Сынықтардың асқынулары туралы мәлімет


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы : Сынықтардың асқынулары

ОРЫНДАҒАН: Ахмадиев Д

ТЕКСЕРГЕН: Ахметжанов О. Н

Жоспар:

  1. Төмеңгі жақты остеомилит
  2. Асқынуы
  3. Емі
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Жақтың төменгі қырының жарақатты остеомиелиті. Сынықтарды оперативті емдегеннен кейін жиі дамиды. Науқастар жалпы жағдайының әлсірегенін, бетіндегі жұмсақ тіндерде қабыну процесінің басталғанын сезеді. Дене қызуы 37, 3° шамасында болады және кешкілік, таңертең аздап өзгеріп отырады. Төменгі жақ қимылы бұзылады. Жақтың төменгі қырының осте-омиелитінде рентгенологиялық белгі-көп мөлшердегі кортикалды секвестрдің болуы. Ол остеопороз және сүйек тінінің ыдыраған бөлігінде орналасады. 7-10 күн шамасында секвестр маңындағы сүйек тінінің ыдырауы біртіндеп ұлғайып, басқа сүйек тіндерімен оқшауланады. Сынық сызығының жоғарғы жатқан бөлігі өз диаметрін өзгертпейді, фрагменттің контуры анық болып қалады.

Төменгі жақтың шеткі сынықтарының жарақатты остеомиелиті. Бұл түрінде остеомиелиттік жарақаттануы байқалады. Себебі сынық жиегінің барлық бетін қамтиды. Жұмсақ тіндердегі қабыну процестері мен анық ауыру сезімі байқалады. Дене қызуы көтеріліп, қанда өзгерістер болады.

Науқастарда үшкіл нервтің үшінші тармағының иннервациялау аймағында сезімталдық бұзылады.

Рентгендік көріністе сүйек тінінің резорбциясы байқалады. Сынықтың жиегі анық емес. Әртүрлі мөлшердегі секвестрлер сынық сызығының бойымен орналасады.

Созылмалы остеомиелиттің қзақ мерзімі нәтижесінде жақтың ақауы пайда болады. Гемограммада қан жағынан өзгерістер байқалмайды. Тек нейтрофилез, салыстырмалы және абсолютті моноцитоз, лимфопения байқалады. Егер жарақатты остеомиелит жақ маңындағы абсцесс немесе флегмонамен асқынса эритроциттердің тұну жылдамдығы артады және лейкоцитоз байқалады.

Жарақатты остеомиелитті емдеу. Бірінші емдік шара, іріңдерді ауыз ішінен немесе сыртынан тіліп шығару. Абсцестер ауыздың ішінен ашылады. Ол үшін міндетті түрде жұмсақ тіндерді 3 см сүйекке дейін кеседі. Жайылған қабыну процесінде 5-6 см сыртқы тілік жасалады, тіндер ажыратылып, төменгі жақтың тінін тексереді.

Ірің көбейсе қанат тәрізді бұлшықеттің ішкі жағынан тіліп ашып антибиотикті ерігінділермен жуады. Гипертониялық ерітіндіге суланған дәкемен орап, стерилді резина қблғаптың қиындысымен дренаж қояды. Бұл операциядан соң қабыну процесі азаяды.

Жарақатты остеомиелитті емдеген кезде негізгі қағида себепкер факторды жою. Егер ол фактор жақ сынығы дұрыс бекілмегенінен болса, шұғыл түрде төменгі жақ сынығын дұрыс бекітіп, бір мезгілде іріңдікті тіліп ашу қажет. Іріңнен тазарған соң консервативті ем тағайындалады. Антибиотикотерапия, сульфаниламидті препараттар, нитрофуран препараттары, витаминотерапия, жалпы жағдайды көтеретін, сезімталдықты жоятын ем.

Іріңді тіліп ашқанда - Микрофлора мен оның антибиотикке сезімталдығын анықтау үшін жұғынды (мазок) алған жөн. Микробиологиялық тексерулер қорытындысы 4 8 сағаттан соң белгілі болады. Сондықтан басында кең спектрлі антибиотиктер белгіленеді (тетрациклин 2 Б 4 рет күніне немесе монолицин 2000 Б - 4 рет) . Анализдер қорытынды алынған соң бағытталған антибиотерапия белгіленеді. Бұдан басқа сульфадемизин немесе күніне 4 реттен норсульфазол 1, 0, фуразалидон 0, 15 белгіленеді. Анти-бактериалды аралас ем 5-6 күн жүргізіледі, егер процесс тоқтамаса, қайтадан жарақаттан бөлінген сұйықты зерттейді. Антибиотикті өзгертеді. Кейбір авторлар антибиотикті қабыну ошағына салуды ұсынады.

Жарақатты остеомиелитті емдеу үшін Д. А. Энтин (1940) сынық аймағына 70% спирттегі 2% новокаин ерітіндісін енгізуді ұсынады. Мүндай инъекциядан кейін ауыру сезімі жойылады, жағымсыз сезімдер басылады. Спирт-новокаин ерітіндісі 2-3 күннен соң 5 рет енгізіледі (1, 5-2 мл) . Көп жағдайда спирт баяу созылмалы процестерде енгізіледі. А, В, С витаминдерін глюкоза ерітіндісімен бірге венаға жібереді. Сезімталдықты жою үшін ди-медрол, кальций хлориді белгіленеді.

Физиологиялық ем. УЖЖ немесе қысқа толқынды ем, операциядан соң белгіленеді. Жарақатты остеомиелитті емдегенде физиопроцедура керек. Р. Н. Михайлова мен Я. Г. Зайковский (1968) дәлелденген.

Созылмалы процестерде беттегі жұмсақ тіндердің инфильтраты тез сіңіп кетеді. Төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісінің жарақаты остеомиелитінде сынықтың тұсындағы себепкер тіс жұлынады да ұяшыққа кюретаж жүргізіледі. Осы кезде секвестрленген түбіраралық перде мен ұяның қабырғасы алынады. Ауыз қуысын фурациллин ерітіндісімен жуып шаяды.

Төменгі жақтың сынық жиегінің остеомиелитінде секвестрэктомия немесе остеотомия жүргізуге асықпау керек, өйткені ол ақаудың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Жарақатты остеомиелиттің алдын алу шаралары: 1. Сүйек сынықтарын ерте және тиімді бекіту (жарақатты хирургиялық өңдегеннен кейін) .

2. Сынық тұсындағы созылмалы процесс бар тістерді дер кезінде жұлу.

3. Сынықтың саңылауын антисептикалық ерітінділермен жуып шайғаннан соң ауыз қуысынан мұқият оқшаулау.

4. Сынықтағы микроциркуляцияны қалпына келтіру үшін ем жүргізу. (антикоагулянттар тағайындау: қанның реологиялық қасиетін жақсартатын ерітінділер енгізу) .

5. Сүйек тініне сезімтал антибиотикті ерте пайдалану.

6. Жалпы жағдайын көтеретін ем, репаративті остеогенезді нығайту.

7. Ауыз қуысы тазалығын сақтау.

Жарақатты гайморит. Жарақатты гайморит - тек оқ тиген жарақаттың асқынуынан ғана емес, тұрмыстағы әртүрлі жағдайдың салдарынан бет қаңқасы сүйектерінің жарақаттануынан да, соның ішінде жоғарғы жақтың бет сүйек доғасының және ЛОР - мүшелердің жарақаттануынан дамиды. Бет қаңқасының жарақатынан басқа, бет сүйек доғасы сынған кезде де бет қаңқасы көп жағдайда төмен, ішке және артқа қарай кіріп кетеді (қозғалады) . Осы кезде бет сүйек доғасы гаймор қуысына кіріп, оның сүйекті және шырышты қабықтарын жарақаттайды.

Егер қуысқа сүйек сынықтары түсетін болса - жарақаттары гайморит дамиды.

Жарақаттан соң алғашқы күндері жарақатты гаймориттің айқын клиинкалық белгілері болмайды, себебі бұл уақытта жақ сынығының клиинкалық көрінісі басым келеді. Науқастың басы ауырып, мұрын арқылы дем алысы қиындайды, мұрынынан алғашында серозды, сонан соң іріңді қан бөледі, дене қызуы көтерілуі мүмкін.

Жарақаттанғаннан бірнеше күннен кейін жедел көріністер созылмалы түрде ауысады. Созылмалы гаймориттің клиинкалық көрінісі қуыстың қабырғасы мен шырышты қабығының жарақатының сипаты мен көлеміне, қуысты жарақаттанған сүйек сынығы немесе бөгде дененің мөлшеріне байланысты болады. Созылмалы гаймориттің ең басты белгісі - жыланкөз, мұрын жолдарынан бөлінген ірің мен жергілікті ауыру сезімі. Қан ұюы мен кейбір шырышты қабықтың және жақ сүйек наркозының салдарынан шырышты қабықтың полипозды түрінде продуктивті процестер дамиды. Жоғарғы жақа оқ тию салдарынан болған жарақатты гайморит ағымының өзіне тән ерекшелігі бар. Жарақаттанған кездегі қуысқа түскен сүйек сынықтары, кейін пайда болатын секвестрлер ұзақ уақыт бойына қуыстың шырышты қабығын қабындырады. Соңынан қуыстың грануляция тіні осында қалған сүйек сынықтарымен, бөгде денемен бірігіп фиброзды тінге айналады, ол өз кезегінде ауық-ауық процестің асқынуына соқтырады.

Рентгенограммада қуыс пневмотизациясының өте төмендеуі байқалады. Алғашқы күндердегі рентгенограммадағы қуыстың қараюы жоғарыда айтылғандағыдай қан ұюы кейіннен - шырышты қабықтың патологиялық өзгерістерді көрсетеді.

Созылмалы жарақатты гайморитте жоғарғы жақ қуысына радикалды операция жасайды. Қуыстың алдыңғы қабырғасын алғаннан кейін, оның ішіндегі тыртық пен фиброзды өзгерген тіндерді және бөгдее денелер мен сүйек сынықтарын алып тастайды. Бөлек қуыстарды бір-бірімен қосып бір қуыс жасайды да, жоғарғы жақ қуысы мен төменгі мұрын жолының арасына кең түтікше қояды. Қуыстың шырышты қабығының полипозды жерлері кесіліп алынады да, өзгермегендігі - қалдырылады. Қуысыты жуып, кептіргеннен кейін, оның ішін вазелинді майға батырылған йодоформды тампонмен толтырып, оның ұшын түтікше арқылы шығарып, төменгі мұрын қуысында қалдырады. Ауыз қуысының шырышты қабығының жарақатын саңылау қалдырмай тігіп тастайды.

Церебальды өзгерістер. Өте алуан түрлі. Жалпы олар ми шайқалуы салдарынан болатын қысқы мерзімді немесе ұзақ уақытқа созылған естен тану түрінде байқалады.

Ми жарақатының белгілері басым болған науқастарды жарақатты өңдеп және жақ сынықтарын орнына қойғаннан кейін неврологиялық, не нейрохирургиялық бөлімдерге орналастырған жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеуде қуысының зақымдануы
Сынықтардың асқынулары
Сынықтардың асқынулары туралы
Гипс таңғыштарының түрлері
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек жайлы мәлімет
Жарақаттану және қан кету кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Миокард инфаркты
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Тіс қатары ақауының жіктелуі
Балшықпен емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz