Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 156 бет
Таңдаулыға:   

Қазак мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

ӘОЖ 378. 6:378. 147. 88 Қолжазба құқығында

ИСМАИЛОВА РОЗА БАЙЖУМАНОВНА

Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби

бағыттылығын қалыптастыру

13. 00. 01 - жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін даярлаған диссертациясы

Ғылыми жетекшілері: педагогика

ғылымдарының докторы,

профессор Аймағамбетова Қ. А.

педагогика ғылымдарының

докторы Мухамеджанов Б. Қ.

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 1 СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3:
Кіріспе: 1. 1 Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
3: 9
Кіріспе: 1. 2 Cтуденттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық мүмкіндіктері
3: 21
Кіріспе: 1. 3 Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
3: 62
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 2 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
3:
Кіріспе: 2. 1 Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың қазіргі жағдайы
3: 73
Кіріспе: 2. 2 Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың әдістемесі
3: 82
Кіріспе: 2. 3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері
3: 97
Кіріспе:
3:
Кіріспе: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 123
Кіріспе:
3:
Кіріспе: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 125
Кіріспе:
3:
Кіріспе: ҚОСЫМШАЛАР
3: 132

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау ісін қайта қарау, оның мазмұны мен құрылымын өзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның бүкіл бағдар бағытын түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Себебі, қай саладан болса да өз мамандығының шебері, өздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, кәсіби бағыттылығы жоғары маман даярлау мәселесі қазіргі заманның басты талабына айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында « . . . білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты - жаңа қоғамға лайықты сапалы да, саналы тұлға, өз мамандығын сүйетін, оның кез келген сұрағына жауап бере алатын маман даярлау.

Студенттерге кәсіби бағыттылықты қалыптастыру жолдарының бірі - білім беру үрдісінде олардың өзіндік жұмыстарын күшейту. Сол себептен де кәсіби бағыттылықты қалыптастыруда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды негізгі мәселелерінің бірі ретінде қарауға тура келді. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға жағдай туады.

Өзіндік жұмыс мәселесі бойынша біршама алыс және таяу шетел ғалымдары өз зерттеу жұмыстарының нысанасы еткен. Мәселен, Ю. К. Бабанский, И. Я. Лернер, П. И. Пидкасистый, Л. В. Усова т. б. өзіндік жұмыс түрлері мен мазмұнын жан-жақты зерттеген.

Жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін Г. Ахметова, Н. Асанов, А. К. Садыкова, К. Л. Гончарова қарастырды.

Сонымен қоса, жоғары мектеп дидактикасының тұрғысынан студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың мәнін ашуға А. Е. Абылқасымова, Н. А. Адельбаева, С. И. Архангельский, М. В. Буланова-Топоркова, М. Г. Гарунов, И. И. Кобыляцкий, Р. А. Низамов еңбектері арналды.

Өзіндік жұмысты оқу үдерісінде жүйелі түрде қолдану қажеттігі және жүйелік әдістің тиімділігі мен аспектілері У. Абдукаримова, В. К. Буряк, Т. Т. Галиев, Е. Я. Голант, К. Дүйсенбаев, Б. П. Есипов, Р. М. Микельсон, Е. С. Саблик, М. Н. Скаткин еңбектерінде негізделді.

Студенттерің өзіндік жұмысының ғылыми-теориялық, әдістемелік жақтарын жан-жақты талдап, оның студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы педагогикалық мүмкіндіктері зор.

Жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлаудың теориялық, ғылыми, дидактикалық, әдістемелік негіздері және олардың кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселелері Ш. А. Абдраман, А. Р. Анасова, Ы. А. Нәби, Ш. Т. Таубаева, Р. И. Бурганова, Б. Т. Кенжебеков, Қ. М. Кертаева, М. Кұрманов, М. А. Лигай, М. С. Мәлібекова, А. А. Саипов, Г. Ж. Меңлібекова, О. Ү. Мұсабеков, О. С. Сыздықов, К. М. Беркимбаев, Р. С. Омарова, Г. К. Нұртаева, А. Н. Тесленко және т. б. ғалымдар еңбектерінде зерттелген.

Жоғары оқу орындарындағы өзіндік жұмысты ұйымдастыруда туындайтын қарама-қайшылықтар және оны ұйымдастыру тиімділігінің төмендігі жайында О. А. Абдуллина, Н. Г. Бакрадзе, С. И. Архангельский еңбектерінде айтылады.

Өзіндік жұмыс үнемі оқытушының жол сілтеуімен, басшылық жасауымен ғана орындалып қана қоймай, соңғы кездегі тиімді жаңа технологиялар тұрғысынан алғанда бүгінгі студенттің, ертеңгі маманның жеке тұлғалық және кәсіптік бағыттылығын қалыптастыратындай деңгейге көтерілуі оның түрлерін, ұйымдастырылу жолдарын, қолданылатын әдістерді, олардың беретін нәтижесін педагогикалық тұрғыда теориялық және практикалық тұстарын жан-жақты зерттеуді және зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдануды керек етеді.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік жүйеге көшуімен байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілді. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, өзіндік жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастыру- дың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.

Алайда, педагогика ғылымы мен практикасында студенттердің өзіндік жұмысы кеңінен қамтылғанмен, еліміздегі жоғары мектепте кредиттік оқыту жүйесін ендіруге байланысты білім беру парадигмасы өзгерген жағдайда студенттердің өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселесі толық зерттелмегені анықталды. Жоғары мектеп, мемлекет, қоғам тарапынан болашақ мамандардың тұлғасы мен кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға қойылатын талаптар және кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының маңызының артуы оны тиімді ұйымдастыруды қажет етеді. Алайда, кредиттік оқыту жүйесінде өзіндік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға қатысты нақты ғылыми-әдістемелік еңбектердің жеткіліксіздігі, оны ұйымдастырудың педагогикалық шарттарының ғылыми тұрғыдан негізделмеуі мен кредиттік оқыту жүйесінде болашақ мамандардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру қажеттігі арасында қарама-қайшылықтар бар екені байқалды.

Осы қарама-қайшылықтардың айқындалуы зерттеудің проблемасын анықтады: ол студенттердің кәсіби бағыттылығын осы кредиттік оқыту жүйесіндегі білім мазмұнына сай жетілдіру үшін студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын іздеу болды. Қарастырып отырған проблеманың көкейкестілігі, оның теория және практика жүзінде жеткілікті зерттелмеуі және зерттеу проблемасын шешу мақсаты тақырыпты « Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру» деп алуға негіз болды.

Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орнындағы кәсіби даярлау үдерісі.

Зерттеудің пәні: жоғары оқу орнында студенттердің өзіндік жұмысы арқылы кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жүйесі.

Зерттеудің мақсаты. Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны ғылыми-әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіру.

Зерттеудің болжамы: егер , өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру теориялық тұрғыдан айқындалып, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары анықталып және сол шарттарға сәйкес ұйымдастырылса, өзіндік жұмыс түрлері әрбір тақырып мазмұнына сай алынып, оларды ұйымдастыру тиімді әдіс-тәсілдер арқылы тәжірибеге ендірілсе, онда бүгінгі қоғамға қызмет ететін білікті және бәсекеге қабілетті мұғалім мамандары даярланады, өйткені бұл қазіргі білім беру саласындағы қоғамдық сұраныс.

Зерттеудің міндеттері.

1. Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу.

2. Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау.

3. Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау.

4. Студенттердің өзіндік жұмысы арқылы кәсіби бағыттылығын қалыптастыру әдістемесін жасау, оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу, қорытындысын шығару.

Зерттеудің жетекші идеясы. Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру қазіргі заман талабына сай білікті мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіре түседі.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: әрекет, еңбек әрекеті, жеке тұлға теориялары, кәсіптік еңбек әрекеті туралы философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық тұжырымдар; біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы; тұлғаны дамытудағы әрекеттілік қатынастың психологиялық тұжырымдамасы; кәсіптік білім беру мазмұнын құрудағы қазіргі кездегі тұжырымдамалар; кәсіби білім беру технологиялары саласындағы зерттеулер.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

- өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделді;

- өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды;

- өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды;

  • студенттердің өзіндік жұмысы арқылы кәсіби бағыттылығын қалыптастыру әдістемесі жасалып, тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.

Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың, әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан үкіметінің ресми құжаттары, ҚР «Білім туралы» Заңы, білім беру саясатының тұжырымдамасы, ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы, ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы, ҚР-сы Білім және Ғылым министрлігінің жоғары кәсіптік білім беру бағдарламалары, мемлекеттік стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогика, психология, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар саласындағы ғылыми еңбектер; кредиттік оқыту жүйесіне қатысты материалдар, озық тәжірибелер, сонымен бірге диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибесі.

Зерттеудің әдістері : ғылыми әдебиеттер мен бағдарламалық-әдістемелік құжаттарға теориялық талдау жасау, теориялық моделдеу, мектеп құжаттарын зерделеу, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу), педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тұжырымдау, жинақтау, педагогикалық эксперимент, математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеу.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. Студенттердің өзіндік жұмысы мүдде-мақсаттардан, яғни жәй білім игеру, ептіліктер мен дағдылар иелену, сондай-ақ шығармашылық пен ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттерді меңгеруден - болашақ мұғалімдерді іштей және сырттай өзін-өзі ұйымдастыра білуге, қабылданған ақпаратпен белсенді-жасампаздық қатынас жасауға, өзіндік білім жетілдірудің жеке дара бағытын түзе алу қабілетін дамытуға жетелейді.

2. Өзіндік жұмыс болашақ мұғалімдердің кәсіби білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, ол кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені, ол оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырып білікті, шығармашыл, белсенді мұғалімдерді даярлауға септігін тигізеді.

3. Педагогикалық шарттар а) оқу үдерісін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету материалдық-техникалық және ақпараттық базаның талапқа сай болуы; СӨЖ көлемінің нормативті талаптарға сәйкес болуы) ; ә) студенттердің аудиториядан тыс жұмыс әдістемесін ұйымдастыру; б) студенттің оқытушымен қарым-қатынас үдерісінде белсенділігін, қызығушылығын және өздігімен білім алуға ұмтылысын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру; в) болашақ мұғалімнің пәнге қызығу мотивациясы; г) оқу үдерісін шығармашылық үдеріске айналдыру мақсатында болашақ мұғалімді қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; д) ОБСӨЖ-ын және СӨЖ-ын тиімді ұйымдастыру шараларын бақылау) өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырады.

4. Студенттердің өзіндік жұмысы арқылы кәсіби бағыттылығын қалыптастыру әдістемесі оларды кәсіби білімді меңгеруге байланысты өздігімен дербес, шығармашылықпен орындалатын кәсіби іс-әрекетке бағыттайды.

Зерттеудің нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеу проблемасын жан-жақты әдіснамалық және теориялық талдаумен, педагогикалық зерттеудің логикасымен, зерттеу барысында педагогика әдіснамасының талаптарының сақталуымен, зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде нақты қолдануымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестігімен, олардың тиімділігінің эксперимент жүзінде тексерілуімен қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеудің нәтижелері бойынша жоғары оқу орнының студенттеріне арналған “Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың маңызы, мүмкіндігі мен қазіргі жағдайы”, “Болашақ мамандардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың теориялық мәселелері” атты оқу-әдістемелік құралдары даярланған. «Педагогикалық шеберлік» және «Мектепке дейінгі педагогика тарихы» пәндерінен оқу-әдістемелік кешен жасалған.

Зерттеу бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құралдар жоғары оқу орындарында мектепке дейінгі ұйымдарға мамандар даярлайтын факультеттердің оқу үдерісінде, балабақша тәрбиешілеріне, мұғалімдер білімін жетілдіру және мұғалімдерді қайта даярлау мекемелерінің жұмыстарында пайдалануға болады.

Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2004-2006 жылдар) зерттеу проблемасы теориялық тұрғыда қарастырылып, материалдар жүйеге келтірілді; ғылыми аппарат айқындалып, студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық тұғырлары сараланды. Білім мазмұнын айқындайтын мемлекеттік құжаттар сараланып негізге алынды. А йқындаушы эксперимент жүргізілді.

Екінші кезеңде (2006-2008 жылдар) оқу жоспарлары, бағдарламалар, әдістемелік әдебиеттер талданып, оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалды. Педагогикалық мамандық шеңберінде жалпы кәсіби даярлау тиімділігін арттыруға бағытталған оқу үдерісін ұйымдастырудың тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мазмұны негізделді. Қалыптастыру эксперименті жүзеге асырылды.

Үшінші кезең (2008-2009 жылдар) зерттеу нәтижелерін, эксперимент жұмысын түйіндеуді, өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми тұрғыда негізделген тұжырымдары мен қағидаларды белгілеуді, зерттеуді қорытындылауды қамтиды. Эксперименталды-қорытындылау жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу базасы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, І. Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университеті және Қорқыт ата атындағы мемлекеттік Қызылорда университеті.

Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру тәжірибелік-эксперимент жүргізу барысында іске асты және халықаралық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндалды, зерттеу жұмысының мазмұны 19 еңбекте: жарияланған мақалаларда, оқу-әдістемелік құралдарда, бағдарламаларда көрініс тапты.

Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру:

Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері Халықаралық (Москва 2006, 2007; Алматы 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009; 2010; Ташкент 2008; Бішкек 2009) ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларда және Қазақ қыздар мемлекеттік университетінде, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, І. Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университетінің кафедра мәжілістерінде, ғылыми-әдістемелік семинарларында, сонымен қатар мерзімді ғылыми-педагогикалық басылымдарда, бағдарламаларда, жинақтарда, оқу-әдістемелік құралдарда, оқу-әдістемелік кешендерде, силлабустарда көрініс тапты. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінің тәжірибесіне ендірілді.

Диссертация құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәні, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі көрініс алады.

«Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде

өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері, студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда өзіндік жұмыстардың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы, өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары қарастырылады.

Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруды педагогикалық тұрғыдан негіздеп, бұл мәселенің зерттелу тарихына талдау жасалды.

« Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың әдістемесі» атты екінші бөлімде өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мазмұны, әдіс-тәсілдері анықталып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері көрсетіліп, әдістемесі ұсынылады.

Қорытындыда теориялық және практикалық зерттеу нәтижелері бойынша тиісті тұжырымдар және ұсыныстар, зерттеу келешегі көрсетілді.

1 ӨЗІНДІК ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Студенттердің кәсіби бағғыттылығын қалаптастырудың теориялық негіздері

Қазақстан Республикасында соңғы жылдар шеңберінде болып жатқан білім беру жүйесіндегі реформаларға, әсіресе жоғарғы мектепке қатысты реформалардың нәтижесіне елдің болашағы тәуелді. Бүгінгі күнде біз қазақстандық білім беру жүйесінің модернизациялануы сияқты күрделі процестің қатысушысы болып отырмыз. Яғни, Жоғарғы мектепті дамытудың прогрессивті моделін енгізу, оның дамуының бағаналы жолдарын табу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы тұрғыда, жоғарғы білімнің қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін әлеуметтік мәдени фактордың мәні орасан зор.

Жаһандану процесі әлемді өз қағидаларымен қамтып жатқанда, әрбір дамушы, экономикасы толық тұрақталмаған елдер өз мәдениетін, әдет-ғұрпын сақтап қалуға, оны ұрпақтан ұрпаққа беруге мұқтаж. Осы жердегі біздің мақсат жоғарғы білімнің қалыптасуына әсер етпей қоймайтын әлеуметтік мәдени факторлардың дұрыс жолды таңдап, ұлттық мүдде мақсаттарды көздей отырып әрбір жаңалықты тек керегінше қабылдау.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [96] Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін атты Қазақстан халқына Жолдауына [97], Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму Жоспарына [98] сәйкес әзірленді. Бағдарлама білім беру саласындағы Мемелекеттік саясаттың Стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін және оны іске асыру тетіктерін айқындайды, әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыруға, құрылымы мен мазмұнына, кадр саясатына мен әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.

Осы Бағдарламаны әзірлеу жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда казақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапасын арттыруға, Стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулердің қажеттігінен туындады.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 448 Жарлығымен бекітілген «Білім» Мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - «Білімң бағдарламасы) іске асырудың нәтижелерін талдау негізінде әзірленді.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.

Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының ролі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.

Қазақстандық жоғары білім берудің стратегиялық міндеті ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктерін сақтай отырып оны әлемдік білім беру үдерісінің қазіргі заманғы болашағы бар бағыттарына сәйкес келтіру болып табылады. Бұл екі үдерістен: ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру мен әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуды жүзеге асырудан тұрады. Білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық басымдықтарын анықтау мақсатында, жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруды түбегейлі өзгертуге байланысты қазақстандық көпдеңгейлі үздіксіз білім беру үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының білім беруінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы [99], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы [100] жасалынды. Онда білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ретінде мамандардың білім сапасын арттыру, оларды даярлаудың жаңа бағыттарын мен инновациялық дамуын қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ықпалдастығы, ғылыми зерттеулерді қоғам сұранысымен тығыз байланыстыру, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіруді көрсетеді.

Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру жүйесіне ену процесі 2003 жылдан бастап еліміздің оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясын ендіруден басталды. Бұл әлемдік және отандық білім беру тәжірибесінің ықпалдасуы ғана емес, олардың өзара толығу үдерісі де болып табылады. Осы үдерістің алдындағы Қазақстанның «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы» Лиссабон Конвенциясына [101] және «Жоғары білімнің еуропалық аймағы туралы» Болон декларациясына [102] қосылуы, ҚР «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы» Конвенцияны ратификациялау туралы Заңы [103] кредиттік оқыту технологиясының ендірілуіне жол ашты. Кредиттік оқыту жүйесін ендіру және оқыту жүйесін жетілдіру әлемдік жоғары білім беру тәжірибесін, оның ішінде еуропалық аймақтағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы Лиссабон Конвенциясы және Болон декларациясы сияқты материалдарды зерттеуді қажет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту моделі
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Студенттердің ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастырудың жолдары
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz