Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері.

Орындаған : Ебелеков Б.

Тобы : ТЖ - 405.

Тексерген : Қуантқан Б.

Семей 2015 жыл

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 ) ҚР жекешелендіру мәні.

2 ) ҚР жекешелендіру кезеңдері.

3) ҚР жекешелендіруді жүргізу әдістері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

ҚР жекешелендіру мәні.

Жекешелендіру баршаға берілген тең мүмкіндік.
Жекшелендіру нарықтық экономиканың құрамдас бөлігі. Оның мағынасы кең. Жалпы алып қарайтын болсақ, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеп, өнім өндірушілердің шаруашылық және технологиялық бастамасына жол ашу, жеке сеторларды дамыту саясатын жүргізу дегенге саяды. Бір сөзбен айтқанда экономиканы мемлект иелігінен алу. Бұл жердегі басты міндет меншікті әркімге жеке жеке таратып беру емес, ол жаңа нағыз меншік иелерін қалыптастыру, экономиканың нарық арналарына көшуін қамтамасыз ету. Жекешелендіру бағдарламасы сайып келгенде өндіріс көлемінің ұлғаюына, материалдық құндылықтардың молаюына, республиканы мекендейтін барлық халықтардың әл ауқатының жақсаруына қол жеткізетін болуға тиіс.
Елбасының темірдей ерік жігері мен табандылығы, оның істің жағдайын божап, алдын ала жұмыс бастау қабілеті ғана. Қазақстанда меншіктің ұлан ғайыр реформасын қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Еліміздегі ахуал оңтайлы бола қоймаған 1991жылы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жоғарғы Кеңеске “Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы ” заңды енгізіп, оның қабылдануына қол жеткізді.
Жекешелендіру меншікті мемлекет қарамағынан алудың бағыттарының бірі, оның мәні меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру :
азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті билік органдарынан ; кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығаратын бөлімшелерін; кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін;
акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің, капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін, пайыз, акциялар;
Жекешелендірілетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капиталындағы үлестерін, пайыздарын, акцияларды меншікке алуын білдіреді .

ҚР жекешелендіру кезеңдері.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік меншік пен оның қызметтерін жеке секторға толық және жарым жартылай өткізіп берудің 22 түрлі тәсілі бар.
Жекешелендіру процесі ұзаққа созылатын процесс. Ал, Қазақстан Республикасындағыдай, дәл осындай әсіресе қарқынды және жалпылық жекешелендіруді бұрынғы социалистік мемлекеттің ешбірі жүргізген жоқ. Тіпті дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің өзінде жекешелендіру процесі жылдам іске аспайды. Мәселен, Жапонияда ол 10 жыл, Батыс Еуропа елдерінде 10 - 15 жыл бойы жүрді. Түркияда жекешелендіру 10 жылдам астам уақыт жүзеге асырылуда, Чилиде бұл процесс 1973 жылы басталып, әлі күнге дейін жалғасуда. Мексикада, Аргентинада, Бразилияда және постсоциалистік елдердің бәрінде жекешелендіру қзақ уақытқа созылуда.
Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процесін төрт кезеңге бөліп қарауға болады ; олардың әрқайсысыныңөз мақсаттары бар. Бұл процестердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа тұс келеді.
Бірінші кезең. Кіші жекешелендіру 1991-1992 жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде сауда, қызмет көрсету аясындағы кіші және орта кәсіпорындардың 50%-ы жекешелендірілді. Мемлекеттік меншіктің мөлшері мен құрамын белгілеу, меншік құқығын беру тетіктерін әзірлеу шаралары жүзеге асырылды.
Екінші кезең. Үлкен және жаппай жекешелендіру 1993-1996 жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде орта және ірі кәсіпорындар жекешелендірілді. Бұл кезең кіші жекешелендіру бағдарламасының аяқталуын, жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді. Бұл жерде жаппай жекешелендірудің мынадай артықшылықтарын көрсетуге болады, біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жұмысбастылықты көтеруге жағдайлар туындайды, екіншіден, жаппай жекешелендіру шаралары үлкен мемлекеттік шығындарды талап етпейді. Сонымен қатар, жаппай жекешелендіру мемлекеттің халыққа ұлттық мүлікті қайтару шарасын мақсат тұтып, кәсіпорындарды кең көлемде қайта құрылымдауды, оларды басқаруды жетілдіруді және қаражаттардың қосымша көздерін қамтамасыз етуді қарастырады. Республиканың жұмысқа жарамды халқының 17%-ның тағдыры жаппай жекешелендірудің нәтижелеріне тәуелді болып табылды.
Үшінші кезең. Жеке жобалар бойынша 1997-2000 жылдары жүргізілген жекешелендіру жекешелендірудің аяқталу кезеңі деп аталады. Күтілген оң нәтижелері: экономикалық тиімділіктің өсуі, кәсіпорындарды басқаруды жетілдіру, жекешелендірілген кәсіпорындардың және олардың өндірген тауарларының бәсекелік қабілеттілігін көтеру.

Жекешелендіруді жүргізудің әдістері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика пәнінен дәрістер
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері туралы
ҚР-ның жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы мәлімет жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz