Шетелдегі корпорациялық табыс салығы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Шетелдегі корпорациялық табыс салығы.
Орындаған: Есенгелді Т. Д.
Тексерген: Акишева Д. М.
Тобы: ГУ - 307
Семей - 2015
Жоспары
- Корпорациялық табыс салығы. (салық салудағы бөліктердің түрлерге бөлінуі) .
- Дамығын мемлекеттердегі корпорациялық табыс салығы.
- Корпорациялық табыс салығы. (салық салудағы бөліктердің түрлерге бөлінуі) .
Көптеген мемлекеттерде заңды тұлғалардың табысына салынатын салық (корпорациялық салық) компанияның таза пайдасына үйлесімді салық ставкасымен алынады. Салық салынатын таза пайда жалпы түсім мен өндіріс процесі барысында жұмсалған шығындар арасындағы айырма негізінде анықталады. Ал компанияның пайдасы бөлінетін және бөлінбейтін деген екі бөліктен тұрады. Салық салу барысында бұл бөліктер өз алдына мынадай түрлерге топталады:
- Классикалық жүйе, компанияның бөлінетін пайдасына корпорациялық және жеке табыс салығы салынады. Бұл жүйе негізінен Бельгия, Люксембург елдерінде кеңінен таралған.
- Компания деңгейінде салық салынатын пайданы кеміту жүйесі екі нұсқада қолданылады:
- Әр түрлі ставкалар негізінде, әсіресе пайдаға салық төмендетілген ставкамен салынады. Бұл жүйе Португалия, Австрия елдерінде қолданылады;
- Бөлінетін пайданы салық салудан ішінара босату негізінде. Бұл жүйе Ирландия, Финляндия елдерінде қолданылады;
- Акционерлік деңгейінде салық салынатын пайданы кеміту жүйесі дивиденттер түрінде қолданылады:
- Корпорациялық табыстан ұсталған - ұсталмағанына қарамастан, дивиденттерді салықтан ішінара босату;
- Салық несиесі немесе импутациялық жүйеде дивидент жеке табысқа қосылып есептеледі.
- Бөлінетін пайданы салықтан толығымен босату мына деңгейде жүргізіледі:
- Компания (Греция, Норвегия) ;
- Акционерлер (Финляндия, Дания) .
Корпорациялардың пайдасына салық салудың импутациялық жүйесі - корпорациялардың пайдасына қос салық салынуын жою мақсатымен енгізілген. Бельгияда, Ұлыбританияда, Данияда, Ирландияда және Францияда қолданылады.
- Дамығын мемлекеттердегі корпорациялық табыс салығы.
Ұлыбритания мемлекетінде корпорация салығының ставкасы 35 - 33 пайыз. Шағын бизнестегі компанияларға 25 пайыз мөлшерінде төмендетілген ставка қолданылады. Мұнай өнеркәсібіндегі компанияларға арнайы салық режимі бекітілген. Олар мұнайдың корпорациялық салығын 7, 5 пайыздық ставкамен төлейді. Сондай - ақ, олар корпорациялық табыс салығынан басқа, тағы екі төлемді төлейді:
- 1982 жылдың 1 наурызына дейін лицензия алған компаниялар 12, 5 пайыздық ставкамен роялти төлейді;
- Мұнай табыстарына салынатын салық 1975 жылы енгізілді.
Германия мемлекетінде корпорация салығының ставкасы - 40 пайыз. Салық тоқсан сайын бірдей үлеспен бөлініп, төленеді. Жыл соңында салық декларациясы негізінде бюджетпен толық есеп айырысу жүргізіледі. Корпорациялық салық бойынша декларация салық органына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 - ші мамырына дейін тапсырылады.
Канадада корпорация табысына салынатын салық федералдық және провинциялық бюджет кірісіне түседі. Федералдық табыс салығының ставкасы Канада заңымен 12 және 28 пайыз мөлшерінде барлық провинцияларға біртұтас болып бекітілген. Өңдеу өнеркісібіндегі кәсіпорындар үшін федералдық табыс салығының ставкасы 23 пайыз мөлшерінде белгіленген.
Францияда корпорация пайдасына салынатын салық кәсіпорындардың жылдық таза пайдасына салынады. Кәсіпорынның жылдыө таза пайдасы өрдіріс процесінде алынған табыстары мен шығындарының айырмасы негізінде анықталады. Негізгі салық ставкасы - 34 пайыз. Жекеленген жағдайларда 42 пайызға дейін жоғарылайды. Жерлен және бағалы қағаздардан алынатын пайдаға 10 - 24 пайыз аралығындағы ставка қолданылады.
Италияда заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты ел аумағында жұмыс жасайтын барлық заңды тұлғалар төлейді. Салық салу объектісі болып компанияның бөлінбеген пайда түріндегі таза табысы саналады. Салық 1983 жылдан бері 36 пайыздық пропорционалдық ставкамен төленеді. Оған дейін 25 пайыздық ставкамен төленген болатын. Бұдан басқа да екі арнайы салық ставкалары қолданылады. Бағалы қағаздармен жұмыс жасайтын қаржы және холдингтік компаниялар 7, 5 пайыздық, қатынасу үлесінің 50 пайызын мемлекет құрайтын компаниялар мен ұйымдар 6, 25 пайыздық ставкамен табыс салығын төлейді. Залалдары 5 жыл мерзімге аударылады.
Швецияда корпорация пайдасына салынатын салықты коммерциялық қызметпен айналысатын барлық акционерлік қоғамдар, коооперативтер, шетел компаниялары 30 пайыздық ставкамен төлейді.
Данияда корпорация пайдасына салынатын салық 34 пайыздық ставкамен алынады.
Жапонияның заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бизнестің дамуымен бірге қалыптасып, дамыды. Кәсіпорындар мен ұйымдар таза пайдадан 34, 5 пайыз мөлшерінде мемлекеттік табыс салығын 1, 67 пайыз мөлшерінде префектуралық табыс салығын, 4, 12 пайыз мөлшерінде қалалық табыс салығын төлейді. Шағын бизнеске 28 пайыздық ставкамен салық салынады.
Бельгия және Панама мемлекеттерінде қайта өңдеу өнеркәсібіндегі, орман шаруашылығндағы компанияларға жеңілдетілген, ал мұнай өнеркәсібіндегі компанияларға жоғарылатылған ставкамен салық салынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz