Малазықтық дақылдардың агробиологиялық ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Малазықтық дақылдардың агробиологиялық ерекшеліктері
Орындаған: Кенембай Б.
Топ: АГ - 213
Тексерген:Сагандыков С. Н.
Семей - 2015
Жопар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. 1 Негізгі мал азықтық өсімдіктерге сипаттама
2. 2 Малазықтық дақылдарды жіктеу
2. 3 Малазықтық дақылдардың күтімі
2. 4 Малазықтық дақыл тұқымдастары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алады. Қазақстанның жеріне таулы, орманды, далалы, шөлді және шөлейтті аймақтар кіреді. Жалпы жер көлемінің 224. 5 млн. Га мөлшері ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін пайдаланылады, оның 188, 7 млн. га шабындық пен жайылымға жатады. Жыл кезеңіне бөлгенде көктем-күздік табиғи жайылымдарға 36, 9%, жаздық 21, 4%, қыстық 15% және жыл бойы пайдаланылатын жайылымдар 29, 36%. Бұрын жыл бойы қой, жылқы шаруашылықтарын жайылымда кезекпен бағып, оны экономикалық тұрғыда тиімді пайдалану мал саны көбейтіп, оның өнімін ұлғайтатын. Осы жұмысты қолға ала отырып және жайылымды тиімді пайдалану, қазіргі заман талабы. Ал оның негізгі мақсаты малды толыққұнды азықтандыру.
Соңғы жылдары мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығының нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты өндірістік кәсіпорындардың түрлері көбейді. Оның ішінде жеке ірі, орташа және ұсақ шаруашылықтар. Бұл шаруашылықтарда өнім өндіріп, гның тиімділігін арттырудың негізгі мақсаты азық қорын ғылыми негізде пйдалану. Өйткені мал өнімдерінің өзіндік құнының негізгі бөлігін 60-73% азық құны құрайды.
Қазіргі кезде, белгілі бір аймақтың табиғаты мен ауа райы жағдайларына бейімделген технология негіздерін, мейлінше мол өнім беретін азықтыө дақылдарын пайдалану үшін, оларды қарқынды агротехникалық тәсілдерді қолдана отырып өсіруге көңіл бөлінуі керек. Қысқа уақытқа, негізгі азықтың жұғымдылық қасиеттерін барынша сақтап қалу мақсатында алдыңғы қатарлы әдістерді қолданып мал мен құсты азықтандырудың ұтымды жұйесін жасау және ұйымдастыру ауыл шаруашылығы мамандарының алдында тұрған негізігі мәселелер.
Мал азығын өндіру ауыл шаруашылығының және ғылымның саласы ретінде егістік жерлерде азықтық дақылдарды өсірумен, екпе және табиғи жайылымдар мен шабындықтар жасап пайдаланумен айналысады. Бұл саланың алға қойған мақсаттары - мал азығы өндірісін республикада барынша интенсивтендіру.
2. 1 Негізгі мал азықтық өсімдіктерге сипаттама
Табиғи шабындықтар мен жайылымдарда әртүрлі ботаникалық тұқымдастарға жататын өсімдіктер өседі. Олардың шаруашылық және басқа да маңыздары бойыншы 4 топқа бөлу жүйесі қабылданған: астық (қоңырбас) - астық тұқымдастары; бұрщақ - бұршақтұқымдастары; Қияқ шөптер - қияқ тұқымдастары немесе өлеңшөп тұқымдастары; аралас шөптер - басқа шөп тұқымдастарын біріктіретін топ.
Осындай топтарға кіретін өсімдіктердің мал азықтық бағалылығы әртүрлә болып келеді. Өндірістік практикада барлық бқршақ тұқымдастары бағалы мал азығына жатады, астық тұқымдас шөптерінің бағалылығы одан төмендеу, ал қияқ шөптер мен аралас шөптердің мал азықтық маңызы орташа немесе төмен. Бірақ соңғы кездегі зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша қияқ және аралас шөптердің арасынан мал азықтық сапасы астық және бұршақтұқымдастардан да жоғары болатын түрлері анықталды. Кейбір топтардың ішінде мал азықтық бағалалығы әртүрлі өсімдік түрлері бар олардың кейбіреулері зиянды және улы болып келеді.
Қазақстанда табиғи мал азықтық жерлер жалпы жер көлемінің 70% алып жатыр. Негізінен осы жерлер мал жал жайылымына (95%) және азғантай бөлігі (5-7%) шабындыққа пайдаланылады. Қазіргі уақытта табиғи жерлерден мал шаруашылығына керекті жылдық мал азығы қорының 50% ғана алынады. Оның басты себептері табиғи жайылымдар мен шабындықтарды тиімді пайдалану және жақсарту жүйелерінің осы кезге дейін өндіріске кеңінен тарамауында. Республика аймақтарында орналасқан миллиондаған гектар өнімі төмен табиғи жерлерді жақсарту және тиімді пайдалану шараларын енгізу арқылы өнімдерін бірнеше көтеруге болатынын ғалымдардың соңғы зерттеулері көрсетті. Табиғи шалғындықтарды жеңіл-желпі жақсартқанның өзінде өнімін 2-3 есе көтеруге, ал түбегейлі жақсартқанда - 3-5 есеге және одан да жоғары көтеруге болатыны белгілі болды. Сонымен қатар жақсарту және тиімді пайдалану шаралары жүргізілген жерлерден сапалы мал азығын алуға болатыны белгілі болды.
Мал шаруашылығына қыс мезгілінде керекті мал азығын дайындайтын шалғындықтар шабындықтар деп, жазғы мал жайылымына пайдаланылатын жерлерді - жайылымдар деп атайды. Мал азығын өндіру ауыл шаруашылығы экономикасының ірі де күрделі салаларының бірі болып табылады
2. 2 Малазықтық дақылдарды жіктеу
Мал шаруащылығының өркендеп өсуі малды толыққұнды азықтындыру мен құнарлы азықпен қамтамасыз ету және азық қорының жеткілікті болуын қажет етеді. Қазіргі қолданылып жүрген азықтардың құрамы, құнарлылығы, технологиялық қасиеттері өте айырықша. Осы жағдайды ескере отырып, шаруашылықтардағы азықтарды топтастыру, ал олардың ұқсас көрсеткіштерін азық дайындаған кездегі қолданған технологияға байланысты, құрамына, қоректілігіне, малдың ағзасына тигізетін әсеріне нгазар аудару керек.
Азықтар қоректілігіне, құнарлығына және басқа қасиеттеріне қарай келесі топтарға бөлінеді: ірі, шырынды және жем азықтары деп.
Ірі азықтарға организмге сіңуі біршама қиын, құрамында пішен, сабан, топан, бұтақты, жапырақты, табиғи және ірі жасанды кептірілген ( жүгері сабаны, мақта қабығы және паясы, күнбағыс себеті) азықтар жатады. Табиғи ауамен және жасанды кптірілген өсімдіктер ірі азыққа жатады. Олар: табиғи, екпе шөптің пішені, пішеннен даындалған ұн, ұнтақ, пішендеме, сабан, топан, кептірілген жапырақ, сабақтар. Ірі азықтың негізгі көрсеткіші: құрамында шикі жасұнықтың мөлшері өте мол. Мысалы: пішенде -18-32%, сабанда 42%, дейін, топанда -25-35%, пішен ұнында -15-28%, пішендемеде-13-18%.
Құрамындағы шикі жасұнықтың мөлшері азықтың құнарлығына әсер етеді. Пішендердің 1 кг-да 5, 2-8, 0 МДж алмасу қуаты, 30-40г қорытылатын протеин, пішендемеде - 3, 5-5, 0; 45-115, сабанда -3, 7-6, 9; 5-35, пішен ұнында -7, 3-8, 6; 80-150 г. Ірі азық көмірсуларға, протеинге, дәрмедәрілерге және минералдық заттарға бай, сондықтанда ірі азықтар ауыл шаруашылық маладры үшін маңызды азық болып есептелінеді. Күйіс қайтаратын малға ірі азық ас қорытатын жолдарды толықтырып, малдың тойуына, сонымен қоса ас қорытуына әсер етеді.
Шырынды азықтар құрамында көп мөлшерде су болады. Оларға көк шөп, балауса шөп, сүрлем, тамыр-түйнекті жемістер( қант және мал азықты қызылша, сәбіз), тамыр жемістерінің пәлегі, тамыртүйнектілер - картоп, топинамбур жатады. Ірі және сүрлем сияқты көлемді азықтарға пішендеме де жатады. Бұларды « сүтейтүші азықтар » деп те атайды.
Жемазықтар қуатты, маңызды, малға жұғымды келеді. Жемге: сұлы, қара бидай, арпа, тары, жүгері, қытай бұршақ т. б. дәндер жатады. Өндірістік өнімдер, өндірістік өнеркәсіптерден қалған қалдықтар, жануар тектес азықтар, жасанды және түрлі химиялық, микробиологиялық минералдық, дәрмедәрісілі қоспалар, құрама жемдер жатқызылады.
Көк азық : бқл топқа табиғи және қолдан егілген шабындықпен, жайылымдардағы көк өсімдіктер, тамыртүйнекті жеміс өсімдіктерінің сабығы тағы да басқа өнімдер жатады. Көк азықтың құрамында 70-83% су болады. Құрғақ затында протеин, минералды заттар және дәрмедәрісідер мөлшері көбірек, рота есеппен 13-25% шикі протеин, 4-5% шикі май, 13-18% жасұнық, 45% дейін азотсыз экстрактивтік заттар және 8-11% шикі күл болады. Көк азықтың қоректілігі өсімдік түріне, өсу кезеңіне, ауа райына, агротехникалық шараларға, дайындау технологиясына және мерзіміне, пайдалану кезіне байланысты болады.
2. 3 Малазықтық дақылдардың күтімі
Көпжылдық шөптер және алабота тұқымдастары алғашқы жылы баяу өсіп - дамиды, нәтижесінде жамылғысыз себілген егістік арамшөптермен ластанып кетеді. Сондықтан көпжылдық шөптердің өсіп, дамуына жағдай жасау үшін, бірінші жылы пайда болған арамшөптер шауып тасталынады. Астықтұқымдас көпжылдық шөптердің ( еркек шөп, тарлау т. б. ) егістігінде арамшөптерді гербицид ( 2, 4 Д амин тұзы т. б. ) шашу арқылы да жояды.
Көпжылдық шөптер мен жартылай бұталар себілген жайылымдарға бірінші жылы мал жаюға болмайды. Екінші жылы екпе шабындықтар мен жайылымдар ерте көктемде тырмаланады. Далалық аймақта көпжылдық шөптерді, толық (NPK) минерал тыңайтқыштарымен ( гектарына 45-60 кг ә. з. ) қосымша қоректендіреді. Үшінші жылдан бастап, екпе шөптерді ждыл сайын ерте көктемде ауыр тырмалармен тырмалайды және кейбір жерлерде ( далалық аймақта) азот тыңайтқышымен ( 30-40 кг/га ә. з. ) қоректендіреді. Ескі жоңышқа егістігінде ерте көктемде тереңдете қопсыту арқылы жақсарту жұмыстарын жүргізеді.
Қазақстанның шөлейт және шөл аймақтарында ерте көктемде күтіп-баптау жұмыстарын тырмалау, қопсыту жүйелі түрде орындаған жағдайда жәңәшке масақты еркекшөптің, тарлаудың, изеннің өнімділігі жоғарылап көп жыл бойы сақталған . Изен себілген алқапқа толығырақ тоқталатын болсақ, оны көктемгі қопсыту арқылы өнімін 2-3 есеге көтеруге болады. Яғни жусанды - құбылмалы - ебелекті шөлде бұл міндетті түрде жүргізілетін агроәдіс. Оны құбылмалылардың жаппай өсу кезеңінде жүргізеді. Ол үшін сыдыра жыртқыштарды ( ЛД-10 т. б. ) да пайдалануға болады. Азықтың өнімі 5-12% дейін көтеріледі. Соңғы жылдары көпжылдық шөптерді ерте көктемде БИГ-3 маркалы инелі-тырмалармен қопсыту жақсв нәтижелер берді.
2. 4 Малазықтық дақыл тұқымдастары
Астық немесе қоңырбас тұқымдастары ( Poceae, Gramineae Juss) кең тараған малазықтық өсімдіктер. Бұл климат және топырақ шарттары әртүрлі болып келетін көптеген аймақты алып жатыр. Табиғи шабындықтар мен жайылымдардың негізгі өсімдік топтарына жатады. Астық тұқымдастары солтүстік орманды-далалық аймақта көп тараған. Орталық далалық аймақтарға қарай өсімдік қауымында олардың үлесі азаяды.
Шөлейт аймақта өзен алқаптарында, көлтабандарда және таулы аудандарды астық шөптерінің үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, өзен алқаптарында кейбір астықтұқымдастары (жатаған бидайық, қылтықсыз арпабас, шалғындық түлкіқұйрық, ақ суоты) қаулап өсіп біркелкі шалғындықтар түзеді.
Мезофильді астық тұқымдастары климат жағдайы орташа жерлерде тараған. Олардың арасында малазықтық маңызы жоғары түрлері көптеп кездеседі. Ең көп тараған мезофильді астық тұқымдастары: шалғындық қоңырбас, қылтықсыз арпабас, жата. ан бидайық, тамырсабақсыз бидайық, шалғындық бетеге, көпгүлді үйбидайық, далалық атқонақ, қызыл бетеге, ақ суоты, Лангсдорф айрауығы, қамыс қосбас, кәдімгі бекмания т. б. Осылардың ішінде бір тұқымдасқа тоқтала кетсем, өзінің атауы да ерекше екен, ол:
Лангсдорф айрауық (Calamagrostis Longsdozfii) - жоғары тамырсабақты астықтұқымдасы. Сабағының биіктігі 150 см дейңн. Батпақты шалғындықтарды өседі, бірыңғай алаңдарда кездеседі. Ерте өсу кезеңінде шабылған пішенін және жайылымда мал жақсы жейді. Орып алғаннан кейін жақсы алшынкөк береді. Пішенінің өнімі әр гектардан 3, 0-4, 0 т жейін болады.
Гигрофильді астық тұқымдастары батпақты, сазды және ылғалды жерлерде, өзен шеттері мен көл маңайларында өседі. Мезофильді астықтұқымдастарына қарағанда кеш гүлдейді. Осы кезде өсімдік құрамындағы протеин мөлшері 6-7% ғана болады да клетчатка 35-45 %-ға дейін көбейіп кетеді. Жайылымда гигрофильді өсімдіктерді тек ерте кезеңінде масақтанғанға дейін пайдалану керек. Пішенге және сүрлемге масақтанған кезеңінде жинауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz