Тудың патологиялық кезінде акушерлік көмек көрсету


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірліг
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Тудың патологиялық кезінде акушерлік көмек көрсету
Тексерген:Мухамадиева Н. Н.
Орындаған:Сқабаев О.
Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Қынаптың айналуы
- Шудың түспеуі
- Туғаннан кейінгі жатырдың орнына келмеуі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қынаптың айналуы - қынаптың жыныс ернеуі арқылы айналып түсіп тұруы. Себептері. Құрсақ қуысының қысымының жоғарылауы және жыныс мүшесінің бекітетін байланыстардың босаңсуы ауруға әкеп соқтырады. Мұндай жағдай көбінесе буаз және кәрі малда дұрыс азықтанбағандықтан және мационның жоқтығынан болады. Клиникалық көріністермен анықталуы. Аурудың бас кезінде малдың жағдайы өзгермейді. Әрі қарай қынаптың ұлпаларының ісінуіне, зәрмен, нәжіспен кілегейлі қабатының тітіркенуіне байланысты эрозия пайда болып, беті жиырылып кетеді. Мал тынышсызданып, күшенеді, зәрін, нәжісін шығаруы бұзылады. Аурудың екі түрі болады: толық және жартылай айналу (түсу) . Жартылай айналғанда қынаптың жоғарғы жағы ғана айналып, мөлшері қаздың жұмыртқасындай болып шығып тұрады. Қынап толық айналғанда жыныс ернеуінен ісініп, қанталап, кейде жарылып жатқан шар тәрізді қарайған дене көрінеді. Ол дененің ортасынан жатыр мойнының қынаптық бөлігін байқауға болады. Емдеу: қынап жартылай айналғанда малды мационға шығарып, кілегейлі қабатын жарақаттанудан сақтап, айналған бөлімшенің әрі қарай түспеуін қадағалау керек. Ауру малдың рационын өзгертіп, шырынды азықты беруді тоқтатады. Рационға жылдам қорытылатын азықты көбірек қосады. Құрсақ қуысының қысымын төмендету үшін ауырған малдың астындағы еденді көтеріп, артқы жағы бас жағынан жоғары болуын қамтамасыз етеді. Қынап толық түссе өз бетімен жазылмайды. Сыртқы ортаның әсерімен (кебу, нәжіс пен төсеніштен былғану) қынаптың кілегейлі қабаты некрозаға ұшырап, көбінесе сепсиске айналады. Сондықтан, қынапты тазартып, орнына салып, бекіткен жөн. Малға көмекті неғұрлым ерте көрсетсе, соғұрлым мал ерте жазылады. Қынапты орнына салар алдында күшенуді болдырмау үшін төменде аталған новокаин блокадасын жасау қажет: скральді жансыздандыру, Наздарчевтың, Исаевтың және т. б. Тосқауылдар. Одан соң сиырдың артқы жағы алдыңғы жағынан жоғары етіп орналастырылады (құрсақ қуысындағы қысымның жамбасқа әсерін төмендету үшін) . Айналып түскен қынапты және оны қоршаған ұлпаны тазалап, дизенфекциялық ерітіндімен шайған соң (калий перманганатымен 1:1000 т. б. ) оның бетін синтомицин эмульсиясымен немесе антибиотик қосылған майлармен сылаған жөн.
Шудың түспеуі деп төл қабаттарының әр малдың өзіне тән белгілі уақытта түспеуін айтады. Туудың бұл патологиясы қыс, көктем айларында жйі кездеседі. Сиырдың шуы түспеуі - туғаннан соң 6-8 сағат өткенше шуының түспеуін айтады. Себептері: негізгі себебі - жатыр атониясы және хорионның жатыр карункулдарына жабысып қалуы. Әкеліп соқтыратын факторлар: малдың көтерімдігі, рационда құнарлы және минералды заттардың жетіспеуі, мационның болмауы, буаз кезінде індетті ауруға шалдығуы. Клиникалық белгілері және анықтауы: ауырған сиыр тынышсызданып, жонын көтеріп, жиі-жиі зәр жіберіп тұрады. Әрі қарай түспеген шуға микроорганизмдер еніп, оның шіріп, ыдырауы басталады. Жатыр бұл кезде мик-рофлорға толып кетеді. Малдың улануына байланысты дене қызуы көтеріледі, тәбеті төмендейді немесе болмайды, уыздың бөлінуі азайып, малдың жағдайы нашарлайды. Шуы түспеген сиырдың жыныс ернеуінен қызыл түсті былғаныш дене салбырап тұрады, мал жиі күшенеді. Осы көріністерге қарап диагноз қою оңай болады. Емдеу: сиырдың организімін күшейту үшін оған тұздалған су, шарана суын ішкізген жөн, 2 л суға 400-500 гр қантты ерітіп беру қажет. Күре тамырына 150 мл глюкозаның 40%-дық ерітіндісін, 100 мл кальций хлоридінің 10%-ды ерітіндісін және 10 мл 20%-дық кофеиннің ерітіндісін жібереді. Тері астына 20%жаңадан сауылған уызды егеді. Қолқаға новокаиннің 1%-дық ерітіндісіне (30-40 ӘБ) окситоцинді қосып жібереді. Жатыр арқылы жатырдың кілегей қабатымен және хорионның ортасына 300-500 мл ерітіндісін жіберіп, 2-3 таблетка экзутер дәрісін салады немесе ақ чемерицаның 10%-дық ерітіндісін балық майымен қосып жатыр ішіне жібереді. Ақ чемерицаның балық майымен қосындысын жатыр қуысына 100-150 мл бір рет жібереді, керек жағдайда 10-12 сағаттан кейін қайталайды. Ерітіндіні ПОС-5 приборымен (шошқаны ұрықтандыруға арналған) немесе резеңке катетермен шыны түтікше арқылы жібереді. Препаратты жібергеннен кейін 10-20 минут өткенсоң жатыр мен қынап 30-60 минутқа дейін қатты жиырылады. малдың шуы түспегенде алғашқы уақыт ішінде шара қолданса немесе туа салсымен алдын-алса, емдеу жұмыстары жоғары нәтиже береді.
Жатырдың айналып түсуі Бұл патология туудан кейінгі алғашқы сағаттарда кездеседі Себептері: ауруға әкеп соқтыратын себептері: малды буаз кезінде дұрыс азықтандырмау, мционның болмауы және еденнің алдыңғы жағы көтеріңкі болуы. Аталған себептер бүкіл организімнің еттерін босатады. Төлденгеннен кейін жатыр өз уақытында бұрынғы қалпына келмейді. Клиникалық көріністері: жатыр түскен мал мазасызданып, жиі-жиі күшенеді де зәр мен нәжісін шығарады. Жатырдың түсуін анықтау қиын емес. Жыныс ернеуінен шудың қалдығымен қоса қанталаған жатыр салбырап тұрады. Емдеуі: жатырдың орнына салудағы барлық шараларды қолданады. Сиыр күшенбес үшін 1-1, 5 л 400 спирт ішкізеді немесе сакралды анестезия жасайды. Жатырды шудың қалдығынан, кірден тазартады, дизенфекциялық ерітінділермен жуады (калий перманганаты, риванол 1:100, фурацилин 1:5000) . Жатырдың сірлі қабатының новокаиннің 1%-дық 100 мл ерітіндісін, жатыр етіне окситоциннің 40 ӘБ егеді. Жатырды стерилденген орамалмен алдынан түбіне дейін тығыздап орайды. Одан кейін жатырды ихтиол майымен майлап, жыныс ернеулеріне жақын жерден бастап, жамбас қуысына итеріп салады. Жатырды слып болғаннан кейін оның қыртыстарын қолмен жазады. Балық майына араласқан антибиотиктерді енгізеді.
Туғаннан кейінгі жатырдың орнына келмеуі (жатырдың субинволюциясы) Ол туғаннан кейінгі жатырдың белгілі уақытта өзінің бұрынғы қалпына келмеуі. Жатыр қуысында лохий жиналады. Себептері: жатыр еттерінің босансуына соқтыратын факторлар: малды дұрыс азықтандыру, рационда минералды заттардың жетіспеуі, мационның болмауы және басқа жағдайлар. Клиникалық көріністері мен анықталуы: жатыр субинвалюциясы малдың жалпы жағдайын өзгерте қоймайды. кейбір жағдайларда ғана септикалық улануға соқтырады. Ауруды дер кезінде емдесе жазылып кетеді. Сонымен қатар жатыр субинвалюциясы ұзаққа созылған эндомеритке айналады. Эндометриттің өрбу сатысына байланысты көпке дейін мал қысырлыққа ұшырайды. Жатыр субинвалюциясын анықтау үшін мына көріністерге назар салады: 17 күнге дейін жатырдан лохий бөлінеді, оның консистенциясы жабыспақ, иісі сасық, сұр түсті болады. Жатыр мойны бұзаулағаннан кейін 20-30 күнге дейін ашық болады. Жатырды тік ішек арқылы тексергенде, оның созылып құрсақ қуысында жатқанын байқайды, жатыр жиырылмайды, ішінде сұйық бар екні, туғаннан кейін 10-15 күнге дейін орта жатыр артериясының соғысы байқалады. Емдеу: малдың жалпы жағдайын жақсартуға, жатыр тонусын арттыруға бағытталады. Ол үшін стимуляция жасайтын дәрі-дәрмектер қолданады, оған АСД-2, уыз, карбохалин, прозерин жатады, ал жатырды жиырылтуға малдың етіне немесе тері астына питуитрин, окситоцин, карбохолин қолданып, шарана суларын ішкізеді және 1% новокаин ерітіндісі мен антибиотик, акситоциннің қосындысын қанға жібергенде жақсы нәтиже береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz