Дебиторлық берешек есебі жайлы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қаржы-экономикалық факультеті

«Есеп және аудит» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Дебиторлық берешек есебі»

Орындаған: Тексерген:

ДУА 205С тобының студенті Жетекші Ахунова Д. З.

Болатова А. С .

(қолы)

(бағасы) (күні)

Семей

2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Дебиторлық берешек түсінігі мен түрлері
  2. Күмәнді дебиторлық борыштарды есепке алудың әдістері
  3. Дебиторлық борыштар есебінің шетелдік тәжірибесі
  1. «ЭЛЕКТРОМИР» ЖШС ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ«Электромир» ЖШС дебиторлық берешектің құжаттық рәсімделуі«Электромир» ЖШС сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебіЕсеп беруге тиісті тұлғаларымен есеп айырысулардың есебіБасқа да дебиторлық борыштардың есебі
  2. ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ

3. 1 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың дебиторлық борышын басқаруды жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік экономиканың циклдық дамуының төмендеу үрдісі кезеңіне аяқ басты. Ол үшін біз экономикалық саясаттың түзетілуін қажет етеміз. Еліміздің экономикалық өсу қарқыны мен сапасы, экономикалық саясат бағыты, оны мемлекеттік қолдау керектігін көрсетеді. Қаржы дағдарыстары әсерінен болған экономиканы қалпына келтіруді, шығындардың азаюын қажет ететін қазіргі жағдайда мемлекет тарапынан оны басқара отырып түзету жүйесін құру болжанды. Республикалық бюджетті қалыптастыру, шығыстарын, жоспарлау нәтижелеріне бағдарланған бюджеттеуді енгізуде көздейтін мемлекеттік жаңаша жоспарлаудың жаңа жүйесін қалыптастырып, іске асырудың уақыты келді.

Қазіргі таңда шаруашылық жүргізуде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінің ең басты орынын алуда. Ол қандай кәсіпорын болмасын өзінің қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола алады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қаржылық - шаруашылық қызметті толықтай есепке алуға мүмкіндік береді. Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты пайдалануын, өндіріс қалдықтарын жоюға, бәсекеге төтеп беретін өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге және өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.

Бухгалтерлік есеп - ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістер мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және ұйымның болашақтағы атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасайды.

Бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, ақша қаражаттарын сандық өлшемге келтіріп және оны арнайы құжаттарда көрсету.

Бухгалтерлік есеп - біздің коғамның ағымдағы өмірінің көптеген жағына әсер ететін қызмет саласы. Есеп-қисаптың маңыздылығын ескере отырып, Халықаралық бухгалтерлер конгресі француз ғалымы Ж. Б. Дюмарше ұсынған «бухгалтерлер гербін» бекіткен болатын. Онда - күн, таразы, Бернулли қисығы бейнелөніп: «Ғылым, сөнім және тәуелсіздік» деген ұран жазылған. Бұл арада, Күн - шаруашылық қызмет қаржысы арқылы бухгалтерлік есепті ашып көрсетсе, таразы - тепе-теңдік, яғни балансты білдіреді, ал, Бернулли қисығы - есеп бір кездерде пайда болып, болашақта мәңгі жалғасын табады дегенді меңзейді.

Сонымен, бухгалтерлік есеп бүкіл халық шаруашылық есебінің ең басты негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасынын бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде және субьектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарымен, оларда бекітілген жалпы қағидалар мен ережелер негізінде құралады.

Яғни қазіргі экономика саласындағы мамандар онын ішінде бірінші кезекте бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы біліктілік таныту арқылы сол кәсіпорынның барлық активтері мен солардың негізін есепке ала отырып басқару шешімін қабылдауға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есепті жүргізуде ең алдымен бухгалтерлік есепті ұйымдастыруы қажет. Дұрыс ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп субьектінің тиімді қызметінің негізін қалайды. Сондықтан бұл есепте қазыналық мекеме ішінен қалыптастырылған бөлімнің қызметіне тоқталып, есепке алудағы жүйесіне тоқталып, қызметіне талдау жасалған. Менің осы курстық жұмыста қарастырылатын тақырыбым - дебиторлық борыштар есебі.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - дебиторлармен есеп айырысу есебін толық меңгеру және тақырыпты жан - жақты қарастырып, оның ашылуын қадағалау және берілген тақырыптың проблемаларын іздестіріп, оларды шешу жолдарын табу, дебиторлық борыштар есебінің аудитін жүргізуді ұйымдастыру.

1 ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Дебиторлық берешек түсінігі мен түрлері

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары - 1200 Дебиторлық борыштары / Алынуға тиіс шоттар/ деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін /алынатын/ уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.

Дебиторлық борыш - заңды немесе жеке тұлғамен өзара шаруашылық қатынастың қорытындысында олардан кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген төленбеген борыштың сомасы. Кәсіпорынның дебиторлық борышының болуы кәсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мақсатқа жұмсалғандығы ретінде, демек, кәсіпорын жұмысындағы елеулі кемшілік ретінде қаралады.

Жалпы актив ұғымымен мүлік, мүліктік немесе мүліктік емес игліктер және құндық бағаға ие тұлғаның құқықтары түсінділеріледі. Актив түріндегі болашақ экономикалық пайда - бұл тұлғаның ақшалай құрал-жабдықтарының айналымына салынған потенциалды тікелей немесе жанама салым.

Осыдан шығатыны, дебиторлық борыш - бұл заңдық құқықтарымен қоса, иелік ету құқығымен байланысты актив түріндегі болашақ экономикалық пайда.

Дебиторлық берешекті есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың қашан сатылғанын тануында.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

  • Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
  • Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
  • Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
  • Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
  • Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;
  • Басқадай дебиторлық борыштар.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексеь бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ « дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл - иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активке қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Ұйымның қаржы қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кірісті алынған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сомасы бойынша есептелінеді. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардан мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымының күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері сөзімен бірге сауда жеңілдігі сөзі қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.

Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:

1210 «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».

1290 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер».

1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы».

1280 «Басқадай дебиторлық борыштар».

1620 «Алдағы кезең шығындары».

1630 «Берілген аванстар».

Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борышы болып табылады.

1. 2 Күмәнді дебиторлық борыштарды есепке алудың әдістері

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қанщалықты арттырғанымен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетліге қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардң бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың тартылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді қарыздрға - уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі - тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарда үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі - резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Тікелей еспетен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетліген сәтінде емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі 1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылыдң соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.

Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс.

Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе) :

Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резевтер шоты

Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметкен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте :

Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.

«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» есебі №10 журнал-ордер жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген борыштары үшін 1 (жүз мың) теңге көлемінде резерв құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады:

Күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына;

Дт: 7210 Жалпы әкімшілік шығындар шоты 1 тг

Кт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 1000тг

Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық борыштары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айырма қалдығының сомасы ғана көрсетіледі.

Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:

  • Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызметі туралы беруде) ;
  • Дебиторылқ қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста)

Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық борыштар нәтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзідік құнын дұрыс есептеу болып табылады . Көпетеген кәсіпорындар мен ұйымдар да бұл әдістердің екеуі де кеңінен қолданылады.

Жоғарыда аталған несиеге сатудан алынатын таза табыстан еспетелегн пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Бұнда күмәнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге стаудан алынатын таза табыстан есептелінген арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.

Негізінен несиеге стаудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісі бойынша ардайым дебиторлық қарыздың таза өзіндік құнын есептеп отыру мүмкін емес. Бұл әдістің тұжырымдамалық негізі болып сәйкестілік принципі қызмет етеді. Өйткені күдікті қарыз сатылым негізінде туындаған. Әдіс қолданылуы барысында өте қарапайымдылығымен және тиімділігімен ерекшеленеді. Ескеретін жағдай, несиеге сталған тауарларға қолданылатын пайыз пайыз мөлшері әрдайым жаңартылып (жаңадан есептеліп) отыруы тиіс.

Күмәнді қарыздарда бағалу үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиге стаудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебиттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:

  • Негізгі дебиторлық борышқа жасалынған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
  • Алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме; Дебиторлық борыштар есебінің шетелдік тәжірибесі

Дебиторлық берешекті есепке алу белгіленген стандарт бойынша жүргізіледі. Дебиторлық қарыз халықаралық және қазақстандық бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес компаниянға сатып алушылардан (дебиторлардан) алынуға тиісті ақша сомасы деп анықталады.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелінетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.

Халықаралық стандарттар аймақтық және халықаралық (әлемдік) болып бөлінеді.

Аймақтық ұйымдарға:

  • Еуропалық экономикалық бірлестік (ЕБ) ;
  • Еуропалық бухгалтер - эксперттер федерациясы (ҒЕЕ) ;
  • Бухглтерлік есеп бойынша Африкалық кеңес (ААС) ;
  • Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы (ГАА) ;
  • Азия және Тынық мұхит елдерінің бухгалтерлер федерациясы (САRА) ;
  • АСЕАН Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің бухгалтерлер федерациясы (ҒА) ;
  • Оңтүстік - Азиат бухгалтерлер федерациясы (SAFA) ;
  • Солтүстік бухгалтерлер федерациясы (НҒА) және т. б. жатады.

. Халықаралық (әлемдік) ұйымдарға:

  • қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша Комитет (IASC) ;
  • Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы (IFAC) ;
  • Біріккен Ұлттар Ұйымы (ООН) ;
  • БҰҰ халықаралық бухгалтерлік стандарттар бойынша Үкіметаралық эксперттер жұмыс тобы (ISAR) ;
  • БҰҰ трансұлттық корпорациясы бойынша комиссия (UNCTC) ;
  • Экономикалық қарым - қатынас және дамыту ұйымдары (ОЕСД) және т, . б.

Қазіргі уақытта барынша тұлғалы (уәкілді) халықаралық бухгалтерлік ұйым болып 1973 жылы 29 маусымда Австралия, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Канада, Мексика, Нидерландия, АҚШ, Франция, Жапония кәсіби бухгалтерлік ұйымдарымен құрылған комитет табылады.

Батыстағы дебиторлық берешектің есебі Ресейдегімен сәйкес. Мұндағы дебиторлық берешектің кең тараған түрі - есепке алынуға тиісті шоттар.

Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке, субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек - талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді.

Батыстағы дебиторлық берешек есебі келесі шараларды қамтиды:

  • Тауарды сатуда несие беру, және оның мерзімі мен жеңілдіктер жүйесін ұйымдастыру;
  • Несие беру кепілдіктерін анықтау;
  • Сатып алушы сенімділігін анықтау, сатып алушы мен фирма арасында сенімділік қатынасын орнату;
  • Несие сомасын белгілеу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлармен есеп айырысу есебі
Дебиторлық берешек есебі
Алынуға тиісті шоттар және өзге де дебиторлық борыштардың есебі
«ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» акционерлік қоғамының техника - экономикалық сипаттамасы
Дебиторлық борыштар есебінің жүргізілуі және аудиті
Дебиторлық берешек түрлері
Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Дебиторлық борыштар есебінің шетелдік тəжірибесі
Дебиторлық қарыздар есебі
Дебиторлық берешек есебі мен аудитін, талдауын жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz