Диплом алдындағы өндірістік практика бағдарламасының орындалуы туралы


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

« ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС » ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ

Диплом алдындағы өндірістік практика

бағдарламасының орындалуы туралы .

ЕСЕП

Практиканы өту орны: Алматы қаласы Алмалы ауданының салық басқармасы

Кәсіпорынның мекен-жайы: Алматы қаласы Абылайхана 93/95

Студент: Сулейменов Оянгер Аманжолович

Курс : 4 курс

ҚазҰУ бойынша практика жетекшісі:

Шаруашылық субьектісінен практика жетекшісі:

Алматы 2010ж

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша салық басқармасы

Кіріспе.

Мен Сулейменов Оянгер Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес факультетінің 4 курс студенті өзімнің дипломдық жұмысқа дейінгі өндірістік практикамды 18-ші қаңтардан 10-ші сәуірге дейін Алматы қаласы Алмалы ауданының салық басқармасында өткіздім.

Практика барысында мен ҚР-ның салық заңнамасымен, салық басқармасы бөлімінің құрылымымен, бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерімен; есепке тұрған салық төлеушілердің салық салу обьектілерімен тізімімен, заңды тұлғалармен тапсырылатын декларациялар, басқа да есептер мен қаржылық есеп беру материлдарымен, декларацияны қабылдау тәртібімен, заңды тұлғалардың есебімен, потенттерімен, заңды, хаттар, өтініштер және наразылықтарды қарау тәртібімен, СТТН, потент және лицензия беру тәртібімен; салық төлеушіні есепке алу тәртібімен, оларды тіркеу кітабымен, есепке беру түрлері мен бланкалық материалдармен; карточкалар ашу және тұлғалық шоттар, төлем тапсырмалары, квитанциялар және т. б. құжаттарды толтыру тәртібімен таныстым. Сонымен қатар мен салық қызмет органдарында қолданылатын бағдарламаларды (ИНИС, ЭФНО, ИСИД, НДС, ТЕЛНЕТ және ДЕЛЬФА 5. 0) толық меңгердім.

Практика барысында мен келесі бөлімдердің жұмысын меңгердім:

1. Салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімі

2. Ұйымдастыру және адамдық ресурстар бөлімі.

3. Салық тіркеу бөлімі

4. Жанама салық бөлім

5. Өндіріп алу бөлімі

Мен диплом алдындағы тәжірбиені Алмалы ауданы бойынша салық басқармасында өттім. Онда көптеген заттарды көріп біліп үйрендім. Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Салық - мемлекеттік бюджетке заңды және түлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекет пен екі арадағы мемлекет бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъетілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекет құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет қүрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса осы салық жүйесінің қайта қүрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар - мемлекеттің тұрақты қаржы көзі болып табылады.

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі.

Кодекс заңдары арқылы салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және еспетеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын сондай - ак мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынасты реттейді.

Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу жөніндегі Салық Кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелінбейді.

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т. б. салық механизміне жатады. Қандай да болмасын бір механизмнің тетіктері немесе элементтері болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен тұрады.

Салық салу механизмінің элементтері:

Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімімен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.

Салық салу субъектісі - заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар. Салық салу объектісі - табыс, мүлік еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларады пайдалану, қосылған құн, айналым және т. б.

Мүлік пен іс - әрекеттер салық салу объектілері және салық салынуға байланысты объектілері болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.

Салық базасы - салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, физикалық немесе өзгеде сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер соммасы айқындалады. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті соммамен белгіленеді.

Салық оклады - салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

Салық төлеу мерзім - салық төленетін уақыт. Осы салық Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініеді. Ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер соммасы есептеледі.

Басқа да міндетті төлемдер - бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер) ;

Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;

Салық көзі - салық салынатын табыс.

Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.

Тұлға - жеке және заңды тұға болып екіге бөлінеді. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматығы жоқ адам.

Заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шет елдік заңды тұлға) .

Салық төлеушінің электрондық құжаты - белгіленген электрондық
форматта берілген, ол қабылданып және бірдейлігі расталғаннан кейін салық
төлеушінің элекрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған

электрондық қүжат.

Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі.

Бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар деп танылған мүліктік қүқықтың өзге де объектілері.

Салық төлеу тәртібі - белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де, мынандай тәртіппен іске асырылады:

а) Бірінші кезеңде барлық мүлікке салынатын салық төленеді, содан кейін
акциздер және баж салығы ;

б) екінші кезеңде жергілікті салықтар мен алымдар;

в) үшінші кезеңде басқа салықтармен алымдар;

Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының қүқығы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.

Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады;

Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы «Салық және бюджетке төленетін басқада төленетін міндетті төлемдер туралы (Алматы, 24-сәуір, 1995 жылы) ; Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері; Қазақстан Республикасы салық комитетінің нормативтік актілері.

Салықтар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей салықтарға: жеке және заңды тұлғалардың табысына салынатын салық, мүлік салығы, жер салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық, жер қойнауынан пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі, көлік қүралдарына салынатын салық және т. б. Жанама салықтарға қосылған қүн салығы мен акциз, баж салығы жатады. Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Қазақстан Республикасының салық жүйесін мемлекет және заңды түлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы салықтармен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілері, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығын құрайды.

Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жақсартудың ең негізгі кұралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің үлғайып дамуына және саяси - әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралың заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бүл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Бүл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салық түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіліген түңғыш тарихи қүжат болып есептелінеді.

Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сәйкес салықтар мынандай түрлерге бөлінеді:

  • корпоративтік табыс салығы;
  • жеке табыс салығы;
  • қосылған құн салығы;
  • акциздер;
  • экспортқа рента салығы;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
  • әлеуметтік салық;
  • көлік құралы салығы;
  • жер салығы;
  • мүлік салығы;
  • ойын бизнесі салығы;
  • тіркелген салық;
  • бірыңғай жер салығы;
  • 2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
  • мемлекеттік баж;
  • алымдар;
  • тіркеу алымдары;
  • автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;
  • аукционнан алынатын алым;
  • жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
  • телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;

мыналар:

  • жер учаскесін пайдаланғаны үшін;
  • үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;
  • қоршаған ортаға эмиссия үшін;
  • жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;
  • орманды пайдаланғаны үшін;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;
  • радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;
  • қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;
  • кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;
  • сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.

Тағы айта кететін бір жайт салық алатын және салыққа иелік ететін органдардың ерекшеліктеріне қарай салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салық болып бөлінеді.

  • Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:
  • заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
  • қосылған құнға салынатын салық;
  • акциздер;
  • бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
  • жер қоинауын паидаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

Жергілікті салықтар мен алымдарға:

  • жер салығы;
  • заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
  • көлік құралдарына салынатын салық
  • кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңдытұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;
  • аукционда сатудан алынатын алым;
  • әлеуметтік салық;
  • қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;
  • су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер;
  • жеке табыс салығы;
  • басқа да жергілікті бюджетке түсетін салық емес төлемдер;

Менің мақсатым осы аталған салықтар бойынша, яғни Алматы қаласының бюджетіне түсетін салық түрлерін бюджетке түскенін есепке алу, осы алынған нақты мәліметтер бойынша алдын - ала жасалған болжамдармен салыстырып қорытынды шығару.

Аталған салықтарға қысқаша тоқталып кетсек.

Корпоративтік табыс салығы. Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу объектілері: салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы балып табылады. Салық ставкалары 10 және 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Жеке табыс салығы. Салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке тобыс салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу объектiлерi: жеке тұлғаның:төлем көзiнен салық салынатын табыстар, төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады. Салық ставкалары салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 проценттiк ставка бойынша салық салынады.

Төлем көзінен салық салынатын табыстарына: қызметкердің табысы, жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс, стипендиялар, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.

Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстарға жатады:мүлiктiк табыс, дара кәсiпкердiң табысы, жекеше нотариустар мен адвокаттардың табысы, басқа да табыстар.

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей табыс етеді.

Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналу үрдісінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының соммасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының соммасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құн салығының салық салу объектілері болып: салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады. Қосылған құн салығының ставкасы 12 процентті құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшерiне қолданылады. Кодекстің 242 - 245-баптарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.

Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті. Қосылған құн салығын төлеуші бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.

Әлеуметтік салық. Төлеушiлері: дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн. Әлеуметтiк салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар сәйкес 4, 5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi.

Көлік құралдарына салынатын салық. Салық төлеушiлер болып, меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi табылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары салық салу обьектісі болып табылады. Көлік құралдарына салық салу үшін оның двигательінің көлеміне, жүк көтергіштігіне және т. б. байланысты салынады.

Жер салығы. Жер құығына ие түлғаларға салынады. Салық салу объектісі жер учаскелері болып табылады. Жер учаскесі салық базасы болады, ал базалық ставкалары осы жерді пайдалану мақсаттарына қарай анықталады. Жер салығының өлшем бірлігі шарушылықты жүргізудің нәтижесі бойынша емес, ол жердің құнарлығына, орналасуына және сумен қамтамасыз етілуіне байланысты салық салады.

Мүлік салығы. Салық төлеушiлер: Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар, меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер, концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшiн негізгі құрал-жабдықтар немесе жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысы, үй-жайлар, сондай-ақ жермен берік байланыстағы өзге де құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады. . Салық ставкалары: заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 1, 5 процент ставкасы бойынша есептейдi. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0, 5 процент ставкасы бойынша есептейдi. Негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет ұйымдары, ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар және т. б. мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0, 1 процент ставкасы бойынша есептейдi.

Қандай да болмасын әрбір ұйымдар жұмыс жүргізу үшін өздерінің жалпы заңдарын шығарып, соның негізінде жұмыс ұйымдастырып, басқарып отырады. Сол сияқты Салық инспекциясының да өзіне тиісті жалпы ережелері, заңдары бар. Осы заңдарда, ережелерде аталмыш ұйымның қызметтері мен міндеттері туралы айтылады және де құрылымдық бөлімдерге қойылатын талаптар да айталады.

Әрбір салық комитетінің басқармасы үш негізгі бөлімдерден тұрады:

1. Талдау және болжау бөлімі.

2. Төлемдерді есепке алу.

3. Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі.

Бұл басқарманың негізгі міндеттері мен қызметтері:

Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің белгілеген есеп берулерді құру және ұсыну.

Болжамдық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасын көлемі және соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті жүргізген мемлекеттік бюджетіне және қалалық, аудандық Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу жөніндегі қолы.

Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін есепке алуды жүргізу және ұйымдастыру.

Мемлекеттік және аймақтақ деңгейде ірі салық төлеушілердің электрондық мониторингін жүргізу.

Ірі салық төлеушілер беретін мәліметтерді кешенді түрде талдау және салықтық есеп берулермен салыстыру, бұл талдаудың мақсаты ірі кәсіпорындарды анықтау және осыған байланысты қосымша салық салу қоймасын жасау.

Осы құзырлы басқарма аумағында салық және басқа да міндетті төлемдерді қарастыратын салық заңнамалары мен заң актілерінің орындалуына бақылау жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу практиканың бағдарламасы
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары
Тәжірибе жетекшілерінің міндеттері
Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары
Кәсіпорындағы практика жетекшісінің міндеті
Тауар бойынша есеп
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz