Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары



Мазмұны

Кіріспе

I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы.
1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.

II Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары.
2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.
2.2.Ақтайтын негіздері бойынша өндірісті қысқарту
2.3.Ақтамайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту

III Тарау. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы.
3.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі.

Қорытынды.

Нормативті құқықтық актілер

Пайдаланылған әдебиеттер

Сот тәжірибесі
КІРІСПЕ
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы».
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді.
Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Саналы құқықтық мемлекеттің, халықтың сана сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі мемлекеттің егемендігін нығайтудың маңызды кезеңі мемлекет ішіндегі халықтың ролін анықтайды. Оның мәнісі – біздің қоғамдағы құқықтың ролін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық реформаны құру туралы мемлекеттік жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатуға ерекше көңіл бөле отырып, азаматтардың барлық құқықтарының қорғалуына құқықтық кепілдік береді. Еліміздің құқықтық саясатының концепциясының негізгі міндеті – болашақта қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманы жетілдіру мен қатар нақты нормалардың негізін қалайтын қағидаларды бекіту, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Осындай жетістіктерге жетудің міндеттерінің бірі-қылмыстық істі қысқарту институтын жетілдіру.
Зерттелген статистикалық мәліметтер бойынша орташа алғанда әрбір оныншы қылмыстық іс алдын ала тергеуде іс бойынша өндірісті қысқарту нысанында аяқталады. Олардың көп бөлігі, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар ақтамайтын негіздер бойынша жиі қысқартылады. Құзіретті мемлекеттік органдардың құқық қолдану тәжірибесінде көптеген қиындықтар туындайды, қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманың өзгеруіне байланысты іс бойынша жеке негіздерге жіктеу негізінде қателіктер жіберіледі, қылмыстық істің қысқартылуына прокурордың заңдылықты тексеруі мен қадағалауды ұйымдастыруда кемшіліктер байқалады. Мұның себебі қылмыстық істі қысқарту жөнінде теориялық зерттеулердің жеткіліксіздігінде деп білемін.
Ресей ғалымдары бұл мәселеге байланысты көбірек көңіл бөлген, бірақ өкінішке орай Қазақстандық ғалымдар арасында қылмыстық істі қысқарту институты терең зерттелмеген.
Қылмыстық істі қысқартуға байланысты сұрақтарды мынадай ғалымдар қарастырған: М.С.Нарикбаев, М.М.Алиев, А.А.Рзаев, А.Н.Ахпанов, Н.А.Абдиканов, Б.Қ.Төлеубекова, Г.А.Абдумажидов, Л.М. Володина, А.С.Барабаш, П.М.Давыдов, А.Я.Дубинский, Ө.С.Жекебаев, Р.Г.Искендеров, Н.В.Жогин, Т.Т.Дубинин, К.Ж.Капсалямов, Л.М. Карнеева, С.Г.Келина, В.А.Ковалев, Ю.В.Кореневский, Д.Я.Мирский, Я.О.Мотовиловкер, М.М.Михеенко, Л.В.Никитина, И.Л.Петрухин, Г.А. Печников, И.И.Рогов, В.М.Савицкий, Т.Е.Сарсембаев, Ф.Н.Фаткуллин, А.Л.Хан, Е.А.Челышев, Р.Н.Юрченко, Н.А.Якубович, С.А. Шейфер, Г.М.Миньковский, М.С.Строгович және т.б. ғалымдар. Сонымен қатар Қазақстандық кандидат Д.В.Синевтың еңбегі де басшылыққа алынды.
Аталған ғалымдардың еңбектері қарастырып отырған құқықтық институтты жетілдіруге әсер етті, бірақ сұрақтардың барлығын шешкен жоқ, ол сұрақтар қазіргі таңға дейін дискуссиялы болып отыр.
Бұрынғы СССР кезіндегі заңнамадан қазіргі іс жүргізушілік заңнаманың айырмашылығы: қысқарту институтын екі топқа, он екі негізге бөліп қарастырған: ақтайтын және ақтамайтын. Бұл жаңа іс жүргізушілік заңнамаға енгізілген жаңалық болды. ҚазССР кезіндегі заңнамаға қарағанда негіздер өзгертіліп, жаңартылды, мұнда тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін жағдайлар қаралған.
Сонымен қорыта келе, қылмыстық істі қысқартуға байланысты мәселе өзекті болып табылады және терең зерттеуді қажет етеді.
Нақты зерттеудің объектісі болып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік заңдар, сондай-ақ тергеушінің, анықтаушы органның құқық қолданудағы қызметі, прокурор мен әділ сотты жүзеге асырудағы соттың қызметі.
Зерттеудің пәні болып, іс бойынша өндірісті қысқарту институтының теория мен тәжірибедегі қазіргі таңдағы жағдайы мен орны. Сонымен қатар іс бойынша өндірісті қысқартуға құзіретті тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізушілік заңдарында орын алған құқық бұзушылықтары.
Зерттеудің міндеті мен мақсаты.
Қылмыстық істі қысқарту институтын кешенді түрде зерттеу мақсаты алға қойылып, Қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманы жетілдіру үшін ғылыми – тәжірибелік ұсыныстар енгізу және қарастырылып отырған институттың тиімділігін көтеру жолдарын ұсыну .
Бітіру жұмысының мақсаты:
Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартуға байланысты шешімнің мазмұнын анықтау, ақтайтын және ақтамайтын негіздерді бір-бірінен ажырататын елеулі белгілерін анықтау, іс бойынша өндірісті қысқарту негіздерін әртүрлі жүйедегі саралауларды қатыстылығына байланысты салыстыру, өндірісті қысқарту барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің іс жүргізушілік кепілдіктерінің жүйесін қарастыру. Заңда көрсетілген норма мен тәжірибеде оның жүзеге асырылуын салыстыра отырып жазу.
Теориялық негізі. Зерттеліп отырған бітіру жұмысымда көптеген мәселелерді шешу барысында жалпы құқық теориясы саласында еңбек еткен атақты ғалымдардың еңбектері мен қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы саласындағы совет дәуіріндегі, қазіргі таңдағы және шетел құқығы.
Нормативтік база ретінде зерттеуде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының пленарлық отырысының қаулылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің қаулылары және т.б.
Егемен Қазақстан Республикасы тарихи дамудың жаңа сатысына қадам басып, нарықтық қатынастарға негізделген жаңа экономикалық жүйе құру үстінде.
. Оны мемлекет және қоғамдық өмірде нағыз, негіз етіп қою. Өткен саяси өмірде мемлекет мүддесі халық мүддесінен басым болған, ал қазіргі заң жеке адамның құқығын қорғайды.
Біздің мемлекеттің ең маңызды мемлекеті – мемлекет азаматтың алдындағы, ал азаматтың мемлекет алдындағы құқығын қамтамасыз ету.
Біздің мемлекеттің маңызды мәселесі болып, қоғамдық және құқықтық тәртіпті сақтау, сот органдарының жұмысын, прокурорлық бақылауды, әділет және ішкі істер органдарының жұмысын жақсарту.
Қоғам дамыған сайын оның ішіндегі құбылыстар да күрделене беретіні анық. Сол құбылыстар қатарындағы күрделісі де қауіптісі де қылмыс. Қылмыспен қатаң және қатал күрес жүргізе отырып, құқықты бұздырмау үшін алдын алу және құқық бұзу себептерін жою қажет. Қазіргі таңда қылмыстылық ұйымдасқан және кәсіпқой сипат алуда. Қоғамды қылмыстың шұғыл дамуы шиеленіскен сипат алса, бұл – мемлекет негіздеріне қауіп төндіріп, өркениетті жолмен нарыққа көшу мүмкіндігіне күмән туғызады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» табылады деп көрсетілген және өзінің түбегейлі принциптері ретінде мына төмендегілерді көрсетеді: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Қылмыстылықты және оны тудыратын себептерді айтпай, құқықтық мемлекет құру мүмкін емес.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі:

1. Д.В. Синёв Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы. 2003 г. (диссертация)
2. Б.Қ. Төлеубекова Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы 2000,
3.А.А. Рзаев Прекращение уголовного дела по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования: Уч.Пос.;Караганда, 1982.
4. С.А. Голунский. О прекращении уголовных дел 1937г.
5. А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела в сдадии предварительного расследования. Киев, 1957г. С. 10-17.
6. А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела в сдадии дознания и предварительного следствия. Киев 1975г.
7. А.Я. Дубинский Основание к прекращению уголовного дела в сдадии предварительного расследования. Киев, 1973г.
8. В.В. Никитин, В.А. Дунин Прекращение уголовного дела. Омск, 1993г.
9.Л.М. Володина Спорные вопросы прекращения уголовных дел по нереабилитирующим основаниям // Актуальные проблемы охраны прав личности в советском уголовном судопроизводстве: Межвуз. Сб. науч. Тр., Свердловск: СЮИ,1989г, с.100-104.
10. П.М., Д.Я. Мирский Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе. М.: Госюриздат, 1963г.
11. Н.В. Жогин, Ф.Н. Фаткуллин предварительное следствие в уголовном процессе. М. Госюриздат. 1965г.
12. А.Д.Донценко Прекращение уголовного дела. М.2000г. с729.
13. Е.А.Челышев Решение о прекращении дела на предварительном следствии в советском уголовном процессе . Казань; 1983г С.18-35
14.А.Я.Дубинский Прекращение уголовного дела в стадии предварительного расследования: Уч. Пос. Киев:1975г, 132с.
15. Р.Г. Искендеров Прекращение уголовного дела на предварительном следствии. Автореф. дис. канд. Баку, 1975г, 22 с.
16. Б.Х..Толеубекова, К.Ж..Капсалямов, Б.К. Шнарбаев, Д.К.Бекишев Уголовно – процессуальное право РК. Часть особенная, Алматы 2000г, 270с
17. В. А.Ковалев Прекращение уголовного дела в условиях деятельности органов дознания: Уч. Пос.1990г, 64с
18. Г.Н. Печников О прекращении уголовных дел по нереабилитирующим основаниям Формы досудебного производства и их совершенствование, Волгоград, 1989г. С.59-67
19. Уголовно – процессуальный кодекс РК.(Общая часть) Комментарий / Под ред. И.И.Рогова, С.Ф. Бычковой; К.А. Мами, Алматы: Жеті жарғы, 2002г, 448 с.
20. Л.В. Никитина Вопросы уголовного дела в стадии предварительного расследования с освобождением лица от уголовной ответственности. Афтореф. Дис. канд. Саратов, 1981г, 21с.
21. В.В. Зинькович Институт реабилитации – надежная гарантия охраны прав личности в советском уголовном процессе . Свердловск, 1989г, с.113-118
22. Л.В.Никитин Вопросы правовой и моральной реабилитации лица при прекращении дела с освобождением от уголовной ответственности // Проблемы правового статуса личности в уголовном процессе \\ Саратов,1981г, с.69-77.
23. Карнеева Л. Прекращение уголовного дела за отсутвием состава и событития преступления 1970г, с53-54.
24. А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Алматы 2000. 230-235-бет
25. Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Алматы2003.247 бет
26. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Жауапты авторлар:з.ғ.к. проф. С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов 690бет
27. А.С. Нуралиева Обстоятельства, позволяющие не осуществлять уголовное преследование, как основание прекращения уголовного дела // материалы международной научно – практической конференции\\ Алматы: КазГЮУ, 2002. с.219-226.
28. А.Н. Ахпанов, А.Л. Хан О понятии предварительного следствия и дознания в свете нового уголовно – процессуального законодательства РК. Караганда 1999г. С.63-72.
29. А.Л. Хан Проблемы процессуальной независимости следователя в уголовном судопроизводстве РК. Караганда 1997, с150-154.
30. С . Мусабеков Амнистия – акт гуманизма уголовной политики в РК Фемида 2001, №6 с21-22
31. Д.С. Темирова Соотношение вменяемости, невменяемости и психических расстройств не исключающих вменяемости. Караганда 2001, с50-56
32. М.Н. Филиппов Обеспечение прокурором всесторонности, полноты и объективности предварительного расследования как гарантия охраны прав обвиняемого. М.; 1990г С.71-76 .
33. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Под ред. И.И.Рогова и С.М. Рахметова, Алматы, Баспа, 1999г, с.808.
34. Б.К. Шнарбаев Правовые последствия признания преступления не представляющим большой общественной опасности в нормах об освобождении от уголовной ответственности и наказания. Караганда.; 1996г. с. 117-124.
35. К.А. Мами, А.Т. Жукенов Вопросы применения новых УК и УПК РК и судебная практика, Справочная система Юрист.
36. А.Ф. Смирнов Применение акта амнистии органами предварительного расследования в уголовном процессе, Алматы 1986г с65.
37. Уголовное право Казахстана (Общая часть). Учебник для ВУЗов //Под ред. И.И. Рогова и С.М. Рахметова, Алматы 1998г 228с.
38. Ж.Тыныштыкулы Роль прокурорского надзора в уголовном процессе по реабилитации граждан. Правовая реформа в Казахстане, №4, 2001г, с.40.
39. Г.М. Миньковский Окончание предварительного расследования и право обвиняемого на защиту, М.; 1957,211с.
40.Л.М. Володина Прекращение уголовных дел вследствие изменения обстановки и в связи с направлением для применения мер общественного воздействия в стадии предварительного расследования. Л.;1976г, 23с
41. Ю. Демидов, Ю.Якрен Прекращение уголовного дела вследствие изменения обстановки. М.;1989г с.56.
42. В.Я.Чеканов Некоторые вопросы прекращения уголовных дел и прокурорского надзора за законностью прекращения уголовных дел. М.;1979г, с88.
43. В.М. Савицкий По поводу уголовно – процессуальных гарантий реабилитации невиновного М.; 1988,с.55.
44. В.В. Вандышев, А.В.Смирнов Основы уголовного судопроизводства , Санкт-Петербург 1996г. 196с
45. Ю.М.Грошевой Сущность судебных решений в советском уголовном процессе, Харьков 1976г. 143с.
46 Н.А.Власова Досудебное производство в уголовном процессе, М.; 2000г.144с

Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары

Мазмұны

Кіріспе

I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі,
маңызы.
1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.
II Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары.
2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың
негізі.
2.2.Ақтайтын негіздері бойынша өндірісті қысқарту
2.3.Ақтамайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту
III Тарау. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді
болуы.
3.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі.
Қорытынды.

Нормативті құқықтық актілер
Пайдаланылған әдебиеттер
Сот тәжірибесі

КІРІСПЕ
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының
1-бабы 1-бөлігінде Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
еліміздің ең қымбат қазынасы.
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру
жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының
конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде
мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді.
Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан-
2030 бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы
қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға
қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Саналы құқықтық
мемлекеттің, халықтың сана сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі
мемлекеттің егемендігін нығайтудың маңызды кезеңі мемлекет ішіндегі
халықтың ролін анықтайды. Оның мәнісі – біздің қоғамдағы құқықтың ролін
арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық реформаны құру
туралы мемлекеттік жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
орнатуға ерекше көңіл бөле отырып, азаматтардың барлық құқықтарының
қорғалуына құқықтық кепілдік береді. Еліміздің құқықтық саясатының
концепциясының негізгі міндеті – болашақта қылмыстық іс жүргізушілік
заңнаманы жетілдіру мен қатар нақты нормалардың негізін қалайтын
қағидаларды бекіту, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға
бағытталған. Осындай жетістіктерге жетудің міндеттерінің бірі-қылмыстық
істі қысқарту институтын жетілдіру.
Зерттелген статистикалық мәліметтер бойынша орташа алғанда әрбір
оныншы қылмыстық іс алдын ала тергеуде іс бойынша өндірісті қысқарту
нысанында аяқталады. Олардың көп бөлігі, оның ішінде ауыр және аса ауыр
қылмыстар ақтамайтын негіздер бойынша жиі қысқартылады. Құзіретті
мемлекеттік органдардың құқық қолдану тәжірибесінде көптеген қиындықтар
туындайды, қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманың өзгеруіне байланысты іс
бойынша жеке негіздерге жіктеу негізінде қателіктер жіберіледі, қылмыстық
істің қысқартылуына прокурордың заңдылықты тексеруі мен қадағалауды
ұйымдастыруда кемшіліктер байқалады. Мұның себебі қылмыстық істі қысқарту
жөнінде теориялық зерттеулердің жеткіліксіздігінде деп білемін.
Ресей ғалымдары бұл мәселеге байланысты көбірек көңіл бөлген, бірақ
өкінішке орай Қазақстандық ғалымдар арасында қылмыстық істі қысқарту
институты терең зерттелмеген.
Қылмыстық істі қысқартуға байланысты сұрақтарды мынадай ғалымдар
қарастырған: М.С.Нарикбаев, М.М.Алиев, А.А.Рзаев, А.Н.Ахпанов,
Н.А.Абдиканов, Б.Қ.Төлеубекова, Г.А.Абдумажидов, Л.М. Володина,
А.С.Барабаш, П.М.Давыдов, А.Я.Дубинский, Ө.С.Жекебаев, Р.Г.Искендеров,
Н.В.Жогин, Т.Т.Дубинин, К.Ж.Капсалямов, Л.М. Карнеева, С.Г.Келина,
В.А.Ковалев, Ю.В.Кореневский, Д.Я.Мирский, Я.О.Мотовиловкер, М.М.Михеенко,
Л.В.Никитина, И.Л.Петрухин, Г.А. Печников, И.И.Рогов, В.М.Савицкий,
Т.Е.Сарсембаев, Ф.Н.Фаткуллин, А.Л.Хан, Е.А.Челышев, Р.Н.Юрченко,
Н.А.Якубович, С.А. Шейфер, Г.М.Миньковский, М.С.Строгович және т.б.
ғалымдар. Сонымен қатар Қазақстандық кандидат Д.В.Синевтың еңбегі де
басшылыққа алынды.
Аталған ғалымдардың еңбектері қарастырып отырған құқықтық институтты
жетілдіруге әсер етті, бірақ сұрақтардың барлығын шешкен жоқ, ол сұрақтар
қазіргі таңға дейін дискуссиялы болып отыр.
Бұрынғы СССР кезіндегі заңнамадан қазіргі іс жүргізушілік заңнаманың
айырмашылығы: қысқарту институтын екі топқа, он екі негізге бөліп
қарастырған: ақтайтын және ақтамайтын. Бұл жаңа іс жүргізушілік заңнамаға
енгізілген жаңалық болды. ҚазССР кезіндегі заңнамаға қарағанда негіздер
өзгертіліп, жаңартылды, мұнда тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы
мүмкін жағдайлар қаралған.
Сонымен қорыта келе, қылмыстық істі қысқартуға байланысты мәселе
өзекті болып табылады және терең зерттеуді қажет етеді.
Нақты зерттеудің объектісі болып, Қазақстан Республикасының
Конституциясы, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік заңдар, сондай-ақ
тергеушінің, анықтаушы органның құқық қолданудағы қызметі, прокурор мен
әділ сотты жүзеге асырудағы соттың қызметі.
Зерттеудің пәні болып, іс бойынша өндірісті қысқарту институтының
теория мен тәжірибедегі қазіргі таңдағы жағдайы мен орны. Сонымен қатар іс
бойынша өндірісті қысқартуға құзіретті тұлғалардың Қазақстан
Республикасының қылмыстық іс жүргізушілік заңдарында орын алған құқық
бұзушылықтары.
Зерттеудің міндеті мен мақсаты.
Қылмыстық істі қысқарту институтын кешенді түрде зерттеу мақсаты алға
қойылып, Қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманы жетілдіру үшін ғылыми –
тәжірибелік ұсыныстар енгізу және қарастырылып отырған институттың
тиімділігін көтеру жолдарын ұсыну .
Бітіру жұмысының мақсаты:
Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартуға байланысты шешімнің мазмұнын
анықтау, ақтайтын және ақтамайтын негіздерді бір-бірінен ажырататын елеулі
белгілерін анықтау, іс бойынша өндірісті қысқарту негіздерін әртүрлі
жүйедегі саралауларды қатыстылығына байланысты салыстыру, өндірісті
қысқарту барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің іс
жүргізушілік кепілдіктерінің жүйесін қарастыру. Заңда көрсетілген норма мен
тәжірибеде оның жүзеге асырылуын салыстыра отырып жазу.
Теориялық негізі. Зерттеліп отырған бітіру жұмысымда көптеген
мәселелерді шешу барысында жалпы құқық теориясы саласында еңбек еткен
атақты ғалымдардың еңбектері мен қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу
құқығы саласындағы совет дәуіріндегі, қазіргі таңдағы және шетел құқығы.
Нормативтік база ретінде зерттеуде Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қылмыстық іс
жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының пленарлық отырысының
қаулылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің қаулылары және
т.б.
Егемен Қазақстан Республикасы тарихи дамудың жаңа сатысына қадам
басып, нарықтық қатынастарға негізделген жаңа экономикалық жүйе құру
үстінде.
. Оны мемлекет және қоғамдық өмірде нағыз, негіз етіп қою. Өткен саяси
өмірде мемлекет мүддесі халық мүддесінен басым болған, ал қазіргі заң жеке
адамның құқығын қорғайды.
Біздің мемлекеттің ең маңызды мемлекеті – мемлекет азаматтың
алдындағы, ал азаматтың мемлекет алдындағы құқығын қамтамасыз ету.
Біздің мемлекеттің маңызды мәселесі болып, қоғамдық және құқықтық
тәртіпті сақтау, сот органдарының жұмысын, прокурорлық бақылауды, әділет
және ішкі істер органдарының жұмысын жақсарту.
Қоғам дамыған сайын оның ішіндегі құбылыстар да күрделене
беретіні анық. Сол құбылыстар қатарындағы күрделісі де қауіптісі де қылмыс.
Қылмыспен қатаң және қатал күрес жүргізе отырып, құқықты бұздырмау үшін
алдын алу және құқық бұзу себептерін жою қажет. Қазіргі таңда қылмыстылық
ұйымдасқан және кәсіпқой сипат алуда. Қоғамды қылмыстың шұғыл дамуы
шиеленіскен сипат алса, бұл – мемлекет негіздеріне қауіп төндіріп,
өркениетті жолмен нарыққа көшу мүмкіндігіне күмән туғызады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары табылады деп көрсетілген және өзінің түбегейлі
принциптері ретінде мына төмендегілерді көрсетеді: қоғамдық татулық пен
саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;
қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін
демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе
Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Қылмыстылықты және оны тудыратын себептерді айтпай, құқықтық
мемлекет құру мүмкін емес.

1.1. Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында
Қылмыстық процестің міндеттері болып, қылмыстарды тез және толық ашу,
олады жасаған адамдарды әшкерелеу және жауаптылыққа тарту, әділ сот
талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады. Қылмыстық іс
жүргізудің аталған міндеттері өндірістің кез-келген немесе әрбір
стадиясында орын алуы мүмкін және өндірістің нысаны ретінде алдын ала
тергеуде де орын алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабында
көрсетілген жағдайларда алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не
қылмыстық медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа
жіберу туралы қаулы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен
аяқталады.
Сондай-ақ алдын ала тергеу тергеушінің іс бойынша барлық мән-жайларды
анықтап, зерттеп шешім шығаруға елеулі әсер етудің нәтижесінде 195-бапта
көрсетілген негіздің біреуін басшылыққа ала отырып іс қысқартылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабына
сәйкес қылмыстық істі қысқартуды алдын ала тергеудің аяқталуының дәстүрлі
нысаны деп айтуға болады. Сонымен қатар қылмыстық іс қылмыстық процестің
сот өндірісі стадиясында да қысқартылады (195,269,282,307,324,418,467-
баптың 4-бөлігінің 6-тармақшасы, 477-баптың 2-бөлігі).
Қылмыстық істі кез-келген стадияда тоқтату үшін жиналған
дәлелдемелерді бағалап, нақты тексеру қажет оның негізінде орын алған факті
мен мән-жайлар анықталады, тек сосын ғана қылмыстық іс жүргізудің кез-
келген стадиясында қылмыстық істі қысқарту іс бойынша қорытынды кезең
болады. Егер жоғарыдағы мән-жайлар мен фактілер істің қысқаруын дәлелдей
алмайтын болса іс қысқартылмайды.
Л.М.Володина, А.Я.Дубинский, З.З.Зинатуллин сияқты ғалымдардың
пікірінше қылмыстық істі қысқартқан органның істі тергеуге байланысты
құқықтары жойылады. Бұл жағдайда алдын ала тергеуде өндіріс бойынша іс
қысқартылады.
Осыған байланысты қылмыстық іс бойынша өндірісті алдын ала тергеуде
қысқартудың қорытынды шешімі болып табылады. Қазақстан Республикасы
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 35- тармақшасында қорытынды
шешімге байланысты түсінік берілген. Қорытынды шешім - қылмыстық процесті
жүргізуші органның іс бойынша іс жүргізудің басталуын немесе жалғастырылуын
болдырмайтын, сондай-ақ түпкілікті болмаса да істі мәні бойынша шешетін
әртүрлі шешімдері.
П.М. Давыдов, А.Д. Донценко, И.Я. Дюряшин, Б.Қ. Төлеубекова қылмыстық
іс бойынша өндірісті қысқарту – шешімнің болуын көрсетеді. Е.А. Челышев
мұндай шешімді басқарушы акті деп қарастырады.
Алдын ала тергеуде қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту туралы
шешім басқарушы акт ретінде қылмыстық процесте тиісті қоғамдық қатынастарды
құқықтық реттеуші ролін атқарады. Бұл аталған шешім заңды түрде тікелей
заңға негізделіп шығарылады1.
Қылмыстық істі қысқарту – соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының
іс жүргізуші қызметінің аяқталғаны туралы шешімі. Қылмыстық істі қысқарту
тек заңда көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады, ол негіздер
мыналар2:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабына
сәйкес қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар;
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабына
сәйкес қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән –
жайлар.
Қылмыстық істі қысқартудың заңды негізі соттың,
тергеушінің, анықтаушы органның, прокурордың қаулысы болып табылады, оның
көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.
Қылмыстық істі қысқартылардың алдында сезіктіге, айыпталушыға
істі қысқарту негіздері, сондай-ақ олардың заңда көзделген негіздер бойынша
істің қысқартылуына қарсылығын мәлімдеу құқығы түсіндіріледі. Қылмыстық
істің жалғастырылуына негіздердің пайда болуы қылмыстық істің тоқтатылуын
бұзу туралы қаулы қабылдануын қажет етеді. Істі жалғастыру қылмыстық
жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруі шегінде жүзеге асырылады.
Қылмыстық істі қысқарту немесе оны қайта жаңғырту туралы
шешімнің қабылдануы заңдылыққа прокурорлық қадағалаудың нысаны болып
табылады. Іс заңсыз тоқтатылған немесе қайта жаңғыртылған жағдайларда
прокурор өз қаулысымен аталған шешімдердің күшін жоюға және істі одан әрі
жүргізуге немесе істі қайта жаңғырту туралы қаулының күші жойылғанда
процеске қатысушылардың құқықтарын сақтау жөнінде іс жүргізушілік шаралар
қолдануға жіберуге құқылы.
Істің қысқартылғаны немесе қайтадан жаңғыртылғаны туралы мүдделі
адамдар: сезікті, айыпталушы, қорғаушы (адвокат), жәбірленуші , оның өкілі,
азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері өз
өтініштері бойынша іс қозғалған жеке және заңды тұлғаға хабардар етіледі.
Аталған адамдар істі қысқарту немесе қайта жаңғырту туралы шешіммен
келіспеген жағдайда олар белгіленген тәртіппен оған шағым жасай алады3.
_______________________________

1 В.Я. Синев Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на
предварительном следствии. Алматы 2003г. С.13
2 Б.Қ. Төлеубекова Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы.
Жалпы бөлім А.,2000ж 215-216-бет
3 А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела. Киев. 1971г. С.77

Қылмыстық іс қысқарғанда іс жүргізушілік әрекеттер де тоқтатылады,
яғни алдын ала тергеу де тоқтатылады. Сондықтан әдебиеттерде қылмыстық
істің қысқаруы алдын ала тергеудің аяқталуының дербес нысаны болып
табылмайтындығын көрсететін қорытындының негізділігі жеткілікті емес1.
Көріп тұрғанымыздай, бұндай қорытындыға келу алдын ала тергеудің
аяқталуының жалпы түсінігінің дұрыс тұжырымдалмауымен негізделеді, егер бұл
түсікті тек тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы шешім қабылдаумен
және айыптау қорытындысын жасар алдында іске қатысушыларды істің
материалдарымен таныстырудан тұрады деп шектесе, алдын ала тергеудің
аяқталуының өзге нысанын қарамай тұрып, қылмыстық істі қысқартуды тек бір
реттік техникалық акт деп түсінуге болмайды.
Қылмыстық істі қысқартуды алдын ала тергеудің аяқталуының нысаны
ретінде қарастырсақ, онда ол белгілі бір күрделі кезең болып табылады, оның
мазмұны бір қатар маңызды сұрақтарды шешуден тұрады.
Г.М. Миньковский бұл кезеңдерді төмендегідей атап көрсетеді:
а) Іс бойынша жиналған дәләлдемелердің анализі мен оларды
бағалаудың жиынтығынан;
ә) Іс материалдарын тиісті нысанға (формаға) келтіру және жүйелеу;

б) Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны жасау;
в) Қылмыстық істі қысқартудан туындайтын барлық сұрақтарды шешу
(айыпталушы мен сезіктіге қатысты барлық шараларды жою, мүлікке тиым
салуды алып тастау т.б.)
г) Мүдделі тұлғаларға қылмыстық істің қысқарғаны туралы хабарлау2;
Сонымен қатар, Г.М.Миньковский және басқа да авторлар негізді түрде
прокурор істі қысқартуы кезіндегі алдын ала тергеуде тұлғалардың шағымдарын
қараған кезде шешімнің қорытынды бөліміне қосады3 . Ал
А.Я.Дубинскийдің ойынша, прокурордың процесуалдық жағдайы қылмыстық істің
қысқартылғандығын бақылауға байланысты алдын ала тергеудің аяқталуының
түсінігінен шығып кетеді деп көрсетеді. Тек қана прокурордың қылмыстық істі
қысқартуға келісім беруі заңмен көзделгендігі жатады4.
Сонымен, қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыға берілген шағымды
қарастырып отырған прокурордың әректтері, алдын ала тергеудің құрама бөлігі
болып табылады, қылмыстық істі қысқартудың сатысына кіреді.
_________________________________

1Тарасов – Радионов П.И. Предворительное следствие. М: 1955г, С.227-236.
2Миньковский Г.М. Окончание предварительного расследования и осуществление
права обвиняемого на защиту. М:, 1957г, С.18-19.
3Миньковский Г.М. Уголовный процесс .Воронеж: Изд-во Воронежского
университета, 1968. С.224.
4Дубинский А.Я. Прекращение уголовного дала в стадии предварительного
расследования. Киев, 1975г. С55
Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімдерге шағым сотқа берілген кезде
басқа жағдай туады. Сотта шағымдарды қарау, бұл алдын ала тергеуге соттың
бақылау жасауы болып табылады. Бірақ бірінші инстанция сотталушының бұл
әрекетін алдын ала тергеуге қосуға болмайды - бұл сот өндірісі.
Бұл өндірістің полистадиялық сипаттамасы бар: соттың шығарған шешімі
апелляциялық тәртіппен және сот тергеуімен қайта қаралуы мүмкін.
Бұл өндірісте кінәлілік немесе кінәсіздікке қатысты сұрақтар
шешілмейді: тек қылмыстық істі қысқартудың заңдылығы мен негізділігі
тексеріледі. Мүмкін бұл сот өндірісін ерекше өндірістер қатарына жатқызуға
болатын шығар. Негізінен ерекше өндіріс деген түсінікті жоққа шығаруға
болмайды1. Бұндай өндірістерге кінә мәселесіне қылмыстық заңның материалдық
нормаларын қолдану мәселесі қарастырылмайтын шешімдер жатады.
Тұтас қылмыстық процесс сияқты, қылмыстық істі қысқарту - бұл
анықтама органдарының, прокурор мен соттың қызметі, яғни алдын ала
тергеудің құрама бөлігін құрайтын қызмет.
1963-жылы Г.П. Давыдов пен Д.Я. Мирский дұрыс жазғандай қылмыстық
істі қысқарту - бұл заңмен көзделген тәртіпте сот, тергеу, прокуратура
органдарының қылмыстық процесуалдық әрекеттерді жүзеге асыруы, олардың
өндірісімен фактілерді анықтау мен дәлелдемелерді жинауға байланысты
әрекеттер сақталады2.
А.Я.Дубинский жазған,қылмыстық істі қысқарту - бұл тергеудің
қорытынды бөлімі, оның құрамына жиналған дәлелдемелерді талдау мен баға
беруге қатысты қылмыстық іс материалдарын жүйелеуге қатысты, іске
қатысушыларды сақталған өндіріспен таныстыруға қатысты және олардан келген
өтініштерді қарауға қатысты процесуалдық әрекеттер кіреді3.
Сонымен бірге қылмыстық істі қысқартуды процесуалдық акт деп те
түсінуге болады, яғни өкілетті лауазымды тұлғаның қылмыстық іс бойынша сот
өндірісіне жіберуге қатысты жеткілікті негіз болмағандықтан ары қарай
жүргізуді тоқтату туралы шешімі, яғни қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы
немесе ұйғарымының болуы4.

_____________________________

1 А.В. Солодилов Место судебного контроля в течении уголовных
судопроизводств. Томск, 1999г
2 П.М Давыдов , Д.Я. Мирский Прекращение уголовных дел в уголовном
процессе. М., Госюриздат, 1963г. С.5.
3 А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела в стадии дознания и
предворительного следствия Автореферат,; Киев 1971г С7.
4 Н.В. Жогин , Г.Н. Фаткуллин Предварительное следствие в уголовном
процессе М., Юридическая литература 1965г С304.

В.А.Михайлов негізді түрде былай деп жазады
қылмыстық істі қысқартумен айыпталушының қылмыстық жауапкершілігіне
қатысты мәселе шешіледі, шешім теріс нысанда беріледі және алдын ала
тергеуге қатысты қорытындыға келу мәселесін шешуге әкеледі1.
Бұл шынымен солай. Шешім шығару сияқты , қаулымен де қылмыстық іс бойынша
оның өміріне қатысты мәселе шешіледі, ары қарай жалғасатындығы немесе істің
қысқаруы туралы қылмыстық процеске қатысты ресми қорытынды жасалады.
Сондықтан да сот шешімі сияқты қылмыстық істі қысқарту туралы актінің
маңызы үлкен. Бұл құжат жайдан-жай негізгі қылмыстық процесуалдық актілер
қатарына жатқызылмаған.
Қылмыстық процесуалдық заңға сәйкес алдын ала тергеу органдары
қылмыстық іске қатысты бірқатар мәселелерді шешулері қажет: оқиға болған
жерде қылмыс болды ма, әрекетте қылмыс құрамы бар ма, белгілі бір
анықталған тұлғамен жасалды ма, ол тұлғаның кінәсі бар ма. Осы сұрақтардың
біреуінің теріс болуы, алдын ала тергеу органдарының қылмыстық істі
қысқартуға болады.
А.Я.Дубинскийдің ойынша істі мәнісі бойынша қарау істің өмірін
анықтаудан, нақты тұлғаның өмірін анықтаудан тұрады2. Кінәлілік немесе
кінәсіздік мәселесіне қатысты емес шешілуі мүмкін. Мәселен, егер қылмыстық
істі қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартса, тергеу барысында
басқа да нақты тұлғаның қатысына байланысты мәселе шешілмесе, онда істі
мәнісі бойынша шешілді деп санауға болады.
Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің тікелей сипаты бар. Тергеу
органдары істі сотқа жібермей-ақ фактілерді нақтылай алады.
Сонымен, қылмыстық істі қысқарту – бұл қылмыстық әрекет,тұтас
қылмыстық процесуалдық әрекеттердің бір бөлігі сияқты.
Қылмыстық істі қысқарту – қылмыстық процесуалдық құқықтың институты.
Бұл институттың ең басты кемшілігі, оның нормалары бүкіл Қылмыстық іс
жүргізушілік кодексінде шашырап жатыр. Бұл нормалардың кодексінде шашыранды
болуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы барысында қиындықтар
туғызады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жеке тарауды бөліп шығарса тиімді
болар еді. Осы мәселеге байланысты құқық қорғау органдарының қызметінде
көптеген қиыншылықтар мен келеңсіздіктер туындайды. Егер заң шығарушы
қылмыстық істі қысқартуға байланысты норманы жүйелейтін болса тиісті
органдардың жұмысы біршама жақсарар еді деп ойлаймын.
________________________________

1 В.А. Михайлов Процессуальный порядок прекращения уголовных дел в
стадии предварительного расследования. Волгоград 1970г. С10.
2А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела в стадии предварительного
расследования Киев 1975 г. С.9.

Осындай заңнаманың жүйесіздігінен әділетсіз шешімдер шығып іс
жүргізушілік заңның басты қағидаларының бірі - заңдылық қағидасының
бұзылуына алып келіп соқтырады1.
Қылмыстық істі қысқарту бұл алдын ала тергеудің бір сатысы,
алдын ала өндірісті жүзеге асыратын органдардың және прокурордың негізді
түрде қылмыстық істі қысқарту туралы, алдын ала тергеуді аяқтау туралы
қаулы шығарумен тұлғаны қылмыстық жауптылықтан босату туралы әрекеттерден
тұрады. Сонымен қоса, қылмыстық іс – бұл қылмыстық процесуалдақ құқықтың
институты – қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарған сәттен бастап
мәнісі бойынша шешіледі2.
Тергеуші, прокурор қылмыстық істі іс жүргізушілік кодексінің 37 және 38-
баптарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қысқартуға құқылы.
Сезіктіні немесе айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеген
жағдайда, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндік таусылса
қылмыстық іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің 1
немесе 2-тармақтарының негізінде қысқартылады. Бұл жағдайда тергеуші,
прокурор адамды ақтау және оған заңсыз ұстау немесе қамау нәтижесінде
келтірілген материалдық зиянды өтеу жөнінде заңдарда көзделген барлық
шараны қолдануға тиіс3.
Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық істі
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы
қаулы не қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады4.
Ал судья Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің
1 – 12-тармақтарында және 38-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер
бойынша, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда
істі қысқарту туралы қаулы шығарады. Істі қысқарту туралы шешім
қабылданғаннан кейін судья бұлтартпау шарасын, азаматтық талапты және
мүлкін тәркілеуді қамтамасыз ету шараларын тоқтатады және заттай айғақтар
туралы мәселені шешеді. Судьяның істі қысқарту туралы
қаулысының көшірмесі прокурорға жіберіледі, сондай-ақ қылмыстық жауапқа
тартылған адамға және жәбірленушіге тапсырылады5.
___________________________________ __

1 А.С. Барабаш , Л.М. Володина Прекращение уголовных дел по
нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования. Томск
,1986г, С.37
2 П.М.Давыдов Д.Я. Мирский Прекращение уголовных дел в советском уголовном
процессе, Москва 1963г .С.77
3В.Я. Синев Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на
предварительном следствии. Алматы 2003г С.13
4Д.С. Карев, Н.М. Савгирова Возбуждение и расследование уголовных дел. М.
Высшая школа, 1967г. С.112 Осындай көзқарасты өзге де авторлар ұстанады:
П.М.Давыдов, 5В.Д.Сидоров, П.П. Якимов Судопроизводство по уголовно
процессуальному закону. Свердловск 1962. С.9
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы заңды факт болып табылады,
нәтижесінде қылмыстық процесуалдық қатынастар тоқтатылады. Оның маңызы
жоғары. Алдын ала тергеудің аяқталуының бір формасы ретінде қараудың ролі
елеулі, себебі: қылмыстық істі қысқартуды тергеудің аяқталуының заңды
нысаны деп қарастыруға мүмкіндік береді, өзінің процесуалдық маңызы жағынан
айыптау қорытындысы болса, істі сотқа жіберумен тең келеді.
Г.М.Миньковский дұрыс көрсетеді, істің қысқаруы, алдын ала тергеудің
аяқталу нысаны ретінде, өзінің мақсаты мен мәні бойынша істі айыптау
қорытындысымен бірге сотқа жіберумен бірдей маңызға ие.
Дәлелдемелер толық жеткілікті болып, өндірісті қылмыстық қудалауды
жалғастырмай жиналған дәлелдемелердің негізінде белгілі бір қорытындыға
келуі тиіс. Мысалы: тәжірибеде тергеушілер көбінде қылмыстық істі қылмыс
құрамының жоқтығы және қылмыс оқиғасының орын алмағанын негіздеп істі
қысқартады. Тергеуші қысқартса оның заңдылығы мен негізділігін прокурор
тексереді, ал сот қысқартқан жағдайда тараптардың қарсылығы болса
апелляциялық тәртіппен қайта қаралады. Егер бұзылған құқықтар мен мүдделер
болса қалпына келтірілуге жатады деп түсінуге болады.Негізгі маңызы
қылмыстық іс қысқартылып, өндірістегі іс мәнісі бойынша шешіледі.
Кейбір ғалымдардың пікірінше қылмыстық істі қысқарту – процестің
дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Олардың ойынша қылмыстық істі қысқарту – бұл
екінші акт, ал кейде ақау (брак) деп санайды. Мынадай көзқарас бар,
қылмыстық істі қысқарту – бұл қылмыстық істі қозғау кезінде жіберілген
қателіктердің нәтижесі болып табылады, ал егер қылмыстық істі қозғау мен
тергеу дұрыс жүргізілсе, онда нәтижесінде тергеушінің айыптау қорытындысын
жазумен аяқталады. Мұндай көзқарасты қолдайтын автолардың пікіріне толық
қосылуға болмайды деп есептеймін.
Әрбір қозғалған істің ерекшелігіне байланысты істі тез және
толық ашу әрқашанда жүзеге аса бермейді. Дәлелдемелер немесе құжаттар,
жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайдың барлығы да ескерілуі тиіс. Егер
қозғалған қылмыстық істердің барлығын қысқарту себебінен заңсыз деп тапсақ,
онда бұл негіздің іс жүргізушілік заңда орын алуының қажеттігі неде деген
сұрақ туындайды. Егер қылмыскер ауыр қылмыс жасап, әрекетіне шын өкініп
жәбірленушімен татуласып, келтірілген заладың орнын толтырса, ол адамды
неге жауаптылықтан босатпасқа.
Қылмыскер өзінің әрекетіне өкініп, түзелем деген ниетпен әрекет
жасаса оның ақталуға мүмкіндігі туады деген пікірдемін. Менің бұл пікірімді
С.А. Шейфер тереңірек ғылыми түрде түсіндірме береді.
Бұндай көзқарас тәжірибеде көптеген істер заңсыз қозғалып,
қысқартылумен түсіндіріледі. Бірақ барлық қылмыстық істердің қысқаруы оның
заңсыз қозғалуынан жүзеге аспайды.
С.А.Шейфер азаматты қылмыстық жауаптылыққа негізсіз тартпаудың
процесуалдық кепілі қылмыстық істі қысқарту болып табылады. Сот өндірісінің
мақсаты болып, тек қана қылмыскерді жауапкершілікке тарту мен соттау емес,
сонымен қатар сезікті айыпталушы ретінде ұсталған тұлғаларды уақытылы
ақтау қажет.
Себебі біз сезіктіні немесе айыпталушыны кінәсі дәлелденбесе ұзақ
уақыт қамауда ұстай алмаймыз, яғни тиісті органның нақты дәлелдемелері
болмаса ұстау мерзімі өткеннен кейін ұстауға құқығы жоқ.
Мұнда кінәсіздік презумпциясы туралы сөз қозғауға болады1. Әр
адам оның қылмыс жасағаны үшін кінәлілігі дәлелденгенге және соттың заңды
күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады
Егер қылмыстық іс уақытылы және негізді қозғалса да, бірақ тергеу
барысында қылмысты дәлелдейтін ақпараттар болмаса, қылмыс дәлелденбесе,
онда уақытында қылмыстық істі қысқарту маңызды болып табылады, заңсыз және
негізсіз қозғалған қылмыстық істі қысқартумен бірдей.
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқартудың да маңызы
төмен емес. Біріншіден, қылмыстық жауаптылықтан босатылған азаматтар
өзінің әрекеттерімен болашақта жақсы ниеттерін дәлелдей алады. Екіншіден,
алдын ала тергеу органдары өздерінің назарларын тұтас қоғаммен азамат
мүдделеріне ауыр зиян келтірілген қоғамдық қауіптілігі өте жоғары
қылмыстарды тергеуге жұмсай алады2.
Қылмыстық істі қысқарту жәбірленушінің де құқықтарын бұзбайды.
Біріншіден, қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны жәбірленуші шағымдай
алады. Екіншіден, қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша белгілі бір
тұрғыдан алғанда оң сипаттамасы бар тұлғаға қатысты қысқартылады. Бұл
жағдайға сәйкес қылмыстық іс қысқартылғанға дейін ол тұлға жәбірленушімен
барлық мәселені шешіп, оған келтірілген залады өтеген болса, ал басқа
жағдайда тергеуші немесе анықтама органдары қылмыстық істі қысқартуға
құқығы жоқ . Өйткені қанағаттанбаған жәбірленуші бұл шығарылған шешімді
сотта шағымдай алады.
Үшіншіден, қылмыстық істің уақытында қысқартылуы нағыз қылмысты
жасаған тұлғаны анықтауға жәбірленушінің құқықтарын қорғауға негіз болады.
Алдын ала тергеу кезінде қылмыстық істің қысқартылуы соттың ауыртпалығын
төмендетеді.
_____________________________

1 В.Я. Синев Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на
предварительном следствии. Алматы 2003г С.19
2 Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть).
Комментарий. Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами, Алматы:
Жеті жарғы, 2002г. С. 99.

2. Қылмыстық істі қысқартудың негізгі шарттары.
2.1. Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.

Қылмыстық істі қысқартудың негіздерінің түсінігі және жүйеленуі.
Қылмыстық істі қысқартудың негізгі жағдайы мен себебі болып, істі
қысқартудың негізі табылады. Әрбір негіздің өзіндік сипаттамасы бар. Олар
бір бірін алмастыра да толықтыра да алмайды. Заңи әдебиеттерде қылмыстық
істі қысқартудың негіздерін жүйелеу енгізілмеген .
Атақты профессор В. Случевский өндірістік істі жалғастырудың негіздерін
фактілік және заңдық деп бөледі1. Осы көзқарасты ұстаушы ғалым
И.Я.Фойницкий қылмыстық істі қысқартудың фактілік жағдайларына айыптауға
жеткілікті негіздердің болмауын, істің мәнісі бойынша айыпталушыға ұсынған
айғақтардың жеткіліксіздігі, ал заңдық жағдайларына – қылмысмтық әрекетті,
жазаны жоятын жағдайларды себептерді жатқызады2.
Совет ғалымы С.А. Голунский заңдық негіздерге қылмыстық әрекеттердің
жазалануы мен қылмыстық сипатты жоятынтындарды, ал фактілікке – сотқа
беруге мәліметтің аздығы сияқты себептер жатқызылады3.
Кейінірек мұндай көзқарастар советтің процесуалдық әдебиеттерінде сынға
ұшыраған Н.В.Жогин және Ф.Н. Фаткуллин заңмен көзделген барлық себептер
заңдық негіздерге жатады деп көрсеткен4. Сонымен қатар, әрқайсысы жеке –
жеке анықталған фактілерді білдіреді, нақты фактілі деректермен
негізделеді, осы тұрғыдан алғанда фактілік сипатқа ие.
С.А.Шейфер келесідей жүйелеуді ұсынады:
1.Қылмыстылықты жоятын немесе қоғамға қауіптілікті жоятын
негіздер.
2. Жазаны жоятын негіздер
3.Бір айыптау бойынша екінші рет айыптауды жоятын негіздер5
М.С.Строгонович қылмыстық істі қысқартудың негіздерін үш топқа
бөлген. Бірінші топқа:ол заңға сәйкес қылмыстық іс бойынша өндірісті
тоқтатын, жоятын негіздерді, ал екінші топқа: тергеушіге қылмыстық істі
қысқарту құқықтарын беретін, бірақ міндеттемейтін негіздер, ал үшіншіге
қылмыстық іс бойынша жеткілікті дәлелдемелер жиналмауына байланысты сотқа
жіберуге жатпайтын нақты жағдайлар бойынша негіздерді жатқызады6.
______________________________

1 Под ред В.М. Случевского Уголовный процесс: учебник М.;1937г С.47
2 И.Я. Фойницкий Курс уголовного судопроизводства М.,1970 Том 2, С.51-52.
3 С.А. Голунский О прекращении уголовных дел. 1937г. С.188
4 Н.В. Жогин; Ф.Н. Фаткуллин Указ. соч С.203-207.
5 С.А. Шейфер Некоторые вопросы прекращения уголовных дел в стадии
дознания и предварительного следствия 1962г. С.48.
6 М.С. Строгонович Курс советского уголовного процесса М., Наука; 1970г,
Том 2 С.168.

А.Я. Дубинский қылмыстық істі қысқартудың үш тобын бөліп
көрсетеді:
1.Қылмыстық іс-әрекет болмағанын дәлелдейтін негіздер .
2.Қылмыстық жауаптылықтан босататын негіздер бойынша қылмыстық
істі қысқарту негіздері.
3.Фактілерді қайта тергеуді болдырмайтын негіздер1.
Әдебиеттерде ең көп тараған топтастыруды П.М. Давыдов пен Д.Я.
Мирский ұсынды2. Материалдық құқықтық және процесуалдық негіздер .
Материалдық құқықтық негіздерге қарағанда процесуалдық негіздер іс
жүргізушілік заңда арнайы бекітілген негіздерді жатқызады. Оларға қылмыстық
өндірісті жүргізуді жоятын негіздер жатқызылады.
Соңғы көзқарасты ұсынатын авторлар материалдық – процесуалдық
негіздерге төмендегілерді жатқызады:
- қылмыс оқиғасының болмауы
- қылмыс құрамының болмауы
- ескіру мерзімінің өтуі
- рақымшылық актісінің негізінде, егер жасалған әрекет үшін
жазаны жоятын болса
-қоғамға қауіпті әрекет жасаған кезде қылмыстық жауптылық жасына
толмауы
-қылмыс жасаған немесе кінәлі тұлғаның өлімі
- қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін жағдайлардың болуы;
Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық негіздеріне мына төмендегілер
жатқызылады:
- сол айыптау ісі бойынша заңды күшіне енген шешімнің болуы, сол
негіз бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы соттың ұйғарымы немесе
қаулысының болуы;
- анықтама, тергеу прокурордың сол іс бойынша айыптау қаулысының
болуы;
- жәбірленушінің шағымының болмауы, егер қылмыстық іс оның шағымы
бойынша қозғалуы қажет болса;
- жәбірленуші мен айыпталушының бітімгершілікке келуі, егер істің
қозғалуы жәбірленушінің шағымы бойынша жүзеге асырылған болса;
Тәжірибелік маңызы жағынан, процесуалдық тәртіпке сәйкес қылмыстық
істі қысқартудың маңыздылығы басқа жүйелеудің негізіне ие. Осыған сәйкес
қылмыстық істің негіздерін былай жүйелейді :
1.Ақтайтын негіздер
2.Ақтамайтын негіздер

_______________________________

1 А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела в стадии предварительного
следствия Автореферат, Киев 1971г С.14.
2 П.М.Давыдов, Д.Я. Мирский Указ соч М.;1963г С.11.
В.В. Вандышев, Н.А. Власова, П.М. Давыдов, В.А. Ковалев, И.Л.
Петрухин, В.И. Радченко, А.В. Смирнов сияқты ғалымдардың пікірінше
қылмыстық іс бойынша өндірісті екі топқа бөлуге болады. Олар:ақтайтын және
ақтамайтын.
В.В. Вандышев пен А.В. Смирнов сияқты ғалымдар төмендегідей
анықтама береді: Реабилитация (ақтау) – бұл қылмыс оқиғасының болмауы,
қылмыс құрамының болмауы, қылмыстық әрекетті жасауда айыпкердің кінәсінің
дәлелденбеуі деп көрсетеді. Ал қалғандары ақтамайтын негіздер1.
Дәл осындай көзқарасты Н.А. Власова ұсынады: ақтайтын және
ақтамайтын. Ақтайтын негіздер деп – тұлғаның кінәлі еместігін куәландыратын
немесе дәлелдейтін жағдайлардыкөрсетеді. Оларға: қылмыс оқиғасы, қылмыс
құрамының жоқ болуы және тұлғаның жоқ болуы және тұлғаның қылмыс жасаудағы
кінәсіздігі2.
Ю.М. Грошева мен П.А. Лупинская ақтайтын және ақтамайтын
негіздерді нақты көрсетеді, бірақ толық сараламайды. Ақтайтын негіздер
жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша қалады, ал ақтамайтын негіздерге
жағдайдың өзгеруін қосады, бірақ бұл негіз біздің заңнамада көрсетілмеген,
амнистия мен ескіру мерзімінің өтуін көрсетеді. Көріп отырғанымыздай бұл
жіктеу толық емес3.
Ақтайтын (лат.Rehabilitation, re –қайта, қайтадан + habilitas
habilitatis - жаралуы, қабілет, икемділік, ағылшын тілінен
rehabilitation) – 1) азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру; 2)қайтадан
жақсы атағын қалпына келтіру.
Осыдан келіп, ақтамайтын негізге сәйкес қылмыстық істің
қысқартылуында қалпына келтіру туралы сөз болмайды.
Қылмыстық істі қысқартудың осындай негіздері тәжірибеде кең
қолданылады. Бұл мынамен негізделеді қылмыстық істі ақтамайтын негіздер
бойынша қысқарту қылмысты тергеу мен істі айыптау қорытындысымен сотқа
жіберумен тең болады. Бұл жүйелеу айлық, тоқсандық, жарты жылдық және
жылдық есеп беру кезінде тиімді, сонымен қатар тергеушілермен анықтама
жүргізетін органдардың жеке ауыртпалықтарын есептеуде де тиімді.

________________________________

1 В.В.Вандышев, А.В.Смирнов Основы уголовного судопроизводства, Санкт-
Петербург 1996г.С.56.
2 Н.А. Власова Досудебное производство в уголовном процессе, М.; 2000г.
С126-127.
3 Ю.М. Грошевой Сущность судебных решений в советском уголовном процессе,
Харьков 1979г .С.84.

2.2.Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту.
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-
бөлігінің 1-тармағы (қылмыс оқиғасының болмауы), 2-тармағында (қылмыс
құрамының болмауы) анықталған. Негіздерді ажырату кезінде тәжірибелік
қызметте алдын ала тергеу органдарының жұмысында қиындықтар туады.
Қылмыстық іс жүргізушілік әдебиеттерде де осы сұраққа қатысты пікірталас
бар. Ақтайтын негіз бойынша негіздерді ажыратуда көптеген қарсылықтар
ресей ғалымдарының арасында жиі кездеседі1.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы
1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыс оқиғасының болмауына байланысты
қылмыстық істі қысқарту.
Қылмыс оқиғасы – бұл жасалған қоғамға қауіпті әрекет, құқық
бұзушылық деп бағалауға болады. Бұл белгілі бір адамның әрекетімен жасалады
және ол міндетті түрде қоғамға қауіпті болуы тиіс. Қылмыс оқиғасында
объективтік жақтың бейнесін көруге болады. Ал объективтік жақтың міндетті
белгісі болып – қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік табылады
Орын алған қылмыс оқиғасы туралы құқық қорғау органдарындарына
қылмыс оқиғасына куә болған тұлғалардың жауаптарынан немесе жағдайдың
өзгеруінен, заттардың ауысуынан белгілі болуы мүмкін. Кейде адамдардың
хабарламалары қате, жалған, ал жағдайдың өзгеруі - қылмыспен байланыссыз
күйде болуы мүмкін. Істің мән – жайын тергеу барысында тергеліп жатқан
істің мүлдем орын аплмағандығы туралы қорытынды шешімге келуге болады.
Сонымен, әрекетте оқиғаның болмауы немесе қылмыс құрамы
элементтерінің бірінің болмауы заңда нақтылы түрде істі қысқартудың жеке-
дара негізі ретінде көрсетілген және жиі тәжірибеде орын алады2.

Тәжірибедегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің
тәжірибесіне сәйкес өндіріс бойынша қылмыстық істі қысқартқан жағдайда екі
негізді жиі бірге атап көсетеді:
1. Қылмыс құрамының болмауы;
2. Қылмыс оқиғасының болмауы;
Көптеген авторлар оқиғаның болмау мәселесін тергеу барысында
анықталған мән-жайлар бойынша мүлдем орын алмаған оқиға туралы сөз
қозғайды3. Қылмыс оқиғасының болмауын қылмыс құрамының болмауымен
салыстыратын авторлар төмендегіше баяндайды: қылмыс
_______________________________

1П.М. Давыдов, Д.Я. Мирский Прекращение оуголовного дела в стадии дознания
и предварительного следствия М., 1974г С.45-49.
2Л. Корнеева Прекращение уголовного дела за отсутствием состава и события
преступления 1970г С.53-54.
3П.М. Давыдов, Д.Я. Мирский Прекращение уголовных дел М.,
Госюриздат 1963г, С.12
оқиғасы, яғни соның негізінде қозғалған қылмыстық іс фактілі түрде мүлдем
орын алмағандығы туралы айтылады1.
Кейбір авторлардың пікірінше, қылмыс оқиғасының болмауы жайлы сөз
қозғауға болады. Егер қылмыстық іс бойынша қозғалған оқиғаның орын алмауы.
Н.Я. Якубовичтің пікірінше: тергеудің пәні болып табылатын қылмыстық
әрекет, шын мәнінде орын алмаған жағдайда, қылмыстық оқиға болмады деп
есептеледі2.
Н.В. Жогин мен Ф.Н. Фаткуллиннің көзқарасы қарастырылып отырған
сұрақ бойынша дұрыс. Олардың ойынша, қылмыстық істі қысқартудың негізі
ретінде қылмыс оқиғасының болмауы, алдын ала тергеуде әртүрлі нұсқаларда
анықталады. Қылмыс белгілері болып, бірақ қылмыс құрамының элементтері
толық болмаса, онда әрекет болмады деп есептеледі. Бұл мәселенің тек
теориялық емес тәжірибелік маңызы да бар. Себебі: қылмыстық іс қылмыс
құрамының болмауына байланысты қысқартылса, онда іс бойынша барлық
жауаптылық жойылады. Қылмыс құрамы болмаған кезде қылмыстық іс нақты
тұлғаға қатысты қысқартылады: онымен жасалған әрекет қылмыс болып
табылмаса. Бұл жалпы ереже. Сонымен қатар, қылмыстық жағдайларды
белгілейді, яғни тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады, оның әрекеті
қылмыс белгілеріне сәйкес болса да:
1.Қажетті қорғаныс – Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 32-бабы;
2.Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру - Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 33-бабы;
3.Аса қажеттілік - Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 34-бабы;
4.Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу - Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің 36-бабы;
5.Орынды тәуекел ету – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 35-
бабы;
6.Бұйрықты немесе өкімді орындау - Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 37-бабы;
Осы аталған жағдайлар анықталса қылмыстық іс қозғалғаннан кейін,
онда өндіріс қысқартылуға жатады. Н.В. Жогин мен Ф.Н.Фаткуллиннің
пікірінше, адамның қылмыстық әрекетке қатысын дәлелдемеу салдарынан
қылмыстық іс қысқартылады, егер тергеушінің

_________________________________

1 Д.С. Карев, Н.М. Савгирова Возбуждение и расследование уголовных дел. М.
Высшая школа, 1967г. С.112 Осындай көзқарасты өзге де авторлар ұстанады:
П.М.Давыдов, В.Д.Сидоров, П.П. Якимов Судопроизводство по уголовно
процесуальному закону. Свердловск 1962г. С.9
2 Н.Я. Якубович Окончание предварительного следствия. М.; Юридическая
литература 1962г. С.10
барлық әрекеттеріне қарамастан айыптау бойынша қылмыстық жауаптылықтың
барлық құрамдарын анықтайтын фактілерді дәлелдеу сәтсіз болса, онда бұл
фактілер құқықтық әрекеттің белгілі тұлғаның осы қылмысқа қатысты
кінәлілігін анықтайтын негіздің болуын айтады1.
Г.Н. Стойко осыған сәйкес заңнамада дәлелденбеу негізіне қатысты
қылмыстық істі қысқартудың үш негізін бөліп көрсетуді ұсынады:
- қылмыс оқиғасының болуының дәлелденбеуі;
- айыпталушының қылмыстық іс-әрекет жасауға қатысуының
дәлелденбеуі;
- тұлғаның жасаған әрекетінде кінәсінің дәлелденбеуі2;
Бұл көзқараспен толық келісуге болады деп есептеймін. Шынында да, тергеу
тәжірибесінде жасалған әрекет белгілі – бір нақты тұлғамен тығыз байланысты
болуы мүмкін жағдайлар аз емес. Және осы тұлғаның қылмысқа қатыстылығының
дәлелденбеуі – автоматты түрде қылмыстық істің қысқартылуына алып келіп
соқтырады.
Ақтайтын негіздер бойынша қысқартылған барлық қылмыстық істер
алдын ала тергеудің кемшілігі салдарынан болады деп санауға болмайды. Яғни
қылмыстық іс қылмыс белгілері болған кезде қозғалуы қажет. Қылмыстық құқық
ғылымында қылмыстың төрт белгісін атап көрсетеді3. Олар: қоғамға
қауіптілік, қылмыстық құқыққа қайшылық, кінәлілік, және жазаланушылық.
Қылмыстың бірінші белгісі оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға
қауіптілік қылмыстың негізгі материалдық белгісі және қандайда бір әркетті
қылмыс деп танудың негізі болып табылады. Алайда қоғамға қауіптілік -
өзгермелі категория. Ол бірнеше жағдайларға: іс-әрекеттің өзіне (әрекет
немесе әрекетсіздік); қылмыстың жасалу жағдайы, орны уақыты, тәсіліне;
қылмыскердің жеке басының ерекшеліктеріне; қылмыстан келген зардаптың
мөлшеріне; қылмыстың мақсаты мен мотивіне және т.б. жағдайларға байланысты
анықталуы мүмкін .
Егер жасалған әрекетте қоғамға қауіптілік белгі болмаса, онда
оның қылмыстылығы мен жазаланушылығы жойылады. Сондықтан, жасалған
әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы
болмағандықтан қоғамға қауіпті емес іс-әрекет қылмыс болып табылмайды (ҚР
ҚК 9-бабының 2- бөлігі).
Қылмыстың екінші белгісі – қылмыстық құқыққа қайшылық, яғни
белгілі бір әрекетпен қылмыстық норманы бұзу. Қоғамға қауіпті әрекет, егер
ол қылмыстық заңда тікелей қарастырылған болса ғана қылмыс болып табылады.

______________________________

1 Н.В. Жогин, Ф.Н. Фаткуллин Предварительное следствие М.; Юрид. лит-ра,
1965 г С.306.
2 Г.Н. Стойко Недоказанность обстоятельства уголовного дела. Красноярск .;
1984г. С.21
3 Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық Жалпы бөлім Алматы 2003ж.; 32-бет

Қылмыстың келесі белгісі – кінәлілік. Адамның өзі жасаған
әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты психикалық қатынасы болса, оның
әрекеті кінәлі түрде жасалған деп танылады. Сонымен бірге, сыртқы формальды
белгілері қылмысты құрайтын тойтарылмайтын күш нәтижесінде немесе күштеп
мәжбүрлеу кезінде адамның жасаған әрекеті де қылмыс ретінде саналмайды.
Яғни, кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ деген сөз.
Жазаланушылық – қылмыстың соңғы белгісін құрайды, өйткені
қылмыстық заң жазалау қатерімен қорқытып тиым салған әрекетті немесе
әрекетсіздікті жасау қылмыс болып саналады1. Мұның өзі қылмыс құрамы туралы
сипаттама тек қылмыстық заңда ғана көрсетілгенін және осы іс-әрекет үшін
қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатынын білдіреді.
Мұндағы жазалау қатерімен тиым салу қылмыстың жазаланушылық белгісі болып
табылады.
Бұл көрсетілгендер қылмыстың негізгі төрт белгісі болатын. Осы
белгілерге сәйкес қылмыстық әрекетті жай әрекеттен ажыратамыз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы
1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыс құрамының болмауына байланысты
қылмыстық істі қысқарту. Егер қылмыс құрамы болмаса қылмыс та жоқ деген
түсінік шығады. Мұндай жағдайда өндіріс міндетті түрде қысқартылады2.
Қылмыс құрамының ұғымы латынның corpus delict қылмыстық
құқықтың ортағасырлық ғылымында пайда болған және ол тек процессуалдық
мағынада қолданылды3.
Сонымен қылмыс құрамы - бұл жасалған белгілі бір қоғамға қауіпті
іс-әрекетті нақты қылмыс ретінде сипаттайтын қылмыстық заңмен бекітілген
қылмыстың объективтік және субъективтік белгілерінің міндетті жиынтығы.
Қылмыс құрамы төрт элементтен тұрады:
1.Қылмыстың объектісі – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынастар: адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заңды
мүдделері, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік
пен қоршаған орта, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен
аумақтық тұтастығы мен қатар қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілікпен адамзаттың
қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

______________________________

1 А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Адматы: Жеті Жарғы :1999 ж.37-
бет.
2 Б.Қ. Төлеубекова Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы,
Алматы: Жеті Жарғы : 2000ж, 235-бет
3 Л. Карнеева Прекращение уголовного дела за отсутствием состава и события
преступления. М.;1970г С.53-54.
2.Қылмыстың объективтік жағы – қоғамға қауіпті әрекет немесе
әрекетсіздік. Яғни қоғамға қауіпті зардап, себепті байланыс, қылмыс жасау,
орны, уақыты, тәсілі, құралы және т.б.
3.Субъектісі жеке адам, есі дұрыс, жауаптылық жасына жеткен болуы
тиіс. Қылмыстық заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылық жалпы жас шамасы он
алты жас болып табылады, кейбір ерекше жағдайларда он төрт, он сегіз,жиырма
бес жастан да жауаптылық басталады. Біздің заңнамаға сәйкес міндетті түрде
жеке тұлға болуы тиіс, яғни заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығы
қарастырылмайды. Есі дұрыстық та субъектінің міндетті белгісіне жатады.
Егер адам өз әрекетіне жауап бере алмайтын болса біз оны қылмыстық
жауаптылыққа тартпай, керісінше тиісті емдеу мекемесіне соттың шешімімен
емделуге жіберіледі. Қылмыс адамның кез-келген іс-қимылы сияқты адамның
санасы мен еркі арқылы анықталады және бақыланады. Сондықтан есі дұрыстық –
қылмыс субъектісінің міндетті ажырамас заңдық белгісі болып саналады.
4.Субъективтік жақ – кінә (абайсыздық пен қасақаналық), ниет,
мақсат, эмоционалдық жағдай (аффект).
Осы құрам элементтерінің бірінің болмауы қылмыс құрамының
жоқтығын дәлелдейді. Ал қылмыс құрамы болмаса қылмыс та жоқ деген түсінік
қалыптасады. Сол себептен тиісті орган қылмыстық істі тез арада қысқартуға
міндетті. Егер кінәлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылықтан босататын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту негіздері
Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы
Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі
Қылмыстық процесте қылмыстық істерді алдын ала тергеу
Қылмыстық сот өндірісіндегі зиянның орнын толтыру
Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар
Алдын ала тергеудің аяқталуы туралы ақпарат
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Қылмыстық ізге түсу
Пәндер