Дәннің құрылымы мен оның анатомиялық бөліктерінің микроқұрылымының технологиялық маңызы жайлы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Дәннің құрылымы мен оның анатомиялық бөліктерінің микроқұрылымының технологиялық маңызы

Орындаған: Байкероева А

Тексерген: Мұхаметжанова О. Т

Топ: АГ-213

Семей қаласы 2015-2016 жыл

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Дәннің көлемі мен сыртқы пішіні

2. 2 Астықтың көлемдік массасы және аэродинамикалық қасиеті

2. 3 Дәннің шынылығы мен тығыздығы

2. 4 Астықтың механикалық қасиеттері

2. 5 Астықтың ылғалдылығы және қышқылдылығы, ақуыз

2. 6 Жылулық-физикалық және масса айырбастау касиеті.

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Астықтың сапасы кешенді көрсеткіш. Астықтың сапасы оның пайдаланатын орнына байланысты. Мемлекеттік стандартта «сапа» деген сөзді өнімнің өзінің пайдалаатын орныныа жарамдылығын көрсететін барлық қасиеттерінің жиынтығы деп жазған. Сондықтан астықтың сапасы деп оның биологиялық, физикалық, химиялық, технологиялық және әртүрлі тағамдар алуға жарамдылық көрсеткіштерінің жиынтығын айтуға болады.

Сапа көрсеткіші - астықтың бір немесе бірнеше сапалық көрсеткіштерінің мөлшері. Әр көрсеткіш өзінің өзінің өлшем бірлігімен өлшенеді. Астықтың сапасы бірнеше сапалық көрстекіштердің жиынтығымен ғана өлшене алады. Ол жиынтық жеке көрсеткіштерден тұрады.

Дәннің көлемі мен сыртқы пішіні

Астықтың және басқа да дақылдар дәнінің әртүрлі болады. Әр дақыл бірінен- бірі өздерінің тұқымдарының сыртқы пішінімен айырылысады. Бір дақылдың ішіндегі әр кіші түрдің, сорттардың да пішіндері көбінесе, әртүрлі болуы мүмкін. Бұл әр дәннің ерте немесе кеш байланына, т. б түрлі табиғи жағдайларға байланысты болады. Үлкен партиялы астықтың қөлемі әр дәннің көлемі мен оның арасындағы қуыстардың көлемінен тұрады. Сондықтан бұл екі көлемдіктердің өзара байланыстары да әртүрлі. Бұлар дән пішіндерінің әртүрлілігіне байланысты.

Белгілі шектерді еске ала отырып, дән пішінін мына төмендегі негізгі геомертиялық пішіндерге жатқызған жөн: шар пішінді, жасымық тәрізді, эллипсоидша оралған, тіпті, ешқандай формаға да ұқсамайтын болып келуі де мүмкін.

Шар пішінді дөп-дөңгелек барлық үш бірдей өлшемдері бірдей болады. Оған бұршақ, тары, қонақ жүгерінің кейбір сорттары жатады.

Жасымық тәріздес немесе екі жағы да дөңес линзаға ұқсас формаға жасымық және басқа да бірқатар өсімдіктердің дәндері жатады. Олардың ұзындығы жалпақтығынан әлдеқайда үлкен.

Жеке дәннің көлемі

Жеке дәннің көлемі - астық қоспаларының ішіндегі қуыстардың көлемін, 1л астықтың салмағын, тазалауға және өңдеуге арналған астықтың көлемін және одан шығатын өнімнің көлемін есептеп табуға керекті көрсеткіш. Ірі дәннің көп және сапалы өнім беретіні ежелден белгілі, ал 1000 дәннің массасы осындай ұсақ дәнмен салыстырғанда көбірек болады.

Дәннің ірілігі толықтығына, ал бұлардың өзі жердің құнарлығы мен ауа райының жағдайына байланысты өзгертіп тұрады. Осы күнгі астық қоймаларына түсіп жүрген дәннің көлемі төменде берілген:

Бидай 11-56

Қарабидай 10-30

Жүгері 140-260

Арпа 20-40

Тары 5-6

Қарақұмық 9-20

Бұршақ 114-120

Күнбағыс 22-60

Астықтың көлемдік массасы

Астықтың көлемдік массасы деп елдің өз ішінде пайдаланатын астықтың граммен есептелген бір литрінің массасын, ал шетелдерге шығарғанда немесе шетелдерден алып келгенде кг-мен есептелген 20 литр астықтың массасын айтады.

Стандарт бойынша бір литрлік астықтың массасы оның сапалық қасиеттерінің бірі болып табылады. Бұл бір жеке алынған дәннің емес, астықтың шын тығыздығының көрсеткіші. Бір ыдысқа салынған астықтың ішінде бос жерлері де көп болады. Сондықтан бұл көрсеткіш астық қоспаларының белгілі бір көлемге сыйымдылық мөлшері болып, сол арқылы олардың бұл көлемде қалай тығыздалып жататынын біліп, салыстырмалы түрде бағаланатын ірілігі, толықтығы сияқты сапа белгілеріне баға беруге бағытталған көрсеткіш.

Көлемдік өлшемнің массасына дәннің үстіңгі қабаттарының жылтырлық тегістігі немесе кедір- бұдырлығы да әсер етеді. Егер беті тегіс болса, онда мұндай астық пуркада тығыз орналасып, қөлемдік өлшемнің массасы өседі. Егер дән домалақ болса, онда да олар тығыз орналасады. Сонда да ең басты көрсеткіші болып астықтың жақсы толық піскендігі, оның эндоспермі тканьдарының тығыз орналасқандығы сияқты басты қасиеттері саналады. Неғұрлым крахмал мен ақуыз көп болса, соғұрлым астықтың көлемдік массамсы үлкен болады.

Дақылдардың көлемдік өлшем мөлшері

Дақыл аты: Дақыл аты
Көлемдік өлшем мөлшері, г\л: Көлемдік өлшем мөлшері, г\л
Дақыл аты: Жоғары
Көлемдік өлшем мөлшері, г\л: орташа
төмен
Дақыл аты: Бидай
Көлемдік өлшем мөлшері, г\л: 785-тен жоғары
746±785
745-тен төмен
Дақыл аты: Қара бидай
Көлемдік өлшем мөлшері, г\л: 715
675±715
675»
Дақыл аты: Арпа
Көлемдік өлшем мөлшері, г\л: 605
546±605
545»
Дақыл аты: Сұлы
Көлемдік өлшем мөлшері, г\л: 510
461±510
460»
Дақыл аты: Күнбағыс
Көлемдік өлшем мөлшері, г\л: 460
431±460
430»

Астықтың аэродинмикалық қасиеті

Астықтың ішіндегі жеңіл қосындыларын олардың аэродинамикалық қасиеттерін пайдаланып тазалайды.

Аэродинамикалық қасиет деп ауа қозғалыстарындағы қимылдардың сипаттамасын айтады. Егер астық жоғарыдан төмен қарай құлап келе жатыр десек, онда оған ауа тосқауыл болып, құлауын баяулатады. Бұл көрсетілген тосқауылдың қарқыны сол түсіп келе жатқан заттардың салмағына, қөлеміне, формасына, үстінің жылтырлығына, т. б. көптеген жағдайларға байланысты болды.

Астықтың аэродинамикалық қасиеттері

Дақылдар: Дақылдар
Қарсылауы коэффициенті: Қарсылауы коэффициенті
Шарықтау жылдамдығы, м\с: Шарықтау жылдамдығы, м\с
Дақылдар: Бидай
Қарсылауы коэффициенті: 0, 084±0, 265
Шарықтау жылдамдығы, м\с: 8, 9±11, 5
Дақылдар: Арпа
Қарсылауы коэффициенті: 0, 191±0, 272
Шарықтау жылдамдығы, м\с: 8, 4±10, 8
Дақылдар: Жүгері
Қарсылауы коэффициенті: 0, 162±0, 236
Шарықтау жылдамдығы, м\с: 12, 5±14, 0
Дақылдар: Сұлы
Қарсылауы коэффициенті: 0, 169±0, 300
Шарықтау жылдамдығы, м\с: 8, 1±9, 1
Дақылдар: Тары
Қарсылауы коэффициенті: 0, 045±0, 073
Шарықтау жылдамдығы, м\с: 6, 7±8, 8
Дақылдар: Қарақұмық
Қарсылауы коэффициенті: -
Шарықтау жылдамдығы, м\с: 4, 4±8, 0
Дақылдар: Бұршақ
Қарсылауы коэффициенті: 0, 190±0, 229
Шарықтау жылдамдығы, м\с: 15, 5±17, 5

Дәннің шынылығы және тығыздығы

Бидайдың технологиялық қасиеттері ең алдымен бидай ұнының қиыршық болып келуі, оның шығымдылығының жоғары болуы бидай дәнінің шынылығына байланысты. Бидай дәнінің эндоспермі тканьдарының өзара байланысы әртүрлі болуына байланысты әр дән екі түрлі структуралы : шыны жалтыр және ұн тәрізді ақ құрылымдар болады. Кейде ол екеуінің арасында жартылай шыны түрі де кездеседі.

Шыны эндосперм деп, егер эндосперм арқылы жарсақ, онда оның сынығының беткі көкшіл мүйізі немесе біртұтас әйнек тәрізді болып, өзара тығыз орналасқан заттардан тұратын құрылымын айтады. Егер осы сынықтың беті борпылдақ бос және ақ бор немесе ұнға ұқсас болса, онда мұндай эндоспермді ұн тәріздес деп атайды.

Эндоспермнің шыны немесе ұнтәріздес болуы, оның құрамындағы крахмал түйіршіктерінің пішініне, орналасқан орнына, құрамына, санына және ақуыздық заттардың мөлшеріне, орналасу орнына байланысты болады. Мұның бәрі бидайдың ботаникалық түріне, кіші түріне, сортына байланысты өзгеріп отырады.

Бидайдың шыны немесе ұн тәрізділігін екі түрлі әдіспен анықтайды:

  • Дәнді ұстарамен эндоспермі арқылы көлденең кесіп, көз мөлшерімен анықтау.
  • Оны диафаноскоп арқылы оның электр сәулесін өткізгіш қабілеті арқылы санап анықтау. Шыны дәнінің эндоспермі біртұтас қатты, жай көзбен қарағанда көк мейіз болып көрінеді де, ал ұн тәріздес дән ақ түсті борпылдақ бос болады.

Дәннің тығыздығы

Дәннің шынылығы мен тығыздығының арасында бірқатар байланыс бар, бірақ олардың әрқайсысы өзінің ерекшеліктерімен ажыратылады. СИ-дің құрамына кіретін МКС жүйесінің анықтауынша тығыздық бірлігіне 1мᶟ заттың құрамына 1кг біркелкі зат ұсталатын бірлікті айтады және оны кг\ мᶟ өлшемімен белгілейді.

Астық дәнінің тығыздығын салыстырмалы тығыздық көрсеткіші арқылы бағалаған дұрыс. Салыстырмалы тығыздық деп оның тығыздығы мен 4°С температурадағы әдеттегі атмосфералық қысым кезіндегі стандартты заттың, яғни судың тығыздығымен арасындағы қатынасты айтады. Дәннің салыстырмалы тығыздығын:

а=

формуласымен анықтайды.

Мұнда, Р- дәннің тығыздығы:

- 4°C температурадағы әдеттегі атмосфералық қысымдағы судың тығыздығы.

Жоғарыда көрсетілген анықтамаға қарағанда химиялық заттардың тығыздығын тек қана біркелкі заттарда анықтау керек. Ал дәнді алсақ, ол біркелкі зат емес, ол химиялық әртүрлі, өзінің әртүрлі химиялық және физикалық қасиеттері бар заттардан тұрады. Сондықтан дәннің тығыздығын дәл өлшеу мүмкін емес. Оның тығыздығын өлшегенде алынған мөлшер оның құрамының ішіне кіретін химиялық заттардың тығыздығының орташа мағынасы деп есептеген жөн. Тығыздық көрсеткіші - дәннің сапасының салыстырмалы қөрсеткіштерінің бірі.

Астық тығыздығының көрсеткіштері

Астықтың пісу кезеңі: Астықтың пісу кезеңі
Күздік бидай Лютесценс 1060\10 сорты: Күздік бидай Лютесценс 1060\10 сорты
Жаздық бидай Лютесценс 62 сорты: Жаздық бидай Лютесценс 62 сорты
Қара бидай Лисицина сорты: Қара бидай Лисицина сорты
Астықтың пісу кезеңі: Сүт тәрізді пісу кезеңі
Күздік бидай Лютесценс 1060\10 сорты: 1, 182
Жаздық бидай Лютесценс 62 сорты: 1, 164
Қара бидай Лисицина сорты: 1, 083
Астықтың пісу кезеңі: Балауыз пісу кезеңі
Күздік бидай Лютесценс 1060\10 сорты: 1, 280
Жаздық бидай Лютесценс 62 сорты: 1, 260
Қара бидай Лисицина сорты: 1, 117
Астықтың пісу кезеңі: Толық пісу кезеңі
Күздік бидай Лютесценс 1060\10 сорты: 1, 321
Жаздық бидай Лютесценс 62 сорты: 1, 350
Қара бидай Лисицина сорты: 1, 217
Астықтың пісу кезеңі: Орақтан 10күннен соң
Күздік бидай Лютесценс 1060\10 сорты: 1, 343
Жаздық бидай Лютесценс 62 сорты: 1, 361
Қара бидай Лисицина сорты: 1, 229
Астықтың пісу кезеңі: «20»
Күздік бидай Лютесценс 1060\10 сорты: 1, 3401, 350
Жаздық бидай Лютесценс 62 сорты: 1, 230
Қара бидай Лисицина сорты: -
Астықтың пісу кезеңі: Орақтан 30күннен соң
Күздік бидай Лютесценс 1060\10 сорты: 1, 325
Жаздық бидай Лютесценс 62 сорты: 1, 352
Қара бидай Лисицина сорты: 1, 282
Астықтың пісу кезеңі: «40»
Күздік бидай Лютесценс 1060\10 сорты: 1, 329
Жаздық бидай Лютесценс 62 сорты: 1, 344
Қара бидай Лисицина сорты: 1, 242

Астық пісе келе, онда крахмалдың көбеюіне байланысты оның тығыздығы өсе береді. Көпшілік дәнді дақылдардың тығыздығы оны орып жинағаннан кейін, өзінің жиынтықтан кейінгі пісу кезінде де өсе түседі. Әбден толып кәмлетіне жеткен соң дәннің тығыздығы аздап кеми бастайды.

Астық дәнінің тығыздығы мынадай:

Бидай - 1, 33-1, 530

Қарабидай - 1, 260-1, 420

Жүгері - 1, 240-1, 250

Арпа - 1, 230-1, 280

Сұлы - 1, 130

Қарақұмық - 1, 220-1, 320

Бұршақ 1, 350-1, 440

Күнбағыс 0, 720-0, 750

Астықтың механикалық қасиеттері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәннің құрылымы мен оның анатомиялық бөліктерінің микроқұрылымының технологиялық маңызы жайлы мәлімет
Дәннің құрылымы мен оның анатомиялық бөліктерінің микроқұрылымының технологиялық маңызы туралы
Дәнді дақылдар. Ұн
Дәннің құрылымы мен оның анатомиялық бөліктерінің микроқұрылымының технологиялық маңызы
Дәннің құрылымдық - механикалық қасиеттері
Дәннің құрылымы және оның анатомиялық бөліктерінің микроқұрылымының технологиялық маңызы
Дәннің құрылымы мен оның анатомиялық бөліктерінің микроқұрылымының технологиялық маңызы туралы ақпарат
Жемістер мен көкөністер туралы
Дәннің құрлымымен оның анатомиялық бөліктерінің микроқұрлымының технологиялық маңызы
Дәнді дақыл түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz