Мектеп психологының іс-қағаздары жүргізуі


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Мектеп психологының іс-қағаздары жүргізуі

Орындаған: Акчалова А. ПХ-315

Тексерген: Тезекбаева М. Ж.

Семей қаласы, 2015 жыл

Жоспар:

  1. Психологиялық қызметке сипаттама
  2. Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты
  3. Психологтың негізгі құжаттарының түрлері
  4. Қосымша психологқа арналған құжаттар
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға соңғы кезде үлкен назар аударылуда, өйткені мектептегі оқушылардың жеке ерекшелігін, таным процестерін толық менгеруге, ата-аналар мен мұғалімдердің көптеген мәселелерін шешуге, психологиялық жағынан көмек беруге мұғалімдердің өздеріне өте қиын. Сондықтан да білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып отыр.
Мектептегі психологиялық қызмет дегеніміз не, мақсаты, міндетті, іс -құжаттарының түрлері қандай деген мәселені қарастырайық.
Мектептегі психологиялық қызмет - әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру.
Халыққа білім берудегі мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:
1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық жетілуін, өз-өзін тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады.
2. Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық жағын зерттеу ерекшеліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады.
3. Профилактика міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе білуімен анықталады.
Міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп психологиялық қызметінің міндеттері мен мазмұнын анықтау;
- мектеп психологі қызметінің негізін құратын жұмыс бағыттарын, іс-құжаттары мен психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;

Психологтың негізгі құжаттарының түрлері
I. Нормалы (қағидалы) құжаттар
Мақсаты: Психологтың жұмыс мазмұның мемлекеттік стандартқа сай болуы.
1. Бала құкығы туралы халықаралық конвенция
2. «Білім туралы» ҚР заңы
3. «Білім» мемлекеттік бағдарлама
4. Психологиялық қызмет ережесінің жобасы
5. Білім мекемесіндегі педагог-психологтың статусының жобасы
6. ҚР білімінің даму концепциясы
7. Психологтың этикалық кодексі
II. Концептуалды құжаттар
Мақсаты: Психологтың жұмысын ұйымдастыру
1. Психологиялық қызметтің тұжырымдамасы
2. Психологиялық қызметтің моделі (құрылымы)
3. Мектептің басқа жұмысындағы мақсатты бағдарламасы
III. Қызметтік және есептік кұжаттар
Мақсаты: Психологтың атқарған жұмыстарын тіркеу журналы
1. Мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспары
2. Психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жұмыс жоспары
3. Күндік, апталық, айлық жоспар
4. Циклограмма
5. Жылдық есеп
6. Жеке іс - шаралар:
- Дарын
- Девианттық
- Аутоагрессия
- ҰБТ
- ОЖСБ
- Кәсіптік бағдар
- Мүмкіндігі шектеулі
- Үлгерімі төмен
- Бейімделу 5, 10 сынып
- Ата - аналармен
- Мұғалімдер
- ЖҚТБ, есірткі
Есептік құжаттар
Мақсаты: Психологтың жұмыс мазмұнының көрінісі (жабық құжат)
1. Жылдық аналитикалық анықтама, мәлімет, есеп
2. Статистикалық есеп (айлық, тоқсандық, жылдық мәтіндік есептер)
3. Педагогикалық - психологиялық сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша талдау жеке топтық жұмыстардың аналитикалық анықтамалары
4. Психологиялық кеңес беру бағытының журналы
5. Жеке түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы
6. Топтық түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы
7. Сұранысты тіркеу журналы
8. Психологиялық сұраныстар журналы
9. Психологтың атқарған жұмыстарын тіркеу журналы
10. Психодиагностикалар (акт, карта, психологиялық портреттер, зерттеудің хаттамалары, қорытулар, салыстырмалы кестелер, кеңестер)
11. Әкімшілікпен жұмыс жоспары
12. Кәсіптік өзін-өзі жетілдіру жоспары. Мектеп психологында психологиялық-педагогикалық шеберлікті дамыту папкасы болу керек. Онда: білімді жетілдіру курстарын бітіргенін растайтын сертификатгар, жетістіктер, грамоталар, мақтау қағаздары болады.
13. ЖБІБ және мектеп ішілік тіркеуде тұрған оқушылардың картотекасы;
14. Ішкі қолданыс үшін қамқорлыққа алынған балалардың медико-психолого-педагогикалық мінездемесі;
15. Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары
Қосымша психологқа арналған құжаттар
1. Бапкердің сөмкесі (психологиялық ойындар мен жаттығулар)
2. Бейімделу процесін психологиялық қамтамасыз ету
3. Танымдық процесстерді дамыту тақырыбы бойынша материал папка
4. Тақтаға ілетін материал.
5. Мектеп тақырыбы бойынша тәжірибелік экспериментік жұмыстың бағдарламасы ТЭЖ (2-3жылға)
6. Психологиялық - педагогикалық шеберлікті дамыту папкасы (білімді жетілдіру курстары, сертификаттар грамота мақтау кағазы
7. Психологиялық ағарту бағыты (педагогикалық кеңесте, ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар жинағы, семинар практикумдар, тақырыптық көрмелер, жадынамалар) .
8. Психологиялық алдын -алу бағыты (жас кезеңі ескерілген дамыту бағдарламалары) материалдары папка
9. Өткізілетін сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы
10. Кабинет паспорты, мүліктер мен құралдар тізімі
11. Диагностикалық материалдар картотекасы (әдістемелердің авт. )
12. Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары
13. ҰБТ алдындағы лайындық материалдар жинағы папка
14. ОЖСБ - ға дайындық материалдары папка
15. ЖҚТБ, есірткі жайлы материалдар жинағы папка
16. Аутодеструктивтік (суицид) жайлы материалдар жинағы папка 12
17. МПМК (үйде оқытылатын оқушыларға) материалдар жинағы папка
18. Девиантты балалармен жұмыс материалдары папка
19. Кәсіби бағдар бойынша жұмыс материалдары папка
20. 12 жылдық білім беру материалдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп психологының іс қағаздар жүргізу
Мектеп психологының іс-қағаздары
Мектеп психологының іс-қағаздар жүргізуі
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ қысқаша лекция курсы
Мектеп психологынын іс-кагаздары. Психодиагностикалық жұмыстар
Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
Психологиялық кеңес жұмыстары
Психологиялық қызметтің дамуы
Мектеп психологының отбасымен жұмыс түрлері
Мінез-құлық ауытқуларына бейім балалармен жүргізілетін психологиялық түзеу жұмыстарының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz