Психологиялық сұрақнама жасауға қойылатын талаптар


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ № 10, 11

Тақырыбы: Психологиялық сұрақнама жасауға қойылатын талаптар

Қазіргі жаңа психологиялық эксперимент моделдерін құрастыру.

Оқытушы: Кулмышева Н. А. п. ғ. к.

Магистрант: Өмірбек А. Ө

6М010300 Педагогика және психология

Семей 2015

Психологиялық сұрақнама жасауға қойылатын талаптар

Қазіргі жаңа психологиялық эксперимент моделдерін құрастыру.

Жоспар:

  1. Эксперимент туралы түсінік
  2. Психологиялық эксперимент
  3. Психологиялық сұрақнама жасауға қойылатын талаптар

Эксперимент (ғылыми тәжірибе) -Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т. б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады.

Эксперименттің екі түрі бар:

1. лабораториялық

2. табиғи

Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтайтын құрал-жабдықтарды қолдана отырып, арнайы жабдықталған орындарда өткізіледі. Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы А. Ф. Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді.

Психологиялық зерттеу әдістерінің арасындағы ең бастысы -эксперимент -психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс- әрекетіне белсенді араласуы. Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті -жан дүниелік іш- тей психологиялық үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылылықпен сырттай бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу. Зертханалық эксперимент -арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал. Табиғи эксперимент -еңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін сезбейді.

«Эксперимент» термині - латын сөзі experimentum - (тәжірибе, сынау, бақылап көру) . Эксперименттік психология пәні - психологияның теориялық және эмпирикалық білімі туралы мәселелерді, психологиялық эксперементтің өзіне тән ерекшеліктерін, іс-әрекеттің эксперементтік психологиясын, іс-әрекеттің табиғи және жасанды түрлері туралы және жеке адам санасының эксперементтік психологиясын қарастырады. Эксперементтік психологияның міндеттері - психологиялық эксперементтің зерттеу теориялары мен құрылымын, ғылыми мәселелердің ерекшеліктерін қарастыруды шешеді. Психологиялық эксперперементтің психологиялық заңдылықтарын, экспериментатор мен зерттелінушілердің жеке басы мен эксперемент кезіндегі іс-әрекеттері туралы, эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру мен өткізу процедуралары туралы, адамға зерттеуді жүргізудегі этикалық талаптар туралы мәселерді қарастырады. Эксперименттік және эксперименттік емес жоспарларды, экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі жоспарларды, корреляциялық зерттеуді, эксперименттік зерттеуді жоспарлаудың тиімді жолдарын айқындайды. Идеалды эксперимент, шындықтағы (реальды) эксперимент, «эксперименттің толық сәйкестігі» арасындағы өзгешіліктер, сонымен қатар, психологиялық өлшемдер туралы, нәтижелерді интерпретациялау заңдылықтарын қарастырады. Зерттеу туралы алғашқы ойлар ежелден келе жатыр. Алғашқы адамзатты зерттеу мәселелері Қытай империясынан туындаған. Ежелгі Грецияда зерттеу - дене жетілуі, ойлау және талдау өнерін бағалау ретінде қолданылады. Платонның ұсынған әскери қабілеттіктерді зерттеуі - эксперименттің алғашқы элементтері болып табылады. Б. э. д. IV ғ. өмір сүрген Греция өкілі Аристотель философ, әрі табиғатты зерттеуші болған. Александр Македонский өзінің бұл оқытушысына, өзінің жеңіп алған аймағындағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін зерттеуді бұйырған. Түрлі фактілерді жинақтай отырып, тірі организмдер тіршілігіне талдау жасалынды. XVI ғ. өмір сүрген Френсис Бэкон Англияда эмпиризм ғылымының эффективті әдістеріне тәжірибе жасау арқылы ғылымының методологиясына жаңа идеялар енгізді. Гоббс Локк (1632-1704ж. ж. ) адам санасының пайда болу жағдайларына тәжірибе жүргізді. Р. Декарт теория мен тәжірибені өзара байланыстырушы өкілдің бірі вебер, Фехнер, Дондер, Гельмгольц физиология, философия ілімдерінде негізгі тән-сананы ала отырып, ішкі тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олардан өзгешеленетін ерекше факторлар мен заңдылықтарды көрсетті. Бертін келе В. Вундт (1832-1920) алғашқы психолог-экспериментатор болу себебі, физиология ілімінен психология ілімін түрлі зерттеулер құру арқылы ерекшелеп алды. Ол алғаш Лейпцикг қаласында 1875ж арнайы педагогикалық институт ашады. Онда 136 неміс, 14 американ, 10 ағылшын, 6 поляк, 3 орыс, 2 француз оқыды және бұлар экспериментаторлардың алғашқы ұрпақтары болып саналады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психодиагностиканың ғылыми - әдіснамалық негіздері
Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі (алгебраны оқыту мысалында)
Мектеп журналының электрондык түрі
Топтағы адамдарды психологиялық зерттеу әдістерімен таныстыру
Психологиялық сұрақнама жасауға қойылатын талаптар жайлы мәлімет
Психологиялық эксперименттің тазалығы
Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау
Шығыс жұлдыздарының шығармаларын қазақ тіліне аудару тарихы
Психологиялық-педагогикалық тесттің сенімділігі мен валидтілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz