Сарып (Некробактериоз): этиологиясы, патологиялық өзгерістері, диагностикасы және емі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Семей

СӨЖ

Тақырыбы: Трихофития

Орындаған : Қанатова Балнұр

Тобы: ВМ-201

Тексерген : Нұркенова М. К.

Семей 2015 ж

Жоспар:

  1. Сарып ауруы
  2. Тарихи деректер
  3. Қоздырушысы
  4. Патологиялық өзгерістер
  5. Балау
  6. Емі

Сарып

Сарып ( Necrobacteriosis, некрбактериоз) - негізінен сирақтың бақайы, кей жағдайда ауыз, желін, жыныс мүшелері, өкпе, бауыр, бұлшық еттер мен басқа да мүшелер мен ағзалардың іріңдеуі және өліеттенуі арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Бұл ауру барлық жерде тараған және жұқпалы екені мәлім болған. 19 ғ. 60-шы жылдары франция мен Италияда қойдың «тұяқ ауруы» ретінде сипатталды. Кейіннен клиникалық белгілері бойынша шірік дифтериялық стоматит деп аталды. Қоздырушысын бірінші рет Р. Кох (1881) бөліп алды да, толық сипаттамасын Леффер (1884) берді. Бірақ, ұзақ уақыт боойы бұл бактерия негізгі қооздырушысы емес қосалқы микроб ретінде қарастырылды. Сондықтан да некробактериоз әр түрлі дене мүшелерінің зақымдануына байланысты бірнеше дербес ауруға бөлініп келді. Тек 1932 жылы А. Г. Ревнивых солтүстік бұғысының «тұяқ ауруын» зерттеу нәтижесінде некроз таяқшасының этиологиялық маңызын түпкілікті дәлелдейді.

Қоздырушысы- Bacterium necrophorum - ауасыбағасыз, қозғалмайтын, спора түзбейтін, қауашақсыз, өте полиморфты микроб. Жағындыда жіп тәрізді, дөңгеленген, ұзын немесе қысқа таяқшалар, сопақша, кок тәріздес әртүрлі пішінде кездеседі. Жіп тәрізділерінің ұзындығы 100 тіпті 300 мкм дейін жетеді, жуандығы 0, 75-1 мкм. Микроб тек қана ауасы жок жағдайда ғана Китт- Тороцци ортасында, Мартен сорпасында, бауыр сорпасында, қоймалжың агарда, қанды глюкозалы агарда өседі. Жайлы өсу температурасы 36-36, 5 °С, рН 7, 4-7, 6.

Төзімділігі жағынан некробактериооз қоздырушысының оншама ерекшелігі жок. Несепте -16, көңде-50. Сүтте -35 тәулікке дейін, жайылымдағы ылғал топырақта 3 айға дейін сақталады. Зарарланған заттарда кептірілгеннен соң бөлме жағдайында 18°C-та 1-2 тәулікте өледі. 100° C қыздырғанда 1 минутта, күн сәулесінен 8-10 сағатта 60-65°C-та 15 минутта өледі. Марганец қышқылы калий (1:100) риванол, лизол, фенол, формальдегид, күйдіргіш натрий, креолин және т. б. дезинфенктаттарының үйреншікті концентрациясында некроз таяқшалары 5-30минутта өледі.

Патологиялық өзгерістер. Сиыр, қой, жылқы және бұғыда патологиялық өзгерістер негізінен сирағының бақайы мен тілерсек буынында шоғырланады. Дерттену басталғанда тері қызарып, домбығады. Кейіннен сыздануы тежеліп, іріңдеген флегмонаға айналады да, маңайындағы ұлпа өліеттенеді. Мұндай ұлпаны тілгенде іріңдеген жасыл - сұр немесе қоңырқай түсті өліеттенген масса көзге түседі. Тері мен дәнекер ұлпаның өліеттенуі буынның қабы мен тарамыстарға жетіп, шеміршек пен сүйек зақымданады. Сүйек жұмсарып, пішінін өзгертіп, саусақ бунақтары (фалангалары) сирақтан ажырап, түсіп қалады.

Ауызында некроз бар өлексе өте азып, ауызы көбікті сілекейге толы болады. Тілі, ұрты, жұтқыншағы ойдым-ойдым болып қабыршақтанып, ұлпаларының құрылымы бұзылып, ыдырап, іріміктенген иісі жағымсыз массаға айналады. Ауру асқынғанда дерт тілдің тереңгі қабаттарына шауып, өліеттеніп ойылады, таңдай сүйегі мен көмекей шеміршегі некрозға ұшырайды. Өліеттену кей жағдайда өкпеге, көкірек құысына шабады. Көк еттің беткі қабатында іріңді фибрин байқалады. Өкпенің көкірек қабырғасына жабысып қалуы мүмкін, ал өкпенің өзінде шектелген, өліеттенген ошақтар кездеседі. Жұтқыншақтағы және бронхалардағы сөл түйіндері қанға тоолып, ұлғаяды. Ұртының бұлшық еттерінің арасында үлкендігі грек жаңғағындай телімдер кездеседі. Құста өңештің өліеттенуі ұшырайды. Сиыр мен бұғының таз қарын және жұмыршақ қарыны өліеттеніп, зақымданады, жалбыршақ қарынның қатпарлары мүжіліп, бүлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сепсис пен некробактериоз (сарып): этиологиясы, патогенезі және патологоанатомиялық өзгерістері
Сарып (некробактериоз): қоздырғышы, клиникалық белгілері, патогенезі және алдын алу мен емдеу шаралары
Қантсыз диабет: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі
Гигантизм және нанизм: этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі
Гемолитикалық анемиялар: этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы және емі
Ботулизм: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі және профилактикасы
Терінің вирустық аурулары: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі
Бас миының абсцессі: этиологиясы, жіктелуі, диагностикасы және емі
Созылмалы панкреатит: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі
Жедел ішек инфекциялары: этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі және профилактикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz