Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі


БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе. . . . 4

1 бөлім. Терроршы психологиясының теориялық негіздемелері . . . 6

1. 1. Террордан терроризмге дейін. Терроризм психологиясының

негізгі ұғымдары . . . …6

1. 2. Терроршыда агрессивтілік пен зорлық-зомбылықтың пайда

болуының табиғи және әлеуметтік факторлары . . . 14

1. 3. Терроршының террорлық акт істеуінің мотивтері . . . 23

2 бөлім. Терроршы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін

анықтайтын эксперименттік әдістер . . . 28

2. 1. Зерттеу ерекшеліктерінің сипаты . . . 28

2. 2. Зерттеу барысында қолданылған әдістердің сипаттамасы . . . 28

2. 3. Эксперименттік нәтижелерді өңдеу, психологияда қолданы-

латын математикалық әдістермен талдау жасау . . . 32

2. 3. 1. Басса-Дарки агрессивтілік деңгейін анықтау әдістемесінің

нәтижелерін тіркеу, өңделуі . . . 32

2. 3. 2. Розенцвейг әдістемесінің қорытындыларының өңделуі . . . 38

2. 3. 3. “Автопортрет” проективті әдістемесін қорытындылау . . . 42

2. 4. Зерттеу бөлімі туралы соңғы сөз . . . 44

Қорытынды . . . 46

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 48

Қосымшалар

КІРІСПЕ

2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін (бұл күні АҚШ-тың бірнеше қаласында осы мемлекет саясатына қарсы террорлық әрекеттер ұйымдастырылған болатын, осының салдарынан төрт мыңдаған адам опат болды) терроризм құбылысы біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Адамзат терроризмнің туындауы жаһандану үрдісімен байланысты екенін сезіне бастады және ары қарай “терроризм” атты құбылыстың өздерімен бірге өмір сүретініне көз жеткізді. Алдағы ондаған жылдарда бұл құбылысты жойып жібереміз деген сөздерге сену өте қиын және мүмкін емес те.

Терроризм психологиясы - психологияның ең жас салаларының бірі. Бұл саланың жеке түрде ғылым болып бөлініп шығуына өзіндік үлес қосқан - жоғарыда аталған әрекеттер. Рас, 2001 жылға дейін террорлық әрекеттер жиі ұйымдастырылып тұрды және оның саяси, заңдық, экономикалық аспектілері зерттелініп, ғылыми негіздемелері жасалынды. Ал, терроризмнің психологиялық астарларын қарастыру соңғы бес жылдықта ғана қолға алына бастады.

Ресейде терроризм психологиясының әлеуметтік қырларын көрсетумен Линдер И. В., Титков С. А., Витюк В. В., Эфиров С. А., Васильев В. Л. сияқты психологтар айналысса, шетелдік психология өкілдерінен психологияны әлеуметтік әсерлермен байланыстыра зерттеушілерге Поуст Дж., Александер И., Ливингстоун Н. т. б. ғалымдарды жатқызамыз [1, 42 б] .

Терроршылардың психикалық ерекшеліктерін көрсетуде еңбек сіңірген авторлар қатарына ресейліктер Ольшанский Д. В., Антонян Ю. М., Марков М. М., Требин М., Алексеева Е., Коровиков А. жатқызсақ [2, 148 б], шетелдік ғалымдарға Франкл В., Беккер Э., Янсен Г., Поспишил К., Милгрем С. сияқты авторларды енгіземіз.

Менің бұл мәселені бітіру жұмысыма басты зерттеуі етіп алуымның өзіндік өзектіліктері бар.

Біріншіден, елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың әлем мемлекеттерімен ұстап отырған саясаты арқасында Қазақстан Республикасына терроризмнің қаупі әлі төне қойған жоқ. Дегенмен, әлемде болып жатқан оқиғалар көрсеткендей терроризм құбылысы хабарландыруды керек етпейді. Республикамызда осыған байланысты әрекеттер істелінді (ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті аясында терроризмге қарсы комитет жұмыс істейді, оны ҚР ҰҚК-нің төрағасының бірінші орынбасары А. К. Божко басқарады) және терроризмнен заңдық, құқықтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыда қорғану әрекеттері істелініп жатыр. Мысалы, “Терроризмге қарсы күрес”, “Экстремизмнің алдын-алу туралы”, “Экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің Мемлекеттік Бағдарламасы” атты ҚР арнайы Заңдары бар. Осы қатарға терроризмнің психологиялық аспектлерін қоссақ, құба-құп болар еді.

Екіншіден, еліміздің географиялық орналасу аймағы. Ұлан-ғайыр территориямыздың оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстанмен шектессек, батыста Каспиий теңізі арқылы Ресейдің Дағыстан, Шешенстан автономиялық мемлекеттерімен шектесеміз. Көріп отырғанымыздай, аты аталған мемлекеттердің барлығын терроризм құбылысы жайлап алған. Бұл қатарға Орта Азияда бізбен қатарласа қоныс тепкен әлемдік терроризмнің ошағы Ауғанстан мен Пәкістанды қоссақ, елімізде жасырын түрде терроршылардың мекен етіп жатқанына ешкім кепілдік бермейді.

Үшіншіден, терроршы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу терроршылармен келіссөз жүргізетін арнайы кадрлар дайындауда тиімді. Әлемнің көптеген елдерінде осындай адамдарды дайындайтын арнайы институттар бар, еліміздің Қауіпсіздік комитетінде бұл мәселе енді қолға алына бастады. Сондықтан, осындай кадрларға терроршы психологиясын білу өте маңызды.

Зерттеудің басты мақсаты - отандық психологияда аса зерттеле қоймаған терроизм мәселесінің басты әрекет етушісі террошы тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін көрсету және терроршыға тән агрессивтілік деңгейін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

1) Терроризм психологиясы мен терроршының тұлғалық психологиялық ерекшеліктері туралы айтылған ресейлік және шет елдік авторлардың теорияларын талқылау;

2) Зерттеу болжамын анықтауда тиімді болатын әдістердің топтамасын жасау;

3) Зерттеу объектісі болған тұлғаларға топтастырылған әдістерді жүргізу;

4) Алынған нәтижелерді психологиялық өңдеу;

5) Психологиялық өңделген нәтижелерге психологияда қолданылатын математикалық талдау жасау;

6) Зерттеу болжамын дәлелдеу немесе жоққа шығару.

1 бөлім. Терроршы психологиясының теориялық негіздемелері

1. 1 Террордан терроризмге дейін. Терроризм психологиясының негізгі ұғымдары

Қызықты, дегенмен факт: 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-та болған қайғылы оқиғадан кейін террор адамдар ойында “жаңа ескі” құбылыс ретінде қайтадан қалыптасты. Жермен теңескен қос әлемдік сауда мұнарасын көргенде адамзат “бұл не?” деп жағаларын ұстады. Шынымен де, террор, терроризм құбылысы деген не, ол қалай пайда болды?

Халықаралық терроризм халықаралық масштабта мемлекеттерге қарсы ұйым ретінде пайда болды. Олар тек мемлекетке ғана шығып қоймай, мемлекеттілікке де қарсы шықты. Терроршылар суда жүзген балықтай мемлекет құрған тосқауылдардан емін-еркін өтетіндей жағдайға қол жеткізді. Және олар жай үйлерді жарып қана қоймай - мемлекеттік символы болатын ғимараттарды да жарып жібереді.

1986 жылы БҰҰ барлық террорлық акт қылмыс деп саналады деген резолюцияны қабылдаған болатын. Сарапшылардың айтуынша, бұл резолюцияның басты қателігі - “терроризм” мен “терролық акт” ұғымдарына анықтама берілмеген.

Терроризм ұғымдарының анықтамасын жасау өте қиын. Оның анықтамасын жасауда заңгерлер, саясаттанушылар, психологтар, философтар, әлеуметтанушылар өздерінің ғылымдарына сай негіздегі анықтамаларды беруге тырысады. Қазіргі кезде терроризмнің 200-ден астам ұғымы бар, бірақ олардың ешқайсысы ортақ қабылданған деңгейге жеткен жоқ. Мұндай жағдайдың туындауына осы құбылыстың өзіндік күрделілігімен қатар, мемлекетішілік немесе халықаралық деңгейдегі субъективті факторлар әсер етеді.

Терроризм мәселесімен айналысатын зерттеулер көрсеткендей, ұғымдарды анықтауда негізгі үш ұғым “террор”, “терроризм”, “террорлық акт” ұғымдарының өзара айырмашылықтарын анықтау тиімді болмақ. “Терроризм”, “терроршы”, “террорлық акт” сөздері ағылшын тілінен болған калькаларды білдіреді (terrorism, terrorist, act of terrorism) . Олар шығу көзі бойынша террормен, қорқыту саясатымен байланысты. Сондықтан олардың айырмашылықтарын білу маңызды. Терроризм субъектісі ретінде көп жағдайда терроршы емес, алдарына нақты саяси мақсаттарды қойған ұйымдар қабылданады. Терроризмнің нақты бір шарты - террорлық акттен қоғамда резонанстың тууы. Қоғамдақ резонанс терроршыларға қоғамдық көңіл-күйді өзгертуде маңызды. Теракттер бұқара психологиясына айтарлықтай әсер етеді.

Ғалымдар арасында да терроризм құбылысының анықтамалық талдауын жасауда ортақ көзқарас жоқ. Бір авторлардың айтуынша (С. А. Эфиров, А. В. Наумов), терроризмнің әмбебап анықтамаларын іздемей-ақ бірнеше белгілері бойынша анықтамасын жасау тиімді болса, екіншілерінің айтуынша (А. Э. Жалинский), терроризмнің құқықтық анықтамасын жасау осы мәселеде белгілі нәтижелерге қол жеткіздіреді. Ал, шетелдің кейбір зерттеушілері (мысалы, В. Малиссон, С. Малиссон) өз еңбектерінде террор мен терроризмді ұғымдар деп қарастырмайды.

Терроризм - бір адамға немесе қоғамға бағытталған қорқыту формасында болатын қылмыстық әрекет, онда саналы түрде қоғамда қорқыныш, қысым көрсету жағдайы жасалынады, мұның мақсаты - терроршыларға тиімді шешімді шығартуға бағытталады[3] .

ҚР Қылмыстық Кодексінің 233 тармағының 1 бабында терроризмге төмендегідей анықтама берілген: терроризм - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу жолында, ҚР мемлекеттік органдары, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар қабылдайтын шешімдерге қарсы ниетте адамдардың өміріне қатер төндіретін және мүлікке зиян келтіретін әрекеттер жарылыс, өрт т. б. ұйымдастыру [4] .

Терроризм ұғымын анықтаудың тағы бір жолы - оның сипатын анықтау. Терроризм сипаты дегеніміз - оны әлеуметтік-саяси және құқықтық категория ретінде көрсететін және ішкі мазмұнын ашатын әмбебап белгілер мен өзіндік ерешеліктерінің жиынтығы [5, 33 б] . Қазіргі кездегі заң әдебиеттерінде терроризмді қылмыстық әрекет ретінде анықтайтын мынадай белгілерін көрсетеді:

- біріншіден, терроризмнің басты ерекшелігі ол қоғамда үлкен қауіптілік төндіреді, ол жұртшылыққа қауіпті әрекеттер нәтижесінде туындайды;

- екіншіден, терроризмнің жариялануы, қарапайым қылмыстық әрекетте көп жағдайда ешкім хабарланбайды, ал терроризм қоғамда теңсіздік тудыру үшін алдын-ала жарияланып отырады;

- үшіншіден, терроризм жағдайында саналы түрде үрейлі, қорқынышты жағдай туындауға жол беріледі. Бұл кезде осы жағдай индивидуалды немесе кіші топ деңгейінде болмайды, ол әлеуметтік деңгейде болып, объективті тұрғыдағы әлеуметтік-саяси факторға айналады. Осы жерде қоғамда қорқыныш жағдайын тудыру басты мақсат болмайды, басқа мақсатқа қол жеткізудегі құрал ретінде пайдаланылады;

- төртіншіден, терроризм жүзеге асқанда қауіпті қысым көрсету бір адамдарға бағытталса, психологиялық әсер ету басқа адамдарға бағытталып, солардан терроршыларға тиімді жүріс-тұрыс формасын талап етеді.

Терроризм сипатының ерекшеліктерін көрсетуде кейбір қиындықтар туындайды. Г. В. Овчинникованың айтуынша, терроризм анықтамасын жасауда ортақ келісімге келіп, оны заңдық тұрғыда рәсімдеуге кедергі келтіретін фактор ретінде оның тым саяси жақтан қарастырылуы кері әсерін тигізеді [6, 53 б] . Терроризм ұғымын жасаудағы келесі бір мәселе - терроризмді террор ұғымымен бірге қарастыру, яғни олардың синоним ретінде қарастырылуы.

Кейбір авторлар терроризмді - қылмыс, террорды - кез-келген субъекттің (мемлекет, ұйым, жеке тұлға) күштеу, қорқыту түріндегі әрекет тәсілі ретінде қарастырады. В. П. Емельянов террорды “агрессия”, “геноцид”, “соғыс” ұғымдарымен салыстыра қарастырып, “террор - билік субъектілері тарапынан болатын бұқаралық қысым көрсету” деді. В. П. Емельяновтың пікірінше, терроризм мен террорлық акт ұғымдарын қатар салыстыру тиімді, террорлық акт терроризмнің барлық белгілерін қамтиды, тек бұл қатарға ең алғашқы саты қоғамда қаіптілікті туындату деңгейін қоспаса да болады.

Қарастырылып отырған құбылыстардың негізін “террорлау” (фр. terrorizer) ұғымы қамтиды. Террорлау - адамдарды қорқыныш қалпында ұстап отыра, қысым көрсету, қорқыту формасында болатын талаптарды қою. Террорлауға қылмыстық әрекет құрылымы ретінде мына белгілер тән:

- біріншіден, әрекет етушінің қысым көрсету немесе басқа әрекетінің өзіндік мақсаты болмайды, ол басқа мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылады;

- екіншіден, қорқыныш жағдайы әрекет етушімен арнайы түрде оның қызығушылықтарына сай келетін шарттарды орындату үшін ұйымдастырылады;

- үшіншіден, соңғы нәтижеге қол жеткізу әрекет етушінің іс-қимылынан емес, террорлау бағытталған тұлғалардың әрекетіне байланысты болады.

Кейбір заң әдебиеттерінде терроризм экстремизмнің ақтық фазасы ретінде қарастырылады. Ал экстремистік іс-әрекетке мына қасиеттер тән:

- конституциялық құрылымды, мемлекет тұтастығын, ұлт қауіпсіздігін т. б. жоспарлайтын, ұйымдастыратын, дайындайтын жеке тұлғалар мен түрлі ұйымдардың (діни, қоғамдық) іс-әрекеті;

- нацистік және соған ұқсас символика, атрибутикаларға насихат жүргізу;

- аталған әрекеттерге бұқаралық қолдау көрсетуді талап ету;

- аталған әрекеттерді қаржыландыру.

Терроризмнің қоғамда зор мәнге ие болуына қоғамдық пікір де өзіндік әсер етеді. “Терроризмнің күштілігі саны мен сапасында емес, қоғамдық пікірде” - бұны айтқан Гарвард криминологиялық орталығының ағылшындық философы Ян Шрайбер болатын. Оның айтуынша, терроризм көп кешенді құбылыс, оның артында әрқашан кекшілдік, үміт, қайғылану, таңдану сезімдері жүреді. Бұл сынық айна сияқты, бірақ оны үстемелейтін бір фактор бар. Ол - масс-медиа. Газеттер мен теледидар терроризмді “миллондардың университетіне” айналдырды. 20 ғасырдың өте қорқынышты құбылысы бүкіләлемдік шоуға айналды. Терроршыларға да бұл қол болды, аудитория, көрермендерсіз олар бір күнде өмір сүре алмайды.

Терроризмнің сипаты болатын ұғымдарға жасалған талдауды осылай көрсетуге болады. Енді терроризммен қатар жүретін террор, терроршы ұғымдарын қарастырсақ, кеңестік энциклопедиялық сөздікте “Террор - Антарктидадағы сөнген вулкан, Росса жартыаралында орналасқан . . . және экспедициялық кеме атына қойылған”[7, 46 б] деп анықтама берілген. Бұл анықтаманың, көріп отырғанымыздай, біздің зерттеуге еш қатысы жоқ.

Ожеговтың сөздігінде террорға “саяси қарсыластарға қарсы тәни қысым көрсету” деп анықтама берілген [8, 423 б] . Шынымен де, саяси қарсыластарға ғана ма? Ресейде соңғы кездері терроризм психологиясын зерттеп жүрген Д. В. Ольшанский “террордың психологиялық және экономикалық түрлері де болады” деп бұл оймен келіспейді [9, 169 б] . Осы сөздікте “террорлау”, ”терроршы” сөздеріне де анықтама берілген:

Терроршы - индивидуалды террор актіне қатысушы немесе жақтаушы.

Ольшанский бұл жерде де өз пікірін террордың индивидуалды түрі ғана емес, бұқаралық түрі де болады деп білдіреді.

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарында орыс тіліндегі “террорист” сөзін “лаңкес”, “жанкешті” деп аударып жүр. Мен зерттеу жұмысын жасағанда бұл сөзге балама ретінде 1981 жылғы “Орысша-қазақша сөздікте” жазылған “террошы” сөзін таңдап алдым [10, 420 б] .

Шет ел тілінің сөздігінде “террор - қорқыту саясаты, саяси қарсыластарды зорлық-зомбылық шараларымен басып тастау” деп, сәл нақтылау айтылған [11, 309 б] .

Ал, әскери сөздікте былай делінген: “Террор - қорқыту саясаты және класстық, саяси қарсыластарды кез-келген қарумен басып тастау, бұл әрекет тіпті физикалық жоюға дейін барады”[12, 225 б] .

Осындай бірнеше ұғымдардан ортақ ұғым шығару қиын болғандықтан жалпы “террор” деген сөз қайдан шықты?” деген заңды сауал туындайды. “Террор” латынның “terror” - “қорқыныш” деген сөзінен туындаған.

1970 жылдардың басында К. Э. Изард әр түрлі мемлекет өкілдерінің (АҚШ, Англия, Германия, Швеция, Франция, Греция, Жапония) эмоцияға қатысты көзқарастарын зерттеген болатын. “Сіз қандай эмоциядан қорқасыз?” деген сұрақтың көпшілігінде қорқу айтылған болатын. Осы қорқу сезімінен адамдарда қорқыныш туындайды. Қорқыныш - қорқудан туған күйзеліс, ол адам психикасында қорқудың қайталана беруінен туындайды.

Қорқыныш - өте күшті эмоция, сондықтан адамдар бұл жағдайда өте сирек болады. Изард сұрастырған адамдар қорқу сезімінен гөрі ұялу, қайғыру, жиіркену сезімдері туралы көп сөз қозғаған. Изардтың ойынша, қорқу - адамдар қорқынышпен ойлайтын эмоция. Ол адамдарда қауіпсіздік пен тұрақтылықтан айыратын сезім ретінде қабылданады. Ольшанскиийдің көзқарасында да, террор - бір әрекеттерден адамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығынан айрылу қаупі туындайтын қорқыныш.

Террор террорлық акттерден - жеке буындардан, компоненттерден, тәсілдерден, құралдардан қалыптасады. Бұл туралы В. Пирожков былай дейді: “Объект таңдалуға байланысты теракт нақты бір адамдарға қарсы да, бұған қатысы жоқ, бірақ жолы кездесіп қалған адамдарға қарсы да бағытталады (мысалы, ұшақтарды айдап әкету немесе жарып жіберу, өндіріс объектісі мен транспорттағы диверсия) . Соңғы жағдайдағы террордың мақсаты - қоғамдағы жағдайды күрделендіру, адамдарда мазасыздық туындату. Мұндай жағдайдағы террордың нақтылығы болмайды, олардың құрбаны қарапайым адамдар болады. Терроршылар осы әрекеттері арқылы қоғамдық резонансқа сүйенеді, адамдар бұл кезде құқық қорғау органдарының шарасыздығын айыптайды. Қауымдастықты қорқыныш пен сенімсіздікте ұстау - қоғамға билік жүргізудің бір тәсілі”[13, 130 б] .

Террорлық актті терроршылар жүзеге асырады, олар инициаторлар, ұйымдастырушылар және орындаушылар болып бөлінеді. Ғылыми емес негізде терроршылар деп орындаушыларды келтіреді. Террорлық әдістер дегеніміз - террорлық акттер мен террорды жүзеге асыру әдістері. Ол террордың түріне байланысты, өз кезегінде террордың түрлерін саяси, физикалық, идеологиялық, экономикалық, психологиялық деп бөлуге болады.

Енді жалпы түрде немесе Агеевтің ойынша айтсақ, терроризм - жалпыланған, кешенді құбылыс, мұнда қорқу да, қорқыныш та, террор тәсілдері мен олардың жүзеге асуы, олардың нәтижесі түгелдей қарастырылады [14, 63 б] .

Терроризм объектісі мәселесін қарастырсақ, көптеген ғалымдар бұл жерде ортақ көзқараста тоғысады, олар терроризм объектісі - қоғамдық қауіпсіздік деп қарастырады. Осы ойды айтқан авторлар қатарына В. В. Мальцева, А. В. Попов, В. С. Комиссаров, А. И. Коробеев, В. П. Емельянова және т. б. жатқызамыз.

Терроризмнің жіктелу мәселесін қарастыратын болсақ, терроризмді жіктеуде Д. В. Ольшанский ұсынған нұсқа маңыздырақ. Ол терроризмнің саяси, информациялық, экономикалық, әлеуметтік (тұрмыстық) деген негізгі түрлерін бөліп шығарып, оларға мынадай анықтама береді:

Саяси терроризм - бұл террорлық әрекеттердің мақсаты - саяси лидерлерге, билікке, олардың саясатына әсер ету. Кей жағдайда саяси терроризм қоғамдағы саяси жағдайды өзгерту үшін саяси лидерлерді жойып жіберуге бағытталады.

Қазіргі қоғамда саясатқа қарсы жасақталған жүздеген террорлық топтар бар, олардың әрекеті қоғамдағы саяси жағдайды өзгертуге негізделген. Бұл қатарға Таяу Шығыстағы “әл-Қаиида”, “Хамаз”, испандық ЭТА террорлық топтарын жатқызуға болады.

Информациялық терроризм - адамдарда белгілі бір көзқарас тудыру мақсатында олардың санасы мен психикасына тікелей әсер ету. Масс-медиа арқылы терроршылар адамдарда қорқу мен қорқынышты тудыратын түрлі информацияларды жібереді, мұның өзі қоғамда дизбаланс тудырады. Мысалы, бір террорлық топтың белгілі бір күнде белгілі бір объектке қатысты терролық акт жасайтыны туралы мәліметтер газет-журнал, теледидар, интернет арқылы жиі беріледі. Осының өзі сол объектке қожалық етіп отырған билік пен қоғамда қорқу сезімін туындатады. Бұл терроршылар үшін билік пен қоғам арасын арандатудың тиімді тәсілдерінің бірі.

Экономикалық терроризм - экономикалық бәсекелестерге немесе белгілі бір мемлекеттерге қарсы экономикалық жетістікке жету жолында жасалынатын терроризм. Мысалы, мемлекеттер арасында тауарларға қатысты, импортқа байланысты түрлі кедергілерді қалыптастыру экспорттаушы мемлекеттің экономикасын шығынға ұшыратады. “Экономикалық терроризм” деп куба ұлты американдықтардың Ф. Кастроның билікке келуімен экономикалық байланысын үзуін атаса, кезінде осындай ұғым КСРО-да АҚШ-тың Джексон-Вэник заңының дүниеге келуімен пайда болды, ол бойынша Ақ үй Мәскеуге қатысты жоғары технологиялық өнімдерді экспорттауды тоқтатқан болатын.

Әлеуметтік (тұрмыстық) терроризм - бұл терроризмнің бір түрі болғанмен, нақты мақсаты болмайды. Тұрмыстық терроризм - көшеде, үйде т. б. жерде қорқытудан көрінеді. Бұл қатарға эпидемияның пайда болуы, жасөспірімдердің девиантты тұрғыда бірігуі, басбұзарлардың (рэкетир) сауда орындарына қысым көрсетуі т. б. сияқты құбылыстар жатады.

Д. В. Ольшанскийдің ойынша, аты аталған терроризм түрлері бір-бірімен өзара байланысты және бір террорлық акт болған жерде терроризмнің бірнеше түрін көрсетуге болады. Негізінде, бәрінің де негізі саяси терроризм болып, қалғандары оны толықтыратын болып қабылданады.

Заң әдебиеттерінде суицидті терроризм деген ұғым бар, онда терроршының саяси нәтижеге қол жеткізу жолында өзін құрбан қылуға дайындығы туралы сөз қозғалады.

К. Н. Салимов қылмыстық терроризм ұғымын бөліп шығарды. Оның айтуынша терроризмнің бұл түрі қылмыстық топтардың әрекетінен туындайды, олар бір сфераға күрес жолында бір-біріне қарсы қару, жарылғыш заттар қолданады, бұл іс-қимыл көп жағдайда халық шоғырланған жерде жүзеге асып, қоғамда қорқыныш қалпының туындауына алып келеді.

Алыс шетел ғалымдары терроризмнің мынадай түрлерін көрсетеді: психикалық және қылмыстық (Дж. Белл), революциялық, субреволюциялық және репрессивті (П. Уилкинсон, Р. Шульц), ядерлік, экономикалық, технологиялық, экономикалық және т. б.

И. Р. Михеев пікірінше, терроризмнің мынадай түрлерін қарастыруға болады: территориялық белгілері бойынша - халықаралық, мемелекетішілік, қылмыстық мотивациясына байланысты - саяси, діни, ұлттық және экономикалық.

Психологиялық терроризмнің де өзіндік ерекшеліктері бар. Терроршылар адамдарды құрбан қыла алатынына сенімді болып, осыны жүзеге асыра алатын қару бар деп иллюзия туғызып, қоғамда қорқыныш жағдайын туындатады.

Соңғы кездері құқық қорғау органы қызметкерлерін кибертерроризм (электронды, компьютерлік терроризм) деген терроризмнің жаңа бір түрі жиі мазалауда. Оны қолданатындар қоғам қауіпсіздігіне, мемлекет құрылымына зиян келтіретін мәлімет, бағдарламаларды компьютерлік жүйе арқылы жүзеге асырады. Кибертерроршылар бағдарлама ретінде вирустық бағдарламаларды жіберіп, полиция, әуежай, аурухананың электронды машиналарына өз биліктерін жүргізетін жағдайлар жиі кездесуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау
Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті жүріс-тұрысының псиологиялық ерекшелігін анықтау
Р. Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі
Қылмыскер тұлғасының негізгі типтерінің криминологиялық сипаттамасы
Шет елдердегі қылмыстық құқықта кінәсіз зиян келтіру
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың таралуының негізгі себептері, факторлары
Мінез - құлықтың ауытқушылығының себептері
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері және олардың алдын алудың тиімді жолдары
Қазақстандағы балалар құқығы
Пайдакүнем қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz