Экономиканы диверсификациялау және ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру: Қазақстан-2020 стратегиясы аясындағы проблемалар мен шешімдер


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР :

  1. Экономиканы диферсицикациялау және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі.
  2. Қазақстан 2020 стратегиясы бойынша елдегі экономиканы диверсификациялаудың проблемаларын шешу жолдары.
  3. Пайдаланылған әдебиеттер.
  1. Экономиканы диферсицикациялау және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында экономиканы диверсификациялау және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты және біркелкі дамуына ерекше көңіл бөлген болатын.
Тауар өндірушілердің (өнеркәсіптер, ұйымдар, азаматтар) басым бөлігі өз шаруашылық қызметтерінде және кәсіпкерлікте еркін болған жағдайда ғана бәсекелестік - нарықтық механизмнің жұмыс істеуінің маңызды бөлшектерінің бірі ретінде қызмет ете алады. Бұл дегеніміз, тауар өндірушілердің еркін түрде жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдауына, салық төлегеннен кейін қалатын пайданы жұмсауына, шаруашылық қызметтерімен және өнеркәсіптің дамуымен байланысты басқа да мәселелерді өз беттерінше шешуіне мүмкіндік береді.
Бәсекелестік - шаруашылық міндеттердің шешімдерін тиімді табуға түрткі болып табылады, әсіресе, ол, неғұрлым сапалы өнім шығару, қызметтер ұсыну және оларды неғұрлым тез өткізуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бәсекелестікті дамыту - қоғам үшін де пайдалы болып табылады.
Біріншіден, материалдық, еңбек, қаржы және басқа да қорларды орынды пайдалануды ынталандырады, өндірушілерді тұрақты түрде ассортиментті жаңартып тұруға, ғылыми - техникалық жаңашылдықтарды үнемі қадағалап отыруға және сол жаңашылдықтарды өндіріске енгізулеріне мәжбүр етеді.
Ал, мұндай бәсекелестік нәтижесінің аражігін қарапайым сатып алушы, тұтынушы ғана тап басып айырып бере аладды.
Қазіргі заман жағдайында неғұрлым дамыған тәсілдерге негізделген, яғни олардың бірі болып, терең диверсификация болып табылатын, бәсекелестікке қол жеткізу қажет.
Экономиканы диверсификациялау және бәсекелестікті арттыру үшін жаңа өнімдер өндірісін ретке келтіру қажет, бұл экономикалық қызметтің кеңейіп, қызмет көрсетудің басқа да салаларына енуіне себеп болады.
Қазыналы қаламыз табиғи ресурстарға бай, ғылыми - техникалық және өндірістік қуаты орасан әрі әлеуеттік мүмкіндігі зор. Аймағымызда ірі минералды - шикізаттық ресурстарының зерттелген және қолданылып жатқан кен орындарының жеткілікті болуы, сипаты жағынан шикізаттың алуан түрлі болып келуі, отынмен, сумен жабдықтау көздерінің және электр қуатымен тұрақты қамтамасыз етілуі нәтижесінде, өнеркәсіптің көмір, энергетика, химиялық өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, құрылыс индустриясы сияқты салалары қарқынды дамуда.
Қазіргі таңда мемлекет пен бизнестің арасындағы қарым - қатынастар жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Атап айтқанда, оларға екінші деңгейдегі банктердің қатаң несиелік саясатын, екінші деңгейдегі банктердің «бастамалық» бизнесті несиелеуден бас тартуын, әкімшілік бөгеттерді реттеу мәселелері жатады. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес, қалада кәсіпкерлікке қатысты сауалдарды талқылайтын сараптамалық кеңес, шағын және орта бизнес саласында туындаған мәселелерді шешуге қолғабыс ететін комиссия құрылды.
Жоғарыда айтылғанның барлығы экономиканың тұрақтылығы мен әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштердің жақсаруының нәтижесі болып табылады, яғни, түйіндеп айтар болсақ, мұның бәрі қазыналы қаламыздың экономикасын диферсификациялауға және бәсекеге сай болуына мүмкіндіктер туғызады.

2. Қазақстан 2020 стратегиясы бойынша елдегі экономиканы диверсификациялаудың проблемаларын шешу жолдары.

Қазақстан 2020 жылға қарай жағымды іскерлік ахуалы орныққан, ел экономикасының шикізат емес секторында айтарлықтай шетел инвестициясын тарту мүмкіндігі бар әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына енеді. Экономика келесі экономикалық дағдарысқа жақсы дайындықта болады. Қазақстан өзінің саяси және экономикалық байланыстарын іргелес елдермен және басқа да мемлекеттермен нығайтады.

2020 жылға қарай мемлекет диверсификацияланған экономиканы дамытуға қажетті адам күштерін, сондай-ақ, отандық кәсіпкерлер мен экспортерлерді қамтамасыз етуге қажетті инфрақұрылымдарды иеленетінеді. Көлік инфрақұрылымдары мен телекоммуникацияны қарқынды дамытудың арқасында басқа мемлекеттермен де үзіліссіз байланыс орнатылатын болады. Қайта өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және Қазақстанның қызмет көрсету саласы тау-кен өндірісімен қатар экономика құрылымынан ойып тұрып орын алады. Әлеуметтік сала мен қоршаған ортаны қорғау саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіледі.

2020 жылға қарай қазақстан экономикасы 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда нақты жағдайда үш еседен астам өсетін болады. Экономиканы диверсификациялау жөніндегі жоспарларды сәтті жүзеге асыру есебінен экономиканы қайта өңдеу саласы 2020 жылға қарай өндіру саласының көрсеткіштерінен жоғары немесе онымен тең болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикасын диверсификациялау: проблемалар мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру стратегиясы
Экономикалық дамуда кластерлік принциптің рөлі: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Қазақстан өнеркәсібіндегі инновациялық жобалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Қазақстан экономикасының қалыптасуы, даму стратегиялары және бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы: 2050 стратегиясы аясында өндірісті жаңғырту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Кәсіпорынның инвестициялық жобасы арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Қазақстанның 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы: транзиттік әлеует пен экономикалық бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Бүкіләлемдік сауда ұйымы және Қазақстанның ұлттық экономикалық даму: нарықтық бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру стратегиясы
Фирма стратегиясы және бәсекеге қабілеттілікті басқару: Alay ЖШС мысалында нан өнімдерінің маркетингі мен жарнамасы
Фирма стратегиясы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру: Алай ЖШС-тің жарнама агенттігін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz