Невроздардың клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемелкеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Невроздардың клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары.
Орындаған : Набижанова А. С
Тексерген : Тезекбаева М. Ж
Семей 2015 ж.
Жоспар:
- Кіріспе
- Невроз жайлы түсінік.
- Невроздардың клиникалық түрлері.
- Невроздардың патопсихологиялық сипаттамалары.
- Пайдаланған әдебиет
Невроз ( жүйке тозуы ) - адамда болатын психикалық-жүйке жүйесінің өтпелі психогенді, созылмалы аурулар тобы. Невроз шамадан тыс психикалық жағдайдың себепші болуынан дамитын, өте жиі таралған дерт. Негізінен жүйке жүйесі әлсіреген адамдарда байқалады. Жүйке жүйесінің іштен туа біткен әлсіздігі жүктілік кезіндегі жеріктіктен, ал жүре пайда болатын әлсіздік бала кезінде алған жарақаттар мен әр түрлі аурулардың салдарынан пайда болады. Кейде адамдардың өмірінде неврозға ұқсас жағдайлар байқалады. Мысалы, адам ерекше бір хабар күткенде, уайымға батып, сабырсыздық танытады, жүрегінің соғуы жиілеп, денесі дірілдейді, қатты тер басады. Психикалық жарақаттардан кейін болатын Невроздың белгілері: жабырқау, ренжу, үрей, титықтап қажу, тұйықтан шыға алмау. Кейде невроздың белгілері ішкі органдар қызметінің бұзылуынан да болады. Мұндай кезде науқаста жазылмайтын аурумын деген қорқыныш үрей пайда болады. Мысалы, жүрегі шаншыса - инфаркт, асқазаны ауырса - қатерлі ісік (рак) болдым деп, ауру бірнеше дәрігерге қаралумен болады.
Клиникалық белгілеріне қарай невроздың: неврастения , истерия деген түрлері ажыратылады.
Невроз - өмірдегі жағымсыз жағдайларға тұлғаның реакциясы. Осы реакция нәтижесінде тұлға бұзылысы, сана және ес бұзылысы туындайды. Невроздардың келесі түрлері бар: неврастения, есіріктік невроз, жабыспалы қалып күй неврозы. Балалар неврозының этиологиясы: психикалық травма, биологиялық факторлар, психикалық факторлар, әлеуметтік факторлар. Невроз аурулары психогенияныд ең көп тараған түрі болып табылады. Невроздың ең бір елеулі ерекшелігі әдетте өзгеше дөрекі психозға, бейнелеуші, танымдық әрекеттің айқын бұзылуына соқтырмайтын, демек, мінез-кұлыктың айқын білінетін дұрыс емес күйлерін өзімен бірге тудырмайтын аурулы күйдің пайда болуы саналады. Дегенмен, бұл ауруда ағзаның үйреншікті қызметі едәуір қиындайды. Қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты оның әдеттегі нәзік тепе-теңдігі қиындайды. Невроздық симптомдардың клиникасы өте алуан түрлі, соған орай, невроздың сипатымен ғана емес, сондай-ақ оның даму сатысымен де сипатталады. Невроздар невроздық реакциялар: 1) неврастения; 2) истерия; 3) жабысқақ күйлердің неврозы болып бөлінеді. Невроздық күйлердің аралас көріністерінің де болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда белгілі бір невроздың диагнозы клиникалық жағынан басым жетекші синдромға қойылады.
Неврастения , астения (грек тілінен- жүйке және шаршау, әлсіреу) - невроздың бір түрі; аса күйгелектіктен және тітіркенгіштіктен жүйкенің әбден шаршап, тозуы. Неврастения кезінде ауру адам тез ұйықтап кеткенімен, болар-болмас дыбыстан ұйқысынан лезде оянады; өзін аш сияқты сезінгенімен, тамақты көрсе болды, аштығы басылады; жүйкенің әбден тозуынан науқастың көңіл күйі тез өзгеріп отырады. Бұл айтылған клиникалық көріністер Неврастенияның 1-сатысында байқалады. Егер дер кезінде ем жасалса, науқас дертінен тез айығып кетеді. Аурудың 2-сатысында (аралық саты) жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер дами түседі. Науқаста психикалық қажудың әсерінен ынтасыздық, сәл нәрседен тітіркену (жылауықтық), бұлшық еттері әлсізденіп, саусақтардың, тілдің дірілдеуі байқалады. Аурудың ұйқысы, жүрек және қан тамыр жүйелерінің қызметі бұзылады, басы ауырады. Тамаққа тәбеті болмайды. Неврастенияның 3-сатысы (гипостеникалық) - бұл жағдай науқас организмінің ұзақ уақыт улануынан (алкогольмен, түрлі жұқпалы аурулармен, т. б. ), бастан алған жарақаттан, атеросклероздан, ішкі органдардың түрлі ауруларынан болады. Бұл кезде ауру адамның жүрек соғысы жиілеп, денесі біресе ысып, біресе мұздап, басы айналады, организмі әбден әлсірейді (адинамия) . Көңілсіздік басып, ауру дел-сал селқос күйде жүреді. Емі: Неврастенияның бастапқы сатысында жұмыс және демалыс уақытын дұрыс ұйымдастыру, спортпен шұғылдану, таза ауада көп серуендеу. Ал ауру меңдіген кезде психотерапия және аутогенді дене шынықтыру әдістерін, дәрі-дәрмекті қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралардың айрықша маңызы зор.
Истерия ( жатыр ), ұстамалы сырқат - адам мінез-құлқының, қозғалысының, сезімталдығының, ішкі органдар қызметінің бұзылуынан болатын психикалық ауру. Ежелден гректер истерияны жатыр ауруларының салдарынан болатын тек әйел дерті деп санаған (“истерия” аталуы содан) . Бұл аурудың негізгі себептері, көбінесе, жүйке жүйесінің бұзылуы, психикалық қайғы, аурудан жүдеу, ми жарақаттары, дұрыс тәлім-тәрбие болмауы, т. б. И. Павловтың айтуынша, жоғары жүйке жүйесінде тежелуден гөрі қозу басым болғанда ғана истерия пайда болады. истерияның белгісі әр адамда әр түрлі, көп жағдайда ұстамалы дерттің белгілері байқалады; истериялық талма кезінде адам кенеттен құламайды, құласа да еш жерін жарақаттамайды, тілін тістемейді, аузынан көбік ақпайды, тек көз қарашығының көлемі өзгереді. Мұндай көріністі эпилепсиялық ұстамамен шатастырмаған жөн (қ. Қояншық) . Негізінен, истерия кезінде адам денесінің жартысына жуығы өзгеріске ұшыраса, кейде мұндай құбылыс аяқ-қол немесе бетте ғана байқалады. Кейде истерия кезінде жылау мен күлкі бір мезгілде келеді, тынысы тарылып, бір нәрседен қорқып шошиды, киімін жыртып, шашын жұлады. Беті қызарып, көруі нашарлап, құлағы естімей, қол-аяғы жансызданып, дауысы қарлығады, құсады, кекіріп, есінеп жөтеледі. Ал егер бір нәрсе қатты ұнаса, көңілі көтеріліп, ақтарыла жарылып, көңіліне жаққан адамды, дүниеде одан артық жан жоқтай көреді. истерияның ауыр жағдайында адамның көз алды қарауытып, галлюцинация басталып, бұл - науқастың сандырақтауына ауысады. истериядан алдын-ала сақтанудың бірден-бір жолы - отбасында, мектепте, қоғамдық ұйымдарда дұрыс тәрбие беру; адам мінез-құлқына әсер ететін жағдайларды болдырмау. истерияны психотерапия (адамның өзіне және өзін қоршаған ортаға саналы да сын көзбен қарап, әділ баға беруі) ; еңбек терапиясы (қара жұмыс жасау) ; жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрілер ішу; физиотерапиялық шара қолдану арқылы емдейді.
Невроздар. Невротикалық қалыптар, реакциялар және дамулыр шекаоалық психикалық бұзылыстар динамикасының негізгі пункттері болып табылады. Олардың дамуы келесі: психикалық жарақат (тұлғалық маңызды, эмоционалдық жағымсыз ақпатартың әсері) - невротикалық реакция. Егер психотравмалық жағдайлар сақталып қаталын болса, бұндай реакциялар тұрақты қалыптарға айналып тұлғаның әлеуметтік жүйесінің дезадаптациясына әкеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz