Жаһандану кезеңіндегі мемлекеттің функциялары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 139 бет
Таңдаулыға:   

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ 35:312(574) Қолжазба құқында

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 3

КІРІСПЕ . . . 4-9

1 ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

1. 1 Қазіргі кездегі мемлекеттің мәні және әлеуметтік тағайыны . . . 10-20

1. 2 Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері . . . 20-29

1. 3 Демографиялық үрдістердің мемлекет функциясының объектісі ретіндегі теориялық аспектілері . . . 29-38

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

2. 1 Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістердің қалыптасуы және оның құқықтық реттелуі . . . 39-77

2. 2 Қазақстан Республикасындағы демография мәселесін шешудегі мемлекеттік органдар және олардың өкілеттіктері . . . 77-100

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АҚТҚ - Адамның қорғаныш тапшылығын қоздырғышы

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

АӨСШК - Азиядағы өзара әрекет ету және сенім шаралары жөніндегі Кеңес

БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

БҰҰ БА - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы

БҰҰ БЖКБ - БҰҰ босқындар ісі бойынша Жоғарғы Комиссар Басқармасы

БҰҰ ХЕҰ - Халықаралық Еңбек Ұйымы

БҰҰ ДДСҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы

ЕК - Еуропалық Кеңес

ЕЭҚ - Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық

ЕҚЫҰ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйым

ЖҚТБ - Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ҚКСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі

ҚР ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасының Еңбек және Халықты Әлеуметтік Қорғау Министрлігі

ҚР ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі

ҚР СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі

ҚР ҰҒА - Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы

ҚР ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті

ҚХР - Қытай Халық Республикасы

ОАА - Ортаазиялық аймақ

РФ - Ресей Федерациясы

ТАСИС - Әрекет ету бағдарламасы бойынша Еуропалық қауымдастық

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ҰҚК - Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі

ХКҰ - Халықаралық көші-қон ұйымы

ШЫҰ - Шанхай ынтымақтастық ұйымы

ЮНЕСКО - БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы

ЮНИСЕФ - БҰҰ-ның Балалар қоры

ЮНОДК - БҰҰ-ның Есірткі мен қылмыстылық жөнінді Басқару ұйымы

ЮНФПА - БҰҰ-ның халық саны саласындағы халықаралық қоры

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс демография мәселесін реттеу саласындағы мемлекеттің функциясын теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеуге арналған.

Дипломда демография мәселесін құқықтық тұрғыдан реттеу мен оны мемлекет функциясының дербес саласы ретінде айқындауға, осы бағытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметтеріне талдау жасауға ұмтылыс жасалады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан дамуы үшін, мемлекеттік қауіпсіздік мүдделердің қамтамасыз етілуі мақсатында мемлекеттің функциялары әрқашан өзгеріп отырады. Әсіресе, Қазақстан Республикасында жаһандану жағдайында орын алып отырған демографиялық проблемаларды құқықтық тұрғыдан реттеп, шешуін айтуға болады. Баршаға мәлім, Қазақстан Республикасы аумағы жағынан әлем мемлекеттерінің бірінші ондығы ішінде 9-ші орында, ал халқы саны жағынан әлемде 60-ші орында тұр. Республикамызда 2009 жылы 25 ақпан және 6 наурыз аралықтарында өткізілген Ұлттық халық санағының ағымдағы статистикасы бойынша Қазақстан халқы саны 16 млн. 304 мың 840 адамды құрап отыр [1] .

Елдің халқы-елдің басты байлығы. Халқы саны көп мемлекеттер әрқашанда өз қауіпсіздіктерін сақтауға тырысады. Сондықтан, Елбасымыз Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан бастап-ақ мемлекеттік қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қойды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму стратегиясында баяндалды. «Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты - біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталган стратегия айналасында топтасуы. Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде - халқымыздың, немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр» [2] .

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында 1992 жылы Алматы қаласында Қазақстан халықтарының бірінші Форумы шақырылды. Елбасымыз бұл форумның тұрақты негізде жұмыс істеу қажеттілігі туралы идея қозғап, Қазақстан халықтарының келісімі мен бірігуі Ассамблеясы жаңа қоғамдық институт құру туралы өз ойын білдірген болатын. Осы форумда Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор С. С. Сартаевта өз пікірін білдірді. Ол өз сөзінде «Бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен осы қазақтардың басын жинап, бір Қазақ мемлекетіне қалайша біріктіруге болады? Менің ойымша, мұны құқықтық негізде жүзеге асыру керек [3, 524 б. ] . Қазақта «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болайын» деген мақал бар. Шет елдерде тұратын қазақтар өз отанын сағынады, ата мекенінің бір уыс қара топырағын ұстауды аңсайды» [3, 530 б. ] .

Демографиялық мәселелерді шешу барысында Қазақстан Республикасы көптеген мемлекеттік шараларды жүзеге асырып жатыр. Сонда да бірқатар мәселелер әлі де болса өз шешімін таппай жатыр. Халықтың санының азаюы, табиғи өсім мен туылымның төмендеуі, өлім санының өсуі және т. б. демографиялық үрдістердің қалыптасуы байқалып отыр. Бұл жағдай демографтардың, социологтардың, құқықтанушылардың Қазақстанның демографиялық ахуал кезеңіне көшкені туралы айтуына негіз болып отыр. Осындай жағдайда мемлекеттің демографиялық саясатының іргелі маңызын түсінбей, Қазақстан Республикасының қазіргі және келешекте ары қарай даму жетістіктерін болжау мүмкін емес. Халықтың саны жағынан өзгерістерді зерттеу, халық санының дамуын бақылап, басқаруға мүмкіншілік береді, сонымен қатар мемлекетттік демографиялық саясаттың теориялық және тәжірибелік маңызын арттыруға, оны белсеңдетуге ғылыми негізделген шаралардың кешенін ұсынуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңдағы демографиялық мәселелерді тек әлеуметтік және денсаулық сақтау проблемасы ретінде қарап қоймай, оны мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздік мәселесі деңгейінде қарастырудың уақыты келгендей.

Осының барлығын ескере келе, демография саласындағы мемлекеттің функциясын зерттеу және оның тиімділігін бағалау үлкен ғылыми және тәжірибелік маңызға ие болғандығын аңғарамыз. Осы аталған мәселелердің туындауы диссертациялық зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға және оның өзектілігін айқындауға негіз болды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасындағы демография мен көші-қоны мәселесін мемлекеттік-құқықтық тұрғыдан реттеу туралы зерттеулер, ой- пікірлер жүйесі де бұрыннан қалыптасып келе жатыр. Мемлекеттің түсінігі, мемлекеттің мәні мен әлеуметтік тағайыны және мемлекеттің функциясы туралы ойлар, идеялар сонау антикалық және ортағасырлық ойшылдардың еңбектерінде көрініс таба бастаған. Мысалы: Платон, Аристотель, Ш. Л. Монтескье, Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо және т. б. Сонымен қатар, К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Лениннің еңбектерінде сөз етіледі. Бүгінгі таңда мемлекет функциясының мәселелері ҚР Президенті Н. А. Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «ХХІ ғасыр табалдырығында» және т. б. еңбектерінде көрініс тапты.

Мемлекет және құқық теориясының жалпы мәселелерін, оның ішінде мемлекеттің функциясын зерттеуші белгілі отандық және шетелдік ғалымдарды атауға болады, отандық ғалымдар: Т. Ағдарбеков, М. Т. Баймаханов, С. З. Зиманов, А. С. Ибраева, З. Ж. Кенжалиев, В. А. Ким, Е. К. Нурпеисов, Н. Ө. Өсеров, С. Н. Сабикенов, Ғ. С. Сапарғалиев, С. С. Сартаев және т. б., шетелдік ғалымдар: С. С. Алексеев, М. И. Байтин, И. Л. Бачило, А. Венгеров, В. И. Ефимов, В. Ц. Киров, В. В. Лазарев, Н. И. Матузов, А. В. Малько, Л. А. Морозова, Б. Б. Надеждин, Н. А. Сахаров, В. Н. Хропанюк, В. А. Четвернин, В. Е. Чиркин және т. б., сонымен қатар қырғыз ғалымдары Г. А. Мұқамбаева мен Б. Т. Тоқтобаевты осы санатқа жатқыза аламыз.

Зерттеу жұмысының тақырыбы демография мәселесін қамтығандықтан, Қазақстанда демография мәселесін арнайы зерттеуші ғалымдар легі де қалыптасып үлгерді. Оның ішінде елге танымал демограф-ғалым М. Т. Тәтімовты айтуға болады. М. Тәтімовтың аталған мәселеге қатысты «Дербестігіміз-демографияда», «Қазақ әлемі» және т. б. еңбектері бар.

Сонымен қатар, С. К. Есетованың «Государственное регулирование процесса возвращения репатриантов на историческую родину (теоретико-правовое исследование) » диссертациялық жұмысын, Б. Б. Досжановтың «Конституционно-правовой статус оралманов в Республике Казахстан», А. А. Аубакиров-Джолдасбековтың «Функция государства в области регулирования глобальных проблем человечества», А. Божқараұлының «Қазақстан Республикасында көші-қон үрдісін конституциялық-құқылық реттеу негіздері» диссертациялық жұмыстарын, Г. О. Жангутинаның «Современные миграционные процессы в Казахстане: состояние и тенденции», Г. М. Мендикулованың «Исторические судьбы казахской диаспоры: происхождение и развитие» диссертациялық жұмыстарын айтуға болады. Көріп отырғанымыздай, демография мәселесін мемлекеттік құқықтық тұрғыдан ашылмағаны көрінеді. Сондықтан да, бұл жұмыста демография мәселесін реттеу саласындағы мемлекеттің функциясы толық және жүйелі тұрғыда ашылып, бағасын алуы қажет.

Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі объектісін жаһандану барысында мемлекет функцияларының қалыптасуы мен дамуы құрайды.

Зерттеу пәні. Зерттеудің нақты пәні демографиялық мәселелерді реттеу аясындағы мемлекет функцияларының басты бағыттары болып табылады.

Зерттеудің негізгі мақсаты - демографиялық мәселелерді реттеу саласындағы мемлекеттің функциясын жеке функция ретінде бөлуді негіздеу; демография саласындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар қызметтерінің құқықтық негіздерін ашу.

Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:

- жаһандану кезеңіндегі мемлекеттің мәні мен әлеуметтік тағайынын, оның функциялары туралы теориялық ізденістердің бүгінгі жетістіктері тұрғысынан қарастыруға және анықтауға талпыныс жасау;

- мемлекет функциясы теориясының өзекті мәселелерін зерттеу;

- мемлекет функциялары жүйесінен жаңа демографиялық функцияның бөліп шығарып, жеке-дара мәнге ие болғандығын, дербестік деңгейге көтеріліп, мемлекеттік қызметтің өзіндік арнайы бітім-болмысы бар ерекше салаға айналғандығын кезең-кезеңге бөліп, тұтас процесі ретінде қарастырып, ой елегінен өткізу;

- Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістерді реттейтін заң актілеріне құқықтық талдау жүргізу;

- демографиялық мәселелерді реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін талдау;

- демографиялық мәселелерді реттеу саласында халықаралық ұйымдардың қызметінің бағыттарын айқындау.

Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Диссертациялық жұмысты жазу барысында жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ әдістер: анализ, синтез, диалектикалық, тарихи, құрылымдық-функционалдық, социологиялық, статистикалық және т. б. қолданылды. Жұмыста нақты ғылыми әдістер заңи саралау, салыстырып талдауға өз кезегінде орайлы орын берілді. Жұмысты жазу барысында, сонымен қатар, мерзімдік басылымдардағы тақырыпқа қатысты мақалалар пайдаланылып, негізге алынған болатын.

Дипломдық зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы келесі нәтижелерден көрініс тапты:

  • жаһандану кезеңінде мемлекеттің мәні мен әлеуметтік тағайыны қарастырылып, анықталды;
  • мемлекеттің әлеуметтік тағайыны туралы қазіргі көзқарастарға сәйкес мемлекеттің функцияларына теориялық зерттеу жүргізілді;
  • қазіргі мемлекет функциялары жүйесінде дербес функция ретінде демография саласындағы мемлекеттің функциясын бөліп шығару ұсынылды;
  • демографиялық мәселелерді реттеу саласындағы ҚР қолданыстағы заңдардың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар жасалды;
  • мемлекеттің демографиялық саясатын тиімді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасындағы тиісті мемлекеттік органдардың қызметін дамытуға ұсыныстар жасалды;
  • демография саласында мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың тығыз өзара әрекет ету қажеттілігі туралы ұсыныстар жасалды.

Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар. Дипломдық жұмыстың қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдары келесідей:

  • мемлекет ұғымын айқындай және толықтыра түсуге мүмкіндік беретін, оның объективті құбылыс ретіндегі жаңа қырын ашуға жағдай жасайтын тағы бір анықтамасы беріледі. Бұл анықтама мемлекетті оның функциялары тұрғысынан келіп қарастырудың және зерттеудің нәтижесі әрі көрінісі ретінде қабылданғаны дұрыс. Аталмыш көзқарас мемлекет дегеніміз - мемлекеттік функциялардың құқықтық нысандарда және деңгейде ресми ұйымдасқан, реттелген және бекітілген жүйесі әрі іске асу механизмі деген анықтама жасауға мүмкіндік береді. Бұл анықтаманы мемлекет туралы өзге анықтамалардың жалғасы әрі соларды толықтыруға бағытталған қосымша нұсқасы ретінде қарастырған абзал. Мемлекеттің «функционалдық» табиғатынан бастау алатын және оны мемлекеттің шын бейнесін сомдаудағы басты зерттеу тұғырнамасы ретінде басшылыққа алатын бұл анықтама бойынша мемлекеттің басты мәні мен тағайыны - мемлекет болып ұйымдасқан қоғамның бейбіт өмірін, құқықтық бірлігін, тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз ету болып табылады;
  • мемлекеттің функциялары - оның қызмет етуінің негізгі бағыттары болып табылады. Осы бағыттар мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін, әлеуметтік тағайыны мен мәнін анықтайды. Мемлекет функцияларының ішкі және сыртқы деп бөлінуі формальді болып келеді, себебі олар өзара тығыз, ал кей жағдайда ажырамас байланыста және біртұтас бірлікте болады, сондай-ақ, мемлекеттің ішкі функцияларының сыртқы факторлар әсеріне аса елгезектігі байқалады. Жаһандану дәуірінде мемлекеттік функцияларды бірнеше мемлекеттің келісіп, бірігіп атқаруы, уақытша немесе тұрақты одақтар құрып шешуі кеңінен таралуда. Мемлекеттік функцияларды іске асыруда азаматтық қоғам институттарының белсеңділігі және үлесі артуда;
  • қазіргі кезде демографиялық үрдістер мемлекеттік реттеуді талап етіп отыр. Бүгінгі таңда демографиялық саясатты мемлекеттік реттеудің арнайы объектісі ретінде қарастырудың қажетілігі айқындалуда. Осыған байланысты демография саласындағы мемлекеттің функцияларын жеке функция түрінде бөліп шығаруды және қарастыруды қажет деп есептейміз. Себебі: біріншіден, бүгінгі таңдағы заманауи мемлекеттерде демографиялық процесстер арнайы мемлекеттік саясат деңгейінде қарастырылып, талқылануда және соған сай жалпы мемлекетке ортақ демографиялық саяси құжаттар (тұжырымдамалар, бағдарламалар) аумағында шешілуде; екіншіден, мемлекеттің демографиялық саясатын іске асыратын арнайы демографиялық құқықтық нормативтік актілер жүйесі қалыптасуда; үшіншіден, мемлекеттің демографиялық саладағы ресми шешім-құжаттарын іске асыратын арнайы атқарушы органдар жүйесі құрылуда. Мемлекеттің демографиялық функциясы өз дамуында бірнеше кезеңді басынан өткізді. Ол кезеңдер диссертацияда толығымен ашылған;
  • демографиялық үрдістер негізінен үш мәселені қамтиды. Олар: туылым, өлім және көші-қоны. Мемлекеттік саясаттың негізгі бөлігі болып табылатын демографиялық саясатты жүзеге асыру заңдармен реттелуді талап етеді. демографиялық саясатты жүзеге асыру үшін демография саласындағы ұлттық заңдарды бір жүйеге келтіру керек. Диссертациялық жұмыста ұлттық заң актілерін арықарай жетілдіруге ерекше көңіл бөлінген;
  • демографиялық саясатты тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін жетілдіру қажет. Қазақстан Республикасында демографиялық үрдістерді бірнеше мемлекеттік органдар реттейді. Бұл демография мәселесін жүйелі тұрғыда шешуге және оның тиімді қызмет жасауына толық мүмкіндік бермейді. Сол себептен де Қазақстан Республикасында демографиялық саясатты жүргізуді үйлестіретін атқарушы органдар жүйесінен арнайы орган құру қажет;
  • жаһандану кезеңінде демографиялық үрдістерді реттеу үшін мемлекет әлемдік қауымдастықпен ынтымақтасуы қажет. Ғаламдық сипатқа ие болған демографиялық мәселелер дүниежүзілік проблемаға айналып отыр. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларының мазмұнын құрайтын демографиялық мәселелерді реттеуде халықаралық ұйымдар ерекше орын алады.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен ұсыныстарын мемлекеттің мәні, мемлекеттің функциясының теориясы туралы қол жеткен жетістіктерді дамытуда; демографиялық мәселелерге қатысты заң жобаларын әзірлеуде; жоғарғы оқу орындарында «Мемлекет және құқық теориясы», «Мемлекет және құқық теориясы мәселелері», «Салыстырмалы құқықтану», «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» курстарын оқыту үрдісінде; оқу-әдістемелік құралдарды дайындауда, аталған мәселелер бойынша арықарай зерттеу жүргізуде пайдаланылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Дипломдық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында орындалды. Дипломның негізгі тұжырымдары мен түйіндері бірнеше конференцияларда баяндалды: «Қазақстан Республикасының Конституциясы және еңбек заңдарын жетілдіру мәселелері» : Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Алматы, 2001) ; «Мемлекет және қоғамның демократиялық дамуын жетілдірудегі өзекті мәселелері» : Д. А. Қонаевтың 90-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Алматы, 2002) ; «Қазақстан Республикасындағы Парламентаризмнің теориялық және конституциялық - құқықтық мәселелері» : Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Алматы, 2006) ; «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік реформалардың конституциялық-құқықтық негіздері» : Профессор В. А. Кимнің 85- жасқа толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Алматы, 2008) ; «Қазақстан Республикасындағы еңбектік құқықтық қатынастардың қазіргі жағдайы және даму бағыттары» : Республикалық дөнгелек үстел (Алматы, 2008) . Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің тізімінде бекітілген ғылыми мақалаларында көрініс тапқан.

Дипломның құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылған. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, жеті бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

1. 1 Қазіргі кездегі мемлекеттің мәні және әлеуметтік тағайыны

Кез келген қоғамның саяси негізіне билік мәселесі жатады. Алғашқы қауымдық қоғамда қоғамдық билік болды.

Қоғамның негізгі мәселелері осы қоғамның ересек мүшелерінің жалпы жиналысы арқылы шешілді, ал ерекше дара қасиеттері мен тәжірибесіне байланысты халықпен сайланатын рубасылар, ақсақалдар кеңесі күнделікті мәселелерді шешті. Билік пен халық біртұтас болды.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық негізін - қоғамдық меншікке негізделген өндірістік қатынастар құрайды. Өндіргіш күштердің даму дәрежесінің өте төмендігінен жеке меншік болмады және адам өзін-өзі күн көрісіне қажетті азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ете алмады. Сондықтан адамдар бірігіп еңбек етті. Бұндай жағдайларда мүліктің теңсіздігінің өзгенің еңбегін эксплуатацияның болуы мүмкін емес еді.

Қоғамда белгілі бір дәрежеде тұрақты өндірістік қатынастарға қарағанда өндіргіш күштер әрдайым дамып отырады.

Өндіргіш күштердің дамуына үлкен әсер ететін факторға еңбектің қоғамдық бөлінісіне ерекше тоқтала кеткен жөн. Себебі мемлекеттің пайда болуы үш ірі қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты.

Біріншіден, - қоғамдық еңбек бөлінісі - бұл егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі. Жануарларды қолға үйрету нәтижесінде, ал кейін оларды өсіру арқылы малшы тайпалар жабайылардың басқа тобынан бөлініп шықты.

Екіншіден, - қоғамдық еңбек бөлінісі - бұл егіншіліктен қол өнердің бөлінуі. Оның нәтижесінде адамның жұмыс күшінің құндылығы артты.

Үшіншіден, - ірі қоғамдық еңбек бөлінісі, саудагерлердің пайда болуымен байланысты. Өздері өндіріспен айналыспайтынына қарамастан тұтынушыларды өздеріне тәуелді еткен тап бірінші рет пайда болды.

Еңбек өнімділігінің артуының нәтижесінде, адамдар өздерінің қажеттіліктерін артық өнім, яғни қосымша өнім өндіре бастады. Рубасы, ақсақалдар кеңесі өзінің дәрежесін пайдаланып, қосымша өнімді иеленді. Нәтижесінде жеке меншік және топтар пайда болды.

Бұл факторлар алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауына алып келді. Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы барысында мемлекет қалыптасады.

Заң ғылымындағы ең бір өзекті мәселенің бірі болып мемлекеттік биліктің мәселелері, тұтастай мемлекеттің өзі табылады. Мемлекеттің мәніне қатысты түрлі көзқарастар, доктриналар, теориялар мен тұжырымдымалар бар екені белгілі. Олардың барлығына ортақ пікір: мемлекеттік дербестікке, егемендікке, тәуелсіздікке ие саяси институт, саяси ұйым болып табылады. Мемлекет қоғамның жетілуінің нәтижесі болып табылады.

Көне гректерде мемлекет ұғымы барлық азаматтардың ақыл-ойы және адамгершілік қажеттерін орнықтырып, қажетін өтейтін ұғым деп қабылданған.

Егер саяси пікірдің классиктерінің идеяларына жүгінер болсақ, онда саяси теорияның негізін қалаушы Аристотельдің көзқарастары үлкен қызығушылық тудырады. Аристотельдің пікірінше мемлекет - бұл адамдардың белгілі бір әдістермен өзара ықпалдасатын және араласатын көпшілігі болып табылады.

Аристотель мемлекетті өмірдің қажеттіктері үшін пайда болған ерекше түрдегі ұжымдық ретінде қабылдайды. Ол мемлекетке мынадай анықтама береді: « Күнделікті көретініміздей, қандай да болмасын, мемлекет - белгілі бір қарым-қатынас, белгілі бір игілік үшін (қандай әрекет болмасын бір игілікті көздейді ғой), әрбір қарым-қатынастардың ең маңызды әрі басқа қарым-қатынастардың бәрін де қамтитыны, ұмтылады. Осы қарым-қатынас мемлекет немесе саяси қарым-қатынас деп аталады» [4, 312 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік проблемаларды реттеудегі мемлекет функциясының басты бағыттары
Модернизация-жапондық феномен ретінде
Корпорация пайдалануына салынатын салық
Қаржы қатынастарының жиынтығы
Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері мен шешілу жолдары
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі БҰҰ болашағы
Саясаттану пәнінен дәрістер
Адам ресурстарын басқару саясаты
Ақша айналымының түрлері
Жаһандану мәдени феномен ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz