Талшықтардың классификациясы


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Талшықтардың классификациясы

Орындаған: Көсембаев Е

Тобы : ТК - 321

Тексерген: Нұрымхан Г. Н

Семей 2015 жыл

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Қорытынды

Кіріспе

Талшықтардың классификациясы - талшықтар табиғи және химиялық деп бөлінеді. Табиғи материалдардан: мақта, кенеп, жүн, табиғи жібектен бірден алынатын талшықтарды табиғи талшықтарға, ал химиялық әдістер көмегімен көмегімен өндірілетін талшықтарды химиялық талшықтарға жатқызады.

Химиялық талшықтарды, ары қарай, жасанды және синтетикалық деп бөледі.

Жасанды деп, табиғи жоғары молекулалық заттарды (мысалы, клетчаткалар, белоктар) өңдеу жолымен алынатын талшықтарды атайды. Оларға вискоза, ацетат, казеин және басқа да талшықтар жатады.

Синтетикалық деп синтетикалық полимерлерден жасалатын талшықтарды атайды.

Синтетикалық талшыққа мысал ретінде капрон талшығын алуға болады. Синтетикалық талшықтарды алу үшін алдымен мономерлерге синтездейді; мономерлерден полимер, ал полимерлерден синтетикалық талшық жасап шығарады.

Негізгі бөлім

Табиғи талшықтар

Жібек

Жібек құртының пілләссынан өндіріліп, тоқыма мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық. Кейде ол талшықтан тоқылған матаны да жібек деп атайды. Жібек құрты қуыршаққа айналар алдында арнаулы бездері бөлетін жібек жіпше піллә түзеді. Өндірістік жібек негізінен, тұт ағашының қолдан өсірілетін(асыранды) құртынан және жабайы емен құртынан алынады. Асыранды жібек құрты барлық жібектің 90% береді. Көп еібек қажет ететіндіктен жібек ең қымбат талшық саналады, сондықтан қазір жасанды жібек өндірісі жолға қойылған. Жалғыз пілләдан алынған талшық тым жіңішке болғандықтан, тікелей өндірісте қолданылмай, тек жібек қасиетін зерттеу үшін пайдаланылады. Жібектің механикалық қасиеттері жоғары әрі жақсы диэлектрик, 120-130 С ыстыққа төтеп береді, тек 160-170С та ыдырай бастайды. Табиғи жібек талшықтарынан тоқылған маталарды ерте замандарда адамдар өте жоғары бағалаған. Жібек маталар алғаш Қытайда шығарылып, Ұлы Жібек жолы арқылы Еуропа елдеріне таралған. Жібек құрты қазір тек Оңт. Қазақстан, Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында, Қытай, Жапония, Үндістан және т. б. елдерде өсіріледі.

Жүн

Қой, ешкі, түйе және т. б. жануарлардың түрі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Қой, ешкі және түйе жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой жүні көп өндіріледі. Қой жүні талшықтарының жуан жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді. Биязы жүн талшығының жіңішкелігі 14, 2-25 мкм, ұзындығы менирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл жүннен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау жүн біркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25, 1-35 мкм. Мұндай жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң жүн құрамында жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң жүннен кілем тоқылады. Қылшық жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім, т. б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға. бағып, күтуге байланысты. Ешкі жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т. б. ешкі тұқымының жүні биязылау келеді. Түйе жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы жүндерінен киіз, қоян жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит жүні емдік мақсатта қолданылады.

Кендір талшығы

Кендір талшықтары беріктігімен қатар ұзын әрі жіңішке, жұмсақ әрі жылтыр келеді. Сондықтан одан тоқыма өндірісінде пайдаланылатын жіп иіріледі. Кендір талшығы кендір паясынан алынады да, сапасына(ұзындығына, жуандығына және түсіне) қарай бөлініп, түту машинасына жіберіледі. Түту нәтижесінде тал, тал ұзын талшықтармен қатар шатысқан қысқа талшықтар да алынады. Бұлар сапасына қарай әр түрлі жұйемен иіріледі. Ұзын талшықтардан жіп иіру үшін түтілген кендір алдымен дестелеуүш машинадан, сонан соң 3-4 лента машинасынан өткізіліп шүйкеленеді. Шүйкеленген талшық иіру машинасында қажетті мөлшерге дейін жіңішкертіледі де, беріктігі тиісті шамаға жеткізіле ширатылады. Қысқа талшықтардан жіп иіру үшін олар алдын ала көпсітіліп әрі тазартылып, білікті түту машинасының көмегімен ленталанады. Бұл лентадан екі, үш лента машинасы мен бір созу машинасынан өткізе отырып шүйке жасайды.

Химиялық талшықтар

Химиялық талшықтардың табиғи талшықтармен салыстырғанда көптеген өолйлы жақтары бар.

Біріншіден, химиялық талшықтарды жасауға жұмсалатын қаржы табиғи талшықтарға қарағанда аз кетеді. Екіншіден, химиялық талшықты өндіру сияқты географиялық және климаттық жағдайларға байланысты болмайды, оны кез келген жерде және көп мқлшерде өндіруге болады. Үшіншіден өзінің негізгі қасиеттері мықтылығы, әр түрлі әсерлерге төзімділігі, жылу сақталғыштығы, мыжылмайтындығы жөнінен химиялық талшықтар табиғи талшықтарға қарағанда жақсы болады. Олар шірімейтін болғандықтан, автомобиль доңғалақтарына қосылады, оны әр түрлі арқандар, балық аулайтын аулар жасауға қолданылады.

Химиялық талшықтар алу үшін полимерлер еріген немесе балқыған синтетикалық полимерлер болулары керек. Оларды жоғары қысыммен тар фильерлерден өткізгенде ауа арқылы түзілген талшықтар кебеді, сонан соң оларды орауға немесе созуға келеді.

Жасанды талшықтар

Жасанды талшық табиғи органикалық полимерлерден синтездеу арқылы алынатын химиялық талшық. Ж. т. ең алғаш өнеркәсіптік масштабта 1891ж. Францияда целлюлоза нитратынан өндірілді. Ж. т. ға вискозалы, мыс. , аммиакты, ацетатты, ақуыздық Ж. т. тар жатады. Вискозадан, мыс. , аммиакты және ацетатты талшықтарды алуға, көбінесе, мақта целлюлозасы пайдаланылады. Белоктық талшықты алуға өсімдіктекті және жануартекті(мыс. , казеин) ақуызды қолданылады. Ж. т. ты полимер ерітінділерінен құрғақ немесе ылғал әдіспен қалыптап, тоқыма не арқан жіп ретінде шығарады. Ж. т. тың кемшілігі гигиеналық және гидроскопиялық қасиеттерінің төмендігі. Алайда берік, төзімді әрі арзан болғандықтан Ж. т. өндіру артуда.

Вискоза талшығы

Ағаш целлюлозасын сілті және күкірт, көміртегімен өңдеп, одан шыққан тұтқыр ерітіндіні өте кішкене тесікті фильерадан сығып өткізу жолымен өте жіңішке жіп алынады. 1м3 ағаштан 200кг целюлоза, 160кг жіп не 1550 м тоқыма алынады. Вискоза талшықтарын мақта, табиғи жібек, жүн, бір қатар синтетикалық заттармен араластырып, іш киімді, көйлектік, костюмдік маталар, трикотаж даярлауға пайдаланылады.

Мыс аммиакты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдарды колорирлеу
Тоқыма маталардың классификациясы және қасиеттері
Химиялық талшықтардың классификациясы
Басқа талшықтар араласқан жасанды жіптерден тоқылған маталар
Талшықтар қоспасынан жасалған текстиль маталарын колорирлеу
Тоқыма талшықтары
Материалдарының түрлерінің құрылымы
Тоқыма талшықтарының химиялық қасиеттері
Табиғи талшықтар
Датчиктердің түрлері, құрылысы, қолдану аясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz