Велосипед туризмінің теориялық негіздері


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: ВЕЛОСИПЕД ТУРИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3: 5
: 1. 1
Кіріспе: Велосипед туризмінің мәні және ерекшеліктері
3: 5
: 1. 2
Кіріспе: Велосипед туризмінің даму тарихы
3: 12
: 1. 3
Кіріспе: Велосипед туризмінің дамуы үшін материалдық-техникалық жабдықтау
3: 17
: 1. 4
Кіріспе: Әлемдік велотуризм орталықтары
3: 19
: 2
Кіріспе: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВЕЛОСИПЕД ТУРИЗМІ
3: 25
: 2. 1
Кіріспе: Велосипед туризмі дамуы үшін рекреациялық мүмкіндіктері
3: 25
: 2. 2
Кіріспе: Велотур ұйымдастырудың ерекшеліктері
3: 27
: 2. 3
Кіріспе: Қазақстанда велосипед туризмінің маңызы
3: 28
: 3
Кіріспе: Қазақстанда велосипед туризмінің даму деңгейі
3: 32
: 3. 1
Кіріспе: Алматы қаласында велосипед туризмінің дамуы
3: 32
: 3. 2
Кіріспе: Қазақстан бойынша велосипед маршруттарын әзірлеу
3: 47
: 3. 3
Кіріспе: Қазақстанда велосипед туризмі даму мәселесі мен болашағы
3: 59
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 68
:
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
3: 70

Кіріспе

Соңғы жылдары велосипед туризмі аса танымал демалыс түріне айналып барады. Қазіргі таңда жалпы әлемде салауатты өмір салтына қызығушылықтың артуымен, рекреациялық туризмге, велотуризмге сұраныс өсуде. Велотуризм тақырыбы түрлі авторлар тарапынан көптеген басылымдарда сарапталғанымен Қазақстанда бұл тақырып толығымен жүйелі қарастырылмаған, сонымен қатар республикамызда, Алматы қаласы ішінде жан-жақты қамтитын велосипед маршруттары құрылмаған. Велотуризм ең экологиялық таза және денсаулыққа пайдалы туризм түрі, ол жылдамдықты, еркіндікті сезіндіруімен катар, қызықты саяхаттарымен және де табиғатта толықтай демалу мүмкіндігімен қызықтырады. Бүгінгі таңда елімізде велотуризм тек қана туризм индустриясы субъектілерімен ғана дамытылып қоймай, сонымен қатар мемлекеттік саясатта бағытты қолдау алып отыр. Қазақстанда велосипед туризмінің дамуына рекреациялық мүмкіндіктер бар, соңғы жылдары елімізде велотурлар, велосайыс пен жарыстар көп өткізілуде. Аумақтың үлкендігі, тұрғындары аз шоғырланған аудандардың көптігі, ландшафт пен климат зонасының сан алуандығы, табиғат және тарихи-мәдени әсем жерлердің көптігі Қазақстанда велосипед туризмінің дамуына ықпал етеді. Жоғарыда аталғанның барлығы - Қазақстандағы велотуризмнің мәселелері мен даму болашығын анықтау тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы велотуризмінің даму мәселелері мен даму болашағын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1 Қазақстанда велосипед туризмінің дамуы үшін рекреациялық мүмкіндіктерін талдау.

2 Қазақстанда велотур ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау.

3 Велосипед туризмінің Қазақстандағы маңызын анықтау.

4 Алматы қаласында велосипед туризмінің дамуын қарастыру.

5 Қазақстан бойынша велосипед маршруттарын әзірлеу

6 Қазақстанда велотуризмнің даму мәселесі мен болашағын анықтау

Зерттеу пәні: Қазақстандағы велосипед туризмінің дамуы

Зерттеу нысаны: велосипед туризмі.

Зерттеу кезінде келесі зерттеу әдістері қолданылды:

- қарастырылатын тақырып бойынша дерекнамалық қорды талдау (ғылыми талдау әдісі) ;

- дерекнамалық қорда келтірілген көзқарастарды жалпылау және жинақтау (ғылыми синтез бен жалпылау әдісі) ;

- алға қойылған тақырыпты ашу кезінде авторлық көзқарастың негізінде алынған мәліметтерді модельдеу (модельдеу тәсілі) .

Велосипед туризмі мәселесінің ғылыми зерттелу деңгейін сипаттай келе, бұл тақырып Булгаков А. А., Лебедев В. И., Антипов В. В., Тарас А. Е. мен Сельченок К. В., Пельцман Л. А., Онучин А. мен Попов Ю., Тим Постон мен Иэн Стюарт, тағы басқа авторлар тарапынан түрлі басылымдарда: оқулықтарда, монографияларда, мерзімді басылымдарда және ғаламторда қарастырылғанын ескере кету керек. Дегенмен, әдебиеттер мен дерекнамаларды зерттей келе аталмыш тақырыпта толық және айқын зертеммелердің жеткілікті жүргізілмегендігі анықталды.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық қорын дерекнаманың төрт тобы құрайды. Алғашқы топқа - зерттеу тақырыбы бойынша авторлық басылымдар кіреді, екіншісіне - оқу әдебиеті (оқулықтар және оқу құралдары, анықтамалық және энциклопедиялық әдебиет, заңнамаға берілген түсініктемелер), үшіншісіне - мерзімді басылымдардағы зерттеу тақырыбына жазылған ғылыми мақалалар, төртіншісіне - ғаламтордағы арнайы мамандандырылған сайттары жатады. Еңбегіміздің ғылыми маңызы зерттелетін тақырыптың ғылыми-әдіснамалық қорын оңтайландыру мен реттеуден құралады. Эмпирикалық қорды Қазақстандағы велосипед туризмін дамытуға қатысты практикалық мәліметтер құрайды.

Тақырыптың практикалық мәні - велосипедтік туризмді Қазақстанда дамыту мәселесін сараптау. Қарастырылып отырған тақырып бойынша жасалған жұмыстың нәтижелері келешектегі зерттеулер үшін пайдаланылып және тәжірибе жүзінде қолданыла алады, біздің Қазақстан бойынша әзірлеген велосипед маршруттарымыз туризм саласында, турфирмалар қызметінде қолданылуы мүмкін.

Дипломдық жұмыс 3 тараудан, 71 беттен, 5 кесте, 2 диаграммадан және 17 суреттен тұрады. Бірінші тарауда велосипед туризмінің теориялық негіздері, мәні және ерекшеліктері, оның даму тарихы, велотуризмнің дамуы үшін материалдық-техникалық жабдықтаулары, сонымен қатар әлемдік велотуризм орталықтары қарастырылған. Екінші тарауда Қазақстан туризмі, оның ішінде велосипед туризмі даму үшін рекреациялық мүмкіндіктері, велотур ұйымдастырудың ерекшеліктері мен велосипед туризмінің маңызы анықталған. Үшінші тарауда Қазақстанда велосипед туризмінің даму деңгейін анықтау үшін Алматы қаласы бойынша велотурлар, Қазақстан бойынша велосипед маршруттарын әзірлеу, Қазақстанда велосипед туризмі даму мәселесі мен болашағы қарастырылған.


1 Велосипед туризмінің теориялық негіздері

  1. Велосипед туризмінің мәні және ерекшеліктері

Велосипед туризмі - ұзақ қашықтықтағы, көптеген километрге (1100 км дейін) созылатын, транспорттық құралы велосипед болып табылатын, арнайы дайындықты талап ететін, жорық кезіндегі өзіндік кедергілері бар (жолсыз жерлер, орман-тоғайлар, жыралар т. б. ), шағын туристік топ құрамынан құралатын спорттық туризмнің бір түрі. Велосипед туризмі, белсенді туризмнің ең танымал түрі, оған велосипедпен болатын саяхаттар мен жорықтар жатады [1] .

Туризмнің классификациясында велотуризм сауықтыру туризміне жатады. Туризм арқылы сауықтыру - шаршаған адамның хал-күйін қалпына келтіру әдістерінің бірі. Демалысты дұрыс ұйымдастыру, белсенді демалыс түрлерін (жаяу жорықтар, қайық, велосипед тебу сияқты) пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады, сыртқы орта әсерлеріне төзімді қылады. Сауықтыру-спорттық туризм адам ағзасының функцияларын қалпына келтіреді, еңбек қабілетін арттырады. Ол үшін серуен, жорық, экскурсиялар, көңіл көтеру шаралары, таза ауа, күнге күйю, шомылу сияқты шаралар қолданылады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыру түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес [2] .

Сауықтыру-спорттық туризміне жататын велосипед туризмінің өзіндік ерекшеліктері мен басқа спорт түрлеріне ұқсас тұстары бар. Мәселен, велосипед туризмінде өзге спорт түрлеріндегідей спорттық разрядтар мен атақтар беріледі, түрлі дәрежелі жарыстар ұйымдастырылады. Велосипед туризмі, ең алдымен, жылдамдық пен физикалық күшті талап ететін экстремалды спорт түрі бола отырып, сонымен қатар тұлғаның үйлесімді дамуына әсер ететін, яғни, достармен араласу, алау басында кештер өткізу, табиғаттың керемет көріністерін бақылау секілді сауықтыру іс-әрекеттерін қамтитын белсенді демалыс түрі.

Жалпы айтқанда спорттық туризм туризмнің қымбат түріне жатады. Онда қолданылатын құрал-жабдықтар қаражат қажет етеді. Және де мұндай туристің белгілі бір білімдері, дағдылары мен ептілігі болуы қажет. Осыған орай, бір жағынан спорттық туризмді элита туризміне жатқызуға болады [2] . Күрделілік деңгейін анықтайтын бағыттың ұзындығы мен ұзақтығы, бөгет жиынтығы, топ құрамы және тағы басқа спецификалық факторларына байланысты велосипед туризмі міндетті түрде ережеге сай болуы тиіс. Бұл өз кезегінде бағыт күрделілігінің деңгейін айқындайтын бағытты жылдам қарқында жүріп өтуге, жоғары моральдық-еріктік қасиетті көрсетіп және қиындықтарды жеңу ептілігін қолдануға ұмтылдырады.

Велосипед туризміне - кішігірім серуендер мен экскурсиялар және күрделі велосипед саяхаттары жатады. Велосипед туризмінің бағыттары (маршруттары) түрлі аймақтар арқылы өтеді: соқпақ жолдар мен қарапайым тегіс жерлер, жазықтар мен тау асулары арқылы, тіпті онымен құмды жерлерді де, терең орларды да, өзенді де кесіп өтуге болады. Негізінен велосипед туризмі үшін арнайы құрылғылар (конструкциялар) дайындалады. Күніне қозғалыс қарқынына, ауа райына, жол жағдайы мен оны жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40-тан 120 км-ге дейін (арттан соққан жел кезінде 45-тен 140 км-ге дейін) жолды жүріп өтеді. Саяхатта велотурист жүкті өзі алып жүрмейді, барлық жүкті велосипедке тиейді. Экологиялық жағынан велосипед таза көлік түрі.

Веложорықтардың бірнеше түрлері бар:

- Біркүндік веложорық - түнеуі болмайтын веложорық. Әдетте жолға шығу таңертең, қайтып келуі сол күннің кешінде болады.

- Демалыс күннің жорығы (ПВД) - бір түнеуі бар веложорық, яғни, жолға шығу сенбі күні таңертең, ал қайтып келуі жексенбі күні кеште жүзеге асырылады.

- Көпкүнді веложорық - бірнеше күнге созылған түнеуі бар веложорық болып табылады.

- Спорттық веложорық - туризмнің басқа түрлері сияқты арнайы органдармен бақыланады.

Жалпы веложорықтардың түрлерін анықтап зерттей келе кесте құрдық.

1-кесте

Демалыс күнгі веложорықтардың сипаттамасы

Жорық түрі:

Жорық түрі

Ұзақтығы км: Ұзақтығы км
Қозғалыс жылдамдығы км/сағ.: Қозғалыс жылдамдығы км/сағ.
Аялдау орнын ұйымдастыру: Аялдау орнын ұйымдастыру
Аялдау ұзақтығы,сағ.:

Аялдау ұзақтығы,

сағ.

Жорық түрі: Серуендеу
Ұзақтығы км: 50 -ге дейін
Қозғалыс жылдамдығы км/сағ.:

15-ке дейін

Аялдау орнын ұйымдастыру: От жағу керек емес
Аялдау ұзақтығы,сағ.: 0, 5 - 1
Жорық түрі: Дене сауықтыру
Ұзақтығы км: 50 - 100
Қозғалыс жылдамдығы км/сағ.: 10 - 20
Аялдау орнын ұйымдастыру: От жағу керек
Аялдау ұзақтығы,сағ.:

1, 5-4

Жорық түрі: Жаттықтыру
Ұзақтығы км: 60 - 160
Қозғалыс жылдамдығы км/сағ.: 20 - 30
Аялдау орнын ұйымдастыру: От жағу керек
Аялдау ұзақтығы,сағ.:

1, 5-4

Жорық түрі: Спорттық (жүйріктік)
Ұзақтығы км: 160-тан көп
Қозғалыс жылдамдығы км/сағ.: 30-дан көп
Аялдау орнын ұйымдастыру: Шешімге байл-ы тұрақ, от жағу
Аялдау ұзақтығы,сағ.:

1 - 3

Жорық түрі:

Спорттық

(жарыстық)

Ұзақтығы км: Шектеу жоқ (жарыс ұйымдастыруға байланысты)

*автормен құрастырылған

Көріп отрығанымыздай веложорықтардың түрлері сан-алуан, әр адам өз қызығушылығына қарай веложорық түрін таңдай алады.

Велосипед туризмін зерттеушілердің айтуынша бұл туризм түрінің кемшілігінен артықшылықтары көп [3] .

Біріншіден, велосипед туризмі сапар кезінде ұзақ қашықтықтарды игеруге мүмкіндік береді. Тек қана автомототуризмде ғана аса үлкен қашықтықтарды өтуге болады, алайда бұл жағдайда көлік құралының мүмкіндіктері саяхатшыға жол таңдауда шектеу қояды, әрі табиғатпен байланыста болудан ажыратады. Ал велосипедтегі саяхат жолдың әр өткен метрін, самал желдің әр лебін сезінуге кедергі келтірмей, әсердің жылдам өзгеруімен тамсануға және кең аумақты көруге мүмкіндік береді.

Екіншіден, жоғарыда атап өтілгендей, велотуризмнің жоғары жылдамдығы алған әсердің жылдам өзгеріп отыруын қамтамасыз етеді. Веложорыққа қатысушы алғашқы күні асқар бөктерде қарды кешіп өтсе, келесі күні жылы теңіз жағасында күнге қыздырына алады, сонан соң қалың орманда көптеген өткелдерден, ал екі күннен соң кең далаға дейін еш ағаш кездеспейтін құрғақ шөлейттен өтеді. Жаяу жүрушілер мен тауды игеруші туристер велотурист-терді біз көрген жерлерді көре алмайсыңдар деп сөгуі мүмкін. Бірақ бұл дұрыс емес, діттеген жерге дейін велосипедпен барып, ал велосипедпен жүре алмайтын жерді бір-екі күн жаяу жүруге ештеңе кедергі келтірмейді. Осылайша тіпті Эльбрусқа да жетуге болады. Сондықтан, велотуристтің кез-келген бағытта жол таңдауға кең мүмкіншіліктері бар. Жолдың нашарлығынан көлікпен жүруге, ал қашықтығы үлкен болғандықтан жаяу жүріп өтуге мүмкіндік бермейтін жерлерге велосаяхатшы жете алады [1] .

Үшіншіден, егер туризмнің басқа түрлері ауданды таңдауда шектеулі болса (тау саяхатына жазық жерде баруға болмайды, судағы серуенге шөл далада бару мүмкін емес), ал велотуризм үшін барлық аудандар қол жетерлік: Памир мен Чукотка, Кавказ бен Орта Азия шөлдері, коль тундралары мен моңғол далалары. Сонымен қатар, велотуризм мезгіл талғамайтын туризм түрі. Велосипед сапарына қыс пен жазда, көктемде де күзде де шығуға болады. Таймыр мен Балтық жағалауы аймағында өте қызықты қысқы маршруттар өтеді. Көктемде жайқалған шөлейтке барып, ал күзде Алатаудың керемет табиғатында рақаттана аласыз.

Төртіншіден, велосипедті көліктің барлық түрінде алып жүруге жеңіл. Бұл туристердің тұратын жерлерінен алыс жерлерге саяхаттауына және маршруттың кейбір бөліктерінде теміржол, автомобиль, өзен немесе теңіз көлігін қолдануға мүмкіндік береді. Жақсы жетілдірілген жолдар бойынша өтетін маршруттарда 1, 25 л күштіліктегі Д-5 типті велосипед двигателін қолдануға мүмкіндік береді. Ол жинақы, қарапайым, 35-45 км/сағ. жылдамдықта жүре алады; оның жол жылдамдығы 15-25 км. Жанармайға арналған багы 2, 3 л, бір толтырғанда 150-160 км жолға жетеді (20 км/сағ. жылдамдықта, әрі жол сапасына байланысты) . Велосипед туризмі қазіргі таңда өте жақсы дамыған белсенді туризмнің түрі болып табылады.

Велосипед туризмі басқа туризм түрлерімен салыстырғанда бірнеше ерекшеліктерге ие. Бұл ең бастысы, қозғалыстың жоғары қарқындылығы, сол себепті велотурист жаяу немесе таудағы жүргіншіге қарағанда көп нәрсені көре алады. Велотурист саяхат үшін әлдеқайда қиын техника - велосипедті қолданады, ал велосипед тобы және оның әр мүшесі жеке алғанда жол қозғалысының қатысушысы болып табылады, және жол қозғалыс ережесіне бағынуға тиіс [4] .

Велосаяхатшыға ауыр рюкзактарды арқалау керек емес, олар үшін велосипед бар. Велотурлар тұрғылықты пункттер аралығындағы жолдарда жасалады, мұндай маршруттар қауіпсіз болады [1] .

Велосипед туристерге аз ғана уақыт аралығында бірнеше туристік- экскурсиялық объектілермен танысуға мүмкіндік береді. Велотуризмге ең ыңғайлы спорттық- туристік велосипедтерге Харьков велозаводынан шыққан «Турист» және «Спорт» велосипедтері жатады. Шетелден шығатын велосипедтердің ішінен Қазақстанда тауға арналған «Краузер» велосипеді кең тараған. Велосипедті таңдаған кезде оның комплекстілігіне (жүк салғышына, қоңырауына, құрал-саймандар сөмкесіне) көңіл аудару қажет. Тәжірибе көрсеткендей велотуристерге рюкзакты арқаға асуға болмайды, бұл тез шаршауға әкеледі. Сондықтанда велосипедтердің жүк салғышы кең және ауыр салмақты көтеруге жарамды болуы тиіс [5] .

Жалпы алғанда велотуризмнің келесідей спецификалык ерекшеліктері бар:

Біріншіден, турист үшін бұлай уақыт өткізу кешенді болып табылады, өйткені танымдық қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қоса дене шынықтыру үшін қолайлы іс;

Екіншіден, велотуризм - саяхаттың ең қарапайым, арзан және тиімді тәсілі, велосипед маршруттары әдетте, елеулі қаржы шығындарын, сондай-ақ мамандандырылған оқуды талап етпейді;

Үшінші ерекшелігі, велотуризм - туризмнің ішіндегі экологиялық таза түрі, қоршаған ортаға зиян келтірмейді және көп шу шығармайды;

Төртіншіден, медициналық жағынан алғанда велосипед айдау - жүріс пен балансты үйлестіретін вестибулярлық аппаратты жақсы жаттықтырады, сондай-ақ үлкен аэробты жүктеме болатын жаттығу түрі;

Бесінші ерекшелігі, велотуризм барлық маусымда айналысуға болатын туризм түрі, велосипед сапарларына жазда және көктемде ғана емес, күзде және қыста баруға болады;

Алтыншыдан, велотуризммен айналысатын адамдар мобильді және кез келген жерге жету мүмкіншілігіне ие болады.

Велосипед туризмі - жалпытуристік және велотуризмге тән кедергілері бар маршруттан велосипедпен өтуден тұратын спорттық туризмнің бір түрі. Велосипед туризмінде сапардың алты қиындық дәрежесі көрсетіледі. Бірінші санаты - ең оңайы, алтыншысы - өте күрделісі. Қиындық дәрежесі велосипед сапарларын категорияларға бөлу әдістемесімен анықталады.

Бірінші қиындық дәрежесіндегі велосипед сапарының минимальды ұзақтығы 300 км құрайды, алтыншы қиындық дәрежелі велосипед сапарының ұзақтығы 800 км-ге дейін жетеді. Велосипед туризмінде сапардың қиындық санатын талдау арқылы келесі кестені құрдық.

2-кесте

Веложорықтардың қиындық дәрежелері

Дәреже: Дәреже
Ұзақтығы: Ұзақтығы
Жазықтық кедергілері: Жазықтық кедергілері
Таулы жерлердегі кедергілер: Таулы жерлердегі кедергілер
Қатысушыларға талаптар: Қатысушыларға талаптар
Дәреже: 1-қ. д.
Ұзақтығы:

300 км -

6 күн (+1 күн)

Жазықтық кедергілері: Шектеу жоқ
Таулы жерлердегі кедергілер: Шектеу жоқ
Қатысушыларға талаптар: Барлық қалаушылар
Дәреже: 2-қ. д.
Ұзақтығы: 400 км - 8 күн (+1-2 күн)
Жазықтық кедергілері: 150 км-ден кем емес. Тау жолдары болмаса 800км-ге дейін
Таулы жерлердегі кедергілер: 75 км-ден кем емес
Қатысушыларға талаптар: 1 қ. д. өткендер
Дәреже: 3-қ. д.
Ұзақтығы: 500 км - 10 күн (+2 күн)
Жазықтық кедергілері: 200 км-ден кем емес, жазық және орман соқпақтары. Кедергі болмаса 1000 км-ге дейін.
Таулы жерлердегі кедергілер: 100 км-ден кем емес
Қатысушыларға талаптар: 2 қ. д. өткендер
Дәреже: 4-қ. д.
Ұзақтығы: 600 км - 13 күн (+2-3 күн)
Жазықтық кедергілері: 300 км-ден кем емес, жазық және орман соқпақтары. Кедергі болмаса 1200 км-ге дейін
Таулы жерлердегі кедергілер: 150 км-ден кем емес
Қатысушыларға талаптар: 3 қ. д. өткендер
Дәреже: 5-қ. д.
Ұзақтығы: 700 км - 16 күн (+3 күн)
Жазықтық кедергілері: 400 км-ден кем емес, құмды және батпақ аудандардан өту, өзен-сулар арқылы, жол жоқ жерлермен өту
Таулы жерлердегі кедергілер: 200 км-ден кем емес
Қатысушыларға талаптар: 4 қ. д. өткендер
Дәреже: 6-қ. д.
Ұзақтығы: 800 км - 20 күн (+4 күн)
Жазықтық кедергілері: 500 км-ден кем емес, құмды және батпақ аудандардан өту, өзен-сулар арқылы, жол жоқ орман жолдарымен, асулар арқылы өту
Таулы жерлердегі кедергілер: 250 км-ден кем емес, тау асулары арқылы өту
Қатысушыларға талаптар: 5 қ. д. өткендер

*автормен құрастырылған

Қозғалу үшін тек адамның білек күшін қажет ететін спорттық туризмнің ішінде, велосипед туризмі қозғалыс жылдамдығы мен маршрут ұзақтығы бойынша көшбасшы болып табылады. Алайда велосипед туризмімен дұрыс түрде айналысу керек. Бұл ретте жаттығуға көп көңіл бөлген дұрыс.

Велосипед туризмін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктерін қарастырып өтейік:

Алғашқы ерекшелік сапардың спорттық стилімен, уақытты үнемдеу және маршрут пен лагерьдегі жұмыстың тәртіппен ұйымдастырылуымен байланысты. Қозғалыс кезінде командирдің рұқсатынсыз қандай да аялдауға тиым салынған, таңғы ас әзірлену кезінде қатысушылардың шатырлары мен заттары жиналады; ас дайын болған кезде барлық заттар жиналып бітуі тиіс. Қозғалыс тәртібі басқа спорт туризмдеріндегі секілді: 50 минуттық қозғалыс пен 10 минуттың демалу. Үшінші өткелден соң түскі ас. Түскі ас басқа туризмдегідей ешқашан ыстық болмайды, әдетте, ірімшік пен шұжықтан жасалған бутерброд желініп, мөлдір бұлақ суы ішіледі. Әр аялдау кезінде кептірілген жеміс, ал әр 50 км сайын және өткелдерде шоколад беріледі.

Екінші ерекшелігі, маршруттар жаяу жүргінші аумақтарын қамтымайтын етіп жоспарлануы тиіс. Егер де жаяу жүргінші аумағы кездесетін болса, оның орынды себебі (мысалы, екі қызықты ауданды біріктіреді) болуы керек. Біз велосипед туризмі велосипедте жасалуы керек деп ойлаймыз. Алайда, велосипедпен жету мүмкін болмаған жерлерді көргің келеді. Сондықтан велосипед туризмі тактикасының ерекшелігі радиал жаяу жолдар немесе бос велосипедпен радиалдар болып табылады. Бұл аз уақыт жұмсай отырып көрікті жерлерді қарап шығуға мүмкіндік береді.

Үшінші ерекшелігі - велосипед маршруттары барынша жоғары қарқында өтуі тиіс. Бұл көп жерлерді көруге мүмкіндік береді, ал егер де барлығы жоспар бойынша жүріп жатса, маршрут кезінде қызықты нысандарды тамашалауға болады. Сонымен қатар жылдам қарқын спорт жағынан маршрутты қызықты ете түседі.

Төртінші ерекшелігі болып табиғатқа қамқорлық болып табылады. Әр сапарда кезекші эколог сайланады, ол тұрақтан кетпес бұрын сол жерді қажетті қалыпқа келтіреді. Маршрут тобы қалдырған барлық қоқысты кешке отқа жағу үшін жинастырады [6] .

Сапарға тек жылдың жылы мезгілінде баратыныңызға қарамастан, жыл бойы жүйелі түрде жаттығуға тиіссіз. Қыста бұл шаңғы тебу, конькимен сырғанау, жеңіл атлетикамен айналысу болуы мүмкін. Жаттығуда азғана үзіліс болса да, төзімділік процесінің дамуы бұзылады да, барлығын басынан бастауға тура келеді.

Жүкті біртіндеп арттыру, жаттығу сабақтарын қиындату - міне жаттыққандықтың дұрыс дамуының кепілі осы.

Бұл жерде спортшының рационалды күн тәртібі өте маңызды: түнгі жеткілікті ұйқы, дұрыс тамақтану, таза ауадағы демалыс пен спорттық ойын-сауықтар, таңғы жаттығуды жүйелі түрде жасау және т. б. Жаттығу кезеңінен сәтті өткендер велосипед сапарына қорықпай шыға берсе болады [7] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдегі велосипед туризмі
Белсенді туризм тарихы
Туризмнің белсенді түрлері
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Велосипед туризмі
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Спорттық-сауықтыру туризмі туралы
Тау туризмінің бағыттары
Спорттық - сауықтыру туризмі және салауатты өмір салтының қалыптасуы
Туризм түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz