Антибиотиктерді анықтау тәсілдері



І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Антибиотиктерге жалпы сипаттама және олардың шығу тегі.
2.2. Антибиотиктердің әсер ету механизмі
2.3. Антибиотиктердің микроорганизмдерге әсер етуі
2. 4 Жануарлардың сойыс өнімдерін антибиотиктерге тексеру әдістері
2.5 Құрал жабдықтар мен жұмыстың барысы
2.6 Санитариялық баға

ІІІ. Қорытынды. ІV.
Пайдаланылған әдебиеттер. І.
Антибиотиктер (гр. Autі — қарсы және гр. Bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататынмикробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді. Антибиотиктердің әсер ету нетижелігі дәрілік заттың физикалық химиялық қасиетіне, мөлшеріне, пішініне, егу жолдарына және басқа да жағдайларға байланысты екендігін анықтап береді. Әртүрлі антибиотиктер әртүрлі микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді.
1. Б.Д. Айтжанов, Н.А. Заманбеков, Э.М.Өтенов, М.А.Молдағұлов. Фармакология, Алматы 2011ж.
2. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. 1998г.
3. Покровский В. И. Медицинская микробиология // С-Петербург: Специальная литература 1998г. 1184с.
4. Егоров Н.С. Основы учения об антибиотиках // М. Высшая школа, 1979.
5. http://www.kuban.su/medicine/shtm/baza/lek/klfhtm/part15/15-106.htm
6. http://www.softlist.ru/cgi-bin/program.cgi?579 http://www.horizonpress.com/gateway/micro.html http://lenta.ru/health/2001/11/06/antibiotic/ Смирнов В.В.
7. Антибиотики и/или пробиотики: размышления и факты // Медицинская картотека МиР'а, 1998. - №8.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті

Бөж
Тақырыбы: Антибиотиктерді анықтау тәсілдері

Орындаған:Темешова Ж.А
Тексерген:Серикова А.Т
Топ: ВС-203

Семей 2015 ж

Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Антибиотиктерге жалпы сипаттама және олардың шығу тегі.
2.2. Антибиотиктердің әсер ету механизмі
2.3. Антибиотиктердің микроорганизмдерге әсер етуі
2. 4 Жануарлардың сойыс өнімдерін антибиотиктерге тексеру әдістері
2.5 Құрал жабдықтар мен жұмыстың барысы
2.6 Санитариялық баға

ІІІ. Қорытынды. ІV.
Пайдаланылған әдебиеттер. І.

Кіріспе.

Антибиотиктер (гр. Autі -- қарсы және гр. Bіos -- тіршілік) -- микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататынмикробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді. Антибиотиктердің әсер ету нетижелігі дәрілік заттың физикалық химиялық қасиетіне, мөлшеріне, пішініне, егу жолдарына және басқа да жағдайларға байланысты екендігін анықтап береді. Әртүрлі антибиотиктер әртүрлі микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді.

ІІ. Негізгі бөлім.
Антибиотиктер дегеніміз микробтарға қарсы әсері бар микроорганизмдердің, жанурлар мен өсімдіктердің өсіп өнуі кезінде бөлінетін заттар. Сонымен бірге олар гельминттерге, қарапайымдыларға және басқа да адамдар мен жануарлардың ауру қоздырғыштарына қарсы өлтіре әсер етеді.Антибиотиктерді қолдану ережелерін толық сақтағанда ғана нәтижелі әсер етеді, ал мұндай ережелер сақталмаса олардың нәтижелігі төмендеп кетеді, кейде зиян келтіруі де мүмкін. Антибиотиктердің әсер ету нәтижелігі дәрілік заттың физико - химиялық қасиетіне,мөлшеріне, пішініне, егу жолдарына және басқа да жағдайларға байланысты екендігін анықтап береді.Әртүрлі антибиотиктер әртүрлі микроорганизмдер мен макроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді.
Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.[1] Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлаңынан,актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі: синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу, жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу.
2.1. Антибиотиктерге жалпы сипаттама және олардың шығу тегі.
Антибиотиктер - қатерлі ісіктердің дамуын және микроорганизмдердің өсуін тежейтін, микроорганизмдерден, жануарлар мен өсімдіктер клеткасынан өндірілетін химиотерапевтік заттар мен олардың туындылары. Бірінші антибиотикті 1929 ж. ағылшын бактериологы А.Флеминг ашты. Ол көгергіш саңырауқұлағы Пенициллиум контатумды зерттеу кезінде бактериялық культураның өвуіне кедергі жасайтын затты анықтап, оны пенициллин деп атады. 1940 ж. Г.Флори және Э.Чейн пенициллинді алды. 1945 ж. А. Флеминг, Г.Флори және Э.Чейн Нобель лауреаты атағын алды. Антибиотиктердің жіктелуі.
А.Флеминг алғашқы антибиотикті ашқаннан кейінгі 60 жыл ішінде 6000-ға жуық антибиотиктер алынды, сондықтан қазір ең маңызды мәселелердің бірі осы препараттарды жүйелеу болып отыр. Антибиотиктердің әртүрлі жіктелуі бар, бірақ оның ешқайсысы жалпы қабылданған емес. Антибиотиктердің ең басты жіктелуі, химиялық құрамына байланысты (1 таб.).
Алыну кезіне байланысты антибиотиктерді 4 топқа ажыратады. Саңырауқұлақтардан алынатын антибиотиктер, мысалы׃ Пенициллиум (пенициллин, гриаеофульвин), цефалоспориум (цефалоспорин), фузидум (фузудин) және т.б. Актиномициттерден алынатын антибиотиктер, бұл топқа антибиотиктердің 80% енеді. Актиномициттердің арсында ең негізгі стрептомицин, эритромицин, левомицетин, нистатин және басқа антибиотиктерді өндіретін стрептомицес өкілдері. Бактериалардан алынатын антибиотиктер. Бұл мақсатта жиі қолданылатын Бацииус және Pseudomonos өкішлдері. Бұл топқа мысал ретінде полимиксинді айтуға болады Жануарлардан алынатын антибиотиктер. Оларға пияздан, сарымсақтан, басқа өсімдіктерден алынатын фитонцидтерді жатқызуға болады. Олар өте тұрақсыз қосылыстар болғандықтан таза күйінде алынбаған. Көптеген өсімдіктердің антимикробтық қасиеті бар. Мысалы, ромашка, шалфей, календула. Антибиотиктерді алудың 3 тәсілі бар. Биологиялық синтез. Бұл тәсілиен антибиотиктерді алу үшін, микроорганизмдердің жоғарғы өнімді штамдарын және оларды өсіретін арнайы қоректік ортаны пайдаланады. Мысалы, бұл тәсілмен пенициллинді алады.

Химиялық синтез. Кейбір антибиотиктердің құрылымын білгеннен кейін, оларды химиялық синтездеу тәсілімен алу мүмкіндігі туады. Мысалы, бұл тәсілмен алынған алғашқы антибиотиктердің бірі- левомицетин. Комбинирленген тәсіл. Бұл тәсіл алдыңғы екі тәсілдің ұштасуы болып табылады. Биологиялық синтез жолымен антибиотиктің ядросын алса ( мысалы, пенициллиннен β-аминопенциллен қышқылы) ал, химиялық синтез жлымен оған әртүрлі радикалдарды қосады. Осы тәсілмен алынған антибиотиктерді жартылай синтетикалық деп атайды. Мысалы: жартылай синтетикалық цефалоспорин, тетрациклин антибиотиктері кеңінен қолданыс тапқан. Жартылай синтетикалық антибиотиктердің ерекшелігі олардың табиғи антибиотиктерге тұрақты микроорганизмдердің сезімталдығы болып табылады. Бұл әдіс антибиотиктер өндірісінде кеңінен қолданылады.
2.2. Антибиотиктердің әсер ету механизмі.
Антибиотиктерді әсер ету механизміне микроорганизмдеріне байланысты бірнеше топқа бөледі. Бұлардың әрқайсысы кең спектрлік және кең емес спектрлік болып 2 подгруппаға ажыратылады. Антибактериялық антибиотиктер- препараттардың ең көп санды тобы. Соның ішінде бактериалардың барлық өкілдеріне әсер ететін кең спектрлі әсер етушілер басым. Кең спектрлі әсері бар антибиотиктерге аминогликозидтер, тетрациклиндер және т.б. жатады. Тар спектрлі антибиотиктер бактериалардың кейбір өкілдеріне ғана әсер етеді. Мысалы: полимиксин тек грам теріс, ал ванкомицин тек грам оң бактериаларға әсер етеді. Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер. Құрамына препараттардың аз мөлшері ғана кіреді.Кең спектрлі антибиотикке, мысалы, бластомикоз, кандидоз, аспергилез кезінде эффектілік көрсететін амфотерацин В-ны жатқызуға болады. Антипротозоиттық антибиотиктер - аз санды препараттар. Мысалы амебиаза кезінде тар спектрлі антибиотик-фумагим пайдаланылады. Антивирусты антибиотиктердің қазіргі уақытта бірде-бір өкілі алынған жоқ. Ісікке қарсы антибиотиктер- көп санды препараттар. Олардың цитатоксикалық әсері бар. Олардың көбісі ісіктерде қрлданылады, мысалы: рубомицин, митомицин. Антибиотиктердің антибактериялық әсері бактериалардың өлуіне әкелетін бактерицидтік болуы мүмкін. Бактериостатикалық антибиотиктердің дозасын көбейтсе, ол да бактериалардың өлуіне әкеледі. Саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктердің де осыған ұқсас әсері болады. Фунгицидті және фунгиостатикалық. Көбінесе ауыр ауруларға бактериоцидтік және фунгицидтік антибиотиктерді қолданады. Микроорганизмдерге антибиотиктердің әсері олардың микроб клеткасындағы биохимиялық реацияларды тежеумен байланысты.
Антибиотиктерді әсер ету механизміне байланысты 4 топқа бөледі. клетка қабырғасының синтезін бұзатын антибиотиктер. Бұл топқа мысалы, в-лактамды жатқызымыз. Клетка мембранасының синтезін және молекулалық ұжымын бұзатын антибиотиктер. Мысалы, полимиксин, полиендер. белок синтезін бұзатын антибиотиктер. Бұл топтың өкілдері: аминогликозидтер, тетрациклиндер, микролидтер, левомицетин. НҚ синтезін тоқтататын антибиотиктер Бұл топқа мысалы, ісікке қарсы антибиотиктер - актиномициндер (РНҚ синтезін тежейтін) және ДНҚ синтезін тежейтін- рубомицин жатады.
Антибиотиктердің қосымша әсерлері Алынған 6000 антибиотиктерден клиникалық практикада тек 50-100 препаратты ғана қолданады. Бұның себебі көптеген антибиотиктер антимикробтық қасиет көрсеткенімен, организмге кері әсерін тигізеді. Сондықтан олар аураларды емдеуге қолданылмайды. Клиникада қолданылып жүрген антибиотиктердің өзі де организмге кері қосымша әсері бар. Антибиотикатерапияның асқынуының бірнеше тобын ажыратады. Токсикалық реакция. Антибиотиктердің токсикалық әсері препараттың өзінің қасиеттеріне, оның мөлшерцне, енгізу тәсілдеріне және ауру адамның жағдайына байланысты болады. Осы топтың асқынуларының арасында 1-ші орында бауырдың зақымдалуы болады. 2-ші орында нефратоксикалық әсері бар антибиотиктер тұрады. М: аминогликозидтер. Осы антибиотиктер есту мнервінің қайтымсыз зақымдалуына әкеледі. Левомицетин қан жасау мүшелерін зақымдайды және оның амбриотоксикалық әсері бар. Цефалоспорин 111 витмин К синтезін бұзады, соның нәтижесінде қан құйылу құбылысы байқалады. Антибиотиктер арсында токсикалығы аз пенициллин болып саналады., бірақ оны көп уақыт пайдалану О.Ж.Ж. зақымдануына әкелуі мүмкін. Ауруға антибиотиктің токсикалық әсерін тигізбеу үшін, антибиотикті беру алдында зиянсыздығын тексеріп, үнемі антибиотиктер токсикалық әсер көрсететін мүшелерді бақылап отыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антибиотиктерді алу тәсілдері
Атнибиотиктерді өндіру көздері және алу тәсілдері
Антибиотиктердің продуценттері сіке - қышқылды, тиолды
Мал аурулары жайында
Сиырдың ортан жілігінің сынығы
Актиномикоз және оның емдері
Антибиотиктердің негізгі механизмі мен әсер ету сипаты
Микроорганизмдер - антибиотиктердің продуценттері
Фармацевтикалық биотехнология негіздері. Антибиотиктер,вакциналар,моноклинальді антиденешіктер және т.б биотехнологиясы
Бактериялардың жіктелуі
Пәндер