ тарихы., № 1, 1995.
27. Сүйіншәлиев Х. Ғасырлар поэзиясы. – Алматы: Жазушы, 1987.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...

І тарау. "Құтты білік" дастанының танылуы...

1.1 "Құтты біліктің"
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...

1.2 Дастанның
аударылуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...

ІІ тарау. Дастанның идеялық мазмұны мен

көркемдік ерекшеліктері.

2.1 Дастанның жанрлық ерекшелігі мен идеялық мазмұны

2.2 Дастанның тақырыбы мен сюжеттік құрылысы ... ... ...

2.3 Дастанның көркемдік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Түркі мәдениетінің ұлы да ұлағатты әдеби ескерткіші Құтты білік
дастанын жазған Жүсіп Баласағұн өмір сүрген Қараханид мемлекетінің тарихи,
саяси - әлеуметтік жағдайы баяндалады. Жүсіп Баласағұн әдебиетке өзіндік
стильмен өрнектелген идеялық көркемдік жаңалық алып келді. Оның әдебиет
сахнасындағы өззіндік иірім жолы өзгеше, ол нақты стильмен ерекшеленетін
ғұлама ойшыл ақын. Құтты білік дастанының өз дәуірінде маңызды еңбек
болуымен қатар, сол кезде түркі халықтарына ғана емес, көптеген Шығыс, Орта
Азия елдеріне белгілі болып, құрметпен бағаланған. Дастанда әлеуметтік
жағдайдың, халықтың, әр түрлі топ өкілдерінің қоғамдағы орны, адамгершілік
идеялар, өнер, ғылым, білім тақырыптары ерекше жырланған. Жүсіп
Баласағұнның терең ойлары, ақындық шеберлігі қоғамдық, адамзаттық әлсіз
тұстарына ғана барып қоймайды, қайта қоғамның, адамзаттың өзіне тән
тәрбиенің әртүрлі қырларын танып білуге мүмкіндік тудырады.

Тақырыптың өзектілігі:
Х-ХІ ғасырлардың өзінде Орта Азия, қазақ елі аумағын мекендеген
халықтардың мәдени даму биіктерінің бірі болған философиялық поэмаға арқау
болған тарихи шындықты тану, жанрлық ерекшелігі мен құрылысын ашу, зерттеу
еңбекте Жүсіп Баласағұнның жан-жақты гуманистік танымын көрсету мақсатында
Құтты білік дастанының энциклопедиялық мәнін ашу тақырыптың өзектілігі
болып табылады:
1. Құтты білік дастаны арқылы қарахандар дәуіріне барлау жасау. Жүсіп
Баласағұнның өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректерді көрсету.
2. Бұл дастанның түркі халықтарының кейінгі дәуірлердегі әдебиетіне әсері
және жұмыстың тарихи тұстарын қарастыра отырып, шығармадағы басты
идеялардың адам бойында қалыптасуына назар аудару.
3. Құтты біліктің композициялық құрылысының ерекшелігін, еңбектің
көлемін, оны тарауларға бөліп берудегі ерекшелігін, дастандағы
кейіпкерлердің сұрақ-жауап, әңгімелері, хаттары арқылы ақынның өз ойларын
жеткізуін, әрбір тараудың тақырыптық ерекшелігін айқындап, тілінің байлығы
мен дастандағы мақал-мәтелдер мен афоризимдердің ерекшеліктерін ашып
көрсету.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанның идеялық-көркемдік
ерекшелігін жан-жақты ашу, Жүсіптің терең ойлары мен ақындық шеберлігін
көрсету жұмыстың басты мақсаты. Одан туындайтын міндеттер мыналар:
1. Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының нұсқадағы
аудармаларының мәтінін оқу.
2. Жүсіп Баласағұнның шығармасына байланысты зерттеулермен танысу.
3. Шығармаға арқау болған тарихи фактілер мен аңыздардың себептерін
танып білу.
4. Ақынның шеберлігін, шығармасының стильдік ерекшелігін айқындау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Зерттеу барысында ақынның өзіндік шеберлігі мен шығармадағы тақырыптық
маңызы айқындалды. Ақынның идеялық ойларына, шығармасының стильдік
ерекшелігіне талдау жасалынды. Сонымен қатар дастанның идея мен
композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді.

Зерттеудің дерек көздері:
Дерек көзі ретінде А.Егеубаев пен Ә.Құрысжановтың аудармалары,
М.Әліпхановтың Құттың кілті – кісілік, Н.Келімбетовтің Ежелгі дәуір
әдебиеті, Х.Сүйіншәлиевтің Ғасырлар поэзиясы, А.Қыраубайқызының
Ежелгі әдебиет, А.Егеубаевтың Құлабыз, М.Мырзахметовтің Абай және
Шығыс атты еңбегі мен әр жылдары баспа бетінде жарық көрген мақалалар
негізге алынды.

Зерттеудің әдісі:
Жұмыс барысында жүйелі сипаттау, баяндау, салыстырмалы талдау тәсілдері
қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен және екі тараудан, сонымен қатар
қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Құтты білік дастанының танылуы.

1. Құтты біліктің зерттелуі

Алдымен қаламгердің өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтер мен
сол кездегі тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайларға, әдебиеттің жалпы даму
сипатына тоқтала кетейік. Ежелгі Түркістанның батыс мен шығысында бірдей
ІХ ғасырдан бастап-ақ ықпалды іргелі елдік құрған Қарахандар әулетінің
билігі дәуірлеп тұрған заманнан бізге жеткен Жүсіп Хас-Хажыбтың Құтты
білік, Махмуд Қашғаридың Түркі тілінің сөздігі, Ахмед Иүгнәкидің Ақиқат
сыйы туындылары мен Құранның түсіндірмесі адамзат өркениетінің өлмес
қазыналарының баға жетпес асыл мұралары боп отыр. Бұл классикалық
шығармалар сол кездің өзінде белгілі дәрежеде әдеби-мәдени дәстүрдің
көркемдік-эстетикалық танымның қалыптасқан мектебінің болғандығын меңзейді.
Мұндай үрдісті, өркенді шығармалардың дүниеге келуі, жазылуы - тұтас бір
шығармашылық кезеңнің, өрісті дәстүрдің мәуесі. Сол кезеңнің өзінде-ақ
түрлі ірілі-ұсақты, мәнді-мәнсіз сан алуан шығарма, жазбалардың болғандығын
бүгінге дейін сақталып келгендігін түрлі тізбелерден жақсы аңғаруға болады.
Бір қызығы, Орта Азия мен Қазақстан жерінде жазылған шығармалар, кітаптар
жөніндегі көне сипаттаммаларда, библиографиялық тізбелерде Құтты білік
дастаны мен Түркі тілінің сөздігі атты екі ірі еңбектің аты да аталмайды.
Әлдебір елеусіз, ортақолдау авторлар жөнінде нақты деректер жиі кездеседі.
Мәселен, Әбу Сейіт Сәмәдидің белгілі Китаб әл-әнсаб атты еңбегінде сол
дәуірде белгісіз, ұсақ авторлар жөнінде жүздеген бет мағлұматтар
жазылғанда, Жүсіп Баласағұн мен Махмұт Қашқаридың әлемге аян еңбектері
хақында еш дерек түспеген. Аталып, түстеліп, хатталып, ен тағылған
шығармаларға қарағанда Құтты білік пен Түркі тілі сөздігінің бізге
тұтастай сақталып жеткені де ерекше жағдай [11].
Түркі мәдениетінің ұлы да ұлағатты әдеби ескерткіші Құтты білік
дастанын жазған Жүсіп Хас-Хажыб Баласағұн ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны,
есімі күллі шығыс елдеріне мәшћүр болған данышпан ойшыл, энциклопедист -
ғалымы, белгілі қоғам қайраткері. Оның өмірі мен қызметі, мақсаты жас
шамасы хақындағы там-тұмдаған деректерді негізінен шығарманың өз тексінен
ғана табамыз. Дастанның ел өміріндегі маңызы, сипаты мен қасиеті, мұрат-
мақсаты мен тілі жайлы мағлұматтар да тексте кездесетін автордың өз
пайымдауларынан жақсы аңғарылады.
Жүсіп Хас-Хажыб 1010-1015 жылдары шамасында Шудың бойында, Талас
даласында Баласағұн шәћарында дүниеге келген. Баласағұн мен Қашақар сол
кездегі Қарахан мемлекетінің бас қалалары ретінде елдің батысы мен
шығысындағы ірі орталықтар, қос астанасы. Ғұлама ойшылдың туған жылы, өмір
сүрген дәуірінің хронологиясы туралы пікір, болжамдар әртүрлі. Зерттеушілер
оны негізінен шығарма деректеріне, текстегі мағына, меңзеулерге сүйене
отырып есептеп шығарған. Туркияның атақты ғалымы Рәшит Рахмати Арат ақын
атақты дастанын аяқтағанда шамамен 54 жаста болған, демек 1015-1016 жыл
туған деген болжам айтады. Ал сол елдің екінші бір әйгілі зерттеушісі
А.Ділашар Жүсіп Хас-Хажыб дастанды жазуды 50 жасында бастаған, сонда 1018
жылы туған болып шығады деп жазады. А.Ділашар ойшыл ақын 168 жылы Қашқарға
аттанды, шығармасын сонда жазды деген де болжам білдіреді. Дастанның
кіріспесінде: Қашқарда жазып бітірдім - деген дерек түсірілген (24, 25,
29 - бәйіттер). Дегенмен Баласағұнда бастап Қашқарда аяқтаған деген Арат
пікіріне ден қоямыз. Тіпті Жүсіп Баласағұнның өзі Бұл сөзді үлгілеп 462
жылы жазып бітірдім, 18 айда айттым бұл сөзді, сөздерді теріп, түзіп
сараладым, таңдадым, - деп жазады. Тексте атап айтылғандықтан болар,
зерттеушілердің дастанның жазылған жылына байланысты пікірлері негізінен
бір жерден шыққан [10].
Сөйтіп осы шығарманы ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалымдардың есебі
бойынша, Жүсіп Баласағұн өз дастанын 54 жасында жазып бітірген. 1070 жылы
ол Құтты білікті жазып болып, сол жылы оны хандардың ханына тарту
еткен. Бұл тарауға риза болған Бограхан ақынға ¦лы Хас-Хажыб бас
кеңесшіміз немесе ұлы уәзір деген жоғары атақ береді.
Ал, А.Н.Кононов өз кезегінде В.В.Бартольдқа сүйеніп ол кезеңдегі
Қарахандар билеушісінің аты-жөнін: Тауғаш-Бұғра-Қарахан Әбу Әли Хасан,
Арслан Қарахан Сүлеймен ұлы деп білдіреді. С.Г.Кляшторный: Дастан сыйға
тартылған елбасының аты арабша Әбу Әли әл-Хасан, түрікше лауазым мәртебесі
Тауғаш Боғра Қарахан болатын деп түйеді. Дастанның жазылуының тарихи
себептерін, әрі түркі жұртына мұсылмандық ұшқындары келе бастаған кезеңдегі
туған бұл шығарманы осы күнге дейінгі зерттеулердің бәрінде де В.В.Бартольд
болжамы негізге алынып жүр.
Сөйтіп, Шу бойынан шыққан Жүсіп осынау әлеуметтік-этикалық мәні терең,
қалың елдің моральдық-этикалық бағдарламасы іспеттес еңбегін күллі Тұран
еліне, Шығыс әлеміне танытты. Батыс пен Шығысты тең шарлап кеткен бұл әдеби
жәдігер он ғасырдай мерзім өткенде, өз атамекеніне оралғандай болды, 1986
жылы Қазақ жерінде өз ана тілімізде алғаш рет жарық көрді.
Х-Х1 ғасырлардың өзінде-ақ Орта Азия, Қазақ елі аумағын мекендеген
халықтардың мәдени даму биліктерінің бірі болған философиялық поэманың
даналық ойлары күні бүгінге дейін аса құнды, өміршең. Құтты білік -
ежелгі түркі тілдегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы. Философиялық
толғамдармен де, көркемдік нақыстармен де, поэтикалық ойлау ерекшелігімен
де шеберліктің үздік үлгісіндей бұл ауқымды дастан сол дәуірдегі өнер
өрісін,көркемдік таным биігін қапысыз аңғартады. Дастанның авторы
әлеуметтік-эстетикалық, адамгершілік-имандылық мұраттарды халықтың санасына
жақын қарапайым да қанатты тілмен, сол кездегі ғылыми танымның жоғары
деңгейінде аса ұғынықты, ұтымды жеткізеді. Құтты біліктен орта ғасырдағы
қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың, ғылыми мен мәдениеттің, тіл өрнегінің
саясаттық даму дәрежесінде пайымдап, мол мағлұмат аламыз.
Құтты білік дастаны арқылы қарахандар дәуіріне барлау жасап, тарихи-
этнографиялық, моральдық-эстетикалық, тіл ерекшеліктеріне қатысты
аспектілерге байланысты құнды пайымдаулар туйіндеп, пікір қорытуға болады.
Шығармада ел басқарудың, экономиканы, әлеуметтік- тұрмыстық ахуалды, әскери
істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің әл-ауқатын
жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. сол
заманғы ғылым мен мәдениеттің жетістіктері де аңғарылып отырады. Дастан
көне түркі өркениетінің мәуесі болғанымен жалпыадамзаттық,адпамгершілік-
имандылық мұраттарды терең толғап, күллі адам баласына тән ізгі қасиеттерді
ұлағат етіп ұсынады [11.172].
Қарахандар мемлекетінің тарихын талдап, зерттей түсу дастанның қоғамдық-
әлеуметтік тарихи негізін, алғышарттарын білуге көп көмегін тигізері анық.
Ғылымда бұл жөнінде көптеген зерттеулер, болжамдар, қарама-қайшы пікірлер
баршылық.
Х ғасырдың орта кезінде Жетісу мен Шығыс Түркістан территориясында
қалыптасқан Қарахан мемлекеті бірте-бірте ұлғайып, Х1 ғасырдың екінші
жартысында қуатты мемлекетке айналған. Кейінірек ол Сырдария мен Амудария
аралығындағы Мәуеренаћрды жаулап алған соң, бұл ел дербес екі мемлекетке
Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлініп кетті. Жетісу өңірі мен шығыс
Түркістан шығыс қағанат құрамына еніп, оның саяси орталығы Қара-Орда, Күз-
Орда қалалары болды [10].
Баласағұн қаласы тарихта әлденеше күйреп, әлденеше қалпына келтірілген
көне шәћар. Қарахандар елінің ең жоғарғы, мәртебелі қаған орталығы
Баласағұнда орналасқан. Осы кезеңде, жаугершілік уақыттарда Баласағұн
тарихи оқиғалардың нақ ортасында тұрды. ХІІІ ғасырда сарайшық қаласынан
табылған қыш құмырада Ақыл көркі - тіл, Тілдің көркі сөз, Кісі көркі-
жүз, жүздің көркі-көз деген. Құтты біліктің бір бәйіті жазылғаны тегін
емес. Құтты білік көшірмелерінің өзі бір шеті Мысырдан, бір шеті Венадан
шығуы тағы да кездейсоқтық емес. Бұл мәдени даму тынысының қарымдылығының,
қызу қарым-қатынас пен өркениетті үрдістің белгісі. Баласағұн қаласының
орны жөніндегі болжамдар да біршама. Мысалы, В.В.Бартольд күйреген Ақ Бешім
мен Боран бекеті ме деп шамалайды. Қазақ ғалымдарының ішінен Ғ.Шәлекенов
қазіргі Ақтөбедегі экспедициялық іздестіру, зерттеу жұмыстарына сүйеніп,
оны Баласағұн [27] деп дәлелдейді. Қалайда Жетісу жеріндегі қазақ
даласындағы іргелі астана.
ХІ ғасырдың орта кезінде қоғамдық дамудың әртүрлі дәрежесіндегі өлкелер
мен уәлаяттар арасындағы қым-қиғаш соғыс, аласапыран арпалыс тынымсыз жүріп
жатты. Енді осындай қиын жағдайда мемлекетті қалай басқару керек, оның ішкі
және сыртқы тәртібін сақтап отыру үшін қандай заң-ережелер қажет, елді
басқаратын патша мен сарай қызметкерлер, оларға бағынышты диқандар,
малшылар, қоғам мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынас қандай болу керек
деген сұрақтар туа бастады. ¤мірдің өзі алға қойған бұл сұрақтарға жауап
ретінде нақ осы кезде Құтты білік дастаны жазылды.
Бұл дастан - мемлекетті басқару әдістерін, адамгершіллік принциптерін,
қоғамдық саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар
нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылғн көркем туынды [12.159].
Дастанның басты мақсаты - бақытты қоғам, құтты ел түзу. Сондықтан да
отбасын ұстаудан бастап мемлекет құру, ел басқару ісіне дейін баянды
баяндайды. Ғұлама ақын бірде өмір, тұрмыс заңдылығынан туған, бірде қиялын
оятқан утопиялық тебіреністерге батады, терең мағыналы пәлсапалық
пайымдаулар түйді. Баласағұн ірі саяси, мәдени кіндік шәћар. Орта
ғасырлардағы тарихи керуен жолдарының оған сөкпей өткені жоқ. Құтты
біліктен елші, жићанкездердің, саудагерлердің, қолөнершілердің мінез-құлқ,
олармен қарым-қатынас жасау реттері жеке-жеке арнайы тарауларға негіз
болғандығы тегін емес. Осындай сараң деректердің өзі сол кездегі қоғамдық -
әлеуметтік жағдайдан хабардар етеді. Қала сәулеті, сауда-саттықтың
өркендеуі, отырықшылықтың қалыптасуы, өнер, ғылым осының бәрі де Құтты
білік секілді дастанның дүниеге келу заңдылығын, тарихи алғышарттарын
танытады.
Сондай-ақ саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағарту, мәдениет
секілді мәселелерді ғұлама ақын өз дәуірінің талап-тілектері тұрғысынан
жырлайды. Сөйтіп Жүсіп Бакласағұн бір жағынан өз заманының ойшыл ақыны, ірі
ғалымы, тарихшысы ретінде, екінші жағынан өз дәуірінің перзенті , феодал
табының өкілі, үстем таптың сөзін сөйлеп, сойылын соғушы адам ретінде тарих
сахнасына шықты.
Құтты біліктің түпнұсқасы бізге жетпеген. Оқырман қауымға әзірге
дастанның үш көшірме қолжазбасы мәлім. 1439 жылы Гератта ұйғыр әрпімен
көшірілген нұсқасын елшілік қызметте жүрген австриялық шығыстанушы ғалым
И.Хаммер Пургшталь 1796 жылы табады. Ол дастанды Венадағы Король сарайының
кітапханасына тапсырады. Дастан туралы қысқаша сипаттама жазып, кітаптар
катологіне ендіреді. Қолжазба туралы алғашқы мақаланы Париждегі колледждің
оқытушы ғалымы, араб, парсы, түркі тілдері кафедрасының меңгерушісі
П.А.Жобер Заметки о турецкой рукописи уйгурскими буквами деген атпен 1825
жылы Азиятану журналында жариялайды. 1857,1861 жылдары И.Н.Березин мен
Н.И.Ильминский дастанның алғы сөзінен алған үзіндіні өз кітаптарында
бастырады. 1870 жылы венгр ғалымы Герман Вамбери басылымы толық жарияланып
болмаса да, дастанды зерттеу жұмыстарының жаңа мүмкіндіктерін аша түседі.
Құтты біліктің жариялануы мен зерттелу тарихының жаңа кезеңі
В.В.Радлов есімімен байланысты. Ол Құтты білікке өз өмірінің жиырма бес
жылын арнайды. Оның дастанды зерттеу ісі 1884 жылы қолжазба көшірмесін алу
үшін Венаға барған жолсапарынан басталады. 1890 жылы дастанның
факсимилиясын жариялайды.Келесі 1891 жылы дастан тексінің маньчжур
алфавитіне негізделген транскрипциясын дайындап, бастырады. 1897 жылы
В.В.Радловтың неміс тіліндегі аудармасы жариялана бастайды. Екінші Кайр
нұсқасының табылуымен байланысты Радловтың неміс тіліндегі аудармасы
жариялана бастайды. Екінші Каир нұсқасының табылуымен байланысты Радловтың
аудару ісі кідіріп қалады. Бұл кезде В.В.Радлов дастанның 64 бетін аударып
үлгерген еді.
Құтты біліктің араб әрпімен жазылған екінші нұсқасын неміс
зерттеушісі Б.Мориц 1896 жылы Каир кітапханасынан табады. В.В. Радлов осы
нұсқаның көшірмесін 1898 жылдың орта кезінде толық түрде қолға түсіріп, өз
тарапынан қайта қарап, жөндеп, түптеп, Шығыстану институтының Ленинград
бөліміндегі қолжазба қорына тапсырады. Вена, Каир екі қолжазбаның
негізінде жасалған дастанның толық транскрипциясы мен неміс тіліндегі
аудармасын В.В.Радлов 1910 жылы жариялайды. Құтты білікті жариялау,
аудару, зерттеу ісіне жиырма бес жылы өмірін жұмсаған В.В.Радлов ұйғыр
тілінің грамматикалық құрылымы туралы очеркі мен Құтты біліктің сөздік
индексін құрастыру жұмыстарын ойға алған болатын, бірақ ол ойын іске асырып
үлгермейді. Құтты білікті жариялау, зерттеу, аудару ісіне В.В Радловтың
сіңірген еңбегі зор. С.Е Малов, В.В.Радловтың аудармасын "поражает
мастерством и глубоким проникновением в звук языка " [21.98] деп өте жоғары
бағалайды.
үшінші нұсқасын Наманган қаласындағы жеке кісінің кітапханасынан 1913
жылы А.З.Валидов тапқан. Бұл дастан нұсқаларының ең сапалысы саналады. Осы
нұсқаны 1925 жылы өзбек ғалымы Фитрат қайта тауып, ол туралы мақала жазады,
дастан үзіндісін жинақта жариялайды.
Құтты білік туралы елуінші жылдарға дейін біршама зерттеулер
жинақталады. 1951 жылы С.Е.Маловтың атақты Көне түркі жазба ескерткіштері
жарық көреді. Мұнда дастан туралы қысқаша зерттеу беріледі, шығарма
үзіндісі жарияланады, соңында дастанның зерттелу тарихын танытатын
әдебиеттер тізімі көрсетілген. Құтты біліктің толық тексі мен ғылыми
аудармасы түрік, өзбек тілдерінде жарық көрген. Орыс, қазақ тілдерінде
дастанның көркем аудармасы жарияланды. 1984 жылы дастан ұйғыр тіліне де
аударылған. Құтты білік дастаны туралы жан-жақты зерттеу нәтижелерімен
А.А.Валитова, С.Е.Малов, Р.Р.Арат, Ділашар, С.Бамер, К.Кримов,
И.В.Стеблева, И.В.Баролина, Д.М.Насилов, А.Егеубаев еңбектері мен
Советская туркология журналындағы мақалалардан танысуға болады.
Белгілі абайтанушы ғалым М.Мырзахметовтың Құтадғу біліг және Абай
атты мақаласы ерекше танылған.
Құтты білік жайын әңгімелегенде, әсіресе ақын әрі ғалым Асқар
Егеубаевтың еңбегін ерекше атаған жөн. Бұрынырақта баспасөз беттерінен әр
түрлі тақырыптағы үзінділерін оқығаны болмаса, қазақ оқырманы Жүсіп
Баласағұнның Құтты білігімен қауышып кете алған жоқ еді. Көпшілікке
беймәлімдеу бұл дүние А.Егеубаевтың аударуымен 1986 жылы қазақ тілінде
кітап болып шығып, қолымыызға тиген. Сөйтіп Жүсіп Баласағұндай білімді құт-
береке санаған білікті қауым шексіз қуанышқа ие болды. Бұл - қазақ
әдебиетіндегі үлкен табыс. Белгілі әдебиетші ғалым Р.Бердібаев көпшілік
қуанышын Кәусар бұлақ кітабында ерекше атап өтеді: Осыдан мың жылға
жуық бұрын түркі тектес халықтардың биік поэзиялық мәдениетін әлемге
танытқан осы ғажайып дастанды қазақша тәржімалаған дарынды ақынымыз Асқар
Егеубаевқа алғыс білдірсек орынды [7.50].
Құтты білік белгілі-белгісіз себептермен қазіргі ұрпаққа кешігіп
жетсе де, оның халық арасындағы қадір-қасиеті бұрыннан-ақ жоғары болған,
тіпті таң қаларлық. Бұл ойымызға А.Н.Самойловичтің мәліметіне сүйенген
В.В.Бартольдтың пікірі дәлел бола алады: Кутадгу билиг, несмотря на
небольшое число известных до сих пор рукописей, пользовалась в свое время
некоторой популярностью, видно из того, что в Сарайчике, был найден
глиняный сосуд с подписью содержавщий стихи из Кутадгу билиг [6.115].
Осы сарындас пікірді А.А.Валитова мақаласынан да оқимыз: "Не даром, три
списка поэмы встречаются в столь отдаленных городах Востока, как Герат,
Каир, Наманган, и не даром изречениями из Кутадгу билиг украшали посуду и
предметы быта [8.125]. Тіпті Наманган нұсқасы алғашқыда Шығыс Түркістан да
сақталған деген пікір де бар [22.137]. Бұл дастанның халық арасына кең
тарағанының айқын куәсі.
Асқар Егеубаев Құтты білікті 1986 жылы қазақ тілінде сөйлетумен бірге
1989 жылы дастанның қазақ әдебиетіне тигізген идеялық-көркемдік ықпалы
жайында кандидаттық диссертация қорғайды. Оның Құтты білік жайындағы
зерттеу мақалалары мерзімді баспасөз беттерінде бүгінге дейін жарияланып
келеді [12]. Асқар Егеубаев Құтты білік пен Абай шығармаларындағы ой-
пікір үндестігі мен сабақтастығын ашық көрсетіп берген. 2001 жылы жарық
көрген Асқар Егеубаевтың Құлабыз атты еңбегінде дастанның көркемдік
ерекшеліктерін айқын көрсетіп берген.
Құтты білік жайындағы ой-пікірлерін Х.Сүйіншәлиев Қазақ әдебиетінің
қалыптасу кезеңдері атты кітабында бастап Ғасырлар поэзиясы деген
зерттеу еңбегінде дамытып, толықтыра түседі. Сондай кітабындағы мақаласында
дастаннан көптеген үзінділер келтіре отырып, Құтты біліктің мазмұнында
қазіргі қазақ түсінігіне қонымды жолдар аз емес деген қорытынды жасайды
[26.118]. Ол Жүсіп Баласағұн мен Абай шығармаларындағы ой-пікірдің туыстығы
мен үндестігін танытатын бірнеше тақырыпты әңгімелейді.
Құтты білік дастаны Ә.Қоңыратбаев пен Н.Келімбетов тарапынан да
әжептәуір әңгіме болған [19.68-76]. М.Әліпханұлының еңбектері де Құтты
білік дастанының көркемдік ерекшеліктері мен Абай шығармаларының
ұқсастығына арналып жазылған. А.Х.Қасымжанов пен М.Орынбековтер дастанның
философиялық мазмұнын танытып келеді [25.58]. Құтты білікті баршамыздың
таныған үстіне тани түскеніміз аса игілікті іс болар еді. Р.Бердібаев
айтқандай, аталмыш дастанның алуан сипаттары жөніндегі әңгіменің көбі әлі
алда [7.50].

1.2 Дастанның аударылуы

Құтты білік жазбасының мәдени мәні орасан зор. Х-Х1 ғасырларда араб-
парсы Орта Азиядағы түркі тайпаларының тілін жұтып қоюға дейін барып
тұрғанда, Жүсіп Баласағұнның түркі тілінде көлемді де күрделі дастан жазуы
өз кезеңі үшін үлкен тарихи жаңалық болды. Дастанның көркемдік
ерекшеліктері айтарлықтай биік болмаса да, осы тарихи қызметі жағынан жазба
биік бағаланады. ¤йткені, Құтты білік Х-Х1 ғасырдағы Жетісу жерінде
тұрған түркі тайпаларының барлық салт-санасын, әдет-ғұрпын, олардың
арасындағы түрлі жіктерді, қарым-қатынасты, мәдениетін және тілін толық
қамтыған шығарма. Бұл реттен дастанды бір ғана хан-хақандар салтын
жырлайтын шығарма деп бағалауға болмайды. Онда түркі тайпаларының барлық
салт-санасы да көрініс тапқан. Кейбір жыр деректеріне қарағанда Қарахандар
мемлекетінде тап теңсіздігінің үлкен орын алғаны байқалады. Бір жағынан
хан сарайы, екінші жағынан бұқара халықтың өмірі суреттеледі. Сол себепті
Е.Бертельс Жүсіп дастанындағы әділдік идеясын халық арманынан туған тілек
деп дұрыс бағалайды. Жүсіптің өзі де ақсүйектерден шыққан үстем тап өкілі
емес, көбіне бұқара халыққа арқа сүйеген ақын. Оның ақындар туралы сөзінде
көшпелі елдерге тән ақындық өнерді дәріптеу салты да бар. Ақын өзін
хандарға ақылшымын, халық өкілімін деп ұғындырады.
Құтты біліктің жарыққа шығуы Орта Азиядағы түркі тілдес әдебиеттің
оянуына зор әсерін тигізген. Одан кейін бұқара халыққа түсінікті тілде
шығарма жазған ақындар аз болмаған. Солардың бастылары Қожа Ахмет Яссауи,
Сүлеймен Бақырғани, қыпшақ ақыны Құтып, тарихшы Мұхаммед Қайдар Дулати,
Ахмет Иугнәки де Жүсіп ізінде Шындық сыйы деген дастан жазады. (Х11
ғасыр). Мұнысы жанр, стиль, тақырыбы жағынан Жүсіптің Құтты білігіне өте
ұқса. Бір ғана айырма олардың кімге бағыштап жазылғандығында. Жүсіптің
Құтты білігі хан-хақандарға арналса, Ахметтің өсиеттері бұқара халыққа
бағышталған [19.73].
Сондай-ақ саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағарту,
мәдениет деген мәселелерді ғұлама ақын өз дәуірінің талап тілектері
тұрғысынан жырлайды. Сөйтіп Жүсіп Баласағұн бір жағынан - өз заманының
ойшыл ақыны, ірі ғалымы, мемлекет қайраткері, тарихшысы ретінде, екінші
жағынан - өз дәуірінің перзенті, феодал табының өкілі, үстем таптың сөзін
сөйлеп, сойылын соғушы адам ретінде тарих сахнасына шықты. Құтты білік
дастаны ақынның көзі тірі кезінде-ақ кеңінен тарап, түркі тілінде жазылған
ең жақсы кітап саналады. Бұл шығарма әр елде түрліше атпен мәлім еді.
Мәселен, Шын елінің адамдары Адабул – мүлік (Әкімдердің әдептілігі)
деп, ал Мешін жұрты Айнкүл мамлакат (Мемлекет тәртібі), Шығыс
елдерінің әкімдері Зитнатул умаро (Әмірлердің сән – салтанаты),
парсылар Шаћноман туркий (Түркілердің шаћномасы), тұрандықтар Құтадғу
біліг (Құтты білім) деп атайды [ 17.158].
Бұл атаулардың қай - қайсысы болса да Жүсіп Баласағұн дастанының
мемлекетті басқару істеріне, адамгершілік - мораль мәселелеріне
арналғанын аңғартады.
Құтты білік дегенде білік формасының екі түрлі мән-мағынасы
бар. Бірі –білім, екіншісі – билік ету, басқару. Ал құтадғу сөзінің
негізі құт сөзінен яғни бақыт екені мәлім. Сонымен бірге құтадғу
сөзі мәртебелі деген мағынаны да білдіреді. Сондықтан В.В.Бартольд
кезінде кітаптың атын орыс тіліне Бақыт сыйлайтын білім (Знание дарующее
счастье), немесе Патшаларды ақылға шақыратын білім (Знание образующее
царей), деп аудару жөнінде ұсыныс жасаған.
Ал, С.Е.Малов дастанды Бақыт кітабы (Книга счастья) яки
Бақытты етуші басқару деп аудару жөнінде пікір айтқаны мәлім. Зерттеуші
А.А.Валитова Құтадғу білікті - Басқару туралы білім деп аударады.
Бұл аудармалардың бәрі дерлік ішкі мән-мағынасы жағынан бір-
біріне жақын деуге болады. Өйткені олар билік жүргізу хақында, түрлі
әлеуьметтік топтағы адамдардың өзара қандай қарым-қатынаста болуы керектігі
жайында екенін аңғартады. Құтты білік дастанын тұңғыш рет орыс тіліне
толық поэтикалық тәржіма жасаған С.И.Иванов бұл мәселеге өзінше келіп,
дастанды Құтты білім (Благодатное знание) деп өте сәтті аударған.
Өйткені бұл аударма Жүсіп Баласағұн дастанының негізгі идеясын айқын
білдіріп тұр.
Құтты білік ежелгі түркі жұртының да поэзия түріндегі тұңғыш
кітабы, адам мен қоғам хақындағы терең философиялық трактаты. Оны аудару
көне түркі поэзиясының ішкі қасиеттерін бүгінге жеткізумен бірге, ежелгі
тілдің қазіргі төркіндес түбірі бір тілдермен сабақтастығын, туысқандығын
іс жүзінде көзге тосу деген сөз. Басқа аударма ерекшеліктеріне қарағанда
көне тілден туысқан тілдерге аударудың өз тәжірибесі, өз сипат-заңдылықтары
бар. Сөздердің бәз күйіндегі тұлғаларда кездесуі, мағынасы ұмытылған,
ұмытыла бастаған тұлғасы таныс сөздер, тұрақты сөз тіркесиері, мақал-
мәтелдер, образдар, метафоралар, жалпы поэтиканың тарихылығы – міне, осының
барлығы тектес тілдерден аударудың өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктерін
түзеді. Бұл жерде еркін аударма да, мағыналық аударма да, көркемдеп,
мазмұндап аударма да толық жемісті шыға бермейтіні заңды. Қазіргі тілдің
ежелгі замандағы күретамыры іспетті көне түркі тілінің поэтикалық нәрін,
көркемдік қуатын жасытпай, сонымен бірге дәл де тиянақты аудару бір жағы
шеберлікті керек етсе, екінші жағынан үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Көптеген сөздердің тұлғалары сақталса да, мағынасы мүлде өзгеріп, түлеп
шыққан, кейбір идиомдар мағынасын әлі күнге дейін өзгертпей сақтаса,
кейбірі мүлде жаңа мағыналық қырынан көрінген. Оның үстіне тілдің қоғамдық-
әлеуметтік факторлары бірі ретіндегі тарихылық нәрін қосыңыз. Міне, сан
алуан қасиеттерін ескере келсек, әрі дастанның поэзия туындысы екенін еске
алсақ, ежелгі, осыдан он шақты ғасырлар бұрынғы туындыларды қазіргі туыстас
тілге аударудың барша мәселелері қордаланып шыға береді. Бұл аударма
тәжірибесінде соңғы жылдары көрініс бере бастағанымен, теориялық тұрғыда
тиянақталып белгілі бір зерттеу-зерделеу жұмыстары жасалып, ғылыми жағынан
негізделмеген сала. Құтты білік секілді көне түркі мәдениетінің бірегей
де бітімі берік туындыларын аударып, насихаттауда осы мәселелердің де
ғылыми-тәжірибелік мәні өзгеше. Сонымен бірге мұндай сипатты аудармалар
тілдің байлығын танытумен қатар, ұлттың эстетикалық таным өресінің
қаншалықты таза да биік екендігін, тарихи поэтика тарапынан рухани
дүниеміздің қаншалықты сан қырлы бай келетіндігінде аңғартады. Біз осынау
көне түркі ескерткішінің бір жағынан өзбек, ұйғыр, қазақ, түрік тілдеріне
аударылған (филологиялық, әдеби, жолма-жол аударма мәтіндерін) нұсқаларын,
екінші жағынан орыс тіліндегі түрлі (еркін, жолма-жол) аударма нұсқаларын
қарап, салыстыра келгенде көптеген ғылыми жайларды байқадық. Соларды
түйіндей айтар болсақ, көне тілден қазіргі туысқан тілге аударғанда
туындының көркемдік-эстетикалық табиғаты, тіл ерекшелігі, тілдің ғасырлар
бойғы даму, түлеу, өзгеру тәжірибелері ескерілуі мүмкіндігінше толық жетуі
шарт.
Бұл баға жетпес асыл қазынаны зерттеу, ел игілігіне айналдыру рухани
тіршіліктің бұрын-соңды өзіміз аңғара қоймаған тосын да тың, әрі тіл
мәдениетіміздің ежелгі замандарда-ақ күретамыр өзегіне нәр болып, байланған
бірегей қасиеттерін байыта түседі. Түрік дүниесінің құнарлы да тегеурінді
өркениат әлемінің тұнық тұма, терең көмбелерінің көзін ашады. Сол арқылы
біз дүниежүзілік тұтас бір өркениаттағы өз үнімізді танып, өз тінімізбен
қауышатын боламыз. Жүсіп Баласағұн өмір сүріп, өлмес туындыларын жазған
кезеңдердің шығармашылық құпияларына, тарихтың әлі де еркін таныла қоймаған
қойнауларына жол табамыз. [10].
Құтты білік дастаны тарихи тынысы тереңге тартқан өркениаттың биік
мұнаралары десе де саяды. Түркі әлемінің ғылымы мен мәдениетінің адам
баласының рухани игілігіне қосылған парасат мәуесі.
Құтты білік кітабындағы тіл қазынасы, ерекшелік сипаттары, асыл
мұрасы қазақ елінің де мерейін өсіреді, еңсесін көтереді деп кәміл сенеміз.
Мамандар мен зерттеушілердің аз тобының ғана еншісі болып келген осынау
асыл қазына, қастерлі мұра жаңа толқынның, жалпы халықтың назарына ілігіп,
ұлттық игілікке айналған сайын, ұлттық қасиетіміздің ғасырлар қойнауында
тұнып аққан кәусарына қана түсеміз. Таза бастауға ден қойған мәдениеттің
ғана рухы биік, тынысы кең, тіні таза. Кезінде осыдан он ғасыр бұрын ұрпақ,
болашақ қамын ойлап аса білікті, талантты ғұламаның мұратты мақсаты да
орындалады. Қазақ тіліне аударып жариялау, зерттеу де кезі келген іс деп
ойлаймыз. Оның сәті еліміз еркіндік алып, тәуелсіздік түтінін түтеткеннен
кейін ғана түскендей. Құтты білік дастанын тұңғыш рет қазақ тіліне 1986
жылы Асқар Егеубайдың аударуымен жарық көрді.
Кезінде Жүсіп Баласағұнның Құтты білігін аудару үстінде
сөздік ретінде пайдаланып, маңызына, құндылығына еркін көзім жеткен ұлы
мұраны исі қазақ һакімдерінің қызметіне жарату іште жүрген үмітті мақсатым,
әр жылдары тиіп-қашып қарастырып, аударыстырып жүрген зерттеу ісім еді.
Соның реті енді келгендей болды. Бұл жерде бүкіл аудару ісіндегі ішкі
тынысты түгел әңгімелеп жатудың мүмкіндігі жоқ, ол қажет те емес. Өлеңдер
мен мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, жырлар, аңыздар бәз күйінде еш
әрлендірусіз аударылды. Кейбір мәні де, көркемдік түзілімі де үйлесіп,
құйылып тұрған тұстарда болмаса, өлеңдердің аудармасын көркемдеуге әдейі
ұмтылмадық, төл бітімін, мазмұн-мағынасын, тілдік түзілімін бұзбауға
тырыстық. Бұл көркем шығарма емес. Ғылыми еңбек. Тіл таныту саласындағы
зерттеу. Сондықтан, ғылыми-анықтамалық зерттеуге тән сипаттар сақталуы
шарт. Яғни, әрбір сөздің тініндегі белгілері, қасиеттері, бітімі құбылып,
өзгеріп түспеуі тиіс. Оның үстіне тарихи мұра. Тарихи деректілік сипаты да
аса маңызды. Кітаптың көпшілігі қолдануына ыңғайлы, ұғынықты, барынша
тұжырымды болуын қатты ескердік, - дейді Асқар Егеубай [12.139].
Жүсіп Баласағұн сынды білімі дария, өресі ен жайлау, өз заманындағы
ілім-білімді жете игеріп, ілгері апарған ұлы тұлға, адамзат өркениатының
жарық жұлдызы. Оның қоғамдық-әлеуметтік ойлары, ғылыми зертеулері мен
тұжырымдары түркі тектес елдерді танымның таусылмайтын тұнық көздеріне
бастайтын күретамыр арнасы.

ІІ тарау. Дастанның идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігі.

1. Дастанның жанрлық ерекшелігі мен идеялық мазмұны

Жүсіп Хас-Хажыб әдебиетте әділетті, ырысты елдің, құтты
мемлекеттің үлгісін жасаған өз өмірі, күйініш-сүйініші жайлы, өмірдегі
өкініші, кәрілік пен жастық жайлы, халықтың салт-дәстүріндегі
ерекшеліктерді де, тұрмыс ерекшеліктерін де астастыра отырып, өзі тамаша
білетін түркі фольклорының маржандарын таланттылықпен сіңіре өрбітіп, өз
дәуірінің барынша кемел суреттерін түсірген. Экспрессивті, эмоциональдық
әсері күшті риторикалық, сұрақ-жауап үлгісі ауқымды дидактикалық дастанды
ширатып, тілге жеңіл, жүрекке жақын оралымды мәнерге жеткізген. Дастанның
бірнеше тарауы ұйқас жағынан да, өлшем жағынан да классикалық қазақ
поэзиясында бертінге дейін, әлі де ұшырасып қалатын бір бітімде шыққан
[11.73].
Ақын Құтты білікте қандай адам ұлы хас-хажиб болып істеуі
мүмкін деген сауал қойып, оған өзі егжей-тегжейлі жауап айтады. ¦лы
Хас-Хажиб - әмірші патшаның көрер көзі, есітер құлағы, ол мемлекет
заңдары мен сол елдің әдет-ғұрпының дұрыс орындалуын қадағалап
отырады. Сондай-ақ ұлы уәзір - қазына ісін басқарушы адамға, сарайда
қызмет ететін хат көшірушілер мен қол өнершілерге патша атынан әмір
береді, елшілерді қабылдап, шығарып салып отырады, ресми түрдегі
салтанатты жиындардың заңға сәйкес өтуін қадағалайды, әрі кедейлер мен
жетім-жесірлердің арызын тыңдап, оны Табғаш Қара Богра ханға жеткізіп
отыруы тиіс. Бұған қарап Жүсіп Баласағұнның патша сарайында қандай
қызмет атқарғанын ғана емес, сонымен бірге ақын Құтты білікте өзіне
өте жақсы таныс мәселелерді мейлінше терең біліп барып жазғанын да
аңғарамыз.
Автор өз шығармасының кіріспесінде дастанның қайсы тілде жазылғанын
айта келіп, былай дейді:

Арабша, тәжікше кітаптар көп,
Ал, бұл - біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы.

Біздің тіліміз ақын түркі тілін айтып отырғаны мәлім. Сондай-ақ
бұл дастанға қара сөзбен жазылған кіріспеде шығарманың тілі жөнінде
айтылған мынадай пікір бар: Шығыс елдерінде, бүкіл Түркістан халықтарында
түркі сөздерімен, бограхан тілінде жазылған бұдан артық кітап жоқ Табғаш
Қара Бограхан әулеті Қарахан мемлекетінде билік жүргізген дәуірде кеңінен
тараған жазба-әдеби тіл кезінде бограхан тілі деп те айтылған, - дейді
А.Егеубай [10.64].
Сонымен Құтты білік дастанының тілін қазіргі түркі тілдерінің
қайсы тобына жатқызуға болады деген сауал туады. Бұл жөнінде бүгінгі
туркология ғылымында әртүрлі пікір айтылып келеді. Мәселен, С.Е.Малов
Құтты білік көне ұйғыр тілінде жазылған десе, А.М.Щербак қарлұқ тілінде,
Г.Ф.Благова дастандағы сөздердің талдану сипатына қарап, бұл шығарма
қарлұқ-қыпшақ тілінде жазылған деген қорытынды жасайды.
Ал, біздің ойымызша, қалай болған күнде де Жүсіп Баласағұн өз дастанын
сол кезде Қашқардан бастап, сонау Амударияға дейінгі ұлан-ғайыр өлкелер мен
уәлаяттарды өзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі
тайпаларының бәріне бірдей түсінікті, ортақ әдеби тілде жазғаны даусыз.
Оның үстіне, есімі күллі әлемге мәшћүр шығыстанушы-ғалым В.В.Бартольдтың:
Қарахан елінің азаматтары өздерін ұйғыр деп атаған емес, Жүсіп Баласағұн
үшін өзі жазған тіл ұйғыр тілі болған емес деген әділ пікірін ұмытпау
керек [17.157].
Қаз¦ПУ профессоры А.Көшербаева өзінің зерттеу еңбегінде былай дейді:
Бұл еңбектің назар аударған ерекшелігі - адам психологиясының түрлі
жақтарын көрсететін қызғылықты деректердің, адамның көңіл-күйі, қайғы-
қасіреті, қуаныш-сүйініші, ерік тағы басқа мәселелердің молдығы, - деп
атап көрсеткен. Сонымен бірге автор жанға шипа тек тәуіптің дәрісі ғана
емес, қасындағы жора-жолдас, көрші-қоңсың, құрбы-құрдастар, сондай-ақ,
бұған адамдар арасындағы қарым-қатынас, әлеумет пен қоғамның да қатты әсері
тиіп отырған дейді. Дастанда дүниені құрайтын төрт түрлі элемент жайлы,
адам темперементтері туралы, денсаулық сақтау, ауру-сырқау және оның
себептері, бұлардың жас өзгешелігі мен ауа-райына тәуелділігі, тамақтану
гигиенасы, ауру адамды емдеудің тәсілдері, адамдарды тәрбиелеу - мемлекет
көздейтін негізгі шаралардың бірі, зұлымдық - барып тұрған әлеуметтік ауру,
оны оқу-тәрбие арқылы ғана жоюға болады деген ағартушылық идеялары аз емес.
Мәселен, ел билеушіден әділет, дәулет, қанағат, парасат сияқты төрт қасиет
түгел табылса, онда мұндай басшысы бар елдің қойының үстіне бозторғай
жұмыртқалайтын болады, оның әділдігі тек барша жұртты ғана бақытқа
жеткізбейді, сонымен бірге әкімнің өзін де бақытты етеді, атын бүкіл әлемге
жаяды. Білім мен ақыл әділетке қосақтасып жүруі тиіс, бұласрсыз әділ заң
шығаруға болмайды. Ақыл әр кез қанағатын да реттеп отырады. Мәселен,
адамның азға қанағат етуі, тағдырға бой ұсынуы, жаман жолға түсуі - барлығы
да ақылдың арқасы. Құтты біліктің он бес тарауы түгелдей дерлік тәлім-
тәрбиелік мәселелерді әр қырынан сөз етеді. Бұлардың бірінде адамға білім
мен ғылымның не үшін қажет екендігі (6, 10, 28 - тарау) айтылса, енді бір
тарауларда бақытқа жеткізудің жолдары, адамның жақсы-жаман қылықтарын (9,
16 - тарау) сөз етеді.
Құтты біліктің 29-30 тарауларында Қарахан мемлекетінің ел билеген
басшылары мен ізгі жақсылары туралы айтылады. Автор бұларды жұртқа үлгі
етіп ұсынады, оларға еліктеу қажеттігін еске салады. Жүсіп басшы атаулыға
тиянақты білім, иол тәжірибе керек дейді: Ақылмен іс қылған бек елге
сүйкімді келеді, Халықтың ауыртпалығын олармен бірге көтерген адам -
басшылықтың төресі, Жақсы қызметкер төменнен төменнен төрге барады.
Әрбір басшы, ел билеуші жан-жақты, әмбебап білімді, ақын ойы ерекше
жетілген, білгір адам болуы шарт.
Жүсіп Баласағұнның өзге ақын-жазушылардан бөлек болатын жағдайы адам
болу мен адамгершіліктің жүйелі жолы, өзіндік танымын жасай білуіне
байланысты. Ол адамгершілікті көркемдік тұрғыдан суреттеумен шектелмей,
оны ілім, таным, ойшылдың деңгейіне көтере жырлайды,-дейді М.Әліпханов
[3.10].
Құтты білік дастанында соншалық мол мазмұнды арқау еткенімен, негізгі
айтар ойы - адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы
мемлекет пен қоғамды қуатты, құтты ету. Дастан мазмұны өте астарлы, танымы
терең де тұңғиық ұғым-түсініктерге толы. Оған ерекше үңіліп, зерттей қарар
болсақ, шығарманың өзегі - толық адам екенін танимыз. Дастандағы құт-береке
бақ - толық , жетілген адамның еншісі. Ақынның айтуынша құттың кілті -
кісінің ділі, тілі, қылығын бірдей қамтыған жан-жақты жетілуі мен
кемелденуі. Түптің түбінде, дастан мазмұнынан құт-береке, бақытқа өз
әлемін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Адамның адами жетілуі
мен кісілік кемелденуі - дастанның ең басты идеясы.
Бұл дастанда ¤зіңді сақта деген көп қайталанатын қағида бар. Оның
¤зіңді сақта дегені кісінің өзін танытар қасиеті - адамдығы мол
кісілігіне байланысты айтылған. Затың адам, атың адам болған соң,
қасиетіңе лайық бол, діліңе дақ түспесін, адал бол, адам бол деп жар
салудан ақын жалыққан емес. Адамның өзі адамдық, кісілік қасиетінсіз
қаңырап бос қалады. Оның адам атанып журуі де қасиетін танытар
адамгершілігінің бар кезінде ғана болатын жағдай. Дастанда шын мәніндегі
көңіл тоярлық кісіліктің сиректігі, жоқтығы жиі айтылады. Ақын шығармасы да
осы зәрулік пен қажеттілікке байланысты туса керек. Дастан мазмұны
кісіліктің қадір-қасиетін жан-жақты танытуға құрылған. ¤йткені адам да,
қауым да кісілікке зәру,-дейді М.Әліпханов өз еңбегінде. [3].

866. Кісілер көп, кісілікке кендеміз
Адалы - аз адам атты пендеміз

868. Толып жатыр жүрген жандар жер басып,
Көңілі ашық, әділ ерге - ел ғашық.

869. Кісі сирек емес, сирек - кісілік,
Кісіліктің қадірін біл, түсі [14].

Жүсіп Баласағұн Платонның жолын қуған ой сапарындағы шәкірті. ¤з
топырағымызда дүниеге келген ғұлама ақын Әл-Фарабидың трактаттарында
молынан сөз болатын болмыс пен адамның кемеліне келіп, жетілуі Жүсіптегі
әбден жетілген, толық адамның дәстүрлі таным екнін тағы да бекіте түседі.
Құтты білік дастанының мазмұнынан ұғарымыз кісі өзін-өзі
құрметтеп, кісілікті болып көрінсе, өзіне ғана тән қасиеті мен тірлігін
танытады, кісілерге жақсылық жасап,адамдығын асырады. Әйтеуір тірі жүріп
кісі атана қою қиын, әркім де кісілік жасап қана адам атанады. Тірліктің
де, адам болудың да ақтауы мен кепілі - кісілік пен адамдық. Ал, кісілік
пен адамдық Әл-Фараби айтқандай, даналық пен қайырымдылықтан,яғни ізгілік
пен танымнан тұрады. Адамдағы барлық асыл қасиет танып-білу мен ізгі
болудан бастау алады. Жүсіп Баласағұнның адамдық пен кісілікті шексіз
құрметтеп, дәріптеуі осы танымнан туса керек. Дастанның бүкіл мазмұны
кісіліктің қадір-қасиеті, мән-мағынасы, қыр-сырын әңгімелеуге құрылған.
Сөйтсе де ақын шығармасының әр-әр тұсында түпкі ойын тыңдаушысына соншалық
жалаңаштап, жеңілдетіп, ашық айтып жеткізуге тырысады. Көбіне қат-қабат
қыртысты, күрделі күйде келетін астарлы асыл ойларын әр түрлі әдеби
тәсілмен онан сайын тура, ашық айтады [3.21].

870 ¦рпағыңның ұрпағына үлгі ет те-
Кісілікті кісілікпен құрметте[14].

Дастандағы өзіңді ұмытпай, қасиетіңді сақтап жүру қағидасының ең
биік шыңын басты бағыт, нысана саналған құт, береке, бақытпен байланысты
танимыз. Ақын әр адамның аты мен затына лайық кісілік, адамгершілікпен
өмір сүруін құт-береке, бақыт деп біледі. Ақиқатты әркім өз ақыл ойымен,
өресінің жеткен әсеріне дейін ғана танып келеді десек те, ақынның адамдық
пен кісілікті құт көруі - көпшілік көңіл қойып қабылдай қоятын шындық.
Ақын үнемі асыл қасиеттер мен кеселді қасиеттерді қатар алып,
салыстырып, жарыстырып суреттейді. Алғашқысы адамдарды асқақтатып, ардақты
етсе, құтты етсе, кейінгісі төмендетіп, арзандатып, күлкі күйге
түсіреді. Дастанның бүкіл мазмұны осы асыл қасиеттер мен кесел қасиеттердің
қыр-сырын ашуға құрылса да, теңіздей танымның тамшыдай түйінін байқаймыз.
Ақын дастанның әр-әр тұсында ебін тауып, кеселді қасиеттерді
жекелеп, я тобымен аптап отырады. "Біраз нәрсе кісінің қас дұшпаны" деп
мыналарды тізіп айтады: тілдің жалған айтылуы, айтқан сөзден қайтуы,
шарапқа аңсары ауғаны, жүгенсіз іс-қылық, зымяндық, ашулы тіл. Осы тобымен
бұл қасиеттердің дастанның әр-әр тұсында қайталанып келетіні бар. Әсіресе
жалған айту, өтірік сөз кісілікке артықша зиянды болып көрінеді [3.27].

848. Жақтырмаймын: жалғандықты жалғанда.

Жүсіп Баласағұн бүкіл шығармашылық өмірін адамгершілік қалып-
қасиеттің кемеліне келіп, жетілуіне жұмсайды. Ол қай тақырыпты сөз етсе де,
түпкі ой-түйінін негізгі мұраты адамгершілікке алып келеді. Ол адамдық
қалып қасиеттің негізін ізгілік пен танымда тапқанымен, кісілердегі осы
қасиеттерді өзгек амалы таусылғанда әрі арнайы түрде сақтап қалуға
тырысады. Осы өлім жайы Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанды жүйелі
сөз болады. Қорқыныш пен үрей туғызатын өлім туралы көпшілік қауымға
ортақ ұғым ақынға да тән. Жүсіп Баласағұн - өз заманынан озыңқырап, ойы
асып туған данышпан ақын. Ол бұл өмірдің қуанышы мен қайғысын, рахаты мен
ренішін бөле жармай, тұтас күйде қабылдайды. Ақынның ойынша адам өзінің
тегі, қасиетімен бірге өмірінің өтерін, ертеңгі күні өлерін, өлімін де
ұмытпай жүруі тиіс екен. Ақын ¤зіңді ұмытпа, адамдығыңды сақта деп қанша
қайталаса, өтпелі өмір мен өлім жайында соншалық жиі айтады.
Құтты біліктің жанры жөнінде түрлі пікірлер бар. Көп жылдар бойы бұл
жазба мұраны патшалар салтанаты, хандар низамы үлгісіндегі көп
кітаптардың бірі ретінде атап келдік. Парсылар мұны Түрік шаћнамасы деп
атаған. Біздің ойымызша, Бұл шартты түрде айтылған теңеу. Болмаса, дастан
өзінің жанрлық құрылысы, ерекшеліктері жағынан Фирдоусидің Шаћнамасына
мүлдем ұқсамайды. "Шаћнама" ертедегі Оғызнама, Қорқыт ата кітабы сияқты
батырлық жырлар үлгісіндегі эпопеялық дастан болса, Жүсіптің кітабы ғибрат
түріндегі сюжетсіз дастан.
Құтты біліктің тілінде шығыс әсері, атап айтар болсақ, араб-парсы
сөздіктері аз емес. Дастан хасида стилімен жазылған. Оның да бір ескірген
түрі. Хан-хақандарға арналған кітаптың көтеріңкі; хасида стилімен жазылуы
заңды құбылыс. Бірақ солай бола тұрса да, Құтты білікте салт жырларының
дәстүрі басым сияқты. Бұл реттен Жүсіп исламнан бұрынғы әдет-ғұрыпты
көбірек жырлаған. Сол себепті Жүсіп Баласағұнның шығармасында бір ғана
шығыс әсері үстем деп айтуға болмаса керек. Түркі тілдес тайпалардың
тілінде жасалған сан алуан тұрмыс-салт жырлары сол кездің өзінде-ақ аз
болмаса керек. Олар айтыс, толғау, терме түрінде айтылған. Жүсіптің
сүйенген үлгісі халық аузындағы осындай дәстүрге байланысты Жүсіптің
дастанында көбіне-көп хан-хақандар ортасының салты жырланған. Бұл реттен
Е.Бертельс Құтты білікті белгілі шығыс ғибратнамасы Кабуснама жазба
ескеркіштермен салыстырады. Кейбір зерттеушілер оны орыстың етедегі
Домострой үлгісіндегі әдебиетіне теңейді. Асылы, Жүсіптің шығармасында
реализм сарыны, мазмұн байлығы жоғарыда аталған кітаптардың анағұрлым
тереңірек [19.71].
Құтты білікті зерттеушілер оның жазу стилін парсы әдебиетіне
еліктеуден туған деген пікірді ұзақ уақыт айтып келді. Мысалы, Е.Бертельс
дастанның өлең өлшеуін сол кезде қалыптаса бастаған түркі тайпаларының қара
өлең, не болмаса 7-8 буынды жыр өлшеуіне ұқсамайды. Жүсіп иран
әдебиетіндегі мүтакарриб өлшеуін қолданған дейді. Бұлай болғанда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі түрік дүниетанымының қазақ мәдениетіне әсері
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының көркемдік ерекшеліктері
Жүсіп Хас Хажып Баласағұн
Жүсіп Баласағұнидің Құтты білік дастанындағы көнерген сөздердің мағынасын айқындау
Жүсіп Хас Хабыж Баласағун
Құтадғу біліг (Құтты білік)
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни
Құтты білік дастанының зерттелуі
Құтты біліктің зерттелуі
Пәндер