Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі

Дайындаған: Жарасова Р.

Семей, 2015жыл

Жоспары:

1. Дененің бас аумағында қолданылатын атаулар.

2. Жануарлардың аяқтары аумағында қолданылатын атаулар.

3. Жануарлар денесінің бөлімдері мен аумақтары.

Дененің бас аумағында қолданылатын атаулар:

Бастың алдыңғы жағына: ауызға немесе мұрынға қарай бағытталған бағытты оральды (лат. or - ауыз) немесе назальды (лат. nasus - мүрын ), болмаса ростральды (лат. rostrum - танау - шошқада) бағыт, ал бүған қарама-қарсы бастың артқы жағына қараған бағытты аборальды (лат. ab - кері, or - ауыз) бағыт - деп атайды.

Жануарлардың аяқгары аумақтарында қолданылатын атаулар:

Аяқтар бөлімдерінің дене тұлғасына жақын орналасқан жоғарғы бөліктері, мысалы, жіліктердің бастары проксимальды (лат. proximus - жақын) бөліктер, ал тұлғадан алыс жатқан аяқ бөлімдерінің төменгі бөліктерін дистальды (лат. distalus - алыс) бөліктер - деп аталады. Аяқтардың алдыңғы беті дорсальды, сыртқы беті латеральды, ішкі беті медиальды бетгер - деп аталады. Ал алдыңғы және артқы аяқтардың артқы беттері әр түрлі аталады. Алдыңғы аяқтың артқы беті пальмарлы немесе волярлы (лат . palma, vola - алақан) бет, ал артқы аяқтың артқы беті - нлантарлы (лат. planta - табан) бет - деп аталады.

Жануарлар денесінің бөлімдері мен аумақтары

Тірі организмдегі дене мүшелерінің орналасу орындарын (топографияларын), олардың проекцияларын анықтап көрсету ұшін, жануарлар денесін бөлімдер мен аумақтарға бөледі. Суда тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың, мьісалы, балықтардың денесі, аяқтарының жетілмеуіне байланысты, тек біліктік бөліктен тұрады. Олардың денесі өз кезегінде: бас, түлға және қүйрық бөлімдерінен күралған. Мойын бөлімі болмайды. Қүрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың денесі: біліктік бөлімге және аяқтарға бөлінеді. Білікті белім өз кезегінде: бас, мойын, түлға және қүйрық бөлімдерден, ал аяқтар алдыңғы және артқы аяқтарға бөлінеді. Аяқтар өз кезегінде белдеу және еркін қозғалатын бөлімдерден түрады. Ал дене бөлімдері көптеген дене аумақтарына (regiones (rg. ) corporis) ажырайды.

Бас (caput) екі бөлімнен: ми сауыты (neurocranium) және бет бөлімінен (splanchnocranium) құралған. Ми сауыты бөлімінің аумақтарына: шүйде (rg. occipitalis), төбе (rg. parietalis), маңдай (rg. frontalis), самай (rg. temporalis), қүлаққалқаны (rg. auricularis), ал бет бөлімінің аумақтарына: мұрын (rg. nasalis), ауыз (rg. oralis), көз шарасы немесе аңғалақ (rg. orbitalis), жақаралық (rg. intermandibularis) аумақтар жатады.

Мойын (cervix, s. collum) - бас пен түлға аралығында орналасқан дене бөлімі. Мойын бөлімі құлақ маңы (rg. parotidea) және желке (rg. nuchalis), иық-бас (rg. brachiocephalica) және төс- бас бүлшьіқеттері (rg. sternocephalica), көмекей (rg. iaringea) және кеңірдек (rg. trachealis) аумақтарына ажырайды. Мойынның төменгі жағында, төс-бас және иық-бас бүлшық еттерінің аралығында мойындырықтық (ойық) сай (sulcus jugularis) орналасады.

Түлға (truncus) өз кезегінде: арқа-көкірек, бел-қүрсақ және қүйымшақ-бөксе бөліктеріне бөлінеді.

Түлғаның арка-көкірек бөлігі арқадан, көкіректен және кеудеден қүралған. Арка (dorsum) - деп, көкірек керегесінің (thorax) жоғарғы бөлігін айтады. Оның екі жауырын аралығындағы алдыңғы бөлігін шоідгық (rg. interscapularis) - деп атайды. Арқаның сүйектік негізін көкірек омыртқалары қүрайды. Көкірек аумағы (rg. thoracica) - көкірек керегесінің екі бүйірін қүрайды. Оның сүйектік негізі қабырғалардан қүралған. Көкірек керегесінің төменгі жағын кеуде (pectus) - деп атайды. Оның сүйектік негізі - төссүйек. Кеуде өз кезегінде төс алды (rg. praesternalis) және төс (rg. sternalis) аумақ- тарына бөлінеді. Көкірек керегесінің сүйектік негізі көкірек омыртқаларынан, қабырғалардан және төссүйектен қүралған.

Түлғаның бел-қүрсақ бөлігіне бел (lumbus) және қүрсақ (venter, abdomen) жатады. Қүрсақ өз кезегінде алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Қүрсақтың алдыңғы бөлімінің (epigastrium) екі бүйірін оң қабырғаастылық (rg. Hypochondricadextra) және сол қабырға астылық (rg. hypochondrica sinistra), төменгі жағын семсерше шеміршек (rg. xyphoidea) аумақтары, ортаңғы бөлімінің (mesogastrium) жоғарғы жағын бел немесе бүйрек аумағы (rg. lumbalis, s. renalis), екі бүйірін оң бұйірлік құрсақ (rg. abdominis lateralis dextra) және сол бүйірлік құрсақ аумақтары (rg. abdominis lateralis sinistra), төменгі жағын кіндік аумағы (rg. umbilicalis), ал артқа бөлімінің (hypogastrium) төменгі жағын шат аумағы (rg. pubica), ал оның жоғарғы екі бүйірін оң шап (rg. inquialis dextra) және сол шап аумақтары (rg. inquialis sinistra) құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы ақпарат
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы ақпарат
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz