Етістікті тұрақты сөз тіркестер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 Етістікті тұрақты сөз тіркестер. 6
- Етістікті тұрақты сөз тіркес бірлігінің семантикалық ерекшеліктері. 6
- Етістікті тұрақты сөз тіркес бірлігінің синтаксистік және морфологиялық ерекшеліктері . . . 17
1. 3 Етістікті компаративті тұрақты сөз тіркес бірліктері. . 36
2 Cубстантивті, субстантивті компаративті, адъективті, адвербиалды тұрақты сөз тіркестер. . 39
ҚОРЫТЫНДЫ. . . 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ65
КІРІСПЕ
Тілдердің өз болмысымен танылып, өз бітімімен өмір сүріп, байлығы мен икемділігінің, ықпалдығы мен сұлулығының арта түсуіне, ең бастысы - халықтың рухани азығы болу сияқты қасиетті де табиғи борышын орындауға көптен-көп жәрдемін тигізіп келе жатқан сондай арналардың бар екені мәдени қауымға белгілі. Елдердің әр түпкірінде күнде кездесіп, сол өңірде жиі қолданысқа түсіп жүрген сөз тіркестеріне қайсыбіреулердің тосырқай, үрке қарайтыны әлі күнге дейін байқалып қалады.
Қалай болғанда да, қарым-қатынаста еркін жұмсалып жүрген тұрақты сөз тіркестердің есебінен әдеби тілді бірбе-бірте толықтыру, өрісін кеңейту сияқты әрекеттің тым асығыстыққы бармай, көп ретте ақылмен өлшеп, ойлап пішетін эволюциялық үрдіс екенін есте ұстағанымыз жөн болар еді.
Қарап отырсаңыз, жеке сөздер де, тіркестер де, тұрақты сөз тіркестер де молшылық. Бұлардың қай-қайсысы да кездейсоқ келтірілмеген.
Әрбір тілде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді халық орынды пайдаланады. Мақал - мәтелдермен барабар жоғары бағалап, оларды қастерлей сақтап келеді. Сол сан салалы, тізбек, қалыптасқан сөз топтарын жинау, бір ізге түсірудің мәні өзінен-өзі түсінікті.
Тіл - тілдің өзіне лайық ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі тұрақты сөз тіркестерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда, сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология дейтін болсақ, тұрақты сөз тіркестердің байлығын фразеология деп атау өте орынды.
Тілдің байлығын танытатын әр ұлттың болмыс, дін, сана-сезімін көрсететін үлкен бір сала - тұрақты сөз тіркестер. Тұрақты сөз тіркестер - тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі. Өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға тән ерекшеліктер бар.
Ал парсы тұрақты сөз тіркестеріне келетін болсақ, тұрақты сөз тіркестерді жеке лингвистикалық тұрғыда оқып-үйрену оның көлемі мен тұрақты сөз тіркестердің семантикалық құрылымы және грамматикалық негізінің түрлерін анықтауға байланысты жүреді.
Тұрақты сөз тіркес бірліктерінің көбі үрдістің семантикалық құрылымында кездеседі. Осындай үрдісті кеңістікке етістікті тұрақты сөз тіркес бірліктері жатады.
Басқа да ономастикалық топтар: пәндік, пәннің сапасы және үрдістің сапалы болуы тұрақты сөз тіркес бірліктерінің субьективті, адьективті және адвербиалды болып келуімен нақтыланылады.
Парсы тұрақты сөз тіркестері жүйелілігіне, семантикалық құрылысы мен грамматикалық негізіне орай номинативтерге: субстантивті, адьективті, адвербиалды болып бөлінсе, ал номинативті- коммуникативті: етістікті, сондай-ақ коммуникативті: өзгермелі энклитикалы есімдігі бар тұрақты сөз тіркес бірліктеріне, өзгермейтін негізді тұрақты сөз тіркес бірлігі, күнделікті қарым-қатынас кезіндегі ұсынылған формулалар, паремиологизмдер, ақындық нақылдар мен афоризмдерге ажыратылады.
Сондай-ақ парсы тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінде қолданылатын одағайлы сөз тіркестері сирек те болса қолданыста кездеседі.
Зерттеудің өзектілігі. Тіл білімінде де тұрақты сөз тіркестердің жалпы мәселелері осы бүгінге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ. Басқаша айтқанда, сан алуан тұрақты сөз тіркес тізбектері дербес зерттеу обьектісі болудан гөрі, ілгері-кейінді жазылған сөздіктерде, мақалдарда иллюстрация материалы дәрежесінде ғана қолданылып келеді. Жалпы тілдерде елеулі орын алатын бұрынғы сөздіктерде де идиомалық және басқа тұрақты сөз тіркестері тым сирек кездеседі. Тек соңғы кезде ғана қайсыбір тілдерде осы салада еңбектер туа бастады. Дегенмен, парсы тілінің тұрақты сөз тіркес қорын зерттеуге байланысты еңбектер өте аз. Осы зерттеу жұмысымда қазақ тілінде зерттелген еңбектерді таба алмағанымнан байқадым. Сондықтан да, парсы тұрақты сөз тіркестерін зерттеуге арналған бұл еңбегім - аса маңызды деп есептеймін.
Зерттеу нысаны. Қазіргі парсы тіліндегі тұрақты сөз тіркес бірліктерінің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Диплом жұмысының мақсаты - нақты мағлұматтар қорына негізделе отырып, парсы тілі тұрақты сөз тіркестер жүйесінің жалпы жағдайы мен тұрақты сөз тіркестер қорын көрсету, грамматикалық және семантикалық, ұлттық-мәдени және ауызекі сөйлеу тілінде қолданылу ерекшеліктерін анықтау. Диплом жұмысының міндеті - қазіргі парсы тілі тұрақты сөз тіркестерінің функционалдық, грамматикалық және семантикалық сатыларының: етістікті, субстантивті, адъективті, адвербиалды тұрақты сөз тіркестерін сипаттау.
Зерттеудің жаңалығы. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, парсы тіліндегі тұрақты сөз тіркестері бойынша қазақ тілінде зерттеу жұмыстары мүлдем жоқ деуге болады. Сондықтан, бұл жұмыс осы бағыттағы алғашқы зерттеу деп есептеймін.
Зерттеу жұмысында қолданылған материалдар. Зерттеу жұмысына Голева Галина Сергеева “Фразеология персидского языка”, Рубинчик Ю. А. “Грамматика современного персидского литературного языка”; І Кеңесбаев басшылығымен жасалған “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” т. б. әдеби еңбектер негіз болды.
Жұмысты ойдағыдай нәтижеге жеткізу үшін алдымен парсы тіліндегі тұрақты сөз тіркестер алынып, оған қазақ тілінде балама болатын тұрақты сөз тіркестер жинақталды. Сонымен қатар тек бір тілге ғана тән тұрақты сөз тіркестер алынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Парсы тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің грамматикалық және семантикалық ерекшеліктерін зерттеу мен саралау болып табылады.
Бұл диплом жұмысы ирантанушы студенттер және осы бағыт бойынша зерттеулер жүргізушілерге қажет еңбек болатынына сенімдімін.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Етістікті тұрақты сөз тіркестер
1. 1 Етістікті тұрақты сөз тіркес бірлігінің семантикалық ерекшеліктері
Парсы тіліндегі етістікті тұрақты сөз тіркестерін зерттеудің өзі ерекше күрделілікті, кешенділікті, ыңғайлылықты, фразеологияның дамуына қатысып отырған тілдің түрлі деңгейлері: лексикалық, семантикалық, синтаксистік түрлерінің араласып кетуі жағдайына сәйкес тұрақты сөз тіркесінің етісті формасын өзара әсер етуші әсерлер нысаны ретінде қарастыруға тура келетінін дәлелдеп отыр.
Нақты осы етістікті тұрақты сөз тіркестерінде күрделілігімен, ыңғайлылығымен және қарама - қайшылығымен бірлескен фразеологиялық жүйенің өзіне тән ерекшеліктері байқалады.
Парсы тілінің тұрақты сөз тіркес қорында етістікті тұрақты сөз тіркестер айрықша орын алады, әрі парсы тұрақты сөз тіркестерінің басым бөлігін сипаттайды. Мұның өзі барлық тілдерге ортақ құбылыс екені белгілі. А. А. Потебняның айтуынша: “Етістік- сөйлей білудің айнасы” болса [1; 27 ], академик В. В. Виноградов “Етістік- сөйлемнің негізгі тіреу- тасы ” деп жазған [2; 68] .
Парсы етістікті тұрақты сөз тіркес бірліктерінің маңыздылығы етістікті сөз тіркестері (жай, даралексемді етістіктері шамалы ғана) түрлі түсініктерді айқындап және сөйлемде маңызды ерекше қызмет атқаратын парсылық сараптамалық қағидаларын нақты, дәл көрсете білумен түсіндіріледі.
Қазіргі парсы тілінің етістікті тұрақты сөз тіркес бірліктері инфинитивті түрдегі сөйлеу кезінде көп қолданылмайды, әйтсе де осыған бірнеше мысал келтіріп кетуге болады:
مباحثه با او فایده ای نداشت و مشت به آهن کوبیدن بود (محمدعلی جمال زاده، دو آتشه) .
. . . онымен дауласудың маңызсыздығы соншалықты, жұдырықпен темірді ұрғандай болды.
زندگی سویل و خوردن و خوابیدن و سگ زدن خدا بیامرزدش . اون ممه رو لولو برد (صادق چوبک،دوست) .
Жай адамның өмірі- жеу, ұйықтау, ештеңе істемеу, оған Құдай рақым етсін. Алтын уақыт . . . келмеске кетті [13] .
Негізінде етістікті тұрақты сөз тіркес бірліктері жеке етістікті қалыпта қолданылып, коммуникативті жүйені иеленеді.
Етістікті тұрақты сөз тіркестер құрамы жағынан екі компонентті болады, мысалы:
Көбінесе олар үш немесе төрт компоненттен тұрады, мысалы:
басқадан тәжірибесі көп болу
(сөзбе-сөз аудармасы: бірнеше көйлек бұрын тоздыру)
құр қалдыру, ойыннан шығарып тастау
(сөзбе-сөз аудармасы: біреудің бас киімін сыртқа тастау)
өмірдегі тәжірибесі мол болу
(сөзбе-сөз аудармасы: сақалын диірмендегі ұнмен боямаған)
Етістікті тұрақты сөз тіркестері бірліктерінің көп бөлігі мағынасын толық немесе жартылай өзгерту нәтижесінде пайда болған. Етістікті тұрақты сөз тіркестер бірліктері үшін метафоралық өзгертулер (переосмысление) тән.
Метафоралық тұрақты сөз тіркес бірліктерінде кей кездері әсерлеу (гипербола) болады, мысалы:
Мұндай тұрақты сөз тіркестер бірліктері өздерінің баламасына, яғни еркін сөз тіркестеріне ие бола алмайды, өйткені соның негізінде қиялдағы, ойдағы жағдай берілуі мүмкін.
Көп жағдайда тура мағынасы жануарлар арқылы берілсе, ал ауыспалы мағынасы адам өмірімен сәйкес келетін метафорикалық етістікті тұрақты сөз тіркестер бірліктері кездеседі [3; 64] . Мұндай тұрақты сөз тіркестер бірліктер белгілері анималистік соматизмді دم، شاخ، بال، پر (құйрық, мүйіз, қанат, сүйену) сипаттайды:
Метафоралық тұрақты сөз тіркестер бірліктері кейбір кездері эвфемизмдік түрде жасалады, мысалы “өлу” мағынасында:
Жоғарыда айтылғандай, парсы тілі етістікті тұрақты сөз тіркестер бірліктерінің көбісі мағынасын қайта өзгерту арқылы пайда болған.
Парсы етістікті тұрақты сөз тіркесі бірлігінің семантикалық қайта әрлеу түрі эллипсис болып табылады.
Мағыналық үстеме - мұның негізінде бір қимыл, белгі, мимика жатады:
Етістікті тұрақты сөз тіркестері бірліктерінің басым көпшілігі адамның іс-әрекеттеріне, жүріс-тұрысына және кейбіреулері оның жағдайына қатысты болады.
Егер де парсы етістікті тұрақты сөз тіркестері бірліктерін жиілігінің азаю тәртібі жағынан жалпы семантикалық-тақырыпты топтарға бөлетін болсақ, біз мынаны көреміз:
1 . Адамның белсенді шығармашылығы мен іс-әрекеті:
Осы тұрақты сөз тіркестері бірліктерінің көбісі адам мінезіне айқын баға береді.
2. Адамның әр түрлі қалыптары мен жағдайлары:
3. Қоғамдағы адамдар арасындағы қарым- қатынастар
4 . Адамның айналасына, әлемде болып жатқан құбылыстар мен заттарға қарым қатынасы
5. Адамның жаман, кей кездері жақсы жақтарына көркем мінездеме
6. Адамның сезім әлемі, қобалжулары
7. Адамның ойлау және сезім қызметтері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz