Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және олардың түрлері



Мазмұны:

Кіріспе

І.тарау. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың құқықтық сипаттамасы.
1.1 Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
түсінігі 10
1.2 Қылмыстық жауаптылық пен жазадан
босату институтының мәні 13

П.тарау. Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және олардың түрлері.
2.1 Қылмыстық заң бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босату негіздері 16
І.І Қылмыстық жауаптылықтан босату
негіздерінің түрлері және олардың
жалпы сипаттамасы 19

Ш.тарау. Жаза. Жазадан босату түсінігі мен түрлері.

3.1 Жаза және оның мақсаты ... ... ... ... .. 27
3.2 Жазалар жүйесінің ұғымы және маңызы ... .. 34
3.4 Қылмыстық жазадан босату түрлері мен
олардың жалпы сипаттамасы 38
3.5 Кәмелеттік жасқа толмағандарды жазаны
өтеуден босату 47

ІV.тарау. Рақымшылық және кешірім беру.
4.1 Рақымшылық. 49
4.2 Кешірім беру. 52

Қорытынды 54

Пайдаланған әдебиеттер 56
Кіріспе

Қылмыстық жауаптылық әдетте жаза арқылы жүзеге асырылады. Бірақ та кейбір жағдайларда қылмыспен күрес жаза қолданбай-ақ жүргізіле беруі мүмкін. Қылмыспен күрес практикасында қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институттары мейлінше кең таралған. Аталған институттарды қолдану негіздері босату түріне байланысты әрқилы болғанымен, жасалған іс әрекеттің құқықтық сипаты өзгеріссіз калады. Яғни ол іс-әрекет қылмыстық сипатта болады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеуді біртіндеп жеңілдетумен азайту тенденциясын бейнелейді. Барлық жауаптылықтан босату түрлері әр жағдайда индивидуалды, тұлғаның жеке қасиеттерін терең талдау нәтижесінде және осы тұлғаның қылмыстық жаза шарасын қолданбай түзелуі мүмкін деп танылған жағдайда ғана қолданылуы тиіс. Өзінің мазмұны бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату тек жазаны өтеуден босатуды ғана емес, сонымен бірге жазалау шараларын белгілеуден де босатуды білдіреді. Қылмыстық жауаптылықтан босату— ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатудан басқа жағдайларда, тиісті органның құқығы болып табылады. Ал, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босату бұл органдар үшін міндетті болады.
Қылмыстық жазадан босату— бүл кінәлі адамды жазаның құрамдас бөліктері болып табылатын белгілі бір құқықтарын шектеумен құқықтарынан айырудан босату.
Аталған институтты қолдануға сот тағайындаған жазаны орындаудың тиімсіздігі немесе жазаны атқаруға мүмкіндік болмауы негіз болады. Кейде қылмыстық жазадан босатуды қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың бір формасы ретінде түсініп оны қылмыстық жауаптылықтан босатудың құрамдас бөлігі ретінде құрастырып қате тұжырым жасайды. Ал іс жүзінде, жазаны өтеуден босату — дербес қылмыстық-құқықтық институт болып табылады.
Бұлар өзара мазмұны, негіздері, заңдық салдарлары және қолданудың процессуалдық тәртібіне байланысты ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жазадан босату тек онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін ғана емес одан да кең шеңберде қолданылады. Ал қылмыстық жауаптылықтан босату тек үлкен қауіп тудырмайтын онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамдар үшін ғана қолданылады. Жазаны өтеуден тек сот қана босата алады, ал қылмыстық жауаптылықтан босатуды тергеуші, прокурор, анықтау органы жүзеге асыра алады.
Сондай-ақ, қылмысты адам жазаны өтеуден босатылғанымен қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Ал қылмыстық жауаптылық жаза қолданусыз жүзеге асырылуы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы. 2006 ж. 1 – наурыз.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" конститутциялық заң күші бар жарлығы. 1995 ж. 26 желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. Алматы, 2001ж.
5. Коментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан, КВШ МВД РК, 1999 год.
6. Учебное и практическое пасобие: "Наказание". Под.Ред.к.ю.н. А.А.Нурымбетова
7. Учебник: Уголовное право Республики Казахстан. (общая часть), Алматы, 1998г.
8. Курс лекций : Уголовное право (общая часть), под.ред.А.В.Наумова.
9. Учебник: Уголовное право (общая часть), под.ред. д.ю.н.профессора И.Я. Козаченко.
10. М. П.Карпушин,В. И. Курляндский"Уголовная ответственность и состав преступления", Юридическая литература, Москва, 1974 год.
10. Б.А.Куринов "Научные основы квалификации преступлений". Учебное пасобие для студентов, Издательство МГУ, Москва, 1984г.
11. Кригер Г.А. "Причинная связь в советском уголовном праве", Советская юстиция N1. 1979г.
12. Волошина А. "Нарушение нравственных норм как фактор насилственных преступлений". Вопросы борбы с преступностью. Вып. 40, Москва, 1984г.
13. Кригер Г.А. "Наказание и его применение". Юридическая литература, Москва, 1962г.
14. Здравомыслов Б.В., Красиков Ю.А., Рарог А.И.
"Уголовное право", Монускрипт, Москва, 1992г.
15. Бюллетень Следственного Департамента МВД РК, N4. г.Астана.
16. «Об уголовной ответственности юридических лиц» правовая реформа в Казахстане 2000. №1.
17. Шаймерденов К. Пожизненное лишение свободы. Новелла (Уголовное право). Юридическая газета. 1998., №31.
18. Алимжан К. Толкование и применение правовых норм в судебной системе РК. Правовая реворма в Казахстане. 2004. №2.
19. Дулатбеков Н.О. Қылмыстық жаза тағайындау (теория және практика мәселелері): Монография. Астана: Фолиант. 2002 ж.
20. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Лекциялар курсы. Астана. Фолиант. 2001 ж.
21. Анашкин Г. Назначение наказания за несколько преступлений и по двум и более приговорам. СЮ, 1982. №2.
22. Бажанов М.И. Назначение наказания по советскому уголовному праву. Киев, 1980.
23. Горелик А.С. Назначение наказаний по совокупности. – Красноярск, 1975, 1975.
24. Горелик А.С. Наказание по совокупности преступлений и приговоров (принципы, законодательство, судебная практика). – Красноярс, 1992.
25. Горелик А.С. Уголовно – правовые проблемы наказания по совокупности преступлений и приговоров.-Томск, 1991.
26. Губаева Т., Малков В. Назначение наказания по совокупности преступлений. //Росийская юстиция, 1998. №6.
27. Комментарий к УК РК под ред. Рогова И.И., Рахметова С.М. 1999.
28. Кругликов Л.Л. Уголовно - правовые средства обеспечения справедливости наказания. Учебное пособие. –Ярославль, 1986.
29. Куринов Б.А. Обеспечение законности и справедливости при назначении наказания. //Советское государство и право, 1971. №4.
30. ҚР Жоғарғы сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтау туралы» №1Қаулысы.
31. Малков В.П. Совокупность преступлений. Казань, 1974.
32. Малыхин В.И. Назначение наказания при совокупности преступлений. – Самара, 1991.
33. Молчанов Д.М. Совокупность преступлений. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата юридических наук. – М.,2000.
34. Морагулова И.Л. Назначение наказания за 1985 год. – М., Юридическая литература, 1986.
35. Научно – практический комментарий к УК РФ. Том.1. – Нижний Новгород. 1996.
36. Николаева З.А. Коллизии норм о множественности преступлений и назначении наказания по совокупности. Российский юридический журнал. – Екатеринбург, 1993, №2.
37. Осипов П.П. Теориетические основы построения и применения уголовно – правовых санкций. Л., 1976.
38. Попрас В. Назначение наказаний по совокупности преступлений и приговоров.//Бизнес – информ. – Харьков, 1997.№16.
39. Российская юстиция, 1996 г.-№12.
40. Солопанов Ю., Шмелев В.О. О назначении наказания при совокупности преступлений. //Социалистическая законность, 1990.№8.
41. Становский М.М. Назначение дополнительных наказаний при совершении нескольких преступлений.// Советская юстиция, 1993.№8. – С.23-24;
42. Уголовное право., Общая часть. Учебник под ред. Козаченко И.Я. и Незнамовой З.А.-М., 1998.
43. Ушаков А.В. К вопросу об эффективности норм, регламентирующих назначение наказания за совершение нескольких преступлений. //М.И.Калинин о социалистической законности и современность. – Калинин, 1985.
44. Черданцев А.Ф. Системообразующие связи права. Советское государство и право, 1974, №8.
45. Юшков Ю.Н: Назначение наказания по совокупности преступлений и приговоров. М., 1975.

Мазмұны:
Кіріспе

І-тарау. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың құқықтық сипаттамасы.

1. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
түсінігі 10
Қылмыстық жауаптылық пен жазадан
босату институтының мәні 13

П-тарау. Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және олардың түрлері.

2.1 Қылмыстық заң бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босату негіздері 16
І.І Қылмыстық жауаптылықтан босату
негіздерінің түрлері және олардың
жалпы сипаттамасы 19

Ш-тарау. Жаза. Жазадан босату түсінігі мен түрлері.

3.1 Жаза және оның мақсаты__________________ 27
3.2 Жазалар жүйесінің ұғымы және маңызы______ 34
3.4 Қылмыстық жазадан босату түрлері мен
олардың жалпы сипаттамасы 38
3.5 Кәмелеттік жасқа толмағандарды жазаны
өтеуден босату 47

ІV-тарау. Рақымшылық және кешірім беру.

Рақымшылық. 49
2. Кешірім беру. 52

Қорытынды 54

Пайдаланған әдебиеттер 56
Кіріспе

Қылмыстық жауаптылық әдетте жаза арқылы жүзеге асырылады. Бірақ та
кейбір жағдайларда қылмыспен күрес жаза қолданбай-ақ жүргізіле беруі
мүмкін. Қылмыспен күрес практикасында қылмыстық жауаптылық пен жазадан
босату институттары мейлінше кең таралған. Аталған институттарды қолдану
негіздері босату түріне байланысты әрқилы болғанымен, жасалған іс әрекеттің
құқықтық сипаты өзгеріссіз калады. Яғни ол іс-әрекет қылмыстық сипатта
болады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеуді біртіндеп
жеңілдетумен азайту тенденциясын бейнелейді. Барлық жауаптылықтан босату
түрлері әр жағдайда индивидуалды, тұлғаның жеке қасиеттерін терең талдау
нәтижесінде және осы тұлғаның қылмыстық жаза шарасын қолданбай түзелуі
мүмкін деп танылған жағдайда ғана қолданылуы тиіс. Өзінің мазмұны бойынша
қылмыстық жауаптылықтан босату тек жазаны өтеуден босатуды ғана емес,
сонымен бірге жазалау шараларын белгілеуден де босатуды білдіреді.
Қылмыстық жауаптылықтан босату— ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан
босатудан басқа жағдайларда, тиісті органның құқығы болып табылады. Ал,
ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босату бұл органдар үшін
міндетті болады.
Қылмыстық жазадан босату— бүл кінәлі адамды жазаның құрамдас бөліктері
болып табылатын белгілі бір құқықтарын шектеумен құқықтарынан айырудан
босату.
Аталған институтты қолдануға сот тағайындаған жазаны орындаудың
тиімсіздігі немесе жазаны атқаруға мүмкіндік болмауы негіз болады. Кейде
қылмыстық жазадан босатуды қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың бір
формасы ретінде түсініп оны қылмыстық жауаптылықтан босатудың құрамдас
бөлігі ретінде құрастырып қате тұжырым жасайды. Ал іс жүзінде, жазаны
өтеуден босату — дербес қылмыстық-құқықтық институт болып табылады.
Бұлар өзара мазмұны, негіздері, заңдық салдарлары және қолданудың
процессуалдық тәртібіне байланысты ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жазадан
босату тек онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін ғана емес
одан да кең шеңберде қолданылады. Ал қылмыстық жауаптылықтан босату тек
үлкен қауіп тудырмайтын онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыс
жасаған адамдар үшін ғана қолданылады. Жазаны өтеуден тек сот қана босата
алады, ал қылмыстық жауаптылықтан босатуды тергеуші, прокурор, анықтау
органы жүзеге асыра алады.
Сондай-ақ, қылмысты адам жазаны өтеуден босатылғанымен қылмыстық
жауаптылықтан босатылмайды. Ал қылмыстық жауаптылық жаза қолданусыз жүзеге
асырылуы мүмкін.
I Тарау. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың
құқықтық сипаттамасы.
1.1 Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату түсінігі
Жалпы қабылданған тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылық қылмыс жасағаны
үшін кінәлі тұлғаға сот тағайындаған жазаны қолдану арқылы жүзеге
асырылады. Бірақ та қылмыспен күресудің көздеген мақсатына кей реттерде
қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартпай немесе оларды
жауаптылыққа тартып, бірақ жазаны өтеуден босату арқылы, жазаны өтеуден
босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдеу жазаға ауыстыру жолымен
жетуге болады.
Қылмыстық жаза тағайындаудың мақсаты қылмыс жасаған адамнан кек алу
немесе оның сазайын тарттыру емес. Оның негізгі қолданылу мәні құқық
бұзушыны тәрбиелеу, түзеу, оның қайта қылмыс жасауының алдын-алу болып
табылады. Егер аталған мақсаттарға жету үшін қатал қылмыстық-құқықтық ықпал
ету шаралары қажет болмаса заңда көрсетілген тәртіппен сотталғанның жазасын
жазаны өтеуден толық босатуға дейін жеңілдетуге жол беріледі. Жазаны
өтеуден босату деп мемлекеттің кінәлі адамға заңда көзделген қылмыстық
жазалау шараларын қолданудан бас тартуы деп түсінуіміз керек. Мұндай
жазадан босатудың негіздері әртүрлі. Атап айтқанда, жазаны өтеуден босатуға
сотталған тұлға түзелген және қайта тәрбиеленді сондықтан жаза мақсатына
оны өтеусіз-ақ жетуі мүмкін деп танылса, немесе жазаны қолданудың
орынсыздығын көрсететін басқа да жағдайлар (мысалы, ауыр науқастық
мүгедектік) болған кездерде жол берілуі мүмкін.
Қылмыс жасағаны үшін сотталған адамға тағайындалған жазаның мөлшерін
жеңілдету немесе оны өтеуден босатуды рақымшылық актісі немесе кешірім беру
тәртібімен жүзеге асырылған кездерден басқа жағдайларда, заңда көзделген
тәртіп пен шарттар бойынша сот қана қолдана алады.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық сипаттамасы қылмыстық
жауаптылықтың өзімен тығыз байланысты.
Сондықтан, бір жағынан қылмыстық жауаптылық ұғымы, мәні және мазмұны
туралы теориялық мәселелерді шешу қылмыстық жауаптылықтан босатудың
құқықтық сипаты жөніндегі мәселелерді шешу үшін негіз болады. Екінші
жағынан, қылмыстық жауаптылықтан босату мәселелерін заң актілері арқылы
шешу— бізге заң шығарушының қылмыстық жауаптылық мазмұны, оны жүзеге асыру
кезендері туралы пікірін білуге мүмкіндік беретін материал.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық сипатын анықтау процессін
қылмыстық жауаптылық пен оның мәні туралы мәселеде нақты бір пікірдің
жоқтығы қиындата түседі. Бұл мәселені шешуде екі негізгі тенденция бар.
Бірінші бағытты ұстанғандар бұл проблеманы қылмыстық жауаптылық пен жазаны
біртұтастандыру арқылы және қылмыстық жауаптылықтан босатуды қылмыстық
жазадан босатумен біріктіру арқылы шешуге тырысады. Екінші көзқарастың
негізін қылмыстық жауаптылық ұғымымен қоса қылмыс жасаған адамға қатысты
заңда белгіленген басқада тиімсіз салдарлар жатқызылады. Ал қылмыстық
жауаптылықтан босату өтеуден босатумен шектеліп қалмай, басқа да тиімсіз
салдарлардан, мысалы сотталудан да босатылуды қамтиды.
Бұл екі бағыттың да (ұстанушылар) қолданушылары өте көп. Карпушин,
Курляндский сияқты ғалымдардың ойынша "қылмыстық жауаптылық — бұл кінәлі
адамның жасаған қылмысының занда көрсетілген барлық тиімсіз салдарларын
өткеру міндеті".
Екінші көзкарасты ұстанушылар (Алексеев, Карнеева, Галперин) "қылмыстық
жауаптылық — жазаны өтеу" деген анықтаманы дұрыс санайды.
Ал біз алғашқы көзқарасты қолдаймыз. Яғни біздің ойымызша қылмыстық
жауаптылық тек жазаны өтеумен ғана шектеліп калмауы тиіс.
Ұстанған бағытымды түсіндіріп өтейін.
Біріншіден, егер басқа көзқарасты қабыл етсек, онда қылмыстық заңда
қылмыстық жауаптылықтан босату мен қылмыстық жазадан босату ұғымдары
арасында ерекшелік барын және бұл ерекшелік ешқандай негізделмегенін
мойындауымызға тура келеді.
Екіншіден, бұл көзқарас бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату қай
кезеңде жүзеге асырылғандығына мән берілмейді. Бірақ та қылмыстық және
қылмыстық іс жүргізу зандары тұрғысынан қарағанда жауаптылықтан босатудың
қылмыстық жауаптылықтан адамды айыпкер деп танығанға дейін босату мен
айыпкер деп танылған соң босатуда, сотқа дейін немесе сотта айыптау үкімі
шығарылғанға дейін босатумен сотталғанды айыптау үкімін шығарып жазаны
өтеуден босатуда және жазаны одан әрі өтеуден босатуда құқықтық мәні мен
құқықтық салдарлары бірдей емес екендігіне көз жеткіземіз. Бұл жағдайларда
тұлғаларға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының көлемі әртүрлі.
Үшіншіден, жазаны өтеуден босату тек кінәліге қатысты жаза қолданылып,
орындалып, оны кінәлі адам өтеп жатса ғана мүмкін болады. Яғни, мұндай
жағдайда мысылы бас бостандығынан айыруға сотталған адам бас бостандығынан
іс жүзінде айырылған фактілер туралы ғана айта аламыз.
Яғни, қылмыстық жауаптылықтан босату менің пікірімше, бұл жазаны іс
жүзінде атқарудан босату емес, жазаны өтеу міндетінен босату. Әрине, бұл
жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған кінәлі адам қорқыныштан басқа
ешқандай тиімсіз салдарлар көрмейді және қылмысы үшін жауаптылық көру
міндетінің мәнін жояды деп қарсылық білдіруге болар еді. Бірақ бұл міндет
кінәлі адам әділсоттылықтан құтылып кететін қалыптан тыс жағдайларда
каралмауы тиіс. Жалпы аталған міндет қалыпты жағдайда жазаны өтеудің бір
түріне айналады. Яғни бұл процесс жазаны атқару міндетінің дамуы мен жүзеге
асуы процессі болып табылады.
Сонымен, жасаған іс әрекеті үшін жауап беру міндеті жүзеге асырылуы
керек және осы мақсатта әділ сот органдары қызмет етеді. Ал олардың көп
жағдайда қылмыскерді жауапқа тарта алмауы қылмыстық заңның беделіне емес,
осы органдардың беделіне нұқсан келтіреді.
Енді біз "қылмыстық жауаптылықтан босату" ұғымын қарастырып көруге
тырысайық. "Босату" ұғымының өзі белгілі бір шектеулердің бар екендігін
көрсетіп тұрса керек. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қылмыс жасаған
және осы қылмысы үшін жауап беру міндеті жүктелген тұлғаға қатысты ғана
қолданылуы мүмкін. Сәйкесінше міндеттерінен босату дегеніміз бұл қылмыс
жасаған тұлғаға қылмысына байланысты жүкгелген міндеттерін алып тастау
деген сөз. Жауаптылық дегеніміз бір нәрсе немесе әрекет үшін жауап беру
қажеттілігі, міндеті.
Егер адам жауап беруге міндетті болмаса, демек ол жауаптылықтан
босатуды да қажет етпейді. Егер тұлға қылмыстық іс-әрекет жасамаса оны
қылмыстық жауаптылықтан босату да орынсыз болып қалады. Мұндай жағдайды
дәлірек айтқанда "аталған тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатпайды"
деуге болады. Сәйкесінше қылмыс істеген тұлға қылмыстық жауаптылықка
тартуға жатады, ал қылмыс істеген адам жатпайды.
Филимонов, Курляндский, Карпушин, Келина сияқты ғалымдар адамды
қылмыстық жауаптылықтан босату үшін алдымен сол тұлғаның жасаған қылмысының
құрамын сараптап, анықтап алу қажеттігіне баса көңіл аударады.
Филимонов В.Д. Біздің заң актілерімізде қылмыстық жауаптылықтан
босатудың әрқилы түрлерінің болуы, оларды қолданған жағдайларда қылмыстық
жауаптылыққа тартуға негіз жоқ дегенді білдірмейді. Керісінше олардың
қолданылғандығы қылмыстық жауапқа тартуға негіз болғандығын дәлелдейді.
Егер қылмыстық жауаптылықка тартуға негіздер болмаса, бұл жауаптылықтан
босату туралы мәселе көтерудің өзі қисынсыз болған болар еді. Біз қажетті
қорғану мен аса кажеттілікте қылмыстық жауаптылықтан босату мәселесін
қоймаймыз ғой. Қоймайтын себебіміз бұл жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа
тартуға негіз жоқ немесе басқа сөзбен айтқанда "қылмыс құрамы жоқ"- дейді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірқатар баптарын жоғарыда
қарастырып өткен нюанстармен байланыстыра отырып талдасақ.
Мысалы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ескіру мерзімінің
өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату туралы 69-бабында қылмыс
жасаған адам "егер қылмыс жасаған күннен келесі мерзімдер өтсе:..."
қылмыстық жауаптылықтан босатылуы тиіс делінген[1]. Адам қылмыс жасағаны
белгілі болғандықтан қылмыстық жауаптылықтан босату туралы сөз қозғағаны
орынды. Сондай-ақ егер мерзімдердің өтіп кетуі сот мәжілісі уақытында
анықталса қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылып тек жазадан
ғана босатылады.
Сондықтан жоғарыда аталған бапты "қылмыстық жауаптылық пен жазадан
босату" деп қайта құрса толық және нақтырақ болар еді.

1.2 Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институтының мәні.

Өзі жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаның
сотталуы және заңмен көзделген мөлшерде жаза тағайындалуы тиіс екендігін
ешкім теріске шығармайды. Бірақта жаза тағайындамауға жол беретін жағдайлар
ең ежелгі қылмыстық заң актілеріне белгілі болған және қазіргі заманғы
жоғарғы құқықтық мәдениеті бар деп саналатын барлық мемлекеттердің
қылмыстық кодекстеріңде көзделген. Мәселені бұлайша шешу, жасалған іс-
әрекет қылмысқа тән белгілерін жоғалтты, ал оны істеген адам қоғамға
кауіптілігін жойды деген сөз емес. Бұндай жағдайдың формальдық логикаға
қарсы келетіні де айқын. Қылмыстық белгілері бар іс-әрекет жазасыз калуы
мүмкін емес. Бұл ұстаным ой қортындылардың кез-келген салыстырмалылығына
жол бермейді. Бірақ заң шығарушы ұстанып отырған формальды емес логика
тұрғысынан, әлеуметтік қажеттілік пен қарапайым дұрыс ой тұрғысынан алғанда
қылмыс жасау және кінәлі адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісі оған
міндетті түрде қылмыстық жаза тағайындап, оны өтету кажет дегенді
білдірмейді. Кей жағдайларда сотталған адамға белгілі бір фактілік немесе
қылмыстық-құқықтық жағдайлардың болуына байланысты ең жеңіл деген қылмыстық
жазаны қолдану мүмкін болмайды немесе орынсыз болып қалады. Қылмыстық
жауаптылықты жүзеге асырудың әртүрлі формаларының болуы отандық заң
шығарушыларға қылмыстық жазадан босату қажеттілігін туындататын қылмыстық
жазаны жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін және жазаны тиімсіз ететін
жағдайлар жүйесін енгізуге мүмкіндік береді.
Өзінің қылмыстық-кұқықтық мәні бойынша бұл жағдайлар жазаны өтеуге
теңестіріледі, оның әлеуметтік - құқықтық эквиваленті түріңде болады.
Сондықтан қылмыстық жаза қолдану қажеттілігін жояды.
Қылмыстық жауаптылықтан босату автоматты түрде қылмыстық жазадан
босатуға әкеледі. Бұл жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатудың бастапқы
моменті — алдын-ала тергеу кезеңі, соңғы сәті, айыптау үкімі шығарылғанға
дейінгі сот талқылауы болуы тиіс. Бұл сәттен өтіп кеткеннен соң тек
қылмыстық жазадан босату туралы ғана сөз қозғауға болады.
Босату - бұл, әрине, кеңістік пен уақытта белгілі бір ұзақтығы мен
көлемі бар процесс. Бірақ бұл жағдайды негізге алып, қылмыстық жазадан
босату институты екен деп ой тұжырымдау қате болған болар еді. Мұндай қате
ой тұжырымға заң шығарушы да жол бермесе керек. " Босату " терминіне ғана
сүйеніп мұндай қорытындыға келе негізсіз болары сөзсіз.
Ең алдымен " босату " терминін заң шығарушы процестің өзін анықтау үшін
емес, оның қылмыстық құқықтық нәтижесін көрсету үшін қолданылады.
Сонымен қоса жазадан босату идеясының негізінде жазаны қолданудың
орынсыздығы және мүмкін еместігін білдіретін ойлар жатыр.
Ары қарай қарастырайық.
Іс — әрекеттің жазаланушылығын жоятын жағдайлар заң актілерінде тікелей
көрсетілген. Ал, сот сотталған адамды қылмыстық заңда көрсетілмеген
жағдайлармен қылмыстық жазадан босатуға күзіретті емес.
Жекелеген жағдайларда қылмыстық жазалардан босату қылмыстық
жауаптылықтан босатуға себеп болатындығы белгілі.
Мұндай жағдайлар да бірінші босату, екінші босатудың орындылығын
көрсетіп тұрады. Бұл қорытындыға келуімізге мынадай талас тудырмайтын,
маңызды екі жағдай негіз болады. Біріншіден, қылмыстық жаза қылмыстық
жауаптылықты жүзеге асырудың көптеген формаларының бірі ғана болып
табылатындықтан, қылмыстық жауаптылық өзінің негізгі әлеуметтік — құқықтық
функциясын кінәліге жаза тағайындамай-ақ жүзеге асыра береді. Екіншіден,
егер қылмыс жасаған тұлға белгілі бір себептермен қылмыстық жауаптылыққа
тартылмаған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, оған жаза
тағайындау ойға қонымсыз, әрі жол берілмеуі тиіс іс-әрекет болатыны айқын.
Себебі, жаза тек қылмыстық жауаптылықка тартылудың нәтижесі болуы ғана
мүмкін.
Бірақ бұл аталған қылмыстық жауаптылықтан босату институттарын мәні
бойынша толық сәйкес келетін, біртұтас деп есептесек өте кате пікірге бой
алдырған болар едік. Бұл екі институтта өзінің кайталанбастығымен, ерекше
индивидуальдығымен ерекшеленіп, бұларды жеке дара автономды қылмыстық —
құқықтық ақиқаты деп тануға алғы шарттар қалыптастырады. Бұл тұжырымды
қылмыстық жазалаудан босатылған тұлғаның автоматты түрде қылмыстық
жауаптылықтан да босатылып кете алмайтындығы дәлелдей түседі. Бұдан бөлек,
қылмыстық жауаптылықтан босаткан қатынастар өз іс-әрекетін тоқтатады. Ал
қылмыстық жазадан босатқанда, олар сақталып қалуы мүмкін (мысалы, соттылық
жойылған немесе алынғанға дейін). Қылмыстық құқықтың бұл институттарының
шекарасын белгілеуде олардың әртүрлі қылмыстық-процессуалдық формасын да
ескеру керек: қылмыстық жазадан босату қылмыстықтық жауаптылықпен
салыстырғанда тек сотпен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұған карап отырып
қылмыстық жауаптылықтан босату мәселесін шешуді де сот органдарының
құзіретіне беру ойға қонымды болар еді.
Қазіргі отандық қылмыстық құқық қылмыстық іс-әрекеттің жазаланушылығын
азайтатын жағдайлардың едәуір жетілген жүйесін бекіткен. Бұл қылмыстық
жазадан босатуды жүзеге асыруға кеңірек мүмкіндіктер береді. Қылмыстық
жазадан босату деп - сот актісінде көрсетіліп, заңға сәйкес негізделген,
қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамға қылмыс жасағаны үшін қылмыстық
жазаны өтеу міңдетін жүктеуден толық немесе ішінара бас тартқан сот актісі.
Қылмыстық жазадан босату түрлері жалпы бірдей әлеуметтік-құқықтық
бағытына қарамай, әртүрлі заңдық сипатқа ие болып, өзінің жүзеге асуы үшін
әртүрлі негіздер мен шарттарды қажет етеді.
II Тарау

Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және олардың түрлері.
2.1 Қылмыстық заң бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босату негіздері.
Кез-келген елдің қылмыстық заңының жалпыға бірдей мәлім постулаты
қылмыс жасаған тұлға жеке, ұйымдық және мүліктік тәртіп формасындағы
шектеудің мемлекеттік-мәжбүрлік ықпал ету шараларын өткеруі міндетті
делінетін ереже болып табылады. Ү.Беккариа жазуынша "қылмыс жасаудан аяқ
тарттыратын ең тиімді құрал жазаның қаталдығы емес, қылмыс жасаған адамның
жазадан құтыла алмайтындығы қағидасы". Бірақ кейбір занда тікелей көзделген
реттерде қылмыс жасаған тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
С.Н. Собанини "қылмыстық жауаптылықтан босатуды әділетті әрі
негізделген деп тек ол тұлғаның бостандығы мен кұқығын қорғау және
қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың құқықтық тәртібіне кедергі жасамаса
және қылмыс жасаған тұлғаның түзелуіне, жаңа қылмыстар жасауының алдын-
алуға ықпалы болса ғана, яғни басқа сөзбен айтқанда босату жаза мақсатына
оны іс жүзінде қолданусыз жетуге болатын кездерде ғана айтуға болады" деп
дұрыс байқаған.
Осыларға сүйене отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатудың бірінші
негізі онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы жасалған қылмыс болуы керек
деген қорытындыға келеміз. Казақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне
қылмыстардың дәрежесі туралы ережелердің кіргізілуі аталған мәселені шешуде
тергеу-сот практикасы үшін нақтылық енгізді.
Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес онша ауыр емес қылмыстар
санатына қылмыстық заңда көзделген жаза мөлшері екі жылдан бас
бостандығынан айырудан аспайтын, қасақана жасалған қылмыстар, сондай-ақ
жасалғаны үшін заңда көзделген жаза мөлшері 5 жыл бас бостандығынан айыру
жазасынан аспайтын абайсызда жасалған қылмыстарды жатқызады. Орта
ауырлықтағы қылмыс деп - қылмыстық кодексте жаза мөлшері бес жыл бас
бостандығынан айырудан аспайтын касақана қылмыстар мен бес жылдан жоғары
бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған
қылмыстар танылады. Қылмыстық кодекс бойынша ауыр қылмыстар жасағаны үшін
қылмыстық занда көзделген ең жоғарғы жаза мөлшері 12 жыл бас бостандығынан
айыру жазасынан аспайтын қасақана қылмыстар жатады. Аса ауыр қылмыстар
санатына қылмыстық кодекс бойынша жасалғаны үшін 12 жылдан жоғары бас
бостандығынан айыру немесе өлім жазасына көзделген қасақана жасалған
қылмыстарды жатқызады.
Екінші негіз — қылмыс жасаған адамның қоғамға қауіптілігі болмауы
немесе төмен деңгейде болуы. Бірінші аталған ұғыммен салыстырғанда бұл ұғым
абстрактілі сипатта. Қылмыстық-құқықтық ғылым мен тергеу соттық тұлғаның
қоғамға кауіптілік деңгейін анықтауда ең алдымен жасалған қылмыстың сипаты
мен ауырлығын, сондай-ақ кінәлінің қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс
жасағаннан кейінгі мінез-құлқын сипаттайтын мән-жайларды ескереді. Бұл мән-
жайлар шеңбері кендігі сондай олардың толық тізбесін беру тіптен мүмкін
емес. Сонда да олардың бірқатары заң мәтінінде тікелей көрсетілген және
міндетті сипатта болып табылады. Бұлар:
— Қылмысты алғаш рет жасауы;
* Өз еркімен қылмысын мойындап келу;
* Қылмысты ашуға көмектесу;
* Келтірілген шығынды өтеу;
* Қылмыс нәтижесіңце келтірілген зардаптың
салдарларын жою;
* Жәбірленушімен татуласу;
* Мән-жайдың өзгеруі;
Аталған мән-жайлардың біреуінің немесе бірнешеуінің онша ауыр емес
және орта ауырлықтағы қылмысқа қатысты орын алуы бұл қылмысты жасаған
адамның қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырусыз түзеліп кететіндігінің
кепілі.
Соңғы, үшінші негіз, кінәлі адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың
орынсыздығы болып табылады. Аталған негіз бірқатар деңгейде алғашқы екі
негіздің туындысы болып табылады. Онша ауыр емес немесе орта ауырлықтағы
қылмысты қоғамға үлкен қауіп тудырмайтын немесе мүлдем қоғамға қауіпсіз
тұлғаның жасауы жағдайында қылмыстық жауаптылық институтының жүзеге асыру
қылмыстық заңдылықтың әділдік немесе адамгершілік қағидалары тұрғысынан
қарағанда орынсыз болуы мүмкін.
Демек, тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс құрамының белгілері болуы барлық
жағдайда бұл тұлға жазаны қолдану мен қылмыстық жауаптылыққа тартылуы керек
дегенді білдірмейді екен. Егер, іс-әрекет немесе тұлға қандай да бір
себептермен өзінің қоғамға қауіптілігін істі сотта карауға немесе тергеу
кезінде жойса, немесе кінәлінің қоғамға қауіптілігі елеусіз болып, оның
түзелуі үшін қылмыстық жаза қолдану кажеттілігі болмаса, Қазақстанның
қылмыстық зандары занда бекітілген тәртіппен тұлғаны қылмыстық жауаптылық
пен қылмыстық жазадан босату мүмкіңдігін береді. Сондай-ақ, жазаның кейбір
түрлерін өтеп жаткан адамдар сот тағайындаған жазаны өтеп болғанша өзінің
түзелгенін дәлелдесе, ол адамды жазаны одан әрі өтеуден босату мүмкіндігі
бар.
Егер, барлық заңда көзделген қылмыстық жаза мен қылмыстық
жауаптылықтан босату негіздерін кезеңдерге бөліп қарастырсақ, оларды келесі
тәртіппен жіктеуге болады:
1. Тұлға қылмыстық жауаптылықтан айыпкер ретінде
танылғанға дейін толық босатылады.
Бұл жағдайда кінәлі өзі жасаған қылмысының ешқандай тиімсіз салдарын
көрмейді. Бұл тармаққа қылмыстық іс қозғамау немесе қылмыстық істі ескіру
мерзімінің өтеуіне, рақымшылдық актісі нәтижесінде, жекелеген тұлғаларға
кешірім беру нәтижесінде, жәбірленуші мен айыпкердің татуласуы немесе
жәбірленушінің арызының болмауына байланысты қысқартуды да кіргізуге
болады.
2. Тұлға қылмыстық жауаптылыкқа айыпкер ретінде тартылады, бірақ
ол сотталғанша, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатады.
Бұл жағдайда кінәлі үшін бірқатар тиімсіз салдарлар туындайды, бірақ
сотталғанша қайта жойылады.
Бұл — ескіру мерзімінің өтуі, рақымшылық актісі салдары, мән-жайдың
өзгеруіне байланысты іс-әрекеттің немесе тұлғаның қоғамға қауіптілік
деңгейінің төмендеуі, кәмелетке толмаған қылмыскерді қылмыстық жазадан
босату болуы мүмкін[2].
3. Тұлға сотталып, жаза тағайындаған, бірақ оны өтеуді кейінге
қалдырған айыптау үкімі шығарылады (ҚР ҚК 72-бабы — жүкті әйелдер мен жас
өспірім балалары бар әйелдердің жазасын өтеуді кейінге қалдыру). Тұлға
сотталады, жаза тағайындаған, бірақ оны өтеуден босататын айыптау үкімі
шығарылады.
Бұл санатқа сот талқылауы кезіңде анықталған ескіру мерзімінің өтеуі
сот талқылауы барысында рақымшылық актісі бойынша босатылуға жататындығы
анықталған істер кіреді.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 69-шы бабын -
"Ескіру мерзімдерінің өтеуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды"
қарастырайық.
Жалпы ереже бойынша жаза көздеген мақсатына жасалған қылмыс пен жаза
арасындағы уақыт ұзақтығы неғұрлым аз болса соғұрлым толық жетеді. Егер
қандайда бір себептермен уақыт арасы елеулі созылып кетсе, ал қылмыскер бұл
уақытта тергеу немесе соттан жасырынып жүрмесе және жаңадан басқа қылмыстар
істемесе, жазаны қолдану арнайы және жалпы ескерту тұрғысынан қарағанда өз
мәнін жоғалтады. Уақыт өтуіне орай айналадағылар, әдетте, жасалған қылмыс
туралы ұмытары, ал кінәлі адам өзінің ұзақ уақыт бойы басқа қылмыс
істемегендігімен өзінің қоғамға қауіпсіз екендігін дәлелдейді.
Бұның барлығы қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпайды,
оған жаза тағайындамауға негіз бола алады.
Сонда да заңда көрсетілген ескіру мерзімдерінің өтуі қылмыстық
жауаптылықтан теріске шығаруға жеткіліксіз. Занда жасалған қылмыс үшін
қылмыстық жауаптылықты жою үшін болуы қажетті тағы да бірқатар шарттар
қарастырылған.
4. Тұлға тағайындалған жазаны одан әрі өтеуден босатылады. Бұл
санатқа шатты мерзімнен бұрын босату, жазаны өтеуден рақымшылық актісі
бойынша босатылу, науқасына байланысты жазаны өтеуден босату жатады.

Осылайша қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан
екі формада босатылуы мүмкін:

1. Оны кінәлі деп танып босату;
2. Соттың мұндай шешім шығаруына дейін жауаптылықтан босату.

2.2. Қылмыстық жауаптылықтан босату негізінің түрлері
және олардың жалпы сипаттамасы.
Қылмыстық жауаптылық әдетте жаза тағайындау, жаза қолдану арқылы
жүзеге асады. Бірақ кейбір жағдайларда қылмыспен күресу қылмыстық жазаны
қолданусыз-ақ табысты жүргізілуі мүмкін. Тәжірибеде қылмыстық жауаптылық
пен жазадан босату институттары едәуір кең қолданыс тауып келеді аталған
институттарда қолдану негіздері босату түрінің әртүрлілігіне байланысты
ерекшеленгенмен, жасалған іс-әрекеттің құқықтық сипаттамасы өзгеріссіз
қалып іс-әрекет одан әрі де қылмыстық іс-әрекет ретінде бағалана береді.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, қылмыстық заңның қылмыстық құқықтың
мәжбүрлеу шараларын біртіндеп жеңілдету мен азайту тенденциясын ұсынатынын
көрсетеді. Барлық қылмыстың жауаптылықтан босату түрлері индивуальді,
тұлғаның жеке басын анықтайтын мән-жайларды қатаң талдау, зертеу
нәтижесінде және бұл тұлғаның қылмыстық жазалау шарасын қолданбай түзеліп
кетуі мүмкін жағдайда қолдану тиіс. Өзінің мазмұны бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босату тек жазаны өтеуден ғана босатуды емес, сонымен бірге
жаза тағайындаудан да босатуды қамтиды. Қылмыстық жауаптылықтан босату —
ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатудан басқа жағдайларда, бұл тиісті
органның құқығы болып табылады.Ескіру мерзімінің етуіне байланысты жазадан
босату, тиісті органның міндеті болып табылады.
Қылмыстық Кодексте қылмыстық жауаптылықтан босатудың келесі түрлері
көрсетілген:
* Шын өкінуіне байланысты (ҚК 65-бап)
* Кажетті қорғаныс шегінен асу жағдайында (ҚК 66-бап)
* Жәбірленушімен татуласуына байланысты (ҚК 67-бап)
* Жағдайдың өзгеруіне байланысты (ҚК 68-бап)
* Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (ҚК 69-бап)
Бұлардан басқа жауаптылықтан босатудың тағы бір түрі — рақымшылық.
Бірақ, рақымшылықтың ерекше құқықтық сипатына байланысты мұндай босату бір
уақытта қылмыстық жазадан босатудың бір түрі де болып табылады. Осыған
байланысты рақымшылық дипломдық жұмыстың жеке тарауында дербес каралады.
Қылмыстық жауаптылықтан шын жүректен өкінуіне байланысты
босату.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабыңда қылмыстық
жауаптылықтан босатудың жаңа түрі — шын жүректен өкінуіне байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату көзделген. Аталған жауаптылықтан босату
түріне негіздер мыналар болады:
1. Қылмыскердің алғаш рет қылмыс жасауы;
2. Жасалған қылмыс онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар
қатарына жатуы;
3. Өз кінәсін мойындап келу;
4. Қылмысты ашуға көмектесу;
5. Келтірілген залалдың орнын толтыру.
Өз кінәсін мойындап келу заңда басты шарттардың бірі ретінде
көрсетілген. Өз кінәсін мойындап келу деп — қылмыс жасаушының құқық қорғау
органдарына өзі жасаған қылмыс туралы арыз жазып, өз еркімен келуін
айтамыз.[3]
Қылмысты ашуға көмектесу, жағдай жасау деп жасалынған қылмыстық іс-
әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға, қылмысқа қатысушыларды әшкерелеуге,
қылмысты жасау қаруы мен қылмыстық жолмен алынған заттардыды табуға тергеу
органдарына белсенді түрде көмектесуді айтамыз.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабы бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босатудың кажетті шарттарының тағы бір түрі келтірілген
залалдың орнын толтыру. Келтірілген шығындарды өтеу ерікті сипатта, кінәлі
адамның өз ұсынысымен жасалуы тиіс. Шығынның орнын толтыру бүлінген мүлікті
жөндеп беру, калпына келтіру немесе ақшалай өтем ақы төлеу арқылы жүзеге
асырылуы мүмкін. Өтелуі тиіс залалға тек материалдық шығын ғана емес,
сонымен бірге моральдық шығын кіреді. Моральдық шығын әртүрлі тәсілмен
өтелуі мүмкін: Қорлау мен жалған мәлімет таратуды жәбірленушіден жария
түрде кешірім сұрау, т.б.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабының екінші
тармағында түлғаға қарсы онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған
адамды, егер бұл адам үйымдасқан топпен, қылмыстық бірлестікпен, баскада
қылмыстық құрылымдармен жасалған қылмыстардың алдын алуға ашу үшін және
тергеуге, басқа қатысушыларын әшкерлеуге белсенді қатысса, қылмыстық
жауаптылықтан босатылу мүмкіндігі айтылған. Заң қылмыстық жауаптылықтан
босату туралы мәселе қойылып отырған адам мен нақты қылмыстық іс-әрекетке
қатысты босатудың сақталынуы тиіс шартарын белгілейді. "Белсенділік" деп
ұйымдаскан топ немесе басқа да қылмыстық құрылыммен жасалған қылмысты ішкі
сенім мен ұмтылыс нәтижесінде ерікті түрде ашуға көмектесуді ұғуымыз керек.
Басқа дәрежедегі қылмыс жасаған тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босатуға
тек Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында арнайы
көрсетілген жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Қажетті қорғану шегінен асып кеткен жағдайда қылмыстық жауаптылықтан
босату.
Қажетті қорғану жағдайында зиян келтіру қоғамдық тиімді іс-әрекеттің
қылмыстық сипатын жоятын жағдай деп қарастырылады. Бірақ, заңда қажетті
қорғану шегінен асып кеткенде жауаптылық белгіленуі мүмкін екендігі
көрсетілмеген Қылмыстық кодекстің 32-бабына сәйкес қажетті қорғану шегінен
шығу деп — "қорғанудың қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық кауіптілік
деңгейіне айқын сәйкес келмеуі нәтижесінде қылмыстық қол сұғушыға анық
шектен тыс залал келтірілуі" танылады. Кез-келген қылмыстық қол сұғушылық,
әсіресе ол кенеттен жасалса, адамның психикасына қатты әсер етіп, оны тепе-
тендіктен шығарып толқу туғызады. Нәтижесінде шабуылға тап болған бұл адам
тұлғаның қауіптілік деңгейін жоғарылатып түсінуіне алып келеді. Мұндай
жағдайда қорғанушының жағдайды дұрыс түсінуі қиындайды, сондықтан оның
қорғану сезімінің күшейуі артады.[4]
Осы жағдайды ескере отырып Қылмыстық Кодекстегі 62-бапта тұлға
қажетті қорғаныс шегінен қоғамға кауіпті қол сұғушылық салдарына қорқыныш
немесе шатасу, кателесу нәтижесінде шығып кеткен жағдайда соттың тұлғаны
қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігі көрсетілген. Бұл аталған босату
түрін қолдану қорғанушының қылмыстық қауіпті іс-әрекеттен қорғанудағы мінез-
құлқын ерекше жетік бағалауды қажет етеді.
Шабуылға тап болған адамдар нерв жүйесінің типіне, жасына байланысты
бір жағдайды әртүрлі бағалайды. Жастың ұлғайуына байланысты зейіннің
ауыспалығы төмендейді және шабуыл қорғанушы үшін барлық уақытта кенеттен,
күтпеген жағдай болып табылады. Бұл себептердің салдарынан қылмыстық қол
сұғушылыққа жауап беру барлық уақытта жылдам болмауы мүмкін. Басқа
жағдайларда шабыуылдаушыға қарсы қарсы шара қолдану адамның есінде
сақталған өмірге кауіпті ұқсас жағдайлар тәжірибесінің нәтижесі болуы
мүмкін.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың бұл жаңа түрінің енгізілуі, кажетті
қорғану үшін жасалған әрекеттер барлық уақытта оң қабылданып, әркімнің
өзінің ажырамас құқықтарын белсенді қорғауға ұмтылысы барлық уақытта қолдау
табатындығының тағы бір дәлелі болып табылады.

Қылмыстық жауаптылықтан жәбірленушімен татуласуына байланысты
босату
Тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз болатын жағдайлардың
бірі жәбірленушімен кінәлінің татуласуы[5]. Мұндай жауаптылықтан босатудың
міндетті шарттары қылмыстың ауыр емес және орташа ауырлық дәрежесінде
болуы, жәбіленушімен татуласып, келтірілген шығынның орнын толтыруы болуы
керек (ҚР ҚК-не түсіндірме).
Бұрынғы уақытта қылмыстық істер жәбірленушімен кінәлінің татуласуына
байланысты тек жеке айыптау істері бойынша ғана (жеңіл жарақат салу, ұрып-
соғу, азаптау, жалған мәлімет тарату) қысқартуға жататын. Қазіргі қылмыстық
заң актілері тиісті шаттардың болуына байланысты тұлға қылмыстық
жауаптылықтан босатылуға болатын іс-әрекеттер шеңберін біршама
кеңейтті.
Заң мұндай әрекеттер қатарына Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 34-
бабында көрсетілген жеке-жария айыптау істері болып саналатын қылмыстарды,
қасақана істеген, жаза мөлшері 2 жылдан аспайтын қылмыстар немесе кінәнің
абайсыздық формасымен істелген (онша ауыр емес) жаза мөлшері 5 жылдан
аспайтын қылмыстарды, сондай-ақ жазалау мөлшері 5 жыл бас бостандығынан
айырудан аспайтын қасақана және жазалау мөлшері 5 жылдан жоғары абайсызда
жасалған (орташа ауырлықтағы) қылмыстарды жатқызады.
Қылмыстық кодекстің 67-бабына сәйкес жауаптылықтан босату мәселесін
қарастыруда міндетті түрде татуласудың түпкі мотивтерін анықтау қажет,
себебі қорқыту, шантаж жасау нәтижесінде берілген жәбірленушінің қылмыстық
қудалаудан бас тарту туралы арызы қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз
бола алмайды. Тиісті шешім қабылдауда кінәлі адамның тұлғасын, оның
қылмыстан кейінгі мінез-құлқын сипаттайтын фактілік мәліметтер маңызды орын
алуы тиіс. Жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеу де ерікті сипатта жүзеге
асырылуы тиіс.
Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Қылмыстық кодекстің 67-бабында істің сотта қаралуы уақтысында
жағдайдың өзгеруіне байланысты іс-әрекеттің немесе тұлғаның қоғамға
қауіптілік сипатының жоюылуына байланысты тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан
босату мүмкіндігі көзделген. Бұл өзгерістердің ерекшілігі мынада.
Өзгерістер кінәлі адамның еркі мен тілегінен тыс, тәуелсіз пайда болуы
немесе керісінше тек субьективтік шарттар нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-тармағына сәйкес, егер жағдайдың
өзгеруі нәтижесінде, жасалған іс-әрекет өзінің қоғамдық кауіптілігін
жоғалтты деп танылса, осы іс-әрекетті жасаған кінәлі адам қылмыстық
жауаптылықтан босатылады. Жағдайдың өзгеруі локальды (жергілікті) және кең
масштабты (кең ауқымды) болуы мүмкін. Мысалы, ағаштарды заңсыз кесу қылмысы
жасалған территориядан, біраз уақыт өткен соң автотрасса салынуы жағдайдың
өзгеруіне мысал бола алады.
Қылмыстық кодекстің 68-бабының 2-тармағында қылмыс жасағаннан кейінгі
өзінің мінсіз мінез-кұлқының нәтижесінде кінәлі адам қоғамға қауіпсіз деп
танылса, бұл адамды қылмыстық жауаптылықтан босатады. Бірақ бұл жағдайда
заң тағы бір шарт қояды. Яғни, істелген қылмыстың дәрежесі онша ауыр емес
немесе орташа ауырлықта болуы тиіс. Бұл баптың 2-тармағын қолдануда басты
маңызды мән қылмыскердің қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқына беріледі.
Бірқатар обьективтік және субьективтік себептерге байланысты қылмыс жасаған
тұлға басқа әдептік бағаға ие болады. Кінәлінің тұлғасының өзгеруіне ықпал
ететін жағдайлар әскери қызметке шақыру, қылмыс жасағанға дейін істеген
қызмет орнынан босатылу, жазылмайтын ауруға ұшырау т.б. болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 68-бабының тәртібімен қылмыстық жауаптылықтан
босатылған тұлғаға ешбір шарт қойылмайды. Кінәліге жауаптылықтан босатуға
байланысты ешқандай талап қойылмайды, міндеттер жүктелмейді, қоғам
тарапынан бақылау, қадағалау жүргізілмейді, шешім шығарылған соң жасалған
теріс мінез-құлықтар қабылданған шешімге кері әсерін тигізбейді.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабында көрсетілген. Ескіру
— деп қылмыс жасағаннан кейінгі белгіленген мерзімнің өтуін айтамыз, бұл
жағдай тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату міндетін жүктейді.
Ескіру мерзімі институтының енгізілуінің мәні мынада. Қылмыстың
жасалу сәті мен жаза тағайындау сәті арасындағы уақыт ұзақтығы неғұрлым
үлкен болса, соғұрлым жазаның тиімділігі төмендей береді, соның салдары
ретінде жаза мақсаты тұрғысынан қарағанда соғұрлым орынсыз бола береді.
Занда келесі ескіру мерзімдері көрсетілген: 2 жыл, 5 жыл, 10 жыл, 15
жыл. Бұлардың ұзақтығы жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесіне тікелей
тәуелді.
Заңға сәйкес тұлға қылмыс жасалған күннен келесі мерзімдер өтуіне
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылады:
1. Онша ауыр емес қылмыс жасалған күннен 2 жыл өткен соң;
2. Ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде 5 жыл мерзім өтуіне орай;
3. Ауыр қылмыс жасаған жағдайда 10 жыл мерзім өтуіне байланысты;
4. Аса ауыр қылмыстан соң 15 жылдан кейін.
Қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімін есептеу барысында
мерзімнің бастапқы және соңғы сәтін дұрыс анықтау өте маңызды.
Қылмыстық кодекстің 69-бабының 2-тармағына сәйкес, ескіру мерзімі
қылмыстың жасалған күнінен бастап, соттың үкімінің заңды күшіне енген
сәтіне дейін есептеледі. Жалғаспалы қылмыстардың ескіру мерзімінің өтуі
жалғаспалы қылмыстың құрамына кіретін соңғы іс-әрекетің жасалған күнінен
басталады. Созылмалы қылмыстардың ескіру мерзімі оның үздіксіз жасалуы
тоқтау сәтінен (қылмыскерді ұстау, өз кінәсін мойындап келу) бастап
есептеледі.
Ескіру мерзімінің өтуі үзілуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Ескеру
мерзімі қылмыс жасаған тұлға тергеу мен соттан бой тасалап жүрсе (ҚК-ң 69-
бап 3-тармақ) уақытша тоқтатылып, кінәлінің ұсталған немесе кінәсін
мойындап келген сәтінен ары жалғасады. Егер бұл жағдайда қылмыс істелу
сәтінен 25 жыл мерзім өтіп, осы мерзім ішінде ескіру мерзімі үзілмесе,
қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
Ескіру мерзімінің өтуі бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған
тұлғаның ескіру мерзімінің өтеп болмай, жаңа қасақана қылмыс істеуіне
байланысты үзіледі. Бұдан ары ескіру мерзімін есептеу жаңа істелген
қылмыстың істеу сәтінен басталып есептеледі. Бұл алғашқы істеген қылмыстың
ескіру мерзімі екінші жасалған қылмыстың ескіру мерзімімен қатар жүріп
отырады деген сөз. Басқа жағдайларда ескіру мерзімінің бітуіне дейін тағы
бір қылмыс жасаған адамдардың әр қылмысы үшін ескіру мерзімі өз алдына жеке
есептеледі. Бұлар ескіру мерзімінің өтуі барысында абайсыздықпен қылмыс
жасау немесе онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыстардың ескіру
мерзімі бітпей тұрып жаңа қасақана қылмыс жасау болып табылады.[6]
Қылмыстық кодекстің 69-бабының 5-тармағында жазалау шарасы ретінде өлім
жазасы қолданылуы мүмкін қылмыс жасаған адамға катысты жасаған адамға
катысты ескіру мерзімін қолдану мәселесін қарау сот кұзіретіне берілгендігі
айтылған.
Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін емес деп тапса, онда өлім
жазасы тағайындала алмайды, ол 25 жылға дейін бас бостаңдығынан айыру
немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылады.
Адамзаттың кауіпсіздігі мен бейбітшілікке карсы қылмыстар —
агрессиялық соғысты жоспарлау, дайындау, бастау және жүргізу (ҚК 156-бап),
жалдамалылық (ҚК 162-бап), геноцид (ҚК 160-бап) қылмыстарын жасаған
тұлғаларға қатысты ескіру мерзімдері қолданылмайды.
7 "Коментарий к Уголовному К ретінде өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмыс
жасаған адамға катысты жасаған адамға катысты ескіру мерзімін қолдану
мәселесін қарау сот кұзіретіне берілгендігі айтылған.
Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін емес деп тапса, онда өлім
жазасы тағайындала алмайды, ол 25 жылға дейін бас бостаңдығынан айыру
немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылады.
Адамзаттың кауіпсіздігі мен бейбітшілікке карсы қылмыстар —
агрессиялық соғысты жоспарлау, дайындау, бастау және жүргізу (ҚК 156-бап),
жалдамалылық (ҚК 162-бап), геноцид (ҚК 160-бап) қылмыстарын жасаған
тұлғаларға қатысты ескіру мерзімдері қолданылмайды.
III Тарау
Жаза. Жазадан босату түсінігі мен түрлері.

3.1 Жаза және оның мақсаты

Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, катал
жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды
тарих дөлелдеді. Ал, қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының
бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.
Қылмыскерлікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай
шаралардың бірі — жаза.
Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз
етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы
нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе
жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.
Жаза қолданудағы мақсат - адам мен азаматтың құқығын, бостандығын,
заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялык құрылысты және Қазақстан
Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң
қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау.
Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған қылмыстық заңда (1998 жылдың
1 қаңтарына дейін 1922 және 1926 жылдарғы РСФСР Қылмыстық кодексі, одан
кейін 1959 жылғы Қаз ССР ҚК-і) жазаға анықтама берілмеген. Сондықтан да
жаңа ҚК қабылданғанға дейінгі қылмыстық — заң өдебиеттерінде жазаға
берілген әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бір- бірінен
онша айырмашылығы жоқ, оларда жаза дегеніміз —қылмыстық заң негізінде
қылмыс жасаған адамға қатысты сот қолданған мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше
шарасы деген мазмұн бар.
Республиканың Қылмыстық кодексі жаза түсінігіне мынадай анықгама
береді: Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша дайындалатын мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға
қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықгарынан осы Кодекспен
көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. (38-бап).
Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған
адамға мемлекеттік ерекше орган — сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Үкім тек Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік
мөжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір
мемлекеттік органның атынан қабылданады.
Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер, кәсіпорыңдар мен
ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның барлық аумағында
орындалуға тиісті.
Үкімде тағайындалған жаза қатаң дара сипатта болады, ол тек қылмыс
жасаған адамға ғана қатысты және баска адамдарға (сотталғанның туған-
туыстарына) таралмайды.
Жазаңың орындалуы мемлекет күшімен жузеге асырылады. Қоғамдық ықпал
жасау шараларының жазадан айырмашылығы сол — олардың артында мемлекеттік
күш емес, қоғамдық пікір тұрады.
Қоғамдық ықпал ету шараларын мемлекеттік органдар емес, қоғамдық
ұйымдар қолданады. Жаза — мемлекеттік мәжбүрлеудің заңмен белгіленген
шарасы. ҚК-тің 38-бабында жаза түрлері түгелдей келтірілген. Қыпмыс жасаған
адамға сот жазаңың бұлардан басқа түрін қолдана алмайды.
Қылмыс пен жаза — өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік — міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау
дегеніміз жазаңың мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету,
моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы: бас бостандығынан айырғанда, камауға алғанда сотталған адамның
көптеген құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның
отбасымен, дос-туыстарымен байланысы үзіледі. Мүлкін төркілегенде,
айыппұл алғанда ол материалдық шығын көреді. Белгілі бір қызметке тұру
немесе қызметпен айналысу құқынан айыру сияқты жаза шарасы адамның қызмет,
көсіп таңдау құқына шектеу салады. Жазаңың жазалау сияқты элементінде
қорқыту сипаты бар. Тағайындалған жазаңың ауыр-жеңілдігі жасалған қылмыстың
сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа
мән-жайларға байланысты.
Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да Қылмыстық кодексте ол жаза
мақсаты ретінде қаралмайды (ҚК-тің 38-бабының 2 бөлігі). Бұрынғы ҚК-терде
де жазалау жазаңың мақсаты ретінде қарастырылмаған.
Дегенмен, бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде
қарастырған. Атап айтқанда, Н.А.Беляев былай деп жазды: Жазаңың мақсаты
жазалау, ол дегеніміз жасаған кылмысы үшін айыпкерді күйзелту,
бостандығынан айыру.
И.И Карпец (2) пен А.Н.Тарбагаевтың (3) еңбектерінде де осындай
пікірлер айтылған.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық
сияқты өзіне тән сипат бар, ол кейін құқықтық және моральдық тұрғыдан
өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса,
оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын
мән-жай болып табылады.
Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның
жаңадан қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады (ҚК- тің
13-бабы). Қайталанудың болуы тағайындалған жазаңың түріне және мөлшеріне,
сондай-ақ бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда колонияның
нысанына өсер етеді (ҚК-тің 48-бабы). Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының
басқа түрлерінен жазаңың айырмашылығы сол — қылмыс жасаған адамға және оның
әрекетіне сот тек құқық тұрғысынан ғана емес, сонымен катар моральдық
тұрғыдан теріс баға береді.
Сондықтан да жаза тағайындау дегеніміз қылмыс жасаған адамға мемлекет
атынан берілген теріс баға. Сонымен қылмыстық жаза — қылмыстық заңмен
белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оны қылмыс жасап айыпты болған
адамға қатысты сот өз үкімімен қолданады, онда жазалау сипаты болады және
осы қылмысты жасаған адамның айыбы мемлекет атынан бетке басылады (теріс
баға беріледі).
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты
болады. Жазаңың мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және
іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаңың нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының
алдында тұрған жалпы міңдеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаңың мақсатын анықтаудың, бәрінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылық босату түрлері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
Пәндер