Ойынның педагогикалық мәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны жайлы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогикалық факультет

Педагогика - психология кафедрасы

СРО № 3, 4

Тақырыбы: «Ойынның педагогикалық мәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны»

Орындаған: Базарбекова Ж. А.

Топ: П-403у

Тексерген: Кулмышева Н. А.

Семей 2015 жыл

1. Ойынның педагогикалық мәні.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны.

1. Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Мектепте, мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі - ойын әрекеті.

Ойын - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В. И. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде іскерлік ойын, ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т. б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Экономикалық пәндер бойынша іскерлік ойын сабақтарын өткізу 3 кезеңнен тұрады:
1-кезең. Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау) .
2-кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау) .
3-кезең. Қорытындылау (проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру) .

Дәстүрлі ұйымдастырылған оқуға қарағанда, ойын арқылы оқыту үрдісінде оқушылар аз шаршайды және көп мағлұмат алады.

Ойынның сабақ барысында басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?
- Қисынды ой-қабілетін дамытады;
- Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
- Сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
- Зейіні қалыптасады;
- Байқампаздығы артады;
- Өзара сыйластыққа үйренеді;
- Тәртіптілікке баулыйды;
- Оқушыларды достыққа, ынтымақтастыққа баулыйды;
- Сабаққа қызығушылығы артады.

Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытудағы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.
Ойын бірнеше қызмет атқарады:
• ойын - сауық;
• комумуникативтік немесе қарым - қатынастық;
• диагностикалық ( ойын барысында өзін- өзі тану)
• Коррекциялық ( өзін-өзі түзету)
• әлеуметтендіру.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Оны қай кезде қолданамыз? Көбіне ойын элементтерін сергіту сәті, қайталау кезінде қолданған тиімді. Ойын сабақтың басында - өткенді еске түсіреді, ортасында - көңіл күйін сергітеді, оқушының ынтасын арттырады, соңында - тақырыпты бекіту, білімді жинақтау мақсатын көздейді. Қорыта айтқанда, экономикалық пән сабағында әртүрлі ойын элементтерін қолдану жақсы нәтижелер береді, тиімділікті арттырады.
Президент Н. Назарбаев жолдауда «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.
Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз.
Ендеше, осы міндетті орындауда инновациялық технологияны қолдану - өмір талабы.

2. Драматизация ойындарында мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің және т. б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Олар сюжетті - рольді ойындарға ұқсас: екеуіде құблыстарды, оқиғаларды, адамдардың іс-әрекеті мен өзара қарым - қатынастарын, т. т шартты түрде елестеуге негізделген, сондай - ақ екеуінде де творчество элементтері бар. Драматизация ойындарының өзіндік ерекшелігі сол, ертегінің немесе әңгіменің сюжеті бойынша балалар белгілі бір рольдерді атқарады, оқиғалаларды дәл жүйелілікпен жасайды.
Драматизация ойындарының көмегімен балалар шығарманың идеялық мазмұнын, оқиғалардың логикасы мен бірізділігін, олардың дамуы мен себептік шартын жақсы түсінеді. Ортақ әсерленумен біріккен балалар үйлесімді іс-әрекет жасауға, өз қалауын коллектив мүддесіне бағындыра білуге үйренеді.
Драматизация ойындарын өрістету үшін мыналар қажет: балалардың ойынға ынтасын туғызу және дамыту, олардың шығарма мазмұны мен тексін білуі, костюмдердің, ойыншықтардың болуы. Ойынға костюм кейіпкер бейнесін толықтаырады, бірақ ол балаға жайсыз болмауға тиіс. Егер костюм жасауға мүмкіндік болмаса, онда қайсыбір персонажға тән ерекшеліктерін сипаттайтын және элементтерді: қораздың айдарын, түлкінің құйрығын, қоянның құлағын, т. т. пайдалануға болады. Костюмдер жасауға балалардың өздерін тартқан жақсы.
Тәрбиешінің басшылығы мынада: ол ең алдымен тәрбиелік маңызы бар, сюжеті балалардың игеруіне және драматизация ойынына айналдыруға қиын емес шығармаларды іріктеп алады.
Мектепке дейінгі балалармен ертегіні арнайы жаттаудың қажеті жоқ. Тамаша тіл, тартымды сюжет, текстегі қайталаулар, оқиға дамуының ширақтығы - осының бәрі оны тезірек игеруге көмектеседі. Ертегі қайталап айтқанда балалар оны жадында жақсы сақтайды да, ойынға араласып, жекелеген кейіпкерлердің рольдерін орындай бастайды. Ойнай жүріп бала өз сезімдерін сөзбен, ишаратпен, ыммен, интонациямен тікелей жеткізеді.
Драматизация ойынында балаға қандай да болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек - ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.
Драматизация ойынын өрістетуде, ойынның сипатты белгілерін игеріп, оны рольде ойнап көрсетуге, оған педагогтың өзінің ықылас қойып ертегіні оқып немесе айтып

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері пәнінің дәрістік материалдары
Ойын - психологиялық феномен жайлы
Ойынның педагогикалық мәні. мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны
Қуыршақ театры
Мектеп жасына дейінгі балалар
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен маңызы
Үйлесімді сөйлеуді дамыту балалардың сөйлеу тәрбиесінің басты міндеті
Балабақшадағы драматизациялау іс-әрекетінің мәні»
Балалар ойыны еркін түрде іске асырылатын әрекет
Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz