Жануарлардың негізгі тыныс алу шуылары және амфорикалық тыныс алу


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Минсистрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Факультет: аграрлық

Кафедра: ветеринариялық санитария

БӨЖ

Тақырыбы: Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу

Орындаған : Мукатаев Е. Б.

Тексерген: Муратбаев Д. М.

Тобы: ВС-303

Семей 2015

Жоспар

1. Тыныс алу жүйесіне түсінік

2. Жануарлардың көкірек қуысын тыңдау тәсілдері

3. Үрмелі тыныс алу

4. Бронхиальда тыныс алу

5. Амфорикалық тыныс алу

Жалпы, негізгі тыныс алу шуларын қарастырмастан бұрын, тыныс алудың анықтамасы мен негізгі қызметін қарастыра кеткеніміз жөн болар.

Тыныс алу жүйесі - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.

Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді. Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді:

- ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар.

- түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе;

Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді:

жоғарғы тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы;

төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы.

Көкірек қуысын тыңдау тәсілі - малдың түріне, күдіктенген құбылыстың сипатына және басқа да заттарға байланысты болады . Ірі қара малда әдетте тікелей тыңдау тәсілі қолданылады, тек бір кішігірім аумақтағы дыбысты немесе өте нашар естілетін дыбысты есту үшін фонендоскоп және стетоскоп қолданылады . Күйіс қайыратын малда жауырын алды аумақты тыңдайды . Әр нүкте де 2-3 тыныс фазасын тыңдайды . Егер тыныс шуылы әлсіз болса, онда оны күшейту үшін малды әрі-бері жүргізеді, оның танау тесігін 20-30 секундқа жауып тұрады немесе қолдан жөтелу тудырады .

Негізгі демалыс шуылы үрмелі және бронхиалды тыныстан тұрады .

Үрмелі дыбыс - көкірек қуысында нәзік үрмелі шуыл болып естіледі.

Ол тыныс алған кезде және тыныс шығарар алдында білінеді Қалыпты жағдайда үрмелі тыныс көкірек қуысының әр бөлігінде күші бірдей болып естілмейді.

Үрмелі дыбыс өкпенің перкуторлық үш бұрышының ортаңғы аумағында айтарлықтай қаттырақ, басқа бөлігінде біршама әлсіз естіледі .

Үрмелі тыныстың өзгеруі мынадай болуы мүмкін :

  • Күшеюі
  • Әлсізденуі
  • Мүлдем естілмеуі .

Бронхиальды тыныс - көмей қысылғандығы дыбыстың өзгеруіндей болып келеді, дыбыс бронхтарға дейін жеткен және көкірек клеткасында естіледі, ол “Х” әрпінің айтқан кезіңдегі дыбысқа ұқсайды, күшті, терең тыныс алған және терең тыныс шығарған кезде байқалады . Қалыпты жағдайда бронхиалды дыбыс көкірек қуысында жауырын мен иық тұсында жылқы, есек, қашыр және түйеден басқа барлық малда естіледі.

Бронхиальды тыныс дем шығару және дем алу фазасында естіледі . Қосалқы тыныс шуылы өкпеде немесе плевра қуысында кез-келген бір патологиялық құбылыстың өрбіп келе жатқанын білдіретін көрсеткіш болып табылады . Қосалқы тыныс шуылына мыналар жатады : бронхиалды патологиялық, амфорлы, аралас тыныс, құрғақ ылғалды және шытырлаған, сырылдар мен қырылдар, крепитация және плевра үйкелісінің шуылы, шалпыл жіне басқа шуылдар .

Бронхиалды патологиялық тыныс көкірек қуысында өкпенің нығыздалған бөліктері бар жерде тыңдалады, бірақ бронхылар өткізу қабілетін өзгертпеген . Әдетте бұл жерде нұқу кезінде үнсіз бәсең дыбыс естіледі. Бронхиальды тыныс екі тыныс алу фазасында естіледі . Ол ала өкпеде, бронхопневмонияда, экссудативті плевритте және гидротораксте горизонтальді сызданған сыбдырлы сызықтың үстінде кездеседі .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі тыныс алу шулары және амфорикалық тыныс алу
Негізгі тыныс алу шулар мен амфорикалық тыныс
Негізгі тыныс алу шулар және амфорикалық тыныс
Ветеринариялық аускультация: негізгі тыныс алу шудары және амфорикалық тыныс
Негізгі тыныс алу шулары және амфорикалық тыныс алудың аускультациялық сипаттамасы
Төлдердегі негізгі тыныс алу шудары мен амфорикалық тыныс алу: клиникалық және биологиялық аспектілері
Негізгі тыныс алу шулар мен амфорикалық тыныстың аускультациялық сипаттамасы
Негізгі тыныс жолдары мен амфорикалық тыныс: анатомиясы, физиологиясы және зерттеу әдістері
Тыныс алу мүшелері: анатомиясы, физиологиясы және тыныс алу механизмі
Тыныс алу жүйесінің патологиясы, жасушалық тыныс алу және гипоксия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz