Кәсіпкерлік ісі


Қайсанов Ринат Мш-409
Жоспар:
- Кәсіпкерлік дегеніміз не және оның дамуы.
- Кәсіпкерліктің түрлері
- Кәсіпкелік табыс
- Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
- Қорытынды:
1. Кәсіпкерлік - азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі. Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі. Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек. 1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді. 2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытынайқындайды. 3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі. 4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей -тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөнwww. testent. ru (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді) . Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
2. Кәсіпкерліктің түрлері
1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық. 2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі. 3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек. 4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық - құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық. Ұжымдық - құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктектер - адамдардың бірлетігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленгенмөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады. Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады. Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы. Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арсында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олрадың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.
3. Кәсіпкерлік табыс
Кәсіпкерлік табысты, бір жақтан, кәсіпорынның табысын бөлудің қорытынды нәтижесі деп, екіншіден, кәсіпкерлік қабілеттердің нәтижесі болғаны үшін сыйлық төлем деп қарауға болады.
Алғашында кәсіпкерлік табыс деп, алынған қарыз капиталының процентін төлегеннен соң қызмет ететін капиталистің қарамағында қалатын пайданың бөлшегі түсінілген болатын. Несие жүйесінің дамуына байланысты, пайданың процентке және кәсіпкерлік табысқа бөлінуі, оның (пайданың) меншікті капиталдың, немесе, қарыз капиталының әрекеттері нәтижесінен түскеніне қарамастан жалпылама сипаттама алған. Кәсіпкерлік табыс қарыз процентімен салыстырғанда алдынала көрсетілген шама емес, ол нақты кәсіпкердің іс-әрекетіне тәуелді болады.
Сан жағынан кәсіпкерлік табыс жалпы пайдадан қарыз процентін, сапықтарды және бюджетке жасалатын басқада төлемдерді алып тастағаннан соң қалған калдығы болып табылады. Қызмет етуші кәсіпкерлердің табыстарының көлемі, алу әдісі және пайдалану бағыттары жағынан әр түрлі болады. Демек, меншіктің әр түрлі формасындағы кәсіпорындарда капитал-функция мен капитал-меншіктің бір-бірінен ажыратылғанына байланысты, кәсіпкерлік табыстың қалыптасуы әр түрде жүреді. Капиталдың иесі өзінің өндірісінде өзі кәсіпкерлік қызмет атқарса, онда кәсіпкерлік табыс жоғарыда көрсетілген кесте бойынша қалыптасады. Егер капиталдың иесі және кәсіпкер бөлек адамдар болса, онда екі вариант болуы мүмкін. Капиталдың иесі өндірісті басқару және өнімдерді өткізу қызметін менеджерлерге жүктеп, оларға жалақы белгілейді. Осы жағдайда кәсіпкердің табысы капиталға меншік монополиясының төлемі түрін алады. Менеджер капитал-функция қызметін жүргізіп, кәсіпорынның іс-әрекеттерінің жүріп отыруына жауапкерлік қабылдай алады.
Капиталдың иесі капиталын басқа кәсіпкерге, оның өз жұмысын жүргізуіне, белгілі процентке (әдетте, банктік проценттен жоғары) беруі мүмкін. Әдетте, осындай жағдайда, кәсіпкерлік табыс оның өзінің жеке мүддесінің қанағаттандыруды көздегендігі болғандықтан жоғары болады. Осы жағдайда, кәсіпкерлік табыс өндіріс жүргізудегі белсенділік үшін төлем түрін алады: инновациялар енгізгені үшін, жаңа өнім өндіргені үшін, фирманы басқару туралы шешімдер қабылдағаны үшін, тәуекелдік қауіп-қатерге бас тіккен жауапкершілігі үшін және т. б.
4. Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері .
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық - праволық формалары кәсіпкерліктер құрылуда. 1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктістік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді. 2. Командиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады. 3. Жауапкершілігі шектелген серіктестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді. 4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді. 5. Ашық және жабық акционерлік қоғам. 6. Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар. 7. Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік правосы (құқұғы) жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі. Төменгі кестеге баса көңіл аударып көрсеңіз және кәсіпкерлікпен айналасуға ойыңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады. Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды. Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері: тәуекел; белсенділік; тәуелсіздік; тапқырлық; жауапкершілік; белсенді түрде іздену. Кәсіпкерлікті іс-әрекеттің мәніне байланысты төмендегі түрлерге жіктеуге болады: - өндірістік - тауар, қызмет өндіру процесін жүзеге асырумен байланысты; - коммерциялық - өндіріспен байланыста емес тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асады; - каржылық - бұл коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі бірақ айналым объектісіне ақша, валюта, бағалы қағаздар жатады; - делдалдық - сатушылар мен сатып алушыларды табыстыратын, кездестіретін, келістіретін байланыс түрінде жүзеге асады; - сақтандыру - кәсіпкерліктің ерекше формасы оның мағынасы: әсіпкер сақтандыру жарнасын алып, оны кауіпсіздендірілген жағдайда ғана қайтарады; Фирма көлеміне байланысты: шағын, орта және ірі бизнес болып бөлінеді. Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары: Кезкелген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді. Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді. 1. Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады. 2. Бәсеке дамуының негізін құрайды. 3. Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады. Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992 ж. ), «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997 ж. ), «2001-2002 ж. ж. бағытталған мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz